Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Өзгетілді аудиторияларда кəсіби мəтіндерді түзу мəселелері

Бүгінгі таңда өзгетілді аудиторияларда мемлекеттік тілді оқыту мəселесіне айрықша көңіл бөлініп жатқандығы баршамызға аян. Осыған орай күнделікті баспасөз беттерінде жарияланып жатқан мақалалар, ғылыми еңбектер, оқу-əдістемелік құралдары, электронды оқулықтар тілді үйретуге бағытталған сабақ жоспарлары жəне т.б. тіл үйренушілердің назарына ұсынылуда.

Қазақ тілін өзгетілді аудиторияларда оқыту мəселесіне жоғары оқу орындары оқытушылары да үнемі атсалысуда. Бұл тұрғыда əдіскер-ғалым Қ.Қадашеваның «Қазақ тілін оқыту əдістемесі» атты еңбегінде (2005) Қазақстанның жоғары оқу орындарында бүгінде өзгетілді дəрісханаларда

1) аудиовизуалды, аудиолингвалды; 2) елтану бағытындағы; 3) интенсивті; 4) коммуникативті жəне

5) компьютерлік оқулықтардың пайдаланылып жүргендігі атап көрсетілген [1].

Тілді үйретуде маңызды мəселенің бірі ретінде кəсіби мəтіндердің (мамандыққа қарай) алатын орны ерекше.

Ғалым Ф.Ш.Оразбаева өз еңбегінде тілдік қатынасқа байланысты іске асатын сөйлесім əрекетін бес түрге (1. Оқылым. 2. Жазылым. 3 Тыңдалым. 4. Айтылым. 5.Тілдесім) бөліп, олардың өзіндік ерекшеліктеріне жан-жақты түсінік береді. Сөйлесім əрекетінің бесінші түріне жататын тілдесім жөнінде: «Тілдесім — сөйлесім əрекетінің барлық түрлерін қамтитын ерекше құбылыс.

Тілдесім — адамдардың қоғамдық-əлеуметтік өмірде бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынасқа түсіп, өзара пікірлесуінің нəтижесінде бірінің ойын бірі ауызша да, жазбаша да түсінуі жəне оған жауап қайтаруы» [2; 129, 130] дей келе, адамдардың бір-бірімен қандай мақсатпен сөйлесуіне байланысты тілдесімді ішінара алты топқа: 1) ресми тілдесім; 2) бейресми тілдесім; 3) қалыптасқан тілдесім; 4) кəсіби (мамандыққа қарай) тілдесім; 5) əлеуметтік тілдесім; 6) дербестік тілдесім деп жіктейді.

Бұл ретте кəсіби тілдесім туралы: «Кəсіби тілдесім — тіл үйренушілерге белгілі бір мамандықтың саласына байланысты сөйлесудің үлгілерін, мамандыққа қатысты сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету. Оқушылар арасындағы тілдік қатынасты əр түрлі мамандық иелерімен қалай сөйлесіп, тіл табысуға болады, соған қарай құруға тура келеді», — дейді [2; 131].

Ой сабақтастығы мына пікірден де аңғарылады: «Мамандыққа бейімдеп оқытуда басты талаптар мынадай мазмұнда болуы қажет: біріншіден, үйренушілерді мамандығына, атқаратын қызметіне, кəсібіне қарай топтастыру; екіншіден, лексикалық минимумды анықтау; үшіншіден, кəсіби терминологияны қамту; төртіншіден, кəсіби мазмұндағы қолданысқа түскен, яғни адаптацияланған, жəне қолданысқа түспеген мəтіндерді жинақтау, мазмұнына қарай сұрыптау» [3].

Көріп отырғанымыздай, жоғарыда келтірілген ғалымдар пікірлері тілді мамандыққа қатысты оқытудың өзіндік ерекшеліктерінен, күнделікті іс-тəжірибеден туындаған тұжырымдар екендігін аңғартады.

Кəсіби мəтіндерді меңгеру арқылы студенттің өз мамандығына лайық қазақ тілін үйрену, кəсіби лексиканы өндірісте қажетіне қарай қолдана алу мəселесі бізді де бейжай қалдырмайды. Өзіміз қызмет етіп жатқан Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде ауылшаруашылық мамандарын дайындайтын агроинженерлік факультет бар. Атап айтқанда, агрономия, зоотехника, агрохимия, топырақтану жəне т.б. мамандықтар бойынша кадрлар дайындау бүгінгі өмір талабы. Біз сөз еткелі отырған «Агрономия» мамандығының орыс бөлімдерінде де мемлекеттік тіл оқытылуда. Тілді үйрету мəселесі мектептен басталатындығы белгілі. «Бес саусақ бірдей емес», олардың арасында мектепаралық (қала, облыс, республика) олимпиадалардың жеңімпаздары, қазақша сөйлеу тілдері біршама қалыптасқан немесе сөздік қорлары жұтаң студенттер де баршылық. Мамандық туралы əңгімелесе қалсаңыз: «Мен студентпін. Агроинженерлік факультетінде оқимын. Мен агрономмын» деген сияқты сөйлемдерден əрі аса алмай жатады. Керек десеңіз, таңдаған мамандығының қандай мамандық екенінен бейхабар жастарымыз да жоқ емес. Сондықтан əр сабақтың мақсаты олардың тілге жəне келешек кəсібіне деген қызығушылығын арттыру болып табылатындығын есте ұстағанымыз жөн.

