Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мəдениетаралық қарым-қатынас аясында қытай тілін шетел тілі ретінде оқытудың кейбір ерекшеліктері

Əлем дамуының индустрияландыру сатысынан кейінгі кезең жаћандану сипатындағы үдерістермен тығыз байланысты. Қоғам дамуының барлық саласындағы геосаяси, коммуникациялық жəне ақпараттық жаңару мен өзгерістер олардың жанданып орын алуына бірден бір себеп болды. Əлемдік нарық аясының кеңеюі бұқаралық мəдениет қалыптарының қанат жаюына ерекше əсерін тигізді. Мемлекеттер арасындағы күшейе түскен интеграция үдерістері гуманистік құндылықтар арасында дəнекер болатын, шетел тілдері мен мəдениеттерін айқындайтын мəдениетаралық білім беру жүйесін де қамтиды. Сондай жаhандық тілдердің бірі жəне бірегейі қытай тілі болып саналады. Қытай елі болса, халық саны жағынан əлемдегі ірі елдердің көшбасында. Сонымен қатар қытай елінің экономикасының дамуы, ғылым мен техника жетістігінің əлемге таралуы, күнделікті өндіріс пен тұрмыста қолданылатын құрал-жабдықтар, қондырғылар, киім-кешек, азық-түлік, басқа да толып жатқан заттар Қытайдан шығарылып, біздің елге келіп жатқаны баршаға мəлім. Сондықтан, көрші Қытай Халық Республикасының тілін мен мəдениетін үйрену біз үшін жəне əлем елдері үшін маңызды болып тұр.

Қытай тілі əлемде кең таралған сино-тибеттік тіл тумасының маңызды бір өкілі болып келеді. Қазіргі заманда бұл тілде тек қана Қытай Халық Республикасының тұрғындары сөйлеп қоймай (шамамен 1,3 млрд адам), оның сыртында оңтүстік-шығыс Азия елдері, соның ішінде Тайланд, Индонезия, Лаос, Сингапур мемлекеттерінің азаматтары қолданып отыр. Қытай Халық Республикасының аумағынан тыс жерлерде кем дегенде 450 миллион этникалық қытайлар осы тілді сақтап қалған. Бұл дегеніміз — Жер шарында тұратын əрбір 5 адамның біреуі осы тілде қарым- қатынас жасайды деген сөз. Бүгінгі күні қытай тілі Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми алты тілінің біреуі болып саналады. Қытай тілі жеті үлкен диалектіге бөлінеді. Əр диалекті өз кезегінде көптеген өзіндік ерекшелігі бар біліктерге жəне жергілікті топтарға жіктеледі. Диалектілердің сан жағынан көп болғандығы олардың арасындағы айырмашылықтарды қолданып жүрген тұрғындардың сөз əрекетінен бірден аңғару мүмкін емес. Ал оңтүстік пен солтүстік диалектілерінің арасындағы өзіндік ерекшеліктерді байқау қиындық тудырмайды. Осы аталып отырған диалектілердің қолданыс аясында қытай əдеби тілі(普通话 putonghua) аса маңызды рөл атқарады. Былайша айтқанда, жалпы халыққа танылған ортақ тіл. Бұл диалект негізінен солтүстік жəне солтүстік-шығыс жерінде өзара қатынас жасайтын топтардан пайда болса керек (官话 guanghua, немесе «шенеунік тілі» деп аталып кеткен).

Қытай шенеуніктерін батыс-еуропалық тарихи-географиялық дəстүріне сəйкес «мандариндар» деп атайды. Сондықтан аталған «шенеунік тілінің» негізгі өкілі Бейжиң диалектісі болып саналады жəне елдің батысында кейде оларды «мандариндық қытай тілі» десе керек (Mandarin Chinese).

