Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мəселелік оқытудың технологиясы

Қазіргі заманғы өмір ғылыми-техникалық прогрестің арқасында адамның алдына сан түрлі есептер қою арқылы əр түрлі мəселелерді ұсынады. Қаншалықты адам оны дұрыс шеше алуы болашақ ұрпаққа байланысты. Тəжірибеде мұндай есептерді зейін арқылы шығармашылық ойлай алатын адамдар шеше алатыны көрінеді.

Мəселелік оқытудың технологиясы үйрену, танымдық белсенділігінің көтермелеуінің тиімді тəсілі болып табылады. Аталмыш технология шығармашылық зейіндерді дамытып, дербес ойдың құрылымына əсер етіп, білімнің табысты игеруіне септігін тигіп, ықпал жасайды.

М.И.Махмутовтың пікірінше, мəселелік оқыту дербес ізденістің қызметі мен дайын білімдердің қиылысуынан туындайды. Мəселелік оқытудың маңыздылығы — педагогтың білім алушыға өзіндік танымдық білім алуын ұйымдастыру болып табылатындығы. Білім алушының танымдық қызметі дайын пəндік білімдермен ұштасуы тиіс [1].

Сабақты мəселелік оқытумен ұйымдастыру баланың ойлау қабілетінің жəне педагогикалық құралдардың заңдық білім негізінде құрылуы қажет.

Мəселелік оқытудың дəстүрлі оқытудан мақсаттың қойылымының жəне білімнің меңгерушілік үдерісінің ұйымдасуымен ерекшеленеді. Мəселелік оқытумен ұйымдастырылған сабақ білім алушыға қойылған мəселені шешудің мүмкіндіктерін іздестіруге мүмкіндік береді (1-кесте).

1 - к е с т е  Дəстүрлі жəне мəселелік оқытудың салыстырмалы сипаттамасы 

1 - к е с т е  Дəстүрлі жəне мəселелік оқытудың салыстырмалы сипаттамасы  

Танымдық қызмет мəселелік жағдайлар кезінде келесідей тізбекті құрайды: мəселелік жағдай → мəселе → шешу жолдарын іздеу → мəселені шешу.

Мəселелік оқытудың артықшылықтары ретінде мыналарды атауға болады: білім алушылардың тұлғалық мотивациясының қалыптасуы; ойлау қабілеттерінің, танымдылық белсенділігінің артуы; диалектикалық ойлаудың қалыптасуы.

Алайда, берілген əдіс көп уақытты жұмсауға талап етеді. Дифференциалды бағыт қажет. Білім алушыны қарама-қайшы көзқарасқа əкелу керек, ал білім алушы өзі мəселені шешудің жолын іздестіруі қажет. Педагогтың мақсаты мəселелік жағдайды жасауының керектігі. Мəселелік жағдайды ұйымдастыру мысалдары ретінде атауға болады: білім алушыға салыстыру жүргізуге тапсырма беру, мəселелік жағдайдан кейін қорытынды жасау, сұрақтарды құрастыру, фактілерді талдау [2].

Мəселелік оқытудың мақсаттары:

  • ғылыми танымның нəтижелерін меңгерту, сонымен қатар танымның əдістерін зерттеу;
  • білім алушының зияткерлік, мотивациялық аймағын ұйымдастыру жəне дамыту;
  • білім алушылардың тұлғалық əрекеттерін дамыту.

Мəселелік оқытудың екі тобы бар: жалпы жəне арнайы. Жалпы функцияларға келесілерді жатқызуға болады:

  • тəжірибелік қызметтің əдіс-айласының жүйелерін білім алушыларға меңгерту;
  • білім алушылардың диалектикалық-материалистік ойлау қабілеттерін ұйымдастыру;
  • жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Арнайы топқа:
  • білімді меңгерудің шығармашылық əрекеттерін тəрбиелеу (логикалық жүйелерді қолдану немесе шығармашылық əрекеттің жекелей əдістерін қолдану);
  • білімнің шығармашылық қолданысы дағдысының тəрбиесі (меңгерген білімді жаңа жағдайда қолдану);
  • шығармашылық қызметтің тəжірибесін жинақтау жəне құрастыру (ғылыми-зерттеу əдістерін меңгеру, заманды шынайы тəжірибелік мəселелермен жəне суреттеу бейнесінде сипаттау);
  • оқытудың əлеуметтік, танымдық жəне адамгершілік мотивтерін қалыптастыру [3].

