Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Интернет-журналистиканың жаңа мүмкіндіктері: блогтар, олардың сипаттамасы, мазмұны мен түрлері

Блогтар түрлі тақырыпта, түрлі көлемде болуына қарамастан, олардың басым бөлігіне тəн мынадай ортақ сипаттар бар:

  • соңғы хабарламалар беттің басында орналасқан, яғни кері хронологиялық рет қалыптасқан;
  • бұрынғы хабарламаларды қарауға мүмкіндік беретін мұрағаттың болуы;
  • енгізілген хабарламалар бойынша оқырманның пікір білдіруіне арналған бөліктері бар;
  • «blogroll» (сілтемелер тізімі) деп аталатын өзге сайттарға сілтемелер көрсетілуі;
  • пайдаланушылардың блогқа «жазылуына» мүмкіндік беретін ақпарат синдикациясының ыңғайлылығы;
  • көбінесе мəтіндер, кейде сурет, сонымен қатар дыбыстық жəне бейнефайлдардың болуы;
  • оқырмандар пікір жаза алады;
  • архивтелінеді, мəтінді əрқашан ашып көруге болады. Міне осыдан кейін блогтардың мазмұны айқындалады.

Блогтардың мазмұны қандай?

Блогтардың көпшілігі жеке күнделік түрінде де болады. Ал енді біреулері жаңалықтарды хабарлайды немесе сараптама жасайды, жаңа сайттарды талдап, баға береді, Интернеттегі жаңалықтарды жəне соңғы ақпараттық технологиялар туралы лезде мағлұмат таратады. Блогтардың бірсыпырасы саясат мəселелерімен байланысты болса, сондай-ақ жекелеген мүдделерге арналған блогтар да бар. Блогтардың негізгі бөлігі жеке сипатта көрініс тауып, автордың субъективті пікірі мен өзіндік стилі, тілі басқаларынан ерекшелеп тұрады. Сондықтан, блогтарды негізінен алғанда, жекелеген сипаттағы веб-сайттар деп те айтуға болады. Олардың белсенділігін арттыру оңайырақ, блогты жүргізу үшін арнайы техникалық білімнің қажеті жоқ жəне оны қарапайым Интернет пайдаланушысы жүргізе алады. Блог беті жиі жаңартылып тұрады жəне пікірталас пен өзара ықпалдастық, «əсер ету» мүмкіндігі бар. Алғашында блогтардың саны бірнешеу ғана еді жəне маңыздылығы мен танымалдылығы төмен-тін, кейін оларға деген қызығушылық өсті. Мұның басты себебі — мəліметтердің өзектілігінде жəне кейбір жазбалардың тікелей репортаждармен ұқсастығында, яғни бүгін болған оқиғаның ізін суытпай, жариялау жəне оған аудио-, бейнефайл қосу арқылы мəліметті дəлелдеу. Тағы бір себеп — белгілі бір салада серіктес, пікірлес адамдармен ой бөлісу мүмкіндігі. Яғни блог арқылы ауқымды мəселелерді көтеру, бірлесу, мамандық бойынша кеңесуді жəне т.б. жүзеге асыруға болады. Қазіргі қоғамда халыққа ағартушылық бағытты ұстанған блогтар да жетерлік. Енді бірде ой түюді, пікір қалыптастыруды халықтың өз үлесіне қалдыратын блогтар да бар.

Блог мазмұнының əр түрлілігі дəстүрлі БАҚ-ты салаларға бөлу заңдылығымен ұқсас. Мысалы, экономика туралы жазатын, білікті блоггер ресейлік «Ведомости» немесе қазақстандық «Континент» басылымдары сияқты үлкен қаржылық, инвестициялық тақырыптарды қозғай алады. Сол сияқты дін тақырыбына жақын блоггер тек қана дінге қатысты жазбаларды жариялауы мүмкін. Негізінен, салалық басылымдардың артықшылығы — белгілі бір аудитория үшін жұмыс жасайды, оқырман саны тұрақты жəне ақпарат жүйеленген. Соңғы кезде экономика, қоғаммен байланыс (PR), ақпараттық технологиялар (IT), саясат, экология, спорт жəне діни саладағы блогтар үлкен сұранысқа ие.

