Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бейресми есімдердің құрылымдық парадигмасы

Лақап есімдердің құрылымын сөз етпес бұрын анықтап алатын мəселе — кісі есімінің алдына немесе соңына тіркесіп келетін əлеуметтік мəні бар бірліктердің қайсысының лақап есім жасауға негіз болатынын анықтау. Тіліміздегі кісі есімдерінің құрылымы жөнінде алғаш пікір айтқан А.Байтұрсынов: «Бір нəрсені көптен айырып, көзге көбірек түсерлік етіп айтқымыз келгенде, ол нəрсенің атына, айқын көрсететіндей, сөз қосып айтамыз. Мəселен, «Қара Мұқан», «Сары Мұқан», «Болыс Мұқан» дейміз. Мұнда Мұқандардың бірінен-бірін айырып, əрқайсысын айқын шығару үшін Мұқан деген сөзге басқа сөздер қосып отырмыз. Атымтай Жомарт, Жиренше шешен, Қаз дауысты Қазыбек деу де айқындау мақсатпен айтқаннан шыққан. Бұл келтірілген мысалдардағы «қара», «сары», «болыс», «жомарт», «шешен», «қаз дауысты» деген сөздер айрықша мақсатпен əдейі айтылып тұр. Сондықтан айқындаудың бұл түрі тек айқындау ғана болады. <...> Асылында, айқындау нəрсені иə көркейту үшін, иə лақаптау үшін айтылады. Сарыарқа, сары қымыз, шалқар көл, самал жел, алалы жылқы, ақты қой, əділ би деген сияқты лебіздерде сары, самал, алалы, ақты, əділ деген айқындау болады. Бұл айқындау көркейту үшін айтылып отырған айқындаулар. Асан Қайғы, Ер Тарғын, Қара Қыпшақ Қобыланды, Қаз дауысты Қазыбек, Бұғабай басшы, Жиренше шешен, Орынбай ақын деген лебіздерде қайғы, ер, қара қыпшақ, қаз дауысты, басшы, шешен, ақын деген сөздер лақаптау үшін айтылып тұр», — деп бұл құбылыстың түптамырын жан-жақты түсіндіреді [1]. Сол сияқты Асан ауылнай, Қан Жəнібек сияқты мысалдардың негізінде есімдердің алды-артында келетін əлеуметтік көрсеткіштердің анықтау, ажырату сияқты прагматикалық қызметін көрсетеді. Олардың бірде кісі есімінің алдында келіп, анықтауыш болса, бірде соңында келіп, анықталушы сөз болатындығына тоқталды. Бұл мəселені одан əрі тереңдете талдаған ғалым Қ.Жұбанов болды. Ғалым «Қазақ тіліндегі сөздердің орын тəртібі» мақаласында біріккен тұлғалы кісі есімдерінің синтаксистік құрылысына ерекше назар аударып, жан-жақты талдау жасайды. Анықтауыш пен анықталғыш мүше арасындағы байланыс, олардың орын тəртіптеріндегі ауысушылық қасиеттері, ғалымның пікірінше, синтаксистік көне тəсілдер негізінде грамматикалық заңға да, ат қою принципіне де қатысты деген пікірге келеді [2].

Ғалым Т.Жанұзақ: «Тіліміздегі көптеген кісі аттарының бірінші не екінші сыңарларында бай, бек, батыр сөздері қолданылады. Бұлар əрі сын, əрі зат мағынасында жұмсала беретін есімдер. Сондықтан да əрі анықтауыш, əрі анықталғыш мүше қызметін атқарады. Ал, сал, сері, көсе, шешен деген сөздер — семантикасы жағынан сапалық сын есімдер. Қазіргі тілдік нормаға сай олар анықтауыш қызметін атқарып, кісі аттарының алдында келулері керек. Бірақ Біржан сал, Ақан сері, Алдар көсе, Жиренше шешен дегенде, керісінше, анықталғыш мүше орнында тұр. Бұлайша қолдану амалы да тіліміздің өзіндік ерекшелігін танытады» деген қорытындыға келеді [3].

