Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шетел тілдерін оқытуда жобалар əдісін қолдану арқылы студенттердің шығармашылығын дамыту

Қоғамның жəне ғылыми-білім беру сферасының «адамдық факторға» қайта бағдарлануына жəне білім берудегі гуманистік парадигмаға көшуіне байланысты басты құндылық болып өмірдің өзгермелі шарттарына бейімделе алатын еркін, білімді жəне ұтқыр тұлға саналады. Осыған байланысты қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында жас ұрпақтың интеллектуалды жəне рухани-адамгершілік дамуына жəне əр білім алушының өз бетімен білім алу, тəрбиелену, өздігімен дамуындағы қажеттіліктердің тəрбиесіне арналған шарттармен байланысты міндеттер тұр.

Президент Н.Ə.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлттың бəсекелесу қабілеті бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталады» [1], — деп көрсеткен, сонымен қатар «халықаралық білім беру стандартының қамтамасыз етілуіне бағытталған жəне еңбек нарығының келешегі мен серпініне сəйкес келетін кəсіби қайта дайындық» [2] мемлекеттік саясатының жүргізілуінің қажеттілігі туралы ойды қозғайды.

Оқудағы жеке бағытталған амал дəстүрлі, негізделген, ең бастысы, дайын білімді игеру мен жаңғыртуға балама ретінде пайда болды. Қоғамның қазіргі замандағы кезеңінде болып жатқан, бүгінгі күннің талаптарын ескеретін білім берудегі эволюциялық үрдіс сыныптық-оқу жүйесінде бастапқы мақсат əр білім алушының бар мүмкіншіліктері мен дамуының жеке ерекшеліктерін қосып алғанда білімді пассивті түрде игеруден өздігінен, белсенді, танымдық іс-əрекетке көшуін білдіреді. Бұл іс-əрекет əрқашан сабақ жүйесіне жатқызыла бермейді.

Ф.С.Шлехтидің пайымдауынша [3], мектептің (жоғарғы оқу орнының) бағдарлаларының негізгі курсын сəтті меңгеретін білім алушылар өздерінің білімдерін таныс жағдайларда қолдануды үйренеді, дипломдарын алады, бірақ ақпаратпен өздігімен жұмыс істей алмайды, XXI ғасырдың ақпараттық қоғамындағы жетістікке сене алмайды.

Болашақ мыңжылдықта өндірістен кейінгі қоғамда өмір сүретін жəне еңбек ететін қазіргі заманғы мектеп пен жоғарғы оқу орнының түлектері тұлғаның мынадай сапаларына ие болу керек:

  • өздігімен қажетті білімді ала отырып, ол білімді əр түрлі мəселелерді шешу үшін тəжірибеде қолданып, өмір бойы өз орнын таба алу мүмкіндігін иелену үшін өзгермелі өмірлік жағдайларға икемді болу;
  • өздігімен сыни ойлау, шыни əлемде болатын қиындықтарды көре алу жəне қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыру; алынған білім қоршаған ақиқатта қайда жəне қалай қолданылуы мүмкін екендігін нақты жете түсіну; жаңа идеяларды туындатуға қабілетті болу, шығармашылық түрде ойлау;
  • ақпаратпен сауатты жұмыс жасай алу: талдау жасай алу, мəселені шешудің болжамын алға жылжыту, қажетті жалпылаулар жасау, қарастырудың ұқсас жəне баламалы нұсқаларымен салыстыру, дəлелді қорытындылар жасау жəне олардың негізінде жаңа мəселелерді анықтау жəне шешу;
  • əр түрлі əлеуметтік топтарда жанасқыш, түйіспелі болу, қақтығыс жағдайлардың алдын ала отырып жəне олардан шеберлікпен шыға отырып, əр түрлі салада бірлесе жұмыс жасай алу;
  • өзінің адамгершілік, ақыл-ой, мəдени деңгейі бойынша өздігімен еңбек ету;
  • өзін-өзі жетілдіру жəне рефлексивті өзін-өзі бағалау үшін ішкі қажеттіліктер мен қабілеттіліктерге ие болу [4].

Айтылып көрсетілгендей, жеке бағытталған білім берудің маңызды категориясы болып өз іс- əрекетінің субъектісі ретінде оқушы тұлғасы жатады.

Субъектілік былайша анықталады: «Тұлғаның өздігінен, тəуелсіз бастауға, басқаруға, іс-əрекет үрдісінде іс-əрекеттің бағасына жəне тұлғаның жеке дара анықталуына деген қабілеттілік» [5, 6].

