Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Диалогтағы мінез көріністері

Қалихан Ысқақовтың оқырман қауымға атын шығарған тұңғыш туындысы «Қоңыр күз еді» повесі. Шығарма өзінің балалық шағындағы өмірін өксігімен жəне өз махаббатымен тұтас күйінде бұзбай-жармай қағаз бетіне түсіре салғандай əсерге бөлейді. Сонымен бірге қаламгер қаламынан 1975 жылы «Тұйық», 1980 жылы «Қараорман», кейін қанатын кеңге жайып 1989 жылы «Ақсу — жер жаннаты» романдары туды. Қалиханның ұтымды шыққан «Ақсу — жер жаннаты» романына 1992 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Бұл жаңа романда қилы-қилы адам тағдыры, бүгінгі күннің экологиялық проблемалары жан- жақты қозғалған. «Ақсу — жер жаннаты» Алтай өңірін мекендеген байырғы қазағы бар, кержағы бар қоян-қолтық араласып жатқан жұрағаттардың кешегісі мен бүгінісінен сыр шерткен, ертеңі туралы ойланған, алаңдаған қаламгердің жан толғанысы. Ол кең тынысты шығарма.

Романда бізге таныс күй, біздің жадымызға жатық табиғат суреті мен адам мінездері көрініс тапқан. Бұл романда Бекет өмірі арқылы таныс өмір көз алдымызға елестеп, сезім мөлдірлігі, жан тазалығы жəне турашылдығымен есте қалатын шыншыл да бірегей бейнелер кездеседі.

Жалпы романда Ақсу жерінің адамдарының өмірі жеке-жеке жатқан бір ғажайып дүние. Олардың сөйлеген сөзі, істеген іс-қимылы, тіпті өмір сүру дағдысының өзі ерекше, бөлек. Сөйлемейді, түктің байыбын білмейді, ақсулықтардың тілімен айтсақ, лəуқи Ситанның өзі елдің еркесі атанған, өткір тілді, ел арасында егерь атанған Асекеңе (Асхатқа) «ақыл» айтады.

  • Асеке! — деді. — Сен осы тірлігіңнен не күтіп, немді мыжып жүрсің, соны айтшы? — Осы «неме» сөзінен жаңылып келе ме дегендей, Асекеңнің соған өзі емес, алдымен қисық мұрны таңданып, терісінен тұрған желге қарап мырс етті.
  • Пах-пах! Қара басыңды құрбандыққа шалмасаң сенде шығынға шашатын не дəулет бар еді?! Елге сен тұтқа болмайсың, Алтайды сен байытпайсың! Бүгінгі заман əпендіге зар емес, жұртқа жыр, қотиынға қор болғанды қойсайшы!...
  • Сонда не істеуім керек?
  • Кет!... Сені тұлпардың басы, мені Толыбай сыншының баласы деп кім таныр дегенді айтқан кім? Сені де институтқа сабақ берді дегенге кім сенеді?... [1; 54].

Жазушы өз шығармаларында шебер суреттілікке, адам тағдырын дөп басатын мінез құбылыстарына ерекше мəн берген. Қалихан Ысқақов əсіресе кейіпкердің характерін диалогта шебер береді. Өйткені романдағы əр кейіпкер бір-бірін қағытып сөйлемесе тілі қышитын шетінен қу тіл, шешендер мен көсемдер.

Əдеби-көркем портрет жасау əрекеті характер логикасынан əдемі өрістеп жатса ғана үлкен өнеге, шынайы шеберлікке жарқын жол ашылмақ.

Характердің өзінен-өзі дамып, жетілуі де кездеспей қоймайтын құбылыс емес. Психологиялық талдау жан-жақты жасала келе кейіпкер соқталы бейнеге біртіндеп ауысады.

«Ақсу — жер жаннаты» шығармасында басты кейіпкер — Бекет, бірақ Бекеттің характері романның ортасына қарай ашыла түседі, сонымен бірге көбіне Бекеттің ішкі монологы арқылы көптеген жұмбақтың сыры ашылады, кейіпкерлердің характері де Бекет ойымен беріледі, тіпті өзінің мінез ерекшелігі де ішкі монологынан білінетін тұстары да романда жиі кездеседі.

