Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

12 жылдық мектеп деңгейінде бейінді оқытуды жүзеге асыруда педагогикалық мамандар даярлау мəселелері

Ұлт мектебінің моделінің өзегі — егеменді еліміздің жас ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, білімді интеллектуалдық деңгейі биік, жан-жақты жетілген азамат етіп тəрбиелеу.

Мемлекеттік білім саясаты, ең алдымен, мектептер арқылы жүзеге асырылатыны айдан анық. Мұғалімнің маман ретіндегі басты міндеті — рухы мықты, жан дүниесі бай жан-жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру. Жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, олардың өзіне деген сенімін қалыптастыру, болашағын болжау мүмкіндігін жасау, өзін-өзі тану əдіс-тəсілдерін үйрету — ұстаздар қауымының негізгі міндеті.

Білім беруде өзекті болып отырған мəселенің бірі — болашақ педагог мамандарды бейіндік оқыту бағдарламасының бағыты бойынша дайындау. Білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау жəне даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру негізінде бейінді оқытудың теориялық қағидаларын талдау.

Қазақстан Республикасында бейіндік оқыту жалпы білім беретін мектептің 10–11 сыныптарында жүзеге асырылады, сондықтан білім берудің осы сатысын «бейіндік мектеп» деп атауға толық негіз бар. Бейіндік мектеп бейіндік оқытуды іске асыратын оқытудың институционалдық формасы болып табылады.

ҚР Білім жəне ғылым министрлігі жəне Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы Қазақстан Республикасында Бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасын дайындап ұсынды. Аталған Тұжырымдама Шетел практикасының бейіндік оқыту тенденциялары, Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тəжірибесі, 12 жылдық білім беру моделіндегі бейіндік оқытудың ұйымдастыру мақсаты мен басшылыққа алу ережесі, Бейіндік оқытудың білім беру мазмұны, Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың мүмкіншілік түрлері, Бейіналды даярлығы, Орта білім жүйесіндегі жалпы орта білім беру, Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды дамыту тұжырымдамасын іске асыру процесін басқару тарауларынан тұрады. Яғни осы Тұжырымдаманы негізге ала отырып, жалпы орта мектептердегі жоғары сыныптарға бейіндік оқыту бағдарламасына сəйкес білім беруге болады деп айтуымызға толық негіз бар.

Бейінді-бағдарлы оқыту дегеніміз — оқушылардың қызығушылық бағытының, қабілетінің дамуына жағдай жасайтын жəне олардың келешекте ие болуға тиісті кəсібіне бейімделуді қамтамасыз ету.

Қоғам дамуының қазіргі кезеңі адам қызметінің негізгі құралы техника мен технологиялық үдеріске бағыныштылығымен ерекшеленеді. Сондықтан да болашақ мамандарды инновациялық тұрғыда даярлау проблемасы аса назар аударуды талап етеді. Болашақ маман пəнді жақсы білумен қатар, технологиялық-құзыреттілік əдістемесін жете меңгеруі тиіс.

Баланы жасынан еңбекке тəрбиелеу адам қоғамымен тығыз байланысты. Тіптен жазу-сызу болмаған тайпалық дəуірдің өзінде өз ұрпағын өмірге бейімдеп тəрбиелеу, оларды отбасында еңбекке, қол өнерге, аңшылыққа үйрету дəстүрі халық өмірінен өзекті орын алған.

Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев жəне басқалары өз зерттеулерінде баланың ішкі əлеміне көңіл бөлу қажеттілігі мен оқуға деген талпынысын қалыптастыруға бағыттау, шығармашылық қызығушылыққа, тəрбиелеу туралы қорытындылар жасайды.

Ғалымдар бұл мəселені шеше отырып, мектеп жұмысының практикасында теориялық қорытындыларды іске асыруға талпынуы өте маңызды. Оқу-тəрбие процесін тереңдету сұрақтарына арналған еңбектер үлкен теориялық жəне практикалық мəні бар.

Білім беру қызметі саласында мамандардың кəсіптік біліктілігін арттыру жəне қайта даярлау үздіксіз үрдіс болып табылады. Білімділікті арттырудың үздіксіздігі ұлт мектебінің 12 жылдық білім деңгейіне көшу үдерісіңде ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тəжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау еңбек нарығында бəсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылармен мамандар даярлау, олардың біліктілігін артыруды қамтамасыз етеді.

Жалпы білімнің басты үш міндетті бар, олар: баланың өзіндік жалпы дамуын, жан-жақты дүниетануын қамтамасыз ету жəне оны болашақ белгілі бір кəсіпке даярлау. Осы үш міндеттің ішінде қоғамдық даму күрделенген сайын баланы жастай алдағы кəсіпке бағдарлай əзірлеу — ең көкейкесті мəселеге айналып отыр. Кəсіптік бағдар беру жұмысының алғашқы басшысы отбасы тəлім- тəрбиесінен басталып, одан мектеп, мектептен тыс мекемелер, кəсіпорын шаруашылықпен ұштасып жатыр.