Жеке бағытталған білім беру концепциясының аясында оқу-танымдық іс-əрекеті тұлғалық білім нəтижесінің жасалуына бағытталған жəне шығармашылық танымдық іс-əрекеттің нақты технологияларына негізделген, сонымен қатар тұлғаның осы əрекетті белсенді жəне саналы басқару, оның үрдісі мен қорытындысы үшін жауапкершілікті ала отырып, тəжірибе жинай келе, өз іс-əрекетін қадағалау, конструктивті жəне шығармашылық түрде білім беру ортасымен жəне осы іс-əрекеттің субъектлерімен өзара қатынаста болу.

Жаңашыл педагогикалық технологиялардың көп түрлілігі ішінде халықаралық білім беру жүйесінде кең тараған, сонымен қатар жеке білім берудің принциптері мен мазмұнына сəйкес келетін жобалар əдісі ерекше қызығушылықты танытады. Оның ерекшелігі болып оқу-танымдық үрдісінің субъектілерінің шығармашылық, дербес іс-əрекетінің жетілуі, сонымен қатар төмендегідей талаптарда көрсетілген əлеуметтік факторлардың есебі табылады:

  • білім алушыларға білімнің тек қана мына немесе өзге жиынтығын беру қажеттілігі емес, оларды осы білімді өздігімен алуға үйрету жəне алынған білімді жаңа танымдық жəне тəжірибелік міндеттерді шешу үшін қолдану;
  • білім алушылардың коммуникативтік дағдыларының жетілуінің маңыздылығы, олардың түрлі əлеуметтік рольдерді орындай келе əр түрлі топтарда жұмыс істей алуы;
  • кең ауқымды адамдық қатынастардың көкейкестігі, əр түрлі мəдениеттермен жəне бір мəселе төңірегіндегі əр түрлі көзқарастармен танысу;
  • əр түрлі жолдардан қажетті ақпаратты жинау жəне талдау, болжамдарды алға жылжыту, түйіндер мен қорытындылар жасау сияқты білім алушылардың зерттеу біліктілігінің жетілуінің маңыздылығы.

Сонымен, жобалық əдістеменің мəні мынада: сабақтың мақсаты жəне оған қол жеткізудің əдістері білім алушылардың қызығушылықтарының, жеке ерекшеліктерінің, қажеттіліктерінің, дəлелдерінің, қабілеттіліктерінің негізінде анықталуы қажет. Осы себептен жобалық əдістеме негізінде жатқан жеке бағытталған білім алу оқытушы-оқушы, субъект-объект қарым-қатынасының дəстүрлі жүйесінің субъект–субъект теңсеріктес оқу ынтымақтастығы жүйесіне өзгеруін көздейді.

Жүйелік технология білім алушының өз оқу-танымдық іс-əрекетін осы іс-əрекеттің субъектісі ретінде қарқындатуға, оның танымдық əлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл білім алушының шығармашылық дамуына жағдай жасайды, оқу іс-əрекетінің нағыз нəтижелі тұсын жəне білім беру үрдісінің нəтижелілігін қамтамасыз етеді.

Бұл технология оқу үрдісі кезіндегі топтағы білім алушылардың қарым-қатынас идеясына жəне тек қана жеке емес оқу тапсырмаларын шешу үшін коллективті жауапкершілікті мойнына алатын өзара білім алу (cooperative learning) идеясына негізделген бір-біріне көмектесуді бастайды, əрбіреуінің табысқа жетуіне жауапты болады.

Оқу іс-əрекетінің ұжымдық субъектісінің жобалық технологияны қолдану үрдісіндегі көкейкестілік білім алушының оқу тобында қарым-қатынас жасай алатын жəне жеке басына əрі оқу тобына жауапты бола алатын дербес, əлеуметтік-белсенді тұлға сияқты қажетті сапаларының дамуына жағдай жасайды, ал бұл өз кезегінде тұлғаның əлеуметтенуі үшін, білім алушының іскерлік белсенділігінің дамуы үшін жағдай жасайды.

Жобалық əдістер, бір жағынан, оқудың жолдарын, түрлі əдістердің қолданылуын, басқа жағынан, ғылыми, техникалық, технологиялық, шығармашылық салалар бойынша білімінің бірігуін қарастыратын қандай да бір мəселені шешуді көздейді. Орындалатын жобалардың қорытындылары «айтарлықтай» болуы керек, яғни, егер бұл теоретикалық мəселе болса, онда оның нақты шешімі, ал егер тəжірибелік болса — онда нақты қорытынды енгізілуге дайын болу керек.

