Қарағанды университетiнiң хабаршысы

Тіл біліміндегі модальділік бір сөйлем аясында грамматикалық белгілері толық айқындалатын категория емес. Кейде модальді реңк кем дегенде екі, үш сөйлем аралығынан немесе тұтас мəтін деңгейінен анықталатын жағдайлар да болады. Мұндай ерекшеліктер аталған категорияны мəтінмен байланысты қарауға мəжбүрлейді. Модальділік категориясы функционалдық сипат алғанда, грамматикалық ерекшеліктері толығып, тіл біліміндегі басқа заңдылықтармен қарым-қатынасы, байланысы сараланып, кешенді талдауға мүмкіндік туады.
2009

С.Мұқановтың поэзиялық мұралары — қазақ поэзиясындағы өзінше бір көркемдік əлемді қалыптастырған үлкен бір белес. Бұлайша бағалауымызға С.Мұқанов өлеңдерінің тілі, ондағы көріктеу құралдарының қолданылу ерекшеліктері негіз болады. Мақаланың мақсаты да — жазушы қолданған көркемдік əдіс-тəсілдерді оның поэмалары мен өлеңдері негізінде толық ашып көрсетуге талпыныс жасау. «Жазушының дүниені ерекше көркем түсінуі, сезінуі, оның көркемдік əдісі міндетті түрде оның шығармасында көрініс табады» [1]. Осы орайда С.Мұқанов ұлттық сөз өнерін терең игерген ақын ретінде де танылады. Қазақ халқының дəстүрлі сөз қолданыстарымен армансыз сусындаған академик-жазушы өзінің поэзиялық шығармаларында соларды дамыта, түрлендіре, өзіндік бет- келбетімен қолданған.
2009

Қазақ халқының өз өмiрiне лайықты көптеген спорттық ойын-серуені болған. Аң аулау дəстүрі сонау көне заманда адамдардың күнкөріс кəсібімен бірге туғаны белгілі. С.Мұқановтың пікірінше, «көшпелі елдердің тіршілігіне көз салсақ, малшылық пен аңшылық егіз туғанға ұқсайды. Əйтсе де ең алдымен аңшылық пайда болған. Себебі үй хайуандарының өздері алғашында тағы хайуандар болғаны мəлім. Адамзат ең алғаш рет соларды аулап, тірідей ұстағандарын қолға үйреткен де, үйренбегендерін аулап, пайдалануын доғармаған» [1; 86].
2009

Блогтардың көпшілігі жеке күнделік түрінде де болады. Ал енді біреулері жаңалықтарды хабарлайды немесе сараптама жасайды, жаңа сайттарды талдап, баға береді, Интернеттегі жаңалықтарды жəне соңғы ақпараттық технологиялар туралы лезде мағлұмат таратады. Блогтардың бірсыпырасы саясат мəселелерімен байланысты болса, сондай-ақ жекелеген мүдделерге арналған блогтар да бар. Блогтардың негізгі бөлігі жеке сипатта көрініс тауып, автордың субъективті пікірі мен өзіндік стилі, тілі басқаларынан ерекшелеп тұрады. Сондықтан, блогтарды негізінен алғанда, жекелеген сипаттағы веб-сайттар деп те айтуға болады.
2009

Баспасөз беттерінде бір үрдіс белең алуда. «Азаматтық қоғам», «азаматтық альянс», «азаматтық мемлекет», «азаматтық аудитория» деген терминдерден көз сүрінеді. Бұған «азаматтық журналистиканы» қосыңыз. Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдары аудиторияны тығыз байланыста ұстап, оларды өз ісіне тарту, шығармашылыққа баулу, ақпарат жинауға қарапайым тұрғындардың араласуына жағдай жасауда. Оның үстіне күнделікті тіршілік түйткілдерінің, нақтырақ айтқанда, əлеуметтік проблемалардың басты тақырыпқа айналуы азаматтық журналистика құбылысын одан ары қарай дамытып отыр.
2009

Халықтың рухани шығармашылығының ішіндегі ақындар айтысы сияқты көпшіліктің көңілінен шығып, асыға күтетін өнер додасы ХХ ғасырдың соңғы жиырма жылы мен ел тəуелсіздігін жариялаған тұстан бері мүлдем жаңаша сипат алып, өзінің қуаттылығы мен көкейкестілігін бұқара халыққа жақсы танытты. Ең алдымен ұлттық идеологияның жалынды жаршысына айнала білген ақындар айтысы ақпараттық-насихатшылдық тұрғыдан басқа өнер түрлеріне қарағанда өзінің алымдылығы мен оңтайлылығын қоғамға барынша дəлелдеді. Əрине, бұл құбылыстың пайда болуы кейінгі отыз жылдың бедерінде ғана емес, оның тамыры тым əріде екендігін ғалымдарымыз қазіргі кезде байыптап безбендей бастады.
2009

Дүниеге шыр етіп келіп жатқан сəбидің бəрі бақыт. Ата-ана, ел мен жер, бұқара халықтың тілегі мен тірегі сол. Қуаныштары қойнына симай, кең даланың керім де, саумал саф ауасын сіміре жұтып, ұлан-асыр толайым тойдың басталып кететіні де осы сəт. Дəл осыдан тоқсан екі жыл бұрын Арқаның кербез сұлу Көкшетауының бəденді Зерендісіндегі Қойсалғанда «Сүйінші!», «Сүйінші!» деген қуанышты хабар қарашаның жаңбырыдай селдеген, сексен көлдің толқынындай тербелген. Суырып салма өлеңнің сұрапылы И.Байзақов айтқандай: «Ер туып, жоқ елді бар қыла алмайды, Ел болмаса, ер туғызбай тұра алмайды» [1] дегендей, дүниеге Мəлік атты «ат ұстар» ұлан келген. Дүйім елге бақ болып келген баланың балалық базары, тарқамайтын думанды күндері бізге беймəлім.
2009

