Бүгінгі күнде əлемнің қай түкпірінде болса да, ауқымды желі болғандықтан, қашықтықтан оқыту технологиясы — білім алушылар мен оқытушылар арасында оқу үрдісі кезінде интерактивті өзара пікір алмасуда жүзеге асырылып, оқу материалдарын білім аушыларға негізгі бөлігін жеткізуді қамтамасыз етуге, тақырыпты меңгеруге, сондай-ақ білім алушылардың берілген тапсырмалар бойынша өз бетімен жұмыс істеулеріне жағдай туғызатын ақпараттық технология. Қашықтықтан оқыту телекоммуникациялық жəне компьютерлік технологияларға негізделген оқыту құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде инновациялық жəне дəстүрлі үздік əдістер қолданылатын, күндізгі жəне сырттай білім алу түрі болып табылады [1].
Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Бүгінгі күнде əлемнің қай түкпірінде болса да, ауқымды желі болғандықтан, өз бетінше білім алуға мүмкіндік беретін, ізденуді қажет ететін ерекше жүйе «қашықтықтан білім алу жүйесі» мүмкін болып отыр. Қашықтықтан білім алу əр адамның өзіндік жеке қажеттілігін ұғынуына, өзіне қажетті білімді іздене отырып үйренуіне мүмкіндік береді. Оның тағы бір ерекшелігі — жас ерекшелігіне қарамастан, жұмыстан немесе оқудан қол үзбей білімді жетілдіру мүмкіндігін береді.
Қазіргі таңда қашықтықтан оқытудың құралы — виртуалды білім кеңістігін құруға мүмкіндік беріп отырған Интернет. Көптеген сарапшылардың пікірі бойынша, Интернет ең арзан оқыту құралы болып табылады. Қазіргі уақытта студенттердің көпшілігі бүкілəлемдік желіге тегін қосылу мүмкіндігі бар жəне студенттердің орындаған материалын, тексерілген материалдарды жəне ескертулердің барлығын оқытушылар электрондық пошта арқылы жібереді. Мектепте, жоғары оқу орындарында оқушылар, студенттер телекоммуникациялық жүйені, инновациялық технологияларды қолдана отырып, электронды пошта арқылы түрлі телеконференцияларға қатыса алады. Телеконференция семинар сабақтары жүйесіндегі оқу-практикалық əрекет түрі ретінде қолданылады. Өзінің əдістемелік ерекшеліктеріне қарай, өткізілуі мен дайындығы жағынан телеконференция пікірталасқа ұқсас. Тақырып материалын игеруде жəне көрнекілік қажеттілігіне сəйкес, иллюстрация мен демонстрациялық материалдардың, инновациялық технологиялардың (техникалық құралдар, фактілер, мультимедиалық құралдар т.б.) маңызы зор.
Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде қажетті мəліметтерді өз қалауынша, өздеріне қолайлы уақытта жəне ыңғайлы орындарда алуларына мүмкіндіктері бар. Сондықтан тыңдаушылар өздігінен жұмыс істеу дағдылары мен əдістерін, қажет білімдерді өз беттерімен толықтыру жолдарында ізденісте болулары керек. Сонымен бірге сапалы білім алу үшін жаңа ақпараттық технологиялардың, яғни инновациялық технологиялардың, құралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.
Чат-сабақ — белгілі бір уақыт ішінде Интернет жүйесінде барлығына бірдей өткізіледі. Сондықтан бұл сабақтың алдын ала кестесін жасап, сұрақтар, проблемалар тізімін береді. Бұл сабақтың барысын жазып алып отыру қажет, себебі кейінгі талдауда қажет болады. Бұл жерде де Интернет мүмкіндіктерімен қатар, инновациялық технологиялар маңызды орын алады [2].
Мұндай сабақ нақты уақыт жағдайында өткізіледі. Сабақтың жоспарын жасауда алдымен чат- сабаққа сəйкес, яғни, пікірталас сұрақтарына қолайлы проблема, тақырып таңдалынып алынады.
Желілік технология — білім алушылар, оқытушылар, оқу-əдістемелік бөлімдер арасындағы интерактивті өзара байланысы мен оның оқу-əдістемелік құралдармен жабдықталуын қамтамасыз етілуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген.
Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытудың желілік технологиясы үшін мыналар болу қажет: білім алушылар үшін оқу-əкімшілік жəне оқу-əдістемелік ақпараттар, Интернет-портал оқу беттерімен мазмұндалған; телекоммуникациялық желіде қолданылатын құралдар (Интернет желісі, спутниктік теледидар жəне т.б.); əр түрлі терминалдар: оқу сыныптары, мультимедиалық сыныптар, электрондық оқу залдары, электрондық кітапханалар жəне т.б.; мультимедиалық желілік оқу контенті; кешендік тестілеу желілігі; желілік оқытудың басқару жүйесі; басқару жүйесінің контенті; желілік оқытудың басқару жүйесінің контенті; қашықтықтан оқыту бойынша біліктілікті жетілдіруден өткізілген оқу, оқу-көмекші жəне техникалық жұмыскерлер.
Электрондық кітапхана — қашықтықтан оқыту білім беру құрылымының негізгі элементі [3]. Электрондық кітапхананың оқу базасы мыналардан тұрады: авторлық оқу материалдары (оқулықтар, компьютерлік тренинг бағдарламалары, слайд-лекциялар, белсенді семинарлар сценарийі, тестілік жəне емтихан базасы жəне т.б.); оқу-əдістемелік басқарма ұсынған оқулықтардың толық жинағы; оқулықтар, монографиялар, мақалалар, Интернеттен алынған материалдар; ақпараттық цифрлық база (құқықтық, экономикалық жəне т.б.); анықтамалар, энциклопедиялар, сөздіктер; газет, журнал материалдары.
Электрондық кітапхананың əдістемелік базасына мыналар кіреді: жеке оқу жоспарларын құру үшін оқытатын бағдарламалар; жеке сабақ кестесін құру үшін оқу ғимараттарының уақыт қоры; студенттердің жеке оқу досьесі; əкімшілік база.
Қашықтықтан оқытудың теледидарлық технологиясы. Теледидарлық білім беру инновациялық технология принциптік нобайы екі ақпараттық толқыннан тұрады: бағыт бойынша көп ақпараттар көлемін беруші, тура толқын: ақпараттық-телекоммуникациялық орталықтық торабы-спутник-оқу орталығының ақпараттық телекоммуникация торабы; бағыт бойынша аз ақпарат көлемін (есептер мен сұраныстар) беруші, кері толқын: оқу орталығының торабы – Интернет немесе ақпараттық- спутниктік арна-орталықтық ақпараттық телекоммуникация торабы.
Ақпараттық технологияларға негізделген қашықтықтан оқыту технологиясы білім беру кеңістігін ұлғайтуға, білім алушылар санын арттыруға, білім алушылардың ақпараттық білім беру ресурстарын тиімді пайдалануына, білім беру сапасының жоғарылауына жағдай жасайды.
Қашықтықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін алдын ала құрылған кестеге сай білім алушы өзіне қолайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқуға қажетті құралдар мен материалдар қолында бола тұра, оқытушылармен Интернет желісі арқылы немесе телефонмен байланыс жасауына, сондай-ақ күндізгі бөлімде де мүмкіндігі болатын, білім алушының белгілі бір мақсаттағы жəне бақылау нəтижесін білу барысындағы өзіндік жұмысы құрайды.
Қашықтықтан оқыту білім жүйесін ұйымдастыру, географиялық немесе уақытша оқшаулануға қатысты себептермен, əлеуметтік жағдайы нашар немесе дене бітіміндегі кемістігіне байланысты білім мекемелеріне бару мүмкіндігі жоқ, өндірістік жұмыстардан қол үзу мүмкіндігі болмау себебі жағдайында білім алушылардың оқуға мүмкіндіктерін шектеуге болмайды деген гуманистік қағидаға жауап береді.