Педагогика ғылымда кəсіптік бағдар берудің қоғамның əлеуметтік-экономикалық қажеттілігіне, оқушының кəсіптік мұратына, бейімділігіне, іскерлігіне, психикалық жəне күш-қуатына сай мамандықты дұрыс таңдап алу мектептің педагогикалық ұжымы, үйірме, кəсіптік оқу орында, ұжымдары, өндірістік ұжымдары, жұртшылықтың іс-əрекеттері деп үндеседі.

Алайда оқушыларға кəсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырумен үйлестіруші қатарына мектептен тыс мекемелерде жататынын ескерген жөн. Осы орайда қосымша білім беру ұйымдары (мектептен тыс мекемелер) қызметтің маңызы ерекше екенін атап өтуге болады.

Кəсіптік білім берудің мəні мен мазмұны, оқушылардың кəсіптік бағдарын қалыптастыру жан- жақты зерттелген десек те, қоғамның жаңаруы, нарықтық экономиканың өмірге дендеп енуі, жаңа реформалар мен саяси жүйенің өзгеруі оқушыларға кəсіптік бағдар беруде жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауды талап етіп отыр.

Индустриалды-инновациялық даму талабына сай білім мен ғылым техника салаларындағы өзгерістер жоғары оқу орнында маман даярлау мəселесіне бəсекелестік жаңа көзқарасты талап етеді. Бəсекелестік нарықтық еңбек қатынасының барлық салаларын қамти отырып, тұлғаның кəсіптік əрекеттегі қабілеттерімен, бейімділіктерімен ғана өлшенбейді. Сондықтан нарықтық экономика жағдайындағы кəсіптік бағдар беру оқушылардың кəсіби дайындығы, жарамдылығы негізінде олардың рухани тұрғыдан жан-жақты даумын жəне дара психологиялық ерекшеліктерін біле отырып жүргізуге тиістіміз.

Мемлекеттің негізгі стратегиялық басымдылықтарының бірі — бəсекеге қабілетті мамандар даярлау. Бəсекеге қабілеттілік жəне тұлғаның еңбекке қабілеттілігінен, кəсіби бейімділігінен еліміз үшін пайдалы кəсіби əрекетінің шынайы көрісінен туындайтын манызды мəселе.

Бəсекеге қабілеттілік тек қана кəсібилік емес, сонымен қатар жеке тұлғалық компоненттермен де анықталады, яғни жеке адамның қонымды, тұрақты қасиеттерінің жиынтығымен, мінезімен, кəсіби іс-əрекеттiк қызмет істей алатын қабілеттері жəне жағдайымен тұлғаның бəсекеге қабілеттілігі интегративті параметрлерімен сипатталады.

Өз кəсібін дұрыс таңдай білген оқушы оған əр уақытта шығармашылықпен, жауапкершілікпен қарап, қабілеті мен бейімділігі белгілі бір кəсіп саласына сай қалыптасқанда ғана сапалы маман болатыны белгілі жайт.

Кəсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған мектеп мұғалдерінің технологтардың, дəрігерлердің, инженер-педагогтердің, жанұяның, еңбек ұжымдарының бірлескен іс-əрекеті. Кəсіби бағдар беру оқушыларды мамандықтар əлемінде олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптардың өз бойындағы қасиеттермен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму мəдениеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігіне тəрбиелеуді қажет етеді. Кəсіби бағдар беру жүйесі қазіргі таңда жастарды өз бетінше кəсіби үйренуде ғылыми-теориялық жəне практикалық қабілеттерін, ел экономикасындағы қажеттілікпен ұштастыру болып отыр.

Кəсіби бағдар мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі.

Алайда бейінді оқыту мəселесі мектептегі жалпы білім беретін пəндер деңгейінде, сыныптан тыс жəне мектептен тыс жұмыстарда белсендіру мəселесі жеткіліксіз зерттелген.

Халықтың тұрмыс жағдайының жоғарылауы, үдемелі индустриалды-инновациялық даму жағдайындағы өндірістің техника-технологиялық үдерісінің жетілуі жастарға маман ретінде жаңа талап қояды, яғни білім берудің заманауи тенденциясын анықтауды қажет етеді.

Осыған байланысты жоғары оқу орнында оқу-тəрбие үрдісінде студенттердің шығармашылық өзін-өзі жетілдіру əрекетін белсендіру мəселесі ерекше орын алып отыр.

