Мақалада цифрлаіідырудың кейбір мәселелері талқыланды. Мысал ретінде АҚШ, Ресей Федерациясы жəне Қытай Халық Республикасы сияқты әлемдік державаларда цифрландырудың қалыптасуы мен даму тари∖ыɪɪа кыскаша шалу келтірілген. Бұл елдердің тәжірибесі жəне оɪɪы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік батдарламасын кұру процесінде пайдалану жолдары талданды. Сонымен бірге, еліміздің ішкі жəне сырткы саясатында жаңа кұрал ретінде колданыла бастатан цифрлык дипломатияның кейбір мәселелері зерттелді.
Соңты жылдары бұкаралык акпарат кұралдарының беттерінде, интернет жүйесінің кейбір сайттарында цифрландыру жəне цифрлық дипломатия мәселесі туралы мәліметтер жиі кездеседі. Сондықтан осы мәселені қарастыру үшін əлем елдерінің тәжірибелеріне шолу жасауды жəне цифрландыру Қазакстанда кандай деңгейде жүргізілуде екендігін айкындауды жөн деп есептедік.
Мақаланы жазу барысында цифрландыру мәселесі туралы зерттеулерді, мақалаларды, интернет желісіндегі акпараттарды карастырып, оларды сыни тұртыдан баталап, зерттеу барысында «цифрландыру» ұтымы туралы накты бір аныктаманың жок екенін, бірак зерттеушілер [1] мен сарапшылардың көптеген пікірлері бар екенін байкадык. Біздің түсінігімізше цифрландыру — бұл заманауи технологияларды пайдалана отырып, акпараттарды цифрлык калыпка көшіру, түсіру болып табылады.
2016 жылғы «Егемен Қазақстан» газетінде «Цифрландыру туралы не білеміз?» деген мақала жарияланды. Осында «Цифрландыру технологиялары дегеніміз — бұл бұрын-сонды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Қазіргі күні бұл технологиялар жасақталу үстінде. Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады» деп жазылған [2] жəне осында мақала авторы атақты футуролог, жапон физигі Митио Какудың: «Цифрлы технологиялардың арқасында адамдар, шартты түрде алғанда, өлместік жағдайға жетуі мүмкін. Мəселен, Альберт Эйнштейн туралы барлық мəлíметтердí жинастыра келе, осы ақпараттардың негізінде оның цифрлы көшірмесін жасап, оны голографиялық бейнемен толықтыруға болады. Ал қазіргі өмір сүріп жатқан адамның, мəселен, сіздің цифрлы болмысыңыз бен тұлғаңызды жасау одан да жеңілдейді. Ол үшін сіздің миыңыздағы барлық ақпараттарды оқиды да, соның негізінде көшірмеңізді жасайды. Сіз өлген кезде бұл егіз-көшірмеңіз сіздің орныңызға өмір сүріп, сіздің мінезіңіздің негізінде дами алады жəне сіздің жадыңызды жаңа таныстықтармен байыта береді» деген қызықты пікірін [2] мысал ретінде келтірген. Шындығында қазір өзгермелі əлемде күн сайын технологиялар өзгерістерге түсіп, жаңару үстінде. Технологиялық трендтер үдерісі өте белсенді түрде дамуда. Ал оларды қуып жету мүмкін емес. Бұл мəселе əлем елдерінің барлығын алаңдатуда, сонымен бірге заманауи технологиялық трендтер əлем елдеріне қиындықтар да тудыруда. Қалай болған күннің өзінде жаңа технологияларды əлем елдерінің барлығы да өз деңгейінде игеруге ұмтылуда. Осы ретте əлем елдері цифрландыруды қалай игеруде? Қаншалықты деңгейде игеруде? Бұл үдеріске Қазақстан қаншалықты деңгейде қатысуда? Қазақстанда цифрландыру үдерісі қалай жүргізілуде тəрíздí көптеген сұрактар туындайды. Сол себепті цифрландыру мəселесíн белсенді түрде қолға алған АҚШ, Ресей, Қытай тәрізді кейбір мемлекеттердің тəжíрибесí мысалында, сонымен қатар Қазақстанда жүргізіліп жатқан цифрландыру саясатының жекелеген қырларына талдау жасау арқылы жауап беруге ұмтылайық. ХХІ ғасырдың басында пайда болған цифрлық дипломатия мəселесíнде кейбір шетелдердің тәжірибесін бақылау, сыни тұрғыдан қарау жəне талдау əдíстерíне сүйене отырып баяндағанды дұрыс деп есептедік.