Ономастика ғылымының бастауында тұрған ғалым-тілшілердің пікірлеріне толығымен қосыла отырып, кісі есімінің алдында келіп, эпитет қызметінде тұрақталған «лақаптау» үшін алынып тұрған сөздермен келген есімдерді (этнонимдерден басқа) лақап деп тануға болады. Ал айтылу мақсатына сəйкес кісі есімінің алдында не соңында келетін хан, батыр, би, бек, бай, ақын, шешен, сал, сері, тағы басқа сөздерді «əлеуметтік мəртебені (дəрежені) көрсеткіш маркер» (Г.Б.Мадиева) ретінде қарастыруға болады.

«Лақаптау» үшін айтылған есімдер қатарында Қозы Көрпеш, Асан қайғы жəне Атымтай Жомарт есімдерін атауға болады. Өйткені бұл есімдердің бойында лақап есімнің барлық қасиеті бар: адамның ерекше қасиетіне қарай берілген жалпылама емес, бір ғана адамға (есімге) тəн жəне уəжі айқын.

Жоғарыдағы пікірлерді назарға ала отырып, тіліміздегі лақап есімдерді жасалу үлгісі бойынша екі топқа бөліп қарастыруға болады: кісінің төл есімінің алдында келіп, тұрақты эпитет қызметінде келетін есімдер жəне жеке тұрып қолданылатын лақап есімдер. Алғашқы топ анықтауыштық қызметте аттас адамдарды ажыратуға қатысты жиі қолданыс тапса, екінші топтағы есімдер сындық ұғымнан заттық ұғымға ауысып, кісі есімін алмастыра алады. Бойындағы ақпараттың көлеміне жəне атқаратын қызметіне қарай бірінші топтағы есімдерді жартылай лақап есімдер, екіншісін толық лақап есімдер деуге толық негіз бар.

Қазақ тіліндегі лақап есімдерді сөзжасамдық үлгілері бойынша былайша жіктеуге болады: І. Жартылай лақап есімдер:

а) екі компонентті жартылай лақап есімдер: Қозы Көрпеш, Атымтай жомарт, Салқам Жəңгір, Мүйізді Өтеген, Үкілі Ыбырай, Мойынсыз Хасан, Ақсақ Темір, Жаяу Мұса, Мəшһүр Жүсіп, Судыр Ахмет, Ақ Əлима, Жаяу Күзенбай, Майда Жарылғап // Қайда Жарылғап, Күлдір Болат// Шүлдір Болат, Шаққан Ахмет // Қаққан Ахмет, Былдыр Жекен// Сылдыр Жекен, Ау Асан//Сау Асан т.б.;

ə) үш жəне одан да көп компоненттен тұратын есімдер: Еңсегей бойлы Ер Есім, Қаз дауысты Қазыбек, Ұзын оқты Ондан сұлтан, Қос мүйізді Ескендір, Дуалы ауыз Қашаған т.б.

ІІ. а) кісі есімін ығыстырып, орнына қолданылатын бір компонентті толық лақап есімдер:

  • сын есімнен: Сабалақ/ Əбілмансұр/, Соқыр/ Жалаңтөс баһадүр/, Сары/ Жалғасбай/, Быдық/Жарбол/, Торсық / Жанат/, Жауыз/ Ерсін/, Горячий/ Қадір/, Қоңыр /Сағадат/ т.б.;
  • зат есімнен: Қауырсын/ Қанат/, Уақыт/ Сағат/, Телшік/ Қази/, Аққу/ Əлібек/, Сəн/ Дəурен/,Құмырсқа/ Ғабиден/, Кірпіш/ Қазбек/, Шоқпар/ Əрия/ т.б.;

ə) біріккен тұлғалы зат есім+сын есім: Дарабоз / Ерасыл/, Шошақбас/ Есенгелді/, Сар/ы/аяқ/ Кенжебек/, Бұраңбел/ Алмагүл/, Тоб/ан/аяқ/ Зейнегүл/, Жуанаяқ/ Жүнісұлы Майдан палуан/, Қарақойшы/ Сембі Мұхамедин/, Балабақсы/ Кернебай/, Бозайғыр/ Бозмұхамет қажы/, Қылмойын/ Марат/ т.б.;