Қашықтықтан білім беру — жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиалық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі жəне сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген оқытудың ерекше түрі болып табылады. Заманауи электронды жəне телекоммуникациялық басылымдар дəстүрлі оқытудың барлық құндылықтарын сақтай отырып, кемшіліктер болдырмауға мүмкіндік береді. Дəстүрлі оқытумен салыстыра отырып, қашықтықтан оқытудың тиімді ерекшеліктерін келесі түрде атап көрсетуге болады: жеке тұлғаларға үздіксіз əлеуметтік жағдай тууында; дүние жүзі елдерінің оқытудағы ақпараттық ресурстарының кірісі мен шығысы; оқу материалдарын тарату ыңғайлылығы, оны көбейтуге шығынданбау; қолайлылық (оқу мерзімі, көлемі, орны жəне қарқыны бойынша); жеке оқу жоспарын құру жіне қолдану мүмкіндігі; оқу аппаратына қол жеткізу, оны жедел жаңарту; экономикалық тұрғыда (оқу орны, көлік, техникалық құралдар шығынын шектеу); жаңа технологияларды қолдану; білім алушылардың əлеуметтік құқық теңдігі (тұрғын орындары мен денсаулық жағдайларына қарамастан); білім алушылардың өзін-өзі бақылау мүмкіндігінің болуы.
Жүйенің кеңінен дамуы жеке тұлғаны əлеуметтендіру табысын қажетті мүмкіндіктермен үздіксіз оқыту мен ақпараттық ортада қамтамасыз етеді. Қашықтықтан оқыту үрдісін автоматтандыру үшін арнайы ақпараттық жүйе бағдарламаларын қолдану ақпаратты тенологиялармен оқытудың тиімділігін арттырады.
Қандай болмасын қашықтықтан оқыту жүйесіне қажетті маңызды сипаттамаларға тоқталсақ, олар: құрылған жүйе ашық жүйе үрдісіне сəйкес болуы; ақпараттық ресурстарды сақтау форматы халықаралық стандартқа сəйкес құрылуы; жүйе жан-жақты қолданыста жəне көп функционалды болуы; ақпараттық ресурстарды сақтауда мүмкін болатын қауіптерден жойылмауына сенімділік болуы; құрылған жүйені өңдеу тиімді жəне ыңғайлы болуы; жүйе əр түрлі ақпараттық-бағдарламалық тасымалдану жағдайында жұмыс істеуі; жүйенің модульді құрылуы жəне функционалды компоненттерінің өсімді мүмкіндігінің болуы; интерфейс басшысы жеткізерліктей, қарапайым жəне ыңғайлы болуы; жүйе бірнеше қолданушылардың сұранысын қатар өңдеу мүмкіндігінде болуы; жүйе əр түрлі жүйе конфигурациясы жұмысына үйлесімді бағытталған болуы; əр түрлі конфигурация жұмысы үшін жүйенің құрылымы масштаб жүйесін өзгерте алуы мүмкіндігінің болуы; қолданушы интерфейсі қарапайым, түсінікті болуы; жүйені ақпараттық толықтыру оны нақты жүзеге асырудан тəуелді болмауы; ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіз болуы; жүйенің құрылымы оның аталуын (аты-жөнін) əдеттегі аппараттық-бағдарламалы түсініктемесінде айқын болуы тиіс.
