Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Аңшылыққа, саятшылыққа байланысты спорттық ойын атауларының шығу тегі

Қазақ халқының өз өмiрiне лайықты көптеген спорттық ойын-серуені болған. Аң аулау дəстүрі сонау көне заманда адамдардың күнкөріс кəсібімен бірге туғаны белгілі. С.Мұқановтың пікірінше,«көшпелі елдердің тіршілігіне көз салсақ, малшылық пен аңшылық егіз туғанға ұқсайды. Əйтсе де ең алдымен аңшылық пайда болған. Себебі үй хайуандарының өздері алғашында тағы хайуандар болғаны мəлім. Адамзат ең алғаш рет соларды аулап, тірідей ұстағандарын қолға үйреткен де, үйренбегендерін аулап, пайдалануын доғармаған» [1; 86].

Ит жүгiртiп, құс салуды халқымыз өнердің ең негiзгiлердiң бiрi деп ұққан. Өйткені бұл өнерді үйрену үшін амал-айла, төзiмдiлiк пен тапқырлық сияқты қасиеттер қажет болған. Аңшылықтың мақсаты құс-жануарларды жойып жiберу емес, əркiм өз керектiсiн ұстап не атып алып, iске жаратып отырған. Мəселен, қазiргi кезде аң мен құс белгiлi жүйеге келтiрiлген заңдылықтың негiзiнде ғана ауланады. Ал халқымыздың өткен дəуiрлерінде осы заңдылықтың көптеген ережелерін сақтаған. Мысалы, олар айдын көлдегi балапан ерткен үйрек-қаздарды, жапан даладағы лағы бар киiктi, ақбөкенді, тағы бақаны атпаған.

Спорттық немесе əуесқой аңшылық табиғат аясында спорттық мақсатта аң-құс аулап тынығудың бiр түрi болып саналады. Спортшы-аңшылар үшiн олжа түсiру басты мақсат емес. Аң аулау табиғатпен етене жақын болуға, оның дарқандығы мен ғаламат сұлулығын танып-бiлуге мүмкiндiк бередi. Аңшы батыл да төзiмдi, əр нəрсенi аңғарғыш жергiлiктi жердi жақсы бағдарлай бiлетiн жəне ұзақ жолға шаршамайтын, жақсы жүзетiн жəне қайық есе бiлетiн, сондай-ақ мерген болуы керек.

Аңшылық адамның денсаулығына да игi əсер етедi. Дене қимылына, ағзаға физикалық күш түсiруге негiзделген спорттық жəне тыныс алу ағзалар қызметiн жақсартады. Мылтықсыз мерген болу, яғни мылтық атпай құс ұстау, ат қинап, ит жүгiртпей аңшылық құрудың өзiндiк ерекшелiктерi тағы бар. Бұл қарусыз аңшылық — құстарға тұзақ пен тор, аңдарға қақпан құру. Орман-тоғай, сай- шатқалдарды кезiп, тiршiлiктiң тыныштығын бұзбай құрған мұндай сайранның, табиғаттың тынысын тыңдап өткiзген саятшылдықтың адам өмiрiнде қалдырар iзi мол. Iстерiн қысы-жазы үнемі таза ауада, орман-тоғайлы, құз-шатқалды тауларда, өзен мен көлдерде, ғажайып көрiнiстi сұлу табиғатты көбінесе жаяу, айлап-апталап, мол байлығына кенелсе, көлікпен, қостап жүріп салбурын жасайды. Оны сейіл деп атайды.

Қысқы, жазғы аңшылық серуенi жер тану, ел тану, биікке шығу, өрден түсе білу, суда жүзу, бой жасыру (жасырынбақ ойыны), мерген болу сияқты өнерге жаттықтырумен қатар, ыстыққа шыдамды болып шығу, адам өз денесiн еркiн игеру, көреген, естiгiш, сақ, əрқашан жинақы да ширақ болуға жаттықтырады. Халықтың мұндай спорт түрлерi өзiне лайық, өлкетану, əр түрлi хабарлау əдiстерiн, алыстан белгiмен түсiнiсу, түнде, тұманда төңiректi дұрыс бағдарлау сияқты тұрмыстық мəнi бар iстерге əдеттендiредi.

