Мақалада инновациялық жүйе ретіндегі білім беру қызметі нарыңының даму ерекшеліктері қарастырылған. Аталмыш тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасындағы индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына сай айқындалады. Оның ішінде инновациялық дамудың бірден-бір бастамасы - білім беру жүйесінің дамуы саналады.
Білім беру мен ғылым жүйесінің қайта құрылу қорытындысын атап көрсете отырып, елдің барлық әлеуметтік-экономикалық ерекшелігі ескерілген білім беру мен ғылымның жаңа ұлттық моделі құрылды деп айтуға болады. Білім беру жүйесінде моделдің әрі қарай дамуы келесіні ұйғарады - қазіргі заманғы талаптарға сай келетін деңгейге білім беру қызметінің сапасын көтеру, ғылыми салада - ғылыми ізденістерді, ғылыми сыйымды өнімді өндіруді және жоғары білікті ғылыми кадрларды дайындауды іргелендіру.
Өзгерген әлеуметтік тапсырыстар талап ететін мамандарды дайындаудың сапасына қойылған талаптардың өсуі, Білім және ғылым министрлігінің алдында білім беруді жан-жақтылаудың жаңа концептуалды платформасын әзірлеу талабын қояды, яғни, жоғарғы деңгейлі базалық білім беретін білім берудің әр сатысы үшін жан-жақтылаудың негізін құру. Қол жеткізілген деңгей өндірістік және ғылыми, сонымен қатар қазіргі заманғы жалпы әлемдік қарқынға сай келетін білім беруді көтеру жағдайында маманның әрі қарай аяғынан тұру үдерісінде жетілдірілуі керек.
Әлемдік экономиканың ғылыми-техникалық дамудың жаңа парадигмасының құрылуы, көптеген сарапшылардың ойынша жаңа технологиялардың әлеуметтік-экономикалық мақсатының күшеюімен байланысты. Келесі онжылдықта емдеудің генетикалық әдісін қолдану негізінде денсаулық сақтауда революция басталуы мүмкін, табиғатты қорғау қызметінің қағидалары мен әдістерінде радикалды өзгерістер болады.
Жекелеген елдердің ортасында технологиялық тәртіптің ауысу үдерісінде ұлттық инновациялық жүйелер (ҰИЖ) құрылады және эволюцияланады. ҰИЖ - ұлттық шекара шегіндегі ғылыми білім мен технологияларды өндірумен және коммерциялық жүзеге асырумен айналысатын өзара байланысқан мекемелердің (құрылымдардың) жиынтығы - шағын және ірі компаниялар, университеттер, мемлекеттік зертханалар, технопарктер және инкубаторлар. ҰИЖ басқа бөлігі - инновациялық үдерісті қамтамасыз ететін және мықты ұлттық тамыры, дәстүрі, саяси және мәдени ерекшеліктері бар құқықтық, қаржылық және әлеуметтік сипаттағы институттардың кешені [1].
Инновациялық жүйелер әр ел үшін берілген көптеген объективті факторлардың әсер етуімен құрылады, ол факторларға жататындар олардың мөлшері, табиғи ресурстардың бар болуы, географиялық жағдайы және ауа-райы, мемлекет институттарының тарихи дамуының және кәсіпкерлік қызметінің түрлерінің ерекшеліктері. Бұл факторлар инновациялық белсенділіктің ұзақмерзімді бағыттарының детерминанты және эволюциясының жылдамдығы болып табылады. Сонымен қатар, әр ҰИЖ нақты құрылыммен және институтционалдық өзара әрекеттің қажетті тұрақтылығын көрсететін тәртіптің кейбір дәрежесімен сипатталады. Және де әр елде институтционалдық элементтердің ұлттық конфигурациясы құрылады.
ХХ ғасырдың ағымындағы ҰИЖ тарихын оқу. Ғасырдың бірінші жартысында олардың құрылуы, нарықтық күштің әсерінде болған кәсіпкерлік саланың белсенділігі болды. Бұл АҚШ үшін жәнеде негізінен еуропалық елдерге тән болды. Екінші дүние жүзілік соғыстың кезінде және одан кейін мемлекеттің барлық инновациялық салаға әсері күшейді, ол инновацияның өсуін тездетуге, дамудың саяси басымдылықтарын күшейтуге, ғылыми мекемелердің түрлерінің күрделіленуіне әкелді. 80- ші жылдардың екінші жартысында мемлекеттік бақылау әлсіздене бастады, жаһандық нарықтың факторларының қызметі күшейе бастады [2].
ХХ ғасырдың 60-70-ші жылдары ғылым саласындағы мемлекеттің әр түрлі қызметтерін жүзеге асыру тұрақты сипатта болды, ал ғылыми немесе ғылыми-техникалық дербес саясат, мемлекеттік реттеудің орталық бағыттарының бірі болды.
Ғылымның дамуына бірнеше онжылдықтың ұзақтығына мемлекеттің басымдылық қатынасы күшті және терең куммулятивті әсер туғызды: ғылыми-техникалық саладағы мемлекеттің позициясы күшейді, ҰИЖ жекеше салаларының дәстүрлі өзара әрекетінің механизмдері өзгерді, қоғамдық-экономикалық дамудағы ғылымның ролі көтерілді.
