Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Контекст жəне модальділік категориясы

Тіл біліміндегі модальділік бір сөйлем аясында грамматикалық белгілері толық айқындалатын категория емес. Кейде модальді реңк кем дегенде екі, үш сөйлем аралығынан немесе тұтас мəтін деңгейінен анықталатын жағдайлар да болады. Мұндай ерекшеліктер аталған категорияны мəтінмен байланысты қарауға мəжбүрлейді. Модальділік категориясы функционалдық сипат алғанда, грамматикалық ерекшеліктері толығып, тіл біліміндегі басқа заңдылықтармен қарым-қатынасы, байланысы сараланып, кешенді талдауға мүмкіндік туады.

Бұл бағытта грамматикада біршама ізденістерді көруге болады. Модальділік категориясын функционалдық синтаксис шеңберінде қарастырған ғалым И.Р.Гальперин. Автор объективті модальділік пен субъективті модальділікті бір-бірінен ажырата қарап, субъективті модальділікті бүтін текст құрылымын саралаудың нəтижесінде талдауға болатынын айтады. Ғалым сонымен қатар субъективті модальділік функционалды сипат алғанда, бір тəсіл арқылы сараланбайтындығын да ескеріп: «Субъективно-оценочная модальность текста не проявляется одноразовым употреблением какого-то средства. Эпитеты, сравнения, определения, детали группируются, образуя магнитное поле...», — деген тұжырымдарын да көрсеткен [1; 119].

Осындай пікірді Ю.Шведова жалғастырып, модальділік категориясының функционалды сипатын ауызекі сөйлеу тілі негізінде талдайды. Автор контексте кейде объективті модальділік пен субъективті модальділіктің жігін ажыратудың (яғни бірлікте, бір мақсатта қолданғанда) қиын екендігін сөз етіп, төмендегідей қорытындыға келеді: «Модальное значение есть специфическое значение синтаксического построения, оно может быть присуще только конструкции в целом» [2].

Бұл категорияны мəтінмен байланыстыра қарау кейінгі жылғы еңбектерде де айтылып жүр. Бұл пікірлер модальділік категориясының ауқымдылығын, күрделілігін дəлелдеп, оның белгілерінің жеке сөйлемнен мəтін құрылымына ұласатындығын нұсқайды.

Осындай зерттеудің бірі — Ю.В.Овсейчик еңбегі. Автор модальділікті функционалды- семантикалық бағытта зерттеп, «ерекше мағыналық кеңістікті құрайтын функционалды- семантикалық сипаттағы категория»,— деп бағалайды [3].

Сонымен, модальділік категориясын контекст деңгейінде қарау тың жаңалықтарды айқындауға, осы заңдылықтың басқа құбылыстармен байланысын анықтауға, кейде модальділікке қатысы жоқ деп қаралатын бірліктердің қызметін сараптауға жол ашады.

Осындай құрылымдардың қатарына қолданыстағы сұраулы сөйлемдерді жатқызуға болады. Бұл сөйлемдердің модальділікке қатысы туралы тіл білімінде əр түрлі пікірлер орныққан.

Т.П.Ломтев «Предложение и его грамматические категории» деп аталатын еңбегінде модальділік категориясының шеңберінде қарастырылатын қолданыстарды ажыратады. Автордың ойынша, сұрақ- жауап, мақұлдау-құптамау реңктері модальділік категориясының нысанына жатпайды. Бұған автор:

«Значение вопроса и ответа мы исключаем из категории модальности предложения, так как вопрос не изменяет свойств означаемого предложения»,—деген көзқарасын білдірген [4].

Біздің ойымызша, Т.П.Ломтев сұраулы сөйлемдерді мəтіннен тыс даралап сипаттаудан осындай қорытынды жасаған. Тілдік деректерге сүйенсек, мəтін аясында сұраулы сөйлемдер модальділік реңк тудырудың белсенді амалдары ретінде көрінеді. Барлық қиындық, екі ұшты пікір — сұраулы сөйлемдерді тек сұрақ қою функциясымен шектеп қарауда. Зерделей қарайтын болсақ, сұраулы сөйлемнің астарында əр түрлі модальді реңктер көрініс береді. Мысалы, сұрақ-күдік, сұрақ-құптау, сұрақ-құптамау, сұрақ-өкіну, сұрақ-болжау т.б.

