Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Мазасыздық» психикалық жай-күйі лексикасы

Қазіргі таңдағы тіл білімінің өзекті мəселелерінің бірі тілдік жүйе құрылымының механизмдерін түпкілікті, əрі жан-жақты түрде зерттеу болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, бүгінгі күндегі біздің зерттеуіміздің мақсаты — «мазасыздық» психикалық жай-күйіне қатысты лексиканың мағыналық жəне құрылымдық жақтарын қарастыру. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мазасыздыққа мынандай анықтама беріледі: «Мазасыздық — əбігершілік, тынышсыздық» [1]. Мысалы: Шынында да, өзінде бір мазасыздықтың сарыны, ертеңге деген асығыстық бар-ау (О.Бөк. Қайд., қасқа құл., 167-б.). Ал Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде былай делінген: «Беспокойство, -а. 1. Нарушение покоя (Причинять б., простите за б.); 2. Тревожное состояние (С беспокойством ждать, испытывать б.)» [2].

Шамадан тыс сыртқы күштерге (өзінен тыс факторлар) шыдап, төтеп бере алмаған жағдайда адамда қолайсыз эмоциялар туындайды. Осындай қолайсыз жағдайлардан оның діңкесі құрып, берекесі кетуден стресс пайда болады (стресс — бұл ағылшын сөзі, қазақша шамадан тыс зорлану деген мағынаны білдіреді). Осы стрестің алғашқы кезеңінің көрінісі мазасыздық деп аталады [3]. Яғни мазасыздық — адамның əр түрлі (қуаныш, қайғы, ұят, ашу, қорқыныш т.б.) жағдайдағы қалпынан келіп туындайтын жай-күйі.

Тілімізде бұл психикалық жай-күй зат есім, сын есім, етістік жіне т.б. сөз таптары арқылы беріледі.

«Мазасыздық» психикалық жай-күйіне қатысты лексиканы сөз таптарынан басқа, эмоциялық күй мен мазасыздықты білдіретін əр түрлі сезімдегі етістіктер толықтырады. Мысалы: абыржу, тынышсыздану, қобалжу, əурелену, дегбірсіздену, шыдамсыздану, кейіну т.б.

Синонимдер сөздігі мен түсіндірме сөздіктерден мазасыздық жай-күйін білдіретін етістіктердің топтамасын жасағанда, төмендегідей синонимдік қатардағы құрылымдарды жинақтауға болады. Синонимдік қатар үш ядро арқылы (мазасыздық, толқу, үрей) жəне төмендегідей шеткі мағыналар арқылы көрінеді:

а) стилистикалық белгілер арқылы (күйіп-пісу, шыж-быж болу т.б.); ə) жиі болмайтын мағыналар арқылы (машақат, дүрбелең, əуре, əлек);

б) «мазасыздық» күйді білдіретін сөздермен қатар, басқа да психикалық жай-күйді қамтитын мағыналар арқылы: қысылу — мазасыздықпен қоса берілетін «ұят» психикалық жай-күйі; қозу — тек «мазасыздық» жай-күйімен ғана емес, «ашу, қаһар» күйінде де берілетін құбылыс; кеюшілік — мазасыздықпен, қобалжушылықпен, уайыммен қоса берілетін «мұң, қайғы» психикалық жай-күйі; бейнет, жəбірлік — көп уақыт бойы мазасыздықпен қатар жүретін «мұң» психикалық күйі т.б. Демек, «мазасыздық» психикалық жай-күйі де амбивалентті (екіұшты) болып келеді.

«Мазасыздық» психикалық жай-күйіне қатысты сөздерді Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен жинақтап жəне бұл жай-күйдің синонимдік қатарын құрайтын басқа да сөздер арқылы толықтырып төмендегідей етіп көрсетуге болады:

Мазасыздық — 1.Əбігершілік, тынышсыздық; 2.Үрей, қобалжушылық.

Мазасыздық — 1. Мазалау (тыныштықты бұзу); 2.Үрейлі жағдай.

Мазасыздық — 1. Бір нəрсеге əлек болу, тынышсыздану; 2.Үрей сезіну, күдіктену; 3. Біреу үшін мазасыздану.