Мəселелік оқытудың маңызды атқаратын қызметтеріне шығармашылық зейінінің дамуын, білімнің игерушілігінің тəжірибелік дағдылануын жəне оқу материалын игерушілік деңгейінде көтермелеуін жатқызуға болады. Шығармашылық үдерістің айырымдық сипаты бар білімді стандартты емес жағдайларда қолдану болып табылады.

Мəселелік оқыту тұлғаның шығармашылық дамуы тəсілі ретінде талдау іскерлігі мен қорытындылауды қалыптастырады. Шығармашылық тұлғаның қалыптастыруы мəселені көре алу жəне оны шешу жолдарын таба білу, танымдық дағдының дамуына, іздеу-зерттеу дағдысының дамуына мүмкіндік береді.

Шығармашылық үрдісі, шешімнің интуициялық ізденісі, шешімдің логикалық қисыны қиындықпен кездесу жəне алынған білімдер арқылы мəселені шешу деңгейлерінен тұрады.

Мəселелік білім беруде білім алушы оқу процесінің субъектісі жəне шығармашылықпен іздестіру тапсырмаларын орындаушы болып табылады [4].

Тұлғаның танымдық қызығушылығы танымалдықтың үрдісіне жəне оның нəтижесіне бағытталған. Танымдық үрдісте тұлғаның жігер-қасиеттері іске қосылады, сондай-ақ қызметті ұйымдастыруға, оның кезеңдерін жүзеге асыруға жəне аяқтауға мүмкіндік туғыздырады. Қызығушылық білім алудың мотивациясы ролін атқарады. Оқу процесінде білім алушыларда не қызығушылық тудыра алуы мүмкін? Ол — меңгерілетін оқу материалының мазмұны мен білімді алу процесі. Ал оқыту процесіне мəселелік оқыту технологиясын енгізгеннен соң білім алу процесі тартымды болады.

Сабақта мəселелік жағдайды жасау білім алушылардың меңгерілетін тақырыпқа қызығушылығын арттыруға себеп болатын тəсіл ретінде қолданылады жəне ойлау қабілетін қалыптастырады, сөйлеу қабілетін дамытады. Өйткені мұндай жағдайлар өзінің ой-пікірін тудырып жəне болжам айтуды талап етеді. Айтылған қызметтің түрі кез келген пəнге тиісті болып табылады.

Сабақта мəселелік оқыту келесі құрылымнан тұрады: мəселені қою, мəселені шешуін іздеу, шешімді суреттеу, шешімді жүзеге асыру. Мəселені қою өте маңызды орын алады. Мəселені дұрыс қою сабақты өткізу барысына жəне жаңа оқу материалын меңгеруге ықпал жасайды. Білім алушылар мəселені шешу барысында сабаққа белсенді араласса, сабақты өздігінен меңгере алады. Егер мəселелік жағдай дұрыс шешілмесе, онда мұғалімнен дайын шешім алынады.

Мəселелік жағдай пайда болған қайшылық туғыздырады. Қайшылықты қиындық немесе таң қалдыру тудырады (2-кесте). Сондықтан мəселелік жағдай екі түрде кездеседі: қиындық жəне таң қалу туғыздырған.

Мəселелік жағдайдың қиыншылық түрі тапсырманы орындау барысында пайда болып, бірақ жүзеге асырылмайды. Қиындықты тудыратын мəселелік жағдайды орнату кезінде мұғалім немесе мүлдем орындалмайтын немесе білім алушыларға таныс емес тапсырманы қолданады.