Ғылыми-техникалық дамудың басымдылықтарын анықтау және саралау және ірі мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру туралы шешім қабылдау елдің саяси, құқықтық және бюджеттік даму үдерісіне енгізілген. Мүдделерді келісудің нақты механизмі беделді саяси күштердің және инновациялық үдерістің ең мықты қатысушыларын - министрліктердің және ведомствалардың өкілдерін, инновациялық дамуды қаржыландыратын ірі корпорацияларды - мүдделері парламентте жақсы көрсетілген мердігерлерді, шағын ғылыми сыйымды компанияларды, сонымен қатар ғылыми қауымдастықтың көшбасшыларының қатысуын ұйғарады.
Соңғы онжылдықта бұл үдерістер әр түрлі аналитикалық әдістерге белсенді түрде сүйенеді - Дельфи әдісімен болжау; ғылыми қауымдастықтан көп сарапшыларды тартатын, критикалық технологиялардың тізімін құру.
Дамыған елдердегі мемлекеттердің маңызды емес қызметтері кәсіпкерлік саласының инновациялық қызметі үшін жағымды жағдай жасау болып табылады.бұл қызметтерді жүзеге асыру үшін экономикалық және бюджеттік саясаттың келесі шаралары қолданылады:
Жеке саланың инновациялық дамуының шығындарын өнімнің өзіндік құнына қосу.
Ғылыми құрылғылардың ауқымды бөлігін амортизацияның тездетілген әдісі бойынша есептен шығару.
Ірі корпорацияларда ғылыми шығындардың көлемін тұрақты өсіруге және жаңа технологиялар саласындағы инновациялық қызметке шағын және орта бизнесті тартуға бағытталған адрестік салықтық жеңілдіктер жүйесін қолдану.
Ғылыми-техникалық әзірлеулерді жеңілдікпен несиелендіру және ірі жобаларды үлестік қаржыландыру, венчурлық қаржыландыруды дамыту үшін институтционалдық жағдай жасау.
Инновациялық кәсіпорындардың мекемелері үшін (негізінен білім беру саласы немесе шағын және орта бизнес үшін), сонымен қатар аймақтарда ғылыми инфрақұрылым құру үшін, мемлекеттік мүлікті немесе жерді жеңілдік жағдайымен ұсыну немесе қайтарусыз беру.
Көрсетілген шаралар барлық дамыған және жаңа индустриалдық елдерде қолданылады және инновациялық белсенділікті ынталандыру мақсатында монополияға қарсы реттеуді, кедендік саясатты, интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғауды дамыту бойынша орталық және жергілікті үкіметтің іс әрекеттерімен толықтырылады. Елдердің арасындағы айырмашылық негізінен көрсетілген құралдардың қолдану мерзімімен, ұсынылатын жеңілдіктердің масштабымен, қандай да бір салаларды қолдаудың басымдылығымен көрсетіледі.
Бұл бағыттың соңғы бес жылдықта көрінген жаңа беталысы - ғалымдардың өздерінің және олар құрған құрылымдардың қызметтерінің коммерциялық сипаттарын күшейту. Егер бұрын профессорлар келісім шарттың негізінде көрсететін ақпараттық, кеңес берушілік, білім беру қызметтері тепе-тең мағынаға ие болса, қазір ғалымдар компанияларды құруға, бизнеске тікелей инвестиция салуға (портфелді инвестиция туралы айтып керек емес, өйткені АҚШ әр түрлі компаниялардың акцияларының иегерлері көптеген студенттер де болып табылады) жиі-жиі өздері қатысады. Өз ісін құрған және студенттер мен аспиранттарды ғылыми сыйымды компанияның жұмысында қолданатын профессор, - ең көп тараған көрініс.
Университеттерде ғылыми қызметті белгілі "антрепренеризациясы" университеттерді ғалымдары бюджеттік қаржыландырудың қорытындысында жүзеге асырылған зерттеулердің және әзірлеулердің қорытындыларын патенттеуге тиым салуды алып тастаудың; 90-шы жылдардың екінші жартысында қор нарығының дамуының ұзақ мерзімді жағымды динамикасының және ғылыми сыйымды компаниялардың жағымды курстық құнының динамикасының; шағын ғылыми сыйымды компаниялардың айқын коммерциялық жетістіктерінің мысалдарының арқасында мүмкін болды.
Академикалық және іскерлік (кәсіпкерлік) мәдениет, этика, ынталандыру әр түрлі, олар кейде бір-біріне қарама-қайшы келеді, сондықтан жанжалдың негізін құрады. Ғылыми шығармашылық пен кәсіпкерліктің бірігуі әрқашан жемісті болмайды, қандайда бір таңдау жасау қажет болады. Бірақ, соңғы жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, жекеше негіздегі ғылыми кәсіпкерлік ең жақсы динамикалық сегменттің бірі және қазіргі заманғы ғылымның қозғаушы күші болып табылады.
