Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Хикаят жанрының психологиялық-көркемдік сипаты

Əдебиет–шығармашылық–өнер, онда көркемдік сипат басым болады. Ал, көркемдік өз кезегінде сөз өнерінің сапасын айқындайтын күрделі жиынтық. Туынды көркем шығармаға жатады. Ол — тұтастық, тілдік құрылым, жазушы мен оқырман арасындағы қатынас формасын орнықтыратын дербес шығармашылықтың нəтижесі. Осы тұрғыдан келгенде шағын прозалық  шығармалардың құрылымы тұтас болады. Яғни, кейіпкерлердің орналасуы, оқиғалардың реті, пейзаждық, портреттік жəне басқа тəсілдердің кезектесіп келуі үйлесімділігін сақтайды.

Əдебиеттану ғылымындағы басты зерттеушілік арналардың бірегейі — жанрдың өзіндік табиғатын айқындау. Кейбір жанрлар сөз өнері тарихының дамуы бойында ұзақтау өмір сүреді. Оған дəлел ретінде мыcал жанрын атауға болады. Ал кейбір жанрлар белгілі бір дəуірдің аясында жасайды. Яғни бұдан жанрлардың əмбебап та, тарихи жағынан шектеулі де қасиетке ие екені байқалады. Жанрға тəн күрделіліктің тағы бір қыры олардың əр түрлі жанрлық тұрғыдағы құбылыстарды беруінен туындайды.

Жанр осындай күрделі даму кезендерін бастан кеше отырып, əр түрлі ғылыми мектептер өкілдері тарапынан үлкен қызығушылық тудырды, сан қилы қөзқарас, тұжырымдарды өмірге əкелді. Зерттеуші-ғалым Ц.Тодоров: «Жанрдың тұрақты белгілері əр дəуірге сəйкес өзгеріп отырады да, олар көптеген қосымша сипаттарды қабылдайды. Алайда ол сипаттың бəрі бірдей маңызды деп танылмайды да, көркем шығарманы белгілі бір жанрға жіктеуде оның айтарлықтай əсері болмайды. Осы себептен де əдеби жанрлардың əр кезеңінде бір шығарманың өзі əр қилы жанр болып танылуы мүмкін. Мұндай жағдайда басты роль атқаратын нəрсе шығарма болмысының қай белгілерінің басым болуында», — дейді [1]. Осы жанрдың өзіне тəн белгілері жөнінде ғалым Р.Нұрғали: «Жанрды əдебиеттің тегі, əдебиеттің түрі ретінде оның табиғатын танып, даму барысын пайымдауда бүгінгі əдебиеттанудағы əр түрлі ағым, əр түрлі мектеп өз тұжырымын ұсынады» [2], — деп жазады. Бұл кездейсоқ нəрсе емес, себебі жанрда əдеби үдерістің заңдылықтары, атап айтқанда, мазмұн мен пішіннің, авторлық ой мен əдеби дəстүрлердің, жанрдың «типологиялық» мəні мен оның тарихи нақты түрлерінің ара қатынасы көрініс табады. XX ғасырдың 70–80-ші жылдары қазақ жазушылары көбінесе повесть жанрына қалам тартты. Суреткерлер бұрыннан қалыптасқан жанрлық талаптар ауқымынан саналы түрде шыға отырып, еркін жазуға ұмтылды, ал бұл өз кезегінде туындының сюжеттік-композициялық құрылымын күрделендіре түсті. Қазақ прозаиктері əр қилы көркемдік əдіс- тəсілдерді қолдана отырып, соны жанрлық стильдік ізденістер ауқымын кеңейтті. Зерттеуші Ғ.Мүсірепов: «Шығарма деген белгілі оқиғалардың тізбегі емес. Шығарма жазушы жүрегінде, ойында қайнап-пісіп, кітап оқушылары зейін қоюға тұратын, жігер-қайрат, адам қоғамының өсе беруіне, еселей беруіне үн қоса алатын жанр», — дейді [3; 7].

Осы ретте өзіміз талдау нысанына алып отырған жазушы А.Сейдімбектің хикаяттарынан осы жанрға тəн дербес сипаттарды көреміз. Қаламгер Т.Ахтанов «Ұстаз» деген мақаласында мынадай ой айтады: «Бейімбет өмірде де, шығармаларында да лепірме қызыл сөзден тіпті аулақ болған адам. Ол туралы сөз айтқанда көпіртіп сөйлеу келіспейтін сияқты. Əйтсе де, осы жазушының туындыларын оқығанда ол туралы ойлағанда, көбіне-ақ сүйсініп, қайран қаламын да, тіліме асқақ теңеулер орала береді. Бейімбеттен қалған қазына ұлан-байтақ тұтас бір өмір десек, артық болар ма екен?» [3; 162].