Педагогика ғылымы оқу əдістемесін əрқашан ұрпақ тəрбиесінің білім беру жүйесінде өмірмен байланысты оқыту мен тəрбиелеудің маңызды əдістерінің бірі ретінде қарастырады жəне оның үлкен мүмкіндіктерін адамды жан-жақты дамыту тəрбиесінде кеңінен қолдануды ұсынады. Қазіргі кезде оқыту əдістемесін жетілдіру педагогтарға күрделі міндеттерді шешуге көмектесуде.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңынан туындайтын міндеттерді орындау білім жүйесін үздіксіз дамыту арқылы оқытудың мазмұнын байытуды көздейді. Бұл ретте жоғары оқу орнындағы тəрбие мен жалпы орта білім беретін мектептердің атқарар жұмыстары ауқымды жəне сапалы көзқарасты талап етеді.

Жалпы орта білім жүйесінің іргетасы — ол жалпы алғанда ұлттың білімділік деңгейін анықтайды жəне жеткіншектерді өмірге тəрбиелейді, олардың жеке басы жəне қоғам мүддесі үшін өз əрекетін іске асыруға мүмкіндік береді. Жалпы білім берудің басты міндеттері:

  • оқушының өзін қоршаған, өзі сүрген жаңа табиғи жəне əлеуметтік ортаға үйренуін, онда жаңа əлеуметтік мəртебе — оқушы мəртебесінің қалыптасуын;
  • оқу, ойын, еңбек, қарым-қатынас т.б. сияқты əрекет түрлерін қажетті деңгейде меңгеруін;
  • айналадағы дүниемен дара тұлғаның қатынасының қалыптасып, эстетикалық, адамгершілік нормаларын меңгеруін;
  • білімін əрі    қарай    жалғастыруға   дайындығын   сипаттайтын   белгілі   бір    деңгейдегі эрудициясының болуын қамтамасыз етуі тиіс.

Осы жоғары оқу орнының жəне жалпы білім берудің басты міндеттерін орындауға бағытталған ғылыми-теориялық құжаттар: оқытудың жалпы міндетті мемлекеттік стандарты, оқу бағдарламалары, оқулық, оқу-əдістемелік құралдар болып табылады.

Бұл құжаттар оқытудың мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруды көрсететін, білім берудің стратегиялық бағыттарының тактикалық шешілу жолдарын нақтылы көрсететін біртұтас əдістемелік жүйе. Оқушыларды қажетті біліммен жəне танымдық, əрекет əдіс-тəсілдерімен қаруландырудың көзі, яғни, білім беру стандарты елімізде əр жасөспірімнің ұлтына, дініне, əлеуметтік жағдайына қарамастан, жалпы білім алуына тең құқығын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік білім стандарты əр пəн бойынша əрбір оқушының білім алу дəрежесіне қол жетуін көздейді.

Философияда танымдық қызығушылыққа тұлғаның əлеуметтік өзара байланыстылық себептестігінің қасиеті жатады. Баланың танымдық, шығармашылық қабілетін қалыптастыру қызығушылықтың дамуы оған қоршаған ортаның əсер етуімен, оқытумен, тəрбиелеумен жəне оның жеке белсенділігіне байланысты. Мектеп оқушылары білім, біліктілік, дағдыны əлеуметтік тəжірибені түсіну үрдісінде жəне ұйымдастырылған педагогикалық əсер ету арқылы қабылдайды.

Философиялық жəне əлеуметтік зерттеулерде қалыптастыру қоғамдық сананың объективті жəне субъективті диалектикалық бірлігі, адамның шынайы өмір сүру жағдайы, əрекетіне негізделген.

Көненің ойшылдары адамның қоғамдық жеке дара əрекетін, олардың əлеуметтік көзқарас тұрғысынан түсіндіруге əрекет жасады. Аристотель, Сократтың өзі-ақ адамның өмір сүруінің алғышарты, жекелеген адамның қылығының жəне қоғамның дамуының біртұтастығы екенін айтып өтті.

Оқушылардың қалыптастыру табиғаты адамның сезімталдығымен, тұлғаның ұстаушылығымен келісіледі деп түсінді. Ғалым былай деп есептеді, егер физикалық дүние қозғалыс заңына бағынатын болса, онда рухани дүниенің қалыптастыру, қызығушылыққа бағыныштылығы, онымен пара-пар деп есептеді.

Көне ойшылдардың қалыптастыру теориясының маңызы жөніндегі көзқарастары, жаңаша зерттеулердің көптеген эксперименттік жиынтықтарын басып озды жəне қызығушылық психологиясы мен педагогикалық теориясына бастама жасады. Я.А.Коменскийге дейін мінез-құлық қызығушылықтың қозғаушы күші ретінде ешкім қарастырмады. «Ұлы дидактиканың» авторы алғаш рет қалыптастыру білімге ұмтылудағы мүмкіндік туғызатын эмоционалды түрленген, ықылас ретінде қарастырды. И.Г.Песталоццийдің пайым дауында қалыптастыру қоршаған ортаны сезім арқылы қабылдау жəне оқушы ойлауын арасын байланыстырушы тізбек ретінде алға шығады.