Контент деген не?

Əрбір блогтың алғашқы веб-беті газет немесе журналдікіндей əдетте мұқабадан басталмайды. Мерзімді баспасөздің мұқабасы ең өзекті материалдардың аңдатпасы болса, блогтың алғашқы беті мəтіннен, аудио-, бейне- немесе суреттерге қатысты түсіндірмелерден құралады. Блог бетін толтыратын ақпарат қандай формада жарияланатынын білу үшін блогтың контентіне назар аудару қажет. Контент (ағылшын тілінде content) кез келген хабарламалық маңызы бар ақпарат ресурсын (мысалы, веб-сайтты) толықтырады. Бұған мəтін, графика, мультимедиа жатады. Ақпараттық технологиялар саласында бұл терминді веб-сайттың мəтіндік мазмұны ретінде көп қолданады [1]. Блогты бос кеңістік немесе газеттің таза беті ретінде қарастырсақ, контент — бұл мақала, заметка, репортаж, сұхбаттар. Егер блогта тек қана бейнефайлдардан құралған хабарлар жарияланса, оның негізгі контенті — бейне, фото, сурет.

Қазіргі таңда блог əлемінде ең көп тарағаны — мəтіндік блогтар, ондағы жазбалар өте маңызды немесе ешкімге қажет емес, көлемі қысқа немесе ұзын болуы мүмкін. Оларды мектеп мұғалімі, танымал футболшы мен ғылым докторлары жəне т.б. жүргізе алады. Блогты қандай ақпаратпен толтыратыны — əр блоггердің жеке шаруасы. Ел президенттерінің Интернет-күнделіктері — блог əлеміндегі жаңа бағыт. Мұндай блогтардың негізгі идеясы — халыққа жақын болу. Бір кездері Əлемторда өздері туралы жазылған материалдарды жоққа шығарып, кейбір Интернет сайттарының жарыққа шығуына тыйым салған билік өкілдері қазір өздері жеке бет ашып, блог жүргізуде. Билік басындағылардың блогтары қандай жəне не туралы? Енді соған назар аударалық. Мысалы, Иран Президенті Махмуд Ахмади «Mahmoud Ahmadinejad`s Personal Memos» атты блогын 2006 жылы ашқан. Бұл Интернет-күнделік төрт тілде жүргізіледі. Блог жазбалардың біреуі бірінші жақтан жазылған автобиографиядан құрылған.

«Trip Notes from the Middle East» атты блог — Ақ Үйдің Əлемтордағы жеке беті. Блогтың пайда болуы 2008 жылдың басында Джордж Буш пен оның Əкімшілігінің Таяу Шығысқа (Израиль, Палестина автономиясы, Кувейт, Бахрейн, БАЭ, Сауд Аравиясы жəне Египет) жасаған сапарымен сабақтасады. Блогты жүргізе бастаған Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Дана Перино жəне президент кеңесшісі Эдвард Глиспен. Блогта оқырман пікірі де жарияланатын, бірақ олардың саны тым көп болғандықтан, іріктелінетін. 2008 жылы 16-қаңтарда президент сапары аяқталып, блог жұмысын тоқтатты. Бірақ АҚШ үкіметі келешекте де осындай шараларды Интернетте жалғастырады деген болжам бар [2].

«Əдебиеттегі жаңалықтар» атты мəтіндік блог

 «Əдебиеттегі жаңалықтар» атты мəтіндік блог     

 Бейнеблогтың иесі Германия канцлері Ангела Меркель — ФРГ-дағы канцлерлердің ішінде алғашқы блоггер. Өзінің веб-сайтында А.Меркель «Видео-подкастинг» айдарын енгізіп, 2006 жылдың 8 маусымынан бастап, саясаттағы өзекті тақырыпқа арналған видеожарияланымдарды ұсынуда. Бұл қадамымен консервативті саясаткер блог-қоғамдастығын таң қалдыруда. А.Меркельдің блогында статистикасы ашық көрсетілген. Бірінші видеофайлды елу бес мың адам өз компьютеріне көшіріп алған. Айта кететін бір жайт, Ангела — видеоподкасттарды жариялаудан да тұңғыш блоггер. Кейін оппозициядағылар да «солшылар» фракциясының сайтында тура осындай айдар енгізді. Сынға қарамастан, видеоподкасттар саяси күресте басқа блог түрлері сияқты маңызды құрал болып қалмақ. Германияның танымал саясаткері Ансгар Церфас «Welt am Sonntag» газетіне берген сұхбатында:

«Видеоподкаст арқылы саясаткер дауыс берушінің назарын тікелей өзіне аударта алады», — деп баға беріп, бундесканцлердің виртуалды эфирде жасаған қадамы өте прогрессивті, əрі батыл екенін айтады [3].