Мазасыздану — əбігерлену, тынышсыздану.

Беймазалану — мазасы, берекесі кету.

Мазасыздандыру — 1.Біреуді мазалау (біреудің тыныштығын бұзу);

  1. Үрейлендіру, қорқыту.

Қобалжу — көңілі бұзылу, тынышсыздану. Қобалжушылық — қатты үрей, жан мазасыздығы. Қобалжыту — біреуді желіктіру.

Үрей — қандай да бір сескенушіліктен, жағымсыз бір нəрсені күтуден туатын мазасыздық.

Үрейлену — үрей, қауіп-қатер сезіну, мазасыздану, қобалжу.

Үрейлендіру — мазасыздық күйге əкелу.

Уайымдау — қандай да бір сезімді, түйсікті жағдайды сезіну, мазасыздану.

Қозу — көтерілу, қобалжу, күйгелену, мазасыздану.

Қоздыру — тыныштықсыз жағдайға əкелу.

Алқыну — қобалжу жағдайындағы жасалған іс-əрекет.

Күйіп-пісу — қобалжу, мазасыздану, алқыну, ашулану.

Күйгелену — жүйке жүйесінің қозу күйінде болуы, кейіну, мазасыздану.

Кейіну — жаман көңіл-күйде болу, қынжылу.

Кеюшілік — жан тыныштығының жоғалуы, жаман көңіл-күй.

Əбігерлену — əуре-сарсаң болу, асып-сасу. Алаңдау — бірдемеге көңілі бөліну, алаң болу. Дегбірсіздену — шыдамсыздану, сабырсыздану. Сабырсыздану — шыдамсыздану, мазасыздану. Тағатсыздану — сабырсыздану, мазасыздану. Тынышсыздану — мазасы кету, алаңдау, уайымдау.

Қамқорлық (қам) — біреу үшін мазасыздану, əурелену.

Əлек — мазасызданумен, қаммен, əбігерлікпен байланысты іс-əрекет.

Əлектену — тырысу, мазасыздану.

Азаптану — бейнет, машақат сезіну.

Бейнет — физикалық немесе психикалық қатты машақат, азап, əлек.

Қиналу — қатты физикалық бейнет, машақат.

Берекесіздену — əбден мазасы кету.

Жоғарыдағы «мазасыздық» психикалық жай-күйіне қатысты лексиканы жинақтай келіп, адамға қатысты бұл жай-күйлердің орталығында толқу сезімінің тұрғандығын байқауымызға болады. Өйткені толқу — тек адамның саналы түрдегі психикалық іс-əрекеті.

Танымдық тұрғыдан қарастырғанда мазасыздық-толқу «толқын» сөзімен анықталады. Енді біз

«мазасыздық» психикалық жай-күйіне қатысты лексиканың əр түрлі сөз таптарынан болған құрылымына тоқталайық.

Зат есімдерден жасалған «мазасыздық» психикалық жай-күйіне қатысты лексика:

Құрылымы: атау тұлғадағы зат есім + етістік +зат есім. Мағынасы: субъект бойындағы əбігершілік, тынышсыздық əрекет. Бұл жай-күйді білдіретін зат есімдер тілімізде аз емес. Мысалы:

Маза, мысалы:... жердің де мазасын əбден кетірді-ай... (О.Бөк. Таңд. шығ., I-т. 294-б.).

Мазасыздық, мысалы: Шешем бүгін көпке дейін мазасызданып жүрді (О.Бөк. Таңд. шығ., I-т. 104-б.).

Мазаландыру (қимыл атауы).

Мазалану (қимыл атауы). Мазалаңқырау (қимыл атауы). Мазалау (қимыл атауы).

Жоғарыдағы сөздердің синонимдік қатарларын субстантивтенген мынандай сөздер толықтырады: қобалжушылық, дегбірсіздік, сабырсыздық, тынышсыздық, берекесіздік, тағатсыздық т.б.

«Мазасыздық» — синтетикалық тəсіл арқылы маза зат есімінің негізінде жасалған күрделі тұлға. Сын есімдерден жасалған «мазасыздық» психикалық жай-күйіне қатысты лексика:

Құрылымы: атау тұлғадағы зат есім + сын есім.

