Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кейбір көнерген сөздердің этнолингвистикалық сипаты

Мəтін, оның ішінде көркем мəтін — мағынасы көмескіленген көнерген сөздерді өмірге қайта əкеліп, қайта тілдік қолданысқа шығаратын тұтас бір лексика-семантикалық бірлік. Кейде тіпті мəтіннің өзінде көнерген тұлғаның мағынасын тек сөздік арқылы ғана түсінетін жайттар болады. Сондықтан көркем тілдегі көнерген тұлғалардың этнолингвистикалық сипатын талдап, танудың маңызы зор.

Қазақ тіліндегі көнерген сөздер мəселесі ғалымдар Н.Сауранбаевтың «К истории казахского литературного языка», Қ.Жұбановтың «Из истории порядка слов в казахском предложении», А.Махмұдовтың «Қазақ тіліндегі көнерген сөздер», Р.Сыздықованың «Сөздер сөйлейді», Ғ.Қалиев пен Ə.Болғанбаевтың «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», тағы басқа еңбектері көптеген жан-жақты ғылыми мағлұмат береді. Қазақ тіліндегі көнерген сөздердің көнеру дəрежесі үш түрлі болады:

  1. Əбден ұмытылып, қолданыстан біржола шыққан көнерген сөздер.
  2. Түбір қалпында жеке айтылмайтын, бірақ белгілі бір туынды сөздердің түбірінде сақталған көнерген сөздер.
  3. Жеке сөздер ретінде қолданыстан шығып қалғанымен, мақал-мəтел мен фразеологиялық тіркестердің құрамында əлі де қолданыла беретін көнерген сөздер [1; 176].

Ə.Тəжібаев шығармаларында кездесетін көнерген сөздер көнеру дəрежесінің үш түрін де қамтиды. Ақын тілінде бұл категориялы бірліктер халықтың жүріп өткен өзіндік дара жолын бейнелеп, қазақ ұлтының мəдениетін, ділін танытуда қызмет етеді. Сөздердің көнеру сипаты этнографизмдер құрамында көп орын алған. Себебі этноатауларда адамзаттың өткен тарихы мен өмір сүру ерекшелігі терең сақталып қалған.

Ə.Тəжібаев шығармаларындағы киім атауларының бірді-екілісі қазіргі күнде лексикамызда көп қолданылмайтын пассив қордағы сөздер болып келеді. Олар:

Əне шал бар өмірі құлдықта өткен,

Үстінде шидем шекпен, қолда кетпен [2; 546].

Шидем шекпен тіркесі «Абай тілі сөздігінің» түсіндірмесінде, «қой жабағысын сыртынан шекпенмен қаптаған күпі» [3] болса, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» «түйе жүнінен тоқылып, астарланып, тігілген жеңіл сырт киім» [4; 912] деген анықтама берілген. Яғни, қалай болғанда да,«шидем шекпен» мал жүнінен жасалған, суық өткізбейтін жеңіл де ыңғайлы киім болған.

Келесі мысал

Табасыңдар тек музейден,

Шабатаны қырық жыл бұрын киілген [2; 370].

Үзіндідегі шабата сөзі қазірде тілде мүлдем қолданылмайды, мағынасы «өткен уақытта жазда аяққа киетін, жөкеден, талдың қабығынан тоқылған, жеңіл аяқ киім түрі болған».

Тағы бір мысал

Күлəп киген басына,

Қобызы бар қолында,

Жартастай тік денесі [2; 564].

Мұндағы күлəп — көнерген сөз. Беретін мағынасы — «ертеде ханшаның киетін қалпақ сияқты бас киімі». Бұл сөздерді ақын бейне тудыру мақсатында емес, тарихи шығармаларында бұдан көп бұрын өткен дəуірлердегі қазақтардың киіну қалпы мен үлгісін оқырманның көз алдына дəл жеткізу үшін денотатты мағыналарында жұмсаған.

Ə.Тəжібаев шығармаларында күні бүгін ұмытылған не болмаса мүлдем қолданыстан шығып қалған зат атаулары ұшырасады. Олар халықтың ерте кездегі тұрмыс-тіршілігіне қажетті құрал- жабдықтары: мес, тегене, саба, сырлы аяқ, мосы, астау т.б. сөздер. Мəтіннен үзінді келтірейік.

Құйылып местен қымыз тегенеге,

Үздіксіз сары ожаумен сапырылып,

Қымыздай қыза берді əңгіме де [2; 543], Бастары аңшылардың қосыларда,

От лаулап, шай қайнайды мосыларда [2; 557],

Тартсын əкеп астауменен ортаға,

Керегі не ет үнемдеп баюдың [2; 194].