Шетел тілін оқытуда жобалар əдісі оқу іс-əрекетінің күрделі түрі болып саналады, ол белгілі конструктивті-тəжірибелік, ақпараттық, зерттеу жəне басқа да мəселелер мен шығармашылық тапсырмаларды шешу мақсатында шетел сөйлеу қатынасының əр түрлі түрлерін біріктіреді.

Осы тұрғыда, бір жағынан, оқытылып отырған шетел тілі білім алушының білім алу, ақпараттық, конструктивті-шығармашылық іс-əрекетінің жолдары ретінде роль атқарса, екінші жағынан, жобаны жасау үрдісінде жəне бір мезгілде оқытылып отырған тілдің тікелей қолданылуындағы əр түрлі аспектілерде меңгерілуі жүзеге асады.

Шетел тілін оқыт өрісіндегі жобалық технология білім беру немесе əлеуметтік мəдени іс- əрекеттің түпнұсқаға бара бар жағдайындағы жеке білім беру нəтижесінің білім алушымен жасалуына негізделген жəне соған бағытталған. Осыған орай жобалық жұмыс білім алушыны шетел тілін шынайы қолдану жағдайына əкеледі, шетел тілін оқып-үйренудің мақсаттары мен мүмкіншіліктерін ұғынуына жағдай жасайды жəне продуктивті шығармашылық іс-əрекет барысында шетел тілін меңгеру үрдісін қосып алады.

Жобалық іс-əрекеттің соңғы нəтижесінің сипаты бойынша шетел тілін оқу аясында келесі жоба түрлерін корсетуге болады:

  1. Конструктивті-шығармашылық жобалар — Construction and Practical Projects, мысалға, коллаж, күнделікті бақылау, «Ойлап тапқан ойындар» жəне оның суреттелуі.
  2. Ойын-рольдік жобалар — Roles and Games projects, мысалға, ойындардың ойналуы, өз пьесасын жазу жəне қою.
  3. Ақпараттық жəне зерттеу жобалар — Information and Research Project, мысалға «Ағылшын тілі жəне оның қолданылуы халықаралық қатынас тілі ретінде», «Аймақтың немесе қандай да бір елдің оқытылуы».
  4. Əлеуметтік зерттеудің нақты жобалары — Survey projects, мысалға, «Америка жəне Британия мəдениетінің менің елімдегі өмір көрінісіне əсері», «Шетел азаматтарының менің еліме деген қатынасы», «Менің елімде, менің қаламда ағылшын тілінің қолданылуы», «Тəуекел топтары».
  5. Баспа жобалары   —    Production   Projects,   мысалға,   «Менің   сыныбымның   портреті»,«Радиобағдарлама», «Мектеп қабырға газеті».
  1. Көрініс жобалар — Performance and Organizational projects, мысалға, «Кездесу клубының ұйымдастырылуы», «Ағылшын тілінің жəне мəдениеттің кеші», «Ток-шоу».
  2. Шығармашылық жұмыстар — Creative works, мысалға, еркін əдеби шығарма (ертегі, əңгіме, комикс жəне т.б.), шығарманың туған тілге əдеби аудармасы.

Жоғарыда көрсетілгендей, шетел тілі бойынша жобалық жұмыс білім алушылардың жоба іс- əрекетінің оқу-ғылыми үрдісіндегі жарысына емес, өзара қатынасқа, ынтымақтастыққа, өзара көмекке негізделген. Барлық оқу тобының өзара іс-əрекеті, кеңесшілігі жəне өзара жауапкершілігі жобалық оқу іс-əрекетінің қатысушыларының субъектілік қатынастарының негізі болып саналады. Субъектілік қатынастардың жүйесінде жобалық технологияларды қолдануда оқытушының ролі өзгереді. Оқытушы жобалық-ғылыми ұжымның мүшелерінің бірі болып, аз топта идеялардың, ақпараттың, кеңесшінің көзі ретінде əр түрлі əлеуметтік рольдерді қабылдайды. Ол да басқа жобалық топтардың мүшелері сияқты өзара іс-əрекет, ынтымақтастық, өзара көмек жүйесіне енеді жəне оқу- жобалық іс-əрекеті үшін жалпы жауапкершілікке ие болады.

Шетел тілі аясында міндетті шарт болып, оқу-жобалық іс-əрекетінің жылжымалы күші болып белгілі соңғы нəтиже жетістігіне бағытталған мəселелік-ізденістік, ғылыми тапсырмаларының бекітілуі жатады. Бұл нəтиженің сипаты жобалық жұмыстың түрін де білдіреді (ақпараттық-ғылыми, нақты-тəжірибелік, ойын, баспалық, шығармашылық-көріністік немесе аралас). Оқу-жобалық іс- əрекеттің мəселелік, ізденістік, ғылыми, шығармашылық сипаты білім алушылардың ғылыми- ізденістік іс-əрекеті жүйесін меңгеруіне, білім алушының шығармашылық потенциалының ашылуы мен жүзеге асуына, оның шығармашылығының дамуына, сонымен қоса шетел тілін биресми түрде (ресми-құрылымдық іс-əрекетімен салыстырғанда) меңгеруге жағдай жасайды.

