Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Аударматанудың негізгі мəселелері

Адамзат аударма арқылы араласып-құраласады. Біз өмір сүріп жатқан əлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-қарекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз əлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Адамзат тілдерінің арасында да коммуникацияның өз жүйесі, яғни трансляторы, болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі — аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.

Аударма ұғымы — кең ұғым. Зерттеуде тек көркем аударма, соның ішінде поэзия аудармасы ғана сөз етілетін болады. Зерттеудің тақырыбындағы «өлең аудармасы» тіркесі нақты өлеңнің ғана аудармасы емес, «стихотворный перевод», яғни жалпы өлеңмен жазылған көркем шығармалардың аудармасы деген тұрғыда қолданылып тұр.

Көркем аударма — аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала. Көптеген зерттеушілердің аударма теориясы тұрғысынан көркем аударманы «Жалпы аударма» курсының дербес пəні ретінде қарастыруды ұсынатыны тегін емес. Олай дейтіні — көркем аудармада шығармашылық белгі- сипаттарының лингвистикалық жəне мəдениеттанушылық қырлары аударманың өзге түрлеріне қарағанда айрықша бедерленіп көрінеді. Ал поэзия аудармасында тəржімешіге мəтінді өзінше пайымдау, бажайлау тұрғысынан бөлекше жауапкершілік жүктелетіндіктен, аудармашыдан лингвистика мен аударма теориясы саласында жеткілікті дайындықпен қатар, əдебиетшілік, мəдениеттанушылық, стилистік дарын да талап етіледі. Мақалада қазақ поэзия аудармасының арғы- бергідегі өткен жолы мүмкін болғанынша толық сараланып, теориялық тұрғыдан таразыланды.

Қазақстан Республикасының тəуелсіз мемлекет ретінде халықаралық қарым-қатынастар жүйесінің жаңа деңгейіне ауысуымен, екіншіден, жаһандану үдерісінің бүкіл əлемді қамтыған ауқымына орай аударманың біздің өмірімізде алар орны алдағы кезеңде айрықша арта түсетіндігімен байланысты.

Қазақ поэзия аудармасының арғы-бергідегі жүріп өткен жолын, бел-белестерін бажайлау, ізденістері мен іркілістерін саралау — ұлттың көркемдік ойының бүгінгі биігін бағамдаудың, алда алар асуларын белгілеудің бір жолы. Бұл жолға талдау жасау арқылы тəржіменің халқымыз тарихында қандайлық қомақты орын алғанын ғана емес, сонымен бірге келешек замандарда атқарар рөлінің де бөлекше болатынын көрсете аламыз.

Бүгінгі таңда аударма қазақ тіліне əлем əдебиетінің ең шоқтықты шығармаларын төгілте түсіру арқылы мемлекеттік тіліміздің мəртебесін асыруға ықпал жасай алады. Қазақ поэзия аудармасының мұндай кемелдікке келу кезеңдерін теориялық тұрғыдан тұжырымдай талдау оның келешектегі көркемдік көкжиегін кеңейту жолдарын қарастыруға септесетін болады.