Суреткер А.Сейдімбектің арнасынан аспай, қысқа да жинақы жазылған повестерінде адам өмірі, табиғи тазалық, адамгершілік, қазақи мінез, қоғамдық өзгерістер шынайы суреттелген. Суреткердің адамгершілік-парасаттылық сияқты мəселелерді көтерген шығармаларынан байқалатын басты ерекшелік — адамның ішкі əлемін, рухани сырын айқын аңғарту. Осыдан бастау алып, жалғасын тауып жататын жаңалықтың бірі — жазушы қаламынан туған көптеген шығармаларға тəн тамаша нəзіктік, сазды сыршылдық, əдемі əуездік. Жазушы шығармашылығындағы кейіпкер психологиясының ашылуы олардың сөйлеген сөздері арқылы, іс-əрекеттері, ішкі монолог, психологиялық диалогтар, ым-ишарат, бет құбылысы, дене қозғалысы, психологиялық пейзаж, параллелизм, деталь, портрет, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзіндік таным, түс көру, сыр ашу жəне т.б. арқылы жүзеге асып жатады.

«Күзеуде» повесіндегі негізгі кейіпкерлер — Ршыман, оның əйелі Уəкила, баласы Құдайменде, Торғын. Повесть күздің көрінісін суреттеуден басталады: «Сарыарқаның саумал иісті, сары ала жапырақты күзі еді. Бұл кездің жер бауырлап жатып алатын қорғасын бұлты да, көк иық етіп ұзақ сылбырейтін жауыны да бой жаздырмас ызғарлы суығы да əзірше білінбей тұр. Оның орнына күзгі таңның хабаршысындай болып басталатын майда леп күн арқан бойы көтерілгенше толқи есіп, күй сазындай көңіл сергіте тербеумен болады. Осы сəтте əбден бояуы қанған табиғат қыс түспей соңғы рет дəурен күйін шертіп қалғысы келгендей малына құлпырады» [4; 3]. Əрине, күздің табиғаты былайша мамыражай болып тұра бермесі белгілі. Оның сүйектен өтер қара суығы, адамды мезі ететін сылбыр жаңбыры мен сұрқай күні алда. Осы мезетті автор жайдан жай алып отырған жоқ. Бұл уақытша, алдамшы сəт қарттық жеткенде ойы мен көңілі бұзылған Ршыманның жағдайына дөп келеді. Үй ішін жайлаған үнсіздік пен салқын қабақ алда болатын бір жағымсыз оқиғадан хабар береді. Сөйтсе де ұзақ отасып бір-біріне сыралғы жандар əліптің артын бағып, əлі бет жыртыса қойған жоқ.

