Дипломатия

Мақалада Қытай Халық Республикасының Африкадағы сыртқы саясатының негізгі қағидаларына жəне оның даму ерекшеліктерінің сипаты мен негізгі кезеңдеріне сараптама жасалды. ҚХР мен Африка елдерінің өзара қатынастарының қалыптасуы барысындағы негізгі қытайлық жетекшілердің африкаға қатысты қабылдаған концепциялары қарастырылады. Сонымен  қатар  ҚХР мен Африка елдерінің өзара байланыстарының дамуы барысында қабылданған екі жақты дипломатиялық қатынастарын анықтайтын қағидалар да қарастырылады.
2012

Манчжурлер құрған Цин патшалығы – Қытайдың ең соңғы (1644-1911 ж.) абсолютті феодалдық патшалығы. Қытайдың Қазақ хандығы жəне Орталық Азия елдерімен тікелей қарым-қатынастары мен мемлекеттік ше- карасы Цин билігі тұсында қалыптасқан. Цин империясы Жоңғар хандығын жою жəне ұйғыр көтерілісін жаныштау арқылы территория кеңістігін қазақ жеріне тіреген. Цин империясы жоңғарларға байланысты қазақтар туралы ең алғашқы ақпаратты 1697 жылы алған, содан кейін де мəліметтер алып тұрған. Бірақ оған назар аудармаған. Цин империясы Жоңғар хандығына жорық жасау қарсаңында қазақтар туралы əскери ақпараттар жинаған. Олар Əмірсананың мəліметі бойынша Абылай хан жөнінде алғашқы таны- мын жəне саясатын қалыптастырған. Цин империясы Абылай ханды Қазақ елінің ханы деп таныған жəне дипломатиялық қатынас орнатқан. Цин империясы өзінің жоңғар жеріне қоғамдық тыныштығын сақтау үшін Абылайдың талаптарын орындап отырған. Ал Абылай хан «жұмсақ» дипломатиялық тəсілдерді қолдану арқылы саяси-экономикалық жақтарда жеңіске жетті.
2014

Бұл мақалада cөйлеу мәдениеті, cөз мәдениетінің негізі – тілдік норма мәселелері қарастырылады. Сөйлеу мәдениетінің нормативті, коммуникативті және этикалы аспектілері баяндалады. Тілдің комму­ никативтік сапалары, тілдесудің негізгі бірліктері мен түрлері және қазақ сөйлеу этикетінің спецификасы талданады. Коммуникативтік мақсатқа сәйкестілік сөйлеу мәдениеті теориясының басты катего­ рияларының бірі болып саналады, сондықтан да нақты ахуалды есеп­ ке ала отырып және алға қойылған міндеттер мен мақсаттарға сәйкес адресатқа мейлінше ықпал ететін сөздің негізгі коммуникативтік са­ паларын білу маңызды. Сөйлеу этикетін меңгеру дәрежесі адамның кәсіби жарамдылық дәрежесін белгілейді. Сөйлеу этикетін меңгеру беделге ие болуға, сенім мен сыйлау құрметін тудыруға ықпал етеді. Мақаланың қорытындысында халықаралық қатынастар факуль­ тетінің  студенттері  үшін  «Мемлекеттік  тілдегі  сөйлеу  мәдениеті»  – элективті курсын енгізу қажет екендігі туралы пікір білдіріледі.
2015

Мақалада Корей елінің көршілес мемлекеттермен дипломатиялық және сауда қатынастарын орнатуға және дамытуға корей ақындарының қосқан үлесі қарастырылады. Сондай-ақ, ханмунмен жазылған корей ақындарының поэтикалық шығармалары корей әдебиетінің тек тамаша туындылары ретінде ғана емес, сонымен қатар, бұл шығармаларды Қиыр Шығыстағы халықаралық қатынастар туралы мәлімет беретін құнды құжат ретінде қарастыруға болатындығы жайлы баяндалады. Сол замандағы ақындар өз шығармаларында Кореяның көршілес елдермен мәдени қарым-қатынастарының әртүрлі қырларын шебер суреттеп, аша білген. Кихэн-касаның пайда болуы сол дәуірдегі адамдардың әлем туралы өз танымдарын кеңейтумен, яғни туған елі туралы шынайы түсінігінің пайда болуымен және оның көрші елдерге таралуымен байланысты болғандығы мақалаға арқау болады. Ханмунмен жазылған поэзияны корейлердің ұлттық игілігі ретінде қабылдау маңыздылығының себептері айқындалады.
2015