Сезім арқылы ойлау мүмкіншілігін жетілдіріп, ал ойлау қабілеті сезім арқылы қабылдауды байытады. Бұл байланыс баланың өз мүмкіншілігін терең ұғынуына, сезінуіне жəрдемдеседі. Дегенмен, зерттеулерде айтылғандай, қалыптастырудың табиғи тұрғыдан өздігінен дамудың бастауы ретінде қарауды адамның тұлға болып қалыптасуындағы бұл феноменнің қозғаушы көздерін ашу, қызығушылықтың маңызын анықтау деп түсіндірді.

Ғалымдар еңбектерінде қалыптастыру деп кез келген тірі əрекеттің қажетті жағдайы, материалдық əр түрлі қоздырушы жəне басқа да педагогикалық тəсілдері айтылған. Бұл тарихи кезеңнің зерттеулерінде оқымыстылардың қалыптастыру деген көзқарасы практикалық идеалистік түрде болды. Қызығушылық оқытудың маңызды факторы ретінде қарастырылып, оның философиялық, психологиялық мəнін ашуға назар аударылды.

Əлеуметтік талдау жасау жолымен осы байланыстарды қоғамдағы қызығушылықты анықтап, əр топқа мінездеме беру тұлғаның əрекетін еңбекшілердің қызығушылығымен байланыстырып, еңбекпен рахаттануда деп бағалады. Қызығушылық əрекетінің маңызды аспектісі жекелеген адамның іс-əрекетінің жандандырушы күші жəне қоғамның біртұтас бөлігі.

Шығыстың ғұлама ғалымы Əбу Насыр əл Фараби табиғат зерттеушісі, кемеңгер, психолог- педагог адамды оқу-білім, тəлім-тəрбие, ізгілік қасиеттерге баулу үшін оны қоршаған дүниені, табиғат құбылыстарын танып-білуге баулу керек деп тұжырымдайды. Жалпы қауым өзі қоршаған ортаны, табиғат пен қоғамдағы өзгерістерді тұлға өз басындағы құбылыстарды түсінуге əрекет жасап, өз танымымен кеңейтіп отырған. Табиғи таным ұрпақтан ұрпаққа беріліп, жетіліп, дамып отырған [1].

Жүсіп Баласағұнидің педагогикалық көзқарастарында ұлттық дүниетанымнан бастау алу, табиғатты, ата-ананы, орман-тоғайды, өзен-суды, табиғаттың тылсым тынысын тыңдап, сол табиғаттың бөлшегіндей сезіну, ардақтау, дəстүрін қалыптастыру адамның имандылық деңгейінің өлшемі деп есептелінеді [2].

Объективті қалыптастыру қоғамдағы процестердің қозғаушы күші бола алады; оларды адамдар сезінуі тиіс, ал субъективті қалыптастыру ізденуді қажет етеді. Қызығушылықтың пайда болуымен қоғам өмірінің қозғаушы күші тұлғаның қызығушылық проблемасы алшақ емес. Субъективті қызығушылық таным қызығушылығының проблемасын түсінуге көптеген теориялық ережелер, нұсқаулар мазмұнын қалыптастыруға əсер етеді. Сонымен бірге қызығушылық пен қажеттіліктің арақатынасын, қызығушылық қажеттілікпен бірге табиғи байланысып қарастырылады; ал қажеттілік қызығушылықтың пайда болу мазмұны мен бағытын ескереді.

Сонымен қатар философиялық тұрғыда бейінді оқытуға қажеттілік қалыптастыру қоғамдық өмірдің объективті фактісі ретінде түсіндіріледі, нақты бейінді оқыту заңды шарттармен анықталатын қоғамның жəне жеке тұлға дамуының мықты қозғаушы күші болып табылады.

Мəселеге қоғамдық ортаның тигізетін əсерін бекіту, танымдық жəне өсіп келе жатқан азаматтың əлеуметтік белсенділігі ретінде қарастыруды талап етеді. Балалардың ой-өрісін, білімін қалыптастыру, олардың табиғатқа жақын екенін ескеріп жаратылыстану ғылымдарымен, кітаппен, жер жағдайымен, табиғатпен, еңбекпен таныстыру арқылы дамыту керек екені мəлім.

Шығармашылық қабілетін қалыптастыруға үлкен мəн бере отырып, оны баланың дамуының қозғаушы күші ретінде, баланың рухани туа пайда болған қызығушылығы мен ақыл-ойдың дарындылығы деп қарау керек. Бұл ғалымдардың пікірімен келісе отырып, шығармашылық қабілетін қалыптастыру əрекетінен тыс қарастыратын құбылыс емес, қалыптастыру теориясын дамыта отырып, шығармашылықтың педагогикалық аспектісіне жеке тоқталуды қажет деген тұжырым жасаймыз.