Аң аулау тақырыбына қазақтың ауыз əдебиетінде, музыка өнерінде көп мəн берілген. Мысалы, «Ақсақ құлан» күйінің шығуы аңшылықпен байланысты. «Дауылпаз» биі сұңқар, қаршыға, лашын сияқты қыран жыртқыш құстарды айдын көлдегі үйрек, қазға салу сияқты саятшылықты бейнелейді.

Қыран құспен аң аулаудың үлкен спорттық мəні бар екенін жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен, оның ең басты мəні — оның сауықтық қасиетінде. Таза ауада аң қуу, қашқан аңның соңынан атпен құстай ұшу, не қыран құстың ұшысы, іздеген аңына түсуі — бəрі аңшыға ешқандай спорттың басқа түрі бермейтін қуаныш, шаттық, лəззат əкеледі. Бұл дəстүр соңғы жылдары қайта жанданып келеді. Осыған байланысты спорттық əуесқойлық аңшылық — Кеңес дəуірінде қалыптасқан термин. Оның мəні аң, құсты белгілі бір тəртіппен аулап, табиғат аясында демалу, мергендікке, ептілікке жаттығу дегенді білдіреді.

Қазақ тілінде аң аулаудың түрлеріне қатысты атаулардан басқа жалпы атаулары, терминдері қалыптасқан.

Аңшылық аң аулауды кəсіп етушілік мағынасын білдіреді, аң сөзіне-шылық күрделі қосымша қосылудан пайда болған. Балалық, жастық, аңшылық, желбастық, аштық, тоқтық, ойын- күлкі — екеуінің бір тартқан тауқыметі (Ж.Аймауытов). Бұл сөзден «аңшылық фаунаны қорғау жəне тиімді пайдалану, аңшылық шаруашылығының жүргізу əдістері мен негізі туралы ғылыми пəн» мағынасында жаңа термин сөз «аңшылықтану» сөзі пайда болды [2; 549].

Ертедегі адамдардың аулау əдістері де алуан түрлі болған. Олар əу баста тым қарапайым жолмен ғана тамақ табуды көздесе, кейіннен аң аулауды кəсіптің көзі, қызықтаудың негізі еткен. Бірақ əр заманның əдіс-айласы басқа-басқа болғанымен, қазақ халқының ұғымында солардың бəрі де аңшы аталады.

Аңшы аңшылықпен айналысатын, аңшылықты кəсіп ететін адамды білдіреді [3; 1-т., 549-б.]. Бақанас, Байқошқардың көп сабазы, Жиып ап қыран бүркіт, жүйрік тазы. Еңбекші ұйым болмай, аңшы болып, Ойда жоқ бидай менен шөптің азы (Ш.Құдайбердиев). Аңшы сөзінің түбірі аң, М.Қашқарида «майы ем ретінде қолданылатын құс» деп берілген, аңчы — «түздің аң-құсын аулаушы»: тоңүзчы, балықчы, кейікчі, аңчы, тұзақчы, болтумуз — «егер біз қабан, киік аулаушы, балықшы жəне тұзақпен тағы аң-құс аулайтын болсақ» («Турфан-Техте») [4,46]. Аң қазақ тілінде омоним сөз: 1) түз жануарлары, бұл мағынада аң сөзінен аңшы, аңшылық, аңкөс, аңкөстік, аңшыл, аңқұмар, аңшылау т.б. сөздер туған; 2) ақыл, ес, жад сөздерінің синонимі, одан аңғал, аңғалдық, аңғар, аңғарымпаз, аңғарлы, аңғарт, аңқау, аңсау, аңдағыш, аңдамай т.б. сөздер туған; 3) жерг. аққан сумен ойылған жыралы жер, шұңқыр Кейбір аңның ұзындығы бір километрге дейін жетеді (Диал. сөздік).

