Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тұғыры биік тұлға

Дүниеге шыр етіп келіп жатқан сəбидің бəрі бақыт. Ата-ана, ел мен жер, бұқара халықтың тілегі мен тірегі сол. Қуаныштары қойнына симай, кең даланың керім де, саумал саф ауасын сіміре жұтып, ұлан-асыр толайым тойдың басталып кететіні де осы сəт. Дəл осыдан тоқсан екі жыл бұрын Арқаның кербез сұлу Көкшетауының бəденді Зерендісіндегі Қойсалғанда «Сүйінші!», «Сүйінші!» деген қуанышты хабар қарашаның жаңбырыдай селдеген, сексен көлдің толқынындай тербелген. Суырып салма өлеңнің сұрапылы И.Байзақов айтқандай: «Ер туып, жоқ елді бар қыла алмайды, Ел болмаса, ер туғызбай тұра алмайды» [1] дегендей, дүниеге Мəлік атты «ат ұстар» ұлан келген. Дүйім елге бақ болып келген баланың балалық базары, тарқамайтын думанды күндері бізге беймəлім.

Бір анығы тарих толқыны Ұлы төңкерістерін жағаға дамылсыз ұрып, ысқырса — кемеге кедейді жинап, пысқырса — бай-манапты иірімге тұншықтыра қинап жатканы ғана болатын. Əйгілі философ Платон: «Уақыт бəрін алып кетеді; жылдар тізбегі адамның есімін де, сыртқы пішінін де, мінез-құлқы мен тағдырын да өзгертеді» деген екен. XXI ғасырдың ұл-қызына ежелгі тарихтың бір үзігіндей болып қалған большевик, ақ пен қызыл арпалысы, Қазаң төңкерісі, 1937 жыл ойраны, Сталиннің сұрапыл сойқаны, Хрущевтің тыңы, колхоз, совхоз құрылымдары сол дəуірдің ұрпақтарының санасына салмақ түсірген.

Идеологияның пəрмені мектептен-ақ, октябрят, пионер, комсомол ретінде коммунистік партияның ізбасары қылып пісірген. Балалық қиялдың еркіндегі баланың бақ талайы өлең болып өрілсе, жыр болып төгілсе, пионер, комсомол ақыны болып шыға келген. Бұндай атақ Мəліктіде қуалап, алғашқы өлеңдеріне «пионер ақыны» дегенді жаматқан. Айналасына ақын болып танылған Мəлік Ғабдуллин студент атанып, оқу бітіріп, республикалық баспасөзде еңбек етіп, Отан алдындағы борышында атқарып қайтқан.

«Ақылды жетілдіру үшін жаттай бергеннен гөрі көп ойлану қажет» [1] дейтін Р.Декарттың парасат-пайымы бар. Ер жетіп, ат жалын тартып мініп, айналасына қараған Мəліктің алдында тарау- тарау жолдар жатқан. Ақын болып танылғанмен, елім деген ердің елінің ертеңі алаңдатқаны ақиқат еді. Алдымен əдеп-ғұрып, салт-сананың өзгеріп, ұлттың айғағы мен айбары болған ділі мен тілінің тығырықка тіріле бастағанын аңғарғандардың қатарын да М.Ғабдуллинде жүрді. Алдындағы абақтыға айдалып, жазықсыз жапа шеккен айтулы ағаларының арманы мен мұңын жүрек əмірімен түйсініп, күлбілтесіз көңілмен сезінді. Арыстар аманатын арқалауға бел буған М.Ғабдуллиннің сол бағыттағы тапқаны да, таңдағаны да халықтың рухани қазынасын зерттеп зерделеу болғантын. Бүгін де оның фольклордағы алғашқы қарым-қадамына жетекшілік жасаған заңғар жазушы, ғибратты ғалым М.О.Əуезов пен рухани құндылықтардың жоқтаушысы, фольклортану ғылымының жолбасшысы академик Ю.М.Соколовтың кеңесші болғандығын біреу білсе, енді біреулердің білмейтіні рас.

Халқымыздың ұшан теңіз байлығына қызыға кірісіп, құныға тексеру ісімен айналысқанда сұрапыл соғыс басталды да кетті. Мəлікте майданға аттанды. Соғыс — өлім мен өмір сынағы.

