Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлы отан соғысы (1941–1945) жылдарында ақындар айтысын өткізудің мемлекеттік маңызы

Публицистиканың көркем шығармадан басты айырмашылығы оның деректілігі мен нақты фактілерге құрылуы дейтін болсақ, бұл қағидадан айтыс жырлары да алшақ кетпейді.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы айтыс жырларында жер-су, елді мекен атаулары, Қазақстанның ауыл шаруашылығы, колхоз, шаруа бірлестіктері, ірі өнеркəсіп ошақтары, көптеген адамдардың есімдері, тіпті, өндіріс-шаруа құрал-жабдықтарына дейін назардан тыс қалмай, тілге тиек болады. Бұл көрініс соғыс жылдарындағы ақындар айтысының екі қырлы сипатын айқындайды.

Біріншіден, соғыс жылдарында айтыс ақындарына аса үлкен жауапкершілік жүктелгенін аңғартады. Айтыстың өткізіліп тұруына сол кездердегі ұлт зиялылары С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Сəтбаев, М.Əуезов, А.Жұбанов, Е.Ысмайлов, Е.Қуанышбаев сияқты ақын-жазушы, ғалымдар атса- лысып, түрткі болғанымен, ең бастысы мемлекеттік ресми орындардың аталмыш өнерге мүдделі бо- луынан деп түсінген жоқ. Олай деуімізге 1943 жылы Алматыдағы Қазақстан мемлекеттік академиялық опера жəне балет театрында өткен жыр додасына сол кездегі «Қазақстан ҚП [б] Орталық комитетінің бөлім меңгерушісі Сейтқали Ахметов, Қазақ ССР Министрлер Кеңесі өнер басқармасының бастығы Серғали Толыбековтердің, сондай-ақ Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшылары Жұмабай Шаяхметов, Ахмет Қойшығұлов, Ілияс Омаров, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы Əбдісəмет Қазақбаев, орынбасары Шекер Ермағанбетова, Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұртас Оңдасынов, Кеңес Одағының маршалы С.М.Буденный, КСРО Жазушылар одағының хатшысы В.В.Вишневскийлердің [1; 21] келуі ақындар айтысына деген мемлекет басшыларының көзқарас, пікірінің дұрыстығын һəм мүдделілігін көрсетсе керек.

Айтысқа мемлекеттік деңгейде мəн берілуі, сөз жоқ, ақындарға зор жауапкершілік, үлкен міндеттер жүктейді. Соғыс жылдарында өткізілген айтыстың көркемдік, мазмұндық деңгейінің жоғары болуы, осындай талаптардан туындағаны ақиқат. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ақындар айтысының екінші қыры да осы айтылған жағдайяттардан туындайды. Себебі ақындарды айтысқа дайындау барысында, иделогиялық-саяси тұрғыдан үлкен семинар-кеңестер өткізілгені мəлім. Ол кеңестерде ақындардың қай тақырыпта қалай жырлауы ғана емес, сол кездегі Қазақстанның саяси- экономикалық ахуалы, соғыс жағдайы, тыл өмірі сияқты келелі мəселелер түбегейлі ақындардың ой елегінен өткізілген. Ұйымдастырушылар əсіресе айтыстың иделогиялық маңызына ерекше мəн бер- ген. Ақындардың бірінің сөзін бірі іліп əкетіп, тақырыпты бүге-шігесіне дейін білуі, əрі мүдірмей жырлауы осыны аңғартады.

Мəселен, 1943 жылғы Жақсыбай Жантөбетов пен Есдəулет Қанденов арасында өткен айтыста ақындар сол кездегі колхоз, совхоз шаруашылықтарының жетістіктерін, табыстарын жіпке тізгендей баяндайды. Бір-бірінің кемшілік жақтарын да тілге тиек етуді ұмытпайды. Айтыс барысында цифрлы мəліметтерді тəпіштеп жырлауына қарағанда ақындардың бұл сөз сайысына мол дайындықпен келгендігі байқалады.

