Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

М.Әлімбаев поэзиясы жөнінде

1960–80-ші жылдары қазақ балалар поэзиясы жанр, мазмұн жағынан түрленіп, ішкі жанрлары байыды. Ауыз əдебиеті үлгісінде жазылған сатиралық, фантастикалық поэма, ертегі, ертегі-поэма үлгілері пайда болды. Бұл тұста бала характерін ашатын əдеби əдіс-тəсілдер де молайды. Жалаң үгіт, насихаттың тежеліп, бала характерінің алдыңғы планға шығуы балалар поэзиясының басты ерекшелігіне айналды. Бірыңғай балалар əдебиетіне маманданған Ө.Тұрманжанов, М.Əлімбаев, М.Жаманбалинов, Қ.Мырзалиев, Ə.Дүйсенбиев, Ж.Смақов сияқты ақындардың танымдық-тəлімдік шығармалары балалардың қиялына қиял қосты.

Шығармашылығы жанрлық жағынан бай саналатын балалар ақынының бірі — М.Əлімбаев. Ақын шығармаларында өлең, өлең-ойын, өтірік өлең, тақпақ, ертегі, санамақ, мазақтама, жұмбақ, метаграммалар, шарадалар, жаңылтпаштар т.б. сияқты ішкі жанр үлгілері жиі ұшырасады.

М.Əлімбаев өз өлеңдерін, негізінен, мектеп жасына дейінгі балдырған мен бастауыш сынып оқушыларына арнап жазады. Мысалы, «Менің ойыншықтарым» өлеңнен үзінді келтіріп көрейік:

Ашытпайды көзіңді, Шомыла ғой, балақай!

Қарашы енді өзіңе: Аппақ болдың, алақай!

Түсті түймең үзіліп, Неге қадап алмайсың?

Тұр ғой əне ине-жіп,

Неге ұқыпты болмайсың?

Өлең жалғыз қуыршаққа ғана емес, ойыншық құлыншақ, бұлбұл, күшік, қоянға жеке-жеке арналады. Тақпақ танымдық, тəрбиелік маңызға ие. Бұл тұрғыда да халық өлеңімен үйлестігі  айқын.

«Мұндай шығармаларды балалар шағын көлемі, ойнақы, əуезді, жеңіл құрылымы үшін ғана ынтыға жаттамайды, өздерінің таным-түсінігіне, күнделікті тірлігіне етене жағын мазмұн-болмысы үшін де құлай сүйеді. Мысалға, жан-жануарлар тақырыбына арналған тақпақтарда олардың сыртқы сипаттары мен əрекет дағдылары, мінез ерекшеліктері балаларға танымдық мағлұмат берерліктей образды суреттермен ерекше дəл бейнеленеді» [1].

Ақын өлең-жырларының басты тақырыбы — еңбек. Еңбек тақырыбындағы өлеңнің бірі — «Он саусақ». Өлең жөнінде автор былай дейді: «Еңбек қозғалыстан, əрекет етуден басталады. Екі саусақты біріктіру де, онымен ине ұстау да еңбек. Енді одан əрі не түйме қадалады, не киім тігіледі. Өстіп еңбек екі саусақтан, аздан, кішкенеден өрбиді. Ал үш саусақ біріксе, қалам ұстауға, хат жазуға, білім алуға жарайды, он саусақ кіріссе, үй де салынады, жол да жасалады. Саусақ арқылы адамдарды мегзеп тұрғанымды алғыр балалар өздері-ақ аңғарады» [2; 5].

М.Əлімбаев үшін еңбексүйгіштік пен жалқаулық — егіз тақырыптар. Автор еңбекті дəріптеу арқылы жалқаулықты əшкерелейді. Еріншектікті əшкерелеу арқылы еңбексүйгіштікті мадақтайды.