 Б.Бəйтелұлының блогындағы бейнефайл қосылған жазба

Телеэфирдің уақытын бөліп, саяси дебаттарды өткізу сайлау алды кампаниялар үшін қаншалықты маңызды екені белгілі. Блог арқылы үгіт-насихат жүргізу, брифинг жасау немесе дауыс берушілердің сұрақтарына жауап беру сияқты шараларды жүзеге асырудың жаңа мүмкіндігі видео- блогтың еншісінде. Мəтінді блогтар фото арқылы дəлелді, шыншыл көрінсе, кейбір жаңалықты видео арқылы жариялаған ыңғайлы екенін ұмытуға болмас. Мысалы, өрт, жарылыс, табиғи апаттарды камераға түсіріп, блогқа орнатып, көп сөзділікке салынбай екі-үш жол комментарий берсе де жеткілікті. Бұлар басылымдағы заметка немесе радиодағы аудиорепортаждан маңыздырақ.

 «Радио — Т» атты подкаст (аудиоблог)

 Веблогтар аудиохабарлар да тарата алады. Əлемтордағы аудиохабарлар подкастинг арқылы жүзеге асады. Ағылшын тілінде «Podcasting iPod» жəне «broadcasting» (хабар тарату) сөзінің қысқартылған түрі, блогта аудио жəне бейнематериалдарды, сонымен қатар сандық плейерлерді орналастыру арқылы хабарларды дайындау деген мағына берді. Жеке беттердегі радиохабарларға ұқсас аудиофайлдар контенті блоггерлер үшін өте маңызды. Блоггерді қызықтыратын тақырыпта сұхбат жүргізу немесе дайын сценарий арқылы белгіленген тақырыпты талқылау подкасттарда көп кездеседі. Ресейдің подкаст директориясы подкастерлер үшін тегін аудиохостинг ұсынады. http://rpod.ru мекенжайында орналасқан Ресей подкаст директориясында аудиохабар жазамын деген кез келген адам подкаст орната алады. Ең көп тыңдалған жиырма подкаст сайттың алғашқы бетінде жарияланады, тыңдармандар оларға пікір жазып, дауыс беруге құқылы. Барлық подкасттар бірнеше салаға бөлінген: «кітаптар, кино, əңгіме, əн, бизнес, қаржы, медицина, күнделік, компьютер, ақпараттық технологиялар, ойындар, мəдениет, сəн, дін, спорт, философия т.б.». Подкастерлердің болашақ хабарының тақырыбына тыңдарман тікелей əсер етеді. (Мысалы, пікір қалдыру терезесінде авторға сұрақ қойып, ұсыныс жасайды). Аудиохабарлар конференц-зал, университет аудиториясынан, көшеден, асханадан да жазылуы мүмкін, барлығы автордың идеясы мен қозғайтын тақырыбына байланысты. Блог бетінде аудиоплейердің батырмасын, дыбыс жолақшасының қасына хабарламаға байланысты суреттер мен сілтемелерді орнатып, талқыланатын мəселелердің тақырыбын жазуға болады. Оларды шоу-ноталар (aғылш. тілінде «show-note») деп атайды. Шоу-ноталар подкасттың мəнін ашуға көмектеседі.

Бүкіл қазақстандық Интернет-журналистиканың «Award.kz» сыйлығының 2008 жылғы иегері «Азаттық» радиосының Интернет сайты бұрын тек мəтіндік блогтарды ұсынып келген еді. Дегенмен, кейінгі кездері пайдаланушылар аудиохабарларды толықтай тыңдау мүмкіндігіне ие.

