Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Болашақ кəсіптік оқыту педагогтарының кəсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолдары

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын əрбір қадамын сенімді басқан мемлекетіміздің əлемдік қауымдастықтар қатарынан қалмай, болашақты оптимистік көзқараспен болжамдап, өзінің бəсекеге қабілеттілігін дəлелдей алатын, өркениетті даму жолындағы жаңа бағыттарын айқындаудың жолы деп білеміз [1].

Еліміздің саяси, экономикалық, мəдени, қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай жоғары оқу орындарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бəсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан-жақты дамыған маман дайындауға ұмтылуы, өзінің əлеуметтік-экономикалық жəне рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне жəне еңбек сапасына талаптың жоғарылуына байланысты өз ісін жетік білетін, кəсіби білігі мол мамандарды қажет етеді.

Осыған орай қазіргі кезде қоғамның ақпараттануы жағдайында шаруашылық пен өндірістің əр түрлі саласында еңбек ететін жұмысшылар мен мамандардың кəсіптік біліктіліктерін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жəне кəсіптік құзыреттіліктерін қалыптастыруға аса мəн беріліп отыр.

Құзыреттілік мəселесі бойынша Г.Селевко, Л.А.Петровская, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, В.Д.Шадриков, Г.Ж.Меңлибекова, Б.Т.Кенжебеков, Г.Əбілқасымова, И.С.Өтебаев, В.В.Готтинг, И.А.Зимняя, В.Байденко, С.Е.Шишов, Ш.Таубаева, М.Ж.Жадрина, А.Арғымбаева, К.Л.Қабдолова, Г.У.Кунакова, Р.Дəулетова, А.Б.Изделеуова еңбектерін талдау «құзыреттілік» ұғымының мəнін нақтылауға мүмкіндік береді.

«Құзыр» ұғымы тұлғаның даму деңгейі немесе білім беру нəтижесі ретінде қарастырылады. Ал құзыреттілік — «құзыр» ұғымының туындысы. Сондықтан құзырды, құзыреттілікті білім сапасын бағалаудың негізгі өмиемдерінің бірі деп қарастыруымызға болады. Бұл жағдайда білім, іскерлік, дағды сырт қалмайды. Керісінше, олар жаңа сапалық мəнде, жаңа жағдайда бақыланады.

Жалпы алғанда, «құзыреттілік» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «құзыреттілік» ұғымы

  • соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тəжірибесіне ерекше көңіл аудару

 

нəтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы «competens» белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді [2].

Бұл жайлы Б.Тұрғынбаева «…өзінің практикалық əрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мəселелерін шешуде қолдана алуын құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «құзырлылық дегеніміз — педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлылығы» [3].

Ғалым, педагог Ш.Таубаева: «Құзыреттілік бұл тұлғаның оқыту мен əлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тəжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-əрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті», — деп қарастырады [4].

«Құзырет» бұл тұлғаның белгілі бір пəндер шеңберіне қатысты білім, іскерлігі, дағдысы мен іс- əрекеттері тəсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы. Құзыреттілік білім шеңберінде өз орнын тауып, жаhандану ағысына енген еліміздің алдында тұрған міндеттерінің бастысы, білім беру жүйесін жетілдіру, елдің интеллектуалдық потенциалын көтеру, қоғамдық өмірдің салаларында, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кезеңдегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты, экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жедел жаңару жолында [5].

«Құзырет» жəне «құзыреттілік» ұғымдарының педагогикадағы қолданылуы туралы мынадай көзқарастар қалыптасқан. Бұл жаңа сөздерге еліктеушілік, оларды қолданбауға да болады, өйткені

«мектеп бітірушінің дайындық деңгейі» жəне «оқу біліктіліктері» деген дəстүрлі қолданылып жүрген баламалары бар.

Құзыреттілік — бұл алынған білімдер мен біліктерді іс жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық жəне теориялық мəселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Ол ең əуелі мектептегі оқыту үрдісінде қалыптасады. Сонымен, оқытудағы құзыреттілік тəсіл білім беру нəтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді əдіс-тəсілдерді жүзеге асыруды, мектептегі оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді. Демек, «құзырет» жəне

«құзыреттілік» ұғымдарын мектептегі педагогикалық тəрбиеге енгізу білім берудің мазмұны мен əдістерін өзгертуді, іс-əрекет түрлерін нақтылауды талап етеді [6].