«Уақ-түйек тірлікке тəкаппарлық көрсетсе, ол да аспаннан жұққан мінез емес, биіктен бүкіл дүниенің қалтарысы мен жамау-жыртығын түгел көріп алғандықтан шығар, өйтпесе, аспандағы жұрт есек мінген сарттан да кішіпейіл, көмпіс те момын. Бірақ оның бəрін сырт көз қайдан оқи берсін. Бірнеше күн еріксіз жетегіне ерген Бекет оның бір мінезінің үстінен түскен жоқ, жалғыз ғана аңғарғаны — зиялы қауымның ішек-қарнын түгел ақтарып тауысқан зеректігіне қоса əзілі ащылау, кекесіні кенезеңе насыбай сепкендей көрінеді», — деп Бекеттің ойы арқылы кекесінмен сөйлеп, Қылаңхан өзінің кім екенінен хабар береді [1; 21].

Ал Асхат, пен яғни Асекеңмен, танысу кезіндегі диалогтан, өзінің кім екендігін əйгілеп айтып береді.

Дүрп-дүрп еден сүрген дыбысқа жалт қараса, пұшпақ бөркін миқита киіп, қисық мұрын бір шал көзін қиқита төбесінен тесіліп тұр екен. Мұрынын қисайтып тұрып:

  • Əлгі аспаннан түскен дөкей сенбісің? — деді.
  • Шоқынды ма едіңіз? — деді.
  • Кімге шоқынарымды білмей жүрген пақырмын! — деді.
  • Ендеше адасып келіпсіз. Христостан басқа аспаннан түскен əулие-əнби жоқ сияқты еді.
  • Байқаймын, мұрын байқұсты ұнатпай қалдың білем? — деді.
  • Иə, не шаруамен келіп едіңіз?
  • Шаруаны қоя тұр, шаруа мұндай жерде айтылмайды, — деп саусағының ұшын ғана ұсынды.
  • Асхат!.. Фамилиямды айтып іренбей-ақ қояйын, оның саған қажеті де жоқ. Егерь деген жұртқа жексұрын, бастықтарға беймаза жұрағатың боламын. Сүйенішіміз жалғыз мылтық, ол да құр дəрі. Өлсең сүйегіңді іздейтін ешкім жоқ, тіріде өзіңнен басқаға қажетің тағы шамалы... Қалай, жетті ме?..
  • Характеристикаңыз сүбелі екен.
  • Бірінші адамнан естіп отырмын. Шүкір!.. Аузыммен от тістейтін албастым бар еді, оған ренжімессің! — деп шылымын шығарды [1; 33].

Алғаш танысқан адаммен сөйлескен сөзінің сиқы осындай, алайда Асхатты жаман адам деп те айта алмайсың. Сөздері мірдің оғындай болса, істері де сондай. Тіпті Асекеңді романның басында Бекет ұнатпай қалғанымен, кейін өз ойынан айнып қалады. Алуан түрлілікпен характер беріп, өзгеге ұқсамайтындай етіп сюжет өру жазушының шеберлігі мен қоса асқан даналығы ма дерсің.

  • Мен сізге бір Жұмадай ерсем қайтеді?
  • Жолыма жуа шыққан адам едім, сен маған ергенде не бітіресің, мен сені қайбір жарылқағандаймын?..Сен мықты болсаң, сері деуші ме едіңдер, əлгі сылаң азбаныңды көндіріп, алдымен аң шаруашылығын лесхозға қосып алыңдар. Түбі бұл өңірге бір билік, бір таяқ болмай дым да өнбейді.

Қисық мұрынның Ситан сыболышынан басқа да мұңы барын Бекет енді аңғарып еді. Көкейінде жүрген бір арманын егерьдің (Асекең) аузынан естігеніне разы болды да, оған бұрынғыдай өшігіп емес, өтіне қарады.

  • Кешіріңіз, кеше ішімнен сізге Усойқы деген ат қойып едім, түстіктің күресінінде өсетін шоғайнасындай тұла бойыңыз толған тікен бе деп қалғаным рас. Ұнамаса қайтып аламын...
  • Усойқың емге табылмайтын шипалы шөп қой, тым қымбат болып жүрмесе, — деді. — Түкке керегі жоқ шоғайнаның жабыспайтын жері жоқ, мүмкін, қонса сол қонар... [1; 56].

