Экология

Экологиялық қауіпсіздікке қол сұғатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың объективтік жақтарын доктри­ налды талдау жасау їшін оның міндетті және факультативтік белгілерін нақты қылмыстық құқық бұзушылықтарға қарай ашудан бастау керек. 
2015

Қазіргі таңда қоғамды, экономиканы экологияландыру қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Қоғамды экологияландыру деп – адамның табиғатпен үйлесімділігіне қол жеткізуге бағытталған қоғам көзқарасының жүйесін қалыптастыру процесі, ал экономиканы экологияландыру өндірістің табиғатты қажетсінуін төмендету және зат пен энергия алмасу биосфералық процестеріне экономиканың әсер етуін азайту арқылы тұрақты экологиялық қауіпсіз табиғат пайдалануды және ресурстық экологиялық  тепе-теңдікті  қамтамасыз ету, құқықты экологияландыру қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегі экожүйе қағидатын ескеру болып табылады  және  заңнамасын  жетілдіру,  жүйеге  келтіру  жолымен жүзеге асырылады. Қоғамдық қатынастардың жалпы демократиялық негіздері Конституцияда жазылған, оған: заң, бостандық, жауапкершілік бірлігі, қоғамдық пікірді ескеру, азшылықтың өзіндік көзқарасқа  құқығы,  жариялылық  болып табылады.
2015

Бүгінгі күнде Алматы дүниежүзіндегі 25 ластанған қаланың тізіміне еніп отыр. Қаламыздың Қазақстандағы ең лас қала аталуының басты өзекті көзі – автокөліктер, қалалық жол полициясының деректері бойынша, дәл қазір 540 мыңнан астам көлік құралдары тіркелген. Бұлардың қатары жылына 40 мыңға дейін көбейеді. Сондай-ақ қалаға орта есеппен күнделікті 200 мыңның шамасында автомобильдер келіп кетіп жатады. Ластағыш заттардың зиянды әсер ету сипаты алуан түрлі: Олар түрлі металдардың коррозиясын үдетіп, өсімдіктер үшін улы болып келеді, сонымен қатар ыс туындауының бір себебі болады, жаппай өкпе және басқа да ауруларға ұшыратады.
2015

Бөкей Ордасында Жəңгір хан мемлекеттік деңгейде патшалық Ресейдің көмегімен шетелдік маман-ғалымдарды шақырып, ең өзекті экологиялық мəселелерді шешкен. Себебі Бөкей Ордасында Нарынқұм одан əрі жайлап, бүкіл Бөкей хандығының территориясы құмға айналып, табиғат жағдайы күннен күнге нашарлай берді. Бұл туындаған экологиялық мəселелер қазақ халқының көптеп мал өсіруіне жəне шабындықтар мен жайылымдардың өрісі тарылып, Ордада мал өсіруге, егін салуға, бау-бақшаға жер құнарсыз болды. Оған қоса Ордадағы Нарынқұм басқан жерлерде су жəне су көздері тапшы болып, халықты сумен қамтамасыз ету өте қиындық тудырып, ауыз су ішу көкейкесті мəселеге айналды. Бөкей Ордасында құм басқан территория кеңейіп, патшалық Ресейдің шекаралас губерниялар жерлерін құм басып, тарала бастады. Əсіресе ол Бөкей хандығымен шекаралас Астрахань, Саратов т.б. губерния жерлерін толық құм басу қауіпі тұрған болатын. Осы Бөкей Ордасындағы экологиялық мəселелерді жəне патшалық Ресейге экологиялық қауіп бар екенін патша өкіметіне Жəңгір хан дұрыс түсіндіре білген. Осы мəселеге байланысты Ресей жəне шетел ғалымдарын шақыртқан. Патшалық Ресей Жəңгір ханның бұл идеясын қолдап, экологиялық мəселелерді шешудің жолдарын жəне бағыттары бойынша кеңестер беріп, оған қоса əр түрлі техникалық жабдықтармен қамтамасыз еткен.
2009

Экологиялық білім беру — көп сатылы үрдіс, ол кешенді тұрғыдан қарастыруды қажет етеді. Біріншіден, адамның, қоғамның табиғатқа əсер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін қалыптастыру. Екіншіден, жеке тұлғаның адамгершілік дүниетанымын тəрбиелеу. Үшіншіден, сарамандық іс-əрекетте экологиялық білім жүзеге асуына ықпал ететін ерекшелік факторын қалыптастыру. Сондықтан экологиялық білім мазмұнына орай органикалық химия курсына қатысты қамтылатын негізгі ұғымдар мөлшерін анықтауға тура келеді [1].
2010

