Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сот əділдігін жүзеге асыру барысында қылмыстық іс жүргізу принциптерінің маңыздылығы

Сот билігінің міндеттері адамды жəне азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінəсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда оны дереу жəне толық ақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ заңдылық пен құқық тəртібін нығайтуға, қылмыстың алдын   алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жəрдемдесу болып табылады. Сот билігінің барлық қызметі осы мақсаттарға қол жеткізу үшін құрылған. Еліміздің заңнамасы осыларды жүзеге асырудың кепілдігі ретінде процеске қатысушының оның ойынша заңсыз, негізсіз деп табылған үкімдерді, содан кейін қабылданған сот шешімдерін қайта қарату құқығын белгілейді.

Профессор Қ.Ə. Мəми атап өткендей, əлемнің барлық өркениетті елдерінде азаматтардың, мемлекеттік құрылыс пен тəртіптің құқықтары мен   бостандықтарын   қорғаудың   кепілдігі сот, сондай-ақ тəуелсіз, қуатты материалдықтехникалық базамен қамтамасыз етілген сот жүйесі болып табылады [1, 152 б.].

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, бұзылған құқықтарды қалпына келтіру барысында сот билігі ерекше орын алады. Сот жүйесіне сот қаулыларының заңдылығы (заңсыздығы) мен негізділігі (негізсіздігі) туралы процеске қатысушыларға жауап беру, əрі сол арқылы нақты іс бойынша түпкілікті шешім қабылдау жəне əділеттілікті орнату сияқты өте жоғары жауапкершілік жүктелген.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жəне бұзылған құқықты қалпына келтіру жөніндегі сот жүйесінің рөлі жөнінде профессор К.Х. Халиқов, сот қоғамда жəне мемлекетте құлықтылыққа, əділеттілікке негізделген заңды тəртіпті орнықтыруы тиіс деп атап көрсетеді [2, 72 б.].

Əр жылдары сот жүйесінде жүргізілген реформалау, республикамыздағы сот билігінің рөлін, əртүрлі сот сатыларының сот қателіктерін ашудағы, олардытүзетудегіалатынерекшеорнын ескере отырып, құқық қолдану тəжірибелерін қалыптастырудағы рөлін анықтауға бағытталған. Сот    əділдігін         жүзеге асыру  барысында қылмыстық іс жүргізу заңын бұзу – осы заңмен белгіленген нақты істі тергеу  жəне қарау тəртібін сақтамауды білдіреді. Бұл өз кезегінде, тараптардың құқықтарын бұзуға немесе оларды шектеуге,  іс  бойынша  заңсыз үкім  шығаруға  əкеліп  соқтыруы  мүмкін. Міне, сондықтан да қылмыстық процесте сот шешімдерін қайта қараудың негізі ретінде қылмыстық іс жүргізу заңының бұзылуына ерекше мəн беріледі. Осыған сəйкес жоғары тұрған сот сатысы үкімді қайта қараған кезде нақты іс бойынша қандай да бір процессуалдық құқық бұзушылықтардың болған-болмағанын, болған жағдайда олар елеулі ме, яғни тараптардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына əкеліп соқтырады ма, сол істің нəтижесіне, мəні бойынша үкімнің дұрыстығына ықпал ете алды ма деген мəселелерді шешіп отыруы тиіс.

Процессуалдық құқық бұзушылық бір істе елеулі, ал басқа бір істе елеусіз болуы мүмкін. Бұл  негізінен  қаралып  жатқан  істің   нақтылы мəн-жайына байланысты шешіледі. Яғни іс бойынша жіберілген процессуалдық құқық бұзушылықтардың елеулі немесе елеусіздігі туралы мəселені істі қараушы жоғары тұрған сот шешеді.