Бұл да егерь мен Бекеттің диалогы, келтірмей кетуге де болмайды, ылғи тұнып тұрған мінез ерекшелігі. Бір-екі ауыз сөзінде өзіне де, өзгеге де мінездеме беріп, біршама ой түйдіретін орақ тілді кейіпкерлер. Тіпті Қалиханның осы романындағы барша кейіпкерді бас кейіпкер деп алса болғандай.

Қ.Ысқақовтың «Ақсу — жер жаннаты» романы халық мүддесіне, ортақ іске дер кезінде үн қосуымен құнды. Оның қаламынан туындаған шығармалардың қай-қайсысын алмайсың, көз алдымызға бүкіл Алтай өңірі өзінің ғажайып тұтас тұлғасымен, əсем табиғатының көрінісімен тұра қалады. Қалихан Ысқақов — идеялық, адамгершілік, кəсіби кемелдікті бауырына басқан шынайы суреткер.

Лесхоз директоры Сиғат, бас орманшы Бекет халық байлығы, туған жер табиғатының ажары мен ырысы Алтай ормандарының себепсіз кесіліп, көлденең табыс қуған əлдекімдердің оңай олжасына айналмауы үшін күреседі. Романда көтеретін проблемалар ауқымы да кең: адамгершілік, арлылық, махаббат, зұлымдық, бақыт, бақытсыздық, тұрлаусыздық, туған жерге деген адалдық, экология т.б. өмірдің өзекті мəселелері төңірегінде шымыр өріліп отырады.

«Суы ашыған батпақ көлдің» құлдырауына арамтамақ, парақор, алыпсатар», «езуінде жиек жоқ лақа ауыз» Əбдіжапар, «бетінің шені балбырап тұратын» жағымпаз, жемқор бухгалтер Есенқұлдар кінəлі. Санатта да, санақта да жоқ, пəтуасыз «калымщиктерді» бармақ басты, көз қыстымен бас пайдаларына көбірек пайдаланып, арам айласымен оларды да жер қаптырады.

Қалихан Ысқақов əлгіндей қоғамға аз беріп, одан көп қарпығысы келетін психология адамдарының өзімшілдік, тоғышарлық, дүниеқорлық қылықтарын қаза көрсетеді, олардың халық мүддесі мен ісіне немқұрайлы қарайтын кесірлі əрекеттерді қоғамға қаншама зиян шектіретінін сезінесің. Туған жердің болашағына, ел ырысына жаны ашымайтын «жабайы бригада» балташылар мен бюрократ, жемқорлар еңбек заңын бұзып, партияның əлеуметтік-экономикалық саясатын бұрмалайтын ылаңын Қалихан Ысқақов азаматтық пафоспен бейнелеп, ымыраласуға келмейтін жексұрындылықтың бетін ашады. Қоғамымыз мүдделі болып отырған проблемаларды өрнектегенде ол адамгершілігі азайып, адамдық ұсқынынан айырылған жандардың стихиясына үңілдіреді. Күшін де, арын да ақшаға сатқан адамсымақтардың туған жер, өскен орта, шыққан жанұясына дейінгі қарым-қатынасына дейін бойлатып, олардың жан жұтаңдығының сырына қанықтырған. Тілдері кесек, ойлары қотыр, сезімдері шолт, аң мінезді адамдар аңнан да қорқынышты, қауіпті екеніне Қалихан Ысқақов сендіре алған.

Əйтсе де «Ақсу — жер жаннатында» Ысқақов кейіпкерлерінің ымы-жымы, адамдық əуселесі біркелкілеу болып келетіні ойландырады. Кезбесі болсын, өзгесі болсын, тілі мен жағына сүйеніп, бірін-бірі іреп-сойып, «ашыға шаншуға», түтіп жеуге, ар-намысын айрандай төгуге əзір тұрады. Шетінен «сен тұр, мен атайынның» өзі. Істен, амалдан, əрекеттен топшылау да, кері сөзге, ілікке əуес, зинақорлық жағынан алдарына жан салмайды.