Қазақ əдебиеттануы мен тіл ғылымында аударматанудың алар орны онша қомақты емес. Бұл төл топырағымызда тəржімеге қатысты зерттеулердің кенжелеп қалуынан орын алып отырған олқылық деуге де болмайды. Жалпы, аударматану əлемде ғылыми пəн ретінде XX ғасырдың екінші жартысында ғана орнықты. Оның үстіне кешегі кеңестік кезеңде кез келген мəселенің негізгі, түйінді теориялық проблемаларымен түбірлеп айналысу Орталықтың еншісіне қалдырылатын да, ұлт республикаларындағы əдебиеттану ғылымының əлеуеті көбіне-көп ұлттық сөз өнерінің төл туындыларын талдаумен тежелетін. Аударманың халықтар достығының дəнекері ретіндегі қызметі алдыңғы қатарға шығарылып қарастырылғандықтан, тəржіме туындылары бəрінен бұрын əдеби байланыстар тұрғысынан сөз етіліп, аударма категориялары, нормалары, типологиясы, эволюциясы, өлең жүйесіне, өлшеміне əкелетін өзгерістері сияқты көптеген мəселелер екінші қатарға ысырылып қала беретін. Идеологиялық қағидалармен қабыспауына байланысты ол кезде діни сипаттағы нəзиралық дастандар, көптеген ғашықтық, батырлық қиссалар жарияланған жоқ, сондықтан тəржіметану тұрғысынан талданған да жоқ. Соның өзінде де негізін Мұхтар Əуезов қалап берген қазақ аударматануы қалыптасып, С.Талжанов, Ө.Айтбаев, Н.Сағындықова, Ə.Сатыбалдиев, З.Тұрарбеков, С.Нұрышев, М.Жанғалин, С.Сейітов сияқты аударма мəселелерімен тікелей айналысқан ғалымдар, қаламгерлер шықты, аударма мəселелерін қарастырған С.Талжанов пен Н.Сағындықованың, əдеби байланыстар проблемаларына арналған И.Ғабдировтің, Қ.Кереева- Қанафиеваның, Ө.Күмісбаевтың, А.Қыраубаеваның докторлық диссертациялары дайындалды, бұл тақырыпқа арнаулы зерттеулер жазбағанымен, аударма мəселелері ғалымдарымыз, əдебиетшілеріміз, ақын-жазушыларымыз Ғ.Мүсіреповтің, З.Ахметовтің, Ш.Сəтбаеваның, М.Қаратаевтың, З.Қабдоловтың, Қ.Нұрмахановтың, С.Қирабаевтың, Ш.Елеукеновтің, Р.Сыздықованың, Р.Нұрғалидың, А.Егеубаевтың, Ж.Дəдебаевтың, тағы басқалардың еңбектерінде, сын кітаптарында, мақалаларында дəйім қозғалып отырды. Орыс жəне алыс шетел ғалымдарының əдеби байланыстар мен көркем аударма проблемалары бойынша теориялық еңбектері кейінгі жиырма шақты жылдың ішінде тың ізденістермен толыға түсті. Кезінде аударма теориясының іргелі зерттеулері ретінде мойындалған бірқатар туындылармен қатар, олар да осы жұмыстың арқауы ретінде ұсталды [1; 144].

Тəржіме арқылы өлең құрылысының өзгеріске түсуі де қызғылықты тақырыптардың бірі. Шығарманың уəзінін сақтау поэзия аудармашысының шын шеберлігін көрсететін басты белгілердің қатарында қарастырылуға тиіс. Тəржіменің қазақ өлеңінің ұйқас жүйесіне ықпалы жан-жақты сөз етілді. Абай аудармалары арқылы алғаш рет көрінген шалыс ұйқастың қазақтың төл ұйқасына айналып кеткені жақсы мəлім.

Уақыт өлшемінде қазақ əдебиеті əлем əдебиеті тарихында мүлде жаңа, тың идеялық- эстетикалық құбылысқа айналды. Бұл жаңа құбылыстың басты белгілері мен ерекшеліктерінің бірі — əлеуметтік реализм негізінде өркендеген қазақ əдебиетінің əлем əдебиетімен байланысы терең, жан- жақты, жүйелі түрде қалыптасып, дамуы. Ұлт əдебиеттерінің даму процесі оның ұлттық шеңберден шығып, басқа əдебиеттердің де өркендеу, даму жолын, тəжірибесін, жетістіктері мен кемшіліктерін білу-зерттеу қажеттігін туғызған-ды.

Аударма — лингвистика заңдылықтарына арқа сүйеу арқылы тіларалық коммуникация міндеттерін шешетін сөз өнерінің өзгеше түрі. Көркем аударманың жемісі ретінде зерттеу қарастыратын поэзиялық тəржіме — алдымен əдебиеттану нысаны. Ең бастысы — бұған дейін қазақ

көркем аудармасының (рас, көбіне проза аудармасы сөз етіледі) жекелеген кезеңдері, жекелеген авторлар аудармасы, аудармашылар шығармашылығы, сондай-ақ əдеби байланыстар жайында зерттеулер, кандидаттық диссертациялар, хрестоматиялар, аударма жəне қазақ əдебиетінің мəселелері қазақ поэзиясының орыс тіліне аударылу проблемалары туралы докторлық диссертациялар дайындалғанымен, қазақ поэзия аудармасының теориялық мəселелері, бүкіл бел-белестері, поэтикасы арнаулы, көлемді зерттеудің арқауына айналған емес [1; 98].