Құзыреттілік деп студенттің алған білімі мен дағдыларын тəжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық жəне теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілетін айтады. Демек,«құзыреттілік» ұғымы «білім, іскерлік, дағды» сияқты ұғымдармен қатар, оқушылардың шығармашылық іс-əрекеттері мен құндылық бағдарларының жүйесінде көрінеді.

Сонымен, білім беруде кəсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пəнін жетік білетін, білім алушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тəжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кəсіби маман педагогті атаймыз.

Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни, нəтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген [7].

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі мектеп қабырғасында берілетін білімнің, оқытушылардың кəсіптік білім деңгейлерінің сапасымен тікелей байланысты екенін көрсетті. Бұл еліміздің тағдыры жəне ұлтымыздың болашағы оқытушылардың қолында дегеніміз.

Дидактикалық-əдістемелік тұрғыдан орындалған зерттеулерде бейін бойынша кəсіптік оқыту педагогын даярлаудың əдістемелік негіздері қарастырылды, кəсіптік-техникалық мектептердегі оқу үрдісінің мəні ашып көрсетілді, теориялық жəне өндірістік оқытудың мазмұны, ұйымдастыру формалары, əдістері қарастырылды [8]. Сонымен бірге «колледж — жоо» үздіксіз білім беру жүйесінде кəсіби оқыту педагогының құзыреттілігін қалыптастыру теориялық тұрғыдан негізделіп, практикалық тұрғыдан оқу-əдістемелік кешенмен қамтамасыз етілді. Ал кəсіби құзыреттілікті мынадай түрде қарастырады:

  • коммуникативтік;
  • ақпараттық;
  • регулятивтік;
  • интеллектуалды-педагогикалық.

Педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі — кəсіби интегративтік қасиет, оның негізгі бөліктеріне эмоционалдық тұрақтылық (икемділікпен байланысты); экстраверсия (тағайындалған деңгейі мен тиімді жетекшілікті көрсетеді); тікелей жəне қайтарымды байланысты ұштастыру мүмкіншілігі; тілдік білімі; тыңдай білу қабілеті; марапаттай білуі; сыпайылылық; жалпы қабілеті жатады.

Коммуникативтік құзыреттілік — біріншіден, жеке тұлғаның дамуы мен өзіндік дамуы процесіндегі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеті; екіншіден, ұстаздың педагогикалық қарым- қатынастық мақсаты, түйіні, құрылымы, құралы, ерекшелігі туралы хабардарлығының көрсеткіші; қажетті технологиялық деңгейін меңгеруі; маманның жеке психологиялық сапасы; коммуникативтік іс-əрекетін əрдайым жетілдіріп тұруға тырысуы; негізгі құндылық ретінде жеке адамның тұлғасына бейімделе білу, «бағдар ету», сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынас кезінде туындайтын міндеттерге шығармашылық, қапысыз шешім таба білу қабілеті.

Ақпараттық құзыреттілік өзі туралы оқушылар мен олардың ата-аналарының, басқа ұстаздардың жұмыс тəжірибесі жөнінде ақпаратты білу мөлшерін қамтиды.

Регулятивтік құзыреттілік оқытушының өз іс-əрекетін басқара білу мүмкіншілігін білдіреді. Оған мақсаттылық, жоспарлау, тұрақты белсенділік пен өзін көрсете білуі, рефлексия, іс-əрекетінің бағасы енеді. Іс-əрекеттің негізгі факторы ізгілік, құндылық болып табылады.

Интеллектуалды-педагогикалық құзыреттілікті талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау, нақтылау сияқты қарастыра білудің кешені, аналогия, қиял, ойлау қабілетінің икемділігі мен сындылығы ретіндегі зерденің қасиеті түрінде қарастыруға болады. Ал, педагог мамандардың құзыреттіліктерін қалыптастырудың келесі деңгейiн қарастыруға болады (сур. қара):

 Сурет. Педагог-мамандардың құзыреттіліктерін қалыптастыру деңгейi

Қоғамдық-саяси даярлық болашақ мұғалімдерді қоршаған дүниені, табиғатты, қоғамдық өмірдің құбылыстарын тану əдіснамасына, əлеуметтік-экономикалық даму мəселелерін пайымдау, талдау, маңыздысын ажырата білуге, адамдармен қарым-қатынастағы жоғары мəдениеттілікке үйренуге мүмкіндік береді.