б) екі компонентті есімдер: сын есім мен зат есім моделі арқылы жасалады: Жақсы ата / Мойнақ би/, Ақиық сұңқар/ Сеңкібай би/, Қара пантера/ Нұргүл/ т.б.;

в) үш не одан да көп компоненттен тұратын есімдер: Құманына қара су құйған ата /Шаймұхамед/, Бабай Түкті Шашты Əзіз /Құтлу Қабан/, Абылай аспас сары бел /Байдалы би/ т.б.;

г) қысқарту арқылы жасалған лақап есімдер: Сембернар /Сембин Ернар/, Апок /Апақашов/, Баян /Баянова/, Əбу /Əбеуов/;

ғ) қосарлану арқылы жасалған: Қап-қарашка/Нұржан/, Бол-бол /Орынбасар/.

Лақап есім қызметіндегі фразеологизмдер: Құдайға шүкір /Ғаббас/, «Алла жар болсын» ауылы Байқоңыр» ауылы/.

Бүркеншік есімдердің құрылымдық парадигмасы түрлі сөзжасамдық үлгілерімен назар аударады. Бүркеншік есімдердің атқаратын негізгі қызметі бұл есімдердің құрылымы мен құрамы жағынан сан алуан түрінің пайда болуына жағдай жасайды. Авторды жасыру, не белгілі себеппен басқа нысанға назар аударту мақсаты бір құрамды есімдерден бастап сөз тіркесі, сөйлемге дейін, ал кейде түрлі белгі, сандарға дейін қолданысқа түсіреді.

Бүркеншік есімдер лексикалық, морфологиялық, синтаксистік жəне сөзжасамдық тəсілдер арқылы жасалады. Лақап есімдер сияқты олар да бір, екі құрамды, сөз тіркесі, тіпті кейде сөйлем түрінде болып келеді.

Бірқұрамды бүркеншік есімдер ең жиі кездесетін жəне есім туғызушы өнімді тəсіл болып табылады. Жалқы есімнің барлық түрі сияқты бейресми есімдер тобы кейінгі аталым жемісі екені белгілі. Сондықтан да тілдегі бұрыннан бар тілдік бірліктер жаңа мəн-мағына, қызметке ие болып, сол күйі қолданысқа түседі. Бірқұрамды бүркеншік есімдер жасалу тəсіліне байланысты морфологиялық жəне лексика-семантикалық топтарға жіктеледі.

Морфологиялық тəсіл қосымша жалғану, біріктіру, қысқарту арқылы жасалады. Қосымшалар, негізінен, орыс тілінің ата-текке жалғанатын (-ский, -ин, -ич, -ыч, -ов, -ев т.б.) қосымшалары жəне ұлттық тұлғадағы -ұлы, -ұғлы форманттары түрінде кездеседі. Айта кету керек, осы тəсіл арқылы жасалған бүркеншік есімнің негізіне фамилия, əке атының алынуы шарт емес, прагматикалық қолданыстағы түрлі апеллятивтер алына береді. Мысалы, С.Б.Алашинский /Б.Сыртанов/, К.Найманский /К.Тоғысов/, Карагин М.Д. /М.Дулатов/, Қазақпаев /Ғ.Қарашев/, Төңкерісұлы /С.Мұқанов/, Қырұғлы /Ə.Бөкейханов/, Адайұғлы, Алашбайұғлы, Қазақұғлы т.б. Бұлардан басқа Кедейшіл, Жолдан /Б.Майлин/, Шынжырлы (белгісіз б.е.) т.б. сияқты түрлі қосымшалар арқылы жасалады. Есімше тұлғасы бүркеншік есім жасауда өнімді қолданылады. Мұтылған, Ұмтылған /Ш.Құдайбердиев/; Естіген, Ел аралаған, Ішінде болған /Б.Майлин/, Жаны ашыған, Көпкөргенов т.б. сияқты түрлі құрылымды есімдер бар.