Поэзия аудармасына қойылар талаптарды айтқанда алдымен ауызға алынатыны сөзбе- сөзділіктен, жолма-жолдылықтан қашу, шығармашылық еркіндікке құлаш ұру сияқты болып келеді. Бірақ осы айтылғаннан өлең аудармасында сөзбе-сөздік дəлдік, жолма-жолдық көркемдік болуы мүмкін емес деген ой шыға ма? Шықпайды. Бəрі де таланттың қолында. Шын талант өзге біреу сірестіріп қоятын сөзбе-сөзділіктің өзін сырлы сұлулыққа суара алады, шын талант өзге біреу жабыстырып қоятын жолма-жолдылықтың өзін жарасымды жымдастырып жібереді. Бұл орайда Ғали Орманов аударған Пушкиннің «Қысқы жол» өлеңі нақты мысал бола алады.

 Сквозь волнистые туманы

Толқынға ұқсас тұманнан

Пробирается луна,

Ай ақырын шығады,

На печальные поляны

Төңірекке мұңайған

Льет печально свет она.

Мұңды сəуле құяды.

По дороге зимней, скучной

Қысқы жолда жабырқау

Тройка борзая бежит,

Келеді аттар бұлдырап;

Колокольчик однозвучный

Жалғыз үнмен қоңырау

Утомительно гремит

Қажытады сылдырап [2].

 Тəржіме тəжірибесіне талдау жасаған тұста аудармашы жұмысының бүкіл үдерісі шартты түрде төрт кезеңге бөлінген. Əуелгі бетте түпнұсқаның мазмұнын, оның семантикалық жəне стилистикалық құралдарын жан-жақты зерделеу, өлеңнің ырғақтық, фонетикалық, синтаксистік құрылымдарын, пішінінің негізгі элементтерін айқындайтын белгілерді бөліп алу жұмысы жүрмек, онан кейін аударма тілінде түпнұсқаның маңызды қырларын қайта қалпына келтіруге теңдес құралдарды іздестіру басталады. Мұнан соң түпнұсқада о баста бөле көрсетілген белгілерді жаңа көркемдік тұтастыққа жинақтау жүреді. Соңғы кезеңде біткен аударма түпнұсқамен салыстырылып, түпкілікті түзетулер енгізіледі. Негізінде, осы соңғы кезең өлең аудармасына онша тəн емес сияқты. Түпнұсқамен салыстырып, біткен өлеңге түзету енгізу жырдың тұтас табиғатына нұқсан келтіруі əбден мүмкін. Ол жұмыс поэзияда алдымен атқарылуы керек.

Бұрынғы ғасырлардағы арқауы өзге тілдердегі, ең алдымен түркі, араб, парсы тілдеріндегі шығармалардан алынып, негізінен нəзира түрінде қазақшаға түсірілген қисса, дастандарды айтпағанда, жаңа жазба əдебиет берік орныққалы бергі соңғы бір жарым ғасыр аясында қазақтың поэзия аудармасы мол қазына жинады. Əлем əдебиетіндегі атақты ақындардың əйгілі шығармалары туған тілімізге тəржімеленіп, сөз өнеріміздің қоржынына қосылды. Соңғы бір ғасырға жуық уақыт аясында бұл жұмыс мемлекеттік деңгейде атқарылып, жүйелі, мақсатты сипат алды. Өлең аудармасына қазақ жырындағы таланттардың бəрі дерлік тартылып, аударма арқылы ұлттық поэзиямыздың көркемдік құралдары анағұрлым молыға түсті. Тарих табыстырған, тағдыр тоғыстырған орыс халқының төл поэзиясынан аударма жасау кең құлаш жайды. Орыс тілі арқылы сол тілге аударылған əлем поэзиясының, күні кешеге дейін бір елдің құрамында өмір сүрген, қазір де алуан-алуан ықпалдастық жіптерімен жалғасып жатқан мемлекеттердің өлең-жырларының таңдаулылары тəржімеленді. Тəржіменің түр-түрі шығып, туыстас түркі тілдерінен ғана емес, өзге топтардағы тілдерден де тікелей аудару тəжірибеге ене бастады. Бұл қазынаны мыңжылдықтар межесінде, ғасырлар айырығында талдап, таразылаудың əбден жөні бар.