Мақала тақырыбына байланысты материалдарды сараптаған кезде, əлем елдерінің арасынан АҚШ көшбастаушы екені байқалды. Яғни, дүние жүзі бойынша цифрландыру мəселесíн алғашкылардың бірі болып колға алған АҚШ. Ол туралы ресейлік зерттеуші Н.С. Ревенко«Цифровая экономика США в эпоху информационной глобализации: актуальные тенденции» деп аталатын мақаласында АҚШ ХХ ғасырдың аяғынан бастап ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (АКТ) белсенді түрде енгізе бастағанын айтады жəне АКТ компаниялардың шеңберінде ғана қолданылғандығын, ал «Digital Economy Agenda» («Повестка дня цифровой экономики») деп аталатын Мемлекеттік бағдарлама тек 2015 жылы ғана жасалғандығын жазады [3; 84].
АҚШ-та цифрлық экономиканы басқа ведомстволар арасында үйлестіру үшін 2015 жылы Цифрлық экономика жөніндегі жетекші топ (Diginal Economy Leadership Team) құрылады, ал оған Интернет-саясат жөніндегі мақсатты топ (Internet Policy Task Force) көмектеседі [3; 84]. Цифрлық заманның мүмкіншіліктерін кеңейту мақсатында жəне экономикалық өсуді тездету үшін 2016 жылы Цифрлық экономика жөніндегі консультативтік кеңес құрылып (Digital Ecjnomy Board of Advisors), оның құрамына бірқатар ірі американдық компаниялардың өкілдері кірді — «General Electric», «Electrical and electronics engineering», «Microsoft», «Silicon Valley Bank», «YouTube», «McKinsey Global Institute», «Home Shopping Network» т.б. Бұлардың барлығы да АҚШ-тың цифрландыру саясатын дамытуда белсенділік танытатыны анық жəне оған АҚШ та мүдделі. Оған тағы бір мысал «Microsoft», «YouTube» тəрíздí компаниялардың кең көлемдегі бағдарламалық өнімдерін кез келген жерде, кез келген уақытта əлемнщ барлық елдері сияқты, қазақстандықтар да белсенді қолданады. «YouTube» видеохостингінде кез келген тақырыптағы материалдарды іздеу жəне оны көру үдерістері 75 тілде жүзеге асады. Оның ішінде қазақ тілі де бар. Бұл «YouTube» видеохостингі жер шарындағы халықтың 95 пайызына қолжетімді деген сөз. «YouTube» іздеу жүйесі бойынша «Google»-ден кейін екінші орында тұр [4]. Оның материалдарын дəрíстер оқу, семинарлық сабақтар жүргізу барысында біздер де кеңінен қолданамыз. Сондай-ақ, АҚШ-тың «Facebook», «Amazon», «Google» тəрíздí интернет-компаниялары да əлем елдеріне кеңінен таныс, Қазақстанда да олар қолданысқа белсенді түрде енді. Айталық, «Google» тек іздеу жүйесі ғана емес болғандықтан, бұл почта сервері, əр түрлі статистикалық ақпараттар алуды қызықтыратын тұтынушылар үшін сипаттамаларды тегін жүзеге асыратындықтан, адамдарды қызықтырады. Аталған іздеу жүйелерінің барлығы да АҚШ-тың цифрландыру саясатынан туған.
