Оқушылардың танымдық белсенділігі өз бетінше білім алуға ұмытылысынан көрінеді, алған білімдерін шығармашылық негізде пайдалану дағдысын нығайтады, қалаған мамандығын саналы таңдауға ықпал етеді. Педагогика ғылымы оқушылардың танымдық іс-əрекетін ұйымдастырудың түрлі амалдарын біледі, соның ішінде ең тиімдісі пəнаралық байланыстарды жүзеге асыру болып есептеледі.
Еңбек технологиясына оқытудағы пəнаралық байланыстарының дидактикалық функциясы негізінен еңбек операцияларын саналы түрде игеруге, еңбек құралдары əрекетінің ғылыми негіздерін (қағидаларын) меңгеруге, ғылым негіздері бойынша сабақтарда алынған теориялық білімдерді нақтылауға бағытталған. Дегенімен, ғылым негіздерімен еңбек технологиясына оқыту байланысының бұл функциясы дене еңбегі мен ой еңбектің бірігу себебінен барынша терең нəтижелерге ие болады.
«Қолдың епті қимылы ерекше қызметтер атқыратын дене еңбегі мен ой еңбегінің тоғысуы арқылы оқушыларда дайын білімді тұтынушы ретінде емес, оны шығармашылық, зерттеушілік негізінде пайдалана алады» [1].
Ғылым негіздерімен еңбекті оқытудың пəнаралық байланысы оқушылардың теориялық білімдерін шынайы фактілермен, еңбек үрдісі құбылыстарымен қатынастыруға жетелейді, ал бұл объективті шындықтың қарастырылатын жақтарының тəуелділіктері мен себеп-салдарлық байланыстарын пайымдап, іздену дағдыларының қалыптасуына жол ашады.
Қарастырылған байланыстар оқушыларды рухани тəрбиелеуде де маңызды роль атқарады, өйткені теория мен практиканы байланыстыру негізінде оқушыларда тұлғалық сапа ретінде еңбектену дағдысы мен еңбек сүйгіштіктің қалыптасуы үшін қолайлы алғышарттар жасалады.
Ғылым негіздері бойынша білімді игеру базасында еңбек тапсырмаларының ғылыми негіздерін ұғуы оқушылардың ойлау кеңістігін үлғайтады, ал ол өз кезегінде берілген тапсырмаларды орындауды қызықты етеді. Мұнда еңбек білім көзі ретінде, оқушылардың танымдық қабілеттің қалыптасуына ықпал ететін қозғаушы күш болып табылады. Осының барлығы еңбек технологиясы бойынша өткізілетін сабақтың шығармашылық жақтарының күшеюіне жол ашып, еңбектің өмірлік қажеттілік болуының маңызды шарты болып табылады, ал мұндай қажеттілік еңбекке деген рухани қатынастың қалыптасуына мүмкіндік жасайды.
Оқушылардың ғылым негіздері бойынша технологиялық үрдістердің жекелеген жақтарының мəнін ұғуы еңбек тапсырмаларын шешудегі жетістікті қамтамасыз етеді. Бұл тек осымен ғана шектеп қойылмайды. Мұнда адам білімі екі бөліктен — тікелей тəжірибеге негізделген жəне жанама тəжірибе мəліметтерінен қалыптасатындығы туралы теорияның белгілі қағидасын еске түсіреді. Тікелей тəжірибе мəліметтері дегеніміз — бұл адамның кітап пен басқада ақпарат көздерінен алған емес, практика үрдісінде зерттелетін заттармен жəне құбылыстармен тікелей жанасу жолымен алған білімдері мен əсерлері. Өкінішке орай, білімнің бұл маңызды көзін еңбек технологиясы сабақтарында хабарланатын ақпаратты бекітудің дидактикалық құралы ретінде біржақты түрде қарастырылатынын көптеген педагогтар əлі күнге дейін тиісінше бағаламай келеді.
Өндірістегі еңбек əрекетінде оқушылар бірдей мақсаттар үшін түрлі материалдардың ұқсас қасиеттерін, мысалы: қаттылықты, серпімділікті, пластикалықты, жылуөткізгіштікті, электрөткізгіштікті жəне т.б. қолданады. Осы қасиеттер еңбек үрдісінде белгілі роль атқаратындықтан, олар оқушының ойлау үрдісінде өзіндік көрініс нысандары болып табылады.