Бұған дейін көркем аударма мəселелері көбінесе əдебиеттану, тіл білімі тұрғысынан ғана қаралып келсе, аударманың психологиямен, социологиямен, социопсихологиямен, психолингвистикамен, компаративистикамен, герменевтикамен, тілдік коммуникациямен тікелей байланыстылығы сөз етіледі. Аударманың эстетикалық құндылығы мəтіннің өзінен толық таныла қалмайтыны, түптеп келгенде оның бағасы реципиенттің қалай қабыл алуына байланысты екендігі, ал мұның бəрінен бұрын қоғамдық сұранысқа тəуелділігі дəлелденеді. Тəржіме туындысының қалай жасалғанымен қатар қашан жасалғаны да маңыздылығы ашылады. Қазақ тілінің қабылдампаздығы қазақ ділінің қабылдампаздығынан шығатыны, мұның өзі тарихи тұрғыдан қысқа ғана кезең аралығында қазақ əдебиетінің қазынасына əлемдік классиканың інжу-маржандарын қосуға мүмкіндік берген басты факторлардың бірі екендігі көрсетіледі.

Қазақ өлең аудармасының эволюциялық жолы бүкіл əлем əдебиетіндегі тəржіме тарихымен тұтастықта қаралатындығынан да танылады. Кəсіби аударма өмірге келгелі бергі бір жарым ғасырға да жетпейтін уақыт аралығында ұлттық сөз өнері қандай бояулармен байығаны, тілдік тұрғыдан толысқаны, көркемдік құралдарының молайғаны дəлелденеді. Əлемдік əдебиеттануда қалыптасқан, əсіресе кейінгі жаңаша ойлау кезеңінде ғылыми айналысқа түсірілген көптеген еңбектердегі түрлі тұжырымдар мен ғылыми-теориялық еңбектерді орынды пайдалана отырып, бүгінгі əдебиеттану ғылымы деңгейіндегі талаптарға сай келетін өзіндік тұжырымдар ұсынуға ұмтылыс жасалды.

Бір тілден екінші тілге көркем аударма жасауға бола ма? Болмайды деген төңіректе тұтас теория тұрғызған авторлар да аз емес. Бағзыдағы талай трактатта халық рухы өзге тілде жеткізілмейді, ал шабыт қайталанбайды деген ойлар айтылады. Аударма өнер туындысындағы пішін мен мазмұнның бірлігін бұзады, бұл бірлік — тұтас ұғым, ол жарылған жерде өнер жойылады дескен бұрынғылар. Біздің бəріміз бір планетада — Жер атты планетада өмір сүреміз, мұндағы болмыс адамзатқа түгел ортақ, демек оны танып-білу əдістерінде де ортақ жайлар көп болуға тиіс. Əрбір тұтас əдеби туынды, яғни идеялардың, сезімдердің, образдар мен стильдік ерекшеліктердің бүкіл жиынтығы, басқа тілдегі ойлау жүйесімен талдап-түсінуге жəне жеткізуге көнеді.

Аударматану саласындағы негізгі тұжырымдар:

