Бұл мақалада мәмілешарт түсінігі туралы қарастырылған. Екі немесе одан да көп жақтың аза маттық құқықтар мен міндеттерді анықтау, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі ретіндегі келі сімшарт. Бұл анықтамада мәмілешарт туралы айтылғаны анық. Келісімдер, шарт ретінде, заңдық фактілерден айырмашылығы да, мазмұны да жоқ. Оған тек келісімшарттан шыққан келісімдік құқықтық қатынас ғана ие. Сонымен қоса, басқа да құқықтық қатынастардағыдай келісім мазмұнын контрагенттердің өзара құқықтары мен міндеттері құрайды. Әдебиетте құқықтық қатынастардың пайда болу негізі ретіндегі келісім түсінігі мәселесі бойынша бір біріне сәйкес келе бермейтін көз қарастар білдірілген болатын. Мысалы, ресейлік заңгерғалымдар М.И. Брагинский мен В.В. Вит рянский АҚШ Бірыңғай сауда кодексіне көңіл аударады. ҚР Азаматтық кодексінде «шарт» және «келісім» ұғымдарымен қатар тағы бір ұғым кеңінен қолданылады – ол «келісім беру» ұғымы. «Келісім беру» «келісім» ұғымына қарағанда заңдық фактілерге тән салдарды туындатпайды.
С.Ж. Айдарбаев, Ж.Д. Абишева
2014