Блогта он-лайн кітап жазу үрдісі көрші Ресейде жақсы дамуда. Блогтың осы түрі арқылы бір кітапты бірнеше бөлімге бөліп, аптасына əлденеше рет кітап беттерін жариялау дəстүрі қалыптасты.

«Live Journal», немесе «Живой Журнал» (ЖЖ), атты тұғырнама — ресейлік экономист, жазушы-блоггерлер үшін танымал болудың бір əдісі. Оқырман жазушы-блоггерден күнде романның жалғасын күтіп, блогқа күнде кіретіні түсінікті. Он-лайн түрінде жазылатын кітаптардың тағы бір ерекшелігі, кітаптың бір беті блогта жарияланғаннан кейін оқырмандар арасында талқыға салынады, мұндай жағдайда оқырман-редактор сыншы рөлін атқарады. Өңдейтін жерін өңдеп, кітаптың мазмұнына тікелей ықпалдасады. «ЖЖ» блогында жарияланып тұрған кітаптардың алғашқы қатарында: 1. Антон Поповтың «Блогтар. Əсер етудің жаңа саласы». 2007 ж. (Кітап блогшылар, кəсіпкерлер мен менеджерлерге арналған.) 2. Алексей Андреевтің «2048» футурологиялық шығармасы. (Он-лайн жазушы мұны бес жылдай жариялап, əр жаңа тарауын оқырманымен бірге талқылап отырған.). 3. Жазушы-фантаст Сергей Лукьяненконың шығармалары бар.

Блогтар əдеби полемиканың дамуына айшықты үлес қосуда. Тіпті жазушылар мен жазушылыққа бет бұрған ынталы жандар, əдеби сыншылардың Əлемтордағы бірлестігі əдебиет саласына жаңа бір леп əкелгені сөзсіз.

Қарап отырсақ, қазіргі Əлемтордағы контент дəстүрлі БАҚ-тың барлық техникалық мүмкіндіктерін электрондық нұсқада оңай ұсынады. Баспасөз, радио, телевизияның өнімдері бір блогта көрініс табады жəне осылардың бəріне бір ғана адам жауап бере алады. Блогтардың көп функционалдығынан оның контенті қызықты, тартымды əрі жүргізуге ыңғайлы. Негізінен контенттің тақырыбы, яғни блогтағы мəтіндік жазбалар, бейне, аудиофайлдардың мазмұны блоггердің алдына қойған мақсатына тікелей байланысты.

Блог түрлері əр алуан

Блогтардың авторы кез келген адам бола алатыны туралы жоғарыда айтып өттік. Заң немесе экономика саласында жазатын журналист жəне үй шаруасындағы əйелдің блогтары тақырып жағынан əр алуан. Сонымен қатар жеке беттің мазмұны ғана емес, дизайны, орнатылған суреттері, ең бастысы оқырманы да əр түрлі болады. Осыған қарап, блогтарды бір жүйеге келтіріп, түрге бөлген жөн.

Қазақ тіліндегі ең ірі «Massagan.com» атты сайттың жүйелік басқарушысы жəне ғылым, технология, өнер жəне мəдениетке арналған веб-блогтың авторы Бақытнұр Бəйтелұлының «Блогқа не жазуға болады?» атты мақаласында мынадай жолдар бар: «Көпшілігіміз блогты он-лайн күнделік деп ойлап келгенбіз. Қазір блоггерлер он-лайн күнделікпен шектелмей, əр түрлі салада, əрқайсы өзіндік стилімен, өзіндік бағытымен жазып келеді». Автор жаңа блог бастаушылар блогты қандай бағытта бастаймын, не жазамын деп ойлаған болса, онда төмендегі блогтың түрлерінен өзіне ұнаған бірін таңдап алуға болатынын айтады.

Сонымен, қазір блоггерлер арасында блог жазудың жиырма түрі кездеседі. Олар мыналар: 1.Кеңес беру. Басқаларға кеңес беру жəне пікір білдірген не сұрақ қойған қонақтардың сұрақтарына жауап жазып, көмектесу.