Шетел тілі бойынша жобалық жұмыстың мазмұны білім алушының жеке мағыналы, танымдық ынтасына бағытталған жəне пікірталас барысында білім алушылардың өзімен жəне жобалық топтың барлық қатысушыларының шынайы қажеттіліктері мен қызығушылықтарын есепке алумен анықталады.

Жеке мағыналы мотивацияға арналған бағыт, жоғарыда аталғандай, тұлғаның өздігінен жүзеге асуына жағдай жасайды, «Мен-концепциялары» тұлғаның қоршаған əлемдегі өз орнын түсінуін, өз мүмкіншіліктерін дұрыс бағалау қабілеттілігін жəне қойылған мақсаттардың орындалуының мүмкіндігін болжау шеберлігін, оларға қол жеткізудің дұрыс жолдарын таңдауды қамтамасыз етеді.

Шетел тілі бойынша жобалық жұмыс шетел тілін шынайы мəдениаралық қатынас жағдайларында əр түрлі ақпараттық-танымдық, оқу-кəсіби, əлеуметтік-кəсіби мақсаттармен қолдануға жағдай жасайды жəне осы орайда қарым-қатынас шеберлігінің қалыптасуы деңгейін жəне білім алушының түпнұсқалық қарым-қатынас тапсырмаларын шешу дайындығын жүзеге асырады жəне ресми мақұлдайды.

Шетел тілі бойынша жобалық жұмыс оқытылып отырған тіл мен мəдениетті меңгерудің оқу бағдарламасының пəндік мазмұнына тікелей «байланған» емес. Шетел тілі бойынша жобалық жұмыстың түбегейлі бағыты — бұл оқытылатын тілдің қолданылуымен болатын конструктивті оқу- ғылыми жобалық іс-əрекет. Осымен қоса, жобалық технология бағдарламалық материалды меңгерудегі жобалық тапсырмамен шартталатын тікелей жағдайды туғызады. Шетел тілі бойынша жобалық жұмысты орындау үрдісінде білім алушының оқытылатын тіл мен мəдениеттің белгілі аспектілерін — белгілі тілдік жолдарын, қарым-қатынас шеберлігін, лингвомəдени мəліметтерін, ауызша жəне жазбаша сөйлеу қатынасының стратегияларын еркін меңгеруінің табиғи шарттары пайда болады. Оқу жобасының соңғы нəтижесін жасау жобаның тапсырмаларын орындау мақсатында тілді жəне мəдениетті меңгерудің барлық аспектілерін қамтуды талап етеді.

Оқу-ғылыми іс-əрекетінде білім алушының дербестігі мен шығармашылығының дамуы үшін жобалық технология ерекше тиімді.

Шығармашылық үрдісі — бұл жағдайға қатысты тұлғаның ерекше жеке сапаларын жүзеге асыру қорытындысы ретінде сапалы жаңа іс-əрекеттің нəтижесін жасау. Тұлғаның қажетті біліміне, ақпараттылығына, интеллектуалды потенциалдығына қосымша ретінде шығармашылдық, бір жағынан, шығармашылық ойлауда жəне белгілі шығармашылық когнитивтік үрдістерде, екінші жағынан, іс-əрекетке байланысты белгілі қарым-қатынастарда көрінеді.

Шығармашылық, жобалық жұмыстарды орындау үрдісінде, сонымен қатар оқу-ғылыми іс- əрекетінің субъектілерінің шығармашылығын сипаттайтын іскерлік ынтымақтастыққа қажеттіліктер: дербес жауапты шешімдерді қабылдау қабілеттілігі, тəжірибелік ептілікке қатысты ашықтық, жанашырлыққа деген қабілеттілік, мəселелік жағдай мен мəселені шешуге деген қызығушылық, жалпы əуестік, жаңа ақпаратқа зеректік, қандайда бір нəрсені көру қабілеттілігі, жаңа идеяларға деген бостандық пен ашықтық, идеяларды құрастыруға деген қабілеттілік, жағдайға позитивті, оптимистік көзқарас, рефлексивті өзін-өзі бағалау қабілеттілігі.