Жаңаша дидактикада шығармашылық қабілетін қалыптастыру физиология мен психология жетістігін ескере отырып, оқыту процесінде баланың оқып-үйрену проблемасын, жан-жақты тұлға ретінде дамуының қажеттілігін шешеді.

Сыртқы дүниенің əр алуандығы адам іс-əрекетінде əр түрлі шығармашылық қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік тудырады, яғни оны түсіндіру жəне анықтау да əр түрлі əдісті кажет етеді. Шығармашылық қабілетін қалыптастыру бөліп ала отырып, оны таным ядросымен байланысты ойлаудың шындыққа жақындығы белгілі. Шығармашылық қабілетін қалыптастыру мəселесінде басты орынды психологтар оқушының таным қажеттілігіне саяды. Яғни кез келген шығармашылық қабілетін қалыптастырудың қайнар көзі, танымдық қажеттілік болып саналады.

Қажеттілік — адам өмірінің жүйке-психологиялық компонентінің маңызды құралы. Шығармашылық қажеттілік не қызығушылықты оқушының танымдық белсенділігінің жағдайы ретінде қарастыра ортырып, оның таным қажеттілігін қалыптастыру проблемасын тұлға проблемасымен ұштастырып, бұл проблеманы əр түрлі ғалымдардың жұмысын талдау арқылы ашу көзделеді.

Таным теориясы проблемасын шешуде үлкен маңызға ие жұмыстар, танымдық қажеттілік пен қызығушылыққа байланысты. Бұл Р.М.Қоянбаев, Ж.Əбиев өз еңбектерінде таным қызығушылығы мен қажеттілігін өзара байланысты зерттелген. Танымдық қызығушылық проблемасын əсерлі- логикалық, яғни, баланың ішкі табиғатын қажетті жағдайлардағы, əсіресе тəрбиелеу, оның жекелеген тəжірибесін қалыптастыру жағдайында қарастырады.

Нақты қажеттіліктің қамтамасыз етілуіне байланысты бұл маңыздылықтың негізгі дəлелі болып саналады, яғни əрекетке талпыну. Бұл маңыздылықтың негізгі дəлелі болып саналады, яғни əрекетке талаптану.

Білімде танымдық қажеттілікті тəрбиелеу-танымдық белсенділікті дамыту шарты ретінде қажеттілік өлшемдерін білу маңызды. Осы тұрғыда мектеп оқушыларының білімге қажеттілігін дамыту диагностикасының əдістері мен білімге деген қажеттіліктің келесі критерийлері берілген.

Қызығушылықтың əр даму кезеңіне сай, бұл бейінді оқыту əр түрлі деңгейде болады. Мектептің бастауыш сатысында сезім компоненті, жасөспірім кезеңінде – танымдық, ал мектептің жоғарғы сатысында іс-əрекетке тікелей байланысты себеп, жасөспірімді өзі қызығатын жұмыспен айналысуға жетелейтін, əдетте əлеуметтік себепке тікелей байланысты. Қызығушылықты эмоционалды- танымдық қарым-қатынас түрінде анықтады. Күрделі психикалық процестің маңызды бөлігі танымдық қызығушылық деп пайымдады. Танымдық қызығушылық оқу əрекетіне, білім алуға, ғылымға деген қызығушылық, яғни, ол адамды белсенді танымға ұмтылуға мəжбүр етеді деп бағалады.

Танымдық қызығушылық, күрделі психикалық процестің маңызды саласы ретінде, оқу əрекетіне, білім алуға, ғылымға адамды таныуға белсенді ұмтылуын, олардың іске асырылуына тəсіл мен құрал іздеуге мəжбүр етеді.

Ж.Аймауытов келесі танымдық қызығушылықтың түрлерін бөліп көрсетті [3]:

  1. Қызықтылық — жете түсіну əрекеттілігінің ең төменгі деңгейі. Бұл қызығушылық заттың əсерлі, айқындалған, жаңаша нəтижесінде пайда болады жəне тұрақсыз бөлінеді.
  2. Қызығушылық — бір жақты, кездейсоқ нақты фактілерге қызығушылық, олардың өзара байланысынсыз.
  3. Қызығушылық — жинақталған, кең, затқа деген біртұтас қызығушылықпен сипатталады.
  4. Қызығушылық — арнайы жеке, жете түсінудің жоғары деңгейі.
  5. Қызығушылықтың бұйымның жаңалығының сезімге айқын əсері.
  6. Белгілі фактілердің өзара байланысына жеке жəне тығыз қызығушылық.
  7. Бұйымға жалпы қызығушылық білдіру.
  8. Жеке тереңдетілген арнайы қызығушылық.