«Жақсыбай:

Өзің мақтан, кең өріс жерің қанша?

Айтып бер білген болсаң малың қанша?

Бухгалтердің есебін менен сұрап,

Пысықсынып осы жерден табылғанша.

 Есдəулет:

... Қой, ешкі сексен үш мың толды басқа,

Алты мың жылқы жəне үш мың шошқа.

Сегіз мың сиырым бар толған өріс,

Сыртында мына санның түйе басқа [2; 151,152].

Жамбыл облысы, Красногор ауданының атынан айтысқа түскен Есдəулет ақын келтірген бұл цифрлы мəліметтер нақты шындық болса, соғыс жылдарындағы ауданның шаруашылығы жаман болмағанға ұқсайды. Публицистика дəуір тынысы, замана жаршысы дейтін болсақ, айтыста келтіріліген осы деректердің өзі-ақ соғыс жылдарындағы Қазақстан ауыл шаруашылығы жағдайынан біраз ақпар-мағлұмат беріп тұрғаны сөзсіз. Сондай-ақ өнеркəсіп, өндіріс тақырыбын арқау еткен Шашубай мен Болман ақындардың айтысында нақты дерек көздері мол ұшырасады. Мұның өзі соғыс жылдарындағы Қазақстан ауыр өнеркəсіп, өндіріс ошақтарының экономикалық жағдайынан хабардар болуға мүмкіндіктер береді.

Шашубай:

...Мақтадың, Болман шырақ, комбинатты,

Есіңе аламысың майдан жақты.

Алты айда кем бергенін білемісің,

Екі жүз отыз мыңдай снарядты?

Балқашқа берген кенің тат боп шығып,

Бес жүз тонна мыс соңынан жетпей қапты.

 Болман:

 ...Заводым отырған жоқ отқа қарап,

Майданның керегіне жатыр жарап. Өндіріп жоспардан тыс қаншама мыс

Сізді де соңғы екі айда қалды жанап» [2; 188–190].

Ұлы Отан соғысы жылдарында өткізілген ақындар айтысын зерделей отырып, көз жеткізген тағы бір мəселе жыр сайыстары белгілі бір тақырып ауқымымен немесе жекелеген аймақ мəселелері төңірегінде шектелмегені. 1941–1945 жылдар аралығында өткізілген ақындар айтысы тұтастай Қазақстан экономикасының барлық саласын қамтумен ерекшеленеді. Мəселен, айтыста колхоз, сов- хоз шаруашылықтарының жетістігі һəм кемшін тұстары дерліктей көрініс табады. Бұл тақырып əсіресе «Сəтіғұл мен Құмар», «Шаймерден мен Мұзарап», «Орынбай мен Əлібек», «Қазанқап пен Нартай», «Жақсыбай мен Есдəулет», «Сұлубике мен Зейнеп» айтыстарында айрықша көрініс береді. Бұл айтыстар құр мадақ, қызыл сөзден ада, керісінше, нақты дерек, мəліметтерді сөйлетуімен ерекшеленеді.

Осы уақыт еншісіндегі ерекше мəн берілген мəселенің бірі сол кездегі Қазақстан ауыр индустриясының экономикалық ахуалы болды. Бұл тақырыптың тереңнен қаузалып, жырлануына оның Кеңес үкіметі үшін аса маңыздылығы һəм қажеттілігі себеп болғаны белгілі. Шахта, зауыт, фабрикалардың соғысқа қажетті өнімдерді іркілісіз шығарып тұруы соғыс кезіндегі қатаң талаптардың бірі болды. Оны айтыс ақындары да жақсы түсінді.

Шашубай мен Көшен ақындардың айтысында осы мəселе жеріне жеткізіле жырланған. Көшен:

...Тұмсығын фашистердің мыспен қарып»

Былтырғы олқылықтан менде арылдым...» [2; 89].

