Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ағылшын жəне қазақ дүниетанымындағы ұқсастықтар

Қазақ этнолингвистикасына келсек, Ə.Қайдар, Е.Жанпейісов, М.М.Копыленко сынды ғалымдар теориялық негіздемелер жасауда, зерттеу нысанын, мақсатын, мүддесін жəне əдіс-тəсілдерін айқындауда көп еңбек сіңірген. Мақал-мəтелдердің (ММ) этнолингвистика тұрғысынан зерттелуіне толыққанды негіз бар. Өйткені ММ көне заманнан бері өмір сүріп келеді. Олардың тұла бойы тарихқа толы. Тілді халықтың рухани мəдениеті мен тарихымен, салт-дəстүрімен, ұлттық дүниетанымымен байланыстыра зерттеуді мақсат ететін этнолингвистика ММ-дің этнолингвистикалық сипатын да анықтайды. Дəлірек айтсақ, ММ-дің мағыналарының қалыптасуындағы уəждерін зерттейді. Р.К.Атаханованың айтуы бойынша, «мағына қалыптасуындағы уəждері дегенді ММ-дің шығуына негіз болған жағдайлар деп түсінеміз» [1].

Ағылшын жəне қазақ тілдеріндегі халықтардың рухани байлықтарының шоғырланған жері, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан асыл қазыналары — ММ-дің қыр-сырын Р.Б.Жүсіпова этнолингвистика тұрғысынан зерттейді. Осы тақырыпқа арнаған диссертациялық жұмысында қос халықтың дүниетанымындағы ұқсастықтарды 13 белгі бойынша көрсетеді [2].

Адамға қатысты ММ-дің этнолингвистикалық уəжі. Қос тілде де осы тақырып аясына жататын тіркестердің саны жағынан əлдеқайда көптігі байқалады. Мұның сыры адамның қоғамдағы шешуші күш екендігінде жатса керек.

Ағылшын тілінде халық арасында жиі қолданылатын Manners maketh man, Manners make the man тұлғасы ықшам, алайда мəні зор тілдік орам, орта ғасырда орын алған қағида түр дəстүрлерге, заман талабына байланысты қалыптасқан. Əсіресе ХІV ғасырда Англияда мəдениеттіліктің негізгі шарттарына өзін-өзі ұстау ережелеріне баса назар аударып мүлтіксіз орындалуы талап етілді. Əдептілік, ізеттілік ережелерін қамтитын арнайы жинақтар шығарыла бастады. Уақыт өте келе осы ұстанымдардың бірқатары жалпыхалықтық ММ-ге айналып, кеңінен қолданыс тапты. Мысалы, Good manners maketh a man (Адамды адам ететін оның əдептілігі); If thou sit by a worthier man than thyselfs art one, Suffer him first to touch the meat (Егер өзіңнен салауаттырақ адаммен дастархандас болсаң, одан үлгі ал, яғни соған қарап ас іш) т.б.

«Жалғыз қаздың үні шықпас, жалғыз қыздың мұңы шықпас» деген мақал қазақтың əдет- ғұрпына, өмір салтына байланысты тілде қалыптасқан деп ойлаймыз. Өзара қарым-қатынасын жекжат болып нығайтқысы келген адамдардың балаларын атастырып, күйеу жігіт қайтыс болса, əмеңгерлікпен туған бауырының, болмаса жас ерекшелігіне қарамай туыстарының біріне қосуы тəрізді мəселелер ата дəстүрі бойынша шешімін табатын. Балғын жас қыздардың, тіпті, əкесінен де үлкен қарт кісілерге тұрмысқа шығуға мəжбүр болуы қыз əкесінің сіңірі шыққан кедейлігінен, өгейлігінен не жетім қыздың жалғыздығынан. Жоғарыда келтірілген мақалдың шығуына мұңын шаға алмай, тағдырдың дегеніне көнген арулардың қайғы-қасіреті себеп болған тəрізді.