Қылмыстық сот ісін жүргізудің мəні мен мазмұнын танытатын оның принциптерінің міндетті түрде сақталу басымдығына сүйенер болсақ, олар оның ең маңызды қасиеті мен сапалық тұрпаты, құқықтық реттеудің заты мен тəсілін сипаттайды [3, 38 б.]. Оларды бұзу, оның сипаты мен мəніне  қарай,  іс  бойынша болған іс жүргізуді жарамсыз деп тануға, мұндай іс жүргізудің барысында шығарылған шешімдерді бұзуға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дəлелдеу күші жоқ деп тануға əкеліп соқтырады. Заң шығарушы ҚІЖК 415-бабының бірінші бөлігінде: алдын ала  тергеу барысында немесе істі сотта қарау кезінде жол берілген қылмыстық іс жүргізу заңының принциптері мен өзге де жалпы ережелерін бұзушылықтар, сондай-ақ іске қатысушы адамдарды заңда кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларға қысым көрсету, сот ісін жүргізу рəсімін сақтамау немесе өзгедей жолмен істің мəнжайын жан-жақты, толық жəне объективті зерттеуге кедергі жасаған, сот төрелігінің үкімін немесе соттың өзге де шешімдерін шығаруға ықпал ететін немесе ықпал ету мүмкін заңды өзге де бұзушылықтар қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі түрде бұзушылық болып табылады деп көрсетілген.

Яғни заң шығарушы жоғары тұрған сот сотыларына аталған нысандар түрінде ҚІЖК принциптері мен өзге де жалпы ережелерінің бұзылуы орын алған жағдайда, үкімді заңсыз деп тану туралы шешім қабылдау құқығын береді.

ҚІЖК 415-бабының екінші бөлігінде сот тергеуінің біржақтылығы немесе толық еместігі істі талқылаудан жол берілетін дəлелдемелерді қателесіп алып тастаудың немесе бір тараптың іс үшін маңызы болуы мүмкін дəлелдемелерін зерттеуден негізсіз бас тартудың не міндетті түрде зерттелуге тиіс дəлелдемелерді зерттемеудің салдарынан болған кезде үкімнің күші жойылуға тиіс екендігі қарастырылады. Ал осы баптың үшінші бөлігінде көзделген негіздердің кез келген бірінің орын алуы жоғары тұрған сот сатыларына үкімнің күшін жоюды міндеттейді. Бұл құқық  бұзушылықтар  заң  əдебиетінде  үкімнің  күшін жоюдың «сөзсіз» негіздері деген атауға ие болған.

Аталмыш норма бойынша, егер:

  • сот ҚІЖК-нің 37-бабында белгіленген негіздер болғанда қылмыстық істі қысқартпаса;
  • үкімді соттың заңсыз құрамы шығарған болса;
  • ҚІЖК 315-бабының екінші бөлігінде көзделген реттерді қоспағанда, іс сотталушы жоқта қаралса;
  • заң бойынша    қорғаушының    немесе жəбірленушінің өкілі қатысуы міндетті болғанда, іс оның қатысуынсыз қаралса немесе сотталушының қорғалу құқығы өзгедей жолмен бұзылса;
  • сотта сотталушының          немесе жəбірленушінің ана тілін немесе өзі білетін тілді не аудармашының қызметін пайдалану құқығы бұзылса;
  • сотталушыға сот жарыссөзіне қатысу құқығы берілмесе;
  • сотталушыға соңғы сөз берілмесе;
  • үкім шығару құпиясы бұзылса;
  • үкімге судья қол қоймаса;
  • істе сот отырысының хаттамасы болмаса, кез келген жағдайда үкімнің (қаулының) күші жойылуға тиіс.

Қылмыстық істі жүргізу органдары мен тиісті лауазымды тұлғалар үшін сот əділдігін жүзеге асыру барысында қылмыстық іс жүргізудің заңда көзделген кез келген қағидатын қатаң сақтау міндетті болып табылады, яғни бұл принциптердің бірінің бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы əділсоттылыққа едəуір нұқсан келтіреді.

Тап осындай ұстаныммен қабылданған 2002 жылдың 6 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу жариялылығы принципін соттардың сақтауы туралы» №25 нормативтік қаулысы да назар аударарлықтай. Осы      қаулының       2)         тармағында    былай деп көрсетілді: «Соттар барлық сот сатыларында қылмыстық іс жүргізу заңының істердің ашық қаралуы туралы талаптарын қатаң сақтауға жəне сот ісін жүргізудің жариялылығы принципінің бұзылу, азаматтарды сот отырысына негізсіз қатыстырмау фактілеріне жол бермеуге міндетті. Жариялылықты заңсыз шектеу (іс материалдарын   негізсіз құпиялау, заңда көзделмеген негіздер бойынша жабық отырыстар өткізу жəне т.б.) процеске қатысушылардың процессуалдық құқықтарын шектеуге жəне нұқсан келтіруге əкеліп соғуы мүмкін.

