Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шешендік сөз өнерінің ұлттық ерекшеліктері

 Антикалық əдебиет тарихын зерттеуші И.М.Тронский еңбегін оқи отырып, адамзат рухани құндылығының ежелгі ескі дəуірмен сабақтас, тамырлас өрбігендігін аңғарамыз.

Ежелгі грек əдебиетінің қалыптасып, Еуропаның басқа халықтар əдебиетінен бөле жара, ешкімге еліктемей, өз бетінше жетілгендігін дəлелдегісі келгенмен И.М.Тронский шығыс əдебиеті элементінің əсер ықпалын жоққа шығармайды. «Греческая литература — древнейшая из литератур Европы и единственная, развивавшаяся самостоятельно, не опираясь непосредственно на опыт дру- гих литератур. С более древними литературами Востока греки стали ближе знакомы лишь тогда, ко- гда расцвет их собственной литературы лежал уже позади. Это не значит, что восточные элементы не проникали и в более раннюю греческую литературу, но они проникали устным, «фольклорным» пу- тем…» [1; 9, 10].

Əрине, біздің айтпақ мəселеміз бұл емес. Осы еңбектегі ежелгі грек əдебиетінің алғашқы лирикалық жанрлары ретінде көрсеткен «Элегия и ямб», «Хоровая лирика» сияқты кейбір түрлерінің бізге де жат еместігі. Ауыз əдебиеті тарихында элегия табиғатына жақын жырлардың мол кездесуі, сондай-ақ ұжымдық түрде айтылатын «Ау-жар», «Жар-жар» түрлерінің қазақ халқында да тым көнеден келе жатқандығы еске түседі.

Сондықтан да ғылымның: «Первобытная поэзия — поэзия коллектива, из которого личность еще не выделилась; основным содержанием ее служат поэтому чувства и представления коллектива, а не отдельной личности», — [1] деген пікірі біздің зерттеушілеріміздің ойымен сабақтасып жатыр.

Осы еңбекте қара сөз үлгісіндегі һəм өлең үлгісіндегі антикалық мəдениет сипаты сөз болады. Біз осыған дейін қазақ ауыз əдебиетінің мол мұрасының дені өлең-жыр түрінде туындап отырғандығын айтқан едік. Осы жерде қара сөз үлгісінде жеткен сөз өнері жəдігерлерінің көп екендігін еске саламыз. Бүгінгі күнге жетіп отырған аңыз-əфсəна, ертегі-əңгімелердің көбі қара сөз үлгісінде айтылып келді.

Соның ішінде өзіміз сөз етіп отырған би-шешен мұраларының да көп жағдайда қара сөзбен өріліп отырғандығы белгілі. Бұл туралы ғалымдарымыздың өзі: «Шешендік дегеніміз — белгілі бір уақиғаға байланысты тапқырлықпен, көркем тілмен айтылған жəне жұртшылық қабылдап, елге тараған белгілі ойлар, тұжырымдар», — деп пікір білдіреді [2].

Мысалы, Сырым шешеннің тапқырлығы туралы ел аузындағы аңыз былай дейді: «Сырым 15 жа- сында бір құшақ отын құшақтап Нұралы ханның ауылының сыртынан өтіп бара жатса, иығына шапан жамылып далада тұрған хан баланы шақырып алып:

  • Үй ішінің кемдігі отын-сумен жетеді, ауыл сыртынан отын ұрлап, бала, есің неден кетіп еді? —дейді.
  • Таксыр, даланың оты — олжа, суы — нұрлық, елдің малы мен ақысын жеу — ұрлық, — деп, Сырым жөніне жүре береді» [3].

Қара сөз үлгісіндегі осындай шешендік өнер туындылары қазақ ауыз əдебиетінде мол. Мəселен, Қаз дауысты Қазыбектің он алты жасында қалмақ ханына айтқан «біз қазақ мал баққан елміз» деп басталатын сөзі де үтір, нүктесі бұзылмаған саф қалпында бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. Осы мысалдардың өзі-ақ өлең-жырға жүйрік қазақ халқының қара сөзді де қалпысыз айта білетіндігін та- нытса керек.