Діни-мифологиялық наным-сенімге байланысты ММ-дің этнолингвистикалық уəжі. Ағылшын жəне қазақ тілдерінде наным-сенімге байланысты ММ де кездеседі. Мысалы, ағылшын тіліндегі God helps those who help themselves (Өзіне өзі көмектескендерге құдай да жəрдемдеседі) тіркесінің шығу төркінін біздің жыл санауымызға дейін 570 жылы жазылған «Геракл жəне күймеші» атты Эзоптың аңыз əңгімесімен байланыстырамыз. Мифтік əңгіменің жалпы мазмұнына келер болсақ, күймесі батпаққа батып тұрып қалған күймеші оны шығаруға талпыныс жасамастан, көмекке құдіретті де күшті Гераклды шақырады. Адамның бұл қылығына қатты ашуланған Геракл: «Күйменің доңғалағының артына иығыңды тіреп итер де, өгізіңді алға айда», — дейді жəне алдағы уақытта еш əрекет қылмастан өзін шақыруға қатаң тыйым салады. Осы ой түйіні XVII ғасырға дейінгі əдебиеттерде əр түрлі жолдармен берілген. Мысалы, Дж. Барэт «An Alvearie» (1580) атты еңбегінде: God doth helps those in their affairs, which are industrious (Құдай еңбек сүйгіштерге көмектеседі) десе, Дж. Херберт «Jacula Ptudentum» деген шығармасында Help thyself, and God will help thee (с.с.а.: Өзіңе өзің көмектес, сонда құдай да жəрдем береді) деп, сəл түрлендіре қолданған. Қазіргі уақытта тұрақты қолданысқа ие God helps him, who helps himself [3] мақалы алғаш рет 1736 жылы Б.Франклиннің «Poor Richard’s Almanack» атты еңбегінде жарияланды.

Қазақ жəне ағылшын тілдеріндегі наным-сенімге, оның ішінде жаратқан Ие, Алла-тағалаға қатысты ММ-ді салғастыра зерттей отырып, олардың семантикалық жағынан өзара сəйкес келетіндігі анықталады. ММ арқылы берілетін ойдың өзара өзектесіп, астасып келу себебін əртектес тілдер өкілдерінің өмір сабағының ғасырлар бойғы тіршілікте көзі жетіп, көкейіне түйген тəжірибе жиынтығының ұқсастығымен ұштастырамыз.

Үй-жайға, отбасына қатысты ММ-дің этнолингвистикалық уəжі. Қай халық болмасын, адамзат үшін үйдің алатын орны ерекше. Зерттеу барысында осы тақырып аясына жататын ММ-дің екі тілде де көптеп кездесетіндігі байқалды. Мысалы, ағылшындар My house is my castle (Өз үйім — қорғаным) десе, қазақ халқы Өз үйім — өлең төсегім деп, оған бейнелі түрде ерекше сипат береді.

Тарихи деректерге сүйенсек, ежелгі ағылшын баспаналары қорғаныс үшін аса мықты болмаған жəне Англияда қорғандардың салына бастауы 1066 жылғы нормандар басқыншылығымен байланысты. Жергілікті халық қаһарынан қауіптенген нормандар «түңгі ұйқы кезінде бауыздап кетпеуі үшін мықты баспана керек» деген ұйғарымға келіп, батпақтан үй салып, ағаштан мұнаралар тұрғыза бастаған. Бұларды балшықтан жасалған биік қабырғалармен қоршап немесе айналдыра ор қазатын. Демек, өзге халықтарға тəн тарихи қалыптың, дəстүрдің жергілікті халықтарға сыналап енуі, үйдің ассоциативті түрде қорғанға балануы My house is my castle тəрізді тұрақты тіркестердің тілде қалыптасуына негіз болған деп ойлаймыз.

Ал, Өз үйім — өлең төсегім тұрақты тіркесіндегі «өлең» лексемасы, Э.В.Севортянның сөздігінде берілген анықтама бойынша, аталмыш тілдік бірлік түркі тілдеріне монғол тілінен енген кірме сөз, «сулы, сазды жерде өсетін шөп; нəрлі, жұғымдылығы шамалы, жұмсақ шөп» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі таңда бұл бейнелі орам «Біреудің байлыққа толы кең сарайында қысылып,

қымтырылып отырғаннан гөрі өзіңнің қарапайым, жұпыны төріңде көсіліп жатқанға не жетсін» деген ұғымда қолданылады. Жалпы алғанда, қос тілдегі ММ арқылы берілетін негізгі ой біреу, яғни адамның үйіне деген ыстық сезімі мен үйдің адам өмірінде алатын орны. Бірақ осы ой ағылшын жəне қазақ мақалында сол халықтың əдет-ғұрпына, салт-санасына, дүниетанымына байланысты пайымдаулар арқылы берілген.