Қазақстанның ірі көршілері — Қытай жəне Ресей елдерінде де цифрландыру жақсы жолға қойылған. Қытайда цифрландырудың тез қарқынмен дамуы жəне оның жаһандық цифрландыру жүйесін құрудағы басты күші туралы McKinsey компаниясы үлкен мақаласын жариялады [5]. Мақалада Қытайда цифрлық инвестиция мен инновациялық өнеркəсіптердің «тірі» жүйесінің құрылғандығы туралы құнды ақпарат береді. McKinsey компаниясының мақаласына сəйкес, Қытайда цифрлық экономиканың дамуын негізгі үш фактор анықтайды:
Бірінші фактор — цифрлық бизнес-модельдерді тез коммерциялық қолдану үшін Қытайдағы нарық көлемінің өте үлкендігі жəне интернет қолданушы жастар санының көптігі жағдай жасайды;
Екінші фактор — цифрландыру үшін қолайлы, «экосфера» жасаған үш қытайлық интернет- алпауыттар («Baidu», «Alibaba», «Tencent») үздіксіз кеңейе түсуде;
Үшінші фактор — Қытайдағы цифрландыруды дамытудың ең басты қозғаушы күші — қытай үкіметі. Үкімет цифрлық компанияларға қолдау көрсетеді, цифрлық өнеркəсіптердің нарыққа шығуына мүмкіндік жасайды, бір мезгілде инвесторларға, жасаушыларға жəне тұтынушыларға қолдау көрсетеді, сонымен бірге бақылау жасауды да күшейтеді.
Аталған үш фактордың арқасында халықаралық аренада Қытайдың рөлі күн сайын арта түсуде. Оған дəлел «Baidu», «Alibaba», «Tencent» тəрíздí ірі интернет алпауыттарының дүниежүзіне танымал болуында. Мысалы, 1999 жылы құрылған «Alibaba» компаниясы бүгінгі таңда электронды сауда жəне цифрлық төлемдермен айналысатын ең ірі компаниялардың бірі атанып отыр. Компанияның негізін қалаушы жəне басшысы Джек Ма үлкен жетістікке жетті. Ол тек Қытайдың ғана емес, бүкіл əлемдегí ең бай адамдардың бірі саналады.
Ресейде жүргізіліп жатқан цифрландыру мəселесíне келетін болсақ, бұл елде цифрландыруды дамытуға арналған құжаттар қабылданған. Алғашқысы 2017 жылы 28 шілдеде «Ресей Федерациясының цифрлық экономикасы» туралы бағдарламасын бекіту туралы өкім болатын [6]. Бұдан басқа 2018 жылдың 7 мамырында «2024 жылға дейінгі кезеңде Ресей Федерациясы дамуының ұлттық мақсаттары мен стратегиялық міндеттері туралы» Жарлыққа Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин қол қойды. Осыған сəйкес экономика мен əлеуметтíк салаларға цифрлық технологияларды жылдам енгізу жөніндегі мақсаттарды іске асыру үшін РесейҮкіметі «Ресей Федерациясының цифрлық экономикасы» бағдарламасының негізінде бірдей аталатын ұлттық бағдарлама қабылданды. Бұл бағдарлама 2019 жылдың 4 маусымында Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Кеңес алқасының отырысында № 4 хаттамамен бекітілді [7]. Аз уақыттың ішінде цифрлық экономиканы дамытуды үкіметтік дəрежеде қолға алып, оны 2024 жылға дейінгі аралықта жүргізу мақсатында негізгі бес бағытты айқындады: нормативтік реттеулер; мамандар жəне білім; зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру жəне техникалық бастамалар; ақпараттық инфрақұрылым жəне ақпараттық қауіпсіздік. Ресейлік «Ростелеком», «МегаФон», «Росатом», «Ростех», Сбербанк, АСИ, «Яндекс», «Открытая мобильная платформа», «Mail.ru Group», «Рамблер» жəне басқа да көптеген ірі компаниялар цифрлық экономиканы жоғарыда аталған бағыттар бойынша дамытуда. Тағы бір айтып кететін жайт, компаниялар көрсетілген бағыттың бірін өзінің қамқорлығына алып, оның дамуын қолдайды. Мысалы, «Ростелеком» — ақпараттық инфрақұрым, ал Сбербанк — ақпараттық қауіпсіздік бағытына жауап береді [8]. Қысқаша шолудан шығатын қорытынды алпауыт мемлекеттер цифрландыру мəселесíне үлкен көңіл бөледі жəне мемлекеттік деңгейде бақылауда ұстайды.