Бұл мақалада дипломатиялық стиль түрінің ерекшеліктері қарастырылады. Әртүрлі халықаралық құжаттарды талдау негізінде лингвистикалық ерекшеліктері және оның тілдік меңгерілуі көрсетілген. Қазіргі таңда халықаралық құжаттарда қолданылатын тіл мәселесіне, толық дипломатиялық стиль түріне ерекше көңіл бөлінген. Мемлекеттің сыртқы істер саясатындағы дипломатиялық қызметінің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруда негізгі нысандарының бірі дипломатиялық хат алмасулар түрлері туралы баяндалады. Дипломатия тәжірибесінде кездесетін дипломатиялық хат алмасу түрлері: жеке ноталар, вербальді ноталар, жаднама жазба, меморандумдар, жартылай ресми түрдегі жеке хаттарға жеке сипаттамалар берілген. Дипломатиялық стиль түрінің лексикалық, стилистикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері, анықталып, талданған. Мақаланың қорытындысында халықаралық ынтымақтастықтың деңгейіне қажетті сәйкес шарттарының бірі – «дипломатия әліппесін» меңгеру, дипломатиялық құжаттарды дайындау өнерге жататыны мәлімденген.
2015

Бұл мақала дипломатиядағы шешендік сөйлеу өнеріне арналған. Мақаланың кіріспе бөлімінде ежелгі Греция, Рим және Үндістанмен байланысты көне шешендік өнері – дипломатиялық  сөйлеу  өнерінің тарихы қарастырылады. Негізгі бөлімінде «риторика» сөзіне және қазақтың «шешен» сөзіне толық этимологиялық талдау берілген, шешендіктің қалыптасу тарихы баяндалады. Ежелгі риторика өнері өкілдерінің көзқарастары мен пікірлері қарастырылған, шешен тұлғасының сипаттамасы, сол дәуірдің аса әйгілі саяси қайраткерлері, дипломаттардың еңбектері мен қанатты сөздері талданады. Мақалада шешенге қатысты біліктілік пен дағдылар, көпшіліктің алдына шығып сөйлеуге қалай дайындалу, материал көздері қөрсетіліп, талданады. Қорытынды бөлімінде кез келген жағдайда қолданылатын пайдалы ақыл-кеңестер мен ұсыныстар беріледі, қазіргі риторикада сөйлеуге дайындалу кезеңдері, жоспар құрудың негізгі ережелері қарастырылады.
2015

Елдің геосаяси және геоэкономикалық мүдделерін жүзеге асыру ісіндегі маңызды орынды ғылым және білім саласындағы байланыс­ тар алады. Олар қазіргі таңда мемлекеттер сыртқы саясатының ма­ ңызды да тиімді құралына айналып отыр. Бұл байланыстар мәдени дипломатияның негізін құрайды. Мәдени дипломатия – елдің сырт­ қы саясатының негізгі мақсаттарының нысаны және құралы ретінде, дипломатиялық қызметтің ерекше саласы болып табылады. Қазақ­ стан Республикасының стратегиялық әріптесі болып табылатын Ре­ сей Федерациясы да әлемнің өзге мемлекеттері сияқты, қазіргі таңда ұлттық мүдделерін жүзеге асыру мақсатында негізгі назарын мәдени дипломатияға аударып отыр. Осыған байланысты мақалада, мәдени дипломатия ұғымының тұжырымдамалық негіздеріне талдау жаса­ лынып, Ресей мәдени дипломатиясының мақсаты, негізгі бағыттары, қозғаушы  күштері қарастырылады.
2016

Бұл мақалада БҰҰ Бас Ассамблеясының сессия жұмыстарына әр жылдары қатысқан қазақ дипломаттарының тәжірибесі баяндалады. Қазақстанның өкілдері кеңестік делегацияның құрамында бола оты­ рып, дипломатияға байланысты білімдері мен дағдыларын лайықты көрсете білді. Олардың қабілеті КСРО СІМ  жетекшілерінің  тарапы­ нан бағаланды. Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ дипломаттары осы халықаралық ұйымдағы жұмыстарын БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігі шеңберінде жүргізе бастады. Мақалада БҰҰ­ғы Қа­ зақстанның алғашқы өкілдерінің еңбектері бөліп көрсетілді, алдын алу дипломатиясын іске асыру саласындағы мемлекеттің бастамала­ ры сарапталды. Көпжақты дипломатиядағы Қазақстан Республикасы­ ның Тұңғыш  Президентінің рөліне ерекше көңіл  бөлінді.
2016