Оқушының өндірістік жұмыс көлемі қаншалықты ауқымды болып, еңбек тапсырмаларын орындау үшін ол табиғат заңдары мен заттардың қаншалықты сан алуан қасиеттерін қолданса, оның теориялық білімдерді қолдану облысы мен қорытындылауы да соншалықты кең əрі бай болмақ. Оқушы жалпыны — жалқы түрде, ал жалқыны жалпы түрде көруді үйренеді; құбылыстардағы маңызды бөліктерді бөліп алуға дағдыланады. Осының салдарынан өндірістік практиканың əрбір жаңа жетістігімен оның дүниетанымы кеңейіп, ал танымдық мүмкіндіктері жоғары дəрежеде ұлғаяды.
Еңбек технологиясына оқытудың ғылым негіздерімен байланысы оқушыларға еңбек үрдісінің ғылым негіздері ретінде қолданылатын барлық ұғымдар мен заңдылықтарды беру мүмкіндігін қарастырмайды. Иə, мұнда қажеттіліктер де жоқ. Дегенмен оқушылардың оқу пəнінен оқу үрдісінде алған ғылыми білімдері қолданбалы болып, мүмкіндігінше өмірде, еңбекте, материалдық өндіріс саласында қолданылуына мүмкіндік жасайды.
Мектеп тəжірибесі көрсеткендей, білімді қолдану мүмкіндігі көптеген факторларға тəуелді. Ол мұғалімнің түсіндірген ұғымның, заңның қолданылу аясының қаншалықты шебер көрсеткеніне, тек көрсеткеніне емес, сонымен бірге осы заңдарды қолдануды үйреткеніне, оқушылар еңбегін дұрыс басқаруына, оқу материалы мен еңбек мазмұнына байланысты болады. Мысалы, оқушылар материалдарды өңдеу кезінде беріктік ұғымдарымен, деформация құбылыстарымен танысады. Осы факторларға деген саналы қатынас пен оларды практикалық əрекетте есепке алу оқушылардан химия курсынан алатын, денелердің кристалдық құрылысы жөніндегі білімін талап етеді немесе ауылдық мектепте оқушылар практикада топырақтың жеміс берушілігін анықтау қажеттігімен кездеседі, олар мұны топырақта жүретін химиялық, микробиологиялық жəне физикалық үрдістер туралы білімдерді топтастыруды қажет етеді.
Теориялық байланыстар мүмкіндігі оны жүзеге асырудың ерекшеліктеріне байланысты болады. Өндірістің техникалық жағы табиғат заңдылықтарына негізделген үрдістер жиынтығы түрінде болады. Сондықтан оқушылардың теориялық байланыстарды ұтымды іске асыруының алғышарты болып мектеп пəндерін өтуде пəнаралық байланыстарды орнату болып табылады. Бұл технологияны жүзеге асыру үшін оларды игеру арнайы технологиялық тақырыптар бойынша жүзеге асатын өзіндік арнайы заңдылық байланыстарын жасайды. Физика, химия, биология, машинатану жəне электротехника бойынша жүйеленген білімдерді қолданған жағдайда технологиялық үрдістер негізін меңгеру ұтымды түрде іске асады. Демек, оқушылардың еңбек технологиясына оқуы мен өнімді еңбегінің ғылым негіздерімен байланысы оқушылардың білімі мен практикалық дайындық сапасын жетілдірудің маңызды шарты болып табылады.
Осы басты мəселелерді шешу мақсатында біздің елімізде жалпыға міндетті орта білім беретін мектептердегі барлық оқылатын пəндер бойынша бағдарламалар жəне оқу құралдарын белгілі уақытта жаңартып отыру жүзеге асырылады. Мұның барлығы ондағы мектеп оқушыларының негізгі ғылыми заңдылықтарды меңгеру, шығармашылық ойлануды дамыту, ғылыми дүниетанымда қалыптастыру үшін нақты бір маңызға ие болмайтын ескірген, болмашы бағдарламаларды есептен шығару үшін жасалынып жатады.
Бірақ жалпыға міндетті орта білімді жетілдіру, ғылыми-техникалық прогресс талаптарына сəйкестендіру мəселелерін негізгі тұжырымдамалармен теориялар жəне заңдар шеңберіндегі оқу материалын ұйымдастырумен ғана шешіледі деп ойласақ, қате болады. Сонымен қатар оқу əдістерін маңызды түрде жетілдіру талаптары бар, соның ішінде жаратылыстану пəндері бойынша білім беруді қамтамасыз ететін оқыту əдістері төмендегі бағыттармен сипатталады:
а) оқушылардың жаңа білімді жылдам қабылдауын жəне меңгеруін, жүзеге асыру қабілеттілігін дамыту əдістері;
ə) іс-тəжірибелік қабілеттіліктер мен дағдыларға жылдам ие болуға ынталандыру əдістері; б) тұтас оқытудың тəжірибелік, дамытушылық ролін жетілдіру əдістері;
в) мектеп оқушыларының білімге өз бетімен ынталану қаблетін жəне оларды кеңінен пайдалану қасиетіне ие болатын оңтайландырып оқыту əдістері. Бұл əдістерді пайдалану нəтижесі оқушылардың мəліметтерді бақылау, тəжірибе жасу, жинақтау, өңдеу жəне топтастыру; анықтамалық материалмен, əдебиеттік білім көзімен жұмыс істеуді үйрену; математикалық əдістерді қолдануды үйрену, менгеріп жатқан заңдарды, құбылыстар мен теориялық модульдерді жүзеге асыруды үйренуге баулиды.
