Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ш. Мұртаза аудармаларының көркемдік сипаты

Ш.Мұртазаның шығармашылық ғұмырбаянында ерекше орын алатын жəне бір көркемдік əлем — оның аудармалары. Жазушының алғаш шығармашылығына аудармаға бет бұруы оның студент кезіндегі Мұстай Кəрімнің «Біздің үйдің қуанышы» атты повесін аударғанынан басталғандығын айтуға болады. Аударма саласындағы ізденіс Ш.Мұртаза журналистикаға келген жылдары газет материалдарын, хабарламаларды, лездемелерді аударып, көшіруінде жалғасын табады. Нағыз көркем шығармашылыққа бой ұрған сəтінде Ш.Мұртаза ғасырымыздың алып тұлғасына айналған жазушы Ш.Айтматовтың бірнеше туындыларын аударуда үлкен жетістіктерге жетіп, оқырман мен автордың арасында дəнекер байланысшыға айналды.

«...1985 жылы бір үзіндісі «Литературный Киргизстан» журналында жарияланысымен, «Айтматов жаңа роман жазыпты» деген хабар қалың оқырманды да, əдебиетші қауымды да қатты елеңдетіп, күні бұрын шығармаға ынтызар етті. Шынын айту керек, Шыңғыс романы басылған «Новый мир» журналын қолға шырақ ұстап жүріп таппайсыз, біреуден-біреу сұраған, кезек күткен, тауып бер деген жағдай бар. Дүкендер оқылмайтын кітаптарға толып, аузы-мұрнынан шығып, жазымпаздардың кереқарыс романдары тау-тау үйіліп, көр-жерге айналып макулатураға кетіп жатқанда, əлі жеке кітап болып шықпаған, журналда ғана жарияланған дүниесін əр ұлттың əр жастағы, əр мамандық иелері ат арылтып, Айтматовтың жаңа романының атына дəл балама таба алмай қиналды. Шынында, қазақ, қырғыз арасында да жан түршігерлік неше түрлі жазалау түрлері болған ғой: дарға асу, қазыққа отырғызу, ат құйрығына байлап жіберу, көмейіне қорғасын құю, тірідей жерге көму, тас боран жасау, бауыздап өлтіру, омыртқасын сындыру, айта берсе, жауыздық əрекеттер толып жатыр» [1; 360] деп романның əдеби процесте қалай бағаланып, кереметтей құнды жаңалық алып келгені туралы айтқан академик Р.Нұрғали ендігі бір тұста «Плаха» романының тақырыбының аударылуының өзінде үлкен мəн-маңыз бар екеніне де тоқталып өтеді: «Ал енді, біз білгенде, адамның басын ағашқа салып шауып өлтіру — қазақ, қырғызда жоқ əдет. Бірақ Қазақстанның орман-тоғайлы жерлерінде «плаха» ұғымын беретін «жаңғырық» деген сөз бар. Бұл «Эхо» дегендегі жаңғырық емес, кеспек, дөңбек, шөрке сөздеріне жақын, қарағай, əсіресе қайың секілді қатты ағаштардың бұтақты, безді, берішті тұстарынан əдейі арнап кесіп алған, ағаш бұтағанда, отын кескенде балтаның астында жататын төс ағаш, орыс тіліндегі «плахаға» образдық, заттық, деректілік тұрғыдан да жақын сөз деп білеміз. М.Əуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов шығармаларында «жаңғырық» сөзінің екінші мағынасы — төс ағаш, плаха» [1; 361].

Біз роман атына неге көп тоқтап тұрмыз?

Себебі қашан да Айтматов шығармаларының аты авторлық концепциямен, суреткерлік идеямен, жазушы позициясымен, образдар табиғатымен терең диалектикалық байланыста: туындының эстетикалық əсері, философиялық салмағы, көркемдік сарыны сығымдалып, тұжырымды əрі бейнелі түрде оның атынан көрініп тұрады, кейде сиқырлы күшпен символдық мəнге ие болар тұстары да бар. «Ана-Жер-Ана», «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Боранды бекет» — осылардың бəрінде образды, астарлы, ишара, терең, тұңғиық мағына жатыр.

Жазушының соңғы романының аты туралы да осыны айту керек. Жазушы Шерхан Мұртаза «Плаха» романын «Жан пида» деген атпен қазақшалады.

