Қарағанды университетiнiң хабаршысы

Адамзат аударма арқылы араласып-құраласады. Біз өмір сүріп жатқан əлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-қарекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз əлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Адамзат тілдерінің арасында да коммуникацияның өз жүйесі, яғни трансляторы, болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі — аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.
2009

Қалихан Ысқақовтың оқырман қауымға атын шығарған тұңғыш туындысы «Қоңыр күз еді» повесі. Шығарма өзінің балалық шағындағы өмірін өксігімен жəне өз махаббатымен тұтас күйінде бұзбай-жармай қағаз бетіне түсіре салғандай əсерге бөлейді. Сонымен бірге қаламгер қаламынан 1975 жылы «Тұйық», 1980 жылы «Қараорман», кейін қанатын кеңге жайып 1989 жылы «Ақсу — жер жаннаты» романдары туды. Қалиханның ұтымды шыққан «Ақсу — жер жаннаты» романына 1992 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.
2009

 Қазақ этнолингвистикасына келсек, Ə.Қайдар, Е.Жанпейісов, М.М.Копыленко сынды ғалымдар теориялық негіздемелер жасауда, зерттеу нысанын, мақсатын, мүддесін жəне əдіс-тəсілдерін айқындауда көп еңбек сіңірген. Мақал-мəтелдердің (ММ) этнолингвистика тұрғысынан зерттелуіне толыққанды негіз бар. Өйткені ММ көне заманнан бері өмір сүріп келеді. Олардың тұла бойы тарихқа толы. Тілді халықтың рухани мəдениеті мен тарихымен, салт-дəстүрімен, ұлттық дүниетанымымен байланыстыра зерттеуді мақсат ететін этнолингвистика ММ-дің этнолингвистикалық сипатын да анықтайды. Дəлірек айтсақ, ММ-дің мағыналарының қалыптасуындағы уəждерін зерттейді. Р.К.Атаханованың айтуы бойынша, «мағына қалыптасуындағы уəждері дегенді ММ-дің шығуына негіз болған жағдайлар деп түсінеміз» [1].
2009

Бүгінгі таңда өзгетілді аудиторияларда мемлекеттік тілді оқыту мəселесіне айрықша көңіл бөлініп жатқандығы баршамызға аян. Осыған орай күнделікті баспасөз беттерінде жарияланып жатқан мақалалар, ғылыми еңбектер, оқу-əдістемелік құралдары, электронды оқулықтар тілді үйретуге бағытталған сабақ жоспарлары жəне т.б. тіл үйренушілердің назарына ұсынылуда.
2009

Қазіргі таңдағы тіл білімінің өзекті мəселелерінің бірі тілдік жүйе құрылымының механизмдерін түпкілікті, əрі жан-жақты түрде зерттеу болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі күндегі біздің зерттеуіміздің мақсаты — «мазасыздық» психикалық жай-күйіне қатысты лексиканың мағыналық жəне құрылымдық жақтарын қарастыру. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мазасыздыққа мынандай анықтама беріледі: «Мазасыздық — əбігершілік, тынышсыздық» [1]. Мысалы: Шынында да, өзінде бір мазасыздықтың сарыны, ертеңге деген асығыстық бар-ау (О.Бөк. Қайд., қасқа құл., 167-б.). Ал Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде былай делінген: «Беспокойство, -а. 1. Нарушение покоя (Причинять б., простите за б.); 2. Тревожное состояние (С беспокойством ждать, испытывать б.)» [2].
2009

Дыбыстық тіл адамның іс-əрекеті ретінде өзінің құрылымы, сыртқы тұлғасы арқылы ғана қарастырылмайды, ол — қашан да адамның көңіл-күйімен, қалпымен қатар жүріп отыратын əр алуан сезімдерге толы құбылыс. Сол себепті де тіліміздегі адамның психикалық жай-күйін білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің табиғаты күрделі, олар үнемі біркелі болып келмей, көбіне екіұштылыққа бейім тұрады. Қазақ тілі фразеологизмдерің табиғатын түпкілікті зерттеп, қарастырып жүрген ғалымдар қатарына І.К.Кеңесбаев, Ə.Болғанбаев, Ғ.Қалиев, Н.Уəлиев, Г.Смағұлова, Р.А.Авакова, тағы басқалардың еңбектері жатады.
2009

Көне түркі тілінде 16 дауыссыз дыбыс болған [1; 66]. Қазіргі түркі тілдеріндегі дауыссыз дыбыстардың саны да, сапасы да көне ескерткіштер тілімен салыстырғанда ерекшеленетіні белгілі. Себебі өзгеріс тілдің даму, қалыптасу кезеңдеріне байланысты көрініп, дыбыстық алмасу, сөздің басы, ортасы, соңына қатысты дыбыстардың қолданылуынан да көрінеді. 
2009

