Қарағанды университетiнiң хабаршысы

Мəтін, оның ішінде көркем мəтін — мағынасы көмескіленген көнерген сөздерді өмірге қайта əкеліп, қайта тілдік қолданысқа шығаратын тұтас бір лексика-семантикалық бірлік. Кейде тіпті мəтіннің өзінде көнерген тұлғаның мағынасын тек сөздік арқылы ғана түсінетін жайттар болады. Сондықтан көркем тілдегі көнерген тұлғалардың этнолингвистикалық сипатын талдап, танудың маңызы зор.
2009

Ежелгі грек əдебиетінің қалыптасып, Еуропаның басқа халықтар əдебиетінен бөле жара, ешкімге еліктемей, өз бетінше жетілгендігін дəлелдегісі келгенмен И.М.Тронский шығыс əдебиеті элементінің əсер ықпалын жоққа шығармайды. «Греческая литература — древнейшая из литератур Европы и единственная, развивавшаяся самостоятельно, не опираясь непосредственно на опыт дру- гих литератур. С более древними литературами Востока греки стали ближе знакомы лишь тогда, ко- гда расцвет их собственной литературы лежал уже позади. Это не значит, что восточные элементы не проникали и в более раннюю греческую литературу, но они проникали устным, «фольклорным» пу- тем…» [1; 9, 10].
2009

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы айтыс жырларында жер-су, елді мекен атаулары, Қазақстанның ауыл шаруашылығы, колхоз, шаруа бірлестіктері, ірі өнеркəсіп ошақтары, көптеген адамдардың есімдері, тіпті, өндіріс-шаруа құрал-жабдықтарына дейін назардан тыс қалмай, тілге тиек болады. Бұл көрініс соғыс жылдарындағы ақындар айтысының екі қырлы сипатын айқындайды.
2009

1960–80-ші жылдары қазақ балалар поэзиясы жанр, мазмұн жағынан түрленіп, ішкі жанрлары байыды. Ауыз əдебиеті үлгісінде жазылған сатиралық, фантастикалық поэма, ертегі, ертегі-поэма үлгілері пайда болды. Бұл тұста бала характерін ашатын əдеби əдіс-тəсілдер де молайды. Жалаң үгіт, насихаттың тежеліп, бала характерінің алдыңғы планға шығуы балалар поэзиясының басты ерекшелігіне айналды. Бірыңғай балалар əдебиетіне маманданған Ө.Тұрманжанов, М.Əлімбаев, М.Жаманбалинов, Қ.Мырзалиев, Ə.Дүйсенбиев, Ж.Смақов сияқты ақындардың танымдық-тəлімдік шығармалары балалардың қиялына қиял қосты.
2009

Жұмыр жердің бетінде небір жаннат мекеннің барын бүгінгі ұрпақ жақсы біледі. Өзіндік бітім- болмысымен, шежірелі тарихымен, береке-байлығымен, тылсым жұмбақтығымен көңіл, көзіңізді тұсап тастайтын жерлер қаншама. Бір жер аспанмен таласқан асқар тауларымен, айналы астаудай айдын көлдерімен мойын бұрғызады. Енді бір жер айшылық алыс шөлдерімен, қатпар-қатпар белдерімен ойға оралады. Ит тұмсығы өтпейді дейтін мүлгіген қара ормандар мен мың сан өсімдігі ұйыса біткен шалғынды аймақтар да өзіндік көрік-келбетімен елес бергендей. Бір сөзбен айтқанда, əр жер өзіндік бітімімен, өзіндік жасау-жабдығымен жаннат мекен. Сол жердің қай-қайсысы болсын арнайы əңгіме етуге, шежірелі тарихын бүгінгі ұрпақтың құлағына салуға, келер ұрпаққа жеткізуге лайық.
2009

Əдебиет–шығармашылық–өнер, онда көркемдік сипат басым болады. Ал, көркемдік өз кезегінде сөз өнерінің сапасын айқындайтын күрделі жиынтық. Туынды көркем шығармаға жатады. Ол — тұтастық, тілдік құрылым, жазушы мен оқырман арасындағы қатынас формасын орнықтыратын дербес шығармашылықтың нəтижесі. Осы тұрғыдан келгенде шағын прозалық  шығармалардың құрылымы тұтас болады. Яғни, кейіпкерлердің орналасуы, оқиғалардың реті, пейзаждық, портреттік жəне басқа тəсілдердің кезектесіп келуі үйлесімділігін сақтайды.
2009

Рымғали Нұрғалише айтқанда, бір романмен əдебиетке олжа салған қаламгер Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» романына белгілі бір тарихи кезең шындығы арқау болған. Романның негізгі оқиға желісі 1916 жылы Торғай даласында болған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысып, одан əрі тағдырдың бұралаң жолына түскен Құлан атты кейіпкер төңірегінде өрбиді. Алдында айқын мақсаты жоқ, тұйыққа тірелген шарасыз тағдыр иесі арқылы тұтастай қоғам шындығы, ұлт тағдыры көрінеді. Роман авторы тартысты оқиғаларды емес, кейіпкердің ішкі əлемін, жан күйзелісін беруді мақсат тұтқан «Əлеуметтік-психологиялық сипаты басым» (Б.Майтанов) шығармада сан алуан əлеуметтік топтың, əр түрлі мінез-құлықтың бірен-саран өкілін өзіндік іс- əрекетімен даралап көрсете отырып, автор заман шындығын нақты адамдар тағдыры арқылы баяндап береді. Басты кейіпкер Құлан бейнесімен қоса Ефим Кутский, Шарбақбай, Майлық, Көктөбет, Апанас пен Рүстембай бейнелері де түрлі оқиғалар желісі арқылы көрініс беріп, əлсін-əлсін жазушы тарапынан айналып соғып отыратын əрі басты қаһарман бейнесін ашуға қажетті бейне ретінде алынған.
2009