Жобалық технология оқу іс-əрекетінің барлық субъектілерінің ынтымақтастығы болған жағдайда нəтижелі болады. Жобалық-ғылыми жəне жобалық-шығармашылық тапсырмаларды шешу үрдісіндегі өзара іс-əрекет пен ынтымақтастыққа қабілеттілік–жобалық жұмыстың бағасының бастапқы көрсеткіші.

Жобалық технологияның негізі — нақты, белгілі нəтижеге арналған бағыт болып саналатын жобалық іс-əрекеттің соңғы нəтижесі.

Жоғарыда көрсетілгендей, оқылатын тіл мен мəдениетті меңгеру үрдісі жобалық тапсырмаларды шешу барысында болады жəне білім алушылардың жобалық-ғылыми жəне жобалық-шығармашылық іс-əрекетінің тікелей шарты жəне жолы болып саналады. Жобалық жұмыс түпнұсқалы əлеуметтік- мəдени іс-əрекеттің үрдісіндегі оқытылатын тілдің шынайы қолданылуына бағытталған. Бұл тілді меңгерудің тəжірибелік міндеттерінің маңыздылығын кемітпейді, ал, керісінше, олардың маңыздылығын ашып көрсетеді, жобалық міндеттерді нəтижелі орындау шетел тілінде тілдесу іскерлігінің ауызша жəне жазбаша түрлерінің тілдік дағдыларынсыз жəне қарым-қатынастық ептіліксіз мүмкін емес.

Жобалық технологияның артықшылығы мен жағымды жағы — шетел тілін оқудың кез келген кезеңінде ғылыми, ізденіс тапсырмаларына арналған тақырыптың таңдалуы мен нақты мəселелердің шектелмегенінде, өйткені оқытушы білім алушылармен бірігіп, олар үшін тұлғалық маңызы бар сұрақты бейнелейтін бағдарламалық тақырып аясында əрқашан аспектілер таба алады жəне осы арқылы білім алушының жобалық іс-əрекетке кең ауқымды тұлғалық еліктірілгендігін қамтамасыз етеді.

Жобалық жұмыс кез келген оқу-əдістемелік комплекспен жəне басқа оқу амалдарымен сай келеді. Жобалық ғылыми жұмыс шетел тілін игеру мен қолданудың нақты нəтижесі ретінде қарастырылады жəне осы мағынада білім алушылардың дайындығының деңгейінің белгілі көрсеткішін білдіреді. Бұл оқу мазмұнының қосымша «шығармашылық» компоненті ретінде жобалық тапсырмаларды шетел тілдері бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларына енгізудің мүмкіндігін туғызады.

Қорытындылай айтқанда, оқудың жаңа түрін білдіретін өзара іс-əрекет оқуына ерекше мəн берген абзал. Жобалық-ғылыми іс-əрекет барысында оқытушының көп жауапкершілігі басқарушы қызмет пен білім алушылардың теңсеріктестік іс-əрекеті жəне ынтымақтастығының үйлестігінде, сонымен қатар оқу тобындағы білім алушылардың өзара іс-əрекеті мен ынтымақтастығының ұйымдастырылуының қызметінде. Бұл қызметтегі оқытушы жұмысының міндеттері мен қиыншылығы — білім алушылардың еркіндігі мен шешім қабылдаудағы жауапкершілігі үшін шынайы жағдайлар қамтамасыз ету. Демек, бұл жағдайдағы оқытушы ролі — білім алушылардың тілдік сөйлеу ғылыми іс-əрекетін жүзеге асыруында, сонымен қатар олардың шешімдердің оңтайлы нұсқаларын таңдауына демеу болғандығында.

Сонымен, барлық жоғарыда көрсетілгендер білім алушылардың жаңа ұрпақ тұлғасының еркіндігі мен шығармашылығын белсенді қылатын педагогикалық технология ретінде жобалар əдісінің болашағын көрсетеді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы: «Бəсекеге қабілетті Қазақстанға, қабілетті экономикаға, бəсекеге қабілетті ұлтқа» // akorda.kz
  2. Назарбаев Н.Ə. Білім мен ғылым саласындағы жұмыскерлердің 3-ші Съезіндегі жолдауы // Казахстанская правда. — 2004. — 14 қазан.
  3. Schlechty Philip. Schools for the 21st Leadership Imperatives for Educational. — Reform. — San Francisco, 1990.— P. 21.
  • Полат Е.С. Білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық жəне ақпараттық технологиялар. — М.: Academa, — 8, 9-б.
  • Петровский А.В. Психологиядағы тұлға. — Ростов н/Д.: Феникс, 1996. — 116-б.
  • Слободчиков В.И., Исаев Е.И. Адам психологиясы. — М.: Мектеп-Баспа, 1995. — 95-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.