Оқиғаның бəрі жылқысын іздеп жүріп, «Лесник» қыстауына келгенде, жылқысын қуалаймын деп, мінген аты қада ағашқа сүрініп, шынтағын жаралап алған сəттен басталады. Орманшы Əубəкірдің əйелі Торғын төрт жасар баласымен жалғыз отыр еді. Күйеуі осыдан бір жыл бұрын аз ауырып қайтыс болады. Торғынның ағасы Жақып көшіріп əкетейін дегенде «жылын өткізейін» деп қалып қойған еді. Жараланған шынтағын таңып, шай беріп аттандырған Торғынға Ршыман сол кеште қайта оралады. Осыдан бастап, олардың арасында қимас бір қарым-қатынас орнайды. Екеуінің арасындағы бұл байланыс соншалықты нəзік, ынтық сезімге айналған еді. Оны жазушы: «Сонда толған айдай жесір əйелге деген лып етпе құмарлық қызығуы емес, бір жұма көрмесе кəдуілгідей сағынып, құлазып, көзіне ештеңе ілікпей қоңылтақси берген соң келетін. Торғын да Ршыманға кəдуілгідей бауыр басып, еті үйреніп, оның шыншыл пейілінен қанағат тапқан соң келуін күтіп, елеңдеп жүретін болған» деп суреттейді [4; 12]. Ршыман бұл тірлігінің осы жасында өрескел екендігін сезеді. Сөйте тұра, Торғын өзінің сəби күтетінін айтқанда, дегбірі кетіп, есеңгіреп қалады. Үш ұлын соғыс жалмады, екі қызы есейіп қалғанда қайтты. Қалғандары қиын-қыстау кезеңде туғаннан ба, жастай шетінеді. Құдайменде — ең кенжесі. Ол да тұрмай ма деп қорыққан Ршыман баласының кіндігін балтамен өзі кеседі. Сөйтіп, жалғызының тілеуін тілеп қалғанда, Торғынның жүкті болуы шынында да есеңгірететіндей қуаныш еді. Осыдан кейін «Лесник» қыстауына баруын да жиілетіп, баласы мен əйелін қыстауды ертерек қамдай беруге жібергісі келеді. Ршыман оларға үйге жапсарлас салынған шошаланы жөндеп, ішіне үш құдық пеш салу керектігін де тапсырады. Ондағы ойы кейінірек көмекшінің жоғын сылтауратып, Торғынды көшіріп алу еді. Ршыман — сырт көзге томырық, салқын мінезі бар адам. Енді тіпті де ой иектегіш, тұйық болып алды. Кейде сабыры кетіп, ұрлық қылғандай қуыстанса, кейде қиянат, зорлығым болмаса, неден жасқанам деп өз-өзін қайрайды.

«Ршыман қанша ой жады болғанымен осының бəрі де мезгілсіз келген махаббат шарпуы екенін сезбеді. Тіптен, осынау ұзақ өмірінде əйел затына бұлайша ынтық болып көрмегенін, жүрек шіркіннің ағыл-тегіл төгіле бір ақ рет балқитынын, сол балқудың сəті кештетіп келгенін ойлап та көрген жоқ. Мұнысын «махаббат, ғашықтық» деп бағалауға жүрегі дауаламайды. Тіптен күрсіне отырып өз ойынан қолайсызданғандай болды. Бірақ бұл тірлігінің оғаштығын бар болмысымен қанша сезінсе де күн өткен сайын Торғынға деген аяулы сезімнің құлына айналып бара жатты»[4,17-б]. Ршыман қанша қиналып, толқыса да Уəкиламен бет ашысуды жөн көреді. Уəкила: «Бұл тоқсан көремін деген жасым ба еді, быламық татамын деген асым ба еді» дегендей, мұндай масқараға кездесем деген ойымда бар ма... Бұған дейін көрдім деген қоқайым жырдың күйі екен ғой. Тарықсам да, жабықсам да сырдың суы тобығымнан келмей, өзіңді тірек етіп жүргенде, көрсеткенің осы болса, бұл тірліктің не бағасы қалды?» — деп, өкси шағымданады [4; 18]. Бұл сөзге пейілі құлай құптаған Ршыман да: «... Саған тағар еш кінəм жоқ. Өзіңмен отасқан ұзақ өмірімде жанашыр жақындығыңнан басқа, жатсынар мінезіңді көрген емеспін. Шүкір, етегің құтсыз болған жоқ, туып сүйініп, өліп күйінбеген де бар. Өзіміз туды сүйіндік, өлді күйіндік, енді қалғанына қанағат. Сөйтсе де жалғыздық құдайға ғана жарасқан. Балаңның өкшесін басып, соңыңнан апалап жүретін бір жас иіс болса, оның несі айып! Құдайдан жасырмағанды адамнан жасырып болмайды екен, тəңірім талайыма не жазса да, бір іске бел буғаным рас. Ақталып отыр деп ойлама, алдыңнан өткені деп қабылда» деп суырыла сөйлеп, ағынан жарылады [4; 19]. Ақыры Торғынды көшіріп ап, Ршыманның жаны жай табады. Торғынның да жалғыздық меңдеген, алаңдаулы, панасыз көңілі беки түскендей болады. Кездейсоқ қана кездескен аз ғана сəтте əйел жүрегіне сəулелі шуақ қалдыра білген Ршыман бейнесі арқылы жазушы əйел жанының қаншалықты мықты болса, соншалықты нəзік екендігін көрсетеді жəне əйел затының жаратылысынан ер-азамат тарапынан мейірім, қамқорлық күтетіндігін бір аңғартып өтеді.