Қысқарту тəсілі бүркеншік есім жасаудағы ең өнімді тəсіл болып табылады.

  1. Олардың ішінде аты-жөнінің басқы əріптерінен жасалған есімдер (криптонимдер) жиі қолданылады: М., М.Ə. /М.Əуезов/; А.Б., А.А.Б. /А.Байтұрсынов/; А.Ж., Ж., Ж.А. /Ж.Аймауытов/; Б., Б.Ж., Б.М. /Б.Майлин/; С.М.Т. /Сұлтанмахмұт Торайғыров/, Е.А. /Е.Алдоңғаров/, І., Ж., Жа./І.Жансүгіров/; С., С.М. /С.Мұқанов/; С.Д. /С.Дөнентаев/; С. /С.Сейфуллин/; М.Д. /М.Дулатов/; М.Ж./М.Жұмабаев/; М.С. /М.Сералин/; Ө. /Ө.Тұрманжанов/; Ш.Қ. /Ш.Құдайбердиев/; Ш.А. /Ш.Айманов/,Ж.Т. /Жүргенов Т./ т.б.;
  1. Кейде авторлар инициалдарының арасына не алды-артына дауысты дыбыс қою арқылы да бүркеншік ат жасаған: Быж, Быжы /Бейімбет Жармағанбетұлы Майлин/; Іс. /Сəбит Дөнентаев/; Мыж-Мыж /Мағжан Жұмабаев/; Мыс /Мұхаметжан Сералин/; Нан /Насыр Ноғайбаев/; Ром/Райымжан Омашұлы Мəрсеков/; Сот /Сейділ Омарұлы Талжанов/; Сым /Сəбит Мұқанов/; Жуа/Жүсіпбек Уалитов/ т.б. Аты-жөнінің басқы əріптерінен алынған не арасына дауысты дыбыс қою арқылы жасалған жаңа сөз тұлғасындағы акронимдер коннотацияға бай, эмоционалды-эскпрессивті есімдер болып табылады.
  1. Аты-жөнінің басқы, ортаңғы, соңғы буындарын алып тастау арқылы жасалған есімдер апоконим (гр. арокоре — кесу, қию) деп аталады: Өт /Өтебай Тұрманжанов/, Көшке /Көшмұхамет Кемеңгеров/, Жік /Жүсіпбек Аймауытов/, Тақа /Тайшықов Қадыр/, Жымұ /Қажым Жұмалиев/, Қосжан /Қосылған Əбжанов/ т.б. Сəбит Мұқан, Тоғжан Ғаббас, Торайғыр сияқты есімдер де осы тəсіл арқылы жасалған бүркеншікке жатады, себебі, ресми сипаттан өзгеше жəне белгілі бір бөлігі қысқартылған. Осы тəсіл арқылы жасалған орыс тіліндегі Анче (Антон Чехов/, Лайбов /Николай Добролюбов/ есімдері көпшілікке жақсы таныс.
  2. Ателонимдер (гр. атеlis — толық емес) жасалу тəсілі жағынан ұқсас көрінгенімен, (яғни аты- жөннің бір бөлігін түсіріп тастау арқылы) жазылуы ерекшеленіп тұрады: М-тай, М-й, Б-т /Бейімбет Майлин/, Ж-М, М-Ж /Мағжан Жұмабаев/, Р-н /Райымжан Мəрсеков/, Т-И /Тоқтыбаев Иса/, М-ғазы/Мырзағазы Есболов/ т.б.

Жоғарыдағы мысалдар қысқарту тəсілінің жемісті қолданыста болғандығын көрсетеді. Себебі, бір жағынан, тілдік бірлік ретінде аталым қызметін, екіншіден, өзіне ғана тəн ерекше жасыру қызметін атқара отырып, оқырманның қызығушылығын тудырады.