Болашақ мұғалімді терең əдіснамалық жəне теориялық тұрғыда даярлау қай кезде де күн тəртібінен түспек емес.

Олай болса, республика жоғары оқу орындарының алдында жан-жақты дамыған, саяси сауатты, терең теориялық біліммен қаруланған, адамдармен қарым-қатынас мəдениетін меңгерген маман дайындау міндеті тұр.

Бүгінгі педагогика ғылымындағы жаңа көзқарас бойынша тұлғаға бағдарлы білім негіздерін беруді емес, оқу жəне өмірлік жағдаяттарда алған білімдерін шығармашылықпен қолдануына, түйінді жəне пəндік құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы өзін-өзі дамытуына, қоршаған шынайылықты түйсінуге, өзінің даралығын сезінуге, негізгі оқу жəне айналасындағы адамдармен өзара əрекеттесу дағдыларын игеруге, өзінің оқу іс-əрекетін ой елегінен өткізуге жағдай жасауды мақсат етеді.

Осы ретте еліміздің кəсіби білім беру жүйесі алдында, оның ішінде болашақ кəсіптік оқыту педагогтарының кəсіби құзыреттілікті даярлауда ең алдымен педагогтың кəсіби құзыреттілігін қалыптастыру міндеті болып саналады. Сонымен, «кəсіби құзыреттілік» ұғымын түсіндіруде екі бағыт бар [9]:

  1. Адамның стандартқа сəйкес əрекет ету қабілеті.
  2. Жеке тұлғаның жұмыста нəтижеге жетуіне мүмкіндік беретін сапалары.

Адам туралы ғылымдар саласында кəсіби құзыреттілікті қалыптастыруға үлес қосатын, табыс үшін қажетті құзыреттіліктер деп мəселелер мен өзіндік менеджментін шешу құзыреттілігі:

  • адамның мəселесін шешуге жəне инновациялық технологияларды пайдалануға дайындығы;
  • ақпараттық құзыреттілік, яғни өздігінен білім алуға жəне ақпараттық ресурстарды пайдалануға дайындығы;
  • коммуникативтік құзыреттілік,   яғни   əлеуметтік   жəне   интерактивті   өзара   іс-əрекетке дайындығы.

Құзыреттілік бірінші орынға білімгердің ақпаратты сауаттылығын емес, оның мəселені дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Болашақ кəсіптік оқыту педагогтарының кəсіби құзыреттілігінің қалыптасуын орта кəсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды мүмкіншілігі жəне педагогикалық қызметке маманның қаншалықты дайын екендігі туралы айтуға болады. Кəсіби құзыреттілік деп педагогтың жеке бас сапалары мен оның психологиялық- педагогикалық жəне теориялық білімінің, кəсіби біліктілігі мен дағдысының, тəжірибесінің бір арнада тоғысуы деуге болады. Болашақ кəсіптік оқыту педагогтарының өз ісінің шебері, жақсы оқытушы болу үшін мамандығына қажетті қабілеттерді жəне жалпы əлемдік мəдениетті, өз елінің мəдениетін, қарым-қатынас мəдениетін, тіл мəдениетін игеріп, интеграциялық үрдістерді меңгеріп, əлемдік білім кеңістігінің өресінен шыға алуға талпынуы керек.

Сонымен, педагогикалық қызметті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретіндегі педагогикалық технологияның негізгі функциясы оқу-тəрбие процесінің сапасын арттыру жəне тұлға дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Педагогикалық технологияларды іс-тəжірибеде мұғалімдер іске асырады. Сондықтан мұғалімнің технологияның мəнін, оның ғылыми негіздерін білуі, оларды оқыту мен тəрбиелеудің нақты жағдайларына бейімдей алуы, оқу пəндерінің əдістемесі бойынша дербес технологияларды жасау білігі білім беру процесінің нəтижелі болуын ғана қамтамасыз етпейді, сонымен бірге педагогикалық технологиялардың əрбір жеке педагогтың кəсіби ойлауы мен іс- əрекетінің қалыптасуына орасан зор ықпал етеді.