 Мəселелік жағдайдын түрлері 2 - к е с т е

 Сабақта мəселелік жағдай ретінде қолдануға болады [5]:

  • əдейі қате жіберілген деректері жеткіліксіз, артық немесе қайшылықты мəселелік есептер;
  • шындықты іздеу (тəсілдер, əдістер, шешу ережелері);
  • тəжірибелік қызметке қайшылық.

Сонымен бірге оқушыларды мəселелік жағдайға əкелетін бірнеше тəсілдерді қолдануға болады [6]:

  • себеп болатын сұхбат — оқу есебін құрастыруға көмектеседі;
  • қорытындылау сұхбат — тізімділеп құрастырылған тапсырмалар мен сұрақтар;
  • мотивацияны тудыратын тəсілдерді қолдану: қызықты материалды хабарлау (тарихи фактілер, ертегілер, аңыздар жəне т.б.), түсініксіз құбылыстарды көрсету (эксперимент, көрнекілік),«белсенділік» — мағынасын табу, оқушыларға оқиғаның маңыздылығын жеткізу.

Мəселелік оқытудың төрт түрі: мəселелік оқытудың ғылыми, тəжірибелік, көркемдік жəне шығармашылық. Білімді деңгейі бойынша үлестіру оқушылардың меңгеру жəне ойлау қабілетінің деңгейіне байланысты:

  • Əдетте белсенділік деңгейі.
  • Жартылай өздік белсенділік деңгейі.
  • Өздік белсенділік деңгейі.
  • Шығармашылық белсенділік деңгейі.

Мəселелік оқытудың технологиясы …

 Келтірілген деңгейлер оқушылардың жаңа білімді меңгеру деңгейін, ми қызметінің тəсілдерін жəне ойлау қабілетінің деңгейін қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушы алған білімін қай жағдайда жəне қалай қолдана алатыны. Оқушылардың ең жоғары деңгейі — төртінші.

Əдетте белсенділік деңгейінде оқушылар мұғалім баяндаған оқу материалының түсінуіне, мəселелік жағдайда ойлау əрекеттерін сезінуге, жаңғырту түріндегі тапсырмаларды орындауға тырысады.

Екінші деңгейде, жартылай белсенді деңгейде, оқушылар алынған білімді жаңа жағдайда қолданады жəне оқу проблемасының шешімін табу тəсіліне қатысады. Көптеген оқушылар осы деңгейде тоқталады. Оларға осы деңгейде мұғалімнің көмегі керек жəне оларда жаңа тану жағдайлар қиындық туғызады.

Үшінші деңгейде, белсенділік деңгейде, оқушылар репродуктивті-іздеу түріндегі өздік жұмыстарды орындай алады. Осы деңгейде оқушылар алынған білімдерін өздігімен жаңа жағдайда қолдана білу, теоретикалық материалмен жұмыс жасау, орта қиындық деңгейдегі есептің шешімін құрастыра білу тиіс.

Төртінші деңгейде, шығармашылық деңгейде, оқушылар логикалық талдау талап ететін, шешімнің жаңа əдісін табатын, өздік жұмыстарды орындай алады.

Төртінші деңгейде жеткен оқушылар ойлау қызметінің тəсілдерін жылдам меңгереді, болжамдарды қоя алады, мəселенің шешімін қабылдайтын жол таңдай алады. Нəтижесінде оқушыларда сөйлеу-логикалық ойлау қабілеті артады.

М.Н.Скаткин мəселелік оқытудың үш түрін анықтайды:

  1. Білімнің мəселелік баяндауы.
  2. Білімді баяндаудың жеке қадамдарында оқушыларды іздеуге тарту.
  3. Зерттеу əдістері.

Мəселелік баяндауда мұғалім есеп қояды (есепке айналдырылған мəселелер — нені анықтау керек). Теоретикалық материалдың үзіндісі мазмұндалады жəне оған мəселе-есеп қойылады. Мұғалім материалды түсіндіру кезінде осындай бірнеше есеп келтіруі мүмкін. Оқушылар əр есепті шешеді.

