Оқыту

Мақалада болашақ кəсіптік оқыту педагогтарының кəсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолдары қарастырылған. Оқытудағы құзыреттілік тəсіл білім беру нəтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді əдіс-тəсілдерді жүзеге асыруды, жоғары мектептегі оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. «Кəсіби құзыреттілік» ұғымын енгізудің қажеттілігі оның мазмұнының кеңдігімен, интегративтік сипатымен, «кəсіптілік», «біліктілік», «кəсіби мүмкіндіктер» жəне т.б. түсініктерге талдау жүргізген. Авторлар болашақ кəсіптік оқыту педагогтарының кəсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың деңгейiлерін көрсеткен.
2014

Мақалада математикадан сыныптан тыс оқытуды ұйымдастыру мəселелері қарастырылған. Авторлар 5В010900 – «Математика» мамандығында оқытылатын «Математикадан сыныптан тыс жұмыстар» пəнінің құрылымын сипаттаған. Жалпы білім беретін орта мектеп жəне жоғары оқу орыны арасындағы педагогикалық байланыс нəтижелері талданған. Математика пəнінен үйірме жұмыстарын жоспарлауға қойылатын талаптар көрсетілген.
2014

Мақалада оқу жəне жазу бұзылысы мектеп жасындағы балаларда кең тараған сөйлеу бұзылысының түрлері жайлы айтылған. Сөйлеу патологиясы баланың танымдық жəне тұлғалық дамуына кері ықпалын тигізетіні дəлелденген. Оқу мен жазудың бұзылысы салдарынан мектеп жасындағы балалардың қабілеттері өте төмендегені байқалады. Сонымен қатар сөйлеу бұзылысы бар балалардың кеңістікте бағдарлаудың қалыптасу ерекшеліктері туралы мəлеметтер келтірілген.
2014

Мақалада авторлар Ч.Фриз жəне Р.Ладоның аудиолингвалдық əдісінің даму тарихын қарастырды жəне оның қазіргі əдістемеде алатын орнына тоқталып өтті. Сонымен қатар аудиолингвалдық əдісінде қолданылатын оқыту мазмұны, əдістемелік қағидалары мен тəсілдері талданған. Оқытудың негізгі мақсаты ретінде Ч.Фриз жəне Р.Ладо шетел тілін жан-жақты меңгеруді атап көрсетеді, яғни ауызша жəне жазбаша тілдесудің барлық түрлерін меңгеруді.
2014

 Мақала шетел тілін oқытуда сөйлесім іскерлігін кейбір интерактивті əдістерді, яғни диалог, монолог қoлдану арқылы, үйретуге жəне жаңа тақырыпты түсіндірудегі ең тиімді жолдардың бірі — рөлдік ойынға арналған. Сөйлеу тілі дегеніміз — əдеби тілге жататын бейресми жағдаятта қолданылатын, сөйлеушілердің тікелей қатысуымен жүзеге асатын машықты сөз. Айтылым — ойын жеткізу қажеттілігі, маңызды іс-əрекеттің өнімді түрі. Сабақта өз ойын жеткізу тілегі қарым-қатынас үшін алғашқы жағдай болып табылады. Екіншіден, студентке тілдің көмегімен маңызды мəселелерді шеше алатындай жағдай жасау керек. Оқытушы студенттердің ауызекі сөйлеуін жетілдіру жəне дамыту үшін барлық мүмкін тəсілдерді қолданады.
2014

Мақалада қазақ тіліндегі дыбыстардың дифференциалды белгілеріне оқыту барысында модельдеу əдісін қолдану қажеттілігі айқындалды. Авторлар «модель» жəне «модельдеу əдісі» түсініктерінің негіздерін анықтады, қазақ тіліндегі дыбыстардың дифференциалды белгілерінің модельдерін көрсетті.
2014

Мақалада кəсіптік оқыту педагогтарын инновациялық іс-əрекетке даярлау мəселелері қарастырылған. Инновациялық іс-əрекет ұғымына талдау жүргізіліп, оның жаңашыл идеяларын, жаңашыл əдіс- тəсілдерін оқу-тəрбие үрдісіне өз кəсіби тəжірибесіне, мектеп жағдайына, тəлімгерлердің білім дəрежесінде байланысты əрекеті негізінде ұсынылған. Авторлар кəсіптік оқыту педагогтарына берілетін білім мазмұны оның болашақ кəсіби қызметіне қажетті білім, білік жəне дағдыларды игеру барысы мен нəтижесін қамтамасыз ету жолдарын, яғни болашақ кəсіби қызметіне даярлаудың қажетті шарттарын, көрсеткен.
2015