Оқушыларды бейіндік бағыттар бойынша дайындаудың нəтижелігін арттыруда пəнаралық байланыстардың рөлі жəне оның тиімділігі орасан зор екендігін көптеген педагогикалық зерттеулерде дəлелдеген. Біздің зерттеуіміз көрсетіп отырғандай, пəнаралық байланысты кешенді түрде қарастыруға болады. Олар:
- Меңгерілуге тиісті оқу материалының мазмұны бойынша пəнаралық байланыстарды жүзеге асыру: берілген пəн бойынша білімді тереңірек меңгеру үшін, өндірістік жəне өмірлік тəжірибе мен оқушылардың басқа пəндердегі білімдерін қолдану; əр түрлі пəндердегі меңгерілуге тиісті ұқсас құбылыстар мен үрдістерді түсіну үшін қолданылатын заңдар мен теориялардың бірлігі; əр түрлі пəндер бойынша меңгеру материалдарын ұтымды таңдау; əр түрлі пəндерден алынған білім мен ептілікті кешенді қолдану.
- Жалпы оқу ептіліктерінің оқушыларда қалыптасуын жүзеге асырудағы пəнаралық байланыстар: əр түрлі пəндердегі меңгерілетін құбылыстардың үрдістерін түсіндіру ұқсастығының бірлігі; іс-əрекетті жоспарлау ептілігі; ой мүмкінділігінің ептілігі; кітаппен жұмыс істеу ептілігі; ұйымдастырушылық ептілігі.
- Əдістер мен оқу құралдары бойынша пəнаралық байланыстарды жүзеге асыру: əр түрлі пəндер бойынша оқу жұмыстарының əдістері мен əдістемелік тəсілдерінің үйлесімділігі; əр түрлі пəндерді меңгеру кезіндегі оқу құралдары мен оларды қолдану тəсілдерінің үйлесімділігі.
- Оқушыларды жан-жақты дамуының əдістері мен құралдары бойынша пəнаралық байланыстарды жүзеге асыру: əр пəннің дүниетанымдық сапасын ашу; өмірмен, іс-тəжірибемен байланыс; оқушылардың оқу еңбегіне шығармашылық қатынасын, өзбетіншелігі мен танымдық белсенділігін дамыту; барлық пəндер тарапынан оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптар бірлігі; оқушылардың ұжымдалуын, қарым-қатынасын, өзара көмек көрсетуін дамыту; мұғалімдер мен оқу шеберлерінің үлгілілігі.
Жалпы білімнің оқушылардың еңбек технологиясына оқуы жəне өңімді еңбегімен байланысы оларды өндірістегі еңбекке дайындаудың маңызды бөлімі болып табылады, өйткені ол өндірістің ғылыми негіздерін игеруді қамтамасыз етіп, ақыл-ой ұшқырлығы мен өзіндік əрекетті дамытады. Түрлі оқу пəндері бойынша білімдер байланысы тек заманауи өндірістің ғылыми негіздерін тану үшін ғана емес, сонымен бірге оқушылардың еңбек тапсырмаларын, зертханалық, практикалық жəне өндірістік жұмыстарды саналы түрде орындаулары үшін де қажеттілік болып табылады.
Еңбек технологиясына оқытудың ғылым негіздерімен пəнаралық байланысты жүзеге асыру мүмкіндігі келесі жағдайлармен анықталады:
- түрлі оқу пəндерінде бірдей мазмұндағы тақырыптар бар (физика, еңбек технологиясына оқыту жəне басқа пəндер мазмұнындағы электротехникалық білімдер);
- түрлі оқу пəні курсында өтілетін ұғымдар мен заңдар мектепте оқылатын басқа пəнінің мазмұнын меңгеру үшін база болып табылса, ал жинақталған қаныққан білім техника мен технологияның ғылыми негізін (физика мен еңбекті оқыту курсындағы электрлік құбылыстар, қатты дене қасиеттері) ұғыну мүмкіндігін береді;
- оқу пəнінің жекелеген тақырыптары басқа оқу пəндерін оқу кезінде қолдану мен суреттеу үшін бай материал береді (токарлық станокты меңгеру кезінде математика, химия, физика жəне т.б. курстарының оқу материалы қолданылады);
- оқушылар бір оқу пəндерінде танысатын ғылыми əдістер басқа ғылым фактілерінің ұғымдарын қарастыру кезінде, сонымен қатар өндірісті танып білуде қолданылады.