Бүгінгі біздің арнайы мектептерде жəне жоғары оқу орындарында оқытылып жатқан қытай тілі дəл осы əңгіме өзегі болып отырған ортақ тіл «普通话». Сонымен қатар бұл диалекті Қытай Халық Республикасының барлық ақпарат құралдары, соның ішінде теледидар жəне радиохабарларында, басылымдарында көрініс табады. Алайда осындай сан алуан диалектілер түрлері өзіндік бір сипаттарымен бір-бірімен тығыз байланысты. Осы байланыстардың негізінде жалпы ортақ біріктірілген жазба дəстүрі иероглиф (汉字 hanzi) жатыр. Бұл елдің тіршілігінде таңғажайып бір құбылыс бар. Қытай елінің адамдары өзара ауызба-ауыз сөйлесіп ұғыса алмаған жағдайда, қолдарына қағаз-қалам алып, бір-бірін жазысу арқылы түсіне беретініне қызығасыз. Қытай тілінде кез келген жазбаша мəтін жоғарыда айтылған əр түрлі диалектілерде сөйлейтіндерге əбден түсінікті. Иероглиф (汉字 hanzi) тік жазба əлі күнге дейін əлемде қытай тілінде сұхбаттасушылардың тілдік тұлға ретінде қалыптасуында маңызды рөл атқарып келеді. Қытай жазбасы (иероглифі) — бөлекше бір буын немесе бір түсінік беретін əрбір белгімен қолданылады. Қытай иероглифінің жалпы саны 80 мыңнан асып түссе, олардың көп бөлігін тек əдеби ескерткіштерден немесе сөздіктерден кездестіруге болады. Бұл иероглифтердің 1500 түрін ауызекі тілде, 3 000 түрін оқу үшін игеріп танығанда қалыпты жағдайдағы сауаттылыққа жатқызылады, ал бірақ толық сөздік ретінде жасақталған иероглифтер саны 87019 белгіні құрайды. Қытай Халық Республикасындағы иероглифтер (汉字 hanzi) жай бір кысқартылған түрінде пайдаланылса, олардың дəстүрлі түрі Тайвань, Гонконг, Сингапур жəне Макао елдерінде қолданылады. Қытай сөздерін əліпби жазба түрлерімен білдіру көптеген жүйелерде қолданыста бар. Латын түрінде қолданылатын жүйе (Қытайдың пиньин əрпі) ресми мəртебеге лайық Қытай Халық Республикасында жəне Біріккен Ұлттар Ұйымында қолданыста болса, орыс əліпбиіндегі жүйе (Палладия жүйесі) кең көлемде пайдаланылуда. Қытай тілі фонетикасы қытай тілінің заттық қабығы, қытай ұлтының өзара қарым-қатынас жасау барысындағы дағдыға айналған, мағына білдіретін дыбыстар (фонемалар) жүйесі.

Қытай тілін меңгерудің бүкіл барысы жөнінде айтқанда, қытай тілінің фонетикасын үйрену өте маңызды. Тіл қарым-қатынас құралы ретінде дыбыстық сұлбада өмір сүреді. Адам айтылған ақпаратты дыбыс жүйесі арқылы қабылдап, өз ойын да сол арқылы білдіреді, айтылымды прагматикалық жағынан іске асырады (хабарлау, əңгімелеу, келісу, көзін жеткізу, сұрау т.б.). С.Ф.Шатиловтың сөзімен айтқанда, нақты фонетикада «тілдің лексикасы мен грамматикасы өз көрінісін табады» [1]. Қытай тілінің фонетикасы дұрыс оқытылмаған жағдайда, сөйлеген сөздерімізді, айтылған ойымызды жаңсақ түсіну орын алуымен қатар, қытай тілінде қарым-қатынас жасау үдерісі қиындап кетуі əбден мүмкін. Сондықтан қытай тілінің дыбыстау жүйесін үйрену осы тілді оқудың бастамасы, мақсатты тілді талап деңгейіне сай меңгерудің алғышарты болып табылады.

Төменде қытай тілі дыбыс құрау жобасының əліпбилік кестесін (han yu pin fang an) ұсынып отырмыз.

 Төменде қытай тілі дыбыс құрау жобасының əліпбилік кестесін (han yu pin fang an) ұсынып отырмыз. 

 Ескерту. Vv əріпі тек шетел тілінде, Қытайдағы аз санды ұлттардың тілінде жəне диалектілерінде кірме сөздерді жазуда қолданылады [2]. Қалыпты дыбыстау жүйесін меңгеру білім алушылардың коммуникативтік іс-əрекетінің табысты болуының бірден-бір кепілі болып табылады, сондықтан Ресей жəне отандық əдістеме саласында дыбыстар мен əуен ырғағы (интонация) жүйесін оқытуда қалыптасқан «апроксимация» қағидатының қолдану аясын неғұрлым тарылту қажет деп есептейміз.