Біздің ойымызша, ХХ-шы жүзжылдықтың инновациялық саланың дамуының басты қорытындысы, қандай да бір техникалық идеяның көрінуі немесе жаңа технологияларды жемісті экономикалық жүзеге асыру емес, ұлттық шаруашылықтарда жаңа ағзаның - инновациялық жүйенің пайда болуы болып табылады, оның аясында радикалды жаңа енгізулердің кластерлері тұрақты және үздіксіз туады және жүзеге асырылады. Бұндай жүйелердің жемісті қызмет етуі күшті ғылым мен білімді ғана емес, сонымен қатар басқада институтционалдық жағдайлардың толық кешенін талап етеді. Олардың арасындағы ең маңыздысы келесілер болып табылады [3]:
- Ұлттық жүйенің маңызды сегменті ретіндегі бәсекеге қабілетті кәсіпкерлік спектр. Оның құраушысы, ғасырдың басындағыдай ірі корпорациялар болып табылады. Зерттеу әлеуеті, ресурстардың шоғырлану масштабы, болашағы жоқ бағыттардан қаражаттарды ең әлеуетті бағыттарға қайта бөлу корпорациялардың ерекше қызметтерін жаңа енгізулерді құру және коммерциялық жүзеге асыру үдерісінде көш басшы ретінде сипаттайды. Олар ҰИЖ басқа салалары - университеттер, мемлекеттік зертханалар, пайдасы жоқ мекемелер, өздеріне ала алмайтын, әр жеке елдің инновациялық қызметінің деңгейі мен қарқынын анықтайды.
- Білім беру, ғылым мен технологияның дамуындағы мемлекеттік саясаттың басымдылығы, инновациялық өсу үшін жағымды институтционалдық жағдай құру. ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында бұндай саясатты жүзеге асыру, көптеген елдерді, кешегі аутсайдерлерді ғылыми- технологиялық дамудың қағидалы маңызды бағыттардың қатары бойынша көшбасшылардың қатарына шығарады.
- Ұлттық ғылыми-техникалық әлеуеттік маңызды шарты ретіндегі жаһандық инновациялық салағы бірігуі. Барлық елдердің ИД шет елдік қаржыландарудың үлесінің өсуі, 90-шы жылдары интеллектуалдық меншікпен, ғылыми сыйымды тауарлар мен қызметтермен әлемдік сауданың жоғарғы өсу қарқыны, жаңа экспортер-елдердің пайда болуы, сонымен қатар ғылыми сыйымды тауарларды өндіретін елдердің санының әрқашан кеңейуі бұндай стратегияның тиімділігін көрсетеді. Инновациялық қызметті интернационалдаудың жоғары деңгейі, ғылыми қауымдастықпен және ең ірі тұтынушымен пайда болған өзара байланыс, қаржылық және кадрлық ресурстарға кірумен, жаңа енгіулердің үдерісінің осы елдің институтционалдық жағдайымен тығыз байланысының арқасында ұлттық негіздің мағынасын жоққа шығармайды, оны күшейтеді.
Алдыңғы қатарлы индустриалдық елдерде "жаңа экономиканың" құрылуы, инновацияның экономикалық ролінің, инновациялық үдерістерді жүзеге асырудың бағыттарының және механизмдерінің қарқындарының өзгерісімен мағыналы түрде дәйектелген [4].
1987 жылы технологиялық даму деңгейінде ұлттық ерекшеліктерді түсіндіру үшін К. Фримен ұлттық инновациялық жүйе түсінігін ұсынды [6].
Қазіргі заманғы теорияда ұлттық инновациялық жүйе (ҰИЖ) келесідей анықталады, "инновациялық үдеріске әсер ететін, үкеметке саясатты құру және жүзеге асыру үшін қызмет ететің негізді құра отырып, жаңа технологияларды құруға және тартауға өзінің үлесін бірігіп және жеке жеке қосатын әр түрлі институттардың жиынтығы. Бұл - жаңа технологияларды анықтайтын білімді, машықты және артефакті құру, сақтау және беру үшін арналған өзара байланысқан институттардың жүйесі".
Сонымен, экономиканың инновациялық дамуының тиімділігі, өзерікті жекелеген экономикалық агенттердің (фирмалардың, ғылыми мекемелердің, жоғарғы оқу орындарының және т.б.) қызметтері қаншалықты тиімді екенінен ғана байланысты емес, сонымен қатар, "білімді құру мен пайдаланудың ұжымдық жүйесінің элементі ретінде бір-бірімен, және де қоғамдық институттармен (құндылық, құқық нормасы сияқты) қалай өзара байланыстары да тәуелді".