Би-шешендердің философиялық пайымдаулары мен тапқыр сөз, өлең-жырларынан мұндай мағынадағы мысалдарды жүздеп, тіпті мыңдап келтіруге болады.

Зерттеу барысында сөз еткен жыраулар поэзиясы, айтыс ақындарының жырлары, би- шешендердің тапқыр сөздері — мұның бəрі көшпелі жұрттың биік мəдениетін, өзіндік өркениеті дамыған елдің терең таным-түйсігін танытады.

Белгілі зерттеуші-ғалым, этнограф А.Сейдімбеков «Қазақтың ауызша тарихы» шежірелік деректерді пайымдау еңбегінде шыншыл тарих жазу үшін не қажет екендігі жайлы төмендегідей пікір білдіреді: «Шыншыл тарих жазу үшін ең алдымен деректемелерге [источники] мұқият ден қою керек. Ал, деректемелер санатына тарихи айғақ-деректердің бəрін жатқызуға болады. Атап айтқанда, археологиялық, этнографиялық, антропологиялық, лингвистикалық, жазбаша, заттық, ауызша айғақ деректің қай-қайсы да белгілі бір заман мен қоғам туралы, сол заман мен қоғам аясындағы адамдар жайында таным-түсінік қалыптастыруға септігін тигізеді» [4; 125].

Осы ғылыми пікірде келтірілген «ауызша айғақ деректі» бүгінгі ұрпаққа жеткізуде біз зерттеп отырған сөз өнері шеберлерінің, яғни би-шешен, ақын-жыраудың, үлесі орасан зор екендігі ақиқат.

Сондай-ақ осы еңбекте қазақ шежірешілдігі туралы ғылыми сипаты айқын, терең пікірлер айты- лады. «Шежіреде ел-жұрттың əлеуметтік-саяси өміріндегі нақтылы хроникалық деректен гөрі, сол əлеуметтік-саяси өмірдің типтендірілген сипаты көбірек көрініс тауып отырады. Шежірелік аңыз- əпсаналар мен əңгіме-хикаялар ел-жұрттың əлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық, салт- дəстүрлік, əсіресе моральдік-этикалық қасиеттерін айғақтайтын дерек-мағлұматтарға тұнып тұр» [4; 135].

Сөзбен өрілген рухани құндылықтар түрінің қайсысын алып қарамайық, ғалым А.Сейдімбеков келтірген осы тұжырымға толықтай жауап береді деп нақты айта аламыз.

Жыраулық дəстүр мен шешендік сөз өнері қасиеттерін зердесіне барынша сіңіре білген халық ақындары, рухани дəстүрді сəтті сабақтастырды. Халық ақындары көпшілік алдында сөз жарыста- рып, яғни айтысып, қана қойған жоқ, олар сондай-ақ ұлттық өнер түрлерін одан сайын ажарланды- рып, байыта түсті.

Мəселен, Жамбыл ақынның бойында тек айтыскерлік дарын ғана емес, жыраулық, шешендік, күйшілік өнердің де болғандығын білеміз. Сүйінбай, Шөжелердің жыршы, Ақан, Біржан, Əсеттердің əнші-сазгер болғандығы белгілі. Бұл сипат сол заманда өмір сүрген көптеген халық ақындарына тəн қасиет еді. Ықылым заманнан халықпен бірге жасасып, оның тарихи сипаттары мен əлеуметтік жүгін арқалаған сөз өнері жəдігерлерін ХІХ ғасырдағы қазақтың жазба əдебиеті көшіне аманаттағандар да осы айтыс ақындары болды.

Халық ақыны өлең-жырға қаншалықты жүйрік болса, қара сөзге де соншалықты бейім, талантты болған. Орыс зерттеушісі А.Ф.Мерзяков «Шешендік сөз» атты ғылыми мақаласында: «Оратор дол- жен действовать не на один только разум человека, но и на все его внимание» [5], — деген пікір келтіреді.

Ғалымның осы пайымдауын қазақ шешендері мен ақындарына да тəн сипат дер едік. Бұл туралы қазақ даналығында «Тыңдалмаған сөз жетім» деген қанатты сөз бар. Елдің ықылас-пейілін, назарын аудартуда қазақ ақын-шешендеріндей шеберлік танытатын елдер сирек-ау, сірə?! Бұлай деп бағалауымызға ежелгі грек шешендерінің өмір тарихы мен шығармашылық жолымен танысуымыз себеп болып отыр.