«Егер де...» өлеңі төрт шумақтан тұрады. Жалқау бала атқарылуға тиіс шаруаларды істемес үшін күлкі туғызатын сылтаулар айтады. «Аяғым су болмаса, бақшаның қарын күрер едім, үстіме шаң қонбаса, бақшаны баптар едім, қарым талмаса, су əкелер едім, ағаш қатты болмаса, отын жарар едім, Жанатты жыламаса, жұбатар едім, арифметика болмаса, сабақты жақсы оқыр едім» деген сылтау иесін автор сын тезіне салады:

Айтайық біз Кəрімге

Бұл мінезін қоймаса:

Тындырар ең бəрін де,

Жалқаулығың болмаса.

Жалқаулықтың неге апарарын түсіндіретін өлең — «Жалқаудың жауабы».

Ана есікті жаба салшы,

Ілгегін де сала салшы.

Жалқау əрең ыңыранды:

– Жел соқпай ма,

Сол жаппай ма?!

Үйдің ішін суық алды...

Жалқаудың əрекетсіздігінен үйдің іші суып кетті. Есік жабуға ерінбегенде бұндай жағдай болмаған болар еді.

Халық өлеңі сарынымен жазылған «Шай қайнатып берейін» өлеңінен «Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет» принципі байқалады. Апатайы Бағилаға шай қайнатып, інісі Мерейге сүт пісіріп бермекші болады. Апасына деген қамқорлығы «Шайға қанып, терлей ғой, өзіңді-өзің емдей ғой» дегенінен көрінеді. Бөбегіне деген жанашырлығы тілекпен ұштасқан: «Əппақ сүтке тоя ғой, жылағаның қоя ғой».

Ақын өлеңдері мақсатты. «Санамақ» өлеңінің мақсаты — бүлдіршіндерге санауды  үйрету.

Бірден онға дейінгі сандардың мəнісін түсіндіре келіп өлең соңында былай дейді:

Сан білмеген айта ма,

Санамақты қайтала!

Сондай мақсатты өлеңнің бірі — «Шынықсаң, шымыр боларсың» өлеңі. Өлең дене шынықтыру жаттығуларының жасалуы жөнінде.

Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір,

Сағатқа қарап ап Жаттығу оңай-ақ!

Жаттығу түрлері осылай жалғаса береді. Жаттығу түрлерін үйренуге деген талап-тілек жəне ав- тор тарапынан үйретуге деген ықылас осыну өлең-нұсқауды дүниеге əкелген. Өлең суретті кітапша түрінде де жарыққа шықты.

Ақын əр жастағы балалармен сұрақ-жауап арқылы сұхбаттасады. «Кімнің баласысың?» деген сұраққа қыз бала мен ұл бала төмендегіше жауап береді:

  • Қыз! Қыз!

Сен кімнің қызысың? Анамның.

  • Ұл! Ұл!

Сен кімнің ұлысың?

  • Атамның.

Өлең сондай-ақ «Тұз — даланікі, Гүл — Отандікі» деген тұжырым ұсынады. «Міне, өстіп сұрақ- жауап арқылы да бүлдіршіндермен сұхбаттасып, алдымен олардың жауаптарын тыңдап, мен Тұз бен Гүл арқылы оларға өз көзқарасымды ұсынып, саналарына ой салғым келеді. Қыз бен Ұл өздігінен назарларын аударып, Тұз бен Гүлдің орнына өздерін қойып көрсе екен деймін» [2; 6].

Демек, М.Əлімбаев өлеңдерінің көпшілігі сұрақ-жауапқа құрылады. Дегенмен, осынау өлеңдердің өздері белгілі бір мақсатты көздейді. Мəселен, автор оқушыны сұрақ қойып сынайды.

«Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс?» өлеңінде, алдымен, сұрақ қойылады, содан соң бұрыс жауабы көлденең тартылады. Соңында «Бұл сені сынау, дұрысы мынау» деп дайын жауаптарды ұсынады:

Інінде — жылан,

Шөлінде — құлан,

Тайгада — бұлан,

Көгінде — қыран,

Елінде — ұлан.

Ақын сөзбен сурет салады. Бұл ретте сөзді үнемді пайдаланады. Үнемшілдіктің бір көрінісі — «Ай мен Ая» өлеңі.