Бірақ мұндай модальді реңктер сұраулы сөйлемді мəтіндегі басқа сөйлемдермен мағыналық- құрылымдық байланыста, тұтас құрылымға тəуелді екендігін дəлелдей қарастырған уақытта ғана анықталмақ. Сұраулы сөйлемдердің модальді реңк үстеу қызметін төмендегі контекстен саралауға болады. Мұндағы сұраулы сөйлемдер, бір жағынан, контекстің құрылымдық байланысын сақтауға тірек болса, екінші жағынан — «күдіктену» модальді реңкін ажырататын негізгі амал ретінде қолданылған. Мысалы:

Сыртқары сəл ығысып, алыс тұрып,

Өзімді өзгелермен салыстырып,

Қараймын бөтен көзбен өз ісіме,

Үңіліп суретшідей сөз ішіне:

Өнерім құдіретіне дір етті кім?

Дəл басып таба алдым ба жүрек қылын?

Бояуын қалыңдатып алмадым ба?

Бар ма екен жұрт танырлық таңба мұнда?

Ой көп пе, үміт көп пе, сезім көп пе?

Əлсіреп қалғандығым сезілмеп пе?... (С.Иманасов)

 Сұраулы сөйлем құрылымы арқылы субъектінің ішкі ойы, өмірге көзқарасы суреттеліп, тыңдаушысынан баға алады. Мұнда бағалау модальді реңкінің белгілері орын алған. Екіншіден, сұраулы сөйлемдер модальді реңкті күшейту, даралау қызметін де атқарған. Мұнда субъектінің ішкі күдігі көрініс береді. Нəтижесінде субъекті аралық байланыстан (ақын мен оқырман) сараланатын субъективті модальді реңк белгілері жəне субъектінің көзқарасын сипаттайтын объективті модальді реңктерін байқаймыз. Бұл жерде контекстің грамматикалық заңдылықтарға əсерін қайталаудың өзі артықтау. Яғни барлық ерекшелік мағыналық-құрылымдық байланыстағы сөйлемдердің жігін бұзбай, контекст арқылы талдаудан сипатталады.

Сұраулы сөйлемдер сияқты лепті сөйлемдер де эмоцияны ажырату қызметімен қоса, модальді реңкті айқындайтын бірліктер ретінде қолданылады. Лепті сөйлемдердің бұл қызметі де контекст деңгейінен анықталады. Төмендегі контексте алдыңғы сөйлемдермен байланыста қаралған лепті сөйлем күдіктену реңкін даралауға үлес қосқан.

Мысалы, Соңғы кезде ел арасында «Ақан сері Қисық ағашта жын-шайтандармен бірге тұрады екен, баласы екеуі де қағындыға шалыныпты» деген өсек дүр ете қалды. Бірде Баратай ауылының бір ақсақалы серінің отты көзінен көзін алмай, үрейлене ақыл айтқан: —Қарағым, Ақан, ренжи көрме, халық айтса, қапы айтпайды, анау Қисық ағашта жападан-жалғыз қалай тұрасың? Жын иектеп алған дейді ғой өзіңді. Ай, атамзаманнан сол арада жын соққанын құлағымызбен естіп ек. Оның үстіне ол жеркепеңді əкең тастап кеткелі не заман? Иесіз үйді содан бері жындар ордасымен басып, иемденіп алған шығар-ау. Қарағым-ау, сол арадан неге қоныс аудармайсың, басыңды шыр айналдырып алғаннан сау ма? Қарағым, жаным ашыған соң айтам, битке өкпелеп, тоныңды отқа салма, қайтейін, жалғыз-жарым жүріп қор болмасын деп, бір-екі көйлек бұрын тоздырғаным бар, ақыл ғып айтамын. Апырай, жарығым-ай, көзіңнің жанары өзгеріп кеткен екен!» (С.Жүнісов). Полимодальді контекстің басқы, аралық бөлігінде болжау, жорамалдау реңктері орын алса, қорытынды бөлікте қолданылған лепті сөйлемдер субъектінің күдікті көзқарасын жандандырған. Əрине, қалыпты эмоциялы лепті сөйлемдермен салыстырғанда, көрсетілген лепті сөйлемнің айтылу ырғағы, сөйлем ішілік кідірістің ұзақтылығы өзгеше сипат алған. Интонациялық бірліктердің əсерінен лепті сөйлем көп функциялы қызметімен көзге түскен.