Мəселелік оқытудың зерттеу түрінде оқушыларға үлкен еркіндік беріледі. Еркіндік іздеу жоспар құруда, гипотезаны ұсынуда, оны тексеруде, тəжірибені, қадағалауды жасауда, фактілердің тіркелімінде, топталуында жəне қорытындыларында байқалады. Оқушы осындай жұмыс барысында ғылыми зерттеудің деңгейлері мен принциптерін сезінеді.

Мəселелік сабақтың құрылымы:

  1. Оқу мəселесін қою.
  2. Оқу есебін қою.
  • Шешімді іздеу.
  1. Шешімді баяндау.
  2. Өнімді жүзеге асыру.

Оқу мəселесін құрастыру кезінде оқушыларда «Неге болмайды?» деген сұрақ туады. Оқу есебін қоюда сабақтың тақырыбы мен міндеттері тұжырымдалады. Оны мəселелік жағдай немесе мотивацияны көтеретін тəсілдер арқылы жүзеге асыруға болады. Оқу мəселесін іздеу қадамында зерттеу, эвристикалық жəне мəселелік баяндау əдістері қолданылады.

Эвристикалық əңгімені сұрақ-жауап əдісі ретінде сипаттауға болады. Оқытушы логикалық байланысқан сұрақтарды қояды, ал оқушылар жауап береді. Əңгіменің сұрақтары оқушылардың білімін өзектілейді, жауабын табу үшін оқушылар бұрын алынған білімдеріне негізделуі тиіс. Эвристикалық əңгімеде оқушының жауабы оның жеке алынған тəжірибесіне негізделіп қарастырылады, яғни дайын жауапты білмейтіндігі, оны оқу əдебиетінде кездестірмеуі немесе мұғалімнен естімеуі.

Эвристикалық əңгіменің нəтижесі мəселенің шешімі болады. Мұғалім əңгіме барысында қоятын сұрақтар мəселені шешетін қадамдары болып саналады. Оқу пікірталасы топта шешімді табуға бағытталған мақсатты жəне кезектелген пікірлермен, ойлармен алмасу болып табылады, əр қатысушы өзінше ойлармен алмасуды ұйымдастыруға қатысады.

Пікірталас баяндау, ақпаратпен алмасу жағынан тиімді емес, бірақ деректерді бекіту, қарастырылған материалды шығармашылық сезіну жəне бағыт беру жағынан өте тиімді. Пікірталас барысында материалды терең сезіну факторларына жатады:

  • ақпаратпен алмасу;
  • бір затқа, құбылысқа əр түрлі көзқарасқа ынталандыру;
  • тең емес пікірлердің жəне ойлардың болуы;
  • айтылған пікірлермен келіспеушілік мүмкіндігі;
  • қатысушыларды топтық келісімге ынталандыру. Пікірталастың түрлеріне сипаттама берейік:

«Дөңгелек үстел» — əңгімеде оқушылардың шағын тобы тең қатысады. Олардың арасында жəне сыныптың қалған бөлігімен пікірдің алмасуы өтеді.

«Эксперттік топтың отырысы» — əдетте алдын ала төрағасы тағайындалған оқушылар тобы, алдымен, мəселені топта талқылап, сосын сынып алдында өзінің көзқарасын баяндайды. Осы кезде əр қатысушы талқылауға байланысты қысқаша хабарлау жасайды.

«Форум» — «эксперттік топтың» отырысына ұқсас, бірақ сараптама барысында топ өзінің пікірімен сыныппен талқылайды.

«Соттың мəжілісі» — істі соттың тыңдауында қарастыратын ұқсас сараптама.

«Дебаттар» — алдын ала белгілі екі қарсылас топтар (командалар) мүшелерінің сөз сөйлеу негізінді құрастырылған сараптама. Сараптама əр топтың өкілінің сөз сөйлеуінен басталады, кейін трибуна қатысушылардың түсініктемелеріне немесе сұрақтарына беріледі [6].

Оқу талас кезінде маңызды орын ізгіліктің атмосферасына жəне бір-біріне көңіл аударуға беріледі. Осы кезде педагог қандайда деген жасырын немесе ашықтан-ашық жақтаудан немесе ұнатпаудан тартыну керек. Тек анықтау немесе түсіндірме репликалар болуы мүмкін. Сараптаманы басқарудың маңызды шарты болып қатысушылардың назарын жəне ойларын сарапталатын сұрақтарға аудару болады.

