Оқыту

Мақалада Қазақстанның Сарыарқа даласындағы суретшілердің бейнелеу өнері шығармашылығы мысалында «Абай тақырыбын» терең түйсіну қарастырылды. Графикалық сурет өнерінің туындылары келесі түрде жүйеге келтірілді: Абай Құнанбаев туралы иллюстрациялық кітаптар, Абай шығармашылығының үлгісі бойынша, Абай өмірінен қойылымдар, портреттік жəне жанрлық суреттер. Теориялық-өнертанушылық қағидалар Е. М. Сидоркинның (М. Əуезовтың «Абай жолы» роман- эпопеясына иллюстрация), И. Исабаевтың («Абай» сериясы), К. Ходжиковтың, А. Рахмановтың, К. Каметовтың жəне тағы басқалардың графикалық шығармашылығының үлгілері бойынша дəйектелді. Ə. Қастеевтің, А. Ғалимбаеваның, Р. Есіркеевтің, С. Қалмахановтың, А. Осипенконың, М. Əлиақпаровтың жəне тағы басқалардың сурет өнерлерінде Абай образы жан-жақты жасалған.
2012

Мақалада жоғары оқу орындарында графикалық пəндерді оқытудың сапасы мен тиімділігін арттыру мəселелері, инженерлі-графикалық пəндердің сапасын бағалау мен оқыту əдістемесі, сонымен қатар дəріс жəне тəжірибелік сабақтарды тиімді жүргізу жоғары оқу орындарындағы мамандарды дайындаудағы бағалау жүйесін қамтамасыз ету жолдары қарастырылған. Студенттердің үй тапсырмаларын орындаудағы жобаларды жасау мəдениетінің тəсілдері графикалық үлгілер түрінде анықталған. Жобаларды жасауда кезеңдік нұсқаулар жəне олардың кемшіліктерін жою жолдары ұсынылған.  
2012

 Мақалада білім беру қызметі саласында мамандардың кəсіптік біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау үздіксіз үрдіс мəні мен орны қарастырылды. Авторлар білімділікті арттырудың үздіксіздігі ұлт мектебінің 12 жылдық білім деңгейіне көшу үдерісінде ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тəжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек нарығында бəсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру мəселелеріне талдау жасаған.
2014

Мақалада «Технология» мектеп пəнін оқытуда оқушының функционалдық сауаттылық ролі қарастырылған. Бағдарламалық материалдың мазмұны талданған. Оқушының кілтті жəне пəндік құзыреттілігі анықталған. «Технология» пəнін оқытудың оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық моделі көрсетілген.
2015

Мамандарды кəсіби тұрғыдан дайындау əр уақытата өзекті проблемалар қатарына жатады. Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулер елімізде жəне шет елдерде көптеп жүргізілген, бірақ олардың арасында болашақ дəрігерлерді медициналық техникалар бойынша дайындауға арналған зерттеулер жоқ. Мақалада болашақ дəрігерлерге медициналық биофизика пəнінде медициналық техниканы меңгертудің педагогикалық негізі анықталып, болашақ дəрігерлерге медициналық техника бойынша білім берудің технологиясы ұсынылған.
2015

Мақалада Кембридж тəсілінің оқытудағы тиімділігі қарастырылды, яғни оның теориялық негіздері оқыту əдістемелері арасында кең тараған жəне орта білім беру жүйесінде əлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал əдістер болып табылады. Атап өтетін жайт, оқытудағы сындарлы тəсіл студенттерге өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, тиісті сұрақ қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар аталмыш үдерістердің сипаты, студенттің өз болжамдарына күмəнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы əлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады.
2015

Мақалада мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісі мəселесіне зерттеу жүргізу жолдары қарастырылған. Жобаны құру жолындағы көкейкестілік мəселелерін шешу əдістері жəне оқытушыларға арналған факультативтік курсты əзірлеумен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісі мəселесіне зерттеу жүргізу жəне талдау жасау тəсілдері ұсынылған. Авторлар ғылыми-зерттеу жоба Қазақстан Республикасының азаматтарына бейімделген нұсқасын берді. Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісін, əр түрлі жағдаймен мүгедек болған жəне компьютерлік техника меңгеруге мүмкіншілігі бар ересек адамдардың оқыту жолдарын қарастырған.
2015

Мақалада қытай тілінің Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдерінің арасында алатын орны нақтыланып, мəдениетаралық білім беру саласында қытай тілінің мандарин диалектісіне оқытудың кейбір ерекшеліктері қарастырылған. Соның ішінде Қытайдың иероглифтік жазба тілінің фонетикалық транскрипция жүйесін (пиньинді) меңгерудің тиімді амал-тəсілдері көрсетілген. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды жəне қытай тілінің тондарын үйреткенде авторлардың ұсынған əдістемелік нұсқаулары назар аудартады. Айтылатын ойдың грамматикалық тұрғыдан дұрыс болуына, сөз қорын байытуға өзіндік үлес қосатын, лексика аясында қызмет ететін сандық сөздердің қытай мен қазақ тілдерінде салыстырмалы түрде қолданыс аясы тілге тиек етілген.
2015

Заманауи компьютерлік технологиялар оқу үрдісін дамытуда үлкен мүмкіндіктер туғызуда. Жалпы білім беретін орта мектептердегі математика пəнін оқыту үрдісінде мультимедиалық құралдарды қолдану əрбір құралдың сипатына сəйкес болуы керек. Мақалада дəстүрлі оқыту əдістерімен қатар заман талабына сай орын алып келе жатқан мультимедиалық құралдардың алгебра пəнінде қолданылуы сипатталды. Сонымен қатар оқу үрдісінде орын алатын дидактикалық мəселелер талданды. Қарастырылатын əрбір мультимедиалық құралдың ерекшеліктері толық ашылып, баяндалды.
2013

Мақалада еңбек технологиясы сабақтарын пəнаралық байланыстар негізінде оқытудың əдістемелік ерекшеліктері қарастырылған. Авторлар еңбек технологиясы сабақтарында технологиялық процестің ғылыми негіздерін ашып, «Технология» сабағында пəнаралық байланыс негізі бойынша нақты əдістемелік нұсқаулар берген.
2013

Білім саласында қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану жаңа мүмкіндіктер туғызуда. Мақалада желі арқылы жүзеге асырылатын бұл технологияның мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен бірге инновациялық технологияның тиімділіктері талданып, қашықтықтан оқыту технологиясын құру ережелері сипатталған. Ақпараттық технологиялармен оқытудың ұтымдылығы мен қашықтықтан оқыту үрдісін аутоматтандыру үшін қажетті компоненттер айқындалды. Желіде өткізілетін сабақ түрлерінің айырмашылықтары мен артықшылықтары көрсетіліп, мазмұны жағынан толық ашылып, баяндалды.
2013

Мақалада студенттердің интеллектуалды шығармашылық даму мəселесі, олардың өмірдің өзгермелі шарттарына бейімделуі жəне шетел тілі бойынша оқу үрдісінде жобалар əдісін қолдану арқылы сыни ойлау ептілігі қарастырылған. Жалпы алғандағы жобалық технологияның мəніне жəне жеке алғанда шетел тілдерін оқыту аясында оның қолданылуының ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жасалған.
2013

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.