Ш.Айтматовтың бүкіл əлемді таң қалдырған «Плаха» романы кəнігі жазушы һəм аудармашы Ш.Мұртазаның да назарынан тыс қалмады. Мұның алдында əлем жазушысының біраз шығармасын аударған Ш.Мұртаза «Плаха» романын қазақ оқырманына нағыз жүрек үнінде жеткізуге асығады. 1986 жылы Ш.Айтматовпен болған əңгімелесуінде жазушыға романның тақырыбы туралы өз көкейіндегі жүрген сұрақты қояды:

«... Енді күнбе-күнгі тіршілігімізге оралсақ деймін. Ол — сіздің жаңа романыңыз жайында.

Орысша «Плаха» депсіз?

Ш.Айтматов: — Қырғызша «Баталға» деп алдық. «Башым баталға», «баш сайдым» деген ұғымға жақын. Орыстар «иду на плаху» дейді ғой» [2; 462]. Көп ұзамай, Ш.Мұртаза «Плаха» романын қазақшаға тəржімалайды. Ол Айтматов шығармаларын аударуға қандай ынтызарлықтан баратындығы туралы терең тебірене жазды: «Ал Айтматов болса, бір басып өткен жерді қайта-қайта таптаурындай беруді қаламайды. Оның алдында ылғи да жаңа асулар, жаңа заңғарлар тұрады. Ол да биіктен биікті бағындыра беруге ынтызар альпинистер сияқты. Ол «жеттім», «болдым-толдым» демейді.

«Жеттім» деген жығылады,

«Толдым» деген төгіледі.

Сонау «Қош бол, Гүлсарыдан» бастап, Айтматов тақырыптары бірін-бірі қайталамай оның кейінгі əрбір туындысы бүкіл қоғам, бүкіл əлемдік орбитаға шығып алып, сол биіктен түспей қойғаны сондықтан. Оған жаңа роман — «Жан пида» куə» [2; 465] дей келе, автор «Жан пида» романын аудару да өзіне оңай соқпағаны туралы айта келіп, əсіресе оның философияға толы дін туралы айтылатын тұстарында біраз қиналысқа түскенін де жасырып қалмайды.

«Жан пиданы» орысшадан қазақшалау бұл жолы маған біраз қиын соқты. Əсіресе Авдий тараулары: дінге, биік материяға байланысты толғамдар, ойлар; Иисус Христос пен Понтий Пилаттың айтысы... Оны аударудан бұрын тіпті «Библияға» («Інжілге»), оның Кадимше жəне Жəдидше (Ветхий и Новый заветы) өсиеттеріне тағы да үңілуге тура келді.

Бұл кітап жөнінде де кейбір тоғышарлар арасында күңкіл-сүңкіл əңгімелер жүрді. Біздің тоғышарлар: ойбай, Айтматов біздің Мойынқұмды оңдырмай жазыпты! — деді. — Облыс басшыларын сынап тастапты, — деді. Ал Орталықтағы тоғышарлар: — Айтматовтың христиан əлемінде несі бар? дегісі келді («Комсомольская правда»).

Ал бүкіл дүние жүзі Айтматовтың жаңа романын сиясы кеппей жатып, қолдан қолға қағып алып, өз тілдеріне аударуға асықты» [2; 473].

Жалпы Шерхан Мұртазаға Шыңғыс Айтматов шығармаларын аударуда цензураның да ықпал- əсері мол болған. Іші тар, көре алмайтын кейбір үкімет басшылары мен шығармашылық қауым иелері де түрлі қауесет таратып, Шыңғыс Айтматовтың прозасында бейнеленген қазақ даласы мен ауыл адамдарының тіршілігіндегі орын алған көптеген келеңсіздіктерді суреткердің мəселе етіп көтергендігін оқырмандарға басқаша түсіндіріп бақты. Тіптен, Шерхан Мұртазаның бұл шығармаларды аударуына үзілді-кесілді қарсы шыққандар да болды.

«Менің əр кітаптан үзіп-жұлып алып отырғаным — Айтматов көтерген зілмауыр проблемалардың бірлі-жарымы ғана. Жазушының жүрегін тасжарғандай жарып өтіп, əлем, адам алдына қойылған қаншама сұрақтар тұр десеңізші.