Танымдық қызығушылықтың жоғарыда айтылған ерекшеліктері балада ерте жəне анық сезіледі басқа да себептерді жандандырып, дамудың ішкі ортасын құрады, танымдық əрекеттің мəнді өтілуіне жəне нəтижеге əсер етеді. Қызығушылықтың дамуы мектептегі оқу мен тəрбие үрдісінің жетілуіне мəнді əсер етеді. Сондықтан жоғары дəрежелі маңызға ие қызығушылықтың дамуының ең маңыздысы деп кеңейтілген, күрделенген адамның қоршаған дүние шындығына қарым-қатынасын айтады.

Педагогикалық оқулықтарда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру келесі анықтамалармен толықтырады: адамның таңдауға бағыттылығы, оның ойлары, ықылас, ниеті, ойлау жəне эмоционалдық белсенділікті көрсету, баланың əр түрлі сезімдері мен өзіндік сезімталдығы, іс əрекетпен, заттармен айналысу, əрекет процесі тенденциясы, эмоционалды еріктік жəне тенденция интеллектуалдық процестер, адамның көтеріңкі белсенділік əрекетін көтеретін, қажеттіліктен тұратын құрылым, дүниеге белсенді танымдық эмоционалды танымдық қарым-қатынас.

Тұрақты орнықты қызығушылық жан-жақтылыққа ие бола отырып, мұғалім көрнекілігі түрінде көрсетіледі. Мұғалімнің алдына қойған міндетті көрнекі түрде ұжыммен, педагогикалық міндеттерді атқарады.

Дамыған қабілеттер — тұрақты білімге, кəсіпке қызығушылықтың белсенді жəне тура байланысқан ынталандыру барысында қалыптасады, бұл жағдайда қызығушылық белсенді, кең, терең болуы керек. Бұл жерде мұғалім тек білім беріп қана қоймай, қажет біліктілікті жан-жақты дамыту арқылы дағдыға дейін жеткізу керек. Өз борышын сезіну жəне мойындау — бұл мұғалімге тəрбие саласы бойынша үлкен жауапкершілік жүктейді. Осының бəрі тұрақты қызығушылықтың жан-жақтылығын анықтайды жəне басқа да қызығушылық əдістемесін қамтиды.

Сондықтан тұрақты қызығушылықты қалыптастыру əр түрлі ғылымдардың берілуінде, сонымен қатар əдістемелік үйірмелер жəне факультативтік жұмыстарда маңызды міндет болып саналады.

Мұғалімнің əңгімесі мен көрсеткен суреті балаға эмоционалдық əсерлену бере алмайды, егер ертедегі адамдардың құралдарымен танысу сияқты, бала өзі осы құралды өзі тауып алса, тəжірибе көрсеткендей, оқушының көне заттар дүниесімен танысуы, оның зерттеулері танымдық көкжиектерін кеңейтеді, құндылық қалыптастырады, баланың қалыптасу көзқарасын тереңдетеді. Екі-үш аптаның бос уақытында өлкенің тарихын тануға, бір рет болса да археологиялық ескерткіштердің қазу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінсе, практика көрсеткендей, оқушылардың тарихқа деген қызығушылығы артады. Ең алдымен ол өлке тарихына, аз мөлшерде қалған тарихқа таралады.

Психологтар қызығушылықты жеке тұлғаның затқа тікелей өзіне қажет құндылыққа сай қатынасын, адам қызығушылығының мазмұны мен сипаты оның себебі мен қажеттілігінің құрылымы мен өсуіне, сонымен қатар заттың өзіне тəн ақиқаттығының мəдени формасы мен құралының сипатына байланысты деп түсіндіреді. Бала даму процесінде ынталылық сферасын қалыптастыру, сол сияқты меңгеру, əдістер мен құралдарды жетілдіру алғашқы баланың есепсіз, еріксіз жəне үзінді- жағдайдағы қызығушылығын, саналы, ерікті жəне тұрақты қызығушылыққа айналдырады.