Гендерлік қатынасқа байланысты ММ-дің этнолингвистикалық уəжі. Адам өмірінде отбасының алатын орны ерекше, себебі ол шағын мемлекет іспетті. Осы шағын мемлекетте əйелге артылар жүк те, жауапкершілік те айтарлықтай. Қазақтың құтты босағасында ер адам — отағасы, үйдің қожайыны, алайда үй ішінің бүкіл тауқыметі, тұрмыс-тіршілігі, бала тəрбиесі, əдеп пен əдет, рухани қарым-қатынас, тағы басқалар əйел адамның құзыретінде. Ағылшын жəне қазақ тілінің паремиологиялық қорындағы əйелдердің жеке басына қатысты ММ-ден əйелдердің қоғамдағы, отбасындағы мəдени-əлеуметтік орнын айқын аңғаруға болады. Солардың бірнешеуіне тоқтала кетейік: A good wife makes а good husband (Жақсы əйел жақсы күйеу жасайды).

Қазақ тілінде тəрбиелік мəні зор тіркеске мағыналас келетін бірқатар ММ бар: Жаман əйел жақсы еркектің төрдегі басын көрге сүйрейді, жақсы əйел жаман еркектің көрдегі басын төрге сүйрейді.

Салғастыра қарастырғанда, халықтар менталитетіндегі ортақ көзқарас, өзара сəйкес ұғым- түсінік, біркелкі ұстаным байқалады. Жоғарыдағы «алған əйелің жақсы болса, елге сыйлы етер» деген ұғымды білдіретін қазақ мақалында айтылар ой төр мен көрді салыстыру арқылы жеткізілген. Қазақ халқының когнитивтік санасында «төр» — тек қазақ үшін ең қастерлі, сыйлы орын. Зерттеу барысында ағылшын жəне қазақ қоғамдастығында əйелдер дəрежесін ер адамдардан сəл төмендетіп көрсететін стереотиптің, пайымдаудың орын алғандығын білдіретін ММ-дің жиі кездесетіндігі байқалды. Мысалы, ағылшын тілінде The death of wives and the life of sheep make her husband rich (Əйелінің өлімі мен қойдың өмірі ер адамды бай етеді); Women have no souls (Əйелдердің жаны жоқ); қазақ тіліндегі Байтал жүйрік парқы жоқ, қатын шешен, нарқы жоқ, Əйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа ММ белгілі бір заман кезеңіндегі əйел адам дəрежесінің көрсеткіші іспеттес. Көне заманнан қалыптасқан қазақтың ата дəстүріндей Англияда да орта ғасырларда балаларының үйлену, тұрмыс құру тəрізді мəселелерін ата-анасы шешетін, себебі текті жердің қызына үйлену, ұлына тұрмысқа шығу арқылы материалдық жағдайын түзеп, қоғамдағы алатын орнын жақсартуға мүмкіндіктер туындайтын. Жоғарыдағы The death of wives and the life of sheeps makes her husdand rich мақалы өз заманыңдағы материалдық-рухани дүниенің тілдік бейнесі болып табылады, яғни көне дəстүрдің көрінісі іспеттес.