Ертедегі Грецияның аса көрнекті қайраткерінің Плутарх шығармасы бойынша жасалған өмірнамасы негізінде жазылған «Əйгілі гректер» атты кітапта, Афинаның мемлекет қайраткері, ұлы шешен Демосфен ғұмыры туралы жазылады. Онда Демосфеннің сол мемлекеттің ең таңдаулы адво- каты Исейден төрт жыл бойы тыңғылықты сабақ алғандығы айтылады. Сондай-ақ жас талап шешеннің көпшілік алдында тұңғыш сөйлеген сөзі сəтсіз аяқталғандығы, жұрттың шулап, гулеп, қарқылдай күлгені оның сөзін аяқтауға мұрша бермеді, — дейді.

«Сөйтіп Демосфен қалай да өз сөзіндегі кемшіліктерді жөндеуге бекем бел байлайды. Ешкім алаң етпесін деп ол мүлдем оңашаланып алды, одан соң үйден шықпау үшін шашының бір жағын қырғызып тастады. Сөзінің ақауларын жою үшін күніне бірнеше сағат бойы жаттығумен шұғылданды. Ол аузына малта, тас салып алып, анық əрі естірте сөйлеуге тырысты, «р» дыбысын айтуды үйрену үшін үйіне күшік əкеліп, оның ырылдағанын тыңдап, үнін қайталады» [6].

Қазақтың би-шешендерінің тарихын зерттеп, шығармаларын жинап, насихаттаған ғалымдарымыз Б.Адамбаев, Н.Төреқұл жарыққа шығарған еңбектерден немесе ертеректе ауыз əдебиет үлгілерін жинап, пікір білдірген С.Сейфуллин, М.Əуезов, С.Мұқанов жазбаларынан, тіпті əрідегі Ш.Уəлиханов сынды тұлғаларымыздың бірде-бірінде Демосфен тағдырына ұқсас қазақтың би-шешенін кездестірмейміз.

Біздің би-шешендердің мектебі ұлы даланың көнекөз абыз қариялары болды. Баланы бесіктегі кезінен тəрбиелеген [«Ел болам десең, бесігіңді түзе» М.Əуезов], қазақ тоғызға келген қызына бəлиғат жасын беріп, ұлын он үшінде отау иесі атандырды. «Болар бала он үшінде баспын дер, бол- мас бала он бесінде жаспын дер» деп ұрпағына өмір сүру қағидасының заңдылықтарын ұсынды.

Тұлпарды тай күнінде танитын далалық сын-пайым астарында да терең психологиялық, педагогикалық танымдылық жатыр. Төле, Қазыбек, Əйтеке билердің шешендік қасиеті бала кездерінен танылған. Көкірегінде сəулесі, көзінде оты бар балаларды ауыл абыздары, ақсақалдары кішкентай кезінен-ақ танып, оны ұлы өнерге баулып өсірген. «Абай жолы» эпопеясында Құнанбай сұлтанның билер кеңесіне он жасар Абайды қатыстырып отыруында да үлкен мəн, терең тағылым жатыр. Құнанбайдың Абайдан үлкен ұлдары да болды, бірақ əкесінің ықыласы Абайға ауады. Неге?!