Қашықтан оқыту жүйесін құру қағидалары ретінде келесілерді атап өтуге болады:
- педагогикалық мақсатқа лайықты жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, яғни жобалаудың əрбір қадамының тиімділігіне жəне қашықтықтан оқыту жүйесін жасауға баға беру. Осы орайда білім беруге қызмет ететін жəне оқу курстарының сəйкес мазмұнын толықтырғаннан кейін ғана жоспарға техниканы енгізу талап етіледі;
- оқытуға бағытталған жəне əлеуметтік жинақталған тəжірибені оқып үйренушілердің меңгеруі үшін қолайлы шарттар жасалып, білім беру үрдісінің бүтіндей адамға бағытталған — оқытудағы адамгершілік қағидасы;
- қашықтықтан оқыту жүйесінде білім беру үрдісін жобалау кезінде педагогикалық көзқарастың басымдылығы, яғни жүйені жүзеге асыруға болатын көріністердің дидактикалық үлгілерін құрайтын теориялық тұжырымдамаларды талдаудан бастау қажеттілік қағидасы;
- қашықтықтан оқыту жүйесінің білім мазмұны таңдау барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандартымен сəйкес келуі тиіс;
- қашықтықтан оқыту жүйесінде оқытудың тиімді білім, білік, дағдыларының нақты жиынтығын талап етеді. Мысалы, білім алушының нəтижелі оқуы үшін, өзіндік оқу еңбегінің ғылыми негіздерімен таныс болуы керек, компьютермен жəне т.б. жұмыс жасай алатын нақты дағдылары болуы тиіс;
- ұйымдастырушылық жəне техникалық тəсілдердің қажеттілігі жағдайында керекті мəліметтерді қолдану мен беруді қарастыру кезінде қауіпсіздігі жəне құпиялығы сақталуы қамтамасыз етілу қажет;
- оқыту технологиясының қашықтан оқыту үлгілерімен сəйкес болуы қажет, яғни дəстүрлі пəндік үлгіде оқытуды ұйымдастыру түрі ретінде дəрістер, семинар жəне практикалық сабақтар, баламалы немесе іскерлік ойындар, зертханалық сабақтар, өзіндік жұмыстар, өндірістік тəжірибелер, курстық жəне дипломдық жұмыстар, білімдерінің меңгерілуін бақылау қолданылады. Қашықтықтан оқыту жүйесін қалыптастыру барысында, қажет жағдайда, оған қосуға болатын жаңа үлгілер пайдаланылуы мүмкін. Оқытудың ұйымдастыру түрі қатарындағы осы үлгілерге компьютерлік конференциялар, телеконференциялар, ақпараттық сеанстар, телеконсультациялар, жобалау жұмыстары жəне т.б. қолданылады;
- білім алушының оқып жүрген оқу орнында сəйкес қызмет көрсетулер болмаған жағдайда, қажетті бағыттағы өзінің білім беру бағдарламасын түзетуге немесе толықтыруға ықпал ететін ақпараттық жүйелерді жəне қашықтан оқыту үшін берілген білім базалары мен банктері қажетті əлеуметтік жəне экономикалық тиімділік шарты бойынша құрылады;
- егер жасалған жəне енгізілген ақпараттық технологиялар жоғары білім берудің дəстүрлі жүйесіне қайшы болмаса, яғни оған біріктірілетін табиғи бейнеде болса, онда қашықтықтан оқыту жобасы қажетті əлеуметтік жəне экономикалық тиімділігін бере алады;
- білім берудің өткен ұрпақтан қалып жинақталған ғылыми жəне мəдени мұраларын кейінгі буындарға жеткізу. Сонымен қатар қазіргі ұрпақтың заманауи талаптарға тез бейімделіп, оның сана-сезімі мен дүниетанымын қалыптастыруға көмек жасауы.
Қашықтықтан оқыту жүйесінің типтері жөнінде төмендегі белгілерді айтуға болады. Қашықтықтан оқытуды анықтау бағдарында білім берудің толық масштабтағы жəне сайланатын жүйесі деп бөлуге болады. Білім берудің толық масштабтағы жүйесінде белгілі бір бағыттағы бакалаврларды немесе нақты мамандық иелерін дайындау бойынша оқу жоспарының толық орындалуын қамтамасыз етеді. Демек, мұндай жүйеде барлық жоспарланған пəндерді оқып үйрену үшін, оқулықтар мен оқу құралдары, зертханалық практикумдар, курстық жəне дипломдық жобаларды орындау үшін құралдар жəне тағы басқа жеткілікті түрде бар болуы қажет.
Білім берудің сайланатын жүйесі деп аталатын шартты жүйесі мекеме қызметкерлерінің біліктілігін жоғарлату үшін, қосымша жоғарғы білім алу мақсатында, білім берудің қызмет көрсетулерін пайдаланушыларға жеке қалауларын қанағаттандыру үшін бағытталады [4]. Қашықтан оқыту жүйесінің əрбір типтерінен оқу үрдісін ұйымдастыру мен қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету ерекшеліктеріне қарамастан, оның атқаратын функциялары мен құрылымды компоненттерін айқындау керектігі шығады.
