Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Графикалық пəндерді оқытудың сапасын бақылау жəне тиімділігін арттыру

Қазіргі замандағы ғылыми-техникалық үрдістің дамуына байланысты жоғары білім беру жүйесінде қайта құру, оқу əдістемесінің мазмұнын өзгертуді жетілдіруге көп көңіл бөлінуде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев: «Білім беру реформасы — Қазақстанның бəсекеге нақты қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық жəне қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», — деп атап көрсетті.

Жоғарғы білім беру саласында графикалық пəндерді оқытатын инженерлік ғылымдарды басымдықпен дамыту — бұл экономикалық дамудың жаңа кезеңінің міндетті шарты.

Оқытудың мазмұны мен сапасын білім берудің дүние жүзілік деңгейіне көтеру мақсаты көзделді. Университеттік білімнің ғылыми деңгейінің артуы студенттерден күрделі теориялық ұғымдарды, идеяларды игере білу қабілеттерін дамытуды талап етеді.

Жоғарғы білімнің негізін құрайтын басқа да ғылымдар тəрізді графика жəне жобалау пəнін оқыту да үнемі ілгері басып, дамып, толығып, жетіліп келе жатқан ғылым. Ғалымдарымыз оның мазмұны мен əдістерін кеңейтіп, жаңа нəтижелермен байытуда. Графикалық пəндерді оқыту ілгері дамытуға итермелейтін қозғаушы күш — өмірдің өзінен, жаратылыстану мен техника, құрылыс мұқтажынан туып отырған қажеттілік.

Соңғы жылдары ғылыми-техникалық прогрестің жедел қарқынмен дамуына байланысты графикалық пəндерді оқытудың сапасын бақылау жəне тиімділігін арттырудың қоғамдағы алатын ролі артты.

Қазіргі замандағы əлемнің ең бəсекеге қабілетті елдерінің қатарына кіруін қамтамасыз етуге қабілетті болатындай өскелең ұрпаққа графикалық пəндерді оқытудың басты мақсаты — студенттердің инженерлік-графикалық, жобалау дайындықтарының жоғары деңгейге көтерілуін қамтамасыз ету. Ол келешекте сызба геометрия мен сызудан алған білімдерін мектепте қолдануға мүмкіндік береді. Жүргізілетін барлық сабақ түрлерімен жəне графикалық жұмыстарды тексеру, оқу сапасын бақылау ғылыми-əдістемелік жұмыстардың негізгі бөлігі болып саналады.

Графикалық пəндерді оқытудың сапасын бақылау оқу іс-əрекетінің үш түрімен: дəрістермен, тəжірибелік сабақтармен жəне графикалық жұмыстарды тексерумен айқындалады.

Дəріс сабағын өткізу əдістемесі. Онда дəріс жоспарының болуы жəне оның орындалуы, баяндайтын материалдардың мазмұнын бағалау жəне оның жұмыс бағдарламасына сəйкес келуі қадағаланады. Дəрісті оқу кезіндегі əдістемесі: қарқын, сөйлемнің айқын айтылуы (дикция), ойды тұжырымдаудың айқындығы, қорытындылау мен дұрыс анықтама беру, тақтада графикалық тұрғызуларды сапалы тұрғызу, слайдтарды көрсету, студенттердің оқылған материалдарды игеру жолын бақылау жəне студенттер жұмыстарының белсенділігін арттыру, ұйымдастырушы-тəрбиелік сұрақтарды қою болып саналады.

Сызба геометрия пəнінен тəжірибелік сабақты оқыту əдістемесі. Үй тапсырмасын тексеру нəтижесі жəне əдістемесі, сонымен қатар студенттердің сабаққа дайындығы тексеріледі. Сабақта берілетін орындалатын тапсырмалар саны жəне осы тапсырмаларды орындауға арналған əдістемелік нұсқаулар, студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру, тапсырмаларды орындаудың жеке əдістемесі жəне əр студенттің ағымдық жұмыстарына бақылау жасалады. Топтық түсіндіру, типтік мысалдарды шешу, студенттерді тақтаға шақыру, ұйымдастырылып, cабақты қорытындылау жүргізіледі жəне үйге тапсырма беріледі.