Ғалым, этнограф А.Сейдімбектің «Қазақтың ауызша тарихы» атты шежірелік деректерді пайым- дау кітабында «Қазақтың қария сөздері» атты үлкен тарау бар. Əрине, аталмыш тарауда айтылған зерттеу желісі өз алдына бөлек əңгіме. Мəселенің мəнісі «Қазақтың қария сөздері» атты тақырыпқа тіреледі. Қазақтың би-шешен, ақын-жыраулар мектебі сөз жоқ даладай кең дархан жүректі қариялар болып саналмақ. Бұл туралы ғалым, этнограф А.Сейдімбектің өзі де ашып айтады: «Бұл ретте, қазақ шежіресі [шежірешілдігі] кімнің кімнен өрбігенін білдіретін есімдер тізбесі ғана емес, алдымен сол адамдардың мың-сан тіршілік-тынысы туралы айтылатын тарихи ақпарат тұрғысында ден қойдырады. Өйткені қазақтың қария сөздерінің аясында ұрпақтардың генеалогиялық сабақтастығы ғана баяндалып қоймайды, ең бастысы, нақтылы оқиғалар мен тұлғалар туралы эпикалық жыр- толғаулар, тарихи аңыз-əңгімелер, ғибратты шешендік сөздер мен мақал-мəтелдер, əсіресе ситуациялық мысалдар, генеалогиялық ақпараттың негізі мазмұнына айналып отырды. Яғни қазақ шежіресін [шежірешілдігін] халық болмысының барлық қырын алуан түрлі үлгіде паш ететін тарихи ақпарат қоймасы деуге болады» [4; 135].

Айтысушы ақынның бойында жыраулықтың сарыны, шешендіктің дарыны бірдей сақталған. Төкпелете жыр төгу ақын үшін жыраулық образға кіру болса, табан астында ұтымды ой, жауап табу шешендік тапқырлықты қажет етеді. Көпшілік алдына жыр сайысына шығу айтыс ақынына мынадай міндеттер жүктейді:

  • айтыстың əлеуметтік ыңғайын бағамдау, яғни тыңдарман ықыласына ие болу əрекеттерін ой- ластыру;
  • қарсылас ақын туралы, оның тегі, руы, жері, тарихы жайында белгілі дəрежеде мағлұматты бо- луы;
  • жыр сайысы барысында қарсылас ақынның аузынан шыққан сөз мазмұнына орай, күтпеген жерден тойтарыс беріп тұқырту;
  • қарсылас ақынның аузына сөз сала отырып, ертеден ойластырып келген ой қақпанына түсіру.

Əрине, бұл міндеттердің барлығы көпшілікке табиғи, яғни стихиялы, түрде көрініс береді. Ең бастысы, ақындардың аузынан «от басы, ошақ қасының» əңгімесі емес, елдік, аталы сөздер айтылса, айтыскер үшін нағыз абырой сол болып саналады. Мəселен, қарсылас ақынның басынан сөз асырып, жеңуді мақсат ету барысында түрлі айла-əрекеттерге бару тəсілдері де айтыс тарихында жиі кездесетін құбылыс.

Күні бүгінге дейін ел аузында аңыз болып жүрген Үмбетəлі мен Нұрила ақындардың айтысында осы жағдай барынша көрініс береді. Бұл айтыста Нұрила ақын жеңіп, бəйгеге ие болады. Бірақ кейіннен Үмбетəлінің назасына ұшыраған Нұрила ақынның өлерінде өкініп айтқаны деген мына бір жыр жолдары айтыс өнерінің кейбір ішкі сырларын ашып тұрғандай.

Көңілі не де болса тарықсын деп,

Қызуда қызба сөзді соғыппын кеп.

Бетіме қаулап келген қалың сөзін,

Итеріп иірімге тоғыттым кеп.

 Артынан тарар кезде адам ба деп,

Шошынып өз-өзімнен қорықтым бек.

Қырық кісі атын білген ер екен бір

Отырмын сілесіне жолықтым деп [7; 396].

ХІХ ғасырдағы айтыс өнерінің көркемдік дəрежесінің биік болып келуі əрі əлеуметтік мəні мен қоғамдық маңызының терең болуы сол кезде жазба айтыстың кең етек алуымен байланысты қарастырылады.

Жалпы экспромтты жағдайда қолма-қол суырып салу үрдісінде туған айтыстардың өзі мағынасын сақтай отырып, көркемдік дəрежесі біршама өңделіп, хатқа түскен. Бұл туралы М.Əуезовтың «Айтыс туралы» ғылыми мақаласында төмендегіше пікірлер келтіріледі. «Айтыстан кейін, сол айтыста болмаған көпшілік жəне айтысты ұғып жаттап алам деуші ақын шəкірттеріне ай- тып беретін, алғашқы айтысқа түскен екі ақынның біреуі айтысқан реттерін есіне сақтап, ұзынды- қысқалы көлемдерін еске ала отырып, өз сөзімен қарсы ақынның сөзіне, айтысын жаңғыртып береді. Мұның айтуынша, алғашқы халық алдында өткен айтыс, енді жаңа редакциядан өтеді...» [7; 13].