Мағынасы: субъект бойындағы толқыған сезім мен көңіл-күйді білдіреді.

Бұл тұлға көбіне сөйлемде болымсыз мəнде жұмсалып, сын есімнің жай, салыстырмалы шырайлары арқылы жасалады.

Мазасыз, мысалы: Қоспан Қасболатқа мазасыз ойларын талай айтып көріп еді. Кейде құптағандай болады, бірақ өзінің аржағын көп аңғартпайды (Т.Ахтанов. Боран, 80-б.).

Мазалы.

Мазаң, мысалы: Ал Сарқынды шал тартқан күй одан сайын зарлап, əйтеуір бір белгісіз мазаң үнімен өршелене бебеулеп, бейуақтың тынышын алып тұрды (О.Бөк. Таңд. шығ., I-т. 42-б.).

Мазалаң, мысалы: Бірақ шешесі ұлының бұрынғыдай емес, көз алдында өзгеріп бара жатқанын ұққандай тым мазалаң еді (О.Бөк. Таңд. шығ., I-т. 84-б.).

Мазасыздау.

Бұған қоса бұл сын есімді жасаушы болымсыздық мəндегі -сыз жұрнағын тіліміздегі бей- префиксі алмастыра алады: мазасыз — беймаза, беймазалық. Мысалы: Табиғатта əзірше неге соқтырары беймəлім беймазалық бар немесе Əрбір үміттің түні ұйықтатпай, беймаза ететін қиялды сəулелері міндесе келіп, үлкен арманға, ыстық махаббатқа ұласқандай еді (О.Бөк. Таңд. шығ., I-т., 34; 275-б.).

Төмендегідей парадигмалық қатарды құрай алады:

Мен мазасызбын (мазалымын) — мен мазасыздаумын.

Етістіктен жасалған «мазасыздық» психикалық жай-күйіне қатысты лексика:

Құрылымы: зат есім + сын есім + етістік.

Мағынасы: қобалжыған, үрейленген субъектінің белсенділігін ерекше көрсетеді.

Көбіне «мазасыздық» психикалық жай-күйіне қатысты етістікті сөйлемдер адамның ішкі жəне сыртқы толғаныстарынан туған жай-күйлерін сипаттайды. Бұл құрылымдағы етістік дара немесе күрделі тұлғаларда да келе береді. Мысалы: дара — мазасыздану, мазалану т.б., ал күрделі түріне мазасы жоқ, мазаны алу, мазалай беру, мазасы кету сияқты сөздер жатады (Ондай жымысқы арман желі де түрткілеп, ертелі кеш мазалай беретін немесе Күндіз шөп орып жүргенде, түнде ғана жапалап кеткен қиынан аттарымыз қорс-қорс үркіп, мазамызды алатын (О.Бөк. Таңд.шығ., I-т., 78; 111-б.) немесе Қасболат əйелінің шаң-шұң ұрыс шығармағанына риза болғанмен, түбі ыңғайсыз үлкен əңгімеден қашып құтыла алмайтынын біліп мазасы кетті (Т.Ахтанов. Боран, 60-б.).