Зерттеуші Ə.Əзиев «Қазақ повесі» атты еңбегінде əңгіме мен повестің, роман мен повестің іргелес жəне айырмашылық тұстарын ғылыми тұрғыдан дəлелдеуге күш салған. Дегенмен, салыстырмалы əдіс те негізгі көрсеткіш бола алмайтын тəрізді. Себебі «повестің жанрлық ерекшеліктерін анықтаудың қиындығы оның роман мен əңгіме ортасындағы «аралық жанр» болғандықтан, өз белгілерін солардың көркемдік құрылымына «сіңіре» алатын қасиетінде» [5]. Бұдан шығатын қорытынды: аталмыш жанрлардың айырмашылықтарын ашып айтудың қиын екенін айтқымыз келеді. Шығарма белгілі бір жанрда жазылғанмен, онда кейде басқа жанрдың да белгілері ұшырасады. Сол себепті де повесть жанрының роман поэтикасына жəне əңгіме мен очеркке жақын тұстарын да назардан тыс қалдыруға болмайды.

Бүтін бір дəуірді, заманды бейнелейтін романнан өзгешелігі, повесть кейіпкердің белгілі бір өмірлік кезеңін көрсететін жеке, кейде өте маңызды оқиға, эпизодтарды суреттеумен  шектелуі мүмкін. Хикаят романдағыдай кейіпкердің туғанынан қайтыс болған шағына дейінгі бүкіл өмір жолын бастан-аяқ түгел суреттеп жатпайды. Сол үлкен өмірдің белгілі бір кесегін лайықтап қана алады жəне кейіпкер өмірінің дəл бір осы үзігінде оның тағдыры тұтас күйінде жəне əр қырынан көрінеді. Мысалы, «Күзеуде» хикаятында ауыл өмірінің қарапайым тіршілігі, өздеріне тəн бұйығы отбасылық жағдайы орныққан Ршыманның айналасы суреттеледі. Осы бірыңғай, қоңыр тіршілікке өзгерістің енуі оған куə болған кейіпкерлерді сан қилы күйге түсіреді. Жазушы О.Бөкей «Қар қызы» хикаятында өз кейіпкерлерін ар сынынан өткізу үшін өмір мен өлім тəрізді шекаралық жағдайға «тастайды». Табиғаттың алай-дүлей мінезімен бетпе-бет келген, суыққа тоңған үш жігіт «Қоңқай асуынан» адамгершілік сыналар асудан өтіп, əрқайсысы өмірдегі өз жолын табады. Автор кейіпкер характеріндегі өзгерістерді өлім мен өмір белдескен күрес үстінде ақтарып ашып тастайды. Айыруға белгілі бір жол сапарын алып, ондағы оқиғаны суреттеу арқылы жазушы кейіпкер тағдырының күрт өзгеріске ұшырағанын көрсетеді. Осыған үндес ситуацияны Ə.Кекілбаевтың «Күй» хикаятынан аңғаруға болады. Туындыда көркем уақыт пен кеңістіктің объективті жəне субъективті түрлері ерекше қарым-қатынасқа түседі. Объективті кеңістік пен уақытты шығарманың оқиғалық шеңбері деп түсінсек, субъективті кеңістік пен уақытты осы оқиғаға қатысушы кейіпкерлердің сезімдік əлеміндегі «ішкі қозғалыс», яғни, бір кеңістіктен екіншісіне емін-еркін өтуі мен осыны эмоциялық деңгейде қабылдау ерекшелігін танимыз.

Қазіргі қазақ повестерінде тарих пен бүгінгі уақытты қабыстыра отырып, қоғамның адамгершілік-рухани бейнесін тереңдеп ашуға бағытталған тенденция белең алды. Əсіресе Ə.Кекілбаев тарих пен бүгінгі күннің маңызды мəселелерін бірлікте қарап, əлеуметтік-адамгершілік ірі идеяларды өзек етеді, жазушы өткен тарих оқиғасын суреттеу арқылы қазіргі ұрпаққа ой салғысы келеді. Сонымен бірге қаламгерлердің тарих пен қазіргі уақыт философиясын ұғынуға деген құштарлығы көркем шығармашылықтағы мифологияға деген қызығушылықты туындатты. Бүгінгі замандағы өзекті мəселелерді жалпы адамзаттық тұрғыдан шешу қажеттілігі көркемдік ойлау көкжиегін кеңейтті. Осы себептен де суреткерлер мифке, фольклорға мойын бұрды. Əдеби тəжірибе көрсеткендей, миф, аңыз, əпсаналардың эпикалық тектің көлемді жанрларына қарағанда повестерде жиірек қолданылады.