Мақалада заманауи шетел тілі мұғaлiм aлдындa тұpғaн бacты мiндеттеpдiң caпaлы бiлiм беpyде қoлдaнyда жaңa aқпapaттық құpaлдapды жетiк игеpiп, oлapды бiлiм aлyшылapдың пəнге деген қызығyшылығын apттыpy, бiлiм мaзмұнын бaйытy, oқy үдеpiciн жалпы жетiлдipy болып табылады. Лингвистикалық корпус аталмыш технологиялар қатарына жататыны сөзсіз. Корпустық лингвистиканың даму тарихы, түрлері жəне қолдану аясы сөз етілген. Автор корпустық лингвистиканың негізгі түсінігін, оның бейнелейтін аясына қарай, корпустағы сақталатын ақпарат бірлігі тұрғысынан ажыратуға болады. Сонымен қатар автордың лингвистикалық корпус негізінде əзірленген жаттығулардың тиімділігі эксперимент жүзінде дəлелденген.
2015

Мақалада жалпы білім бeрeтін орта мeктeптeгі тригономeтриялық фyнкцияларды оқытy үрдісіндe оқытyдың бeлсeнді əдістeрін қолданyдың нeгізгі мəсeлeлeрі қарастырылды. Оқy матeриалдарын игeрy үрдісіндe оқyшынының ойлаy қабілeті мeн практикалық əрeкeтін шыңдайтын оқытyдың бeлсeнді əдістeрі талданған. Пəнді игeрyдe оқытyдың дəстүрлі əдістeрі мeн оқытyдың бeлсeнді əдістeрін пайдаланyға талдаy жасалған. Авторлар оқытyдың бeлсeнді əдістeрін қолданy оқытy үрдісіндe оқyшылардың бeлсeнділігін арттырады, білім мeн дағды қалыптастырy мeн игeрyгe жоғары ықпал eтeді дeп қорытынды жасаған.
2015

Мақалада қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың түрлері «Экономика», «Заң», «Əлеуметтік педагогика», «Математика» мамандықтары бойынша талданды. Қазақ тілін мамандыққа байланысты оқытудың қалыптасуына əсер ететін еңбектер, оқу құралдары, сөйлеу тілін қалыптастыруға бағытталған лексикалық материалдар кəсіптік білім берумен қатар, танымдық, тəрбиелік сипатымен ерекшеленеді. Сондай-ақ авторлар жаңа ақпараттық технологияның өзектілігіне, ақпараттық- телекоммуникациялық технологиялардың оқу-тəрбие үдерісіндегі тиімділігіне де тоқталып өткен.
2016

Мақалада психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытуда қолданатын электронды оқулығымызды қолдану арқылы психикалық дамуы тежелген оқушылардың тек қана сөйлеу тілін ғана дамытуына ықпалын тигізіп кана коймай, қайта олардың таным процестерінің, қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынасының дамуына, сынып оқушыларын татулыққа, бірлікке, бір сөзбен айтқанда, адами қасиеттерге баулуға өз септігін тигізеді, сонымен қатар психикалық дамуы тежелген бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытуда оқыту процесін үздіксіз жəне толық деңгейін бақылау, ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту, тəсілдерінің қажеттілігін жоғарлатады.
2016

Мақалада мəселелік оқыту технологиясының сұрақтары қарастырылды, ол талдау, синтез, салыстыру, топтау, ұқсастық, жалпылау сияқты ой-талдау операцияларын жасауға мүмкіндік береді, нəтижесінде білімдер, дағдылар, іскерліктер шығармашылық күйде меңгеріледі. Авторлар мəселелік оқытудың ерекшеліктерін атап отыр, мəселелік оқыту технологиясының негізгі элементтеріне назар аударды. Мəселелік оқытуды ұйымдастыруда қолданылатын теориялық материал талданып жəне теориялық пен практикалық оқу сабақтарын ұйымдастыру жөнінде мəселелік оқытудың əдістерін пайдалану түрлері ұсынылған.
2016

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.