Қатерлі жылдарды Мəлік Ғабдуллин И.В.Панфилов бастаған даңқты 8-гвардия дивизиясы құрамында Ұлы Отан соғысының басынан-аяғына дейін шайқасуына тура келді. Майдан даласында өзі оқып, көңілге тоқыған Алпамыс, Қобыланды, Ер Тарғын, Қамбарлардың қаһармандығын əр кез, əр шақта қайталауға болатындығын дəлелдеді.

Жалғанды жалпағынан басып, алысқанды айдаһарша арбап жұтпақ болған жаумен арыстанша арпалысты. Қанды шайқастың тарихындағы Мəскеу іргесіндегі болған оқиғаның алатын орыны айрықша. Қаһармандықтың асқан үлгісіне айналған осы шайқастың қақ ортасында жауға жолбарысша атылып, Қобыланша қасарысқан қаһармандар қатарында Мəлік те тұрды. Өзі пір тұтқан аңыз, миф, əпсана, хикаяттарға енді өзіде айналып бара жатқандығы батыр сол сəтте білген де жоқ.

Елі бардың ері атаусыз қалған ба?! Ерлігін естіген, көзімен көрген қазақтың «от ауыз, орақ тілді» шешендері Мəлікке қатысты өлең, жыр, аңыз-əңгімелер тудырған. Дер кезінде жинақталмай, хатқа түспегендіктен, бізге тек

 Қасарысқан фашисті,

Мəлік батыр қоймаған.

Гранатын сайлаған,

Көзі оттай жайнаған

Дəлдеп ұрған соққыдан,

Талқаны шығып талайдың.

Құтырған қанға тоймаған, —

немесе

 Ашуы қатты ерімнің,

Жаудың алды дегбірін.

Атқан оғы мүлт кетпей,

«Мəліктейін батырым, Мақтаны болды елімінің»,

деген үзінділері ғана жетті. Майдан даласында Мəліктің жүрген шиыр-шиыр іздері мен есінде сын сағаттағы сұрапыл жылдардың елесі қалып қойды. Бір басына жететін атақ пен абырой соғыс кезіндегі жанталаста жинақталса да, Кеңес Одағының батыры, КСРО Қорғаныс министрлігі Жоғарғы саяси басқармасының үгіт-насихат бөлімінің бастығы Мəлік Ғабдуллин жоғарғы шенді шинелді өз ұлтының оқасыз, тым қарапайым көрінетін шекпеніне қиналмай айырбастады. Қарудың орынына қалам алып, өзінің сүйікті ісіне араласты.

Қаһарлы күндері қолдаушысы мен қорғаушысындай болған «Қара қыпшақ Қобыланды батыр» жырының сандаған нұсқасын қайта қарап, жырдың тарихи негіздеріне қатысты құнды пікірлер айтты. Батырдың ізденісіне атағы Алматыдан асқан, айтулы абызға айналған Мұхтар Омарханұлы Əуезовтың өзі ақ батасын берген. Жырдағы қызылбастар жөніндегі пікірлердің қисынсыз еместігін айтып, кезіндегі бұл мəселедегі кейбір кеткен кем-кетіктерді ағынан жарыла ақтарып, жаңаша ізденіспен жазылған М.Ғабдуллиннің терең тексерулерін қуаттаған.

Фольклордағы көлемді, көркем жанрлардың бірі — эпостық жырлар. Эпос фольклордың барлық жанрларын табиғатына жатсынбай қабылдап, ұлттың салт-дəстүрлерін айғақтап, сан-салалы оқиғаларға құрылатын жəне қаһарманның өмірге келгенінен бастап тағдырының соңына дейін суреттейтін халық мұрасы екендігі аян. Ондағы өзгерістер халықтың арман-тілегіне қарай бұрмаланып, айтушыларға қатысты берідегі белгілі тарихтармен алмастырыла дамытылады. Сондықтан эпос сюжетінің тарихи негіздерін білу бүкіл варианттарын, версияларын салыстыру, құрылымдық жүйесін нақтылаумен ерекшеленеді. Айтуға оңай болса да қыруар тынымсыз ізденісті талап ететін эпостанудың басындағылардың бірі болған М.Ғабдуллин екендігі бүгінде орынды бағаланады. Қазақ халқының рухани мұрасының ішінде эпикалық мұраларымыздың алатын орыны, ұлттық патриотизмді қалыптастырудағы рөлі мен тарихи танымдық күш-қуаты жөнінде эпостанушы- ғалымдар тарапынан əр кез, əр шақта құнды пікірлер айтылып келеді. Бұл мəселеге айырықша үн қосып, көл-көсір байлығымызды байыпты бағалаған ғалымдардың бірі академик М.Ғабдуллин болатын. Айтулы тұлға сұрапыл соғысты көзімен көріп, сын сағатта ерліктің қалай болатынын өз ісімен сан мəрте дəлелдеген. Содан да болар ұлтымыздың батырлық жырларына деген оның көзқарасы ерекше болғандығын аңғарамыз.