Мен «Боранды бекетті» қазақшаға аударып жүргенде мынадай бір сорақылау əңгіме болды. Сол кездегі Госкомиздаттың бастығы баспаның директорын қысады: «Буранный полустанокті» аударуға неге шарт жасастың? — деп. — Қалайда шартты бұз. Мұртазаевқа айт: басқа кітап аударсын!» — деп. Мұртазаев оған көне қоймайды. Ол кітап аударса ақша табу үшін аударып жүрген жоқ. Өзінің жазатын дүниесі жетеді. Аударса, Айтматовтың кітабын шын құлай сүйгендіктен, бар жан-тəнімен беріле аударады. Басқа кітап керек емес» [2; 472].

Сан жөнінен, көлем тұрғысынан қарағанда, Шыңғыс Айтматов туындыларының мөлшері көп емес, кез келген əдебиеттегі қарабайыр, коңыртөбел прозаиктердің бірқатары ондай нəрселерді елуге жетпей-ақ, жазып тастай береді ғой. Ал мағына, тереңдік, көркемдік критерийлеріне жүгінсек, қазіргі əлем өнерінің ең үздік шығармаларының қатарында Айтматов туындыларының көрінуі, қырғыз, қазақ əдебиеттері үшін ғана емес, кеңес əдебиетінің мерейі, халықтық, гуманистік мұраттарды ұстанатын өнер салтанаты.

Айтматов талантының сапалы бір ерекшелігі, ол əрбір кезекті шығармасында тың өмірлік материалды ала отырып, соны стильдік, композициялық форма пайдаланып, жаңа образдар, тосын тұлғалар тудырып, ерекше көркемдік əлем ашады. Айрықша ескерер жайт — күні бүгінге дейін ол бір шығармасында қолданған баяндау тəсілін, архитектоника элементтерін екінші рет қайталаған жоқ. Үнемі, тұрақты қайталанатын бір-ақ нəрсе бар. Айтматовтың барлық туындысының темірқазығы — адам, ауыр тағдырлы, трагедиялық қаһарман. Жəмиладан басталған осы арна Танабай, Едігеге жетіп, енді Авдий Калистратов, Бостан Үркіншиев болып жалғасып барады.

Жазушы творчествосындағы ең үлкен сарын, басты пафос өмірдің сұсты келбетін, тіршіліктің қаһарлы сырын реалистік дəлдікпен, азаматтық адалдықпен, суреткерлік шыншылдықпен,қаламгерлік тереңдікпен бейнелеу, адамдар тағдырындағы диалектикалық қайшылықтарды ашу, өмір мен өлімнің мəңгілік тайталасындағы жеке адамның орнын көрсету; жазушы науқандық, өткінші ұрандарға бой алдырмай, көркемдік, идеялық, шыншылдық талаптарын берік те қатал ұстанады. Əдебиет тарихы қанша тереңде жатқанымен, жазба ескерткіштері мол болғанымен, қазақ, қырғызда реалистік əңгіме, повесть, роман дəстүрінің шағындығы əр кезде шаң беріп қалады. Біреулер фольклорлық сарындарға түсіп кетсе, екіншілер əдеби схемаларға құрылады. Аңыз, миф байлығы мен реализм мектебіндегі шеберлік сырларын əлеуметтік, психологиялық проза сабақтарына берік ұластырып, қазіргі заманның күрделі шындықтарын ашатын, ұлттық бояуы қанық, интернационалдық байлығы мол, философиялық терең мазмұнды формасымен көз тартатын жүзіктің көзінен өткендей көркем, ықшам, қорғасындай салмақты туындылардың тұтас галереясын жасады.