Қызығушылықтың мəнін түсіну, мағынасын аша түсу, өзінше ерікті қажеттілікке айналуы мүмкін. Мақсатты қызығушылықты қалыптастыру оқыту жəне тəрбиелеу практикасында маңызы зор. Психологтар мен социологтардың «қызығушылық» түсінігіне берген анықтамасын сипаттай келе, қызығушылықта объективті жəне субъективті дүние арасындағы байланыс бар, кейбір социологтар бұл байланысты қызығушылықтың объективті сипатымен жəне оның адам санасында қалыптасуымен, ал психологтар қызығушылықты объективті жəне субъективті дүние арасындағы байланыстырушы звено деп қарайтынын айтып, «қызығушылық оқу əрекетінің ынтасының бірі оның жалпы бағытын анықтайды» дейді. Қызығушылық, оқу іс-əрекетін ынталандырушы құралдың біреуі  болып, оның жалпы бағытын анықтайды. Оның ерекшелігінің өзі танымдық қызығушылықты, оқытудың ынтасы ретінде қарастырылады. Оқушының ерте сезінуін жəне оқушының эмоционалдық сферасына жақын келеді.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру оқытудың күшті құралы ретінде көрінеді. Осыған байланысты қалыптастыру проблемасы көтеріледі. Осы жерде қарама-қарсы көзқарастар көп қалыптастыру қызығушылықтың қарапайым деңгейі, күшті əсер нəтижесінде пайда болған жəне сыртқы тарапына назар аударады дейді. Бұл қызығушылық тұрақсыз жаңа əсермен ығыстырылып, ұмытылып кетуі мүмкін.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру кейбір талаптарға жауап беру керек: біріншіден, оқушының зейінін сұрақтың қойылымына аударып, ойын жауап іздеуге аудару керек; екіншіден, елестету, қиялдау əрекеті мен алған білімді үйлесімді қолдана білуді талап ету; үшіншіден, қызықты сұраққа жауап беру үшін жеткілікті жан-жақты білім керек.

Дүниені танып-білудің жолы, білмеуден білуге қарай, білімін үнемі жетілдіру арқылы, толық білімге қарай өту екені мəлім. Таным процесі айналадағы шындық дүниені сезім мүшелері арқылы тікелей бейнелендіруден, сөйтіп нақты білім алудан басталады. Бұл сезімдік таным деп аталады. Адамды сыртқы дүниемен тікелей байланыстыратын бұл сезімдік таным шындық дүние жайындағы біздің біліміміздің қайнар көзі. Сезімдік таным үш негізгі формада іске асады, олар: түйсік, қабылдау жəне елестету. Сезімдік танымның үш формасы нəрселердің сыртқы бейнесін ғана бейнелендіреді. Алайда адам мұндай көрнекі бейнемен, нақты біліммен ғана шектеле алмайды. Ол жеке көрнекі бейнелерді жалпылап, нəрселердің ішкі қасиеттерін, мəнін танып-білуге, табиғат пен қоғамның заңдарын ашуға тырысады. Ал бұл абстрактылы ойлау арқылы ғана іске асады.

Білім арқылы адам өзінің дүниетанымдық ауқымын кеңейтіп толықтырады. Білімді күнделікті қолдана білмесе, ол ешкімге жарамсыз бос дүние болып болып шығады. Ғылым, білімнің үнемі өсуі, жаңаруы, адам еңбегіне де жаңалық енгізіп əлеуметтік жағынан үнемі жаңарып, түрленіп дамып отыруын талап етеді. Педагогика ғылымындағы «дамыта оқыту», «дамыта тəрбиелеу» деген терминдердің мəні осы талапқа байланысты туған.

Оқыту мен тəрбиелеу практикасында танымдық қызығушылықтың міндеті — оқушының оқуға ынтасын қалыптастыру. Сабақтағы оқушының танымдық қызығушылығының дамуын қарастыра отыра, біз оқу қызығушылығы мен таным қызығушылығының түсініктерін анықтауымыз керек.

Оқуға қызығушылық сол білім төңірегінде танымдық қызығушылықтың қалыптасуына əсер етеді, екі түсінік балама емес, əрқайсысы өз орнында пайдаланылады.

Мектептегі білім беру танымдық, дамыту жəне тəрбиелеу функцияларымен қатар, балаға қоршаған орта шындығы туралы білім беру, ғылыми танымның əдістерімен қаруландыру, тұлғаға қажетті қасиеттер қалыптастырумен қатар, психологиялық функция іске асыру керек, яғни баланың оқу материалына оң көзқарасын қалыптастыру, білім мазмұнына бейінді қызығушылығын жəне оны ұғыну қажеттілігін түсіндіру.

Соңғы жылдары көптеген педагогтар оқушыны оқытқанда оларды өздерінің ішкі дүниесіне үңіліп, ішкі сезімдерімен санасу керек деген ұсыныс айтады, яғни білімнің балаға қаншалықты маңыздылығы мен қажеттілігін олардың бағалай ала білуін ескеру.

Жеке тұлғаны қалыптастыру дегеніміз — оны мəдениетке үйрету, білім, білік, қарым-қатынас ережелерін, əлеуметтік тəжірибені меңгерту. Ұлттық көркемөнермен, əдебиетпен, ғылыммен айналыстыру, адамгершілік құндылықтар жүйесін ұғына білуге, сөйтіп жеке бастың тəжірибесін үздіксіз байытып отыруға себін тигізу. Оқушы тұлғасын қалыптастыру жəне дамыту барысында оларды ұлттық мəдениет, аймақтық ерекшелікті ескеріп, дамытуға қажетті барлық жағдайды назарда ұстау қажет.