Қазіргі қазақ хикаяттарында жазушылардың белгілі бір философиялық жүйелерге қатысты өзіндік концепцияларын ұсына білгендігі аңғарылады. Бұл əсіресе адам мен қоғам, адам мен əлем арасындағы қарым-қатынасқа, адам болмысының мəнін, өмірдегі орнын бағамдауға байланысты экзистенциялық концепцияларынан анық аңғарылады. Тағы бір ерекшелігі, қаламгерлер адам жəне əлем концепциясын құр баяндаумен емес, кейіпкерлері арқылы ұсынады. Сондықтан да повестерде көбінесе дүниетаным шеңбері кең, өмірдің мəнін философиялық тұрғыдан түсінетін кейіпкерлер көп ұшырасады. Мысалы, О.Бөкейдің «Сайтан көпір» хикаятындағы Аспан өлім табалдырығы алдында өткенді таразыға салып, өмірдің парқын түсінеді. Өлімге дайындалған Аспан, екі аяғын жерге берген Аспан, енді өзі үшін емес, өзгелер үшін өмір сүру керектігін ұғынады. О.Бөкеев повестеріндегі кейіпкерлерін бір-бірімен жалғастыратын ортақ қасиет — қандай қиын-қыстау күн туса да, жаны мен арының ақтығын сақтап, адамдығын жоғалтпауы, рухының биік болуы. Оларды толғандыратын ойлар — адам табиғатының жұмбақтығы əрі қарапайымдылығы, рухани құндылықтар мен адам өмірінің мəні. Зерттеуші Д.Лихачев айтқандай, повесть оқырманын ойландырады. Əрине, бұдан əңгіме немесе романдағы философиялық бастаулардың мəні елеусіз деген қорытындыға келуден əсте аулақпыз. Осы тұрғыдан алғанда аталмыш жанрлардан повестің айырмашылығы — оның аналитикалық, талдағыштық сипатында. Повесть белгілі бір дəуірдің, заманның қарама-қайшылықты проблемаларын анықтап, сол қарама-қайшылықтың дамуы мен шешілу процесін оған қатысатын кейіпкерлердің рухани болмысындағы қарама-қайшылықтардың себебін, мəнін анықтау арқылы талдайды. Яғни романда əлеуметтік-психологиялық талдаудың ауқымы кең болса, повесте психологиялық талдаудың элементтері басым болып келеді. Аналитикалық сипат — хикаяттың негізгі қасиеті.

Зерттеуші М.Бахтиннің «жанрлар мен көркем шығарманың ішкі диалогтық сипатының арасындағы байланыс» [6] туралы теориясы бойынша «жанр жазушы мен оқырман арасында дəнекерлік» қызмет атақарады десек, повесте басқа жанрларға қарағанда автор–оқырман арасындағы диалог жүреді деп айтуға болады. Бұл жерде мəселе автордың кейіпкерлер арқылы, олардың тағдыры, өмірлік ұстанымдары арқылы өз идеяларын оқырманға жеткізуінде емес, оқырманның диалогқа қатысуында, яғни повесть жанрында жазған жазушы оқырманнан аналитикалық, сыни көзқарасты, өзіндік ойлау жүйесін қажет етіп, көтерген мəселелерін шешуде белгілі бір дəрежеде ынтымақтастықты тілейді. Бұны əсіресе шығарманың «аяқталмай қалғандай» əсер  қалдыруынан байқай аламыз. Бұл, біріншіден, оқырмандарды кейіпкерлер тағдырына ортақтастыратын тəсіл болса, екіншіден, оқырманды ойға бөлеп, белгілі бір мəселеге көзқарасын қалыптастырады. Романмен салыстырғанда повеске жанды диалог тəн болып келеді.