Аталған заң бұзушылықтардың сипаты мен мəніне байланысты іс жүргізу өндірісі жарамсыз деп танылып, шығарылған шешім бұзылуы не жиналған материалдар дəлелдемелік күші жоқ деп танылуы мүмкін.

Жоғарыда атап өткеніміздей, сот əділдігін жүзеге асыру барысында қылмыстық іс жүргізудің барлық қағидаттары аса маңызды, олардың қатарында жариялық принципінің де өзіндік орасан зор маңыздылығы бар.

Мəселен, ҚР ҚІЖК-нің 29-бабында қылмыстық істерді талқылау барлық соттар мен барлық сот сатыларында ашық жүргізілетіндігі, сот  талқылауының   жариялылығын   шектеуге мемлекеттік құпияны қорғау мүдделеріне қайшы келгенде ғана жол берілетіндігі айтылады. Сонымен бірге іске қатысушы адамдар өмірінің жеке жақтары туралы мəліметтерді жариялауды  болдырмау  мақсатында,  сондайақ оны жəбірленушінің, куəнің немесе басқа да іске қатысушы адамдардың, олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздік мүдделері талап ететін жағдайларда, кəмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша, жыныстық қылмыстар туралы істер жəне басқа да істер бойынша соттың дəлелді қаулысымен жабық сот талқылауына жол берілетіндігі ескертіледі. Жабық сот отырысында сот процесінің сотқа дейінгі сатысында сот шешетін қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырушы органның іс-əрекеті мен шешіміне шағымдар да қаралады [4].

Істер мен шағымдарды жабық отырыста қарау ҚІЖК-де белгіленген барлық ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.

Көріп отырғанымыздай, ҚІЖК-нің 29-бабында: «...іске қатысушы  адамдар  өмірінің жеке жақтары туралы мəліметтерді жариялауды болдырмау мақсатында, сондай-ақ оны жəбірленушінің, куəнің немесе басқа да іске қатысушы адамдардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздік мүдделері талап ететін жағдайларда, кəмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша, жыныстық қылмыстар туралы істер жəне басқа да істер бойынша  соттың дəлелді қаулысымен жабық сот талқылауына жол беріледі» деп нақты жазылған.

Осыған орай, кейбір кездері ұшырасып қалуы мүмкін сот қателіктерінен сақтандыру мақсатымен мынадай бір мысал келтіргенді жөн көріп отырмыз. Бұл оқиға ескі қылмыстық іс жүргізу заңының қолданыста болған жылдары орын алғанымен, əлі де өзінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ сияқты.

КСРО Жоғарғы Соты кішкентай қызды зорланғаны    үшін    кінəлі    деп   айыпталған Е.   жөніндегі   істің   ашық    сот    отырысында қаралуын іс  жүргізу  тəртібінің  елелулі түрде бұзылуы деп таныған. Ол өзінің түсініктемесінде, заң жыныстық қатынастарға байланысты қылмыстық істердің жабық сот мəжілісінде қаралуын белгілегенде, тек іске қатысушы адамдар туралы мəліметтердің жариялануын болдырмау жағын ғана емес, сонымен қатар, шындықты анықтау үшін істің мəнжайын қысылып-қымтырылмай, еркін зерттеуге мүмкіндік тудыруды да көздейтіндігіне назар аударған. Алайда осы жағын ескермеген халық соты, тіпті, дайындық мəжілісі кезінде-ақ істі ашық сот отырысында қарау жөнінде қаулы қабылдаған. Ал бұл іске кері əсерін тигізген. Мəселен, сот мəжілісінің хаттамасынан көрініп тұрғандай, кішкентай қыздан жауап алған кезде сотталушының қорғаушысы көпшіліктің көзінше қажетті сұрақтарын қоя алмайтындығы жөнінде сотқа мəлімдеген. Бірақ сот қорғаушының сөзіне мəн бермеген. Сот тарапынан іс жүргізу заңының осылайша бұзылуы, сөз жоқ, істің толық зерттелуіне кері əсерін тигізген. Сөйтіп, осы негіз бойынша сот үкімінің күші жойылған [5, 120-121 б.].