Шындығында қазақ эпосының ішіндегі батырлық жырларға қатысты ғалымның көп ізденіп, тереңдей тексерулер жасағандығын «Қобыланды батыр» жырын зерттеуімен «Қазақ халық ауыз əдебиеті» атты (1958, 1964, 1974) [2] жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралындағы батырлық жырларға байланысты бөлімдері мен басқа да эпостарға қатысты пікірлерінен жəне Т.Сыдықовпен бірігіп жазған «Қазақ халқының батырлық жыры» [3] атты еңбектерінен танимыз. Бұларда М.Ғабдуллин батырлық жырлардан сандаған варианттарын тауып, версияларын анықтап, жырдағы қаһармандар бейнелерінің жасалу ерекшеліктеріне назар аударады. Бұл жырдың М.Ғабдуллин талдауына 12 нұсқасы іліккен. Олардың айтушылары Марабай Құлбайұлы, Мергенбай жырау, Шапай Қалмағамбетов, Мұрын Сеңгірбайұлы, Біржан Толымбайұлы, Айса Байтабынов, Нүрпейіс Байғанин, тағы басқалар екендігін атайды. Бүгінгі зерттеушілер «Қобыланды батыр» жырының 29 нұсқасы бар десе, соның алғаш ең басты варианттарын анықтап, жырға тарихи тұрғыдан көлемді зерттеу жүргізген М.Ғабдуллин екендігін ерекшелеу қиын емес. Бұған басты дəлел ретінде негізгі қызылбастарға қатысты екендігін айтып, ондағы Қазан есіміне байланысты тарихи мағлұматтар беруінен тануға əбден болады. Ең бастысы жыр мəтінінде болып отыр. Жырдың қай нұсқасын алып қарасақта, онда төмендегідей шумақтар ұшырасып отырады:

Қызылбасты елінен,

Қазан деген ер шықты,

Жөн білмеген шер шықты,

Ноғайлының көп елін

Олжалап шауып жаншыпты», —

деп жырланады [4]. «Қобыланды жырының» кей нұсқасында басқыншы жау «қалмақ» делінсе де, негізгі күш көрсетуші Қазан болып отыратындығын аңғарамыз. Эпостанушы М.Ғабдуллин бұл жырда бірнеше дəуір мен оқиғалар елесі бар деуінің себебі де қисынды айтылғаны анық.

Эпикалық көлемді жырларға қатысты М.Ғабдуллин «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр» жырлары мен лиро-эпос жырларынан «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман — Шолпан» жырларына қатысты өзінің оқулығында талдаулар жасаған. Эпостық жырлардың айтушылары ел арасынан жинақталуы, жариялануы жəне зерттелулеріне байланысты кеңінен тоқталып, толық мəліметтер бергендігін көруге болады. Сірə, кітаптың күні бүгінге дейін қолданылып, негізгі оқулық ретінде ұсынылуында осындай құндылықтарына байланысты болса керек.