Мақалада мектептегі жоғары сынып оқушыларының бейорганикалық жəне органикалық химия сабақтарына экология негіздерін кірістіре оқытуды ұйымдастыру жағдайына талдау жасалынып, оны сабақта жəне сабақтан тыс кезеңдерде жүзеге асырудың формалары мен əдіс-тəсілдері қарастырылған. Авторлар осы тəсілдердің тиімділігін тəжірибелік эксперимент барысында тексеріп, ғылыми болжамның дұрыстығына көз жеткізген.
2015

Мақаланың негізгі арқауы экологиялық тəрбиеге арналған. Қазіргі өркениеттің ең ғаламдық проблемасы — экологиялық апаттың төнуі. Тірі табиғаттағы бір түр болып саналатын адам əрекетінің барлық саласында табиғатпен шиеленушілік байқалуда. Мəселенің өзектілігі өркениеттің тек қана өзін-өзі жойып жіберу ғана емес, барлық қоршаған тіршілікті Жер бетінен құртып жіберу қауіпінде. Осы тұрғыда экологиялық мəдениет аса маңызды болып табылады. Биосфераның саулығы адамзаттың қолында екендігі жəне ол мəселе жан-жақты тəрбиелі, экологиялық мəдениетті тұлға тəрбиеленуімен байланысты. Оқу-тəрбие үдерістерінде осы проблемаға баса көңіл аудару қажеттігі баяндалды.
2015

Мақаланың негізгі арқауы экологиялық тəрбиеге арналған. Қазіргі өркениеттің ең ғаламдық проблемасы — экологиялық апаттың төнуі. Тірі табиғаттағы бір түр болып саналатын адам əрекетінің барлық саласында табиғатпен шиеленушілік байқалуда. Мəселенің өзектілігі өркениеттің тек қана өзін-өзі жойып жіберу ғана емес, барлық қоршаған тіршілікті Жер бетінен құртып жіберу қауіпінде. Осы тұрғыда экологиялық мəдениет аса маңызды болып табылады. Биосфераның саулығы адамзаттың қолында екендігі жəне ол мəселе жан-жақты тəрбиелі, экологиялық мəдениетті тұлға тəрбиеленуімен байланысты. Оқу-тəрбие үдерістерінде осы проблемаға баса көңіл аудару қажеттігі баяндалды.
2015

Мақала экологиялық проблемаға арналған. Тірі табиғатта организмдердің тіршілік етуіне сыртқы күштің əсері басым болуда. Бұл жағдай адамзат қоғамының табиғатпен əсерлесуінің күшеюінен. Осы мəселеге қатысты планетамыздағы жалғыз саналы тіршілік иесі адамның биосферамен бұл байланысы көп қырлы. Өйткені өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам жүздеген, мыңдаған жабайы тірі ағзалар түрлерін пайдаланды. Бүгінгі таңда техномасса (бір жылда адамның жасап шығарғаны) биомассадан (жабайы тірі ағзалар салмағы) бірнеше есе асып түседі. Техникалық ландшафтар өндіріс қалдықтарынан жасалуда. Тұтас бір аймақта тіршілік белгілері жойылған. Табиғат тек қор ретінде қаралады, бұл техникамен қаруланған адамның қоршаған ортаға тигізген кері əсерінің анық жемісі екендігі айтылады.
2015

 Мақалада оқу-тəрбие үрдісінде тиімді əдіс-тəсілдерді таңдай отырып, мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тəрбие беру жұмыстары қарастырылған. Авторлар зерттеу жұмысында экология жайында алғашқы қарапайым ұғымдарын қалыптастыру жолдарын сипаттаған. Жұмыс түрлері балабақша бағдарламасына сай жоспарланған. Оқу-тəрбие үрдісіндегі экологиялық тəрбие беру жұмыстарында пəнаралық байланыстың (дүниетану, бейнелеу өнері, тіл дамыту жəне музыка) тиімділігі көрсетілген. Кешенді сабақ түрлерін ұтымды жақтары талданды. Зерттеу барысында Талдықорған қаласының № 42 балабақшасы негізінде жүргізілген эксперименттік-тəжірибелік сабақтар сипатталған.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.