  1. Мағлұмат тарату. Болған хабарларды қысқаша таныстыру. Қонақтарға пайдалы мағлұмат беру.
  2. Түсініктеме. Жаңа шыққан технология немесе сервис жайлы жеке ой-пікірін жазу.
  3. Тізбектеу. Блогтарда кездесетін 10 қате, блогшыларға арналған 10 кеңес деген сияқты жазулар осы топқа жатады.
  4. Сұхбат, интервью. Басқалармен жасалған сұхбат.
  5. Айналысатын ісі туралы жазу. Өзінің жеке өмірінде айналысатын ісі, қызметі туралы.
  6. Жеке адамдардың мəліметі. Басқалардың жеке мəліметін жинақтау, толықтыру. Мысалы, эстрада жұлдыздары туралы жазу.
  7. Басқа сілтемелер немесе блогтар жайлы жазу. Басқа блогтарда жазылған қызықты материалдарды дерек көзіне сілтеме бере отырып, жариялау, мониторинг жасау.
  8. Мəселені талқылау. Болып жатқан немесе болған оқиғаларды талқылап, өз ойын жариялау.
  9. Салыстыру. Технология немесе қызмет көрсету орындарының жақсы, жаман жақтарын салыстырып жазу.
  10. Зерттеу алаңы жайлы əңгімелеу. Зерттеушілер өзінің зерттеу алаңы жайлы жазып, сол алаңдағы ең маңызды мəселелерге тоқталады.
  11. Алдын ала болжам жасау. Алда болатын жағдайларға болжам жасау, дискуссия құру.
  12. Сын. Толғандыратын жəне наразылық тудыратын мəселелерге сын пікір айту.
  13. Дода. Блог арқылы дода, сайыстар жүргізу.
  14. Гипотезис. Өмірде болмаған, бірақ болып қалған жағдайдың нəтижелерін қызықтау, сол туралы жазу. Мысалы, егер «Google мен Yahoo біріксе…», «Əлем халқының саны 20 миллиардқа жетсе…» деген сияқты жазуларды осы топқа жатқызуға болады.
  15. Əжуа-күлкі. Саясаткерлер немесе «жұлдыздардың» жақсы-жаман қырларын əзілмен жеткізу.
  16. Күнделік. Он-лайн күнделік жүргізу.
  17. Əңгіме. Əдеби əңгіме жазып, қонақтармен пікір алмасу.
  18. Мотивация, жігер беру. Адамдар жақсылыққа апаратын жолдарды сүйіп оқитындықтан, табысқа жету туралы, тəрбиелік мəні зор т.с.с. жазуларды жазып отыру.
  19.  Белгілі бір тақырыптағы жаңалықтар, блоггерлердің жазулары мен зерттеу алаңын салыстыра жазу [4].

Тақырып жағынан блогтарды ғылым, саясат, экономика, дін, спорт, сəн, экология, əлеуметтану, мəдениет, тағы басқа салаларға бөліп қарастыруға болады, бірақ, жоғарыда айтылғандай, бір блог бірнеше саланы қамтуы мүмкін, бұл заңды да. Себебі оқырман бір блогтан бірнеше тақырыпқа арналған жаңалық оқыса, біріншіден, уақытын үнемдейді. Ал блоггер бірнеше тақырыпта оқырманын сапалы ақпаратпен қамтамасыз етіп отырса, екіншіден, танымалдылығы артады. Бұған қоса, үшіншіден, оқырман саны күннен күнге өседі.

«Green word» атты экологияға арналған блог

Əлемтордағы ашық энциклопедия «Википедияда» блогтар былайша іріктелген:

Автор/Авторлар бойынша:

  • жеке (авторлық, жеке меншік) блог — бір адаммен жүргізіледі;
  • «Белгісіздің» блогы — есімі анықталмаған блог иесі атыннан жүргізіледі;
  • ұжымдық блог — блог иесі тағайындайтын бірнеше адамның қатысуымен жүргізілетін блог;
  • корпоративті блог — бір ұйымның қызметкерлерімен жүргізілетін блог.