Бұл күнде көп қолданылмайтын мұндай көнерген сөздердің Ə.Тəжібаев тілінде образ жасап, көркемдеуіш-бейнелеуіштік қызметте жұмсалғандары да бар. Мəтін тілінің поэтикалығын арттыруда сөз бірліктері коннотативті мағыналарында жаңғырып, жандана түсетіні белгілі. Оның үлгісі мынадай:

Жуан қоныш, байпақты етік,

Салпаң құлақ, сеңсең тымақ. Шидем күпі, кір-кір жиде,

Тозған шапан құрақ-құрақ [2; 686].

Өлең жолдарындағы байпақты етік, сеңсең тымақ, шидем күпі, жиде, шапан деген есім сөздер тұтас адам тұлғасын беруде қолданылған. Адамның бүтін бейнесін беруде оның бөлшегі — байпақты етік, сеңсең тымақ, шидем күпі, шапан секілді киім атаулары арнайы жұмсалып, өткен кезеңдегі қазақтың нағыз тұлғасын сомдап тұр. Мұндай синекдохалық қолданыс, бір жағынан, дəуір тынысынан хабардар етсе, екіншіден, көркем тіл жүйесіне эмоционалды-эмотивті реңк үстей түскен.

Ақын шығармаларында «киіз үй» нысанына: құрамына, бөлшек-бөліктеріне қатысты ұғым- түсініктердің көптеген атаулары қолданыс тапқан. Қазірде киіз үйді құраушы компонент атауларының кейбірі мүлдем қолданылмайды. Сондықтан ондай элементтердің түп-төркіні де түсініксіздеу болып көрінеді. Өлең жолдарынан

Бір өре киізді төсеніп,

Бір өре киізді жамылып,

Жатушы ек жалаңаш жетімдер [2; 266], —

деген тосын, яғни қолданыста көп айтыла бермейтін, өре киіз атауын кездестіреміз. Жалпы, «киіз» атауының «малдың жүнінен қалың, тығыз етіп басылған бұйым, төсеніш» мағынасын білдіріп, «киіз үй», «киіз басу», «киіз есік» т.б. тіркестер жасауда жұмсалатындығын білеміз. Ақын тіліндегі өре киіз қолданысы осы «киіз үйдің сыртына сəндік үшін жабатын ақ киіз» мағынасын беріп тұр [4; 657]. Халқымыздың ежелден қолданып келе жатқан мұндай тұрмысқа қажетті зат атаулары тек қазаққа ғана тəн болғандықтан, қай кезде де ұлттық болмысты, этностың ерекше белгісін көрсетері сөзсіз. Яғни тіл əр ұлттың дүниетанымын анықтап, дүниені игерудегі тəжірибесін сипаттап қана қоймай, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады.

Бүгінде жаугершілік лексикаға байланысты сөздер мен сөз формалары əдеби-көркем тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырғанымен, олардың этнолингвистикалық шығу тегін екінің бірі тап басып айта алмайды. Академик Ə.Қайдар аталған мəселе жөнінде: «Народная память сохранила образы и представления о доспехах и оружии эпических героев, но их языковая природа и этнографические мотивы бытования уже забыты или забываются. По этой же причине многие из перечисленных названий из-за отсутствия реальной основы в современном казахском языке перешли в разряд архаичных, пассивных элементов лексики, а определенная их часть получила этимологическое затемнение» [5], — дейді. Мысалы, «кіреуке» — қолданыстан шығып қалған этноним. Мəтінге жүгінсек,

Ат құйрығын шарт түйген,

Көк кіреуке киінген [2; 592].

Қазақ энциклопедиясының түсіндірмесінде: «кіреуке — ерте замандардағы соғысқа киетін сауыт. Оның басқа сауыттардан айырмасы — кеудесінде, арқасында, білек үстінде темірден немесе көзеден істелген шарайнасы болған» [2, 181]. Сонымен қатар «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» кіреуке есім сөзінің екі түрлі негізгі мағынасы ашылып анықталған: «1. оқтан, найзадан қорғану үшін жорыққа киетін темір сауыт» деген көне мағынасы; 2. алтын жіппен тігілген қымбат, сəнді жібек шапан» деген мағынасы» [4; 438]. «Кіреуке» көне сөзінің, əсіресе бірінші мағынасы сонау ертедегі батырлар жыры мен эпостық дастандар тілінің белсенді қабаты болғаны белгілі. Ақын тілінде де бұл сөз көне тұлғалы бірінші мағынасында жұмсалғаны келтірілген үзіндіден белгілі болып отыр.

Ə.Тəжібаев шығармаларында ұрыс саймандары мен оның түрлерін сипаттауға арналған атаулардың синонимдері қатар қолданылған. Қазақ тіл білімінде академик Р.Сыздықова «Сөздер сөйлейді» атты еңбегінде «кіреуке», «сауыт», сонымен қатар «көбе» сөздерінің ХV–ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясы мен эпостарында қатар, бірінің орнына бірі қолданылғанын дəйекті деректермен дəлелдеп береді. «...кіреуке де, сауыт та, көбе де шығыршықтардан тізіліп жасалған қорғаныш сауыттар. Бұлар тепе-тең бір-бірінің баламасы (эквиваленттері) ретінде бірінің орнына бірі қолданыла беретіндігімен қатар, кейде тіпті қатарынан қосақталып та жүреді:

Үстіңе баса киіп ал, Алтынды сауыт кебені («Қыз Жібек»).