Əлемдік əдебиетке тың тақырып, соны идея алып келген, авторлық концепцияның кемелдігін танытқан Ш.Айтматовтың суреткерлік шеберлігін əдеби-сыни жəне ғылыми тұрғыдан тану қырғыз ұлтының əдебиеті үшін қандай қажет болса, қазақ əдебиеті үшін де үлкен маңызға ие. Əдебиет айдынына қалқып шыққан Ш.Айтматовтың шығармаларының орыс тілінде жарық көргені жасырын емес. Міне, сол кезеңде əлемді аузына қаратқан ұлы шығармаларды қазақ ұлтына жеткізу үшін аудармашы керек еді. Негізінен аударма деген əдебиет ғылымындағы аса бір күрделі жанр. Аударманың өзіндік талаптары мен талғамын, теориясы мен методологиясын былай қойғанның өзінде аудармашы ең алдымен түпнұсқадағы шығарма жəне шығарманың авторын білу аздық етеді, ол сол халықтың ұлттық ділі мен тілін, психологиясы мен этнографиясын терең білетін, шын сезініп, шын сүйсінетін жан болуы тиіс. Егер осы ой тұрғысынан қарар болсақ, Ш.Айтматов бақытты жазушы, себебі ол өзінің нағыз аудармашысын тапқан жан. Ш.Айтматов шығармаларын қазақ тіліне аударуда еселі еңбек сіңірген қазақ жазушысы Шерхан Мұртаза болуы кездейсоқтық емес. Бірі Алатаудың арғы бетін, енді бірі бергі бетін мекен еткен екі жазушының ауылы аралас, малы өрістес, аңы мен құсы, суы мен топырағы ортақ ежелден көрші, туыстас болған болған құтты мекен. Қазақ пен қырғыздың салт-дəстүрін, мəдениетін, əдебиетін, мінез-құлық, болмыс-бітімін бала күнінен бойына дарытып өскен Шерхан Мұртазаның Ш.Айтматов шығармаларын аударуға аса ықыласты болуына осы жағдайлар əсер етсе керек.

Егер аударманың əлемдік талабына тоқталар болсақ, толық мағынасындағы аударма қалайда түпнұсқаға негізінен сəйкес болуы шарт. Əрине, шығарманың желісін бастан-аяқ, сөзбе-сөз тəржімалау мүмкін бола бермейді. Аудармада басқа тілде айтылған ойдың жалпы мағынасын жеткізуден гөрі, сол əдебиетке тəн көркемдік ойлау, бейнелеп сөйлеу, сөз қолдану ерекшеліктерін дəл келтіру əлдеқайда қиын. Ал онсыз көркемдік ой-сезімнің əсерлілігі де толымды болмайды.

Ш.Айтматов — ұлы таланттың иесі. Ол тəрізді жазушының шығармаларын аударушы да талантты жазушы болуы керек. Заңғар жазушы көптеген шығармаларын орыс тілінде жариялаған. Соны орысшадан қазақшаға аударған Шерхан Мұртаза орыс тілін жақсы біліп, оның əдемілік қасиетін ұғына білген. Тіл білген адамның бəрі керемет аудармашы бола бермейді. Яғни əрбір сөз, əрбір ұғым, əрбір образдың сұлулығы мен əдемілігіне тұшына бермейді. Тілдегі сөз образдарының жан сүйдіріп, жүректі елжіретіп, ой тербететін əсерін енгізу тіл білген адамның бəрінің қолынан келе бермейді. Ол үшін аударушы жазушының өзі де сол тілді жетік білу, түсінумен қатар, əдемілік қасиет, эстетикалық талғам, күшін ұғып, түсіне білерлік жазушылық жан, үлкен талант пен дарын болуы керек. Мəселен, Шерханның Гүлсарының түр-тұрпатын аударғандағы суретіне назар аударайық. Орысшасы:

«Прекрасною пору молодости начинал в ту весну буланый иноходец. Из мохнатого кургузого полуторалетки он превращался в стройного, крепкого жеребчика. Он вытянул корпус, который утратив мягкие линии, принимал уже вид треугольника — широкая грудь и узкий зад. Голова его тоже стала как у истинного иноходца — сухая, горбоносая, с широкорасставленными глазами и подобранными, упругими губами. Но ему и до этого не было никакого дела. Одна лишь страсть владела им пока, доставляя хозяйну немалые хлопоты, — страсть к бегу. Увлекая за собой своих сверстников, он носился среди них желтой кометой. В горы и вниз со склонов, вдоль по каменистому берегу, по крутым тропам, по урочищам гоняла его без устали какая-то неистощимая сила. И даже глубокой ночью, когда он засыпал под звездами, снилось ему, как убегала под ним земля, как ветер посвистывал в гриве и ушах, как лопотали и словно бы звенели копыта» [3; 123].