Етістік үлгісіндегі бұл жай-күй етістік формаларының есімше (Түні бойы əкемнің жанында болып, таң сібірлей ұйықтап кеткенде, əжем оятып: «Күн шығып келеді, əкеңнің саулығын құдайдан тілеңдер», — деп мазалайтын. О.Бөк. Мұзтау. 14-б.), көсемше (Күні бойы сені осы ой мазалап отырды ма? О.Бөк. Қайд., қасқа құл., 40-б.), болымды (Өзі тудырып, өзі өсірген шолжаң баланың орынсыз тентектігі мазасын алып, қажытқандай. О.Бөк. Мұзтау, 35-б.), болымсыз (Ол да бір мазасы жоқ, мазағы көп дəурен еді... О.Бөк. Мұзтау, 19-б.), етіс (Мүмкін, тек маған ғана солай сезілген шығар... ұмытылған, əбден ескіріп көнерген, заңсыз, күйсіз мазаланып, сағыныш сазын сыңғырлата-сыңғырлата үні таралған да шығар. О.Бөк. Мұзтау. 20-б.), шақ (Біз əсте ойламай, ойланбай ғұмыр кешкен емеспіз, əсіресе жылқының жусағанындай тынышты, айлы түнді ешкімнің мазаламауын, ұйқымыздың бұзылмауын тілейміз. О.Бөк. Мұзтау. 51-б.), рай (Осы ой арпалысы өзін тынымсыз мазаласа да, ұстап тұруға болмайтын еріксіз күш оны аэрофлот агентствосының тоғызыншы кассасына қарай итермелей берді. Д.Исаб. Таңд., 176-б.) категориялары арқылы жасалына береді. Бұған қоса «мазасыздық» психикалық жай-күйі есімді тіркес түрінде келіп, тікелей іс-əрекетті де білдіреді: Бұдан бұрынғы жылдарда маужырап тұрар мейірімді күні бар қоңыр күздің биылғы сыңайы үрейлі, зəрезап қылар мазасыз (О.Бөк. Өз от. өш., 123-б.). Осыдан келіп төмендегідей парадигмалық қатарлар келіп шығады: Ол мазасызданып еді — ол мазасызданған еді — ол мазасызданды — ол мазасызданады — ол мазасызданса.

Көбіне мазасызданғандағы адамның іс-əрекеті, қимылы əр түрлі психикалық жай-күйлердің (ұят, ашу, қорқыныш) қатысуымен көрінеді. Мұндай жағдайда адам қатты қобалжып немесе қысылып, өзін мазалаған сұрақтарға жауап іздейді. Мысалы: Жалмұқан Ақтоқтының хабарын естігенде шын сасайын деді. Қыз қылығы есіне түскенде намысы қозып, «тұра тұр, қолыма түсерсің» деп кіжініп, елінің, əкесінің мықтылығын арқаланып, бұрынғының батырларынша сайланып жеткен жігіт, енді қалыңдығын көрерге келгенде ыңғайсызданып, не істерін білмеді. Сапамен ақылдасып еді, ол:

– Қайдам... Өзің қалай көресің. Неге шақыртқанын құдайым білсін. Барсаң бар, тығылып отыра беруші ме ең. Қайта еркін жүріп, еркін ұста өзіңді. Сен несіне қаймығасың, қылмыс жасаған сен емес... — деп неше толқып, екі ұшты жауап берді.

Жалмұқан мең-зең боп ағаш үйден отауға қалай жеткенін білмеді. Ойы он сақта. «Неге шақырды? Сөзді неден бастар екен? Мен не деймін?» деген ой мазалап келеді. Оның үстіне ауыл адамдарының бəрі масқара болған күйеуге сүзіле қарап, əр жерде үдірейіп, көздерімен ұзатып тұр. Тұла бойын аяздағы қыраулы темірдей қарыған мысқылды, ажуалы, кекесін көздерден өтіп, Жалмұқан киіз үйге кірді (С.Жүнісов, Ақан сері, 156-б.).

«Мазасыздық»психикалық жай-күйіне байланысты одағай сөздер:

Алла сақтасын! Не жазып едім! Иə, аруақ, қолдай гөр! Қап! Əттеген-ай! Енді қайтейін! Қате болды-ау! т.б.

«Мазасыздық» психикалық жай-күйінің метафоралық қолданымы:

Құрылысы: қатыстық «мазасыздық» психикалық жай-күйі.

Мағынасы: ауыс мағынадағы тынымсыз іс-əрекет.

Көбінесе бұл əдеби шығармаларда табиғаттың тынымсыз əрекеттерін суреттеуде (кейде табиғат пен адамды параллельді түрде суреттеу: мазасыз жел = мазасыз ішкі жандүние) кеңінен қолданылады.

Мысалы: Алдымен күндізгі мазасыз суық пен қар басқан көңілсіз елсіз даладан құтылған болу керек (М.Əуезов. Қорғ. күні, 11-б.).