Қазақ тіл білімінде екпін жəне оның фонологиялық қызметі жөнінде ғалымдар арасында талас пікірлер мен əр түрлі көзқарастар бар. Екпін — тілдің дыбыс жүйесіндегі негізгі суперсегментті бірліктердің бірі. Сөз ішінде не сөз тіркесінде басқа буындарға қарағанда бір буынның ерекше күшпен айтылуын екпін деп білеміз. Екпін түскен буын дыбыстың күші, созылыңқылығы, негізгі тоны жағынан ерекшеленеді. Əрине, осы акустикалық үш компоненттің екпінді буынды танытудағы қатысымы əр тілдің өзіндік ерекшелігіне байланысты əр түрлі болатыны аян. Тіл-тілде негізінен екпіннің үш түрі кездеседі екен: бір буын ерекше күшпен, қарқынды айтылуы динамикалы (лебізді) екпін болса, айтылу тоны, əуені ырғағы арқылы ерекшеленуі музыкалды (тоникалық) екпін, ал бір буын өзгелерден дауысты дыбыстың созылыңқы айтылуына, санына қарай ерекшеленуі квантативті (сандық) екпін деп аталады [1].
2009

Халқымыздың өмір сүру салты мен тіршілігінен, əдет-ғұрып заңдары мен салт-санасынан туған ұлы мəдениеттің іздері есімнің кез келген қабатында сақталған. Кісі есімдері, əсіресе оның бейресми түрлері қазақтың салт-дəстүрінен, наным-сенімінен, рухани танымынан, эстетикалық құндылықтарынан сан-сапалы ақпарат, деректер бере алады. Бейресми есімдерге қатысты деректер халықтың менталитет қасиеттерінің, қазақ халқының қоғамдық өмірінің зерделілік, мəдени, зиялылық деңгейінің көрсеткіші бола алады. Олай болса, есімдердің бейресми топтарын осы тұрғыдан талдау арқылы менталитет тарихын қарастыру əр дəуірдегі қауымның түрлі өкілдері ортасында дүниетаным ерекшеліктерін анықтау үшін қажет.
2009

Лақап есімдердің құрылымын сөз етпес бұрын анықтап алатын мəселе — кісі есімінің алдына немесе соңына тіркесіп келетін əлеуметтік мəні бар бірліктердің қайсысының лақап есім жасауға негіз болатынын анықтау. Тіліміздегі кісі есімдерінің құрылымы жөнінде алғаш пікір айтқан А.Байтұрсынов: «Бір нəрсені көптен айырып, көзге көбірек түсерлік етіп айтқымыз келгенде, ол нəрсенің атына, айқын көрсететіндей, сөз қосып айтамыз. Мəселен, «Қара Мұқан», «Сары Мұқан», «Болыс Мұқан» дейміз. Мұнда Мұқандардың бірінен-бірін айырып, əрқайсысын айқын шығару үшін Мұқан деген сөзге басқа сөздер қосып отырмыз.
2009

Атаулы сөйлемдерге байланысты пікірлер əлі күнге дейін өзінің шешімін тапқан жоқ, бір ғалымдар мұндай құрылымдарды сөйлем қатарына жатқызса, енді біреулері сөйлемдердің баламалары ретінде ғана қарастырады. Тіл білімінде атаулы сөйлемге ұқсас көптеген құрылымдар бар, оларды зерттеушілер əр түрлі атаулармен атаған: «түсінік атаулы» (именительный представления), «тақырып атаулы» (именительный темы), «вокативтер», «квалификативті сөйлемдер», «субстантивті толымсыз сөйлемдер», «релятивтер», «генитивтер», «дифференциалды емес сөйлемдер» (недифференцированные предложения), «оңашаланған номинатив» (изолированный номинатив), «оңашаланған түзілім» (изолированное образование), «сегмент», «фраза».
2009

Атау септігі атаулы сөйлемнің формальді белгісі болып табылады, алайда бұл атаулы сөйлемді қалыптастырудың шешуші факторы болып саналмау керек, өйткені көпшілік, аралық, ауытқу т.с.с.  Атау септігінің тұлғасындағы зат есімдер атаулы сөйлем құрай алмайды. Атаулы сөйлемдерді қалыптастыруда негізгі ролді атаудың семантикалық табиғаты атқарады. Яғни деректі, сезім арқылы қабылдауға көнетін əр түрлі құбылыстарды, заттарды атайтын сөздер болу керек.
2009

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.