Қытай əріптері сызықтардан құралатындықтан, иероглифты құрайтын сызық атын білумен бірге олардың сызылуы, яғни, жазылу тəртібін үйрену маңызды. Олар төмендегідей:

Қытай əріптері сызықтардан құралатындықтан, иероглифты құрайтын сызық атын білумен бірге олардың сызылуы

 Қытай тілінің дыбыс жүйесін сөздікпен жұмыс істеп үйренудің нəтижесі елеулі болмақ. Əр түрлі сөздіктерді түрліше жолдармен қарап дыбыстарды үйренуге болады. Əсіресе үнемі қолданып жүрген «Қытайша-қазақша үлкен сөздік» жəне «Сөз теңізі», «Түсіндірме сөздік» сияқты басылымдардан зерделеп, қытай əріптерінің дыбыстық оқылуын білу үшін, алдымен, «Қытай тілі дыбыстық əріптерінің буындық көрсеткішіне» көңіл аударып, одан соң сөздіктегі көрсетілген бет саны бойынша сөздіктің бет нөмірінен оның оқылуы мен мағынасын табу керек. Енді бір əдіс, қытай əріпінің дыбыстық оқылуын білмеген жағдайда, алдымен сол əріптің басты бөлігін, қытай əрпінің басты бөліктер мазмұнынан тауып алып, одан соң əріп іздеу кестесінен көріп, сонда көрсетілген бет нөмірі бойынша əріптің оқылуы мен мағынасын айқындау қажет. Қытай əріпінің басты жан бөлігін табуда мыналарды ескергеніміз жөн. Ең əуелі пішін мен дыбыстан құралған əріптерді дыбысталуынан емес, пішінінен қарау керек. Кейбір əріптердің пішіні сол жақта, дыбысталуы оң жақта болып келеді.

Мысалы:钢 gang «болат», 姐 jie «əпке», мұндағы əріптерді іздегенде钅, 女 басты жан біліктеріне көңіл аударған абзал. Ал кейбір əріптердің пішіні оң жақта, дыбысталуы сол жақта болып келеді. Мысалы: 预 yu «алдымен», 飘 ріао «желбіреу», 政 zheng «саяси» деген əріптерде 页 , 风 , 攵 сияқты басты жан бөліктері маңызды болады. Енді кейбір əріптердің пішіні үстінде, дыбысталуы астында болып келеді. Мысалы: 花 hua гүл», 空 kong «бос», 箱 xiang «кебеже (əбдіре)», деген əріптерді艹, 穴, 竹 сияқты бас жан бөлектеріне қарап ажыратқан дұрыс. Ал, керісінше, пішіні астында, дыбысталуы үстінде болып келетін əріптер бар. Мысалы: 堡bao «қамал», 资 zi «капитал», 忠zhong «адал» деген əріптерді 土, 贝, 心 басты бөліктерінен қарап табу керек. Пішіні сыртында, дыбысталуы ішінде болып келетін əріптер бар. Мысалы: 园yuan «бақша», 阁ge «сарай» деген əріптерді 囗,门 сияқты сыртқы бөлігінен қарау керек. Бұлардан басқа да көптеген əріптерді зерделегенде қарау, тану, айыру белгілеріне назар аударғанымыз жөн. Айталық, əріптің алғашқы сызығынан, нүктесінен асты- үсті бөлігі жəне оң, сол жан бөліктеріне бірдей қарау керек. Ал, кейбір таңбалар іздері жеке əріп болып, əрі басқа əріптердің жан бөліктері де болып келеді. Мұнда қай жағынан қараса да, асты-үсті жан бөліктерді есте сақтап үйренген жөн. Басқаша сөзбен ойымызды жалғастырсақ, қытай əріптерін тез іздеп тану үшін ең əуелі əріптердің басты біліктеріне қанық болуымыз немесе есте мықты ұстауымыз керек. Қытай əріптерін үйренгенде (1) солдан оңға, (2) жоғарыдан төменге, (3) ішінен сыртына, (4) сыртынан ішіне қарай жазу тəртіптері бойынша сол əріптердің басты бөліктерін табуымыз керек. Қытай тілі дыбыстарын көп дыбыстаумен қатар, көп тыңдау сондай-ақ қытай əріптерін көп жазу, əсіресе, ауада көп жазып жаттау мақсатты тілді меңгеруде тиімді əдіс-амал болып табылады [3]. Нақтылап айтсақ, қытай тіліндегі 27 дауысты дыбыстарды айтып меңгеруді мынадай тəртіппен іске асыру қажет: a, i. u; ai, ei, au, ou; an, ang, en, eng, ong. Ал, дауыссыз дыбыстарды мынадай тəртіппен үйрету абзал: b, d, g, z, zh, sh, q, содан кейін ғана барып қалған 15 дауыссыз дыбыстарды меңгерту керек. Тағы, бір жағынан, қытай тілінде ағылшын тілімен өте ұқсас оннан аса дыбыстар бар. Сондықтан, ағылшын тілін білетін білім алушыларға ағылшын тілімен ұқсастығы жоқ дыбыстарды үйретуге көбірек көңіл білу қажет. Дауысты дыбыстарды үйреткенде монофтонгтардан бастап, содан кейін дифтонгтарға көшіп, күрделі дыбыстармен аяқтаған жөн. Тағы бір айта кететін жайт, қытай тілін оқытқанда осы тілдегі тірт тон ырғағын қолданып үйрету де маңызды. Өйткені олар сөз бен айтылымдардың сөз əрекетіндегі қызметін анықтайды. Соның ішінде жоғары көтерілетін жəне төмен түсетін тон ырғақтары ерекше қиыншылық туғызуы мүмкін. Дыбыстау жүйесін оқытқанда жеке сөздің тон ырғағының айтылуы сөз ағымында өзгеріске ұшырайтынын білім алушылардың есіне салып отыру қажет.