Батырлық жырларға байланысты зерттеулеріндегі ғалымның ұстанған бағыт-бағдары лиро-эпос жырларын тексерулерде көзге бірден түседі. Көбінесе М.Ғабдуллин эпостық жырлардың қазақ халқы арасындағы жырланып келе жатқан нұсқаларын салыстырып, эпикалық шығармадағы тарихи мəселелерге мəн беріп, оның тарихқа қарым-қатынасын ашуға талпынады. Мəселен, ғалым əйгілі «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жыры туралы былай дейді: «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» жырының он алты варианты бар дедік. Оларды зерттеген ғалымдардың мəліметтеріне қарағанда [3; 511], бұл жыр ел арасынан өткен ғасырдың бас кезінде-ақ жинала бастаған. Бұл ретте игілікті жұмыстар жүргізген орыс ғалымдары болған» [3; 252] деп, одан əрі жырдың қазақ ортасындағы варианттарын бір-бірімен салыстыра талдаулар жүргізеді. Өзінің мұндай ұстанымын М.Ғабдуллин «Қыз Жібек» жырын зерттеуге қатысты қолданған. Жырды зерттеушілердің бағалауларына үңіле отырып, төмендегідей қорытындыға келеді: «Жырдың шығуы, ондағы суреттелетін оқиғалардың болған кезі жайында Сəкен, Мұхтар, Сəбит пікірлері бір-бірінен алшақ кетпейді жəне дұрысқа үйлесетін секілді. Өйткені, тарихтың айтуынша, ХVІ ғасырдың орта кезінде ноғайлы ыдырайды. Сол кезде қазіргі Қазақстан жерінде құрылған үш жүздің бірі Кіші жүз болады. Кіші жүздің қарамағына жеті ру (Табын, Тоза, Жағалбайлы, Кердері т.б), Əлімұлы (Шөмекей, Кете, Төрт қора, Қарасақал т.б), Байұлы (Адай, Тана, Шекті, Алшын, Шеркеш т.б) енеді жəне олар Жайық, Орал бойларын мекендеп, сол маңдарда көшіп- қонып жүреді. XVI ғасырдың аяғынан бері қарай Кіші жүз нығая бастайды» [3; 150], — дей отырып, өзінің қорытынды пікірін ұсынады. «Бұл тарихи деректерге сүйенсек, «Қыз Жібек» жырының əңгімесі ХVІІ ғасырда туған секілді деген пікірді қостауға болады. Мұның үстіне жырда қалмақтардың қазақ еліне шабуыл жасауының көрсетуі де кездейсоқ нəрсе емес. Тарихтың айтуынша, қалмақ басқыншылары сол ХVІІ ғасырда қазақ елдеріне көбірек шабуыл жасаған» [5], — дегенді айтып, жырдағы кісі есімдеріне қатысты теріс пайымдаулар жасаған тарихшы М.Ақынжановты сынға алады [6].

«Қыз Жібек» жырындағы салт-дəстүр көріністерін ұрпақ қажетіне қарай талдап, халықтың педагогиканың қайнар көзі эпостық жырларда екендігін ерекшелей түседі. Əсіресе жырдағы көшпелі халық өмірі, сəн-салтанаты жарасқан көш суреті, көш алдындағы асқан сұлу арулар бейнесін сипаттап, ақырында басты кейіпкер Жібектің бейнесіне тоқталады. Ғалым оны былайша берген: «Қыз Жібекке тез жетіп көрісуді, ұғысып білісуді асыға аңсаған Төлеген:

Атына қамшы басады,

Тұлпардан туған Көкжорға ат,

Аузынан көбік шашады.

Жер тарпынып жануар,

Ауыздықты басады,

Алдындағы белестен

Орғытып келіп асады» [3; 270], —жырланып, ақырында аңсаған Қыз Жібектің сипатына жыр мəтінімен төмендегі шумақтарды үзінді ретінде келтіреді:

Қыз Жібектің ақтығы

Наурыздың ақша қарындай,

Ақ бетінің қызылы

Ақ тауықтың қанындай,

Екі беттің ажары

Жазғы түскен сағымдай,

Білегенің мүсіні

Айбалтаның сабындай... [3; 4; 272].

Жыр турасындағы бұндай талдаулардан кейін, студент жастар еріксіз жырды оқуға ұмтылады, жыр оқиғасының қызықты екендігіне құмартады. Осы оқулықта «Айман — Шолпан» жырына байланысты талдауларында да М.Ғабдуллин өзінің ұстанған бағыты тарихилық бағытты ұстап, жыр оқиғасына байланысты дəлел мен деректерді молынан пайдаланғандығының куəсі боламыз.

Халқымыздың салт-дəстүрін, бабалар аманаты мен өткен тарихын көл-көсір эпостық мұраларымыздан іздеп, оның қадау-қадау тұстарын түсіндірудегі Мəлік Ғабдуллин өнегесі бүгінде рухымызды асқақтатып, жас ұрпаққа «тарихыңды танып ал» деп тұрғандай болады.

Иə, оның өшпес өнегесінің өміршеңдігі осында екендігі даусыз ақиқат.