«Мазасыздық» психикалық жай-күйіне байланысты тұрақты тіркестер:

Тілімізде «мазасыздық» психикалық жай-күйі тұрақты тіркестер арқылы беріледі, олар саны (фразеологиялық сөздік бойынша) жағынан 8,4 %-ды құрайды: азар да безер болды, ат үстіне ұйықтады, алас ұрды, азапқа салынды, əбігер болды, əрі-сəрі (дел-дал) болды, басын қоярға жер таппады, басын тауға да, тасқа да соқты, безек қақты, берекесі кетті, дамыл көрмеді, жай таптырмады, дығыры мен ығырын шығарды, дегбірі қашты, жанын қоярға жер таппады, жан жүйесін босатты, жүрегі май ішкендей болды, жүрегі өрекпіді, жын буған бақсыдай бүлінді, зықысы шықты, итін шығарды, көңілі алып ұшты, көңілі босады, күйін қашырды, күпті болды, құлағының етін жеді, мазасын алды, мазасынан айрылды, мазасы болмады, мезі болды, от боп жанды, сарсаң қылды, сасып қалды, сиқы кетті, тағат қылмады, дəйек таппады, төбесіне құй қазды, тыным таппады, ұйқы қашты, ығыр болды, іші алай-түлей болды, ішті жеді (диал. сабыс болды, əмір жоқ) т.б. Мысалы: Тютю кеткен соң, Матенов жалғыз отырып ойланды, өз ісіне өзі анализ жасамақ еді, жүрегі қобалжып, белгісіз бір алаңдау билеп алған көңілі алып ұшып, бір орында отыра алмады (Ə.Тарази. Тасжарған, 103-б.).

«Мазасыздық» психикалық жай-күйінің қалпы мен тілдік емес белгілері:

Мимика (бет қимылы, соның ішінде көздің айқын көрінісі): көзі қарауыту, бұлдырау.

Пантомимика (бүкіл дене қимылы): тыпыршып бір орында тұра алмауы. Мысалы: Əшейінде Сəбираның үйде бар-жоғы біліндеуші еді, осы жолы оның əрбір кіріп шыққаны Қасболаттың мазасына тиді. Шау тартқан денесімен бірге ойы да бейжай күйге түсіп, астан кейін маужырап дем алудың орнына əлденеге сіркесі су көтермей... Қараптан қарап берекесі қашып, себепсіз мазасызданғанына Қасболаттың өзі де түсінбеді (Т.Ахтанов. Боран, 47-б.).

Дауыс ырғағы (дауыс тембрі мен интонациясында сезімдердің көрінуі): толқудан сөйлей алмауы, дауыстың дірілі.

Бет-əлпетінің өзгеруі (бет-əлпет түсінің өзгеруі арқылы сезімдердің білінуі): мазасыздықтан, толқудан бетінің қуаруы, қызаруы.

Дем алу қарқыны: тыныстың тарылуы.

Жүрек қызметі: жүректің жиі соғуы (дүрсілдеуі), жүрегі қобалжу, жүрегі май ішкендей болу, жүрегі өрекпіді т.б. Мысалы: Тағы не сұмдық болды. Апырай, жүрегі, құрғыр, алып ұшып, неге дүрсілдеп кетті. Тулап барады ғой. Сап-сап. Шыда, шыда. Бұл не? Дүние төңкеріліп барады. Аспанның қарайып бара жатқаны несі. Мынау жер ме, аспан ба? Жұрт не деп шулайды. Құлагер дей ме? Пырағым, қанатым! Сары аттың үстіндегі Ақан көзі қарауытып, теңселіп кетті. Түк көрмей, түк естімей, көзінің алды бұлдырап, тұнып барады (С.Ж. 369-б).

Дене температурасы: қызудың көтерілуі немесе суық тердің шығуы.

Жоғарыда аталған «мазасыздық» психикалық жай-күйінің физиологиялық қасиеттерінің ішінде көп кездесетіні — пантомимика. Сонымен қатар жүректің жиі соғуы, тыныстың тарылуы — ашуға, бет түсінің қуаруы — қайғыға, қызаруы ұятқа тəн құбылыс.