Аңшы қолданатын құралына, істеген амалына қарай төрт топқа бөлінеді: саятшы, мерген, қақпаншы, моршы.

Мерген атқан оғы мүлт кетпейтін, дəл тигізетін, атқыш адамның атауы. Құралайды көзге атқан мерген Əбілəкім осы шаруашылықты 1932 жылы қолымен құрған (Д.Жанботаев) [3; 7-т., 196-б.]. Қазақ ауыз əдебиетінен белгілі сұрмерген, қарамергендер жайындағы аңыздар ел есінде күні бүгінге дейін сақталған. Мерген сөзінен мергендік, мергеншіл, мергенсіну сияқты сөздер пайда болған. Мерген сөзі түркі, монғол тілдеріне ортақ өте көне сөз. Монғол тілінде мэргэн мерген, көреген, болжағыш мағынасында [5], қазіргі кезде садақ ату чемпионы, атқыш мəнінде қолданылады, алтай, тува тілдерінде мерген осы мағынада, туваша мерге — «городки» ойынының таяғы [6].

Моршы — түлкі, күзен сияқты аңдардың ініне түтін салып, тұншықтырып ұстайтын аңшы атауы. Мор сөзіне кəсіпті білдіретін -шы жұрнағының қосылуынан жасалған. Мор — қиды тұтатып, бықсытып от жаққан шұңқыр. Оны киіз үй ағаштарын жасауда жиі пайдаланады.

Аңкөс сөйыл, аңқұмар, аңсақ адам [2; 539]. Қазақ халқы бұл сөздің тым ертедегі ұғымын еске ала отырып, аңкөс адам дегенді өте үлкен мамандық иесі деп білген. Тас, таяқ, сойыл, шоқпар, су, түтін, тор, тұзақ, ау, қақпан, ат, ит, садақ, мылтық сияқты қару-жарақпен аң аулау білетін, осы қару- жарақтың бəрін немесе бірнеше түрін пайдаланып, аң аулаған адамдарды аңкөс адам деп таныған. Аңкөстік қару-жарақты пайдалануға ғана айтылмайды, ол адам қай аңды, қай қарудың түрімен қалай аулауды да білуі шарт.

Қазақ халқының аңшылық мамандығындағы аңкөс жан-жақты мəн-мағыналы ұғымда айтылады. Аңкөс адам əрбір аңның тіршілік ету əдісін, өсу-өрбу жолдарын білуі керек. Қай аң қандай жерде, қай жерде болады, олардың аулану маусымындағы мекендері қай жер, аңдардың күндізгі жəне түнгі өpicтepі, жыртқыштардың жортуы, қоңыр аңның жайылу, жусау, ұйықтау, өру кездерін, олар нені жейтінін, нені жемейтінін білуі керек. Ол адам өзі жасаған жердегі аңның өзін де, сырын да білуі керек. Ол аңдар нені тез сезеді, нені сезбейді, олардың иіс айыруы, бақылау, қарауылдау, күзету, қарау, көру, ceзіну, секем алу сергектігі, мінез-құлқы, тағысын-тағылар қай аңда, қалай болатынын білетін адамдар аңкөс адам болып саналады. Аңкөстер аңның бұғу, көру, қорғалау, қашу, тосқауылдау, бұлтару, із тастау əдістерін де білуі шарт. Аңкөс сөзінен «аңға құмарлық» мəнінде аңкөстік сөзі пайда болған.

Саят құс салып, аң аулау дегенді білдіреді. Бақытжан төре жылда елге демалысқа келгенде, құс салып, саят құрғанда өзімен тұстас Шортанның торы шолақ атын мінетін (Б.Аманшин). Саят сөзінен саяткер, саяткерлік, саяттау, саяттық, саятшы саятшыл, саятшылық сөздері туған.