  1. Тəржіме жаңа тілдің төл табиғатынан жаратылған туындыға айналғанда ұлттық сөз өнерінің қазынасына қосылады, аударма туынды аударылған тілдің туындысы саналуға тиіс.
  2. Тəржімеленетін мəтін бір тілден бір тілге ауысу арқылы бір мəдениеттен бір мəдениетке (кейде бір өркениеттен екінші бір өркениетке) көшіріледі. Ал аударманың өзге лингвомəдениетке сіңісуі, қабылдануы осы үдерістің табиғи түрде, жатық жүруіне байланысты.
  3. Аударма өнері төл əдебиетіміздің жазба дəстүрлерін орнықтыруға, көркемдік кестесін кемеліне келтіруге көп көмектеседі, өйткені толыққанды ұлттық əдебиет саласы аударма əдебиетінсіз кемелденбейді. Бұл əсіресе ұлттық мəдениеттер үшін бетбұрысты белестерде айқын көрінеді. Егер төл əдебиеттегі көркемдік ізденістер кенжелеп қалса, тəржімедегі табыстар да қомақты болмайды жəне аударма өнері дамымаған елдердің өз əдебиетін ойдағыдай өркендетуі де қиын.
  4. Тəржімеленген туынды ұлттық əдебиеттің төл туындысындай оқылуға тиіс деген белгілі тұжырым негізінен қолдауға лайық, бірақ мұның өзі тілдің жатықтығына байланысты айтылуы керек. Мұндай жағдайда аударылған шығарма ұлттық өлең өрнегін өзгеше бояулармен, бедерлермен байытуға тиісті.
  5. Кеңестік əдебиеттануда орныққан аударуға көнбейтін шығарма жоқ, бəрі тек шеберлікке байланысты дейтін былайша қарағанда көкейге қонымды, бірақ аударма өнерінің, жалпы тіл табиғатының бүкіл диалектикасын толық ескермеуден шыққан тұжырым біржақты, себебі сан түрлі себептерге байланысты ұлттық реципиент қабылдамайтын туындылар да болады, сондықтан аударма ісін ұйымдастыруға мемлекеттік тұрғыдан көзқарас қажет.
  6. Аударма өнері — ең алдымен қоғамдық құбылыс, сол себепті ол тек лингвистикалық, əдеби- тарихи тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар мəдениеттанушылық, философиялық-эстетикалық, текстологиялық немесе семиотикалық тұрғыдан да зерттелуі қажет. Тəржіметану пəнаралық сипат алғанда ғана нəтижелі болмақ.
  7. Тарихи тұрғыдан аз ғана уақыттың аясында қазақ поэзия аудармасында əлемдік өлең тəржімесі өнеріндегі əдіс-тəсілдердің бəрі дерлік орын алған. Оған қоса ұлттық ерекшелігімізге сай ауызша көркем аударма дəстүрі де қалыптасқан. Тəуелсіздік жылдарында ғылыми айналымға түскен аударма сипаттағы хикаялық жəне діни дастандар алғаш рет талданып отыр.

«Тарихи қысқа мерзімде қазақ əдебиеті өзінің озық үлгілері арқылы Еуропа классикалық əдебиетінің өресіне жетті» [3]. Бұл істе əдеби аударманың өзіндік орны бар. Фольклор, ауызша əдебиет дəстүрі қаншама бай дегенмен, роман сияқты күрделі жанрлардың жалғыз ғана арқауына айнала алмас еді. «Аударманың сапасы сол елдегі төл əдебиеттің сапасына сай келеді. Көш бастайтын төл əдебиеттің соңына еріп, аударма əдебиеті жедел жүреді. Кейде аударма əдебиет те төл əдебиеттің өсіп-өркендеуіне көмек беріп отырады» [4]. Нақты мысал атасақ, орыс əдебиетіне де көптеген жанрлар аударма арқылы ауысқанын айта аламыз. Жуковскийдің Шиллерден жасаған аудармалары болмағанда орыс тарихи балладасы қашан дүниеге келері белгісіз еді. Орыста көпке дейін роман болмағаны мəлім. Кейін романдарды аудару, басқасын былай қойғанда, тілді байытатынына жұрттың бəрінің де көзі жеткен. Мысалы, В.Тредиаковский қазір о баста орыста болмаған-ау деп шамалау ойымызға да келмейтін біраз сөзді (бесполезность, беспристрастность, благодарность, независимость, снисходительность, сущность, цельность т.б.) алдымен аударма кітаптарында қолданған, солардың көбі кəдімгі калька əдісімен жасалған. Сөйтіп, біздің «тəуелсіздік» деген сөзіміздің арғы тегі де тəржімеден тараған болып шығады.