Сондай-ақ 1918 жылдан бастап жасы отыздан асқан əйелдердің кейбіріне сайлауда дауыс беруге құқық берілді жəне ағылшын əйелдерінің басым көшпілігі үй шаруасымен айналысты немесе жұмысшы, қатардағы қызметкер болды. Жоғары лауазымды қызметкер əйелдердің саусақпен санарлықтай болуы жəне оның биік танылуы Women in state affairs are like monkeуs in glass shops (Үкімет басындағы əйелдер айна сататын дүкендегі маймылдарға ұқсайды) бейнелі тұрақты орамынан айқын көрінеді. Байырғы ағылшын қоғамдастығында қалыптасқан əдептілік дағдысы бойынша тұрмысқа шыққан əйел ерін өзінің қожайыны ретінде қабылдауы тиіс-ті. Бұған бой ұсынбаған əйел соққыға жығылған. 1891 жылға дейін ерлерінің «ер адамның бас бармағынан жіңішке таяқпен» əйелдерін ұруларына, егер қаласа бөлмеге құлыптап қоюларына заңды құқықтары болған. A woman, a spaniel, and a walnut-tree, the more you beat them the better they be (Əйел, спаниель (иттің түрі) жəне жаңғақ ағашы ұрған сайын жақсарады); A woman, an asse, and a walnut-tree, Bring the more fruit, the more beaten they be (Əйел мен есекті жəне жаңғақ ағашын ұрған сайын жемісті молырақ береді) тəрізді тұрақты тіркестер жоғарыда айтылған келеңсіз оқиғалардың орын алғандығы жөнінде бұлжытпас тілдік дəлел болып табылады. Қазақ арасында да мұндай жəбірлеулердің болғаны, əлі күнге дейін сирек те болса кездесетіні жəне оның əдеттегі отбасында болып тұратын елеусіз оқиға ретінде танылатыны мəлім.

Сонымен, гендер категориясына қатысты түп-тамыры тереңде жатқан тілдік орамдар екі тілде де молынан ұшырысады. Олар белгілі бір линвомəдени қоғамдастықта қалыптасқан дүниенің тілдік белгісі болып табылады. Дүниенің тілдік көрінісі адам-тіл, мəдениет-өркениет жиынтығын зерделеу арқылы айқындала түседі.

Уақыт өлшеміне қатысты ММ-дің этнолингвистикалық уəжі. Бұл тақырыптың топтағы бейнелі орамдар уақыттың көз ілеспес жылдамдығын, оны босқа өткізіп, өмірді өксітпеуді, алтын мезетті пайдалы іске арнауды уағыздайды. Мысалы, Time is money (Уақыт — ақша); Уақыт — білгенге қазына, білмегенге — быламық; Ерте тұрған əйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық. Туыс емес екі тілдің бірліктері уақытты ұтымды пайдаланып, тыңбай еңбек етсең, мол қазынаға кенелесің деген ұғымды білдіреді. Ағылшын зерттеушілері аталмыш тіркестің қазіргі заман ағымына сай келіп тұрғанымен, көненің көзі екендігін ескертеді жəне оның алғашқы қолданысын біздің жыл санауымыз бойынша 320 жылдағы Теопрастус жазбаларымен ұштастырады.

There is a time for everything (Əр нəрсенің өз уақыты бар). Бұл ағылшын мақалы Қасиетті кітап Інжілдің To everything there is a season, and a time to every purpose under the heaven (Аспан астында əр нəрсенің, əр мақсаттың өз мерзімі бар) деген өсиет-өнегелерінен ықшамдалып, тұрақты қалыпқа енген. Қазақша: Сабақты ине сəтімен.

Тілге байланысты ММ-дің этнолингвистикалық уəжі. «Тəрбие басы — тіл», орны мен орайын тауып қолданса, сөзден, яғни тілден, асқан ғажап сиқырлы күш жоқ деп білген халық ұрпағын ойланып, дұрыс сөйлеуге баулыған. Зерттеу барысында тілге, сөзге қатысты ММ-дің екі тілде де жиі кездесетіндігі байқалды. Мысалы, ағылшынша Good words cost nothing and worth much; қазақша Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады, қатты-қатты сөйлесең, пышақ қынынан шығады.

Екі тілге қатысты орамдардың жеткізер ойы бір, яғни адам жанын жадыратар жақсы сөздің құндылығы. Ағылшын мақалында тек жылы сөздің мəні айтылса, қазақ мақалдары қатты сөздің адам жанына əсерін қоса жеткізеді. Бір ауыз қатты сөзді қолға кірген тікенге теңей келіп, сол бір ауыз қатты сөзден пышақ қынынан шығатынын, үлкен дау туатынын ескертеді.