Бұған қарағанда жазба айтыстардың жөні мүлдем бөлек. Онда ақынның білім, парасаты, зерде- зейіні, шығармашылық қуаты барлық болмысымен жарқырай көрінеді. Тақырыптың мəні жан-жақты ашылып, тілге тиек болып отырған проблема түрлерінің тəрбиелік-тағылымдық жақтарының да мол болатындығы ақиқат.

Мəселен, Кете Жүсіп, Тұрымбет жырау, Жиенбай жыраулардың арасындағы жазба айтыс, өзінің көркемдік һəм əлеуметтік мəні тұрғысынан екшеп айтар туындыға жатады.

Екі, үш немесе одан көп ақын-шəйірлардың арасында жазба түрінде өрбіген айтыстарды халық мұрасынан мол ұшыратуға болады.

Кете Жүсіптің Тұрымбет жырауға жазған жыры өзінің дерек, мағлұматқа молдығымен ерекшеленеді. Жырда Кете, Əлім, Шөмен руларынан шыққан өнерлі адамдар туралы нақты деректер келтіріледі.

Нақылда: арғы атамыз — қазақ, Алшын,

Кете мен Əлім, Шөмен бір туысқан».

Əлімнен қиялға кен шықты Ерімбет,

Таласпас «озамын!» деп ешкім оған.

Осы ердей əркім қиял тыңдатпаса,

Құр көңіл не бітірер батпансынған?

Шөменнен Оңғар менен Базар шықты,

Жорғадай сөзі қымбат толықсыған! [7; 22–55].

 Халық шығармашылығында Жыраулық, Шешендік, Ақындық сияқты сөз өнері түрлерінің рухани, мағыналық үндестігі жайлы біршама айтылды. Сөз өнері үлгісінде халықтың рухани құндылығының алтын арқауына айналған халық шығармашылығының түптамыры, қайнар көзі тым əріден, бағзылық дəуірлерден бастау алатындығына көз жеткіземіз.

Ең бастысы, біз сөз еткен шығармашылық өнер түрінің барлығы, халықтың тарихи тұрпатын айқындай отырып, елдің арман-тілегін, мақсат-мүддесін, тұрмыс-салт, əдет-ғұрпын, əлеуметтік- тұрмыстық ахуалын айқындаушы ақпарат қоры екендігіне көз жеткіздік.

Халық шығармашылығы əр дəуірде, əр қоғамда өзінің рухани қажеттілігін барынша дəлелдеп, уақыт заңдылықтарына орай бейімделіп, өсіп-өркендеп келе жатқан құндылық.

Қандай өркениетте өмір сүрмейік, өнер халықпен бірге жасасып, жаңарып, толысып отырады.

«Өнер — халыққа қызмет етуші құндылық» деген қағида бар. Сондықтан да, əлем өркениетіне қоян- қолтық араласа бастаған ХХІ ғасырдағы қазақ халқының ұлттық болмыс-бітімін, оның өнері мен мəдениетінен, əдебиеті мен баспасөзінен аңдайтынымызды ескерсек, зерттеу барысында айтылған ой-тұжырым, ғылыми пайымдауларымыздың қаншалықты маңызды екендігін аңғаруға болады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Тронский И.М. История античной литературы. — М.: Высш. шк., 1983. — С.
  2. Шешендік сөздер. — Алматы: Жазушы, 1967. — 5-б.
  3. Шешендік сөздер. — Алматы: Отау, 1992. — 133-б.
  4. Сейдімбеков А. Қазақтың ауызша тарихы. Шежірелік деректерді пайымдау. — Астана: Фолиант,
  5. Об ораторском искусстве. — М.: Гос. изд-во полит. лит-ры, 1959. — С.
  6. Əйгілі гректер. — Алматы: Жалын, 1977. — 2096-б.
  7. Айтыс. — 2-т. — Алматы: Жазушы,

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.