Қытай тілі типологиялық жағынан дара өзіндік қасиеті бар, тілдер тобына жатады. Қытай тілінің негізгі ерекшеліктері деп сөздердің морфологиялық, яғни, тұлғалық өзгерістерге түспеуін, сөздердің орын тəртібі жəне көмекші сөздер арқылы грамматикалық мағына білдіруін, сандық сөздер ерекше көп қолданылуын атауға болады. Жүйесі бір-біріне ұқсамайтын тілдердің негізгі ерекшеліктерін салғастырмалы зерттеудің жалпы тіл білімімен қатар, шет тілдерін оқыту жұмыстарында да мəні зор, маңызды. Бір тілді екінші бір тілмен, əсіресе генетикалық жағынан бір-бірінен алшақ жатқан тілдерді контрастивті түрде салыстырудың лингводидактикалық мəні шетел тілін оқу мен оқыту кезінде олардың ұқсас сипаттарын тани отырып жəне таныта отырып, ерекшелік жақтарын саналы түрде пайымдаудан көрінеді. Қытай тіл бөлімінің дамуы ертеден басталған, дегенмен, көне заман қытай тілі грамматикасы туралы біршама жүйелі жазылған еңбектердің аз екендігі шындық. Бірақ бұдан қытай тілі грамматикасы мүлде зерттелмеді деген пікір тумауы тиіс.

Қытай тілінде өзара қатысымға түскенде айтылатын ойдың грамматикалық тұрғыдан дұрыс болуында сандық сөздердің алатын орны ерекше. Қытай тіліндегі сандық сөздерді сауыт-сүйек жазбаларынан (甲骨文) кездестіреміз. Бұлар сандық сөздер тұрмыстағы қажет бұйымдардың, сауда- саттықта қолданылатын сөздердің негізінде пайда болғандығының дəлелі. Екі хан (两汉) дəуірі кезінде сандық сөздердің саны көбейіп, атқаратын қызметі нақтыланып, өзінше даралана бастады. Мысалы, 马 – 匹атқа [pi] сандық сөзі, 牛 – 头 сиырəа [tou] сандық сөзі, 羊 – 头қойға [tou] сандық сөзі қолданылған. Қазіргі сандық сөздер қолданылуы жағынан көне қытай тіліндегі сандық сөздерден мүлде өзгеше. Кейбір сандық сөздер құралып-қосылу барысында зат есімдермен немесе етістіктермен біртіндеп тұрақты қатынастар орнатып, жиі қолданыс табуының арқасында, бірте-бірте қазіргі қытай тіліндегі сандық сөздер қалыптасқан. Сандық сөздерді зерттеуде, болмаса қытай тілін шетелдіктерге үйретуде мұның мəні зор екендігіне сенімдіміз.