Сызба геометрия курсының дəрісі ерекше əдістемені қажет етеді. Сызба геометрия пəні бойынша бір де бір дəріс сызбасыз өтпейді. Дəріс оқитын оқытушының көп уақытының бөлігі сызбаны түсіндірумен кетеді, сондықтан, басқа пəндерге қарағанда, сызба геометрияның дəрісі сызбаны сипаттаумен өтеді. Студент аудиториясындағы тақтада сызбаны орындау үрдісінің өзі оқыту элементі ғана емес, сонымен қатар оның тəрбиелік мəні зор. Дəріс оқушы өзінің мысалы арқылы жай, содан кейін күрделі сызбаларды орындау арқылы студенттерді оқылатын курсқа алып шығады. Сызба бойынша студент геометриялық элементтердің тапсырмаларын түсінуді, олардың проекция түріндегі денелері мен байланыстарын игереді. Нүкте, түзу жəне басқа проекция элементтерінің тапсырмаларын меңгереді. Сызба геометрия курсының басқа бір ерекшелігі студенттерге кеңістік түсінігін дамыту болып саналады.

Сонымен, сызба көмегімен кеңістіктік геометриялық тапсырмаларды шешу тəсілімен кеңістіктік фигуралардың сызбаларын орындау тəсілдерін зерттеу арқылы сызба геометрияның оқу курсы өзінің құрылымы мен мазмұны жағынан графикалық пəндерді оқитын мамандарға конструкторлық- геометриялық білім беретінін білуіміз керек.

Сызудан тəжірибелік сабақты өткізу əдістемесі. Орындалған тапсырманың тақырыбы жəне оны тапсыру уақыты, cабақта студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру есепке алынады. Графикалық жұмыстың орындалуының мəдениеті, студенттердің сызбасын тексеру əдістемесі: кезеңмен орындалуы, белсенділігі, ұқыптылығы бағаланады. Фронталды топтық оқу жəне ұйымдастырушы-тəрбиелік сұрақтары қарастырылады.

Сонымен, сабақтар туралы жасаған талдауымыз жинақтық сипат береді, кез келген сабақ түрінің міндетті белгісі ретінде табысты жүргізілуі оның сандық жəне сапалық айтылуының жоспарына байланысты дəріс жоспарына, барлық студенттердің тексерілуге жататын сызбаларының жоспарланған тапсырмаларының санына жəне т.с.с. негізделеді. Бұл жайдан-жай практикалық сабақтарға берілген үлкен мағына емес. Сабаққа қатысу тəжірибесі көрсеткендей, тəжірибелік сабақтарды жүргізудегі жоспарды дайындау жəне жүзеге асыруға қажетті лайықты көңіл жиі бөлінбейді, сондықтан оның маңыздылығы төмендейді.

Кез келген сабақтың əдістемесін бағалаудың бас критерийі студенттердің белсенділік дəрежелерінің жоғары болуын ескеру болып саналады. Студенттердің сызбаларын тексеру үрдісі кезінде, студенттермен дəрістік материалды баяндау əдістемесінде, тəжірибелік сабақты жүргізуде жəне пікірлесуде жоғары оқу орнында оқытудың негізгі мақсатының бірі — студенттерді өздігінен оқуға үйретуге барынша мүмкіндік туғызу керек. Сондықтан сабақта студенттерді шығармашылық ойлауға сезімін оятатын проблемалық жағдайларды туғызуды біз барынша мадақтауымыз керек.

Сызу курсының бөлімдерін меңгеруде, сызу тапсырмаларын орындау кезінде, студенттер қателер жіберуі мүмкін. Осы қателерді жəне олардың болу себебін анықтағаннан кейін, келесі мақсат қоюға болады: барлық графикалық тапсырмаларды орындау кезінде студенттердің қателерін жазып алу, типтері бойынша қателерді топтастыру, қателерді жіберу себептеріне талдау жасау, кейбір нұсқауларды дайындау жəне ендіру сызу курсын оқып үйренуге айрықша ықпал етеді.

Сызу курсын оқу кезінде студенттердің жіберетін қателерін келесі түрде топтастырады:

  1. Сызбаны рəсімдеудегі қателер (пішімдер, сызба сызықтары, негізгі жазулар т.с.с.).
  2. Кескінді орындаумен байланысты қателер (бас көріністі таңдау, кескіннің саны, тіліктер мен қималарды қолдану).
  3. Өлшем қоюдағы қателер.
  4. Кедір-бұдырларды белгілеудегі қателер.
  5. Тісті дөңгелектерді, шпонкаларды, бұрандаларды кескіндеу кезіндегі қателер.

Студенттердің графикалық жұмыстардағы жіберетін қателерін ұқыпты оқып жəне талдап қорытқаннан кейін, қателердің мынандай негізгі себептерін анықтауға болады:

  1. Бірінші курсқа түскен студенттердің көпшілігі мектептегі сызу курсын нашар игерген.
  2. Студенттердің көптеген бөлігінің сызу курсының тапсырмаларындағы теориялық материалдарды жəне мемлекеттік стандарттарды терең талқылауы жеткіліксіз.
  3. Оқыту кезінде көрнекілікті жеткіліксіз пайдалану.
  4. Себептің бірі — жоғары оқу орындарындағы педагогиканың əлсіздігі. Егер оқушы мектепте оқу жүктемесінің анық уақыт тəртібіне үйренген болса, мұнда бірінші курс студенттері өзінің еңбегін өз бетімен жоспарлауға дайын емес болғандықтан, ол жұмыста бірқалыпсыздыққа əкеліп соғады.
  5. Ұқыпсыздық, ынтасыздық [1].