Отандық ғылымның құрылымында зерттеулер мен әзірлеулер жүргізетін жоғарғы оқу орнының үлесі төмен болып қала береді (ЕС елдерінде 21%, Жапония мен АҚШ 14-15% салыстырғанда отандық ғылымға деген шығын 5% -дың шамасында). Қазақстанда, айта кету керек, жаңадан құрылған жеке жоғарғы оқу орындары зерттеулер мүлдем жүргізбейді, ал мемлекеттік жоғарғы оқу орындары студенттерді тарту бойынша жеке білім беру жүйесімен бәсекеге қабілеттілікпен күреспен айналысуда - "ғылымға уақыт жоқ". Өткен ғасырдың соңында кейбір мемлекеттік жоғарғы оқу орындарының және ғылыми-зерттеу мекемелерінің бірігуі болды, ол соңғылардың ыдырауына әкеліп соқты. Сонымен қатар, ірі мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында соңғы уақытта "инновациялық орталықтар" ашылуда, олар жоғарғы оқу орнының инновациялық қызметінің дамуымен де айналыспайды, олар өздерінің жұмыстарын да түсінбейді. Бұндай көріністің жалғасы ғылымға да қайтарылмайтын әсер туғызады, және де мамандарды дайындаудың сапасына да әсер етеді. Реформа кезінде құрылған жоғарғы мектептің моделі өзінің аймақтарды басуының күшіне қарай, инновациялық қызмет үшін, толық көлемде ұйымдастырылу және қаржыландыру болған кездекөптеген аймақтарда әр түрлі біріктірілген құрылымдарды (оқу-ғылыми және ғылыми- инновациялық кешендер және т.б.) қолдануға мүмкіндік береді.
Отандық ғылым әлсіз инновациялық бағдарланумен ерекшеленеді. Инновация саласында нарықтың сәтсіздігі 1990-шы жылдардағы өндірістің дағдарыстық құлдырауымен ғана емес, сонымен қатар институтционалдық құрылымдардың орындалатын зерттеулерінің тақырыптарының және ғылымның қызмет ету механизмдерінің экономиканың талаптарына сәйкес келмеуімен түсіндіріледі. ХХІ ғасырдың аясындағы инвестициялық өсудің жағдайында ғылыми саланың кәсіпорындарына қаражаттардың ағылып құйылуы байқалмайды, сол уақытта, біздің бағалауымыз бойынша технологияларға төлем қабілетті сұраныстың жартысы импорттың арқылы қанағаттандырылады.
Бүгінгі күні Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесі балансталған; оның негізгі элементтері - ғылыми-техникалық сала, жоғарғы оқу орны, кәсіпорындар, инновациялық инфрақұрылым - бір- бірнен елеулі оқшауланған. Елдегі анықталмағын экономикалық жағдай шартында өнеркәсіптік саланың стратегиясы инновациялық дамуға, отандық зерттеулер мен әзірлеулердің қорытындыларын пайдалануға бағытталмағын. Өнеркәсіптегі инновациялық белсенділік деңгейі 1999-2003 жылдардағы инвестициондық көтерілуінде 5%-дан аспайды, ал ЕО елдері бойынша бұл көрсеткіш 51% құрайды. Бірақ ғылым мен өнеркәсіптің автаркиясы ұзаққа созыла алмайды, өйткені қолда бар ғылыми- техникалық база тез тозады. Бүгінгі күндегі ғылым өнеркәсіппен тиімді өзара әрекет етуге және экономиканың қажеттілігіне адекватты әсер етуге мүмкіндігі жоқ. Шаруашылық айналымға ғылыми әзірлеулерді енгізуді интеллектуалдық меншіктің құқығын бөлу мәселесінің шешілмеуі, технологиялар және ақпараттық қызметтер нарығының дамымағаны тежейді.
Елде өткізіліп жатқан нарықтық қайта түрлендірулер инновациялық қызметтің жандануына ынталандыру болған жоқ. Экономиканың қызмет етуінің қолда бар моделі ғылыми-техникалық үдеріс және инновациялық даму үшін жағымды емес өзін- өзі дамытудың және инерттіліктің ішкі механизмдерімен ерекшеленеді. өнеркәсіптік әлеуеттің ұдайы өндірісінің асқынған мәселесінің қасында (негізгі қорлардың жоғары деңгейде тозуы, өндірілген өнімнің көп түрлерінің бәсекеге қабілетсіздігі, ескірген ресурс сыйымды технологиялар және т.б.) ғылымның жетістіктері қажетсіз болып қалады. Бұған себеп келесілер болып табылады: кәсіпорындарда инвестициялық ресурстардың жетіспеушілігі; өнеркәсіпті дамыған елдердің жағынан өсіп жатқан ғылыми-техникалық бәсекелестіктің әсерімен сұраныстың құрылымын өзгерту; бірінші кезекте жұмысбастылықты және еңбек ақы деңгейін сақтауға бағытталған ынталандырушы факторларды күшейту; кәсіпорындарда инновациялық менеджмент мәдениетінің жоқтығы.
Бұндай беталысты сақтаған кезде ғылымның да, сонымен қатар жоғары технологиялық саланың да қайтарылмайтын дағдарысын күтуге болады, сондықтан ұлттық инновациялық жүйені тез жаңғырту "жаңа экономиканы" құрудың алдыңғы қатарлы міндеті болып табылады.