本 (ben) «本»-нің негізгі мағынасы — «тамыр», Cюй Шэнь《说文解字》«Иероглифтерді талқылау» кітабында «тамыр» ұғымының шығу тегіне былайша түсініктеме береді: «本下曰本», 徐笺“凡木命根为柢,旁根为根,通曰本». Бұл «本»-нің бастапқы мағынасы өсімдік тамырын білдіреді. Ол сандық сөзге айналғанда, əрине, өсімдіктердің мөлшерін білдіре алады. Мыса- лы: 百本薤,五十本葱(汉书·循吏)Жүз түп көк ағаш, елу түп шөп. Адамдардың басым бөлігі өсімдіктердің санын білдіруде «本»-ді қолданады, оның «тамыр» деген мəнінен туындаған ауыспалы мағынамен, ал оны кітаптар санын білдіру үшін қолдану əдісі «本»-нің «түп-тамыр» (қазық, қайнар) мəнінен келіп шыққан ауыспалы мағынамен байланысты деп есептейді. Сандық сөз – қытай тіліндегі ең негізгі грамматикалық ерекшеліктердің бірі. Қытай тілінде əдетте заттың санын білдіру үшін сан есім мен зат есім бірден тіркесе алмайды, олардың арасында міндетті түрде сандық сөздер қосылып айтылады. Мысалы:一个人[Yi ge ren] бір адам, 一本书[yi ben shu] бір кітап, 一辆车[yi liang che] бір арба, 三件衣服[san jian yi fu] үш киім, 拉一把[La yi ba] бір тарту, 考一次[kao yi ci] бір рет сынақ тапсыру, 住一年[zhu yi nian] бір жыл тұру, 看了一遍[kan le yi bian] бір рет қарады. Мысалы: бір тұтам шөп, бір қазан ет, бір сауым сүт, бір орам жіп, бір атым насыбай, бір уыс тары т.б. Осындағы тұтам, қазан, сауым, орам, атым, уыс сөздері аталған тіркестердегі зат есімнің мөлшерін (шамасын) білдіріп тұр. Бірақ мұндай сөздер қазақ тілінде жеке сөз табы ретінде қарастырылмаған. Біріншіден, олар жеке тұрғанда тілімізде басқа сөз табына (жоғарыда келтірілген сөздер зат есімге) тəуелді сөздер. Екіншіден, қазақ тілінде əдетте сан есім мен зат есім сөздері тікелей тіркесе береді. Мысалы: бір адам, екі үстел, үш орындық т.б. Ал қытай тілінде олай емес, кей жағдайда болмаса, сан есім мен зат есімдер сандық сөздерсіз тіркесе алмайды. Заттық сандық сөздер адам не заттың санын білдіреді. Мысалы: 一个人[yi ge ren] бір адам, 一张桌子 [yi zhang zhou zi] бір стол, 一斤米 [yi jin mi] бір фунт күріш, 两本书[liang ben shu] екі кітап. Заттардың формасына қарай қолданылатын сандық сөздер 条[tiao] сырт көрінісі ұзын, жіңішке заттарға қолданылады:一条板凳 [yi tiao ban deng] бір ұзын орындық, 一条绳子[yi tiao sheng zi] бір арқан т.б., 张[zhang] тегіс, жалпақ жəне кейбір ашылатын заттарға қолданылады: 一张桌子[yi zhang zhuo zi] бір үстел,一张剧票 [yi zhang ju piao] бір театр билеті т.б. Жинақтық сандық сіздер заттардың жəне адамдардың жұбын, жиынын есептейтін, санайтын бірлік ретінде қолданылады: 副[fu], [shuang], [dui], [bang], [ban], [tao], [da], [huo],群[qun] т.б. жатады. Сандық сөздердің бұл түрі заттардың жиынтығын білдіреді.

Мысалы: [fu] 一副手套[yi fu shou tao] бір жұп қолғап, 一副对联, 一副眼镜[yi fu yan jing] бір жұп

көзəйнек, [qun] 一群马[yi qun ma] бір үйір жылқы, 一群孩子 [yi qun hai zi] бір топ бала, 一群人[yi qun ren] бір қора кісі.