«Мазасыздық» психикалық жай-күйінің кинематикалық белгілеріне келетін болсақ, көбіне адам мазасызданғанда, бір орында отыра алмай, айналшақтап, өзін-өзі жегідей жейді. Бұл еркекке де, əйел затына да ортақ болып келе береді.

Көңіл-күй одағайларының жағымды не жағымсыз түрлері сөйлеушінің шынайы эмоционалды қарым-қатынасын білдіреді. Мысалы, ойбай, алла-ай, құдай-ай сияқты мазасыздықты білдіретін одағайларды ер адамнан гөрі, əйел заты көбірек қолданатындығы байқалады [4]. Мысалы: Кемпір де, келіні де тынышсыздана бастады. Қалтай бұл жұмыстан ерте бастан өз бастарын арашалап қоймақ болып, əуелдегі айта бастаған сөзінің жөнін баптап ұқтырып, бұл бір пəленің боларын алдын ала білгендей дайындап алған сөздерін сенімді қылып айтып шықты... аналардан бұрын сезіктенгендей, тынышсызданғандай пішінге мінді. Кемпір мен соқыр ана шошып: «Қарағым-ай! Үсіп кетер ме екен? Құдай-ай, тағы неге ұшыраттың?» — десіп киініп, тысқа шығуға айналды (М.Əуезов. Қорғ. күні, 21-б.).

Адам мазасызданғанда, өзін мазалаған сұрағына жауап іздеу барысында сұқ саусағын шошайтады. Мұндай дəстүрлік-авторлық кинема жеке кейіпкердің өзіне тəн əрекетін, əдетін көрсетеді [5]. Мысалы, О.Бөкеевтің «Атаукере» повесіндегі Тағанға ғана тəн қимыл: Жатқан қалпында сұқ саусағын шошайтып: – Неге біз осы... жанымызда жанып тұрған отты не су құйып өшіреміз, не болмаса май құйып лаулата өртеп жібереміз немесе: – Неге біз осы... деп, ежелгі əдетінше сұқ саусағын шошайтты (О.Бөк. Таңд. шығ., I-т., 79-б.).

«Мазасыздық» психикалық жай-күйі — тіліміздегі екіұшты құбылыс. Бұл күйді тудырушы жағдайлар жағымды (қуанышты жағдайда сенер-сенбесін білмеу) немесе жағымсыз (ойлаған əрекеті жүзеге аспағанда) да болуы мүмкін.

Айналада шилер, шеңгелдер суылдап, жел шулап, ысқырып, дүние азан-қазан боп барады. Түннен, суықтан сескенген мал атаулы маңырап-мөңіреп, иттер арсылдап тынымсыз үріп, ауыл үстіне қалың шу тағы орнады.

Тəкежан, Əзімбайлар жылы киініп алып дамыл таппай айқайлап, бұйрық етіп тыста жүр.

  • Күн жаман боп барады! Сақ бол!..
  • Малға сақ бол, шығып кетпесін!
  • Ықтырманы баға көріңдер. Малшылар, қатындар, тегіс тыста бол!
  • Шық тысқа тегіс, көз айырма малдан!..

Ықтырма құламасын!.. Малға ие бола алмай қаламыз!.. десіп əбігер-əлекке түскен малжанды байлар ақыра айқайлап жүр.

Тəкежан барлық жұртқа тағы бір əмір берген.

  • Айқайлап тұрыңдар! Малды шəйт-шайлап қайырып тұр. Ес болыңдар малға. Қасқыр... Мұндайда қасқыр араласып жүрмесін, айқайла! Дыбыста! Үзбе айқайды! — деп, əр тұстағы барлық жанға қатты бұйрық тастап, тынымсыз кезіп жүр (М.Əуезов. Абай жолы, 78-б.).

Бұл мысалдан көретініміз, біріншіден, мазасыздық жай-күйінің артында қорқыныш жай-күйі тұр, яғни адамның мазасыздығын тудырып тұрған бұл — қорқыныш. Қазақ қай кезде болмасын өзінен бұрын «мал-жаның аман ба?» деп төрт түлігін қадірлеген халық. Екіншіден, осы мазасыздық жай-күйін беруде бұйрық мəнді толымсыз сөйлемдер белсенді қолданылып тұр.