Үстімдегі ақ сауыт, Ақ кіреуке бек сауыт («Ер Қосай»)» [6; 95–98].

Ақын тілінде жоғарыда талдауға түскен кіреуке сөзінің синонимі ретінде сауыт сөзі белсенді түрде жұмсалады. Мысалы,

Атам атқа мініпті арқыраған,

Атам сауыт киіпті жарқыраған [2; 183]

немесе

Сауытын киді қайтадан,

Беліне семсер тағынды [2; 526].

Қазақ тілінде қазірде мағынасы күңгірттеу, этимологиялық зерттеу нысанына айналған «бес қару» деп аталатын есім тіркес бар. «Бес қару — садақ, найза, қылыш, айбалта, сауыттардың жиынтығы» [4; 128]. Ə.Тəжібаев өз поэмасында ұрысқа дайын, жаугершілік ұранын көтерген батырдың қимылын беруде оны «бес қаруын сайлаған» тұлғасында жұмсайды:

Бас көтерді сүйген ел,

Бес қаруын сайлаған [2; 587].

Ə.Тəжібаев шығармаларындағы көнерген сөздердің бірқатары қазақ өмірін, қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін ұлттық тағам атаулары болып келеді. Өлеңдері мен поэмаларында көрініс тапқан əдеп-ғұрыпқа, оның ішінде ұлттық тағамдарға қатысты тілдік құралдар қазақ халқының тұрмыстық-материалдық ерекшелігін шынайы бейнелеуге көмектеседі.

Əзірше, ақын, жүремін, қыстағы сүрмен асырап... [2; 297],

Аплатоның мынау ма безектеген,

Сүр қазың, семіз қазың бар боп тұрса

Емес пе зор мақтаныш қазақ үшін [2; 558],

Бір де шілдехана, бір жерде той,

Сар қымыз сапырылған, сойылған қой [2; 538].

Бұл атаулардың көбісі қазіргі күнделікті тіл қолданысында жұмсалатын ұғымдар болса, кейбірін тілімізде пайдалансақ та, арғы беретін ұғым-түсінігі белгісіздеу көрінеді. Мысалы, сүр, сүр қазы дегендердегі сүр сөзі қазақтардың бұрынғы өмір сүру қалпымен тығыз байланысты, қазақ ежелде ұзақ уақыт сақтау үшін, тұздалып сақталған етті «сүр», немесе «сүрленген ет», деп атаған. Бұл атау бізге дейін жетіп отыр. Ал сар қымыз дегендегі сар сөзі жеке тұрып ешқандай мағына бермейді. Бұның түсті білдіретін «сары» сөзіне қатысы жоқ, себебі қымыздың түсі сары болмайды. Бұл жерде ғалым Р.Сыздықованың мына пікірін келтіруге болады: «...сары (көбінесе дұрысы — сар) сөзі, жер-су аттарын арнайы зерттеген ғалым Е.Қойшыбаевтың көрсетуінше, «кең», «басты», «негізгі» жəне

«айқын», «анық көрінген» деген мағыналарды білдіреді» [6; 137]. Сар қымыз тіркесіндегі сар сөзіне де осы анықтаманы келтіруге болатын сияқты. Сонда «нағыз қымыз, қымыздың қымызы» деген мағынаны береді. Бұл секілді көнерген тұлғалы сөздер ғасырлар бойына қалыптасып, халық қанына сіңген əдет-ғұрып, діл, мəдениет ерекшелігіндегі тілдің алатын өзіндік орнын үнемі айқындап отырары сөзсіз.

Қорыта келгенде, ақын қазақтың ұлттық дəстүрі мен мінез ерекшелігіне көп көңіл бөліп, ұлттық нақышты да шеберлікпен көрсеткен. Қазаққа тəн батырлық, намысқойлық, сонымен қатар шыдамдылық, ұстамдылық секілді қасиеттерді ашып, қазақтың мəдени діл өзгешеліктерін аса дəлдікпен сипаттаған.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қалиев Ғ., Болғанбаев Ə. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. — Алматы, 264-б.
  2. Қазақ совет энциклопедиясы. — VІ-т. — Алматы,
  3. Абай тілі сөздігі. — Алматы: Ғылым, 1968. — 700-б.
  4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. — Алматы: Дайк-Пресс, 2008. — 968-б.
  5. Қайдар Ə. Қазақ тілінің өзекті мəселелері. Актуальные проблемы казахского языка. — Алматы: Ана тілі, — 31-б.
  6. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. — Алматы: Санат, 1994. — 272-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.