Саятшы — құс салып, аң аулауды кəсіп ететін адам атауы. Бұл өңірде ең соңғы қыран Қарашолақ та, ең соңғы саятшы Базар болды (Қ.Жұмаділов).

Саятшылық құс салып, аң аулауды кəсіп етушілікті білдіреді. Бұл екеуі байлығымен, батырлығымен емес, аңқұмар саятшылығымен жұртқа ұнаған жандар (Ə.Көшімов).

Салбурын елден, ауылдан аулақ иен жерде топ болып аң аулау [7; 693]. Салбурынға шығар кезде бүркітті орташа, күйлі, көңілді сергек күйінде ұстау керек (С.Қасиманов). Салбурын ерте заманда хандар мен бектердің, ауқатты адамдардың жыл сайын қыста өткізілетін аң аулау мейрамы болған. Ол «сейіл» деп те аталады. Салбурынға шығар алдында жан-жақты дайындық жасалған. Кəнігі саятшылар, əккі аңшылар құралайды көзге атар мергендермен бірге, сауыққой əнші, өнер адамдары қатысатын болған. Е.Жанпейісов салбұрын деп береді [8; 52–53]. Мүмкін, М.Əуезов шығармаларының түпнұсқасында солай берілген болар.

Аң аулау маусымы кезінде аңшылар топталып, аңы мол жерлерге сапар шегеді. Сартабан, сары тұғыр, арқалы құр жақсы ат, қыран бүркіт, түзу мылтық — бəрі бірдей сайланады. Аңкөс аңшылар, бапкер құсбегілер, білгір саңлақ саятшылар, құралайды көзінен ататын мергендер, аңқұмар қағушылар, елгезек атшы-қосшылар бас қосады. Олардың ішінде əнші, күйші, жыршылар да болады. Олардың саны шектелмейді. Бір топта он-он бес бүркіт, жиырма-отыз адам болуы да мүмкін. Ал, ең аз дегенде бүркітші, қағушы, атшы, құсшы үш-төрт адамнан кем болмайды.

Ел-жұрттан аулақ иенге шығып, қос жадағай, қос сəнгер тігіп, бірнеше айлап (əдетте қарашадан бастап ақпанның аяғына дейін) жатып, аң аулайды. Күндіз жан-жаққа бытырап, аң аулауға кетеді де, кешкілік отбасында бас қосады. Еркін табиғатта еркін жүріп, аң қуып, бүркіт салу, саят құру, бай табиғатты тамашалау, табиғат байлығынан лəззат алу, рақат табу — саятшылар үшін бір ғанибет болып табылған.

Бір кездегі қазақ өмірінде саятшылықты күнкөрістің, кəсіптің көзі ғана емес, сауық-сайран салтанатының белесіне көтерген.

Мал өсіру, егін салу, пішен шабу, мал өнiмiн өсіру сияқты негiзгi шаруашылықтармен қатар бүркіт салу, тазы жүгірту, қаршыға, лашын, қырғи, ителгі сияқты алғыр құстармен саятшылық жасау дағдыға айналған. Аңшылық — халықтың ежелгі өнері, спорттық ойындардың бiрi. Қазақтың ертегі, аңыз-əңгiмелерi мен эпостық жырларында аңшылық, саятшылық қоса суреттеліп отырады.

Бүркіт, тазы, қақпан, тұзақпен қыс маусымында қасқыр, түлкi, қарсақ, қоян, шіл, құр, күзен сияқты аңдарды ауласа, жаз кезінде əр аң-құстың жетілген мерзiмiнде қаршығамен, лашынмен, қырғи, сұңқар сияқты қыран құстармен де аң аулауға шыққан.

Құсбегі саят құстарын қолға үйретуші, баптаушының атауы. Ителгіні көбінесе қоянға салады, кейбір шебер құсбегілер ителгіге қаз да алдырады (Ш.Айманов). Бұл сөздің «құс баптаушылық, бапкерлік» мағынасында құсбегілік сөзі пайда болған [3; 6-т., 531-б.].

