Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дипломат С. Сүндетбаевтың студенттік өміріне қатысты кейбір деректерді нақтылау туралы

Аңдатпа

Самат Сүндстбаев (1929—1967) есімі ел тарихында елеусіздеу қайраткердің бірі. Ол техникум мен институтты жақсы бітіріп. табысты еңбек етіп, білімі мен іскерлігімен танылып. Мэскеуге Жоғары дипломатиялық мектепке оқуға жіберіледі. Оқуын аяқтаған соң саяси жағдайы өте күрделі Йемен Халық Республикасына дипломатиялық қызметке жіберіледі. Осы елдегі кезекті қарулы қақтығыс кезінде С.Сүндетбаев 1967 жылы Кеңестік елшілік қызметкерлері мен отбасыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде қаза табады. Кеңес елі басшылығы қазақ дипломатының ерлігін бағалап «Қүрмет белгісі» орденімен марапаттады және есімін министрлік ғимаратындағы мәрмәр тасқа жаздырды. Осы саланың мамандары мен ғалымдары болмаса, Қазақстан жүртшылығы батыр дипломат туралы біле бермейді. Мақала осы олқылықтың орнын толтыруға бағытталған. Макала авторы дипломаттың мектептегі оқушылық және Семейдегі сауда техникумындағы кезеңі мен қүжаттарда тегінің қате жазылуына қатысты архив деректеріне талдау жасап нақтылауға ұмтылыс жасаған.

Kipicne

Қазақстан Кеңес Одағының қүрамында болғанда шетелдермен тәуелсіз сыртқы байланыстар жасауға құқы болмағаны белгілі, сондықтан сырт елдерде республиканың елшілік мекемелері де болған жоқ. Дегенмен саусақпен санарлықтай болса да қазақ ұлтынан шыққан дипломаттар Кеңес Одағының шетелдердегі елшіліктерінде қызмет жасады.

Самат Сіләмбекұлы Сүндетбаев (1929-1967) Кеңес заманында қазақтан шыққан сондай санаулы дипломаттардың бірі. Ол бүрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң Семей қаласындағы Сауда техникумында, Ленинград сауда институтында білім алады. Самат Сіләмбекұлы 1954-1958 жылдары Гурьев, Ақтөбе облыстарында облыстық сауда басқармасы бастығының орынбасары, 1961-1963 жылдары Қазақ KCP Сауда министрлігінің бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарады. 1963 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Жеңіл, тамақ және сауда бөлімі меңгеушісінің орынбасары қызметіне жоғарылатылады. 1964 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жолдамасымен Мәскеудегі Жоғары дипломатиялық мектепке оқуға жіберіледі. Самат Сіләмбекұлы 1967 жылы маусымда дипломатиялық мектепті «өте жақсы» деген бағамен бітіріп, Йемен Халық Республикасына дипломатиялық қызметке жіберіледі.

Бұл елде дипломатиялық жұмыс атқару өте күрделі болатын. 1962 жылы Йемен мемлекетінде монархиялық құрылыс құлатылып Йемен Араб Республикасы жарияланды. Одан әрі монархистер мен республикашылар арасында 8 жылға созылған бітіспес қарулы күрес басталды. Соның нәтижесінде 1967 жылы Оңтүстік Йемен бөлініп шығып, ол Йемен Халықтық - Демократиялық Республикасы деген атауға ие болды. Жаңа мемлекет социалистік даму жолын таңдап, Солтүстік Йеменмен 20 жылға созылған әскери және саяси - экономикалық бәсекеге түсті.

Осы уақыт ішінде екі Йеменде де ішкі төңкерістер мен әртүрлі мақсаттарды көздейтін, түрлі саяси және діни топтардың қарулы бас көтерулері толастамады. Сол бір аумалы - төкпелі кезеңде Кеңес Одағының Йемендегі елшілігінде қазақ халқының перзенті, кәсіби дипломат Самат Сіләмбекұлы Сүндетбаев екінші хатшы лауазымында қызмет атқарды. Қауіпті де қиын жағдайда С. Сүндетбаев бастаған елшілік қызметкерлері жанқиярлық көрсетіп, елшілікті эвакуациялауға күш жүмылдырады. Соғыс өртін өршітпеуге күш салады. Самат Сіләмбекүлы аталған мемлекеттегі кезекті бір бүлік кезінде елшілік қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын атқару барысында лаңкестердің оғынан қаза тапты.

KCPO Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Үкіметі С. Сүндетбаев мүрдесін сол кездегі астанамыз - Алматы қаласына әкеліп жерлеп, басына арнайы ескерткіш орнатады [1,714].