Эпостану алдымен теориялық дайындықты, көлемді эпикаға дейінгі жанрлардың бүге-шігесіне дейін білуді қажет етеді. Керек болса, ұлттық этностың қалыптасуы мен даму заңдылықтарына жүгінеді. Бұл тұрғыдан алғанда М.Ғабдуллиннің қабілет-қарымы ісінен танылған. Рухани құндылықтарды саралай жүріп, практикалық жағынан Ұлы Отан соғысының қаһармандары И.В.Панфилов, В.Клочков, Б.Момышұлы, Т.Тоқтаров, Р.Елебаев тағы басқалардың тұлғасын ауыз əдебиетінен алған əсермен қарасөз арқылы сомдай білді. «Сұрапыл жылдар», «Менің майдандас достарым» солай туды. Ұлттың рухани байлығы мен арлылығын айқара ашып беру қашан да фольклортанушы, этнограф, тарихшы, əдебиет пен тіл, өнертанушы мамандар арқалаған жүк. Елдің алғысын алса да, отарлаушы немесе бодандаушылардың алдымен қамыт кигізіп, қарғы бау тағатыны солар екендігін тарих сабағы талай рет дəлелдеген.

Мəлікке қан майдандағы ерліктен гөрі, ғылымдағы ерлік қымбат болғандығы анық. Өйткені О.Бальзак айтқандай: «Азаматтық ерлік пен жауынгерлік ерлік бір негізден тарайтындығын» Мəкең мəңгілік қағида тұтқан. Оның сандаған ғалымдар атсалысып, бірлесе бітіретін «Қазақ халқының ауыз əдебиетіне» арналған еңбекті бір өзі жазып, күні бүгінге дейін жоо-ға арналған оқу құралын қалдыруының өзі ерлік пен елдіктің ерен ескерткішіндей көрінеді.

«Атақ адамды өзі іздеп жүреді» дейтін қарапайым қағида бар. Ол үшін адамдық пен пендешіліктің арасын айыра білсе, ақиқаттың ауылы алыстамайды. Майдангер Мəліктің омырауы ордендер мен медальдарға толса, оның бəрі ерен ерліктің үлгісі екендігі даусыз. Себебі соғыста Отанын сатқан опасыздар ғана саудаланады, батырлықтың белгісі орден, медальдар тайталасқан тарланбоздың омырауына ғана тағылады.

Бейбіт күнде Мəлік Ғабдуллин жазушы, фольклортанушы, əдебиет зерттеушісі, қоғам қайрат- кері, филология ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Педагогика ғылымдар академиясының академигі, Қазақстанға еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан ғылым академиясының Шоқан Уəлиханов атындағы сыйлығының лауреаты атты атақ пен дəрежелерді иемденді. Заманында институттың директоры, жоғары оқу орнының ректоры болды. Уақыттың дегеніне бағынса да, абырой-атағы мен қызметін мансабына айналдырмаған Көкшенің көк бөрісі, лауазымдық ірі қызметін ізбасарларына қалдырып, өмірінің соңына дейін қайтадан қазіргі М.О.Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының фольклор бөлімінің меңгерушілігіне қайта оралды. Он жыл бойы фольклордың бөлімін басқарғанда «мен ірі едім деп емес», «бұл менің міндетім» дегенді ғана місе тұтты. Ізгілік іздерін содан тапты. «Өтіріктің балын жалап, тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп, өлген артық» деген майдандас ағасы Бауыржан Момышұлының аталы сөзіне мүлтіксіз жауап берген жауынгердей өмірден өтті. Күндей күліп, айдай сəуле шашып, жұлдыздай жарқырап барып, ағып кетті.

Өмір атты мұхиттан өткен Көкшенің көк бөрісі, мəңгілікке Мəлік Ғабдуллин тұғыры биік тұлға екендігін дəлелдеп кетті.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Даналардан шыққан сөз. Нақылдар жинағы. (Жинап, құраст. жəне аудар. Ұ.Асылов). — Алматы: Мектеп,
  2. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз əдебиеті. — Алматы: Мектеп, 1974. — 320 б.
  3. Ғабдуллин М., Сыздықов Т. Қазақ халқының батырлық жыры. — Алматы: Ғылым,
  4. Қобыланды батыр. — Алматы, 1957.
  5. История Казахской ССР. — 1-т. — Алматы, 1957. — С. 267,
  6. Ахинжанов М. Проблема народности казахских социально-бытовых поэм. — Алма-Ата, 1953. — С. 11,

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.