Лексикалық тəсілмен жасалған есімдерде аты-жөнінің негізін сақтай отырып, өзгеріске түсіру, орнын ауыстыру, түрлі вариант ойлап табу мақсаты тұрады. Паронимдер деп аталатын бұл есімдер ғалым-публицист А.Байғарин — Байғараев деп, ұстаз-тележурналист Қ.Əбжанов өз мақалаларын Əлжанов деп, журналист-сыншы Ғабдолғазиз Мұсағалиев өз аты-жөнін Мусин Ғабдолғазиз, Мұса Ғабдолғазиз десе, журналист Сейітбаттал Мұстафин шығыстық үлгіде Мұстафи Баталл деп қолданады. Қайыркен Болғанбаев мақалаларының астын көбіне Болғанбаев Хайыреддин, Болғанбаев Х. деп қол қояды. Біздің ойымызша, Хайыреддин — автордың шын аты да, Қайыркен — еркелетуден туған қысқарған түрі. Ғұмар Қарашев кей шығармаларына Ғұмар əл Қараш деп қол қояды. Қазіргі кезде ақын-жазушылар, өнер қайраткерлерінің арасында орын алған осындай араби дəстүрдегі үлгілер де бүркеншік есімнің аталған тобына жатады. Жоғарыдағы қайраткерлердің аты- жөндерін анықтау қиынға түспегенімен, мұнда да жасыру элементі бар болып табылады.

Сөздердің бірігуі арқылы жасалған есімдер — кісінің төл есімін жасаудағы бірден-бір өнімді тəсіл. Əсіресе қазақ тілінде есімдердің 70–80 пайызы біріккен тұлғалы болып келеді. Осы тəсілмен құрамындағы сөздерге мейлінше эмоция, мəн-мағына үстей отырып, тек есім емес, ой-пікір, идеяның көрсеткіші дəрежесіне жеткізген жазушы-журналистер көп кездеседі: Шынадам, Жəдігержəніс, Елеркесі, Шалақазақ сияқты белгісіз бүркеншік есімдер мен Қаражаяу /І.Жансүгіров/, Жаяусал /М.Əуезов/, Бұйражол, Таймінер /М.Дулатов/ т.б. Жаяу Мұса — Қаражаяу — Жаяусал есімдер парадигмасы ат-көліксіз қалған адамнан гөрі, əлеуметтік теңсіздікті көрсететін, ұлтын сүйген, еліне қызмет еткен адамдардың əлеуметтік-тұрмыстық жайларынан хабар бергендей. Кісі есімдерінің уəжділігін зерттеуші Н.Ө.Асылбекованың пікірінше, синтетикалық сөзжасамдық тəсілде туынды сөздің екіншілік мағынасын осы тірек сыңар ретінде танылатын себепші негіз мағынасы анықтайды. Сөйтіп, туынды сөзді уəждейді. Себепші негіздің тура немесе ауыспалы мағынасы арқылы кісі есімінің арнайы семасы қалыптасады [4].

Бір компонентті бүркеншік есімдердің келесі түрлері дайын тілдік бірліктерден трансонимизация құбылысы арқылы жасалған лексика-семантикалық топтар:

  1. Автордың тек өз есімінен тұратын преноним — қазақ ақын-жазушыларының ең жемісті қолданған бүркеншік аты. Бұларды біржақты бүркеншік ат демегенмен, өмірде аттас адамдардың болуына байланысты мұнда да жұмбақтау элементі бар болып саналады.
  2. Кейде ақын-жазушылар үшін бүркеншік есім өзінің жақындарының (туыс-туғаны) аты болуы мүмкін. Проксоним (лат. proximus — жақын) деп аталатын бүркеншік аттар осылай туады. Ж.Аймауытовтың Жанақ деген бүркеншік аты баласының, Танашбай — арғы атасының; Бейімбет, Жаналин деген бүркеншік есімдер — С.Дөнентайұлының аталарының аты. Қарабалық, Қайдауыл Б.Майлиннің арғы аталарының аты болса, Мереке баласының аты; Көкбай — Абайдың досы əрі шəкіртінің аты.
  3. Геонимдер (гр. geo — жер (топонимдер) автордың туған-өскен, қызмет еткен жерін айғақтап тұрады. Мысалы: Арқалық /Ж.Шанин/; Омбылық /А.Құрманбаев/; Сахаразада /М.Жұмабаев/; Тарази/Əкім Əшімов/ т.б.
  1. Автордың өз ұлтын баса көрсету мақсатында қолданатын бүркеншік аты этноним (гр. ethnos
  • халық) деп аталады. Қазақ ақын-жазушылары бұл бүркеншік атты тек ұлтын ғана емес, ру, ата- тегін де көрсету мақсатында пайдаланған. Арғын, Мадияр /М.Дулатов/; Арғын /М.Əуезов/; Қарсақ, Бекет /Б.Майлин/; Матай /І.Жансүгіров/; Қазақ /Ғ.Қарашев/; Жанас /С.Дөнентаев/; Шекті/Қ.Жұбанов/, Бесата /А.Елшібеков/; Орта жүз /О.Əлжанов/; Шалататар /Ə.Ғалимов/, Б.Керей, Қаракесек, Керей (белгісіз б.е.) т.б.
  1. Титлонимдер (лат. titulus — титул) автордың қоғамдағы орны, атағы, айналысатын ісіне байланысты туады. Мысалы: Шəкірт /С.Дөнентаев/; Студент /Е.Алдоңғаров/; Қойшы, Жалшы, Жорналшы, Шолушы, Газетші /Б.Майлин/, Шəкірт/ С.Аманжолов/, Тілші, Балгер /І.Жансүгіров/, Оқушы, Оқытушы /А.Сегізбаев/, Статистик, Кочевник /Ə.Бөкейханов/, Басқарушы /М.Сералин/, Талапкер, Астроном, Басқарма, Əдебиетші (белгісіз б.е.) т.б.
  2. Зооморфизм бүркеншік есімдер жан-жануарлар əлемін терең танып-білу, халықтың өмір сүру салты, шаруашылығы т.б. факторлардың əсерінен сыртқы тұлға, мінез-құлық ұқсастығы арқылы метафораланған есімдер болып табылады. Ұлттық когнитивтік санамызда қасиетті жылқы малының орны ерекше, «ат — ердің қанаты» санаған елдің перзенттерінің Тай, Таймінер /М.Дулатов/; Құлагер, Бозтай /белгісіз б.е./ т.б. есімдерді алуы таң қалдырмайды. Таймінер — атұстар /елінің, халқының сөзін сөйлеуші/ азамат, Құлагер — бəйгенің алдын бермейтін жүйрік, қаламы ұшқыр жазушы екендігіннен хабар береді. Көкбөрі /Кенебай Жұмаш/ — батыл, ержүрек жазушы ғана емес, Көкбөрі Көктүріктің ұрпағы дегенге мегзейді.
  1. Құс (орнитонимдер), балық (ихтионимдер), жəндік (энтомонимдер), өсімдік (фитонимдер) атауларынан жасалған есімдер қазақ бүркеншік есімдерінде аз да болса кездесіп отырады жəне де коннотацияға бай, эмоционалдық, экспрессивтік, эстетикалық əсері мейлінше мол болады. Мысалы, Балапан /М.Жұмабаев/, Бытпылдақ /Қ.Тайшықов/, Бабайбүркіт /О.Əлжанов/, Сұңқар /Смахан Бөкейханов/, Қарлығаш, Шағала, Қаршыға (белгісіз б.е.), Сона /Х.Есенжанов/, Ара, Маса (белгісіз б.е.). Құс атауларына «қанатымен су сепкен», «жақсылықтың хабарын жеткізуші» сияқты жағымды коннотация, образдылық тəн екенін байқасақ, тілі ащы, жағымсыз, ызыңдап маза бермейтін жəндіктердің тілі мен «ұйқыдан оятудағы қызметі» (А.Байтұрсынов) ұқсастығын көреміз.