Ал төмендегі контексте лепті сөйлемдер алдыңғы сөйлемдермен байланыста қаралып, құптау реңкін барынша əсірелей көрсеткен.

«Абай бұл сөздерді жақтырмай, енді қабағын шытынатып, мойнын теріс бұрып, амалсыз тыңдап отыр. Жұман даңғырлап даусын көтере түсіп:

– Енді мені тыңда: Тыңдаңыздар міне, қаладан хабар естіп отырмын. Жаңа біздің ауылдың шетіне соғып, таудағы Жігітекке қарай бір шапқыншы кетіпті. Сүйінші сұрап, қуанышы қойнына сыймай барады. Əулекіленіп барады. Əлгі Түсіптің Мадияр дейтін ана бір қоңқақ мұрын қу немесі «сүйінші» дейді. «Ақ түйенің қарыны жарылды. Жігітектің жылаған жасын құдай иді. Көз жасымды тиятын арысым қайтты. Базаралым айдаудан қашып кетті!» — деп иен өлкені шулатып, жасытып барады деді.

Мынау хабар үйдегілердің бəріне Жұманнан күтпеген оқыс, оқшау жаңалық болды. Абай елең етіп, Жұманға жалт қарап: «Не дейсің, не дейсің? Мынауың шын болса, жақсылық хабар ғой!» — деді. Өзге жастар мұны қостап, таңданысып жатыр.

  • Япыр-ау, бар екен-ау!
  • Базекең тірі екен-ау!
  • Келгені ақ қанат қағып!
  • Сау жетсе, қуаныш-ау мынау!—десті (М.Əуезов).

Жеке тұрғанда қуану эмоциясын даралайтын лепті сөйлемдер, контексте бүтіннің бір бөлшегі тұтас құрылымның, айтар ойдың құрамдас, мағыналас бөлігі ретінде қабылданады. Келтірілген мысалда лепті сөйлемдер — хабардың модальділігін көрсететін белсенді грамматикалық бірліктер. Бұл талдаулар контекстегі грамматикалық бірліктерді үнемі тілдік шеңберде, семантикалық өрісін бұзбай қолдануды қажет ететіндігін дəлелдейді.

Бағалау — субъективті модальділікті даралайтын негізгі белгі. Контекстік сипат алғанда бағалау реңкі субъекті аралық коммуникация негізінде, автордың пікірі, суреттеуінен қалыптасады. Бұл жағдайда автор бағалауы мен оқырманның бағалауы үнемі көзге түседі.

Бағалау көркем əдебиетте төмендегі тəсілдердің астарынан көрініс береді:

  • субъектінің іс-əрекетін сипаттаудан;
  • субъектінің мінезін даралау арқылы;
  • монологтік тəсіл арқылы;
  • диалог арқылы.

Субъектінің іс-əрекеті арқылы астарлы баға беру — өнімді тəсілдің бірі. Мұндай жағдайда лингвистикалық бірліктердің кешенді қызметін даралап өткен жөн. Бағалауда интонация, морфологиялық, синтаксистік, лексикалық бірліктер функционалды қызмет атқарып, модальді реңкті ажыратуға жан-жақты үлес қосады. Бірнеше сөйлемнің ішкі бірлігінен жəне жазушының мақсатты қолданған тəсілдері нəтижесінде субъективтік бағалау реңкі қалыптасады. Модальділіктің бұл түрін контекстік салыстырудан, тіпті шығарманың мақсаты, тақырыбымен үндестіре талдағанда ғана ажыратамыз. Себебі субъективтік модальді реңк сөйлеудің ішкі қабатынан, көркем əдебиет негізінде талдасақ, шығарманың ішкі қабатынан, ішкі байланысынан сараланады. Бұл ерекшеліктер модальділік категориясының контекстке тəуелділігін тағы бір дəлелдейді. Субъективтік модальділікке тəн осындай күрделілікті И.Р.Гальпериннің: «Неопытный читатель, увлеченный развертыванием фабулы, чаще всего не замечает обычно скрытой субъективной модальности», — деген пікірімен бекітуге болады [1; 21].

Мысалы, төмендегі контексте тұтас құрылымның модальділігі кейіпкердің іс-əрекетін сипаттаумен ұштасып, дараланған. Жазушы субъектаралық қақтығыс, қарама-қайшылық арқылы кейіпкерге астарлы баға беруге қол жеткізген.