Балқытқан мың тонналап болат темір,

Орасан заводтардың жаны — көмір!

Майданға қару-жарақ, азық-түлік,

Таситын темір жолдың қаны — көмір... [2; 89].

Немесе Нұрлыбек пен Маясар ақындардың айтысындағы мына бір шумақтар тақырып маңыздылығын ғана емес, ақынның соғыс жағдайын, əрі Қызыл Армияға оның Отанға аса керек қару- жарақтың қандай жолдармен өндірілетінін өршіл рухта жырлайды.

Маясар:

Жайланып бекіністе жатқан торып,

Жабылып жауға шапса жетпіс полк.

Бір ғана атысарлық оқ жасауға,

Бір күнгі болат жезім жетер толық...

 Алты жүз ауыр танкі салып ойнақ,

Ұмтылса жау қамалы қалар жайрап.

Соларға оқ өтпейтін сауыттардың,

Құрышын мен беремін күнде сайлап... [2; 114,115].

Сол кездегі іргелі өндіріс-өнеркəсіп Қарағанды шахтасы, Жезқазған, Балқаш, Қоңырат, Ақшатау кенттерінің экономикалық ахуалы айтыс жырларының негізгі арқауы болды.

Əрине, соғыс жылдарындағы айтыстың бəрі елді, халықты жігерлендіру рухында толағай табы- сты зор шабытпен жырлаған деп кесімді пікір айтуға болмайды. Қарсылас ақындар өз жетістіктерін жырлаумен қатар, екінші жақтың кемшілігін де жақсы білген. Ол айтылған кемшіліктер жай тұспалдау сөз немесе «ұзын құлақтан» жеткен хабар емес, нақты дерек-дəйектерге құрылған. Мыса- лы, Көшен Елеуовпен айтысында Шашубай ақын Қарағанды шахтасындағы кейбір келеңсіздіктерді былай деп сынға алады:

...Көшенім, неге керек артық мақтан,

Сен онан тілімді алсаң ерте сақтан.

Бере алмай жер астына бос вагонды

Малтығып жатқан жоқ па талай шахтаң?

Бос өткен шахталардың уақытын

Есептеп көмірге əкеп болсаң шаққан.

Бұл дертке ұшыраған шахталарың

Борышын болар едің немен жапқан?

Жөнелткен көміріңнің күлі көп боп,

Заводтар тіресіңе айып таққан... [2; 98].

Мұндай кемшіліктерді сынау үрдістері ауыл шаруашылық мəселелеріне қатысты айтыстарда да жиі көрініс береді. 1944 жылдың 12 қыркүйегінде Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінде жарияланған Гүлжамал Шəукебаева [Шиелі] мен Қуаныш ақынның [Сырдария] айтысында сол кездегі колхоз тұрмысы сынға алынып, былайша жырланады:

Гүлжамал:

...Естігем ауданыңның көп колхозы,

Күте алмай күйзелтіпті биыл малын.

Биікке су шықпайтын жарма қазып,

Қинапты кейбір аулың босқа жанын.

Колхозың Киров ердің атындағы

Нашарлықтан болып жүр жұртқа мəлім... [2; 168].

Баспасөз тарихын зерттеуші-ғалымдарымыз сол бір сұрапыл жылдар шежіресі туралы былай деп жазды: «...Осы кезден бастап жау талқан болғанға дейін Қазақстан баспасөзі, бүкіл еліміздің баспасөзімен бірге, өзінің оқырмандарымен соғыстың сұсты да əсерлі тілімен сөйлесті. Сол бір кездегі баспасөз қаһарлы жылдар шежіресін, патриотизм мен жалынды публицистиканың таңдаулы үлгілерін көрсетті...» [3].