Қашықтықтан оқыту технологиясы белгілі бір қашықтықта отырып, компьютерлік телекоммуникация жəне басқа байланысу орталықтары көмегімен оқып-үйрену мақсатындағы ақпараттармен өзара тəжірибе алмасу тəсіліне негізделген жəне де бүкіл əлем бойынша алдыңғы қатарлы технологиялардың бірі болып табылады. Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылығы — оқыту барысында қолданылатын мультимедиа жүйесінде оқытылатын оқыту бағдарламаларын білім алушылар тез қабылдайды жəне оқу өзіне ыңғайлы жерде, тиімді уақытта жүргізіледі.
Қашықтықтан оқыту жүйесінде басшылыққа алынуы тиіс принциптердің бірі — дидактикалық принциптер. Мұндай дидактикалық принциптерді көрнекілік, қолжетімділік, оқытуды дараландыру, саналылық, белсенділік секілді білім берудің дəстүрлі принциптері құрайды.
Қашықтықтан оқыту жүйесі жағдайында бұл дəстүрлі дидактикалық принциптерді терең əрі толық жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Қашықтықтан оқыту жүйесіндегі дидактикалық принциптер құрамы: көрнекілік; саналылық; оқытуды дараландыру; қолжетімділік; белсенділік.
Қашықтықтан оқыту жағдайында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану көрнекі түрде беріледі жəне сонымен бірге əр түрлі абстрактілі заңдылықтар мен модельдерді қабылдауда да жүзеге асады.
Қашықтықтан оқытуда ақпараттық технологиялар қолжетімділік принципін жүзеге асыруда жаңа қашықтықтан оқыту жүйесінде қолданылатын жəне толық жүзеге асырылатын білім берудің дəстүрлі дидактикалық принциптері мүмкіндіктерге ие болады. Қазіргі заманғы бағдарламалардың қиын есептерді генерациялауға мүмкіндігі бар.
Жаңа ақпараттық технологиялар мен қашықтықтан оқыту бүгінгі таңда əрбір студентке қажетті оқу материалын игеруде жеке бағдарламалармен жұмыс істеу мүмкіндігін ашады. Сонымен қатар тестілік жүйе арқылы өзін-өзі тексеруге де болады.
Бүгінгі таңда студент оқу іс-əрекетінде объект ретінде саналы түрде оқытуды ұйымдастыруда өз мақсатын нақтылай алады. Қашықтықтан оқытуда бұның барлығын тиімді түрде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырады.
Қашықтықтан оқыту жүйесі бастан-ақ білім алушының өз бетінше жұмысына есептелген, яғни оқудағы мақсатына өзі таңдау жасайды. Сондықтан да ол жетістікке жетуде белсенді болады жəне жаңа ақпараттық технологияларды (Интернет, телекоммуникация жəне т.б.) қолдану осыған лайықты. Қашықтан оқыту жүйесінің құрылымын төмендегі белгілер анықтайды: мамандық үлгісі жəне мемлекеттік тапсырыспен сəйкес қалыптасатын, білім жəне білік жүйесін білім алушылардың игеруі. Əлеуметтік сұраныстың педагогикалық үлгісі ретіндегі оқыту мазмұны. Оқыту үрдісі, əдістері мен ұйымдастыру түрлерінің жүзеге асырылуы оқыту мазмұнымен анықталады. Қашықтан оқыту білім беру қызметін пайдаланушылардың белгілі бір түрінің объектісі болып табылады (студенттер, тыңдаушылар, оқушылар жəне т.б.), қашықтан білім алушылардың дəстүрлі түрдегі студенттерден өзгешелігі, олардың қайсарлықтары, білімге деген құштарлықтары, ұйымдастырушылық қабілеттері, өз бетімен жұмыс істей білу дағдылары, компьютермен жұмыс істей білуі жəне телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдана білулері болып табылады.