Ұзақ сараптамада пікірталастың аралық қорытындылауы жүргізіледі. Осы кезде ағымды уақыттың сараптамасына қорытынды жасау керек, сынып келешек сараптамаға бағытталған болуы үшін [8].

Топтық мəселелік сараптамаларды ұйымдастыру оқушыларға көмек береді:

  • талас-тартысты жүргізе білу, өзінің көзқарасын дəлелдей білу;
  • оқылған материалды əр жағынан талқылай білу. Дебаттар мен дискуссиялар ережелерін келтірейік:
  • басқа қатысушыларға құрмет таныту;
  • сұрақтарға жауап беруде, куəгерлікті қолдануда жəне аргументтерді адал қолдану;
  • жеңілгендер жоқ.

Топтық мəселелік пікірталастың ұйымдастыру кезеңдерін атап өтейік. Пікірталаста ойлап іздеу қызметінің процесі зерттеу мəселенің бірнеше кезеңінен өтеді.

Ақпараттандыру. Бұл ұйымдастырушының алғы сөзі, пікірталастың ойы баяндалады, мəселе қойылады.

Дəлелдеуі. Талқыланатын мəселе бойынша баяндамашының мəселені негіздейтін сөзі.

Ескертулер, пікірлер. Оппоненттер жағынан сұрақтар, күдіктер, қарсылық фазасы.

Мəлімдеу, теріске шығару. Осы қадамда баяндамашы қарсылықтарды жəне күдіктерді жоққа шығарады жəне өзінің пікір-ойын қорғайды.

Сын. Ұсынылған идеяны тексеру, дəлелдеудің беріктігін сынау.

Контрдəлелдеу. Сынақ талдауынан кейін ой-пікірді қорғау.

Шешімді өндіру. Осы қадамда зерттеуге барлық қалаушы өзінің ой-пікірін баяндай алады.

Болжау шешімнің өзара тексерісі жүреді, қарсылас жақтар белсенді тайталасады. Қорытындылау. Пікірталастың соңы шешімді қабылдауды болжамдайды. Қорытындылау қадамында тиімді түрдегі тапсырмаларды қолдануға ұсынылады.

Мəселелік сабақтың «Шешімді іздеу» кезеңі оқушылардың жаңа білімдерін ашуға арналған. Бұл білімдерді болжам арқылы алуға болады. Алдымен болжам қою, сосын оны тексеру. Болжамды дəлелдейтін немесе жоққа шығаратын пікірлер келтіріледі. Сабақтың осы кезеңінде қорғау сұхбатын қолдану ыңғайлы.

Зерттеу əдісі оқушылардан жеткілікті теориялық білімдерін талап етеді. Бұл əдіс оқушылардың жоғары деңгейдегі таным белсенділігімен сипатталады. Осы əдіс тəжірибелік жəне зертханалық сабақтарға қатысты. Оқытуда зерттеу əдісі «жаңарту» дидактикасына жатады, яғни оқушылар ғылымда белгілі білімдерді өздері ашады. Оқу жəне ғылыми зерттеудің айырмашылығы осында жатыр.

Өнімді жүзеге асыру қадамында немесе алынған білімді шығармашылық күйде қолдану барысында оқушыларға тірек-белгіні немесе көркем бейнені қолдануға болады. Шығармашылық бұл əрекет, нəтижесінде, жаңа материалдық жəне рухани қазына болып табылады. Тірек-белгі ретінде кесте, тірек сөздер, сызбалар жəне т.б. болуы мүмкін.

Мəселелік оқытудың негізінде американдық психолог, философ жəне педагог Дж.Дьюидің идеясы алынған. Ол 1894 ж. Чикаго қаласында сынақ мектебінде білім беру оқу жоспарына негіздемей ойын жəне еңбек қызметіне негіздеген.