Ал Қазақстанға келетін болсақ, бүгінгі күні үкіметтік деңгейде ақпараттық технологияларды игеруді барынша жылдамдатуға ұмтылып отырғандығын байқауға болады. Бұл дегеніміз цифрландыру саясаты Қазақстанда да жүргізіле бастады деген сөз. Қазақстан қазірдің өзінде ақпараттық технологияларды енгізу, компьютерлік қамтамасыз ету, интернетке қосылу, «Электронды» үкімет жұмыстарын ұйымдастыру көрсеткіші бойынша ТМД кеңістігінде алдыңғы қатарда келеді. Елімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілді [9]. Бағдарлама 2018– 2022 жылдарға арналған. Оның негізгі мақсаты — «орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету жəне цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау болып табылады» [9]. Аталған құжатта оны іске асырудың бес негізгі бағыты көрсетілген:
- «Экономика салаларын цифрландыру» еңбек өнімділігін арттыруға жəне капиталдандырудың өсуіне алып келетін озық технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы экономикасының дәстүрлі салаларын түрлендіру бағыты;
- «Цифрлық мемлекетке көшу» — қажеттіліктерін күні бұрын біліп, халық пен бизнеске қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің функцияларын түрлендіру бағыты;
- «Цифрлық Жібек жолын іске асыру» — ішкі контур үшін де, Қазақстан Республикасының транзиттік əлеуетíн іске асыру үшін деректерді берудің, сақтаудың жəне өңдеудің жылдамдығы жоғары жəне қорғалған инфрақұрылымын дамыту бағыты.
- «Адами капиталды дамыту» — жаңа жағдайға, білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғам құруды қамтитын түрлендіру бағыты;
- «Инновациялық экожүйені құру» — бизнес, ғылыми сала жəне мемлекет арасындағы орнықты көлденең байланыстармен технологиялық кəсíпкерлíк пен инновацияны дамыту үшін жағдай жасау бағыты. Мемлекет инновацияларды өндіріске шығаруға, бейімдеуге жəне енгізуге қабілетті экожүйе катализаторы ретінде əрекет етеді.
Көрсетілген бес бағыттың шеңберінде 17 бастама жəне бірқатар іс-шаралар қарастырылған. Бүгінде елімізде олардың барлығы да іске асырылуда [9].
Цифрландыру мəселесíнде ең алдымен адамдардың цифрлық сауаттылығы маңызды орын алады. Адамдардың заманауи технологияларды қолдану деңгейі артқан сайын цифрландыру белсенділігі күшейе түседі. Отандық сарапшылардың зерттеуінше 2018 жылы Қазақстан халқының дербес компьютер, смартфон, планшет, ноутбук, стандартты бағдарлама мен интернетті қолдану деңгейі 79,6 пайызды құрады. 2017 жылы бұл көрсеткіш 77,1 пайыз болған [10].
Үкімет тарапынан қолдау тауып отырған «Astana Hub», «Almaty Tech Garden», «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, AIX қор биржасы, «Алатау» инновациялық технологиялар паркі, Халықаралық жасыл технологиялар жəне инвестициялық жобалар орталығы, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Зерде Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, «Astana Innovations» АҚ жəне тағы басқа бірқатар мекемелер бір ғана ортақ мақсат — инновациялық экожүйені қалыптастыруды іс жүзіне асыруға бағытталған. Сонымен бірге «Самұрық-Қазына»ұлттық əл-ауқат қоры» жəне «Бəйтерек» Ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамдары да Қазақстанның экономикалық тұрғыдан өркендеуіне үлкен үлес қоса алатын технологиялық компанияларға қолдау білдіріп келеді [11].