Осы жерде айта кететін жайт, ағылшын мен қазақ ММ-не айтылатын ойдың кейде орайлас келмей, қарама-қайшы түсетін тұстары да кездеседі. Мысалы, ағылшын тілінде: Stiks and stones may break my bones, but words will never hurt me (Таяқ пен тастар менің сүйегімді сындыруы мүмкін, бірақ сөз мені жаралай алмайды) десе, қазақ мақалы, керісінше, Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді деген пікірді қалыптастырады.

Еңбекке қатысты ММ-дің этнолингвистикалық уəжі. Зерделей қарасақ, ММ адам баласының бар өміріндегі, тұрмыс-тіршілігіндегі салалардың барлығын дерлік қамтиды екен. Солардың қомақты бір бөлігі — еңбек жайлы ММ. Мұның сыры еңбектің тіршіліктің негізі, қоғамның, өмірдің қайнар көзі екендігінде болса керек. Көненің көзі іспеттес тұрақты тіркестер тобы келер ұрпаққа еңбек етпегеннің ішіп-жемейтінін түсіндіре келіп, оларды еңбек сүйгіштікке, адал еңбек етуге баулиды, жалқаулық, бойкүйездік, жатып ішер арамтамақтықтан бойды аулақ салуға шақырады.

Қонаққа қатысты ММ-дің этнолингвистикалық уəжі. Қонақжайлық — қазақ ұлтының сүтімен еніп, сүйегіне сіңген ұлы дəстүрінің бірі. Қазаққа қонақ болу үшін оның таныс болуы, діндес, теңдес болуы шарт емес, қонақасыны «бөлінбеген еншім» деп тануының өзі кеңінен таралып, дəстүрге айналған халық жорасының бірден-бір көрсеткіші. Алайда A constant guest is never welcome; Бір күнгі қонақ — құт, екі күнгі қонақ — жұт тəрізді тұрақты тұлғалар жиі келген қонақтың қадірін жоғалтатынын, оған өзі қалағандай құрмет көрсетілмейтінін бейнелі түрде жеткізеді. Екі тілдің ММ- ін талдап-тарату барысында алыс жатқан, салт-санасы, əдет-ғұрпы, тілі-діні əр басқа халықтардың айтайын деген ой-тұжырымы, көзқарасы мен өмірлік ұстанымдарының өзара сəйкес келіп жататындығы анықталады. Мұның сыры өмірдің өзінде, адамзаттың көріп-біліп, көңілге түйген ойында, өмірден алған тəжірибесінде жатса керек.

Ақша, қаражатқа байланысты ММ-дің этнолингвистикалық уəжі. Ағылшын жəне қазақ тілдерінде ақша-қаражат жайлы ММ жиі кездеседі. Мысалы, Take care of pence and the pounds will take care of themselves (Пэнсті үнемдеп ұстасаң, фунт өз-өзін үнемдейді); Теңге тиыннан өсер, жылқы құлыннан өсер; Береке бір тиыннан.

Ағылшындар фунт пэнстен құралады десе, қазақтар теңгенің тиыннан өсетінін ескертеді. Əр елде ақша өлшемі ретінде қабылданған ұлттық валютаның атауы əр түрлі болатыны белгілі. Теңге мен тиын — қазақ елінің ақша эквиваленті. Сонау VI–VIII ғасырларда ру-ұлыс нышандары айшықталған теңгелердің қолданыста болғаны, Отырар, Тараз қалаларында теңгелер шығарған ұстаханалар жөнінде тарихи деректер бар.

Қазақ тілінде ұсақ ақшаның «тиын» аталуы тиін аңының терісі бұрын ақша орнына жүргендігінен қалыптасқан болуы керек деген болжам бар. Ғалым К.Золотницкий дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тілінде «тиын» (орысша «копейка») сөзінің тиін аңының атымен бірдей не ұқсас болып келетінін айта келіп, оның себебін бұл халықтардың тарихи дамуында орын алған кейбір мəдени-əлеуметтік жағдайлармен, яғни, бір кезеңде алым-салықтың тиін терісімен төленгендігімен байланыстырады. Черемистерде, пермяктарда — «ур» сөзі «белка» деген мағынаны да, «тиын» деген мағынаны да береді, ал татар, қырғыз, алтай тілдерінде «тиын» сөзі аңның да, ақшаның да атауын білдіреді. Қазіргі қазақ орфогрфиясындағы «ақша» мағынасындағы «тиын» сөзін жуан, ал аң мағынасында «тиін» болып жіңішке түрде жазу қалыптасып кеткенімен түбірі бір деп табамыз деген Ө.Сұлтановтың пікірі құптарлық.