Құқықты дұрыс қолдану үшiн, ең алдымен, оны жақсы бiлу қажет. Ол үшiн құқық пен заң актiлерiнiң нормаларын жаттап алу мiндеттi емес, оны дұрыс талдап, пайдалана бiлу керек, заң iлiмiн жете меңгеру, жеткiлiктi дəрежеде жоғары ғылыми даярлыққа ие болу, құқықты қолдану мен сот тəжiрибесiн жақсы бiлу лəзiм.

Осы мысалды келтіре  отырып, қылмыстық іс  жүргізу  органдарының  назарында мына бір мəселе əрдайым сақталса екен дейміз: «шаш ал десе, бас алу» принципінен аулақ болып, кез келген қылмыстық іс жүргізу қағидаттарын қатаң сақтап қана қоймай, оларды дұрыс қолдана білу, əділсоттылықты жүзеге асырудың бірден бір кепілі екендігі естен шығарылмаса, қылмыстық іс жүргізу заңын білу, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, олардың бұзылған заңды мүдделерін қалпына келтіруде заң нормаларын  барынша  дұрыс  қолдану, нақты қылмыстық істі қарап, шешудегі өкілетті адамдардың басты міндеті деп білеміз.

Бiздiң пiкiрiмiзше, сотты мүлтiксiз жүргiзу, бiлместiктен қайсыбiр қателiкке ұрынбау жəне заңның бұрмаланбауы үшiн судья тəжiрибелi, адамдық қарым-қатынаста талғамды, ойлы, салауатты, сауатты, бiлiмдi, турашыл жəне iзгiлiктi болуы қажет. Қорыта айтқанда, əдiлдiкке жету жолында Қазақстан Республикасының əрбiр судьясы мiнсiз, қажырлы еңбек етiп, кəсiби деңгейiн жетiлдiретiн табыстарға жетуi қажет. Егер қандай да болсын шығарылған үкiмнiң, шешiмнiң құрамында ақиқат та, шындық та, əдiлдiк те болмаса, онда мұндай үкiмдер, шешiмдер – халықтың сот пен судьяға деген сенiмiн жоғалтады, сот органдарымен судьяның абыройын төмендетедi, беделiн түсiредi.

Қазақстан Республикасының Конституциясын жəне заңдарын бұлжытпай сақтау, сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi өзiнiң конституциялық мiндетiн орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс  қарым-қатынаста  судья  əдебi   талаптарын сақтауға жəне судьяның беделi мен қадiрқасиетiн түсiретiн немесе оның əдiлдiгi мен алаламаушылығына күмəн туғызатын барлық нəрселерден аулақ болу, сот төрелiгiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметке заңсыз араласудың кез келген əрекеттерiне қарсы тұру, судьялар кеңесiнiң құпиясын сақтау – мемлекетiмiздiң судьяларға қоятын  басты  талабы.  Əрбiр судья өз өкiлеттiгiн тек заң негiзiнде жəне заңға сəйкес əдiл, шынайы атқаруы тиiс. Бұндай талап əрдайым орындалса, олардың абыройын көтерiп, беделiн арттырып, кəсiби деңгейiнiң жоғарғы дəрежеде екендiгiн көрсетерi сөзсiз.

 

 

Əдебиеттер

 

  1. Мами К.А. Становление и развитие судебной власти в Республике Казахстан. – Астана: Елорда, 2001. – 352 с.
  2. Халиков К.Х. Судебная власть на переходном этапе развития государства // Тураби. – – №3.– С.71-78.
  3. Комментарий к Уголовно-процессуальному кодексу Республики Казахстан. Особенная часть / Под ред. д.ю.н., проф. И.И. Рогова, д.ю.н. К.А. Мами, С.Ф. Бычковой. – Алматы: Жетi жарғы, – 686 с.
  4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. – Алматы,
  5. Гродзинский М.М. Кассационное и надзорное производство в советском уголовном процессе. –М.: Госюриздат, 1953. – 231с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.