Абай Құнанбаев адамның танымдық қасиеттерінің табиғатын ғылыми материалистік тұрғыдан түсіндіреді. Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығы туралы ол: «Ақыл, ғылым — бұлар кəсіби», — дейді. Сыртқы дүниенің адамның сезім мүшелеріне əр түрлі сипатта əсер ететінін жəне олардың танымдық құбылыстармен, дəлірек айтқанда, ойлау, елестету, ұғым сияқты түйсіктермен байланысты екенін айтады [4].

Өз заманына сай ғылыми көзқарастарға ие болған ағартушы Шəкəрім Құдайбердіұлы адамның психикалық қызметінің табиғатын ашқанда, таным үрдістерінің табиғаты, түп-тамырын жəне «Біз əр нəрсені денедегі сезімімізбен білеміз. Мұқым барлықтың бəрі жаралыс жолмен еріксіз бар болып жатқанын көріп, біліп тұрамыз. Тəн сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек, мұрын иіс, тіл дəмнен хабар бермек. Бесеуінен мидағы ой хабар алып, жақсы, жаман, əр істі сол тексермек», — дейді [5].

Канттың айтуынша, сыртқы дүние біздің сезім мүшелерімізге əсер ете отырып, көптеген түйсіктер жинақтаған материалдар мен фактілердің пайда болуына жол ашады. Бірақ олар тек құбылыстарды, заттарды тудырады. Олар əлі де білімге əкелмейді. Ал бұл құбылыстарды білу — адамның ойлау қызметінің жемісі. Ендеше таным туралы ғылым, ол ең алдымен — ойлау туралы логика. Ойлау мəні дегеніміз — пайымдау процесіндегі бірнеше ұғым, пікір, ойқорытынды сияқты ойлау формаларына тəн қажетті, ішкі, мəнді байланыстар.

Бүгін Қазақстан жоғарғы мектебінде, 12 жылдық мектеп деңгейінде бейінді оқытуды жүзеге асыруда маман даярлау жүйесі алдында, студенттердің саяси білім негіздерін жетілдіру қажеттілігі, оларды өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін білуге тəрбиелеу, сондай-ақ сыни ойлау мен азаматтық көзқарастарын қалыптастыру сияқты қажетті мəселелер тұр.

Азаматтық сана əлемтанушылық көзқарас, ниет тазалығы, еңбексүйгіштік, дене шыңдалуынын жетілуі оқушыларға мектеп қабырғасында беріледі. Бұған қоса, өскелең ұрпақтың парасаты биік əрі жан-жақты сауатты, жауапкершілік сезімі қалыптасқан болуы үшін жəне олардың Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу сияқты қасиеттерді бойларына сіңіру мақсатында Қазақстан мектептерінде кешенді шаралар жүргізілуі тиіс.

Соңғы жылдары мектеп оқушысының шығармашылық белсенділігін көтеру, оның білім мазмұнына, оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында білім берудің жедел, тиімді жолдарын іздестіру басталды. Осыған байланысты оқушының шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында материалдарды өңдеу, қолданбалы қолөнерді пайдалану маңызын зерттеген жөн деп есептейміз.

Мектептегі барлық мұғалімнің міндеті баланың шығармашылыққа білетін дамыту, айналадағы дүниеге əр түрлі ғылымға қызығушылығын арттыру арқылы бейінді оқуға даярлау болып табылады. Əр түрлі жағдайларға байланысты бұл міндет мектеп сабақтарында ғана емес, оқушының жекелеген жұмыс процесінде факультативтік сабақтар, үйірмелерде, оқушылардың басқа да мектептен тыс жұмыстарында ұйымдастырылады.

Біздің ойымызша, жаңаша ұлттық мектепте еліміздің индустриалды-инновациялық даму саясатына сəйкес əрбір аймақтың өнеркəсіп даму ерекшелігін ескеріп, кешенді бағдарламалар жасау — педагогтардың басты міндеті. Бұл жерде біз нақты мектеп пəнін, сонымен қатар таңдау пəндерін, оқушыларды туған өлкенің материалдық, рухани, эстетикалық құндылықтарымен таныстыруға бағытталған технология сабағын жəне сабақтан тыс əрекеттерден тұратын педагогикалық жүйені айтамыз.

 

 

Əдебиеттер тiзімі

  1. Құл-Мұхаммед. М. Əл-Фараби: тарих, тұлға, уақыт. — Алматы: Аруина, 2006. — 95 б.
  2. Əбікəрімұлы Б. Жүсіп Баласағұни педагогикасы. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008. — 86 б.
  3. Аймауытов Ж. Таңдаулы шығармалары. — Алматы: Атамұра, 2005. — 265 б.
  4. Құнанбаев А. Өлең — сөздің патшасы. — Алматы: Дəуір, 2006. — 565 б.
  5. Қалиев С. Этнопедагогика: Оқулық. — Астана: Фолиант, 2007. — 397 б.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.