Фунт — Ұлыбритания мемлекетінің ұлттық ақша эквиваленті, ал пэнс — сол елдің ұсақ ақшасы, яғни майда ақшаны үнемдеп ұстасаң, жинала келе фунт құрайды, ақшаның басы құралады деген ойды түйеді ағылшын мақалы.

Өнер-білімге қатысты ММ-дің этнолингвистикалық уəжі. Бұл топтағы ММ жас ұрпақты білім алып, өмірдің, қоғамның сан алуан тылсым сырларын ашуға, тануға жетелейді. Оқы, үйрен, оқудың ерте-кеші жоқ деп ақыл айта келіп, жас ұрпақты өнер-білім алуға үндейді. Мысалы, Knowledge is power (Білім — күш); Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы. Ағылшын мақалы білімді күшке теңесе, қазақ мақалы білімді жанып тұрған өмір шырағына, ырыстың қазығына теңейді.

Өмір мен өлімге байланысты ММ-дің этнолингвистикалық уəжі. Бұл топтағы ММ өмірдің адамға бір-ақ рет берілетінін ескерте келіп, қамшының сабындай қысқа өмірді мəнді де сəнді өткізуге, аруақтарды сыйлауға, қадірлеуге шақырады. Мысалы, Speak well of the dead (Өлгендер жайлы жақсы айт); Өлі разы болмай, жарлы байымас.

О дүниелік кісілердің аруақтарын сыйлау, олар жөнінде теріс сөйлемеу — халықтың қанына ана сүтімен дарыған қасиеттердің бірі. «Өлі разы болмай, жарлы байымайды» деп қазақ пəниден өткендерді еске алып, жетісі, қырқы, жүзі, жылын өткізіп, құранын оқытса, ағылшын халқы да өмірден озған жақын-жуығын қастерлеп, дəстүрлі жөн-жоралғысын жасап отырады.

Табиғатқа, жан-жануарларға қатысты ММ-дің этнолингвистикалық уəжі. Ағылшын тілі ММ- нің алтын қорынан ауа райына, аспан денелеріне, табиғат құбылыстарына қатысты ММ-ді жиі кездестіруге болады.

Шаруаның негізгі тіршілік көзі ауылшаруашылығы болғандықтан, ауа райына тікелей тəуелді. Алар астығының мөлшері мол, баққан малының күйлі, тұрмысы түзу болуын қалаған шаруа ауа райының жанға жайлы, шаруашылыққа қолайлы болғанын тілемей, оған мазасыздана алаңдамай, ауа райын ауызға алмай тұра алмайды. Осы жағдай сан ғасыр өтіп, заман өзгеріп, ел экономикасы қарыштап дамығанымен, ағылшын халқының өзіне тəн, қанына сіңген əдет-ғұрпының біріне айналғанға ұқсайды. Мысалы, If it does rain on St. Michael and Gallus, the following spring will be dry and propitious. (Қасиетті Майкл мен Галлус күні жаңбыр жауса, келер көктемде ауа райы құрғақ жəне шаруашылыққа қолайлы болады). Қасиетті Майкл (St Michael) 29 қыркүйекте, Галлус (Gallus) 19 қазан күні аталып өтілетін діни мерекелер.

Аспандағы құбылыстарды зерттеу арқылы ауа райын болжайтын да жағдайлар кездесіп қалатын. Мысалы, Red sky at nigth, Shepherd’s delight; Red sky in the morning, Shepherd’s warning (Түнгі қызыл аспан — шопанның қуанышы, таңғы қызыл аспан — шопан уайымы).