Қашықтықтан оқыту субъектісі ретіндегі оқытушылар. Оқытушы — қашықтан оқытудағы білім беру үрдісінің жоғары тиімділігін камтамасыз ететін басты буын. Қашықтан оқыту оқушы іс- əрекетіне тəн бірқатар ерекшелік «тьютор» терминін енгізу қажеттілігін туғызды. Ол — кеңес беруші-оқытушы, ақпарат жəне телекоммуникация құрылымының негізін білетін, білім деңгейі алдыңғы озық сипатта болу керек. Қашықтан оқыту түрі: ақпараттық-ереже жиынтығы, репродуктивті (дауыс ырғағын реттеу), мəселені талдау, теориялық зерттеудегі логикалық тəсілдер мен ережелер жиынтығы жəне зерттейтін жалпы дидактикалық оқыту əдістерінен тұрады. Олар оқытушы мен білім алушылардың өзара іс-əрекеті мен педагогикалық актілерінің барлық жиынтығын қамтиды.
Қашықтан оқыту білім беру үрдісінде оқытуда компьютерлік техниканы жəне телекоммуникацияны, білім беру технологиясы облысындағы соңғы жетістіктерін қолдануға негізделген инновациялық оқыту құралдарының қолданысы дəстүрлі оқытудағымен бірдей дəрежеде жүргізіледі. Оқу бағдарламасына сəйкес оқу үшін қажетті материалдық жəне техникалық құралдар жиынтығы, оқу жəне оқу-көмекші бөлімшелері; зертханалық қондырғылар, техникалық оқыту құралдары, оқулықтар, оқу құралдары жəне басқа да оқу-əдістемелік кешендерден тұратын ғылыми білімдер материалдық базасын құрайды. Қашықтан оқытуға кіретін бақылаудың ерекшелігі абитуриенттің кəсіптік талғамдары мен қабілеттерінің даму деңгейін бағалау, тиімді құралдар мен оқыту əдістерін таңдай білу жəне олармен сəйкес əлеуметтік психологиялық бейнесін құратын идентификациялық бақылау жүргізу жүйесінің болуы.
Педагогикалық практикада танымал оқыту түрлері қалыптасқан. Олардың ішіндегі ең кең тарағандары: дəрістер, семинарлар, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, емтихан жəне т.б. қашықтан оқыту үлгілерін құрайды. Қашықтан оқыту дəрістерінің дəстүрлі дəріс алудан айырмашылығы, оқытушымен тікелей контакт болмауында. Алайда бірнеше артықшылықтары да бар. Дəрістерді жазу үшін аудио- жəне бейнетаспалар, СD-ROM дискілерді жəне т.б. қолданады. Жаңа ақпараттық технологияларды (гипермəтін, мультимедиа, ГИС-технологиясын жəне т.б.) қолдану дəрістерді көрнекі жəне мазмұнды түрде береді. Мұндай дəрістерді кез келген уақытта, кез келген қашықтықта оқуға болады.
Қашықтан оқыту семинарлары оқу сабақтарының белсенді түрі болып табылады жəне олар бейнеконференциялар көмегімен жүргізіледі. Олар пікірталасқа оның дамуының кез келген жерінде кіруіне мүмкіндік береді жəне бұдан бұрынғы айтылған сөздерді оқып, бірнеше қадам артқа қайта оралады. Оқытушы материалдың меңгерілуін пікірталасқа қатысушының белсенділік дəрежесі бойынша бағалай алады. Студенттер арасында өзара бірлесіп жұмыс істеу саны артады, ал оқытушы тең құқылы əріптес ретінде көрінеді.