Мазасызданғандағы адам баласына тəн тағы бір қасиет — өзінің жанын жегідей жеген сұрақтарына жауап іздеу. Демек «мазасыздық» психикалық жай-күйін беруде сұрау мəнді сөздер, сөз тіркестері мен сөйлемдердің де қызметі айрықша. Мысалы: Сабырсызданған балалар «келіп қалды!» деген сөзге, шынымен иланып, құнан, бестілеріне жүгірісіп, асығып мініп, «қайда, қайда?» десіп, қарбаласып жүр.

Құмалақ атаулының бір де бір жол, дəл осы жерде анық айтқаны келіпті. Атына жаңа мінген Дəрмен асу жаққа көз салып:

– Жаным-ау, мына Мұқаның ақ мартуы бар ғой, жарандар-ау! Əне, келіп қалды Əбіштер! —деді де, тебініп ілгері баса берді (М.Əуезов. Абай жолы, 104-б.).

Адамның көңілі жай таппаған мазасыз сəттерде көбіне ол өзін қоярға жер таппай, ой үстінде болып, басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудан гөрі, өзімен-өзі іштей (монолог басым болады) əңгімелесіп, мазалаған ойына жауап іздейді. Мұндай арпалыс-толғаныс күйдегі адам ұзақ уақыт істеген іс-əрекеттеріне ойланып толғанады, күйінеді, ұялып не болмаса ашулануы да мүмкін. Бұл мазасыздық жай-күйінің ұзақтығын көрсетеді.

Бағиланың екі бетіне қан теуіп, ернін тістелеп, сүйріктей саусағымен алдындағы шыны аяқты айналдыра берді. Бір сəтке өзін қорсынып, кісі көңіліне қарамайтын əйел заты екен деп аямайтын мына жігіттің алдында намысы жер болғандай сезінді. «Мен мұнда неге келдім? Шынында неге келдім?» — деді ол ыңғайсызданғаннан екі қолын қоярға жер таппай бірде шыны аяқты, бірде тізесін ұстап. – «Адамды азап айдайды» деген рас болар. Тіпті «жүріңіз» деп өтінбесе де, «Қайда келе жатқанымды білемін, несіне сұраймын», — деп данышпанси қалуыма жол болсын. Енді келіп жан баласынан естімеген сөз естідім. Бəлкім... бəлкім солай-ақ шығар, менің тəрбием басқа, білгенім аз шығар, — деді ол іштей жыларман халде ойын жалғастырып, енді сол үшін кісінің намысын жыртып, арына тию керек пе? Олай талап қоюдың өзі білместік қой, тіпті есуастық, иə, есуастық... (Д.Исабеков. Қарғын, 106-б.).

Қорыта келгенде, «мазасыздық» психикалық жай-күйі барлық психикалық жай-күйлерде (ашу, қуаныш, қайғы, ұят, қорқыныш т.б.) көрініс беретін, тілдік тұрғыдан берілуі екіұшты күрделі болып келетін, адамның жағымды я жағымсыз əрекетінен келіп туындайтын ұзақ мерзімді (адам мазасызданғанда көңілі бірден орнына түсе қоймай, толғандырған жағдайына, сұрағына т.б. жауап іздейді, алаңдаушылық танытады) физиологиялық құбылыс болып саналады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. — IX-т. — Алматы: Ғылым, 1986. — 86-б.
  2. Ожегов С.И., Шведова Н.Ю. Толковый словарь русского языка. — М., 2000. — С.
  3. Сəбит Бап-Баба. Жалпы психология. — Алматы, 2003. — 275 б.
  4. Арыстанбаев М.Ғ. Қазақ тіліндегі сөйлемнің оқшау бөліктерінің функционалдық стильдердегі қызметі: Филол. ғыл. канд... дис. автореф. — Алматы, 2006. — 12-б.
  5. Нұрсұлтанқызы Ж. О.Бөкеев шығармаларындағы бейвербалды амалдар: Филол. ғыл. канд. дис... автореф. — Алматы, 2006. — 11-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.