Бұл, əрине, оқытушыдан үлкен жауапкершілікті, ізденімпаздықты, əдістемелік шеберлікті талап етеді.

Ендігі мəселе — агрономия мамандығына байланысты мəтіндерді түзу мəселесі. Алдымен аталған мамандыққа қатысты терминдер мен сөздер, сөз тіркестерін сұрыптап, студенттермен біріге отырып, сөздік құрастырдық. Түсіндірме сөздікке жүгінсек: 1. Агроном — агрономия маманы [4; 48];

  1. Агрономия — ауылшаруашылығы жайындағы ғылымдар жиынтығы [4; 48]; 3. Ауылшаруашылығы халық шаруашылығының егін, мал, жеміс-жидек өнімдерімен айналысатын саласы [4; 491];
  1. Ауылшаруашылық машиналары — ауылшаруашылық жұмыстарына қажетті машиналар [4; 491]. Сөздер тізбегі осылайша жалғаса береді: астық шаруашылығы; астық дайындау; астық дақылдары; астық комбайны; астық; астық қоймасы; астық қырманы; астық сақтау; егу, себу; егіндік, егіндік алқап; егінші, диқан; егіншілік; егу алдындағы суару; егу алдындағы топырақ өңдеу; егу кезіндегі тыңайту; егін жинайтын машиналар; егін жинау; егін орғыш; тұқым, дəн жəне т.б. Бір ескеретін жайт, жоғарыдағы сөздердің орысша баламалары да бірге беріледі. Студенттер сөздікті құрастырумен қатар, берілген сөздердің мағыналарын түсініп, естерінде сақтаулары қажет. Жалпы, қазақ тілі сабақтарында көзделетін мақсат тіл үйренушіге жалаң сөз жаттау емес, əрбір үйренген сөзін сөйлеуде, сөйлем құрамында дұрыс қолдана білуге үйрету. Осы мақсатта студенттерге берілген сөздерден сөз тіркестері мен сөйлемдер құрап, дəптерлеріне жазып келу тапсырылды. Олар төмендегідей үлгіде болды: Тəжірибелі агроном. Агроном — агрономия маманы. Мен болашақ агрономмын. Агроном — ауылшаруашылығының маманы. Агроном — қажетті мамандық. Агроном — сұранысқа ие мамандық. Мен агроном мамандығын дұрыс таңдадым. Келешекте жақсы агроном болғым келеді.

Бұдан соң негізгі мəтінге назар аударамыз. Алдымен мəтінге қатысты тірек сөздер беріліп, олардың мағыналары түсіндіріледі. Мəтін мəнерлеп оқылады.

Агроном — ауылшаруашылығының маманы

Агроном — ауылшаруашылығының жоғары білікті маманы. Ол барлық ауылшаруашылық жұмыстарын басқарады. Диханшылар қауымын ұйымдастырады. Агроном ауылшаруашылығын техникамен қамтамасыз ету, жерді жырту, топырақты өңдеу жəне тыңайту, егіндік алқапты суару, егін жинау жұмыстарына басшылық жасайды. Агроном өсімдікті өсіру, өсімдік селекциясын жақсарту мəселесімен де айналысады.

Жұмыс жақсы ұйымдастырылса, егін бітік шығады. Тау-тау астық қырмандарға жиналады. Ал астық — біздің байлығымыз. Сондықтан агроном мамандығы біздің елімізде ерекше құрметпен аталады.

Студенттердің мəтін арқылы тіл дамыту жұмыстарын əрі қарай жүргіземіз. Келесі мəтін тақырыбы астық шаруашылығына байланысты болмақ.

Астық шаруашылығының негізгі өндіріс саласының бірі екендігі ежелден белгілі. Уақыт бір орында тұрмайды, заман өзгерді. 90-жылдарға дейін ауылшаруашылығы құрылымының негізін кеңестік шаруашылықтар (кеңшар) мен ұжымдық шаруашылықтар (ұжымшар) құрады. 1990 жылдан бастап республиканың агроөнеркəсіп кешенінде кең ауқымды əлеуметтік-экономикалық өзгерістер болды [5]. Қазақстанда ауылшаруашылық құрылымдары жұмыс істеп жатыр. Атап айтқанда, түрлі шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, шаруа қожалықтары, мемлекеттік кəсіпорындар жəне т.б.

Көріп отырғанымыздай, сөздік қорымыздың да түрлі терминдермен, сөз жəне сөз тіркестерімен толығып, дамып жатқандығы байқалады. Ал қоғамдағы өзгерістердің кез келген халықтың тілдік лексикасына əсер ететіндігі белгілі.