Кейінгі отыз шақты жылдың ішінде аударма қарқынының біршама бəсеңдеуіне аударманың миссиясы жөнінде қате түсініктердің де əсері болды. Аударма тіл білмейтіндерге арнап жасалатын кез артта қалды.

Өнердің қай түріне де сынның əсер-ықпалы үлкен. Аударма да солай. Соңғы сексен-тоқсан жылдың ішінде бой көрсеткен қазақ аударма сыны осы уақыт аралығында тəржіме өнерінің қалыптасуына хал-қадірінше көмек көрсете білді. Бұл тұрғыда қазірше жетістіктен гөрі кемістік көбірек. Сөз бен сөзді, жол мен жолды, тіпті шумақ пен шумақты емес, өлең мен өлеңді салыстыру керек. Сонда ғана аудармашы жырдың мақамдық құрылымын сақтай алды ма, идеясын аша алды ма, пішіндік ерекшеліктерін қалпына келтіре алды ма деген сауалдарға жауап табуға болады. Өкінішке орай, осы арада қазақ əдеби сыны талай тұста қазақтың поэзия аудармасына кедергі жасағанын ашық айтуға тура келеді. Аударма туралы сөз қозғайтын адамдардың талайы түпнұсқадағы сөзді санамалап, тіркесті түгендеп кететіні, ал жиырмасыншы, отызыншы жылдарда кейде таза шығармашылық тұрғыдағы сəтсіздіктерге саяси сипат беріп, сөзбе-сөз, сірескен аударма жасауға итермелеуге себепкер болғаны да рас.

Қазақ поэзия аудармасына тəн елеулі кемшіліктің бірі — барлық аудармашылардың дерлік осы іспен шығармашылығының негізгі арнасы, өмірлік кəсібі ретінде айналыспағандығы, аударманы жаңбыр-жаңбырдың арасында жасау белең алғандығы. Көркем аударма саласында көрнекті із қалдырған суреткерлердің қай-қайсысын алсақ та, осы іске жылдар бойы бар күш-жігерін жұмсағанын, жүйелі айналысқанын, көлемді дүниелерге құлаш ұрғанын көреміз. Аудармашылық — жалғыз шабытпен шалып түсетін, тек алымдылықпен алып түсетін шаруа емес. Тəржіменің машығын алмайынша, аударма техникасын емін-еркін меңгермейінше, көркем сөзді алақанында ойнататын зергерлікке қол жеткізбейінше аударма асуы алдырмайды.

Қазақ тілінің қабылдампаздығы — арнайы зерттейтіндей құбылыс. Қазақтың тілінің қабылдампаз болатыны — қазақтың ділі қабылдампаз. Бұлай дегенде біз ол құбылыстың бірыңғай артықшылықтан тұрмайтынын да ашық айтуға тиіспіз. Халқымыздың жаман əдетке де, жаман əдепке де қабылдампаздығы жасырын сыр емес. Ал қабылдампаздық қасиеттің дұрысы мен бұрысының ара салмағын безбендегенде қазақ негізінен озықты, ілгеріні, асылды алдымен алуға бейім дейміз. Асылды алудың адамзат ойлап тапқан ең тамаша тəсілі — аударма.

Елдің бəсекеге қабілеттілігінің бір шарты — тілдің бəсекеге қабілеттілігі. Өркениетті дүниенің додасына өз тілімен өмір сүре алатын ұлт қана қаймықпай түсе алады. Тілдің бəсекеге қабілеттілігінің нақты көрінісі — мына дүниедегі барша құбылысты айқын айта алатындығы. Əсіресе жаһан жырының жауһарларын жарқырата жеткізе білетіндігі. Демек, қазақ поэзия аудармасының уақыттың ұлы сынына түсер шағы əлі алда.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Жиенбаев С. Аударма тілі жайында. — Алматы: Жазушы,
  2. Талжанов С. Вопросы художественного перевода. — Алматы: Ғылым,
  3. Талжанов С. Көркем аударма туралы. — Алматы: Жазушы,
  4. Талжанов С. Аударма — үлкен өнер. — Алматы: Қазақ көркем əдебиеті,

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.