Алайда Қалихан Ысқақовтың кейіпкерлері, мінез-құлық, іс-əрекет, бет-пішін өзгерістерімен өзгешеліктері, киген киімдері бөлшектеріне дейін бедерлі бейнелеп, жадыңа өшпестей етіп берік ұялайды. Бүкіл мінезімен, тілімен, жүрген жүрісімен, түр-тұлғасымен көз алдыңа келеді.

Характерді шебер беру, романның идеялық мазмұнын байытып, кейіпкерлердің жан сарайын саралап ашуға септігін тигізеді.

Пилорамадағы жұмыскерлердің жұмыс істеу барысын қадағалауға келгенде Бекет ауыл адамдарын тағы сол қағытпа қырынан көріп, титықтап бітеді. Жұмыскер əйелдердің жұмыс киімінсіз жүргенінің себебін сұрағанда, ауылдың бейпіл ауыз қатындары қағытып тағы түзу жауап бермейді:

  • Мына кісілердің спецовкалары неге жоқ? — деді.
  • Қайным-ау, ағаларың күйгелек еді, спецовканы шешкенше сауыны өтіп кетет те! — деп сүйкене жауап қатады қызыл күрең келіншек.

Ауыздарына албасты түкіріп кеткендей бұл ауылда астарлап сөйлемейтін адам болсашы, —

деп ойлады Бекет.Түбі осылардың бəрі де қисық мұрынның туысқаны болып жүрмесе!..[1; 63].

Адамның характерін оның тұрған тұрысынан, көзқарасынан, қимылынан білуге болады. Бүтіннің орнына бөлшегімен-ақ бейтаныс қаһарманға характерлік мінездеме бере алу —шеберлік.

Мысалы, өркөкірек адамдар кеудесін керіп тұрады, жағымпаздар жалпақтап алдыға қарай иіліп тұрады. Кейіпкер жанындағы толқынысты күлкісінен не жымиюынан, көз жанарынан, сөйлеу мəнерінен, іс-əрекетінен аңғарып, оның дүниетанымы, мінезі, қоғамға деген көзқарасы, пиғылынан рухани дүниесін, характерін байқаймыз.

Гуманист-жазушының қашан да көздейтін мақсаты — адам характерін өмірдің əр түрлі жағдайында зерттеп, адамгершілік сезімінің тазалығына баса мəн беру.

Психологиялық талдау кейіпкер психологиясын бейнелеудің аналитикалық (кейіпкердің ойы мен сезімінің ағысын бейнелеу), динамикалық (адамдарды рухани дүниесін əрекеттері мен қылықтары арқылы ашу) принциптері арқылы жүзеге асырылады. Егер жазушы жүрегін мазалаған арманы типтік характер проблемасын шешу деп түсінсек, психологиялық талдау — əдебиеттегі адам характерін сомдаудың ең ұтымды жолы.

Қалихан Ысқақовтың кейіпкерлерінің бір ерекшелігі, шетінен кер, қырсық сөзді, мінезсіздеу, ашық-шашық жүретін, даңғойлау, сезімге білдіргіш, жайдақ-жабылау келеді. Мысалы: Бекет өз жұмысына кіріспес бұрын орманшылардың жұмыс барысын, жағдайларын, жетіспеушіліктерін, еңбегіне қарай табыстарын білмек болып, «аппақ сазандай əдемі-ақ кісі екен» деп сүйсіне қараған келіншектен алған жауабының өзі адам өлтіреді.

  • Айына қанша табасыздар?
  • Ай сайын саңғып тастап отырсақ, жер-көкке адам сия ма?!
  • Мен табысыңызды айтам.
  • Е, сөйдемеймісің!.. Бұйырғаны біздікі ғой! — деп келіншек табан астында. Бекетті жақтырмай қалды. — Немене қатындардың табысын тексеруге келіп пе едің?
  • Қызмет бабымен...
  • Е, бабымен де!.. Мұнда бап тілейтін ұрғашы жоқ, бұдан кейін кешқұрым жалғыз жүрме!...
  • О, неге?
  • Шетінен қағынған қысыр қатындар, ермекке жарамасаң, басыңды суатқа тығып кетеді!