Контексте күн көрудің қамымен жүрген, өмірге деген көзқарасын саясаттың ықпалына қарай оңай ауыстыра салатын Ермек пен тек шындықты жақтаған, еш қиындыққа мойымайтын Тұрсынның іс-əрекетін антитезалық əдіспен даралап, астарлы модальді реңк айқындалған.

Мысалы: «Бір уақытта байқаса, Ермек қағазға қарап сөйлеп тұр. Алдымен Шəкеннің қысқаша өмірбаянын айтып шықты. Сонан соң істеген қылмыстарын тізбелей бастады. Шəкен жаңа заманның, ұлттар достығының қас жауы, жасырынып жүрген Американың шпионы екен... Өткен жылы ішкі өлкені аралаған сапарында шет елдің агенттерімен астыртын тіл біріктіріп, мұнда қайтіп келісімен, қастандық əрекетіне көшкен. Ішкі өлкедегі қытай халқы жөнінде теріс үгіт таратып, ұлттар арасына іріткі салуға тырысқан... — деп жұртты сендірмек болған» (Қ.Жұмаділов).

Шығарманың келесі бір тұсында Ермектің іс-əрекетіне қарсы пікір айтқан Тұрсын мінезі суреткер тарапынан төмендегіше сипатталады.

«Бір мезгілде залды басына көтерген айғай-шу біраз бəсеңдегендей болған. Естай мойнын созып, сахна жаққа қараса, Тұрсын орнынан көтеріліп, қап-қара болып түтігіп тұр екен. Залдың біржола тынышталуын күтіп сəл бөгелді де, еліріп алған жұрт тыңдамайтын болған соң:

— Уа, қойыңдар, түге! Мыналарың масқара ғой, — деді ашына айқайлап. — Қол-аяғы байлаулы, мүсəпір боп тұрған адамға кесек атпас болар. Мына жұдырықтай Шəкенді емес, тым құрыса өздеріңді сыйласаңдаршы жұртым-ау!

Не елдесуге, не дұрыстап жауласуға жарамаған неткен қор едіңдер! Жарайды, Шəкен жау-ақ болсын, тіпті жауды сыйлау керек емес пе? Қайтып қана оңасыңдар мынау қалыптарыңмен!? Осы Шəкен күні кеше ғана орталарыңда жүрген бұлбұлың емес пе еді? Біріңе жолдас, біріңе ұстаз болған еді ғой, тымқұрыса соны не еске алмайсыңдар? Уа, неменеге жетісіп желігесіңдер, жұртым-ау? — деп ауа жетпегендей ентігіп, тамағының түймесін ағытты» (Қ.Жұмаділов).

Біз қарастырған модальділік пен эмоциялық-экспрессивтік реңктердің ішкі байланысы да контексте саралауды қажет етеді.

Көптеген ғылыми еңбектерде модальділік категориясы мен эмоциялық-экспрессивтік реңкті байланыссыз құбылыстар деп түсіндіру орын алған. Ал В.В.Виноградов «О категории модальности» деп аталатын еңбегінде осы мəселеге көңіл бөліп, олардың ара-жігін айқындау қажеттігін алға тартады. Талдай келе автор: «С категорией модальности соприкасаются и даже частично переплетаются с нею разные виды и типы эмоциональной экспрессии»,— деп қорытады [5].

Осы мəселе Е.Милосердова талдауында: «Субъективно-модальные значения тесно связаны с экспрессивностью, с экспрессивной окраской сообщаемого, с его эмоциональной оценкой», — деп шешімін табады [6].

Шынымен, негізгі тілдік деректерге сүйенсек, модальділік категориясы өзінің даму сатысында, контекст аясында эмоциямен үнемі ұштасып отырады. Субъекті іс-əрекетке қатысты өз көзқарасын білдіруде, екінші бір субъекті ісін бағалауда əр түрлі көңіл-күйде қабылдайды. Қабылдау, құптау- құптамау, сену-сенбеу, болжау, күдіктену, жорамалдау əр қилы эмоциялық реңктермен қиюласып қолданылады. Эмоциялық-экспрессиялық реңк бағалаудағы субъектінің көзқарасын түрлендіреді. Демек, эмоция астарында бағалау бар, эмоция үнемі модальді реңктермен байланыста болады. Эмоция мен модальділік категориясын байланыссыз деп қараушылар бұл заңдылықтарды құрылымдық синтаксис көлемінде сипаттаудан деп ойлаймыз.