«Сол бір көктемде сары жорғаға жас дəуреннің қызығы мол еді. Жабағы жүндес жадағайлау тапал тай құлпыра түсіп, құнан шығып келе жатты. Бойы жазылып, тұрқы ұзарып, бұрынғы балауса жұмыр денесі енді шиыршық атып, кеудесі дамып, қарны қаншырдай қатып тұлғалана түсті. Кең қолтық, тар бөксе, басы да нағыз жорғаға жарасымды бас, қырнап алар қырым еті жоқ бөкен тұмсық тостағандай төңкерілген көздері алшақ біткен, жымқырма жинақы ерін. Бірақ өзінің бұл сымбатын біліп жатқан Гүлсары жоқ. Бұл кезде оның бар құмары тынымсыз шаба беру еді. Қожайынға да тыныштық жоқ. Өзі құралпы тай-құнанды еліктіріп, еліртіп, солардың арасында сап-сары жұлдыздай боп ағып жүргені. Қайдағы бір қажымас күш бойын кернеп, өрге шабады, өрден ылдиға, ылдидан сайға, сайдан қырға, тай-тасты қоймай тасырлата кезеді. Жұлдыздар жамырап, түн жамылып, жылқылар жусап жатқан кезде де, Гүлсары түсінде аяғының астында танабы тарылып, зымырап жердің қалып бара жатқанын көріп, құлағында жел ызыңдап, тұяқтарының тарсылы қоңыраудай сыңырлап естілер еді» [4; 136].

Осы жерден мəтіндегі бір ғана сөйлемді калька тəсілімен аударып, Шерханның аударған жолымен салыстырайық. Мысалы, «Из мохнатого кургузого полуторалетки он превращался в стройного, крепкого жеребчика». Калька тəсілі: «Сабалақ жүнді бір жарым жасар жылқының баласы сымбатты да мықты құнанға айналып келе жатты». Шерхан аудармасы: «Жабағы жүндес жадағайлау тапал тай құлпыра түсіп, құнан шығып келе жатты». Енді екі аударманы салыстыра отырып, қайсысы тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, эстетикалық көркемдеуге құрылғанын айтпай-ақ түсінуге болады.

Осы екі үзіндіні салыстыра отырып, Шерханның екі тілді де өте жетік меңгергенін көреміз. Орыс тілінде аттың суреттелуі қалай шебер шықса, қазақ тілінде де шебер шыға білген, əрі үйлесе ұйқасын тапқан. Мəселен, мына сөз тіркестеріне көңіл аударайық: «широкая грудь», «узкий зад» —«кең қолтық», «тар бөксе». Бұл сөз тіркестері қазақ тілінде нағыз жүйрік жорғаларды суреттегенде қолданылады.

Ш.Айтматов шығармасының əсерлі келген ойын толық жеткізуіне бірден-бір себеп етіп айтқысы келген өзекті мəселені жеткізе білген. Яғни Гүлсарының туылған күнінен бастап, қартайып, күш- қуатынан айрылып қалған күніне дейін суреттеу автордың шеберлігінде. Сол автордың қалай жеткізсем деген ойын Ш.Мұртаза аудармасында дəлдікпен жеткізе білген. Гүлсарының түр- тұрпатын, мінез-құлқын суреттегенде орыс тілінде қандай əсерлі шықса, қазақ тілінде де солай шығып, оқырмандарының ой-сезіміне жеткізе аудара біліп, оларға жалпы қазақ халқының жүрегінен жылы орын əперді. Оларды қазақ халқына өз жазушыларындай сүйгізді. Аудармашы шығарманы кейде аудара отырып, сөздің əсерлі жəне өткір болуы үшін сөз ішінде тұрақты сөз тіркестерін енгізіп отырды. Əрине, мұнда аудармашы мазмұны мен идеясын сақтап қалады, ал шығарма тілінің көркемдігін жандандыра түседі.

Шерханның тағы бір қыры — сөз арқылы қаһармандарының мінез-құлық, ішкі сыр-сипатын ашу. Бұл психологиялық суреттеу де ерекше əдіс. Психологиялық суреттеуде ішкі əр түрлі сезім өзіне тəн, басқалардан ерекшеліктерін суреттейді. Біреу сабырсыз, біреу салмақты, біреу ақкөңіл, біреу тұйық, енді біреу жылпос — əр адамның өзіне тəн табиғи мінездері болады. Əрине, бір адамда бір мінез болуы шарт емес. Бірнеше мінездердің басы қосылып, тосыннан қатысқан мінездердің болуы мүмкін. Бұл көбінесе бірнеше қаһармандар қатысқан сюжетті ұзақ поэма, роман-əңгімелерде жылпос типтердің бірі екіншісіне ұқсап кетпеу үшін мінездеудің мəні үлкен. Мəселен, жылпос іс жүзінде емес, сөз жүзінде жұмыс істейтін Ыбырайымның мінезін тамаша аша түседі. Бұл еңбекқор, шындық пен əділеттілікті сүйгіш, өтірікке жаны қас, бірбеткей, өз ісіне пысық Танабай образына қарама-қарсы образ.