Әлемдік масштабта Қазақстанның үлесіне ғылыми білімнің шамалы көлемі келеді. Сондықтан, бұл пропорцияны мағыналы өзгерту және Қазақстанда технологияларды коммерциялау және білімді өндіру үшін тиімді жүйені құру үшін Қазақстан Республикасының Президентінің соңғы жолдауында Қазақстанда "ақылды экономиканың" негізін құрудың сұрақтарына үлкен бағыт ұсынылған. Оны құру үшін Қазақстанда, біріншіден отандық "адам капиталын" дамыту, және бастапқы кезеңде келсілерге көңіл аудару керек:
- дамудың деңгейімен сәйкес біздің жаңа экономика үшін қажетті, жалпығы бірдей қол жетерлік білімнің базасын жиі жаңарту үшін сәйкес инфрақұрылымды құру және талаптар енгізу;
- білім беру бағдарламасын жүзеге асыру және ғылыми-қосалқы зерттеулерді жүргізу үшін инновациялық-білім беру консорциумын құруда тікелей қолдау көрсету;
- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық жұмыстарға, гранттарға, біріккен ғылыми басылымдарға және т.б. мемлекеттен немесе жеке салалардан тапсырыстар алу үшін ғылыми- зерттеу институттарының және жоғарғы оқу орындарының конкурстарда бірігіп қатысу тәжірибесін кеңейту;
- жабдықтаушы компанияларға жаңа технологияларды ұсыну, осы технологиялармен жұмыс істеу үшін қазақстандық қызметкерлерді міндетті түрде оқыту;
- кәсіпкерлер жеке салаларды ғылыми- технологиялық қамтамасыз етуде және бәсекеге қабілеттілікте қызығушылық тудыру үшін сәйкес алғы шарттар құру керек. Кәсіпкерлердің қазақстандық мамандарды оқыту бойынша келісім шарттық міндеттерін орындауды нақты бақылау керек [1].
Ақылды экономикасыз, немесе, оның басқаша атауы, білімге негізделген экономика, экономикалық өсумен басқару, жаһандық экономикада толығымен қатысуға мүмкін емес. Білімге негізделген экономика, адам университетте ала алатын білімнің қандайда бір сомасын, жоғарғы технологиялық салалардың бар болуын ғана емес, сонымен қатар, өндірісті басқара алу, жаңа өнімді шығара алуды ұйғарады. "Ақылды экономика" үшін жаңа білімді құру маңызды емес, ал оны дұрыс қолдану маңызды. Яғни, әлемдік тәжірибені қолдану және әлемдік стандарттарға сай келуге ұмтылу.
Бұл жағдайда стандарттарды әдістемені әзірлеген Дүниежүзілік банк (ДБ) қояды, ол көптеген көрсеткіштердің негізінде нақты бір елдің экономикасының "ақылды" анықтамасына сай келетінін көрсетеді. ДБ сонымен қатар, әр түрлі елдерді білім индексі және білім экономикасының индексі бойынша салыстыуға мүмкіндік беретін рейтинг құрады. Біріншісі (Knowledge Index) елде білімнің дамуының жалпы әлеуетіне жатады, оны интеллектуалдық даму индексі деп атайды, екіншісі (Knowledge Economy Index) - елдің білім экономикасындағы қозғалысының дәрежесі.
Бұл рейтингтағы Қазақстанның орны "ақылды экономика" құрудың міндеттерін орындау жолындағы күшті және әлсіз жақтарын көруге мүмкіндік береді. Құрамында 132 елді қосатын, интеллектуалдық даму рейтингінде біз 64 орында тұрмыз. Көшбасшы елдер скандинавтар - Швеция, Дания және Финляндия. Біздің басты экономикалық серіктес және көптеген интегралды жобалардың қосымша авторы Ресей 38 орында тұр. Біздің артымызда Түркия, Таиланд, Қытай, Египет, Индия.
Біз өл алдымызға кеудемсоқтық міндеттер қойғанымызбен, болашақта біз АҚШ немесе Батыс Еуропа деңгейіне шығуды жоспарламаймыз. Сондықтан Дүниежүзілік банк біздің рейтингімізге -аймақтық (Шығыс Еуропа және Орталық Азия) құрамында 27 мемлекет бар елдердің тар тобының саласында көру мүмкіндігін қалайды. Бұл жерде біздің орнымыз жақсы - біз 18 орында тұрмыз, біздің алдымызда Славения, Чехия және Венгрия сияқты елдер ғана емес, сонымен қатар, ТМД бойынша көршілеріміз - Ресей, Белоруссия, Украина, Армения және Грузия.
Сонымен қатар, біз өзімізді табыс деңгейіміз бойынша тең елдермен де салыстыруымызға болады (ДБ оларды "төменгі деңгей" деп анықтайды және оларға 40 мемлекет жатады). Бұл тізімде біз Ямайкамен Таиландтың ортасынды оныншы орында тұрмыз.