Бекеттің өзін тығырыққа тіреп, бір сұраққа он жауап беріп, бұрышқа тыққандай, қысылып қиналғандай күйге түсіреді...

Алайда ешқандай құбылтуды керек етпей, бетің бар, жүзің бар демей бірбеткейлікпен дойыр келіншекті сол күйінде мінездейді. Дөрекі адамды мəймөңкелемей, ажарландырмай-ақ сол бетінде дəл, дөрекі болса да сол бетінде бере білген.

«Жазушы өз кейіпкерлерінің өмірін, ойы мен сезімін олардың ортасына, кəсібіне, соларға сай қалыптасқан таным дəрежесіне қарай ашады. Əр кейіпкер өз бойына, əлеуметтік ортадағы өз орнына лайықты іс істеп, ой ойлайды» [2; 184], — дейді Қ.Əбдезұлы.

Қалихан кейіпкерлері де осындай. Тақырып ерекшелігімен қатар, əр жазушының творчествосында мінез (характер) бірлігі деген болады. Мұны, əрине, бір жазушы он образ жасаса, бəрінің мінез-құлқы бірдей болады деп ұқпау керек; он образ — он түрлі мінездің адамы бола берсін, бірақ он мінездің де жасалу тəсілдері бір-біріне ұқсап отырады. Бір жазушы, айталық, адам мінезін қимыл-əрекет үстінде танытуға бейім болса, енді бір жазушы оның көңіл-күйін, сезім-сырын, ой- арманын, əр алуан психологиялық иірімдерін суреттеу арқылы ашуға шебер... [3].

Сол сияқты Қалихан Ысқақовтың да адам мінезін беруде өзіндік ерекшелігі болуы заңды.

«...Алтай төбесін тірі пендеге көрсетпеген. Бірақ Алтайдың тəкаппарлығы адамына қонбапты. Мүмкін, адамының мешелдігі тауының биіктігінен шығар?..» [1; 20] деп қаламгердің өзі де суреттеп кететініндей, Алтай адамының дөрекі, дойыр екендігін осы бір абзацтың өзінен білуімізге болады.

«Ақсу — жер жаннаты» романы Отан соғысынан кейінгі ауылдың қиын-қыстау ауыр жағдайын суреттеуде шебер жазылған шығарма. Қалихан Ысқақов сол кездегі дəуір шындығын шынайы бейнелеген. Ауыл өмірін шынайы суреттеу үшін қаламгердің өзі сол ауыл тұрмысын, ауыл тынысын ана сүтімен бірге бойына сіңіуі керек, ал Қалиханның ауыл өмірінің қыры мен сырын жетік білетіндігі романдағы детальдардан көрініп тұрады [4].

Тау өңірінің пейзажына жыл мерзімінің күз айын алуы да кездейсоқ емес. Мұны да характер ашуға, кейіпкердің көңіл-күйіне орай келтіреді.

Кейіпкерлер тұлғасы белгілі ситуацияларда ашылып психологиялық жағынан дəлелді бейнеленеді.

Осы сəтті кейіпкердің психологиялық жағдайын суреткер тек қана пейзажбен қатарластыра, астастыра алады. Бүкіл табиғатқа жан бітіріп, табиғатты психологиялық параллелизм түрінде суреттейді. Адам секілді табиғаттың да əрқайсысының өзіндік «мінезі» бар. Тауға тəн қаталдық болса, қарағайларды өлімнен «үрккендей» басқаша «мінезде» көрсетеді. Шығарманың өн бойына көркемдеу тəсілдерін құбылта өрнектеу нəтижесінде кейіпкердің іштей күйзелісін, арпалыс сəттерін шеберлікпен жеткізеді. Түйдек-түйдек ойларды алдымызға тартады. Шығарма идеясы ашылып, кейіпкер тұлғасы танылды.

Кейіпкердің бет-пішінін есте қалдырарлықтай күлкілі əуенмен береді. Эпитеттің де, теңеудің де аса бір əсерлі характер ашуда бұлжытпай беретін күшті түрлерін таңдап екшеп пайдаланады. Бүкіл мінезімен, тілімен, жүрген жүрісімен, түр-тұлғасымен көз алдыңа келеді.