Хикаятта сюжеттің дамуы əңгіме немесе романмен салыстырғанда өзгешелеу сипатта болады. Қазіргі қазақ хикаяттарының философиялық мазмұнда болып келуі ондағы сюжеттің қызметін өзгеше бір тұрғыдан қарастыруды қажет етеді. Сондықтан мұндай шығармаларда сюжет екінші кезекте қалғандай əсерде боламыз. Дегенмен, бұл тұста біз «сюжет — оқиғалар жəне адамның ойы мен жан толқыныстарының қозғалысы, онда адам характері, тағдыры, қарама-қайшылықтары, қоғамдық тартыстардың мəні ашылады» деген тұжырымды есте ұстауымыз керек. Себебі жазушы туындысы ішкі тақырып пен идея жүзеге асатындай сюжетке құрылады. Туынды сюжеті қым-қиғаш оқиғалармен ғана ассоцияцияланбайды, сонымен бірге кейіпкерлерді қоршаған ортаның психологиялық өрістеуіне де байланысты. Егер романда негізгі салмақ сюжеттің нақты жəне психологиялық қозғалысына түссе, повесте басты назар шығарманың статикалық компоненттеріне — қағидаларға, кейіпкерлердің ішкі толғаныстарына, пейзаж, суреттемелерге аударылады. Сондай-ақ романның сюжеті көп сатылы болып, динамикалы түрде дамыса, повесте сюжет бір қалыпты, кейде баяу дамиды. Қазіргі əлем əдебиеттануында, соның ішінде орыс əдебиеттану ғылымында соны леп болып танылып келе жатқан жатсыну мəселесі қазақ əдебиеттану ғылымында аз зерттелген сала болып саналатыны айқын.

Жатсыну мəселесіне қазақ ғалымдарының ішінде философ-ғалымдар көбірек ден қойып жатқаны

  • құптарлық жайт. Абай, Шəкəрім, Ақан сері, Біржан, Мəди, Мағжан шығармашылығынан жатсыну формаларын тауып, философиялық ой-толғамдармен зерделенуі ақындардың таным көкжиегінің кеңдігін көрсетумен қатар, осы жатсыну мəселесінің өзектілігін бүгінгі күні аңғартып отыр. Бүгінгі таңда маңызды болып отырған осы мəселенің қайнар көзі сонау ауыз əдебиеті үлгілерінде жатқандығы анық. Желмаясымен құтты мекен іздеген Асан қайғы мен өз ортасынан сытылып шығып, мəңгілік өмір іздеген Қорқыттың арман-тілегі осы жатсыну мəселесімен ұштасып жатқандай. Ал, қазіргі қазақ прозасындағы жатсыну тақырыбына келетін болсақ, ең алдымен Оралхан Бөкей шығармашылығын атар едік. Мəселен, «Бура» əңгімесіндегі Бура бейнесінде жатсыну нышандары көрініс тапқан. Қашып жүрген Бура бейнесінің астарында сол заманға деген қарсылықтан туған жатсыну жатқандығын байқауға болады. Бура өткенін аңсап, болашақты жатсынып Бұқтырма бойын кезіп жүр. Өз ортасынан өзі жеріп, жатсынған Бура ақыры поезға соғылып өліп, тыным табады. Автор танымындағы өзекті ойды осылай байқауға болады. Яғни «жалғыздық қасіреті, адам болмысындағы жатсыну — əлемдегі жазушылар мен ғылымдардың кейінгі уақытта назарын аударып келе жатқан ауқымды мəселе. Біздің ғылымда бұл проблема көп уақыт дұрыс бағаланбай келген кезең жалпы дүниетанымдық мəселеге тек материалистік тұрғыдан келу үстем болып тұрған кеңестік дəуірге дөп келеді» [7].

Автор адамдар арасындағы кірбің, қақтығысты айту үстінде табиғатпен астастыруды да назарынан тыс қалдырмайды. «... Қоңыр күздің жанға рахат маужыр күндері зымырап өтіп жатты. Табиғат шіркіннің осынау бір ашық-жарқын саумал шағы малға да, адамға да келер күннің қатал суығы барын ойлатпаған еді» [4; 22]. Əрине, бұл жандардың көңіл түкпірінде мазасыздық, алаңдау жоқ деуге болмайды. Ршыман түс секілді болған сезімнің өңінде болғанына қуанып, ұзағынан сүйіндіруін тілек етсе, Торғын бұл жайына разылық танытқанымен, келер күнін ойлап, күні ертең Уəкиламен қалай кездесетінін ойлап, мазасызданады. Шынында да Уəкиламен кездесетін сəт жетеді. Ішкі мұң-шерін армансыз ақтарып, кінəласу сөзінен соң: «Мені қойшы: тулармын да бастығармын, жылармын да жұбанармын, əне бір жалғыз ұл болмаса...» деп көнген қалып танытып, аттанып кетеді [4; 26]. Бұл дəуреннің ұзаққа созылмасын Ршыман да, Торғын да іштей сезетіндей. Сондықтан болар, олардың көңілдері алаңдаулы еді. Осы тұста табиғат та өзгеріп сала береді: «Жер бетін бозарта жапқан боқыраудың қырбығын күн нұры шалған соң, осынау қоңыр леп елеусіз ғана тынушы еді, бүгін өйткен жоқ. Керісінше, күн көтерілген сайын бірте-бірте екпін алып, ызыңдай соққан суық жел келіп қалған қыстың деміндей ызғарын үдете түсті» [4; 27]. Ақыры Торғынды ағасы көшіріп əкетеді де, Ршыман күңіреніп қала береді.