Жалпы алғанда Қазақстанның көрсеткіштері жаман емес. Бірақ бұл, еске сала кетейік, біздің әлеуетіміз ғана. Егер, ондағы нақты қозғалысты көрсететін және институтционалдық режим индексі, инновация индексі, білім беру индексі және ақпараттық технологиялар индексі сияқты көрсеткіштерді ескеретін, білім экономикасының индексіне Knowledge Economy Index, келетін болсақ, онда Қазақстанды 71-ші орныннан табамыз.
Әлеуеттік және нақты көрсеткіштердің арасында айырмашылық қайдан пайда болғанын түсіну үшін, басқа елдерге қатысты біздің орнымызды анықтайтын төрт индекске қарасақ болды. Және Қазақстанды табыс деңгейіміз бірдей елдердің арасындағы біздің көршіміз - Таиландпен салыстырайық. Бізде білім беру индексі біраз жоғары - 7,61 оларда 5,17. осының арқасында біз Таиландтан озып бара жатырмыз. Басқа көрсеткіштердің барлығынан қалып бара жатырмыз - институтционалдық режим, инновациялық және ақпараттық технологиялар бойынша.
Қазақстанның экономикада ғылыми әзірлемелерді қолданудың рейтингіне жеке тоқталып кетуге болады (Сурет 1), онда біздің еліміз 56 орында тұр. Бұл алға жылжу Қазақстанның соңғы үш жылдағы инновациялық қызметтің жанданғанымен және Қазақстанда ғылыми сыйымды саланың дамуын ынталандыратын 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асырудың басталуымен түсіндіріледі.
Көрсеткіштер |
Нақты сандар |
Рейтинг |
---|---|---|
ЖІӨ өсуі (%) |
10,32 |
9,96 |
Адамзаттың даму индексі |
0,761 |
4,92 |
Тарифтік және тарифтік өсім шектеулер |
3,5 |
2,56 |
Реттеу сапасы |
-0,47 |
3,03 |
Заңның үстемдік құруы |
-0,79 |
2,27 |
ҒЗТКЖ зерттеушілер (1 млн.адамға) |
629 |
4,26 |
Ғылыми басылымдардағы мақалалар (1 млн.адамға) |
8,59 |
3,82 |
АҚШ патенттік бюросымен берілген патенттер |
0,13 |
4,09 |
Ү лкен жастағы халықтың сауаттылығы |
99,5 |
7,73 |
Орташа мектепте оқитындар |
98,1 |
7,83 |
ЖОО оқитындар |
48 |
7,28 |
Телефондар (1 мың адамға) |
350,3 |
3,94 |
Компьютерлер (1 мың адамға) |
Н.д. |
Н.д. |
Интернетті қолданушылар (1 мың адамға) |
26,6 |
2,27 |
Кесте 1- Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік рейтингін құрайтын жекелеген көрсеткіштер
Біздің рейтингіміз құрылатын басқа да көрсеткіштерді қарау керек (Кесте 1).
Біздің басты жетістігіміз - ЖІӨ өсуі екенін көруімізге болады. Он баллдық шкала бойынша ол бізге 9,96 балл беріп отыр. Жалпы сауаттылық пен студенттер мен оқушылар санының жағдайы да жаман емес - индекс жоғары 7. ҒЗТКЖ, АДИ, патенттер және коммуникация құралдарына қол жетушілік жағдайлары жаман. Тарифтік және тарифтік емес шектеулердің, реттеу сапасының, заңның үстемдік құруымен, сонымен қатар Интернеттің жағдайы жаман емес.
Жалпы алғанда, Қазақстанда "ақылды экономика" немесе білім экономикасын құруға алынған бағыт отандық ғылыми сыйымды саланы дамыту қажеттілігімен дәйектеледі деп айтуға болады. Біз атап кеткендей, қолда бар ғылыми әлеуетті коммерциялауға мүкіндік беретін, ғылыми сыйымды сала ұлттық экономиканың тұрақты дамуының және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін маңызды факторларының бірі ғана болып қоймай, сонымен қатар, өркениеттіі мемлекеттердің әлемдік қауымдастығына біріктіретін фактор болып табылады.
Республиканың білім беру саласындағы қазіргі заманғы беталыс және оның әр түрлі деңгейінің алдында тұрған міндет білім берудің жалпы жүйесінің ролін, қызметін және орнын қайта ұғыну және олардың әрі қарай дамуында жаңа тәсілдемелерді дайындау қажеттілігін туғызады. Білім беру жүйесінің жоғарғы тиімділігі ел экономикасының және қазақстандың қауымдастықтың тұрақты өсуін қамтамасыз ететін негізгі фактор болып табылады. Біздің мемлекетіміздің білім беру жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформаның мақсаты - жаһандануды ескере отырып нарықтық экономика жағдайында оның сапалы қайта түрленуін қамтамасыз ету. Білім беруді қайта құру, осы саладағы жинақталған позитивті әлеуетті сақтау негізінде бұл үдерістің тереңдеуі мен дамуы үшін жаңа құқықтық, ғылыми-әдістемелік, қаржылық-материалдық шарттарды және адекватты кадрлық қамтамасыз етуді талап етеді. Қоғамдағы динамикалық әлеуметтік- экономикалық өзгерістер жағдайында білім берудің сапалы реформасын жүргізу білім беру саласында пайда болған, өсіп келе жатқан беталысты және қызмет етіп отырған қатынастың, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің болашақта дамуының мүмкін болатын жолдарының нақты жағдайды ескеретін, деталды қарастырылған стратегияның бар болған жағдайында мүмкін болады. Бұндай стратегия тұрақты бейімделетін және тез өзгеретін нақты жағдайға, қызметке, икемді тактикалық бағдарламаны әзірлеу үшін негіз болуы керек.