1968 жылы KCPO Жогаргы Кеңесі Президиумы дипломат С.Сүндетбаевтың ерлігі және Отанға адал берілгендіктің үлгісін көрсеткені үшін қаза тапқаннан кейін «Құрмет белгісі» орденімен марапаттайды. Мәскеудегі KCPO Сыртқы істер министрлігінде 1918 жылдан бері қызмет бабында қаза тапқан қызметкерлерінің есімдері жазылып келе жатқан мәрмәр тасқа Самат Сүндетбаевтың да есімі жазылған. Самат Сіләмбекұлының туған ауылындағы бір көшеге есімі беріліп, Семейдегі Сауда техникумының қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды [2].

Кеңестік заманда қазақ ұлтынан шыққан талантты дипломаттың өмір жолы мен қызметі туралы тәуелсіздік жылдарында ғана кеңінен жазыла бастады. Мақала авторы да басқалармен бірге С.Сүндетбаевтың өмірі мен қызметін зерттеуге өзіндік үлес қосуға әрекет жасады [3, 199-201].

Осы мақсатта ізденіс жүргізгенде автор бірнеше мәселеге көңіл белу керектігін анықтады.

Самат Сүндетбаев туралы энциклопедияда, кейбір мақалаларда жазылып жүргендей дипломаттың құрметіне қойылған ескерткіш тақта Семей қаласындағы Сауда техникумының ғимаратына емес, осы қаладағы қазіргі «Бизнес және сервис» колледжінің кіре беріс қабырғасына орнатылған. Өйткені Самат Сілембекұлы оқыған кездегі техникум ғимараты қазіргі күнге дейін сақталмаған және Сауда техникумы атауы жоғарыда айтылғандай етіп өзгертілген.

Семей архивінде сақталған құжаттарға қарағанда техникум 1946 жылы ашылған, оқу ғимараты Совет көшесіндегі № 56 үйде орналасқан. Техникум директоры Оразбаев (қүжатта Уразбаев деп орысша жазылған - авт.), оқу ісінің меңгерушісі Цой деген азаматтар болыпты. Техникумға 9-10 сыныпты бітірген оқушыларды қабылдау үшін газеттерге республика көлемінде оқуға шақырған хабарландырулар беріледі. Сөйтіп 245 үміткерден конкурспен 112 оқушы техникум студенті болып қабылданады [4, 1-ші парақ]. Келесі оқу жылында осы оқу орнына Самат Сүндетбаев да оқуға түседі. Техникумдағы оқу жүмысы орыс тілінде жүргізілді.

Мұрағат құжаттарына зер салсақ Саматтың болашақта дипломатия саласына баруына осы техникумда жақсы деңгейде ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысының да әсері болған сияқты. 1945 жылы Екінші дүниежүзілік сотые аяқталғанымен АҚШ пен KCPO арасында «қырғи - қабақ сотые» жүргені тарихтан белгілі. Сондықтан техникум оқытушылары оқушыларга апта сайын халықаралық жагдай туралы баяндамалар жасап, үйірмелер үйымдастырылып, оқушылардың өздерін де осы саяси жүмыстарга үйретуге тартқан. Үйірме тақырыптары қатарында «Атомдық дипломатия» сияқты тақырып та кездеді [4, 3-ші парақ].

Семейдегі бұрынты сауда техникумының мұрагері қазіргі уақыттагы «Бизнес және сервис» колледжінде, осы оқу орнының тарихы туралы деректер жиналуда және алдаты уақытта С. Сүндетбаевқа арналтан музей жасақталмақшы екен.

Колледждің тәжірибелі де іскер басшысы Альмира Хожанованың бастамасымен осы оқу орнының даңқты түлегі Самат Сүндетбаевқа қатысты да мол деректер жиналыпты. Оқу орнының тарихына арналган көлемді кітап жазылуда. Бұл іске колледж әдіскері Ш.О. Рахманқұлова үлкен еңбек сіңіруде. Алдаты жылы колледждің қүрылганының 75 жылдыгын атап өтуге дайындық жүргізілуде. Мұны осы мақала авторы 2019 жылы жазда Семей қаласына барган сапарында анықтап білді.

«Бизнес және сервис» колледжі әкімшілігі Самат Сүндетбаевтың мектептегі және техникумдағы өміріне қатысты кейбір мәліметтерді анықтап беруге осы мақала авторына өтініш еткен еді. Атап айтқанда, Самат Сіләмбекүлының техникумдағы оқуды аяқтаған жылы және техникум архивіндегі құжаттарда есімі «Сундукбаев Самат» және «Сундукбаев Сергей» болып екі түрлі жазылуына қатысты болды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Мемлекет тарихы институтының Деректану, тарихнама және Отан тарихы бөлімінің ғыылми қызметкерлері, бөлім басшысы тарих ғылымдарының докторы, профессор F.M. Қарасаевтың басшылығымен С.С. Сүндетбаевқа қатысты мұрағат құжаттарының көшірмелерін талдап, саралай келіп мынадай қорытындыға келді.

Бірінші, Сүндетбаевтың 1947 жылғы 18 тамызда техникум директорына өз қолымен жазған арызында және өмірбаянында есімін «Самат» деп көрсеткен.