Осы қателердің шығу себептерін зерттей келе, мынандай ұсыныстарды енгізуге болады. Бұл ұсыныстар сызу курсын оқуда пайдалы ықпалын тигізеді. Олар:

  1. Кесте бойынша аудиториялық сабақтардың сағаты əбден тиімді болады.

Бұл уақытты жоспарлы пайдалану үшін бірінші курста оқу материалдарын аптаға бөліп, оқытушы əр студентке жеке дайындалуға мүмкіндік беріп, сонымен қатенің болуына ескерту жасалады. Сонда курс бойынша жұмыстарды жоспарлауға ықпал жасалады.

  1. Аралық коллоквиумдар кіргізіледі. Студенттерге кезекті тапсырманы орындау кезінің алдында компьютер арқылы теориялық материалды білуін тексеру үшін тест арқылы аралық бақылау өткізіледі.
  2. Сызбаны тапсыру барысында міндетті қорғау болады, онда студенттің іс-əрекетіндегі шығармашылық жағы тексеріледі.
  3. Студенттердің графикалық тапсырмаларды орындау кезеңдеріне бірнеше өзгертулер кіргізуге болады:

а) сызбаларды дұрыс рəсімдеуде студенттерге шыдамдылық жəне дағды болса жеткілікті, ал оқытушыларға талап қою қажет;

ə) бұйымның жалпы түрінің сызбасын орындауда бірінші бөлшектеу болады. Бұл тапсырманың орнын ауыстыру жалпы түрдегі сызбаны рəсімдеуде жəне орындауда қате жіберуді ескертуге ықпал жасайды. Екінші бөлшектеуден кейін, студенттер бұйымның жалпы түрінің сызбасын берілген альбом бойынша, бөлшектің жұмыс сызбасы арқылы жəне конструкциялауды суреттеу бойынша орындайды. Бұл тапсырманы студенттер үлкен қызығушылықпен орындайды жəне іс жүзінде қате жібермейді [2].

Сонымен, студенттердің графикалық жұмыстарындағы қателерді талдай отырып, осы қателерді болдырмау оқу үрдісінің жəне сызу курсын игеруді жақсартуға мүмкіндік береді.

Оқу сызбаларын екінші қайтара сипаттау. Сызу курсының негізгі мақсаты — студенттерді өз бетімен, техникалық сызбаларды қазіргі стандарттармен сəйкестендіріп, орындауға үйрету. Егер оқу сызбаларын қабылдау жəне тексеру кезінде жоғарғы дəрежеде көңіл аударылып жəне талап етушілік орындалса, онда бұл мақсат орындалады. Оқу сызбаларын тексеру сапасын бақылау барысы екінші қайтара сипаттама беру арқылы бағаланады. Онда тексеру кезінде жіберілген қателердің саны мен сипаты анықталады, сонымен қатар қандай қателерге жазбаша түрде ескерту жасалғанын білу керек.

Сипаттаманың соңында сызбаны тексергендегі сапа туралы жəне графикалық жұмыстарды орындау деңгейі туралы қорытынды беріледі. Көп жылғы тəжірибе нəтижелері көрсеткеніндей, екінші қайтара сипаттама беріп, сызбаларды тексеру студенттердің графикалық дайындығының сапасын арттыруға көмектеседі. Бұдан басқа оқу сызбаларын тексеру үрдісі педагогикалық іс- əрекеттің сапасы жоғарлауына септігін тигізеді, сонымен қатар инженерлік ойды беру құралы ретінде сызбаларды игерген студенттер келешекте курстық жұмыстар мен дипломдық жобалауларды орындауда еш қиындық көрмейді.

Қорытындылай келе айтарымыз, графикалық пəндерді оқытудың сапасын бақылау жəне тиімділігін арттыру сұрақтары мен оқу сызбаларына екінші қайтара сипаттама беру кең көлемде студенттердің графикалық білімдерінің деңгейін жоғарлатуға мүмкіндік береді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Архангельский С.И. Лекции по научной организации учебного процесса в высшей школе. — М.: Высш. шк., 2005. — 256 с.
  2. Рыжов Н.Н. Лекции по курсу начертательной геометрии // М.: ВНИИТЭ, 2000. — 180 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.