Бір қызығы табиғаттың бұл құбылысын қазақтар да мүлт жібермей байқап, өз қорытындысын жасап отырған. «Кешкі күн құлақтанса, əйелің ұл тапқандай сүйін, ертеңгі күн құлақтанса, еліңді жау шапқандай күйін» деп келетін қазақ мақалы — осы байқампаздықтың жемісі. Демек, кешке қарай күн құлақтанып, қызара алаулай батса, келесі күнгі ауа райы жанға жайлы, жылы болады. Ал, таңертең күн құлақтанып, қызара атса, ауа райы салқындап, жауын-шашын болады.

Қос тілдегі бейэквивалентті ММ-дің этнолингвистикалық уəжі. Ағылшын жəне қазақ тілдеріне ғана тəн, өзге тілде баламасы жоқ түрлері де кездесті. Аталмыш тұрақты тіркестердің басқа тілдік бірліктермен салыстыра алғанда, сандық көрсеткішінің, кездесу жиілігінің төмендігі байқалды. Мысалы, Жеті атасын білмеген, жетімдіктің салдары. Өзінен бастап жеті атасына дейін білу — əрбір қазақ азаматының дəстүрлі борышы, мұны таныта білу — ата-ана тəрбиесінің əліппесі. Тек ата- анасынан жастай қалған жетімдер ғана кей жағдайларда мұндай білімнен мақұрым болатын. Жеті атаның тізімі — əке — бала — немере — шөбере — шөшпек — немене — туажат. Сегізінші — жүрежат, тоғызыншы — жекжат, оныншы ата-жұрт болып өрбиді. Қазақ жеті атасын білмегенді жетесіз деп, ол адамға үлкен мін таққан. Жеті атаға дейін қыз алып, қыз беріспейді. Мұндай шартты бұзған кісі əдепсіз деп танылса, ертеректе қатаң жаза қолданылған.

People who live in glass houses shouldnt throw stones (Əйнектен жасалған үйде тұратын адамдар тас лақтырмауы тиіс). Бұл мақалдың шығу төркіні тарихи деректерге сүйенер болсақ, XVIII ғасырмен тұтас келеді. Əйнек XVIII ғасырда Англияда үй, шіркеу жəне басқа да ғимараттар салу жұмыстарында кеңінен қолданылған құрылыс материалдарының бірі болатын. Ағылшын халқының тұрмыс-тіршілігінде орын алған осы бір əлеуметтік жағдай да тілде өзіндік із қалдырған тəрізді. Қазіргі таңда бұл мақал «Өзің сол дəрежеде тұрып, басқаға сын айтпа» деген ұғымды білдіреді.

Қорыта айтқанда, ғасырлар бойы жинақталып, атадан балаға мұра ретінде қалдырылған ММ сынды тұрақты орамдар тілдік жəне тілден тыс шындықты бейнелеуге атсалысады. Ұлт тарихы мен мəдениеті, менталитеті, бітім-болмысы, күллі философиясы жөнінде жан-жақты ақпарат беретін лингвокультуремалардың санатындағы ММ ұлт тілі мен мəдениетінің өзара байланыстылығын, тұтастығын айқындайтын ерекше қабат болып табылады. Əрбір ММ ұрпақтан ұрпаққа жалғасу кезінде халықтың сан ғасырлық тəжірибесін жинақтап, сол халықтың тілінде сөйлеуші адам, қоғам мүшесіне белгілі алуан түрлі образдардың қорын өз бойына сіңіреді. Ұлттық мəдениеттен хабаршы ақпарат көзі ретінде ММ лингвомəдени бірліктер болып табылады да, ұлттық-мəдени нышан олардың басым көпшілігінде имплицитті түрде көрінетіндігі байқалады. Тілдік бірліктегі тасаланған мəдени түпдеректер ішкі форма, аялық білім, эталон, стереотиптер арқылы айқындалады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Атаханова Р.К. Туыс емес тілдердегі мақал-мəтелдердің этнолингвистикалық сипаты: Филол. канд. дис... автореф. —Алматы, 2005. — 10-б.
  2. Жүсіпова Р.Б. Ағылшын жəне қазақ мақал-мəтелдерінің этнолингвистикалық сипаты: Филол. канд. дис... автореф. —Алматы, 2004. — 20–28-б.
  3. Кеңесбаева Ү. Ағылшын халқының мақал-мəтелдері. — Алматы: Өлке, 2004. — 61-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.