Екінші, 1947 жылғы №50 жеке іс қағазында «Сергей» деген есім үстінен сызылып, қазақша «Самат» деп түзетілген және ұлты «қазақ» деп көрсетілген [5, 5-ші парақ].

Үшінші, техникумға тапсырған құжаттарына қарағанда С. Сүндетбаев орыс тіліндегі мектепте оқығаны байқалады. Орыс тілді мектепте оқығандықтан және кеңестік заманда орыс тілді ортада өмір сүрген қаншама қазақтардың есімдері орысша айтуға жеңіл болсын деген ниетпен ауызекі қолданыста орыс есімдерін пайдаланғаны жиі кездесетін оқиға болды. Сондықтан «Саматтың» ауызекі қолданыста «Сергей» болып айтылуы мен жазылуы мүмкін жәйт.

Төртінші, 1944/1945 оқу жылында Семей қаласындағы № 17 мектепте оқыған Сүндетбаев Саматтың есімін табельде «Сергей» деп оқушының өзі емес Саматтың сынып жетекшісі жазғаны белгілі. Өйткені оқу үлгерімі туралы табельді тек мұғалім толтырады.

Бесінші, С. Сүндетбаев 1929 жылы өмірге келген. Ол кезде азаматқа тууы туралы куәлік беретін ауылдық кеңестерде қазақ тілінде сауатты жазатын қазақ азаматтары сирек болатын немесе куәлік беретін мекемелерде кейде қазақ тілінде оқып және жаза білмейтін орыс азаматтары қызмет ететін. Олар қазақша тууы туралы құжаттар толтырғанда қазақ азаматының тегін, есімін кейде орыс тіліне бұрмалап жаза беретін (көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, кезінде Қазақ KCP Сыртқы істер министрі қызметін атқарған Михаил Есеналиев есімінің орысша болуы осыған бір дәлел - авт.). Erep, Саматтың тегі «Сундукбаев» дегеннің өзінде де қазақшасы «Сандықбаев» болып жазылуы керек еді. Қазақ тілінде «сундук» сөзі жоқ, «сандық» деген үй жиһазының атауы бар.

Алтыншы, Сүндетбаев Самат Сіләмбекұлы деп дүрыс жазылған дерек 2014 жылы жарық көрген Шығыс Қазақстан облысы энциклопедиясының 714 - бетінде де көрсетілген. Сонымен қатар С. Сүндетбаевтың жақын араласқан туысы, елімізге танымал ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серғазы Қалиев және Самат Сіләмбекұлының бірқатар туыстары да бұған куәлік етеді.

Жетінші, Сүндетбаев Самат Сіләмбекұлының Семей Сауда техникумын аяқтаған уақытын колледж басшылығының «1950 жыл» деп көрсетуін дұрыс деп білеміз.

Өйткені техникум мүрағатында С.Сүндетбаевтың жеке іс қағазындағы №43 құжатта С. Сүндетбаевтың «1950 жылы 27 маусымда» техникумдағы оқуын аяқтап Қарағанды қаласының бас сауда мекемесіне жүмысқа баруына жолдама берілгені көрсетілген [5, 5-ші парақ].

Қорытынды

Мақаланың соңында С.Сүндетбаевқа қатысты зерттеулер жүргізетін адамдарға құлаққағыс ретінде айтарымыз, Самат Сіләмбекүлы Йемен Халық - Демократиялық Республикасындағы KCPO - ның елшісі лауазымына көтерілген жоқ, ол жоғарыда көрсеткеніміздей осы елдегі Кеңес Одағы елшілігінде екінші хатшы қызметін атқарды.

Ойымызды түйіндей келе, айтарымыз, өзіне жүктелген міндетті адал атқару кезінде қапыда қаза тапқан кеңестік кезеңдегі аз ғана қазақ дипломаттарының бірі Самат Сүндетбаевтың өнегелі өмірі мен қызметін арнайы зерттеп кейінгі ұрпаққа насихаттау ұлт жанашырларының бір міндеті болуға тиіс.

 

Әдебпет:

  1. Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. - Алматы, 2014 жыл. - 845 б.
  2. Жүнісжанов Малғаждар. Есімі енді белгілі болған елші // Егемен Қазақстан. 2014 жыл 13 тамыз.
  3. Дүйсен Сейітқали Жахияүлы. Қазақстан дипломатиясы (тарихи аспект). Монография. Авт.: С.Ж. Дүйсен. / Б.F. Аяғанның ред. - Астана: «БиКА» БП кешені. 2018. - 336 б.
  4. Шығыс Қазақстан облысы, Қазіргі заман тарихын қүжаттандыру орталығы (Семей қаласы).1379 - қор; 1 - Тізімдеме; 7 - Ic.
  5. Семей сауда техникумының архиві. 29 - Қор; 2 - Тізімдеме; 676 - Ic.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.