Айдың беті əппақ,

Аяның беті сатпақ.

Неге олай? Ол былай Бұл ай

Аунамайды жерге,

Шомылады көлге.

Бейнелі, суретті өлең. Автор Ай қадір-қасиетін айту арқылы Аяның салақтығын танытқан. Сөзге үнемшілдіктің тағы бірі көрінісі — «Орманда» өлеңі. Екі-ақ жолдан тұратын өлең.

Отын жардық жұмылып,

Орман кетті жылынып.

Бұл өлең өзіне «еңбек түбі — зейнет» деген ойды еркін сыйдырып тұр. Ақынның балаларға арналған кітапшаларының бірі «Биікке-биікке» деген өлеңінің атымен аталады. Өлеңде астарлы ой бар.

Көктемде, көктемде

Күн нұрын төккенде,

Қар еріп ақты су,

Жоғары тартты бу.

Көк шыбық былтырғы

Көгерді-құлпырды.

Құлпырды, құлпырды,

Жоғары ұмтылды!

Биікке ұмтылған көк шыбық адам перзенті — бөбекті мегзейді. Бөбектің тілегі де — өсу, өсіп- жетілу. Адам — табиғат перзенті. Адам өмірі табиғаттан ажырағысыз. Демек, ақын ойы екінші бір құбылыспен астастырыла айтылады.

М.Əлімбаев бір затты екінші затқа, бір құбылысты екіншісіне ұқсату əдісін «Күн тоқыған кілем» өлеңінде де сəтті қолданады.

Күн кілем тоқиды,

Нұрмен тоқиды,

Гүлмен тоқиды.

Ол — Асыл зер кілем,

Жалпақ, кең кілем,

Жерге тең кілем.

Ол — Сен де сиярлық,

Мен де сиярлық,

Ел де сиярлық кілем.

Күн мен бейбітшілік — егіз ұғымдар. Соңғы шумақтан «жер үсті татулығын сақтайық» деген тілек аңғарылады.

Бала өмірін, тірлігін, мінез-құлық, əрекетін табиғат құбылыстарымен байланыстыру — ақын өлеңдерінің басты қасиеті. «Балақай мен қалақай» өлеңі аңғал бала мінезі мен əрекетіне құрылған. Өлеңде сюжет бар.

Саяхаттап көрдік қыр,

Қырға бардық, тердік гүл

Айқайлады балақай:

– Алақай-ау, алақай!

Жапырақты үземін,

Гербарий ғып тіземін.

Ол бұтаны бас салды,

Міне, шатақ басталды.

Қарып қалды қалақай,

Жылап қалды балақай...

Бұл — табиғат аясындағы бала тірлігі. Дала тартуын баяндайтын, танымдық сипаттағы сюжетсіз өлеңнің түрі — «Мен дала бардым».

Мен дала бардым,

Қыр гүлін берді,

Көл суын берді,

Күн нұрын берді.

М.Əлімбаев жыл мезгілдерін жасы кіші бала түсінігіне лайық етіп жырлайды. Халықтың маусымдық өлеңдері дəстүрінде жазылған «Күз келді» өлеңінде күздің көңілсіз көрінісі лирикалық кейіпкер атынан баяндалады. Ерекшелігі, жаңа заман келбеті көрінеді. Сондай-ақ бала ұғымына лайық тіл бар. Өйткені лирикалық кейіпкер, ол — бала. 5 буындық өлең өлшемі қолданылған. 12 жолдан тұрады. «Сарғайды тоғай, сап-сары маңай, соңғы əнін айтып, құс кетті қайтып» деген жолдар бала танымын айқын береді. Өлең соңында «Сонда да бізге қызық көп күзде» деген тұжырым жасалады.

«Күз» атты өлеңінің бірінші шумағында бір сурет екіншісіне жылдам ауысады:

Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерге секірді.