Соғыс жылдарындағы Қазақстан баспасөзі жайлы айтылған бұл пікірді келтірудің өзіндік мəні бар. «Соғыстың сұсты да, əсерлі тілмен сөйлеу» тек сол уақыттағы кəсіби журналистерге ғана емес, патриотизм мен жалынды публицистикалық жырлардың асқақ үлгісін көрсеткен айтыс ақындарына да тəн қасиет еді. Ол кездегі айтыстың көпшілік қызықтайтын думан немесе көрермен көңілін көтеретін өнер кеші деп емес, деректі-ақпараттық танымы мол үгітшілдік-насихатшылдық   сипаты басым, публицистиканың ауыз-екі үлгісіндегі шамырқанған халық шығармашылығы деп бағалаған жөн.

Айтыс өнері тарихында 1941–1945 жылдар аралығында өткізілген жыр сайысын мазмұндық тұрғыдан ерекше екшеп айтуға болады. Бұл жылдардағы айтыс өзінің ақпаратты-деректілігі тұрғысынан өзінен бұрынғы һəм кейінгі айтыстардан анағұрлым бай жəне моральдік, əдеп нормала- рын мейлінше сақтай білумен бағалы. Ақындардың жеке басына мін тағуы былай тұрсын, бұл жыр сайыстары қарсылас жақтағы кемшіліктерді айтқанда, ол кемшілікке барша қазақстандық еңбекшілердің де алаңдаулы екендігін, содан тезірек арылудың қажеттігін үлкен достық, əріптестік ниетте жеткізеді.

1945 жылы өткізілген Қалқа Жапсарбаев пен Қуат Темірбаевтардың айтысы тұтастай деректі мəліметтерге құрылған.

Талдықорған, Павлодар облыстары атынан сынға түскен қос ақын да сол кездегі екі аймақтың барлық болмыс-бітімін жырмен өріп шығады. Павлодарлық Қалқа ақын өз облысының жетістігін нақты деректер келтіріп жырлайды. Сөз кезегінде Талдықорған облысының шаруашылық ахуалын сынай отырып, Қуат ақынды əріптес ретінде қайрап, жігерлендіріп отырғандығын да аңғаруға бола- ды:

Биеннің өлкесінде жердің нуы,

Қыдырдың шығып жатқан қайнап буы.

Басынан берекелі Ақсу-Лепсі,

Белгілі ежелден-ақ диқан туы.

 Елі бай кем болмаған мал мен бастан,

Бір кезде ең дəулетті шалқып тасқан. Жоспардан биыл Ақсу құтылмапты,

Сол жердің берекесі неден қашқан? [2; 248,249].

Егер, осы айтыстағы екі ақынның жырын қара сөзбен баяндайтын болсақ, дерек пен дəйекке то- лы, ақпараттық сипаты басым көркем публицистикалық шығарма болып шығары сөзсіз.

Соғыс жылдарындағы айтыстарды шоли отырып, айтыс ақындарының сол кездегі журналист тілшілердің қызметін атқарғандығына шүбəсіз көз жеткіземіз. Аудандарда, колхоздарда орын алып отырған кемшіліктерді бұлтартпас фактілермен шегелей айтуы осыған дəлел болса керек.

Қалқа:

...Колхозды айтсақ болмай ма,

Малды жақсы бақпаған,

Шөпті толық шаппаған

Қар жауғанша дыр-думен,

Қораны тегіс жаппаған.

...Сіздің Ақсу ауданы

Қырық төртінші жылы көктемде

Тұқымын түгел сеппеген,

Екі пұт бидай апарса –

Бір пұтын сеппей ептеген;

Он бидайдың орнына –

Жалғыз-ақ бидай көктеген.

Ақырында жоспарға

Шыққан бидай жетпеген,

Ауыстың Қуат мақтанға,

Комбайындарың қайда еді?

Селдіреп шыққан егінді,

Сексен үш күн шапқанда,

Қырманның түбі тақылдап... [2; 253,254].