Көрсетілген бағыттар бойынша ғылым негіздері мен еңбекті оқыту фактілері жəне ұғымдары арасындағы байланыстарды дұрыс жүзеге асыру үшін алдын ала ойластырылған дидактикалық құралдар мен тəсілдер қажет. Қарастырылушы байланыстардың нақты мазмұны мектеп пəнінің оқу материалына, оның оқу жылдары мен өту уақыты бойынша орналасуына байланысты [2].
Пəнаралық байланыстарды іске асыру мұғалім тарапынан қажырлы ой еңбегі мен іс-əрекетті, оның аралас ғылымдарды зерттеу əдістері мен заңдарын білуді талап етеді. Ол кейде сəтсіздіктерге де ұшырауы мүмкін, өйткені мектеп бағдарламаларының кейбір бөлімдері ғылымның өзара байланысқан құбылыстары мен ұғымдарын өту кезінде өзара жеткіліксіз түрде қабысуы мүмкін. Сонымен, оқушылар құрал-жабдықтардың физикалық негізі болып табылатын физика курсындағы сыналарды өтуден бұрын, еңбекті оқыту сабақтарында кескіш аспаптармен біршама бұрын кездеседі. Мұндай көрініс электротехникалық білімдер бойынша да көрініс береді. Мысалы, кейде қолжетімді, бірақ оқушылар үшін бейтаныс математикалық аппаратты қажет ететін есептік тапсырмаларды шешуге тура келеді. Сонымен қатар басқа оқу пəндерімен мүмкін байланыстағы əрбір тақырыптан соң физика, еңбек технологиясына оқыту жəне тағы басқа пəндері бойынша бағдарламалардағы нұсқаулықтар пəнаралық байланыстарды барынша тиімді іске асыруға жол ашады. Осылайша, пəнаралық байланыстар өтілетін материалды терең де, жан-жақты меңгерудің қажетті шарты болып табылады. Дегенмен, осы байланыстардың маңызы мұнымен аяқталмайды. Төменде келтірілген байланыста олардың маңыздылығының басқа да бағыттары көрсетілген.
Еңбек технологиясына оқытудың ғылым негіздерімен байланысының мазмұнында дүниетанымдық сипаттағы кейбір маңызды жақтар көрініс беруі мүмкін. Оларға төмендегілер жатады:
- табиғатты қорғау мазмұнындағы түрлі мəселелер мен түсініктерді, техникалық қондырғыларды, өндірістің технологиялық үрдістері мен өңдеудегі қолданбалы қатынастарын көрсету;
- табиғатты игерудегі, түрлі қуат көздерін қолдану, техникалық жабдықтаудағы қоғам жетістіктерін пайдалану, сонымен қатар ғылыми-техникалық жəне əлеуметтік прогрестің мазмұны мен сипатын көрсету;
- «адам–машина», «адам–техника», «адам–табиғат», «тұлға–еңбек ұжымы» жүйелеріндегі қатынастар динамикасын көрсету;
- оқыту мазмұнына үш: жалпы (жалпы техникалық, халық шаруашылығы), ерекше (қолданбалы техникалық, салалық) жəне жеке (кəсіби) деңгейдегі ғылыми-техникалық, экономикалық жəне басқа да ұғымдарды енгізу;
- еңбек технологиясына оқыту мазмұнында (техникалық нысандар мен түрлі технологиялық үрдістердегі ғылымның кешенді əрекетін көрсету үшін) жаратылыстану ғылыми жəне қоғамдық-экономикалық пəндермен пəнаралық байланыстарды өрнектеу;
- еңбекті оқыту құралдарымен жалпы ғылыми білімдерді, жалпы мəдени дағдыларды қалыптастыру;
- құбылыстар мен нысандарды жіктеу жəне жүйелеу, өтілетін пəндер мазмұнында жалпы мен жекені, негізгі мен қосымшаны бөліп көрсету.
Осылайша, ғылым негіздерімен еңбек технологиясына оқытудың пəнаралық байланыстарының негізгі бағыттарын жүзеге асыру оқушыларда заманауи өндіріс туралы политехникалық түсініктердің қалыптасуын күшейту мүмкіндігін береді.
Əдебиеттер тізімі
- Атутов П.Р., Поляков В.Н. Роль трудового обучения в политехническом образовании школьников. — М.: Просвещение, 1995. — 215 c.
- Еремкин А.И. Система межпредметных связей в выщей школе. — Харків: Вища шк., 1984. — 186 c.