Соңғы жылдары білім беру саласында болашақ мамандардың құзыреттілігін қалыптастыру туралы əр түрлі пікірлер жиі айтылуда. «Кəсіби құзыреттілік, жете білушілік» ұғымын енгізудің қажеттілігі оның мазмұнының кеңдігімен, интегративтік сипатымен, «кəсіптілік», «біліктілік»,«кəсіби мүмкіндіктер» жəне т.б. түсініктерді біріктіреді.

Кəсіби құзыреттілікті анықтау туралы мəселе педагог, философ, физиологтардың арасында пікір қайшылықтары мен жаңа ойлар тудыруда. Тұлғаның кəсіби процесін көп жағдайда оның біліктілігімен, кəсіптік құзыреттілігімен байланыста қарастырады [10].

«Кəсіптік оқыту» мамандығы бойынша бакалаврдың кəсіптік құзыреттілігінің қалыптасуы туралы мəселені зерттеу педагогика іліміндегі өзекті проблемалардың бірі болып табылады.

Елімізде қоғамдық-əлеуметтік жəне психологиялық-педагогикалық түрғыда маманның кəсіптік білім жүйесін жетілдіру бағыттарында зерттеулер көрініс алуда. Олар теориялық əдіснамалық, кəсіптік бағыттылық, психологиялық, гуманистік, мəдениеттанушылық т.б. əр түрлі деңгейлерде зерттелуде.

Кəсіптік құзырлылықтың қалыптасуы мен дамуы бұл маманның стратегиялық, тактикалық жəне оперативтік іскерліктер кешенін меңгерудің, қайраткер ретінде өзіне кəсіби іс-əрекет нысаны мен пəніне маңызды кəсіби бағыт берудің процесі.

Болашақ кəсіптік оқыту мамандығының құзырлылығының қалыптасуы бұл құзырлылықты меңгеру мен қолдану кезеңдеріндегі іскерлік процесін қамтуы қажет. Сол іскерліктер байланысы оқытушылар мен студенттер арасында өзара ықпалдасу жүйесі арқылы жүріп отырады.

Сонымен бірге ықпалдасу жүйесінде меңгеру мен қолдану іскерліктерінің стратегиялық, тактикалық жəне жедел кешендерінің шарттары арқылы болашақ кəсіптік оқыту маманның кəсіби құзыреттілігінің қалыптасу процесі айқындалады. Кешендер студенттердің іс-əрекетінде болашақ маман құзыреттілігінің субъектілік, нысандық жəне пəндік негіздерін түсіндіруге мүмкіндік туады.

Жоғары оқу орнының білім алу жүйесіндегі маманның кəсіптік құзыреттілігінің қалыптасуын кəсіптік іскерлік пен дамуының кезеңдік міндеттерінен кəсіптік міндеттерді шешуге теориялық жəне практикалық мүмкіндігі мен дайындығының бірлігінен көрінетін нəтижеге бағытталған қозғалыс циклдері деп айтуға болады.

Бүгінгі таңда білім беруді жетiлдiрудiң негiзіне құзыреттілік тəсiлдi алу ұсынылып жүр. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыреттілік, яғни нəтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру, қажеттігі көрсетілген. Білім сапасы категориясының мазмұнын ашуда «құзырет» ұғымы ерекше орын алады. Ғалымдардың пікірі бойынша, құзырет тек білімге ғана емес, біліктілікке көбірек сай келеді жəне адамның əр түрлі қажетті салалардан хабардар болуын сипаттайды.

«Кəсіптік оқыту» мамандығы бойынша бакалаврдың құзыреттілік негізіне қойылатын талаптар: Осы мамандықтың түлектері міндетті:

  • ұрпақтан ұрпаққа берілетін мəдениеттің трансляциясын қамтамасыз ететін əлеуметтік-мəдени тəжірибесінің ерекше саласы ретіндегі білім туралы біртұтас түсінігі болуы қажет;
  • гуманитарлық іскерліктің ерекше саласы ретінде білім саласы туралы біртұтас түсінігіне ие болу;
  • психологиялық-педагогикалық, əлеуметтік-гуманитарлы ғылымдарының ғылыми негіздерін білу;
  • өнеркəсіп əрекетінің білім мекемелерінде маркетинг, менеджмент, кəсіпкер экономикасының негіздерін білу;
  • əлеуметтік маңызы бар мəселелер мен үрдістерін ғылыми талдай білу жəне кəсіби, педагогикалық, қоғамдық қызметте əр түрлі ғылымдардың қазіргі əдістерін қолдана білу;
  • өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білу;
  • оқу үрдісі мен кəсіптік қызметте компьютерлік жəне оргтехниканы қолдану дағдыларының болуы;
  • оқу-тəрбиелеу үрдісінде қазіргі педагогикалық технологияларды қолдану дағдыларының болуы;
  • 2-разрядты қызмет деңгейінде қазіргі технологиялық құралдарды пайдалану дағдыларының болуы;
  • білім мен кəсіпорын саласында, ақпараттық технологияларды қолдану саласында, оқу үрдістерімен басқару саласында, мамандандыру бейіні бойынша өндірістік, кəсіптік оқыту саласында терең білімді болуы керек.