Өз кезегінде Қалқа ақынның сынына жауап бере отырып, Қуат ақын қарсыласын төмендегіше кемшін деректермен сынға алады.

Қуат:

...Ауданыңды алғанда,

Анықтап көзді салғанда,

Қаншама сиыр, қой, ешкі,

Жүз елу ат өліпті.

Осыным да жалған ба?

...Отырған жоқ па үйіңде

Алпыс балаң оқымай,

Сен тіліңді безейсің,

Сүйкене сөйлеп қотырдай

Төрт жүзден аса оқушың,

Жаман деген баға алды,

Көрмейсің оны соқырдай.

... «Талапты» деген колхозың

Ат қора қыпты клубты,

Мəдениетің осы ма?... [2; 254,255].

Жалпы, соғыс жылдарында өткізілген қай сайысты алып қарасақ та, ақындарды сезім күй ауа- нынан гөрі, күнделікті өмірде, қоғамда болып жатқан түрлі проблемалардың көбірек толғандырғанын аңдаймыз. Бұл жағдай, бəлкім, соғыс уақытының қатаң талабынан немесе сол дəуірдегі саяси идеоло- гия мүддесінен туындаса керек. Айтыстағы елдік, отандық тұрғыдағы мəселелер ақындардың өзара сыни пікірлері арқылы өрби отырып, табысқа ерен еңбек етуге шақырған патриоттық рухтағы насихатқа ұласады.

...Бітірелік егісті,

Жеті күнге жетпестен,

Жердің дымы кеппестен,

Малды жақсы бағалық,

Бір жарым жылға жетердей

Мол етіп шөпті шабалық.

Еңбекпен салған егіннен,

Берекелі астық алалық.

...Аянбай қайрат жұмсалық,

Көмбеміз біздің алыста,

Шаруа кетсін теңеліп,

Ел табысқа кенеліп,

Мемлекетке қарызды,

Артығымен берелік,

Үш жүзден алып қызылша

Еңбекке астық бөгелік

Қазақстан тойында –

Табыспен рапорт берелік! [2; 261].

1943 жылғы Республикалық айтысты ашқан жыр алыбы Жамбыл сөзі соғыс жылдарындағы қолына домбыра ұстаған ақындарға үлкен сенім, зор шабыт берді. Əрі Жамбыл ақынның бұл арнау жыры сол кездегі ақындар айтысының жалпы ұлттық мемлекеттік ауқымда өрбитіндігін сипаттап берді. Мəселен, ақынның:

Алатаудан, Арқадан,

Ақындарым, келіпсің.

Тілдерінен бал тамған,

Жақындарым келіпсің.

Ертіс, Еділ, Іле, Сыр

, Бас қосқалы келіпсің.

Жүрген жері думан-жыр,

Сендер елге көріксің.... [1; 61], —

деген жыр жолдары ел басына күн туған уақытта ұлт болып бірігуді, зұлым жауға тұтас хылық болып, тойтарыс беруге үндеген ақындық, азаматтық үлкен рухты танытады. Ақынның осы екі шумағының өзі соғыс жылдарында өткізілген айтыстың жалпы ұлттық, мемлекеттік сипатта болғандығын аңғартады. Халық поэзиясының ірі өкілі, екі ғасырдың куəсі Ж.Жабаевтың жыр толғаулары соғыс кезінде үлкен идеологиялық насихат құралына айналды.

Бір ғана «Ленинградтық өрендерім» деп басталатын əйгілі толғауының өзі Қазақстанға ғана емес, сол кездегі бүкіл Кеңес Одағына тарап патриоттық жыр ретінде кеңінен насихатталды.