  • Əй, қынша бел қайнаға!.. Менің етегімді түріп пе едің? Жалаңбұт жүргенімді қашан көрдің?...

Осындай жауабымен сары қатын бүкіл мінезімен, түр-тұлғасымен көз алдыңа келеді.

Кейіпкерлердің монологы арқылы бірінің характерін бірі ашатын тұстар да жетерлік. Тіпті жай ғана сөз арасында Бекет пен өзінің осы ауылға не үшін келгендігі, оның ой-арманы қандай, өзі қандай адам пиғылдағы адам екендігі Сиғаттың телефонмен сөйлескен сөзінен көрініп-ақ тұр.

  • Өткен жылы дейсіз бе?.. Өткен жылы жоспар жиырма бес процент артық орындалды. Демек, бұл біз үшін мақтанарлық іс емес, қылмыс!.. Жұмысшы қауымынан дейсіз бе? Ол дұрыс қой, бірақ ол шаруашылық маманы емес, кез келген жұмысшы бас орманшының орнын толтыра беретін болса бұл жігітті сонау астанадан алдырып нем бар?..Таныс жігіт, жеті жыл Зеренді леспромхозының қомытын киген, орман шаруашылығы министрлігіндегі дардай қызметін тастап келіп отыр. Сау болыңыз!.. [1; 68].

Бекеттің əкесі романда айтылмағанымен, Жанжігіт пен Сиғаттың екі ауыз сөзінен Бекеттің өзі өз əкесін басқа қырынан көреді. Ол Жанжігіт шалдың: «тігерге тұяқ қалдырмай сенің əкең қырып салды!» деген, «Əкең əлі күнге əтір мүңкіп жүрген шығар» деген Сиғаттың қағытпа сөздері. Ал Ақсудың адамдары жалпы Сиғаттың тілімен айтқанда:

  • Бұл тайгада кім жоқ дейсің!.. [1; 71].

«Қай жазушының да шығармашылығы оның жеке шығармашылық мұратымен үндесіп, үйлесіп жататыны белгілі. Жазушы шеберлігі осындай мұрат сыйпатымен орайлас қанат жаяды. Мұратсыз өріс жайған шеберлікте баяндылық болмайды» [2; 184].

Мінез байлығы — адам жанының берекесі, мінез кедейлігі — соры. Философтар тұжырымдайтындай, тұрмыстағы кедейліктен мінез кедейлігінің көрсетер қорлығы басым. Мінезде кісінің ішкі пиғылы, сыры айрықша көрінеді.

Көп нəрсені көріп, ақыл-ойыңда елестетуге болады, ал оны көкейге қона қалатындай жұтындырып бейнелеуге хас шеберлік керек. Жазушының шығармашылық шеберлігінің бір қырын белгілейтін ерекшелік, кейіпкерлерін тосын əрекет жасауға алып бару, тəуекелшіл талаппен алға ұмтылдыру, түптеп келгенде, өмірдегі жайдан, өмірде болған адамдардың мінезі мен құлқынан алынған болып шығады. Ендеше, Қалихан кейіпкерлері асқан бір шеберліктен туған жасанды суреттер емес, өмірдегі адамдар мінездерінен екшеленіп алынған, əдемі əдеби тілмен мəймөңкелемей сол қалпында бере салған қасымыздағы таныс адамдар. Оған дау жоқ. Олай дейтініміз, өмір барда өзгешелік бар. Ал адамдар мінезі əр алуан. Ал жазушының еңбегі сол мінезді сол қалпында бере білгендігінде...

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Ысқақов Қ. Ақсу — жер жаннаты. — Алматы: Жазушы,
  2. Əбдезұлы Қ. Əдебиет жəне өнер. — Алматы: Қазақ ун-ті,
  3. Қабдолов З. Сөз өнері. — Алматы: Қазақ ун-ті, 1983. — 338-б.
  4. Қаратаев М. Бетбұрыс белестері. — Алматы: Алатау, 1984. — 14-б.

  

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.