Құсшы — құс салатын адам, саяткер атауы. Үні не деген жаман, əкетші, əрі, — деп семіз бəйбіше құсшы жігітке бұйыра сөйледі (С.Бегалин). Бұдан «құсқұмар, саятшыл» мағынасында құсшыл сөзі пайда болған [3; 6-т., 532-б.].

Қазақ құсбегілері қырандардан бүркіт, ителгі, лашын, сұңқар, қара қылыш, бидайық, тұрымтай, жағалтай сияқтыларды қаракөздер тобына жатқызады, қаршыға, тұйғын, қырғиларды шегіркөзділер тобы деп атады. Қырандарды аңды алу əдісіне қарай іліп алатындар, теуіп алатындар деп eкiгe бөлген. Аса білгір қазақ құсбегілері қырандардың түci-түгіне, түр-тұлғасына, сүйек бітімі мен келбетіне, мінез-сезіміне қарай қаршыға, тұйғын, қырғиларды бip текке, сұңқар, ителгі, жағалтайларды бip текке, лашын, бидайық, тұрымтайларды бip текке жатқызады да, бүркітті өз алдына жеке тек атайды.

Қазақ халқының ауыз əдебиетінде қырандар мен құсбегілер жайлы өте көп аңыз-əңгімелер сақталған. Ұшқыр қиялды əрі бақылағыш құсбегілер аузынан шыққан қыранға, аңшылыққа тəн əңгімелердің кейбірі тіпті ғалым-зоологтерге де белгісіз болуы, айтылған атау сөздердің біразы тіл мамандарына беймəлім болуы мүмкін. Аңкөс құсбегілердің қырандар туралы айтқанын қағаз бетіне түcіpіп, түсіндірудің өзі өте күрделі жұмыс.

Сонар — қалың қар жауып, ашылғаннан кейінгі аңға шығуға қолайлы тынық күн осылай аталған [8; 8-т., 399-б.]. Алғашқы қар жауып ашылған тынық күні, яғни сонарда, бүркітті қолға қондырып биік таудың басына шығады (Ш.Айманов). Сонар сөзінен сонарла, сонарлат, сонарлау, сонаршы сияқты сөздері, келтесонар, қансонар, ұзақсонар тəрізді күрделі атаулар туған [3; 8-т., 340-б.].

Қырғыз тілінде сонор (сонор қар)— жаңа жауған қар «үлпек қар, қырбық қар; үлпек қарда аңшы құс я итпен аң аулау», сонор қуу —«тағы аңдарды аулау», сонорлаш «аңшы жолдас» [7; 117]. Құмық тілінде «сунар» — «жаңа жауған қар», чуваш тілінде «аң аулау», сунарса — «аңшы» [4; 428]. В.Радловтың түсіндіруінше, қырғыз тіліндегі сону —«жан баспаған қар», сонун — «жаңа»: сонун тыл— «жаңа тіл» [9]. Соны қазақ тілінде «жаңа, тың» мағынасын білдіреді. Сөйтіп, жоғарыда келтірілген сонар, сонор, сунар, сону, соны сөздерінің бəрінің түбірі сон екенін көреміз [7; 117–118].

Келтесонар деп жауған қардың көп жатпай тез еріп, аң ізінің көмескіленуін айтады. Өткен қыс қаңтардың ортасы ауа аңшының арманындай келтесонар түсіп, осы Жəкен Мусаны аңға алып шыққан (А.Сейдімбеков).

Ұзақсонар — қалың қардағы аң ізінің көп уақыт бойы бүлінбей, жоғалмай жатуын айтады. Қазы ұзақсонар, келтесонар, қансонар деп аталатын, түлкі қағуға қолайлы күндерді құр жібермейді (М.Мағауин).