Өлең жолдары бала табиғатына үйлес ойнақы шыққан. Екінші шумақта ақын даланы еңбеккер алыпқа теңейді:

Барын беріп халыққа,

Жұмыстан соң қалжырап.

Дала ұқсайды алыпқа

Дамыл алған маужырап.

Дала өлеңде еңбеккер əке, ата мағынасында, ағаш жапырағы мен жаңбыр тамшысы «перзент» ұғымында қолданылған. Секіріп ойнаған бөбек пен жұмыстан шаршап келіп демалып жатқан əке бейнелері қылаң береді. Бүлдіршін жүрегіне жақын сурет.

Балалар фольклоры үлгілерінде тамаша жыр туғызған ақынның өтірік өлеңге бет бұруы əбден заңды. «Суайттың өтірік өлеңдерінен» атпен ұсынған шумақтарда ақын алуан түрлі өлең өлшемдерін қолданады. 7, 8, 11 жəне аралас буынды өлең өлшемдері кездеседі. Авторлық өтірік өлеңдерден халық өтірік өлеңдері кейіпкерлерімен де жүздесеміз, заманына сай жаңа сөз қолданыстарын да кездестіреміз.

Поезға арттым жалғыз қауырсынды,

Тарта алмай тепловозың ауырсынды.

Тышқанға қоса тіркеп беріп едім,

Жүйткіді əлгі поезд дауыл сынды.

Сурет салып отырған кішкентай бала көлге əкеп тіреп, жолды жоғалтады. Ақын жолды көлдің арғы жағалауынан күрең қарындашпен алып шығады. Жол көлге шомылып шығады. Осы оқиға негізінде «Жол қайда жоғалды?» өлеңі туады.

Жоғалды ма жол оңай,

Суға кетті-ау. Обал-ай!

Іздеп жүрсек жан-жақтан,

Сүңгіп шықты ар жақтан.

Балалар ақындары өлеңдері ішінде мысық жайында өлең көп. М.Əлімбаев өлеңі — «Мысық пен құмыра».

Сүтке толы құмыраны

Айналшықтап қызығады.

Төңкеріп тастап қарап отыр,

Енді ернін жалап отыр.

Ақын көргенін қаз-қалпында жеткізген. Бар-жоғы төрт жолдан тұратын өлең. «Басқа пəле — тілден» деген ойды «Ұзын тіл» өлеңі аңғартады. Тілдің қызармайтын себебі, ол — туғаннан-ақ қызыл. Қызармайтын тіл ұялмайды да.

Адам нанбас сөз айтып,

Бөскен сайын ұзарар

Сол тіл үшін көз тайқып,

Бет пен құлақ қызарар.

«Жарқырай бер, жұлдызша» бөлімі «Монтер ағай» өлеңімен басталады. Жарық тарататын монтер ағайда бір жылылық бар.

Көшеде, үйде, кеңседе

Жүреді ағай шам жағып.

Түн ішінде келсе де,

Ол жүрген жер жап-жарық.

М.Əлімбаевта омоним сөздерге, логогриф, шарада, метаграммаға құрылған өлең түрлері бар. Өлең басында омоним, логогриф, шарада, метаграмма дегендерге қара сөзбен қысқаша түсінік беріледі. Осындай ішкі жанр үлгілерінің мол болуы ақын ізденісі аясының кеңдігін байқатады.

М.Əлімбаев өлеңдеріне əн де жазылды. «Мұғалім ол біздің», «Бесік жыры» өлеңдері бұған дəлел. «Мұғалім ол біздің» өлеңінде мектеп мұғалімінің бүкіл қадір-қасиеті көрінеді. Ол қадір-қасиет ұстаз міндетінен шығады. Ұстаз міндеті — білім дəні мен ізгілік дəнін егу. Осы міндеттер мүддесінде қызмет етуші жан бəріне де сыйлы. Ұстаз — бəрінен бұрын оқушы қамқоры. «Бесік жыры» халықтың дəстүрлі бесік жырын еске салады. Бірақ мазмұндық айырым айқын. Ақын бөбек ұйқысын күш жинау тұрғысында түсіндіреді.