Демократиялық қазақстандық қоғамның құрылуы және республиканың әлемдік білім беру кеңістігіне кіруі отандық білім берудің дамуының стратегиялық жоспарын әзірлеуін талап етті, және бұрынғы кеңестік жүйенің бай тәжірибесін және жетістіктерін және білім беруді дамытудағы жалпы әлемдік беталысты ескере отырып, білім берудің ұлттық жүйесінің жаңа моделіне көшу. Әр түрлі мемлекеттердің білім беру жүйесінің қолда бар ұлттық моделі өз араларында кең айырмашылықтары бар, олардың құрылымы экономиканың түрлеріне, тарихи тәжірибеге және халықтың мәдениетінің қол жеткізген деңгейіне байланысты. Бұл жүйелердегі басты ерекшеленетін сипат болып табылатындар: білім беру мақсаты, оның халыққа қол жетерлік деңгейі, тиімді үйлестіру және білім беру деңгейінің көшуі, олардың әр қайсысында оқудың ұзақтығы.
Біздің еліміздің ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделі біріншіден білім берудің және тәрбиелеудің, азаматтықтың жоғарғы деңгейімен және жаңа ойлау қабілеттеілігі бар жоғары маманданған кадрларды дайындаудың жоғарғы сапасын қамтамасыз етуге бағдарлану керек. Отандық білім беру жүйесін қайта түрлендірудегі сапалы жаңа кезеңдерді анықтайтын, бұл міндеттерді шешу қазіргі заманғы білімге және ақпараттық технологияларға, жастарды тәрбилеудің және білім берудің стандарттарын көтеруге, оларды жаңа нарықтық қатынастарда еңбекке дайындауға сүйену керек.
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып 1997 жылы еуропалық аймақта жоғарғы білім беруге жататын біліктілікті құптайтын Лиссабон Конвенциясына қол қойды және бекітті.
ҚР "Білім беру туралы" заңы бойынша, осы салада мемлекеттік саясакттың негізгі қағидаларын анықтайтын, білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және үздіксіздік және сабақтастық қағидасының негізінде ҚР Конститутциясының 30 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарының білімге конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған білім берудің төрт деңгейі бекітіледі:
- мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту;
- орташа білім беру;
- жоғарғы кәсіби білім;
- жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіби білім.
Ұлттық білім беру жүйесінің моделінің құрылымында, "Білім беру туралы" заңында көрсетілгендей біліктілікті көтеру және қайта дайындау білім беру деңгейіне жатпайды, олар кәсіби машықты және білімді тереңдетуге бағытталған қосымша кәсіби білім берудің негізгі формасы ретінде қарастырылады. Біліктілікті көтеру және кадрларды қайта дайындау білім беру мекемелерімен, мекемелермен, ғылыми және оқыту орталықтарымен, жұмысбастылықтың мемлекеттік қызметімен жүргізіледі және мемлекеттік бюджеттің есебінен, сонымен қатар келісім шарт негізінде жүзеге асырылады.
1997 жылы ЮНЕСКО ұсынған Білім берудің Халықаралық Стандарттарының Сыныптамасы. Бұл құрылым елдің білім беру жүйесінің негізі болып табылады, "Білім беру туралы" Заңмен бекітілген және "Қазақстан-2030" Стратегисына сай әзірленген. 1997 жылы қабылданған республиканың даму стратегисы алдыңғы кезеңге ұзақ мерзімді басымдылық мақсаттар мен міндеттер қойды. Осындай мақсаттардың бірі барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайын, денсаулығын, білімін және мүмкіндіктерін әрқашанда жақсарту болып табылады. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауында, "елдің басты активтерінің ішінде - халықтың сапасы, немесе басқаша айтқанда -адам ресурстарының сапасы деп көрсетілген. Бізде жоғары деңгейлі ғылыми және шығармашылық әлеуеті бар, жоғарғы білімі бар халық. Көптеген елдерде бұлар жоқ және бұндай сапаға қол жеткізу, олар үшін стратегиялық мақсаттардың бірі. Бұл біздің халқымыздың және бұрынғы жүйенің ірі жеңісі. Біз қолда бар құны жоқ капиталды әрқашан дамытып отыруымыз және даму үшін оған жаңа өркениетті жағдай жасауымыз керек" [7].
