Шарттар

ХХ ғасырдың бірінші жартысында ұжымдық шарттың заңи әлеуметтік-экономикалық мәні зерттелген, ең бірінші болып осы мәселені француз ғалымы Б. Рено, неміс ғалымы Лотман жүзеге асырды. ХХ ғасырдың аяғында орыс ғалымдары И.С Войтинскийдің екі мақаласында және Л.С. Таля өз баяндамасында «азаматтық құқықтың институты ретінде- тарифтік (ұжымдық) шарт» [1].
2011
Тег: Шарттар

Нарықтық қатынастардың жаңа талаптарына сәйкес, шаруашылық қатынастарының субъектілері кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асыру  барысында  көптеген  күрделі  мәселелерге  (мысалы: құқықтық қамтамасыз ету, коммерциялық операцияларды жүргізу сияқты) тап болды. Бұл мәселелерді шешуде коммерциялық делдалдың орны ерекше. Коммерциялық делдалдың қызметі: біріншіден делдалдың қызметімен жасалатын қызмет болса; екіншіден тауарды өндіруші мен оны тұтынушыға жеткізу арасындағы операция; үшіншіден тауарды жеткізуші мен тұтынушы тараптарды байланыстыратын шарттың пайда болуына жәрдемдесуші қызмет; төртіншіден белгілі бір ақы үшін сатушы мен сатып алушы арасында сауда шартын жасауға жәрдемдесуші қызмет [1, 41 б.]. Біздің пікірімізше, бұл делдалдықтың аталған белгілердің барлығына тән және бір тоқтамға келуге мүмкіндік беретін белгісін атап көрсетуге болады.
2011

Еңбек шарттарының азаматтық шарттардан айырмашылығына, ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, аталған құқықтық салалардың бастамаларының (принциптерінің) негіздерінің өзгеше болуында. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 6-бабына сәйкес, негізгі бастама ретінде «әркімнің де еңбекті еркін таңдауға немесе еңбекке қандай да болмасын кемсітушіліксіз және мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығы, өзінің еңбекке қабілеттілігіне иелік етуге, кәсіп және қызмет түрін таңдауға құқығы бар» -делінген, ал Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) негізгі бастама ретінде қатынастарға қатысушылардың теңдігін...... (АК., 2-бап) аталып көрсетілген.
2011

Кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында, əсіресе оның бастапқы кезеңдерінде кəсіпкерлердің азаматтық айналымға қандай атпен қатысып отырғаны үлкен маңызға ие болады. Осындай жағдайда аты баршаға мəлім, өнімді əрдайым тұтынушылардың сұранымына ие, тұрақты бизнесі бар компанияның фирмалық атауын, өндіріс құпияларын жəне айрықша құқықтардың өзге де объектілерін пайдаланған тиімді. Бұл – кəсіпкер мен компанияның арасындағы кешенді кəсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шартын жасасу мен орындау арқылы мүмкін болады. Кешенді кəсіпкерлік лицензия шарты рента, лизинг, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттарымен қатар жаңа шарттық институттарға жатады.
2011

Бұл мақалада Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы бойынша мəмілелердің жарамсыздығы негіздері туралы айтылған. Соның ішінде мəмілелердің мазмұнына қойылатын та- лаптарды бұзу мəселелері, сондай-ақ құқықтық тəртіп негіздеріне немесе адамгершілікке көрінеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мəмілелер, сонымен қатар жалған жəне қулықпен жасалған мəмілелер туралы баяндадады жəне аталған мəмілелердің өмірде, сот тəжірибесінде көрініс табуы мəселелері қарастырылған.
2012
Тег: Шарттар

Осы мақалада ұжымдық шарттың өзге келісімді шарттардан ерекшеліктері, ұғымы мəселелері талданған. Ұжымдық шарттың тараптарының өкілдерінің ұжымдық шартты жасау ерекшеліктері, міндетті түрде жазбаша нысанда болуы керек екендігі қарастырылған. Ұжымдық шарттың тараптары шарт жасасқаннан кейін міндетті түрде жеті күннің ішінде күшіне енеді.
2013
Тег: Шарттар

Ғылыми жұмыстың мақсатына сәйкес ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартын бұзғандығы үшін жауапкершіліктің туындау негіздері мен ерекшеліктері қарастырылды. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартының тараптары мен берілген талап бойынша борышқордың арасындағы қатынастардың құқықтық реттелу ерекшеліктерінің бірі болып берілетін талап бойынша клиент пен борышқор арасындағы келісіміндегі талапты беруге тыйым салудың жарамсыздығы туралы мәселелерге мән берілді. Талапты ауыстыру және ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты арасындағы айырмашылықтар да зерттелді.
2014
Тег: Шарттар

Мақалада қазақ қоғамында көшпенді өмір салтымен қатар жүрген қатынастарды реттеу тетіктері сипат алады. Бұл жөніндегі зерттеуші ғалымдардың ой-пікірлері айтыла келіп, қазақ қоғамындағы шарттық нормалардың қалыптасу себептері ашып көрсетіледі. Сонымен қатар қазақ қоғамындағы тұрмыстық, сауда-саттық және өзге де шарттық қатынастарды реттеген нормалардың қайнар көздері сипат табады. Сол қайнар көздерді талдау нәтижесінде шарттық қатынастардың түрлері жіктеліп шығарылған. Нәтижесінде қазақ қоғамындағы шарттық қатынастарды реттеген нормаларды талдай келе өзіндік қорытындылар жасалды.
2014
Тег: Шарттар

Бұл мақалада мұрагерлікпен байланысты туындайтын келісімшарттардың табиғаты, ережелері соның ішінде мұндай келісім шарттардың маңызды түрі ретінде ата мұрасының ерекшеліктері қа- растырылады. Қазақ әдет құқығы жүйесінде мұрагерлікпен байланысты туындайтын келісімшарт- тардың қатарына, қазақ қоғамында кеңінен дамыған ата мұрасы және т.б. жатқызуға болады. Осы жерде тағы бір ескеретін жағдай, дәстүрлі қазақ қоғамындағы келісімшарт қатынастары негізінен ауызша бекітіліп және орындалып отыратын болған. Қазақ даласының тұрмыс тіршілігін зерттеген ғалымдардың еңбегінде және тікелей қайнар көз- дерден Қазақ әдет- ғұрып құқығы өсиет бойынша және мұра қалдырушының ұйғарымы бойынша мұралық мүлікті қалдыру дегенді білмегендігі анық көрінеді. ХІХ ғасырда өз мүлкіне билік етуге құ- қылы адамдардың рухани өсиеттері туралы деректер бар, бірақ мұра қалдырушы заңды мұрагерлер- дің мүддесін қанағаттандырғаннан кейін қалған мүліктің үштен бір бөлігін ғана өсиет бойынша қал- дыра алды. Ата мұрасы қазақ қоғамында әрқашан да үйдің кенжесіне қалдырылатын үлкен үлестің бірі. Ата мұрасы дағдылы қалыптасқан келісімшарттық жүйенің көрінісі дей келе, бұл институттың ауызша ғана болғандығына қарамастан, тараптардың бір- біріне берген сөзінің өзі заң болғандығын көрсетті, өйткені әдет- ғұрып бойынша адамның ар- намысы мен беделі жоғары құндылық ретінде қаралды. Ауызша куәліктің өзі шарттың сақталатындығына кепіл болды.
2014
Тег: Шарттар