Білім алушының оқу материалын теориялық жəне практикалық меңгеру нəтижелерін тексеру кезіндегі бақылауда ол өзіне берілген тапсырманы орындай білді жəне тестік бақылаудан лайықты өтуіне сай бағаланады деген шешім қабылданады. Тест ережесі пəн бойынша кеңейтілген сұрақтар тізімін қамтиды, сондай-ақ олардың əрбіреуіне бірнеше жауаптар нұсқасы ұсынылады. Студент осы нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауы керек. Қашықтан оқыту зертханалық жұмыстар материалды тəжірибенің меңгерілуі үшін беріледі. Дəстүрлі білім беру жүйесінде зертханалық жұмыстар келесілерді талап етеді: арнаулы жабдықтар, макеттер, имитаторлар (бірдеңені мүмкіндігінше дəл қайталайтын аспап), тренажерлер, химиялық реактивтер жəне т.б. Қашықтан оқыту жүйесінің келешекте мультимедиалық технологиялар, жетілдірілген технологиялар, имитациялық үлгілеулер жəне т.б. қолдану есебінен зертханалық практикумдарды жүргізу міндеттерін қысқартуға маңызды мүмкіндігі болады. Білім алушыларға карапайым жағдайда көрсетуге өте күрделі немесе мүлде мүмкін емес құбылыстарды виртуалды шындықта көрсететін мүмкіндігі бар. Қашықтан оқыту кеңестері пəні өз бетімен оқып-үйренуге білім алушыларға жетекшілік жұмысын жасау жəне оларға көмек көрсету түрлерінің бірі болып табылады. Бұл мақсаттарда телефон жəне электронды пошта, сонымен бірге телекоммуникациялар қолданылады.
Оқу белгілерінің электронды басылымы қағаз басылымының барлық ерекшеліктеріне ие бола отырып, одан елеулі айырмашылықтары мен артықшылықтары да бар. Атап айтқанда: компьютер жадында немесе дискетада сақтау ықшамдылығы; гипермəтіндік мүмкіндіктері; бейімділігі; таралымы; өзгеулер мен толықтыруларды жылдам енгізудің мүмкіндігі; электронды пошта бойынша жіберудің ыңғайлылығы. Бұл — пəн бойынша дидактикалық, əдістемелік жəне ақпараттық-анықтама материалдарын өзіне енгізген, сонымен бірге білімді бақылау жəне өз бетімен алу үшін оны кешенді қолдануға əсері болатын бағдарламамен қамтамасыз етілген автоматтандырылған оқыту жүйесі.
Қашықтықтан оқытудағы білім беру үрдісінде кең түрде қолданылатын оқу белгілерінің бағдарламалық құралдары болатын компьютерлік оқыту келесі түрдегі жағдайларды туғызады [5]: оқыту үрдісін саралау жəне даралау; компьютердегі көп еңбек сіңіруді қажет ететін есептеулер есебінен оқыту; көзбен шолу оқу ақпаратына демонстрация жасау; білім алушы қателері диагностикасы жəне кері байланысын тексеру; оқу-танымдық іс-əрекетіне өзіндік түзетулерді қамтамасыз ету; құбылыстар мен процестерді үлгілеу жəне болжау; қолайлы шешімдерді қабылдауда іскерлік таныту; ойын жағдайларын қолданып, оқу үрдісіне қызығушылығын арттыру; эксперимент пен тəжірибелерді, зертханалық жұмыстарды виртуалды шындық жағдайында жүргізу; танымдық мəдениетін жəне т.б. жеткізе білу.
Аудио-, бейне оқу материалдары жəне т.б. магниттік тасымалдауштарда жазылады, білім алушыға үнтаспаның, бейне үнтаспалар немесе CD-ROM лазерлі жинақ-дисктердің көмегімен берілуі керек. Компьютерлік желілер — байланыс каналдарымен қосылған əр алуан түрлі ақпараттар мен компьютерлер жиынтығын қамтитын оқыту құралдары. Қашықтан оқыту кең қолданылатын интегралды құрал ғаламдық желі Интернет болып табылады [6].
Қашықтан оқыту технологиясы — оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-əрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту кез келген білім саласында ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданылуына ықпал етеді. Қашықтан оқыту — ақпараттық технологияларды, яғни компьютер, Интернет желісі мен телекоммуникация құралдарын тікелей пайдалануға негізделген білім алудың индивидуалды түрі. Қашықтан оқыту жүйесінде қолданылатын техникалық құралдары мен технологияларына байланысты қазіргі уақытта төрт модельге бөлуге болатынын анықтады. Олар: кейс технологиялық моделі, корреспонденттік оқыту, радиотелевизиялық модель, желілік оқыту.
Қашықтан білім беру — жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиалық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі жəне сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген түрі.