Мультимедиа түрі бойынша:

  • мəтіндік блог — негізгі мазмұны тек қана мəтіннен құрылса;
  • фотоблог — тек қана фотоөңімдерінен құрылған блог;
  • əуендік блог — тек қана əн-күйден құрылған блог;
  • подкаст жəне блогкастинг — блогтың негізгі мазмұны автормен оқылған МР 3-түріндегі аудиофайлдардан құрылады;
  • бейнеблог — блогтың негізгі мазмұны бейнефайлдардан құрылған.

Мазмұн түрі бойынша:

  • контенттік блог — автордың алғашқы жазбасын өзгертпей жариялайтын блог;
  • мониторингтік (сілтемелік) блог — негізгі мазмұны басқа блогтардан алынған цитаталардан тұрады;
  • сплог-спам, немесе Интернет пайдаланушы үшін рұқсатсыз жіберелетін жарнама мен хабарлардан тұратын блог;
  • тамблелог — басқа блогжазбалардан айырмашылығы қарапайымдылығында. Бұл блогтың түрі қойын дəптерге ұқсас жəне тамблелогтың бірнеше түрі бар:
  • қарапайым блогжазба;
  • сілтеме немесе тек қана бір салаға байланысты сілтемелер тізімі;
  • цитата;
  • əңгімелесу, мысалы, Интернет арқылы екі адамның хат алмасу арқылы пайда болған диалог;
  • бейне: фото немесе сурет;
  • «YouTube», «Video», «My space» сияқты сайттарда видео орнатып, блогта оған сілтеме жасау. Бұл сілтемелер бір тақырыпта топтастырылуы немесе əр түрлі болуы мүмкін.

Техникалық негізі бойынша:

  • Stand alone (автономды) блог — бөлек хостингтегі немесе тұғырнамадағы блог. Мұндай блогтар веб-кеңістікте нақты иесінің жеке меншігі болып табылады;
  • блог-тұғырнамадағы блог — блог-қызметтер («Livejournal», «Liveinternet» т.б. сияқты) негізінде жүргізіледі;
  • моблог — мобильді веб-лог, мұндай блогтардың негізгі мазмұны веб-те мобильді немесе портативті құрылғылар арқылы орналасады. Телефон немесе сандық құралдардың көмегімен қашықтықтан жаңартыла беретін блог [5]. Тіпті моблогтарды қазіргі зерттеушілер бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа бір түрі деп дəлелдеуде [6]. Мобильді құрылғы арқылы 2000 жылы Əлемторға жөнелтілген алғашқы постың (хабарламаның) иесі даниялық Том Вильмер екен. «Моблогинг» терминін 2002 жылы қолдана бастаған Адам Гринфилд 2003 жылы Токиода моблоггерлердің бірінші халықаралық конференциясын өткізген.

Ал ресейлік ғалым М.Шилина блогингті былайша жүйелеуді ұсынады: авторы бойынша: дербес жəне мультидербес (мысалы, корпоративті жəне ашық блог-форумдар. Оларға кез келген адам жазба қалдыра алады); мазмұны бойынша: тақырыптық жəне жылпылама; материалдарды ұйымдастыру принципі бойынша: комментаторлық (автор постфактумды жан-жақты талқылайды, түсіндіреді) жəне провокаторлық (автор өзі ақпаратты туындатып, оқырман назарын өзіне аударады) [7].

Дегенмен, блог түрлері көп болғандықтан, баспасөз жанрларын жіктегендей, оларды бір критерийге сыйғызу əзірше мүмкін емес, себебі блог «ауқымының кеңдігімен», «еркіндігімен»,«тəуелсіздігімен» ерекшеленеді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Ашық энциклопедия «Википедия». http://ru.wikipedia.org
  2. Хабрахабр.сайты. http://habrahabr.ru
  3. Журналистика в блогинге. http://mantrovkz.livejournal.com
  4. Бəйтелұлы Б. Блогқа не жазуға болады? http://bakytnur.wordpress.com
  5. Ашық энциклопедия «Википедия» http://ru.wikipedia.org/wiki/ Контент.
  6. Александрова И. Моблоги и блоги: альтернативные СМИ? // Вестн. МГУ. — Сер. Журналистика. — 2008. — № 4.— С. 68.
  1. Шилина М. Блог как ресурс социальных Интернет-коммуникаций // Вестн. МГУ. — Сер. 10. Журналистика. —— № 4. — С. 18.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.