Əрине, студенттің мамандығы бойынша өтілетін негізгі теориялық пəндерден өз ана тілінде (орыс) біз сөз етіп отырған мəселелер жайында жан-жақты хабардар болатынына еш күмəніміз жоқ. Мəселе — сол ақпаратты қазақша сөйлеу тілінде өз мүмкіндігінше жеткізе алуында. Еліміздің астық шаруашылығы, астық өндірісі туралы мəтіндерге негіз болатын жəйттерді күнде көзімізбен көріп, көңілге түйетіндігіміз — ақиқат. Келесі мəтін («Астық өндірісі») мазмұны осыны аңғартады.

Кредиттік жүйеде студенттің өздік жұмыстарының (СӨЖ) алатын орны ерекше. СӨЖ-ге газет материалдарынан, мысалы, егін егу, астық жинау науқаны (республика, облыс жəне аудан көлемінде) туралы мəліметтер, Үкімет тарапынан осы мəселеге байланысты атқарылып жатқан іс-шаралар, кеңестер жөніндегі берілген тапсырмалар да оң нəтижесін берді. Бұл тапсырмалар, əсіресе шығармашылық деңгейді (ІV-деңгей, Ж.А.Қараев) жүзеге асыруға, яғни студенттің тақырып бойынша өз бетінше түйін жасап, қорытындылауына пайдалы екендігін дəлелдеді.

Мамандыққа қатысты терминдер, сөз жəне сөз тіркестері, мəтіндерді құрастыру, жинақтау жұмыстары осылайша жалғасын таба береді.

Сонымен, барлық жинақталған мəтіндерді пысықтап, оны тұтас бір тарауға біріктіріп, мазмұны бойынша жақын немесе бір-біріне байланысты тақырыптар блогіне бөлдік (М.М.Жанпейісова). Олар төмендегідей:

I.   Астық өнімі — өмірдің өзегі.

  1. Агроном — ауыл шаруашылығының маманы.
  2. Астық өндірісі.
  3. Ас — адамның арқауы.
  4. Өлке байлығы — ақ бидай.
  5. Күріш дақылы.
  6. Ы.Жақаев.
  7. Тары өнімі.
  8. Ш.Берсиев.
  9. Көктемгі егіс.
  10. Астық жинау науқаны.
  11. Егін жинау жұмыстарының қорытындысы (газет материалдары).

Кəсіби мəтіндерді əрі қарай жалғастыру жəне тіл дамыту мақсатында студенттерге аудиториядан тыс өздік жұмыстары ретінде мынадай тақырыптарға материал (мəтін) жинақтап, реферат жазып қорғау міндеттері жүктелді:

  1. Дəнді дақылдар.
  2. Майлы дақылдар.
  1. Бұршақ дақылдары.

Бұған қоса кəсіби мəтін тақырыптарына қатысты суреттер жинау, альбом немесе буклет жасау, сұхбат, сөзжұмбақ құрастыру жұмыстары тапсырылды.

Кез келген мəтінмен жүргізілетін жұмыс түрлерінің, оның амал-тəсілдерінің бар екендігі (мысалы, сұраққа мəтін бойынша жауап беру, мəтіндегі сөйлемдерді сөйлемнің басқа түріне айналдыру, мəтінді сұхбатқа айналдыру, мəтінді ауызша айта білу жəне т.б.) белгілі (А.В.Текучев). Біздің мақсатымыз кəсіби мəтін түзу мəселесі болғандықтан, оған толық тоқталмадық. Тағы бір ескеретін жай, мамандыққа сай мəтіндермен жұмыстың қатысымдық жаттығулармен, грамматикалық материалдармен сабақтасып жататындығы.

Сонымен, агроном ауылшаруашылығының маманы десек, ауылшаруашылығы (егіншілік, мал шаруашылығы) — күн көрістің көзі, адамның материалдық қажетін өтейді. Əріге бармай-ақ, Мемлекеттік Əнұранымыздың «Алтын күн аспаны, алтын дəн даласы...», — деп басталатындығын барша жұрт жатқа біледі.

Алтын дəн — төккен тердің, қызу еңбектің жемісі. Оның басы-қасында əрдайым маман — өз ісінің майталман маманы жүреді...

Жан-жақты жауап беруімізге, студенттердің тіліне тиек болатын сөйлесімдерді құрастыруымызға мүмкіншілік мол. Ол — кəсіби мəтіндер арқылы студенттің қазақ тілін кəсіби қатынас тұрғыдан үйренуіне ықпал ету, болашақ кəсібіне деген сүйіспеншілігін арттыру.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту əдістемесі. — Алматы: Мұрагер, 2005. — 18-б.
  2. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас негіздері. — Алматы: Print-S,
  3. Зейнулина А.Ф. Актуальные проблемы преподавания русского языка и литературы в Казахстане. — Караганда: ТОО «Санат-Полиграфия», 2008. — С. 54.
  4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. — 1-т. — Алматы: Ғылым,
  5. Қазақстан: Ұлттық энциклопедия. — 1-т. — Алматы,

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.