Қытай жəне қазақ тілдеріндегі жинақтық сандық сөздерге жасалған салыстырмалы талдау

олардың өзіндік айырмашылықтары бар екенін көрсетеді. Қытай жəне қазақ тілдеріндегі сандық сөздердің ұқсастығы — туыс емес екі тілде де жинақтық сандық сөздердің болуының, ал бірақ жасалу жолдарында айырмашылықтар бар екенінің дəлелі. Қытай тілінде сандық сөздердің жасалу жолдары көп жағдайда зат есімінің көпше түрінің қолдануымен байланысты. Қазақ тілінде жинақтық сандық сөздердің жасалу тəсілдері де əр алуан болып келеді. Белгісіздік сандық сөздер əдетте белгісіз сандық шаманы білдіреді. Олар 些 [xie], бірнеше, біраз жəне 点儿[dianr] біраз, азырақ сөздерінің кімегімен белгісіздік шаманы көрсетеді. Мысалы: 一些 [yi xie ] бірнеше, 一些人[yi xie ren] бірнеше адам, 好些东西 [hao xie dong xi] біраз жақсы заттар, 点儿 [dian er] азырақ, 一点儿东西 [yi dian er dong xi] азырақ заттар. Белгісіздік шаманы білдіретін сөздер сан есімдермен тіркескенде, тек қана [уі] бір санымен тіркесе алады. Кейде сандық сіздер сан есімдерсіз зат есіммен тікелей тіркеседі. Мысалы: 来了些人 [Lai le xie ren] бірнеше адам келді, 买点儿苹果 [mai dianr ping guo] біраз алма сатып алады т.б. Заттың белгісіздік мөлшер мағынасы қоршаған ақиқат болмыстағы нəрселердің (адамдардың, жансыз жəне жанды заттардың т.б.) болжалды санын білдіреді. Қазақ тілінде заттың белгісіздік мөлшерін білдіруде кіп, кібірек, аз (емес), азғантай, қалың, дүйім, сан т.б. сөздер де қолданылады. Қытай жəне қазақ тілдеріндегі белгісіздік сандық сөздер ұқсас болып келеді. Қытай тілінде些 [xie], бірнеше, біраз жəне 点儿 [dianr] біраз, азырақ сияқты сөздермен, қазақ тілінде кіп, аз, азырақ, қалың, т.б., сөздермен сіз тіркестері жасалады. Уақытқа қатысты (потенционалды) сандық сіздерге 准量词: жыл 星期 апта, күн, сағат жатады. Мысалы:三年 үш жыл, 五天 бес күн, 一小бір сағат т.б. Қытай тіліндегі өлшем бірлікті білдіретін сандық сөздер екі топқа бөлініп қарастырылады. Бірі — метрикалық санау бірліктері: ұзындық өлшемдері(长度): 微米 [wei mi]микрометр т.б.; аудан өлшемдері(面积和地积): [gong mu] ар, [gongqing] гектар т.б.; сыйымдылық өлшемдері(容量): 毫升 [hao sheng] миллилитр, [sheng] литр т.б.; салмақ өлшемдері (重量): [ke] грамм, 百克 [bai ke] гектограмм, 公斤 [gongjin] килограмм, 公担 [gongdan] центнер, [jin] жарты килограмм, [dun] тонна; көлемдік өлшемдер(体积):立方厘米 [lifanglimi] текше сантиметр, 立方分米 [ lifangfenmi] текше. Екіншісі — қытай халқының өзіне тəн өлшемдік, салмақтық бірліктері бар: ұзындық өлшемдері 市毫 [shi hao] хао市里 [shi li] ли т.б.аудан өлшемдері 平方市寸 [ping fangshi cun] шаршы сунь,平方市尺 [ping fang shi chi] шаршы чи т.б. сыйымдылық өлшемдері 市勺 [shi shao ]市合 [shi he ] т.б. салмақ өлшемдері [shi si ], 市毫 [shi hao]т.б. көлемдік өлшемдер(体积): 立方市寸 [li fang shi cun], 立方市尺 [li fang shi chi], 立方市丈 [li fang shi zhang]. Ауыспалы сандық сіздер (借用名量词) — сыйымдылықты білдіретін жəне басқа сөз табынан ауысып келіп (қосымша) қызмет атқаратын сөздер. Қазіргі қытай тілінде мұндай сандық сөздерді зат есім мен етістіктен ауысып келген сіздер құрайды. Мысалы:一杯茶 бір кесе шай, 头牛 бір бас сиыр, 一粒珍珠 бір тал інжу- маржан, 一串葡萄 бір сабақ жүзім朵花 бір шоқ гүл, 一束鲜花 бір бума гүл т.б. Уақытша сандық сөздерде (临时名量词) зат есім немесе етістік мөлшерлік мағынада қолданылып, зат есім немесе етістіктің өздері бейнелейтін зат немесе қимылдың көлемін екінші бір заттың саны ретінде білдіреді. Мысалы:书架书 бір сөре кітап, 脸汗 жүзін тер басу, 一瓶子牛奶 бір бөтелке сүт, 一屋子人 адам толы білме, 一箱子衣服 бір сандық киім, 一身泥денесі тұтас балшық, 桌子[ zhuo zi] үстел /зат есім/ 一桌子 [yi zhou zi shu] бір үстел кітап, 一裙子水 етегі су болу, [kun] орам /етістік/一捆嫁 [yi kun jia] бір орам жасау.