Қансонар — қалың қар жауып аңның ізі айқын білініп жатқан шақта, ауңшы құс, тазылармен аң аулаудың сəтті күнін айтады [3; 8-т., 399-б.]. Сол алғашқы қансонар күні екі тазы ерткен үш адам жазық далаға қарай бет алды (Ə.Көшімов).

Қансонар сөзі құрылымы жағынан қанбазар, қанжайлау, қансəске сияқты тіл бірліктеріне ұқсас. Ə.Қайдар қан сөзінің төркінін монғолдың «хон» «тыныштық, жым-жырт» сөзімен байланыстырады [7;117]. К.Юдахин қырғыз тіліндегі қанжайлоо —«шөбі шүйгін жайлау», қанбазар— «халық көп жиналатын, дүние мүлкі мол базар» сөздерін бір нəрсенің молдығымен байланыстырады [10]. Сонда қансонар алғаш қар жауған күні аң мол ауланатын сəтті шақ дегенді білдіреді деп пайымдауға болады.

Жым — аңның ізі, жүретін жолының атауы.

Қақпан осы өзекке түбектеп келіп құлайтын жымға салынған (Ж.Молдағалиев) [3; 8-т., 340-б.].

Қоңыр аң — аю, арқар, тау ешкі, бұғы сияқты аңдардың жалпы аты.

Апан аюдың, қасқырдың ұясы, інінің атауы. Апандағы жалғыз күшік енесінің келгенін сезіп, кеудесін көтеріп, қармана бастаған (С.Ерубаев). Апан сөзінен апандай, апанды сияқты сөздер, аюдың апаны, апандай ауыз, апанды құдық тəрізді тұрақты тіркестер туған [3; 1-т., 556-б.].

Дүниеде аң ауламайтын, құс салмайтын халық жоқ деуге болады. Бірақ əр халықтың аңшылық дəстүрі өзіне ғана тəн, өз дүниетанымына, түсінігіне сай қалыптасқан.

Қазақ халқының ұлы тұлғаларының еңбектерінде де аңшылықты, яғни ит жүгіртіп, құс салып, аң аулауды қазақ халқы өнерінің негізгілерінің бірі деп білген.

Аң аулауды қазақ халқының ұлы ақыны Абай тамаша өлеңдерінде тек ғана аң аулау ғана емес, жаратылыс сұлулығын, жазғы, қысқы, аңшылық сайранын асқан сүйiспеншiлiкпен жырлаған. «Мұны оқыса, жiгiттер, аңшы оқысын, Бiле алмасаң, құс салып, дəм татпасаң» — деп, саятшылықтың спорттық, демалыстық маңызына зор мəн берген. Ондағы жора-жоралғы, əдет-ғұрып — бəрі де көшпелі өмір салтына лайық түсініктер негізінде аталып, біздің заманымызға жеткен.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Мұқанов С. Халық мұрасы (тарихи этнографиялық шолу).— Алматы: Қазақстан, 1974. — 86-б.
  2. Қазақ əдеби тілінің сөздігі. — 1–3-т.— Алматы: Арыс,
  3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. — 1–10-т.— Алматы: Ғылым, 1974–1986.
  4. Древнетюркский словарь. — Л.: Наука. Ленингр.отд., 1969. — 676-б.
  5. Монғолша-қазақша сөздік / Құраст. С.Хабшай, Ə.Мініс. — Ұланбатор: Монғ. мем. баспасы, 1954. — 115-б.
  6. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. — Алматы: Ғылым, 1966. — 145-б.
  7. Қазақша-орысша сөздік / Ред басқ. Р.Ғ.Сыздық, К.Ш.Хұсайын. — Алматы: Дайк-Пресс, 2001. — 1005-б.
  8. Жанпеисов Е. Этнокультурная лексика казахского языка (на материале произведений М.Ауэзова).— Алма-Ата: Наука, 1989.— 283 с.
  9. Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий. — Т. 1.—СПб., 1888 — 1911. — С.
  10. Юдахин К.К. Киргизско-русский словарь. — М.: Изд. иностр. и нац. словарей, 1965. — С.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.