Кадрларды дайындаудың жүйесін құру, әлемдік білім беру стандарттарының шартына минималды мүмкін болатын мерзімде бейімделуге, біздің дипломдарымыз бен сертификаттарымыздың айырбасталуына қол жеткізуге, ұсынылып отырған білім беру қызметінің жоғарғы деңгейін расталуға мақсат қояды. Біздің елімізде көп жылдар бойы келе жатқан білім беру жүйесін қайта құру қажеттілігі, оның дамуының бұрынғы адымымен, басты әлемдік беталысымен, жастарды оқытуда және тәрбиелеуде жетілген жаңа білім беру және ақпараттық технологиялардың пайда болуымен дәйектеледі. Білім беру саласындағы заң бұл саланы дамыту үшін басты міндетті анықтады - ұлттық және әлемдік мәдениет, жалпы адамзаттық құндылық, оқу тілін және оқу орнының түрін таңдаудағы еркіндік негізінде жеке тұлғаны құру және дамыту үшін мемлекетпен қажетті жағдайлар жасау.
1999 жылдың 7 маусымында қабілданған ҚР "Білім беру туралы" заңында, сонымен қатар кейінгі өзгерістер мен қосымшаларда (1999 жылдың 22 қарашасында) келесі негізгі шарттар көрсетілген:
- білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың қағидалары анықталған;
- білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттары бекітілді және білім берудің әр деңгейіне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығы анықталды;
- білім беру жүйесінің міндеттері анықталды;
- білім беру мекемелеріне талаптар бекітілді, оған кіретін сұрақтар құру, лицензиялау, оқушыларды қабылдау, оқу үдерісін, өндірістік тәжірибені ұйымдастыру, білім беру мекемесін қайта құру және жою;
- негізгі, сонымен қатар қосымша және арнаулы білім беру бағдарламасын құру мүмкіндіктері ұсынылды, сонымен қатар білім беру деңгейі бекітілді;
- білім беру үдерісінің субъектілерінің арасындағы қатынастарды реттейтін жүйе анықталды, олардың міндеттері, өкілеттілігі және жауапкершілігі бекітілді.
Соңғы уақытта, қазіргі заманға нарықтық қайта түрлендірулер білім беру жүйесіндегі басты звено - білім беру мекемесінің тәуелсіздігі мен маңыздылығын заңдық рәсімдеуді талап етіп отырғанда, қабылданған қаулылар мен ережелердің ауқымды бөлігі негізінен білім беру мекемелері мен басқарушылық құрылымдардың арасындағы өкілеттілікті бөлуге қатысты.
Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерді бағалай отырып, сонымен қатар, болып жатқан өзгерістерге әр түрлі көзқарастарды салыстыра отырып біз республикада білім беру жүйесін қайта құрудың келесі негізгі бағыттарын бөліп көрсетуді мүмкін көрдік:
- мемлекеттік білім беру стандарттарын үздіксіз оқытудың мақсаттарымен сай келтіру;
- жеке және мемлекеттік мүдделерді ескере отырып білім беру жүйесінің аймақтық дамуын күшейту;
- мемлекеттік гранттардың әрекетін кеңейту жолымен мемлекеттік емес оқу түрін қолдау;
- профильді мемлекеттік құрылымдарды тартумен білім беруді тиімді басқару жүйесін ұйымдастыру;
- жаңа технологияларды қолданудың және білім беруді ізгіліктендірудің негізінде білім беру үдерісін жаңғырту.
Әдебиеттер тізімі:
- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан". - Астана, 28 ақпан 2012. - 16 б.
- Гэлбрейт Дж. Новое индустриальное общество. М.: Прогресс, 1969. С. 480.
- Ходжсон Дж. Социально-экономические последствия прогресса знаний и нарастания сложности. - // Вопросы экономики. - 2001. - №8. - С.34.
- Кастельс М. Информационная эпоха: экономика, общество и культура / Под ред. О.И. Шкаратана. - М.: ГУ ВШЭ, 2000. - С. 39
- Crawford R. In Era of Human Capital: The Emergence of Talent, Intelhgence, and Knowledge as Worldwíde Economíc Force and What It Means to Managers and Investors. New York: Harper Busmess, 1991. P. 6.
- Стрелец И.А. Новая экономика и информационные технологии. - М.: Изд-во "Экзамен", 2003. - 256 с.
- Сапир Ж.К. экономической теории неоднородных систем: Опыт исследования децентрализованной экономики / Под ред. Н.А.Макашевой. М.: ГУ ВШЭ, 2001. С.150.
- Иноземцев В.Л. Парадоксы постиндустриальной экономики (инвестиции, производительность и хозяйственный рост в 90-е годы) // Мировая экономика и международные отношения. - 2000. - №3. - С.З.
- Сакайя Т. Стоимость, создаваемая знанием, или История будущего // Новая постиндустриальная волна на Западе: Антология / Под ред. В.Л. Иноземцева. М.: Academía, 1999. - С.357.
- Quah D.Т. Growth and Wealth Creation ín the Weíghtless Knowledge-Based Economy I //Economíc Papers, 1998. October. http://Econ.Ise.ac.uk./dquah/ tweiro.html.