Тіркесті есімдерге мағыналық жəне құрылымдық грамматикалық тұтастық тəн болып келеді. Бұл тіркестердің алғашқы сыңары, əдетте, бағалауыштық сипатта болып, сын есім+зат есім не зат есім+зат есім тіркесті құрылымды құрайды. Ол бүркеншік есімдер автордың аты-жөніне, сырт келбетіне, көңіл-күйіне, əлеуметтік жағдайына, қызметіне байланысты болуы мүмкін. Мысалы: Қараша бала /Қ.Жұбанов/, Бортаң бала /Қ.Болғанбаев/, Қараторы жігіт /Ə.Ғалимов/, Алашұлы Азамат /М.Дулатов/, Семинарист Əуезов, Семей техникумы /М.Əуезов/, Ағатай Байұлы, Молда Қазақаев /Ғ.Қарашев/, Орта жүз /О.Əлжанов/, Арашалы баласы /А.Сегізбаев/, Алатау баласы

/Б.Сыртанов/, Ауыл баласы /М.Əуезов/, Қыр баласы /Ə.Бөкейханов/, Шұбартеңіз баласы/Е.Алдоңғаров/, Қызыл найза /І.Жансүгіров/, Батыр бала, Жаңа байпақты, Қиял қазағы, Қызыл тауық, Қазақ инженер, Қыпшақ баласы, Сүйіндік баласы (белгісіз б.е.) т.б.

Автордың шығармашылық қарымы, қиял əлемі көп компонентті тіркестердің, кейде, тіпті, сөйлемнің тілдің атауыштық бірлігі қызметін атқаруына себепші болады. Бөкей еліндегі бір жігіт /Ғ.Қарашев/; Мұңды дала баласы т.б. үш-төрт компонентті тіркестер болса, Кісіден үйреніп жаздым

/А.Құнанбаев/, Көріп қабырғасы қайысқан біреу, Мен алынғанның бірі (белгісіз б.е.) т.б. Мұндай бүркеншік есімдердің ерекше тұлғасы оқушылардың назарын бірден өзіне аударып, мақаланың не жайында, немесе авторының кім екенін білуге қызығушылығын туғызады. Адамзат баласы жасырын нəрсенің түп-төркінін білуге, табуға құлшынып тұратындықтан да, авторлар мұндай сөйлеуші есімдер арқылы өз ойы мен идеясынан хабар береді.

Бүркеншік есімдердің негізгі қызметі небір əдіс-тəсіл мен құралдардың көмегімен авторды шын аты-жөнінен алыстатып, шартты белгілер мен таңбалар арқылы беріледі. Сөзбен жазылған сандар, латынша əріптер, жұлдызшалардан жасалған: V./Ə.Бөкейханов/, V /М.Жолдыбаев/, Һ/Х.Досмағанбетов/, Ш*/Ж.Шанин/, Ə.К* /Ə.Қоңыратбаев/, Біреу/С.Садуақасов/, Екеу/Ж.Аймауытов пен М.Əуезов/, Екі оқушы/С.Ерубаев пен Р.Жаманқұлов/, Бір, Бес, Мың, Екі жыл, Үш жыл, Он бес жыл (белгісіз б.е.) т.б. Көріп отырғанымыздай, əдеби бүркеншік есімдер түрлі құралдар мен əдіс- тəсілдердің көмегімен дүниеге келеді. Олар автордан үлкен шығармашылықты, қиял кеңдігін, ең бастысы, эзотериялық (жасыру) қызметінің орындалуын талап етеді.

Қорыта келгенде, қазақ тіліндегі лақап жəне бүркеншік есімдердің сан алуан сөзжасамдық тəсілдердің көмегімен өмірге келетінін байқаймыз. Бойына шеберлік пен тапқырлықты ұштастырған ат қою өнері халқымыздың ғасырлар бойы жүріп өткен ізі мен жинақтаған тəжірибесінен, көрегендігі мен даналығынан хабардар етеді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тəржімелер, публ. мақалалар жəне əдеби зерттеу. — Алматы: Жалын, — 353, 354-б.
  2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. — Алматы: Ғылым, 1999. — 581 б.
  3. Жанұзақов Т. Кісі аттарының байыпты зерттеушісі // Құдайберген Жұбанов жəне қазақ совет тіл білімі. — Алматы: Ғылым, 1990. — 105-б.
  4. Асылбекова Н.Ө. Кісі есімдерінің уəжділігі жəне танымдық сипаты: Канд. дис... автореф. — Алматы.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.