Соғыс жылдарындағы Жамбыл шығармашылығы туралы зерттеушілеріміз көптеген мақала, зер- ттеулер жазды. Көрнекті əдебиет сыншысы Мұхамеджан Қаратаев «Жамбыл — халық поэзиясының алыбы» атты мақаласында төмендегідей пікірлер келтірген: «Соғыста Жамбыл өлеңдері қарулы құралға айналды. Жүздеген соғыс бөлімшелерінен соғыс аэродромдарынан, корабль борттарынан Жамбылға тынбай ағып хаттар келіп жатты. Олар ақын өлеңдерінен күш-қуат, əсері автомат, бомбар- дировщик, танк жəне «Катюша» секілді жаудың күл-талқанын шығаруға жəрдем бергенін жазады... Фашизмді тізе бүктірудің 20 жылдық мерекесінде СОКП Орталық Комитетінің Бас секретары Л.И.Брежнев жолдас: «Жамбыл жеңіске жету жолында өз творчествосымен көмектескен ақындардың бірінен саналады», — деп атады [4].

«Соғыс жəне əдебиет» атты мақаласында ғалым С.Қирабаев: «Ұлы Отан соғысы дəуіріндегі қазақ əдебиеті» деп дəуірленіп жүрген əдебиет мезгілі жағынан онша ұзақ уақыттың жемісі емес», — деп пікір айтады [3; 78]. Сондай-ақ аталмыш мақалада мұның небəрі төрт-ақ жылдың əдебиеті екендігін айта келіп, соған қарамастан соғыс кезінің əдебиеті тарихта жиі кездесе бермейтін қоғамдық дамудың жеделдігі мен халықтық энтузиазмнің əдеби бейнесін терең таныта алатын əдебиет болып, тарихи бағаланғанын, мұның басты сыры совет əдебиетінің халық өмірімен тығыз байланысында, халықтың көкейкесті арманын жырлай білген реалистік сипатында еді деп жазады.

Əрине, бейбіт заман өлшемінде төрт жыл соншалықты көп уақыт емес. Бірақ жиырма миллион адамның өмірін қиған сұрапыл соғыс уақытының зардабы ғасырларға жетер қайғы-қасірет əкелгені анық. Сондықтан да соғыстың əр күні айға, айы жылға бергісіз болғаны белгілі. «Əдебиеттің халық өмірімен тығыз байланыстылығын» біз 1941–1945 жылдар аралығында өткізілген ақындар айтысынан анық байқадық. Қазақ əдебиетінің үлкен бір арнасы халық шығармашылығы деп танысақ, бұл тұрғыда айтыс ақындарының де ерекше белсенділік көрсеткенін зерттеу барысында айтып өттік.

Ең бастысы, ел басына күн туған, сұрапыл соғыс жылдарында қазақтың төл тума өнері айтыстың халыққа, қоғамға белгілі дəрежеде қызмет ете білгендігі.

«Біздің түсінігімізде публицистика — өз кезеңіндегі қоғамдық өмірдің өзекті проблемаларын, құбылыстарын жəне процестерін жедел түрде көрсететін шығармашылықтың бір түрі, жəне оның өзіндік ерекшелігі — саяси тұрғыдан күштілгі мен жанды бейнелілігінде, ал басты əлеуметтік міндеті— адамдардың қоғамдық пікірін қалыптастыру» [5].

Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдарын зерттеуші, ғалым Б.Жақып еңбегінде келтірілген бұл пікір негізінен жазба публицистикалық шығармаларға бағытталып айтылғанымен, 1941–1945 жылдар аралығында өткізілген халық ақындары шығармашылық мұрасының табиғатына да жат еместігіне зерттеу барысында толық көз жеткіздік.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қаһарлы сөз қамал бұзады. — Алматы: Ғылым,
  2. Айтыс. — 3-т. — Алматы: Жазушы,
  3. Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. — Алматы: Мектеп,
  4. Жамбыл жəне қазіргі халық поэзиясы. — Алматы: Қазақ ССР ғылым баспасы, 1975. — 35, 36-б.
  5. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. — Алматы: Білім, 2004. — 211-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.