Дидактиканың күрделі табиғаты оның негізгі қағидалары уақыт өзгеруімен жəне заман талабына сай дамып отырады. Дидактикалық қағидалар қазақ тілінің оқу пəні ретінде қазақстандық білім беру жүйесінде білім беру стандарттары бойынша міндетті пəн болып саналып, жалпы дидактикалық заңдарға бағынатыны ескеріле отырып айқындалып алынды.Қазақ тілін жоғары оқу орындарында оқытудың мазмұнын таңдаудағы дидактикалық қағидалар мен ұстанымдарды тануда осы салада зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбектері талданып, төмендегі (Ю.К.Бабанский, Г.И.Щукина, Н.П.Огородников, В.Т.Лихачев, В.А.Попков, А.В.Коржуев, Н.Д.Галь- скова, Н.И.Гез, Қ.Қадашева, Р.Шаханова, К.Жақсылықова, А.Е.Əбілқасымова, Н.Ж.Құрман, К.Мухлис) қағидалар айқындалды.
2009

Қазіргі таңда кез келген қарым-қатынасқа негізделген оқулық жасау магистранттың коммуникативтік қажеттілігін белгілеуден басталады. Егер олардың жиынтығы белгіленсе, оқытудың коммуникативтік, яғни қазіргі заманға сай, прогрессивті түрі қамтамасыз етіледі деп есептеледі. Қазақ тілін оқыту сапасын арттыруға бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастыру жолдарын іздестіру оларды мамандыққа байланысты мəтіндер арқылы жүзеге асыруға болатындығын дəлелдеді. Мамандыққа байланысты əдебиеттерден алынған мəтіндерді беру арқылы қазақ тілін оқуға магистрантты ынталандырып, оның тілді оқуға қызығушылығын арттыруға болады. Магистрант өз мамандығына байланысты мəтінді қызыға жəне ғылыми іздене отырып оқиды. Мамандығына байланысты мəтін арқылы магистранттың келешек мамандығы бойынша өте қажетті, пайдалы мағлұмат беріледі.
2009

Тілдің қолдану аясын кеңейту жөніндегі белгіленген іс-шараларда жүзеге асыру, ең алдымен, мемлекеттік тілде сабақ беретін оқытушылардың тілді үйрету біліктілігінің жоғары болуын талап ету жəне сол оқытушылардың білім беру жүйесіндегі материалдық-əлеуметтік жағдайының жасалуын басты нысанға алып отырған жөн. Ең бастысы, мемлекеттік тілді əр түрлі деңгейде оқыту үрдісін қалыптастырып, оның оқу-əдістемелік, анықтамалық əдебиеттер жəне техникалық оқыту құралдарымен қамтамасыз етілуі қажет. Орыс тілді ортада оқитын қазақ ұлттық балалары үшін ана тілін тереңдетіп оқыту бағдарламасын енгізіп, олардың рухани болмысы мен намыс-жігерін тəрбиелейтін ұлттық орта жағдайын жасауды тез арада орнықтырумыз тиіс.
2009

ХХ ғасыр лингвистикасында тілді қарым-қатынас пен таным құралы ретінде ғана емес, ұлттық мəдени код есебінде қарастыру қарқынды дамып келеді. Қазақ тіл білімінде соңғы жылдары когнитивтік лингвистика мəселелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Р.Сыздық, Ə.Қайдар, Ж.Манкеева, Э.Оразалиева, Г.Смағұлова, Б.Момынова сияқты зерттеушілер бұл мəселені тіл білімінің əр түрлі салалары тұрғысынан алып қарастыруда. Когнитивтік лингвистикада концептуалдық кеңістікті ұйымдастырып, оны жіктеудің негізгі бастаушысы концепт болып саналады. Қоршаған ортаны сезіну, түсіну, ұғыну үдерістері таным формасының жоғарғы түйсігі деп қабылданады. Ойлау мен сананың нəтижесінде адамда дүние туралы əр түрлі ақпарат жинақталады. Бұл ақпараттар жиынтығы концепт жүйесін құрайды.
2009

Қайбір іргелі ғылым салалары болмасын уақыт өте келе іштей қажетіне қарай түрлі бағыттарға, салаларға бөлініп, олардың өздері екінші бір ғылым салаларының іргетасына айналуы мүмкін. Осы мəселе морфология мен сөзжасамға да қатысы барын көріп отырмыз. Тіл білімінде морфология саласы кеңестік дəуірден зерттелу үстінде. Кейінгі уақыттарда қазақ тіл білімінде сөзжасам мəселесі қозғалып, қазіргі таңда бірнеше авторы бар, өз алдына грамматиканың бір саласы ретінде оқытылып, зерделеніп келеді.
2009

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.