Қазақ тіліндегі ауыспалы сандық сөздерді тұрақты тіркестер жасайды. Олар негізінен зат есім жəне етістіктен ауысып келген сөздер болады. Мұндай сөздер қазақ тілінде дара сандық сөздер деп те аталады. Мəселен, қазақ тілінде зат есімнен немесе етістіктен ауысқан сандық сөздер өте көп: бір кесе су, бір тостаған қымыз, бір бас сиыр, бір тал алма т.б. Қытай тілі аса күрделі тіл болғандықтан, онда сандық сөздердің саны көп жəне əрбір сандық сөздің ойды анықтайтын, толықтайтын, сипаттайтын өзіне тəн қызметі бар. Сондықтан оларды бірінің орнына бірін ауыстырып қолдануға болмайды. Қытай тіліндегі сандық сөздердің қолданылуы сөз тіркесінде немесе сөйлемде білдіретін мағынасы жағынан, мөлшерлік мағынасымен, құрылымдық қызметі жағынан жіктеліп, ерекшеленеді. Ал қазақ тілінде сандық сөздер жеке сөз табы ретінде қарастырылмағанымен, тілде атқаратын қызметтеріне қарай сан есімдердің құрамындағы өлшем сөздер немесе есептік сөздер деп аталып жүр [4]. Қорыта айтқанда, қытай тілінің фонетикасын қытай пиньин əрпімен, қытай тілі лексикасы ретінде қытай иероглифтері (汉字 hanzi) құрайтын таяқшаларынан, одан соң басты бөліктері арқылы қытай иероглифтерін (汉字 hanzi) меңгеру, сөз қорын дамыту, грамматикалық білім тұрғысынан сандық сөздерді де үйреніп қолдана білген абзал. Қытай тілін үйренуде білім алушы оқытушының көмегіне сүйене отырып, алдына мақсат қойып, табандылық жəне жауапкершілік көрсете алса, тілді белгілі деңгейде толық меңгеруге болады деген сенімдеміз. Тілді үйрену, соның ішінде көрші ірі аспанасты елдің тілін меңгеру Қазақстан азаматтары үшін өте маңызды. Тілді білу үшін, біріншіден, орта; екіншіден, тіл үйренуге қызығушылық, əуестік керек; үшіншіден, талаптанушының тілді үйренудің өзіндік əдіс-тəсілдерін қолдануы сапалы білім алудың кепілі болып табылады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Шатилов С.Ф. Методика обучения немецкому языку в средней школе. — М.: Просвещение, 1986. — 256 с.
  2. Мəсімхан Д., Мамытан Қ. Қытай тілі фонетикасының негіздері: Оқу құралы. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы,— 162 б.
  3. Найман С. Қытайша-қазақша үлкен сөздік — Үрімжі: «Han-Ha da cidian» Шыңжаң Халық баспасы, 2006. — 2265 б.
  4. Əкімбай Жапарұлы. Қазақша-қытайша тұрмыс сөздерінен 500 сөйлем. — Үрімжі: Шыңжаң жастар — өрендер баспасы, 2011. — 228 б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.