«Не үшін ұнатпайтынын Танабай өзі де білмейді. Басқалар сияқты емес, Ыбырайым ылдым- жылдым, ағаға — аға, ініні іні деп-ақ тұрады. Əйтсе де, құрғыр, құл жылпос па, қалай? Əйтеуір жұмыс істемейді, мал санақта ғана болмаса, аты бар да, заты жоқ. Жылқы фермасына лайық əрекет жоқ. Əр жылқышы өз күнін өзі көріп, жүріп жатыр, əйтеуір. Партия жиналыстарында Танабай мұны талай рет айтты. Бірақ бəрі бəз-баяғы қалпында қалды. Жылқышылар болса, мың болғыр, оңды адамдар, бəрін де Шора өзі таңдап қойған» [4; 140].

Аудармада тағы бір көңіл қоярлық жағдай, Танабайдың ішкі жан-дүниесін түсініп, онымен бірге ыстығы мен суығын бір көріп, балаларын дүниеге əкеліп, тəрбиелеп отырған жан-жарының образы. Сол аяулы жарының қадірін Танабайдың іштей ойланып отырып, түсінуін жазушы да, аудармашы да өте шебер көрсеткен. Жайдар бейнесін мына кішкене ғана үзіндіде суреттегенде екі жақта келістіре суреттейді. Жайдақтың шашын ақ шалғанын, мойнының, аузының, көзінің айналасына түскен əжімін, жұмысқа көнтерліп, ыстық-суыққа көнбістенген қолын суреттей отырып, оның егде бейнесін көрсетсе, оған қарама-қарсы бұрымы беліне түскен қараторы нəзік қызды бейнелеп, Жайдардың жастық шағын суреттейді. Негізінде бұл повесті оқып отырып, оның өзге тілдің шығармасы екеніне күмəндануға əбден болады. Тілі жеңіл, жүрекке жылы, сезімге əсерлі етіп аударып, оқырманның көңілінен шыға білуі Шерханның шыңы болып табылады.

Ойымызды түйіндеп айтар болсақ, Шерхан Мұртаза аудармасының үздік болуы: оның үлкен талант иесі екендігінде, орыс тіліндегі сөздердің тек мəн-мағынасын ғана емес, сонымен қатар оның ішкі сұлулығын, көркемдік тəсілін, күш-қуатын жанымен терең ұғына білуінде жəне ана тіліндегі сөздердің байлығынан сусындай алуы дəлел. Ш.Мұртаза аудармасында жазушының қаламгерлік, суреткерлік, азаматтық жолында халқыма айтсам, жеткізсем деген негізгі ой идеясының неғұрлым əсерлірек, тиімдірек ыңғайда, қалайда ойланарлықтай дəрежеде шыққанын қалап, аударуға барынша күш салады.

Əлемдік озық үлгіде жазған қырғыз əдебиеті поэтикасының құдіретін танытқан Ш.Айтматов туысқан қазақ халқының маңдайалды жазушысы Ш.Мұртазаның шығармашылығы туралы былайша толғайды: «Біз Шерханмен бір жерде туып-өстік, біз өзімізді бір іске — əдебиетке арнадық. Мен ешуақытта жалғызсыраған емеспін. Менің бауырым Шерхан əдебиетте əрқашан менімен бірге келеді, оны мен айрықша жоғары бағалаймын» [5]. Бұл екі жазушының бір-бірінің шығармашылығына берілген баға ғана емес, жалпы қырғыз-қазақ əдебиетінің шыққан биігін көрсететін меже. Ш.Айтматовтың айтқысы келген ойын, идеясын Ш.Мұртаза қазақ тіліне құлаққа жағымды, жүрекке жылы тиетіндей етіп аудара білді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Нұрғали Р. Телағыс. — Алматы: Ғылым, 1987. — 495 б.
  2. Мұртаза Ш. Таңдамалы. — Алматы: Қазығұрт, 2002. — 591 б.
  3. Айтматов Ш. Прощай, Гульсары. — Фрунзе: Чығыс, 1967. — 123-б.
  4. Мұртаза Ш. Қош бол, Гүлсары. — Алматы: Жазушы, 1984. — 230 б.
  5. Шер-аға. — Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1993. — 8-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.