Сот ісін жүргізу

Мақалада сот талқылауының қысқартылған тəртіпте жүргізілуінің рөлі мен мазмұны, мəні жайлы айтылған. Жеделдетілген өндіріс институты қылмыстық процестің бастауларының негіздеріне қайшы келмейді, бұған қоса қысқарту, іс бойынша басты сот талқылауы сатысында өндірісті жеделдету, нақтырақ айтқанда, сот тергеуін қысқартуға мүлдем жол берілмейді деп айтуға болады. Іс бойынша өндірістің тез жүргізілуі іс үшін маңызы бар барлық мəн-жайларды жан-жақты, толық, объективті зерттеуіне қарсы болмауы керек жəне болуы мүмкін емес.
2013

Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен судьяларының мəртебесі туралы Конституциялық заңына сəйкес, сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады жəне азамат- тар мен ұйымдардың  құқықтарын,  бостандықтары  мен  заңды  мүдделерін  қорғауға,  Республи- ка Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді. Мақалада азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі сот билігінің орны мен сот əділдігін жүзеге асыру барысындағы қылмыстық іс жүргізу принциптерінің орны мен маңыздылығы қарастырылады.
2013

Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық Пакт әр  адамға  өз  еркімен  адавокатты таңдап қорғану құқығына кепілдік береді. Бұл құқық әділетті сот процесінің негізі болып табылады. Өйткені ол толыққанды қорғаудың негізгі шарты болып табылатын, айыпталушы мен адвокаттың арасындағы сенімділікті қалыптастырады, сондай-ақ сенімге және қорғаудың кәсіби мәртебесіне асыра сілтеушілікке жол бермейді. Адвокаттың құқықтық мәртебесінің негізін, тек қана заңда көрсетілген өкілеттіктер емес, сонымен қатар осы өкілеттіктерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заңды механизмдердің жиынтығы да құрайды. Осындай механизмдердің қатарына, адвокаттардың өз кәсіби міндеттерін атқару барысында құқық қорғау және құқық қолданушы органдарынан тәуелсіз болу кепілдігі жатады. «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республи- касы заңының 17-бабында адвокаттық қызметтің кепілдіктерінің толық тізбегі көрсетілген, олардың ішінде адвокаттық қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіруге тыйым салу; адвокаттық iс жүргiзу, онымен байланысты өзге де материалдар мен құжаттарға қол сұғылмаушылық; адвокатқа өзi қорғайтын адаммен оңаша жолығудың құпиялылығын қамтамасыз ететiн жағдайларда осылайша жолығуына рұқсат беруден бас тартуға, сондай-ақ олардың саны мен ұзақтығына шек қоюға тыйым салынады.
2013

Мақалада ҚР атқару жүйесінің негізгі мәселелері талқыланады. Атқарушылық іс жүргізу заңнамасының тетіктері қарастырылады. Атқару құжатының уақтылы орындалмау себептері айқындалады. Сот орындаушыларының атқарушылық құжаттарды орындау барысында туындайтың мәселелер мен кемшіліктері зерттеледі. Бұл кемшіліктерді шешу жолдары қарастырылады.
2013

Мақалада АҚШ қылмыстық сот өндірісінде кінәні мойындау туралы мәміле институтын қолданудың ерекшеліктері қарастырылған. Сонымен бірге аталған институтты қолдануға қатысты  жақтаушылар  мен оған қарсы шығушы сын пікірлерге талдау жасалған. Автормен АҚШ кінәні мойындау туралы мәміле және жаңа редакциядағы ҚР қылмыстық іс жүргізу кодекс жобасының жаңалығы болып саналатын іс жүргізушілік келісімге салыстырмалы талдау жасалған. Салыстырмалы талдау жүргізе отырып автор отандық қылмыстық процесте қолданылуы мүмкін оң жақтарын атап өтеді.
2014

Қазіргі таңда қылмыстық іс жүргізуде адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың күшейтілуі тенденциясы ескеріле отырып, сот бақылауының кеңейуі аясында сот қорғауы мәселесі кең талқылануда. Сот бақылауының қылмыстық сот өндірісінің сотқа дейінгі стадияларында біртіндеп кеңейтілуі адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының қамтамасыз етілуінің әдісі ретінде сот билігінің негізгі көрсетулерінің бірі болып табылады.
2014


Мақала адвокаттардың іс жүргізуге қатысуының мәселелері және iс жүзiндегi осы қатынастарды реттейтiн заңнамаға және адвокатура органдарының адвокаттық қызметтi қолдану практикасына талдам жасау, сонымен қатар осы негiзде туындалған проблемаларды анықтау мен оларға баға беру және адвокаттық қызмет туралы заңнаманы жетiлдiру жолдарын айқындау болып табылады. Тиісті мақалада сот жарыссөзі кезіндегі адвокаттардың қорғау сөзінің рөлі мен маңызы қаралады. Мақала авторы адвокаттардың қорғау сөздерінің бағыттарын жақсартып, көтеру мақсатында бірнеше нақты шараларды жүзеге асыруды ұсынады.
2014

Аталған мақалада Еуропалық Одаққа кіретін елдердегі азаматтық сот өндірісінің кейбір ерекшеліктері қарастырылған. Автормен азаматтық сот өндірісіне қатысты Брюссельдік Конвенцияның нормаларына талдау жасалған.
2014

Аталған мақалада ТМД және Шығыс Еуропа елдерінің халықаралық шарттарға қосылуының кейбір мәселелері қарастырылған.
2014

Бұл мақалада сотқа талап қоюдың тиісті тәртібін реттейтін қолданыстағы азаматтық іс жүргізу заңнамасын зерттеуге, талап қою құқығын іске асыру шарттары мәселесінің теориялық және тәжірибелік жақтарын ашуға талпыныс жасалды. Мақалада талап қою құқығын іске асыру шарттары болатын мән-жайларға талдау жасалып, олардың кұқықтық табиғатын анықтауға назар аударылды.
2014

Қылмыстық сот өндірісінде пайдаланылатын ұғымдардың заңдық табиғатын түсіну өте маңызды болып табылады. Мақалада Қазақстан Республикасының қылмыстық сот өндірісінде қолданылатын ұғымдар мен сөз тіркестерінің мән-мағынасын ашып көрсетуге әрекет жасалған. Ғалымдардың көзқарастарына талдау жүргізілген.
2014

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.