Қоғам арасында қашықтан оқыту жүйесіне байланысты əр түрлі пікірлер қалыптасқан. Көпшілік халықтың пікірінше, қашықтан оқыту жүйесі бойынша алған білімнің дəстүрлі жүйеде оқи отырып меңгерген білімнен сапа жағынан төмен болатындығын алға тартады. Классикалық жүйеде студент оқытушымен жүзбе жүз кездесе отырып, жеке сауалдарын қанағаттандыру үшін оқытушымен тəжірибе бөлісуге толықтай мүмкіндігі бар. Студенттің классикалық оқу жүйесінде зертханалық аудиторияларда химия, физика сияқты пəндерден жасалатын зертханалық жұмыстардан қашықтан оқу жүйесінде оқитын студенттің тыс қалатыны да белгілі. Классикалық оқу жүйесі, əрине, қолданылу аясы кең алдыңғы басымдылықтағы оқыту жүйесі. Алайда қашықтан оқыту жүйесі де қазіргі ақпараттандыру мен автоматтандыру кезеңінде заман ағынына сай жүйе болып табылады.
ТМД білім нарығында дəстүрлі түрде күндізгі, сырттай жəне кешкі білім алу формасын негіздеді. Алайда соңғы жылдары бұл білім формаларын қашықтықтан оқыту жүйесі қыспаққа алып келеді. Қашықтықтан оқыту барлық классикалық білім беру нұсқаларында технологиялар көмегімен оқыту түрінде енгізіліп жүр. Қашықтан білім беру жүйесіне өтуде бірінші жағдайда білім алушы мен оқытушының аумақтық орналасуына байланысты «өркениеттің ауысуы» деп атауға болады. Əлемде білім алушылардың қашықтан оқыту жүйесін таңдауда көбіне қақтығысатын негізгі себептер: аралас мамандықтырды меңгеру, еңбек нарығындағы жоғары бəсекелестік, кəсіптік өсудің үзіліссіздігі жəне еңбектің əсерлілігін арттыру қажетттілігі.
Қорыта айтқанда, қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыруға қажетті инновациялық құралдар қамтамасыз етілуі жағынан жоғары деңгейде болса, ұйымдастырылу сапасы да сəйкесінше жоғары болады: білім алушылар үшін оқу-əдістемелік жəне оқу-əкімшілік ақпараттарынан тұратын беттері бар білім беру Интернет-порталының; телекоммуникациялық желіге шығатын (Интернет, спутниктік теледидар) жабдықтардың; əр түрлі терминалдардың: мультимедиалық сыныптардың, электронды оқу залдарының; CD, DVD дискілеріне арналған оқу контентінің (жекеменшік немесе сатып алынған); желілік оқу мультимедиаконтентінің (жекеменшік жəне сатып алынған); тиісті дайындықтан өткен профессорлық-оқытушылық, оқу-көмекші жəне техникалық персоналдардың; жекеменшік контентін (локалдық жəне желілік) құру үшін мультимедиа зертханаларының; желілік тестілеу кешендерінің; оқытуды басқарудың желілік жүйелерінің (Learning Management Systems — LMS); оқыту контентін басқару жүйелерінің (Learning Content Management Systems — LCMS) бар болуы қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың қажетті шарттары болып табылады.
Сонымен, қашықтықтан оқыту — адамның білім жəне ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Еліміздің оқу орындары практикасына енгізілген əрі кең қолдау тапқан қашықтықтан оқыту технологиясы инновациялық технологияларды даму қарқыны артқан сайын өзінің мəнін аша түспек.
Əдебиеттер тізімі
- Пятибратов А.П. Вычислительные системы, сети и телекоммуникации. — М.: Финансы и статистика, — 509 с.
- Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ережесі. — — 24 желт. [ЭР]. Қосылу режимі: http://www.edu.gov.kz/index.php?id=498&type=98
- Челлис Дж., Перкинс Ч., Стриб М. Основы построения сетей: Учеб. руководство для специалистов MCSE. — Лори.
- Филимонов А.Ю. Протоколы Интернета. — СПб.: БХВ-Петербург, 2003. — 528 с.; ил.
- Додд А.З. Мир телекоммуникаций. Обзор технологий и отрасли // Олимп-Бизнес.
- Мамаев М. Телекоммуникационные технологии. — Владивосток, 1999.