Мəселелік оқытудың басты психологиялық-педагогикалық мақсаттарын атайық:

  • оқушылардың ойлау жəне жүйріктілік қабілеттерінің дамуы, шығармашылық дағдыларының дамуы;
  • мəселені өздігімен шешу жəне белсенді іздеу барысында алынған білімдерді, іскерліктерді меңгеру, нəтижесінде, бұл білімдер, дағдылар, дəстүрлі оқытуға қарағанда, орнықты;
  • оқушының белсенді шығармашылық тұлға ретінде тəрбиелеу, ерекше мəселелерді көру, қою жəне шеше біле алатыны.

Мəселелік оқытудың жетістік шарттары:

  • жеткілікті мотивациямен қамтамасыз ету, мəселенің мазмұнына қызығушылық оятатын;
  • əр қадамда туатын қиындыққа тиісті жұмыспен қамсыздандыру (белгілі мен белгісіздің тиімді тиістілігі);
  • мəселені шешуде алынған ақпараттын құндылығы;
  • оқытушы мен оқушының игілікті қарым-қатынасы, оқушы айтқан барлық пікірлерге, ойларға назармен жəне ынтамен қарау [7].

Мəселелік оқытудың түрлері:

  • оқу материалының мəселелік баяндауы дəрістің монолог немесе семинардың сұхбат түрі;
  • оқу материалын дəрісте мəселелік баяндауы, оқытушы мəселелік сұрақтарды қояды, мəселелік есептерді қояды жəне өзі шешеді, ал оқушылар ойша шешімді іздеу процесіне қатысады;
  • зертханалық сабақтарда экспериментті орындау барысында жартылай-іздеу қызметі; мəселелік семинарлар, эвристикалық сұхбаттасу. Оқытушының сұрақтары оқушыларда зияткерлік қиындықтар жəне бағытталған ойлау тасқынын туғыздыру керек;
  • оқушылар мəселені өздігінен қойып, оны мұғалімнің бақылауы негізінде шешуі — өзіндік зерттеу қызметі.

Соңында, мəселелік оқытудың артықшылықтарын жəне кемшіліктерін қорытындылайық. Дəстүрлі оқытуға қарағанда, мəселелік оқытудың артықшылығы:

  • логикалық, ғылыми, диалектикалык, шығармашылық күйде ойлауға үйретеді;
  • оқу материалын дəлелдеуге ықпал жасайды, дұрыс екеніне сенім ұялатады;
  • оқушыларда өзінің мүмкіндіктеріне жəне күш-қуатына сенімділігін арттырады, сондықтан оларда ғылыми түрде білім алуға қызығушылық пайда болады;
  • өздігімен алынған білімдер, заңдылықтар ұзаққа есте қалады.

Мəселелік оқытудың кемшіліктері: оқушылардың тану қызметінің төмен басқарулығы; жобаланған мақсаттардың жүзеге асырылуына көп уақыттың жіберілетіндігі [8].

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Лапина Е. Наука и жизнь. — 2015. — № 10. — С
  2. Кудрявцев В.Т. Проблемное обучение: истоки, сущность, перспективы. — М.: Знание, 1991. — 80 с.
  3. Арапов К.А. Проблемное обучение как средство развития интеллектуальной сферы школьников // К.А.Арапов, Г.Г.Рахматуллина // Молодой ученый. — 2012. — № 8. — С. 290–294.
  4. Дубина И.Н. Творчество как феномен социальных коммуникаций. — Новосибирск: СОРАН, 2000. — 173 с.
  5. Методы создания проблемных ситуаций // [ЭР]. Режим доступа: http://festival.1september.ru/articles/629603/
  6. Ильницкая И.А. Проблемные ситуации и пути их создания на уроке. — М.: Знание, 1985. — С.А.Б. Серикбаева, С.Ш. Кажикенова
  7.  Кларин М.В. Учебная дискуссия // Мир образования. — 1996. — № 1. — С
  8. Кукушин В.С. Теория и методика обучения: учеб. пособие / Кукушин В.С. — Ростов н/Д.: Феникс, 2005. — 474 с.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.