Болашақ кəсіптік оқыту педагогының даярлығын қалыптастыру мəселесінің теория мен оқыту практикасындағы зерттелу деңгейiн талдау кəсіби оқыту педагогының кəсiби даярлығы өз алдына дербес‚ бiрақ бiр-бiрiмен тығыз байланысып‚ астасып жататын ұйымдастыру-технологиялық, өндірістік-басқару, жобалау, ғылыми-зерттеу жəне білім беру даярлықтарын бiрiктiретiн көп жақты жүйе болып табылатындығын көрсетіп, оны жетілдіру жолдарын анықтауға мүмкіндік берді.

Сонымен, болашақ кəсіптік оқыту педагогтарының кəсіби құзыреттілігінің арнайы, əлеуметтік жəне тұлғалық түрлеріне ерекше мəн беріледі. Арнайы — өзінің мамандығына сəйкес білімі, біліктілігі, дағдысы, жаңа білім мен білікті өз бетімен меңгеру, өз еңбегінің нəтижесін бағалау, біліктілігінің болуы. Əлеуметтік — тіл туралы білімінің, коммуникативті мəдениетінің, басқамен ынтымақтастыққа қабілеттілігінің, өзінің іс-əрекетінің нəтижесіне, қоршаған ортаға дайындығының болуы. Тұлғалық — өзін-өзі тану бойынша біліктілік, дағдысын жетілдіруге кəсіби іс-əрекет тұлғаның дамуына дайындығының болуы. Бұл үшін, біріншіден, ақпараттық қоғамда кез келген маманның іс-əрекеті күшейтіледі, екіншіден, білім парадигмасының өзгеруі кəсіби білім, біліктілік пен дағдыға маманның дайындығын қалыптастырудың, ойлаудың əдіснамасын дамытудың қажеттілігін көрсетеді, үшіншіден, ізгілікті жəне əлемдік интегративті үрдістер тенденциясы алдымен көпмəдениетті тұлғаны қалыптастырудың қажеттілігін айқындайды.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. ҚР Президентінің «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы // Орталық Қазақстан. — 2013. — № 12, 13 (21438).Құдайбергенова К. Құзырлылық — тұлға дамуының сапалық критерийі: Ғыл.-практ. конф. материалдары. —Алматы, 2008. — 9–11-б.
  2. Тұрғынбаева Б. // Бастауыш мектеп. — 2005. — № 3. — 3–5-б.
  3. Таубаева Ш.Т., Барсай Б.Т., Оспанова Б.Ə. // Білім əлемінде. — 2013. — № 3. — 3–5-б.
  4. Готтинг В.В. Формирование информационно-технологической компетентности педагога профессионального обучения: Автореф. дис. ... канд. пед. наук. — Караганда, 2008. — 30 с.
  5. Кенжебеков Б.Т. Жоғары оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кəсіби құзыреттілігін қалыптастыру: Пед. ғыл. д-ры ... автореф.: 21.05.05. — Қарағанды, 2005. — 40 б.
  6. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: enu.kz/downloads/tyzhyrymdamasy.pdf
  7. Өтебаев И.С. Болашақ мамандарды жобалау іс-əрекетіне даярлау: теория жəне практика. — Қарағанды: Tengri Ltd, 2012. — 169 б.
  8. Əтежанова Г. Психологиялық-педагогикалық құзырлықты қалыптастырудағы жаңа формация мұғалімінің рөлі //Қазақ тілі. — 2008. — № 4. — 5–8-б.Əбілқасымова Г. Болашақ кəсіби оқыту педагогының инновациялық-технологиялық даярлығын жетілдіру: Автореф. ...пед. ғыл. канд.: 31.05.2008. — Қарағанды, 2008. — 27 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.