XX ғасырдағы қазақ прозасы заман мен адам құбылысының терең сырларына бойлай отырып, олардың арасындағы диалектикалық үндестік пен қарама-қайшылықты қатынасын көркем шығармаға өзек етті. Соның ішінде адам жанының екіге жарыла күй кешуі қазақ əдебиетіндегі бірқатар шығармаларға арқау болды. Осы арна 20-жылдардағы қазақ қаламгерлері Ж.Аймауытов, М.Əуезовтің прозасынан бастау алып, кейінгі Ə.Кекілбаевтің, О.Бөкейдің, Т.Əбдіктің шығармаларында жалғасты. Бұл  тұста  əдеби  бейне  жасаудың  рухани  жəне  көркем  арналары  мəселелерін зерттеген Е.Аманшаевтің: «Əдетте, өз қаһарманын қоғамдық катаклизмдерден бөлек алып, ұлы кеңістікке жалғыз «тастап», оның адамдығын, жан тазалығын сол ендікте «тексеретін» Оралхан Бөкейдің кейіпкерлері көбіне жалғыз, «қияли», «кісікиіктеу» болып келетіні сондықтан. Өйткені олар қоғам ағысынан шығып қалған не саналы түрде шығарылып алынған. Сол себепті қоғам санасымен саралап, оның көзімен есептегенде, аталмыш кейіпкерлер көрер көзге «оғаштау», сəл өзгешелеу келеді. Ал, жазушының ойы бойынша, нағыз, шынайы адамдар солар», — деген пікірінен қаламгерлердің өз кейіпкерлерінің күрделі болмысын игере бастаған қадамдары байқалады [8]. Шындығында қоғамның өзгерісі, сан алуан əрекеттердің қабаттаса жүруі адамның психологиясына əсер етіп, өз-өзімен қалғанда əр алуан көңіл-күйге итермелеуі қазақ прозасында кең дамуда. Біз қарастырған А.Сейдімбектің «Күзеуде» хикаятында да қанша перзент көрсе де, солардың баянды ғұмыры жалғаспаған трагедиялық ахуалдан құтылғысы келген кейіпкердің ішкі болмысы, əрекеті көрінеді.

Көркем туындыда халық өмірінің ұлттық бейнесі, психологиясына көз жеткіземіз. Қаламгердің ұлттық, көркемдік ойлау ерекшелігі оның бүкіл шығармасының ішкі рухынан сезіледі. Жазушының рухани жан дүниесіне сəйкес оның көркемдік əлемі жасалады.

Өмірді танып-білу, адамның табиғатын үңілу қоғамдық талаптың биігіне көтеріліп, өз айналасының ұлттық сипаттарын ашу, характерлердің жанды, нəзік сырларын тауып, қай тақырыпта жазса да, ол халқының бағалы мұрасына айналатындай болғаны жөн.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Тодоров Ц. Поэтика // В кн.: Структурализм «за» и «против». — М., 1975. — С.
  2. Нұрғали Р. Əдебиет теориясы. — Астана, 2003. — 189-б.
  3. Сөзстан. Сегізінші кітап. — Алматы: Жалын, 1987. — 216 б.
  4. Сейдімбек А. Аққыз. Повестер мен əңгімелер. — Алматы: Атамұра, 2002. — 288-б.
  5. Əзиев Ə. Қазақ повесі. — Алматы, 1989. — 6-б.
  6. Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. — М., 1975. — 504 с.
  7. Майтанов Б. Қаһарманның рухани əлемі. — Алматы: Ғылым, 1987. — 80-б.
  8. Аманшаев Е. Əдеби бейне жасаудың рухани жəне көркем арналары: Филол. ғыл. канд. ...дис. автореф. — Астана,— 16-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.