Қарахандар дəуірі түркі əдеби мұраларында тұңғыш тəжірибе, ілкі ізденіс деңгейінде көрінетін түркі ақындарының көркемдік кемелдікке жеткен араб-парсы тілді поэзиямен бəсекелесуі Алтын Орда дəуірінде айрықша қарқын алып, түркі əдебиеті шығыстық көркемдік-эстетикалық əлемінің аясына енді, жаңаша бір арнаға бет түзеді. Аталмыш дəуірдегі осы жаңаша арнаның жарқын сипаттамасын профессор А.Қыраубайқызы былайша атап көрсетеді: «Араб халифатының қол астына кірген елдердің мəдениеті мен əдебиетінің бірыңғай əдеби дəстүрмен дамығандығы, ол əдеби дəстүрдің Шығыста, оның ішінде түркі халықтары əдебиетінде орнықты болғандығы сондай, халифат ыдырап, оларды монғолдар жаулап алған кезде де, сол халифаттар құрамындағы ру, ұлыстар жеке- жеке хандықтарға, мемлекеттерге бөлініп кеткеннен кейін де ұзақ уақыттар сақталды деуге болады. Сондықтан шығыс алыптары Фирдоуси, Низами, Сағди қалдырған жолдар түркі тілдес халықтар əдебиетіне етене жақын еді. Олардан қалған үлгі араб, парсы, түркі тілдерін бірдей білетін түркі ақындарына шеберлік мектебіндей болған» [1; 77–78].
2009

Ш.Мұртазаның шығармашылық ғұмырбаянында ерекше орын алатын жəне бір көркемдік əлем — оның аудармалары. Жазушының алғаш шығармашылығына аудармаға бет бұруы оның студент кезіндегі Мұстай Кəрімнің «Біздің үйдің қуанышы» атты повесін аударғанынан басталғандығын айтуға болады. Аударма саласындағы ізденіс Ш.Мұртаза журналистикаға келген жылдары газет материалдарын, хабарламаларды, лездемелерді аударып, көшіруінде жалғасын табады. Нағыз көркем шығармашылыққа бой ұрған сəтінде Ш.Мұртаза ғасырымыздың алып тұлғасына айналған жазушы Ш.Айтматовтың бірнеше туындыларын аударуда үлкен жетістіктерге жетіп, оқырман мен автордың арасында дəнекер байланысшыға айналды.
2009

Қазақ əдебиеттануының сан алуан өзекті де тың жатқан ғылыми мəселелерін зерттеушілер шоғырының алдыңғы қатарында əдебиетші Əбіш Жиреншин есімі ерекше құрметпен аталады. Оның ғылыми мұрасы бүгіндері де ұлттық əдебиеттануда үлкен маңызға ие болып табылады. Бұл ретте абайтану іліміндегі ғылыми-зерттеу мақалалары жəне де қазақ кітаптары тарихы сынды тың арнадағы зерттеуі Ə.Жиреншин ғылыми мұрасының маңызын айқындаумен қатар өзіндік даралығын да танытады.
2009

Əдебиет тарихын дəуірлеу — əдебиеттанудың қай саласының болмасын түйінді өзегі. Өз кезегінде дəуірлеу мəселесіндегі ғылыми принциптердің əрқайсысы əдебиеттанудың əдебиеттің тарихы, сыны, теориясы салаларымен үнемі бірлікте қарастырылады. Сондықтан да ұлттық əдебиеттанудағы тұңғыш теориялық еңбек А.Байтұрсыновтың «Əдебиет танытқышында» да əдебиет тарихын дəуірлеу сияқты басты мəселе зерттеушілік назардан тыс қалғаны жоқ. Өйткені ғалым Р.Нұрғали «қазақтың ұлттық əдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты- басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған» [1] деп жазғанындай, əдебиет тарихын дəуірлеуге қатысты ғылыми пікірлері, оны теориялық негіздеуі де қазақ топырағында туған озық ғылыми тəжірибенің айрықша құбылыс болып табылатын көрінісі болатын. Зерттеуші жазба əдебиетті діндар жəне ділмəр дəуірі деп екі дəуірге бөліп қарастырады.
2009

Мақалада біз 1920–30-жылдары əдебиеттің өре-деңгейі, даму өрісі турасында болған, кезінде үнемі таластар мен тартыстар туғызып отырған əдеби-теориялық ой-пікірлер ішінен өз мақсатымызға орай ағымдар мен көркемдік əдіс төңірегіндегі болжамдар мен көзқарастарға тоқталамыз. Ұлттық əдебиеттану ғылымының қалыптасуы мен дамуына арнап бірнеше сүбелі еңбектер жазған ғалым Ж.Смағұлов: «Жалпы қазіргі таңдағы қазақ əдебиеттануында ұлттық əдебиетіміздегі романтизм, реализм, сыншыл реализмнің көркемдік əдіс ретінде көрініс табуы мен əдеби ағымдар платформасының қалыптасуы кең масштабта қарастырылған жоқ. Əдебиет теориясына арналған монографиялардағы анықтамалық сипаттамалар мен жеке ақын-жазушылар шығармашылығын қарастырған еңбектердегі ой-пікірмен қанағаттанып жүрміз. Сол себептен де 20-жылдар əдебиетіндегі көркемдік əдіс мəселесі даулы күйде қалып, 30-жылдардан басталған социалистік реализмге бір-ақ секіріп келдік» деп ағымдар мен əдістер теориясының əлі де болса жүйелі зерттелмей келе жатқанына қынжылыс білдіруі де əбден орынды [1].
2009

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.