Күш жинап ал, бөпешім,

Ер жеткенде шаршама?!

Сондай-ақ ұйқы зардабын да айтуды міндет санайды.

Ұйқышының үлесі аз, —

Осы бастан біліп қой.

Ақын ойы еңбек жайындағы қорытынды ойға ойысады:

Өмір сүйген тыншымас,

Еңбек — нағыз қызық той.

«Əлди-əлди,  бөбегім, əлдилесін өлеңім» деген  қайталау  дəстүрлі бесік жырынан   өзгеше.

Астарлы мəнге ие. «Ақынның ең жақсы сыйы — өлеңі, сол өлең өздеріңе арналады» деген ой бар.

Ақын ел аузындағы ертегі, аңыздар дəстүрімен бірталай поэма туғызған. Соның бірі    —«Алатаудың баурайында» ертегі-дастаны. Ертегі-дастан арнаудан жəне төрт бөлімнен тұрады. Автор халық ертегілерінің Алдар көсе, Тоғыз Тоңқылдақ, бір Шіңкілдек, балықшы шал сияқты кейіпкерлерін еске алады да, бүгінгі күннің өзге ертегісін баяндауға кіріседі. Туған жерден жырақ кеткен бір жарлы жан жұбайымен ақылдасып елге қайтуды ойлайды. Қара лашығын сатады да құнына есек алады. Сөйтіп, туған жеріне оралады. Жақының қара лашығын Сорай деген кедей сатып алған екен. Сорай лашық астынан кесек-кесек алтын табады. Сорай Жақыны іздеп Қаракемерге тартады. Жақы алтыннан бастартады. «Алтынды сен ал», — деп Сорайға жалынады. «Оңай олжа — арам ас», — деп Сорай алтынды алғысы келмейді. Жақы екеуі қазыға жүгінеді. Қазы: «Біріңде ұл, біріңде қыз, екеуін үйлендіріңдер, еншісіне алтынды беріңдер», — дейді. Қыз бен жігіт те алтыннан бастартады. Қазыға, ханға жүгінеді. Хан уəзірі Жиренше былай дейді:

Хан тақсыр, сіз алыңыз

Алтынға елді жалдаңыз,

Алма бағын салыңыз,

Халқыңызға арнаңыз.

Сөйтіп, Қастек пен Қаракемерде алма ағашы бой түзейді. Алма бағы жайқалған жер — Алматы. Дастанның төртінші бөлімі түгелдей қала көркін сипаттауға арналады. Дастанның қысқаша сюжеті осындай. «Тəжірибелі талант «Алатау баурайында» поэмасының тең жартысына дейін ел ертегі, аңызының ізімен жырлап отырады, ортасынан ауа жасыл желек жамылған астананың бүгінгі көркін қызықтауға ойысады. Алатаудың алмасы жайлы аңыз, ертегіні бала тілінде баяндай келіп:

Ертектегі сол бақтың

Көргің келсе жұрнағын,

Əсем таулы алқаптың,

Алабына жүр, жаным,— деп осы өлкенің бүгініне əкеліп жалғайды. Алмалы өлкенің Кешегі зар тіршілігі мен Бүгінгі шат өмірі осылайша жаңа ертегі-поэмаға айналған» [3].

Сонымен, М.Əлімбаев шығармашылығы балалар поэзиясының өзіндік ішкі сырларын терең түсінуімен, оны ойдағыдай меңгеруімен ерекшеленеді. Ақын өлеңдері ой-пікірдің нақтылығымен, сөз ойнақылығымен əсерлі келеді. Бала еңбегі, оның ой-пікірі, əрекеті көркем поэзия тілімен өрнектеледі.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Іслəмжанұлы К. Рухани уыз. — Алматы: Ана тілі, 1995. — 74-б.
  2. Əлімбаев М. Балдəурен, балалық. — Алматы: Балауса,
  3. Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар. — Алматы: Өркениет, 2003. — 211-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.