Модальділік категориясы шеңберінде қаралатын құптау-құптамау, сену-сенбеу, күдік, мүмкіндік, болжау реңктері кейде арнайы грамматикалық амалдармен дараланбай, эмоциялы құрылымдардың мағынасынан көрініс беріп отырады. Мысалы, кекету эмоциясында субъекті екінші субъектінің іс -əрекетіне қандай көзқараста екенін аңғару қиын емес. Сол сияқты, ақпаратты қуана қабылдаған субъектінің ішкі оң көзқарасын, оң бағалауын ажыратуға болады. Демек, өкпелеу, қуану эмоциясының астарында өкпелеу-құптамау, қуану-құптау сияқты эмоциялы-модальді реңктер қатарласып отырады, жарыса қолданылады. Ендеше эмоция мен модальді реңктер ішкі қажеттіліктен туындаған, астарлы байланыстағы құбылыстар ретінде үнемі бірлікте болады. Тілдік деректердің негізінде талдап көрейік. «Үнсіз қалған Абайды Мағаштар тосып отыр екен. Енді жаңағы ащы ойдың бір шетін ғана шығарып, жастар күткен сөзін айтты.

— Жаттан шыққан, қаптап жатқан жауыз бен жауыздықты қайтып тыясың. Каскөйдің ең бір тынымсызы өз қасыңда, бауырыңда отыр. Сол екеш соған да тыйым салар салмағың жоқ. Қорлықпен өткен қу өмір! Жылаған — ел, жылатқан — бұл. Арасында қайғы-қасірет тартушы менмін дегені кімге дəрі, не жұбаныш!? «Пішенді тасып аламыз» дегені дұрыс байлау! Орайы сол ғана. Дегенмен орындаса, Əзімбайларға содан басқа сабақ та жоқ, жауап та жоқ... («Абай жолы», 5-т, 26-б.). Əзімбай мен Тəкежан ісін құптамай, қарсы, наразылық көрсеткен бұл контексте Абайдың алғашқы екі субъектіге берген бағасы аңғарылады. Эмоциялық реңктердің астарынан құптамау, наразы болу реңктері ашылып, дараланған. Бұдан байқайтынымыз: эмоция мен модальділік категориясы ішкі сəйкестікте, бірлікте дамиды. Модальділік категориясының əр түрлі реңкін эмоциялық бояулар толықтыра түседі, күшейтеді.

Эмоциялы қолданыстар мен модальді реңк үстейтін амалдар, əсіресе субъективті модальділіктің құрылымында бір-біріне ілесе қолданылып отырады. Бұл пікірімізді төмендегі үзінді құрылымы дəлелдейді. Мысалы: Ешкім бұйырмаса да, бүгінгі кеште Абай достары «е» дескендей, тек Абай сөздері мен əндерін айтты. Базаралыға анық үлкен, соны сый. Ел жаңғырып, елдің өнері түлеп өсіп кеткендей. Ол енді Абайға қарап: — Япыр-ой, қалай өзгерген! Əн мен сөз қалай өзгерген! Сондай сырлы, соншалық жан тамырды солқылдатқан қандай сөздер! Түу!— деп, бас шұлғып, үндемей тамашалап барып: — Өлең мен əн ырысын тауыпты-ау, Абай!... Өнеріңнен айналайын деді» (М.Əуезов). Мұндағы лепті сөйлемдер субъектінің сүйсіне айтқан, риза болған көңілін жеткізуге негіз болса, оның астарында субъектінің бағалауы, көзқарасы қатарласып отырады.

Қорыта келгенде, бұл құбылыстарды үнемі контекст аясында талдау қажеттігін ескерте отырып, бір-бірімен шектес, жалғас, ішкі байланыстағы құбылыстар ретінде бағалаймыз.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования.— М.: УР СС, 2004.— 137 с.
  2. Шведова Н.Ю. Очерки по синтаксису русской разговорной речи.— М.: АН ССР, 1960.— С. 19 .
  3. Овсейчик Ю.В. Модальность возможности: семантический и прагматический аспекты: Автореф. — Минск: Белорус. гос. ун-т. 
  4. Ломтев Т.П. Предложение и его грамматические категории. — М.: Изд-во Моск. ун-та, 1972.
  5. Виноградов В.В. Русский язык. — М.: АН ССР, 1972. — С.
  6. Милосердова Е.В. Семантика и прагматика модальности. — Воронеж: Изд. Ворон. ун-та, 1991.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.