2018 жылы Қазақстанда өткен Digital Bridge форумы аясында цифрлық экономиканы дамытудағы ғаламдық трендтер қандай деген мəселе талқыланды. Пленарлық отырыста Қазақстанның ғаламдық нарықтағы əлеуетí жан-жақты талқыға салынды. Жиынға сол кездегі Үкімет басшысы болған Бақытжан Сағынтаев қатысып, мұндай ауқымды форумды өткізудегі мақсат Азия мен Еуропа арасына алтын көпір салу екендігін атап өтті. Ол «... елімізде тек мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрлық жүйеге көшіріп қана қоймай, жаппай экономиканың барлық салаларын дамыту қолға алынғанды. Сондай-ақ цифрландырудың алғашқы нəтижелерí де бар. Мəселен, соңғы 8 айда 13 млн. қызмет түрі цирфлық жүйеге көшірілген. Оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, халыққа қызмет көрсету сынды салалар да бар. Мұндай шаралардың арқасында Қазақстан дүниежүзілік банктің Doing Business рейтингіде бизнесті жүргізу көрсеткіші бойынша 28-орынға жайғасты. Бірақ Халықаралық сауда позициясы бойынша 102-орында тұр. Себебі, еліміздің тікелей мұхитқа шығатын мүмкіндігі жоқ» [12] деген кедергілер мен қиындықтардың да бар екенін айтып өтті.
Интернет сайттарында «Самұрық-Қазына» ұлттық əл-ауқат қоры мен The Boston Consulting Group «Қазақстанның макроэкономикалық келешегі жəне цифрландырудағы инвестицияның жаңа көкжиектері» атты бірлескен зерттеуін жария еткендігі туралы ақпараттар бар. Онда «Цифрландыру саласында Қазақстан алға жылжып келеді: цифрлық экономикаға тартылу деңгейі тұрғысынан Қазақстан Ресей, БАƏ, Аргентина мен Чили сияқты елдермен қатар деңгейде жəне индексі 0,72 (БҰҰ мен BCG-тың 2016 жылғы мəлíметí), əлемдíк орта көрсеткіштен (0,49) жоғары тұр. Сондай-ақ, BCG e-intensity рейтингінің мəлíметí бойынша, қазақстандық компаниялар арасында кең жолақты интернетке кіру көрсеткіші 45 %-ды құрайды. Бұл көрсеткіш жағынан Қазақстан БАƏ (53 %) жəне Малайзиямен (38 %) теңдес. Цифрландырудың өнеркəсіптік өндіріс, халық шаруашылығы, көлік, бөлшек сауда салаларына ықпалы орасан, бірақ Қазақстан бұл салаларда əзíрге əлемдíк орта деңгейге жеткен жоқ. Мысалы, Қазақстандағы өнеркəсіптік өндірісті автоматтандыруға жұмсалып отырған шығын ІЖӨ-нің 0,07–0,09 %-ын ғана құрайды, бұл əлемдíк орташа деңгейден (0,18 %), 2,3–3 есеге аз, ал Солтүстік жəне Оңтүстік Америкадан 4–5 есеге аз. Онлайн-сауда нарығы тіпті мардымсыз, 2015 жылғы бөлшек сауда нарығының 0,8 %-ын ғана құрайды» деген сандық мəлíметтер берілген [13]. Бұдан Қазақстанда цифрландыру жақсы жолға қойылғанымен, қиындықтардың бар екенін, әлі де болса атқаратын істердің көп екендігін түсінуге болады. Қалай болған күннің өзінде, Қазақстан əлем елдерінде жүргізіліп жатқан цифрландыру көшінен қалмайтынын басып айтуға болады.
Жоғарыда шолу жасалған цифрландыру жүйесінде «цифрлық дипломатия» да бар екенін айтқымыз келеді.Дипломатиялық қызметте осы күнге дейін «ашық дипломатия», «құпия дипломатия» тəрíздí қолданып жүрген механизмдердің қатары «цифрлық дипломатия» ұғымымен толықты. Бірақ сарапшылар мен зерттеушілер қауымы «цифрлық дипломатия» ұғымына нақты анықтама берген жоқ. Əлем елдерінің арасында ең бірінші АҚШ цифрлық дипломатияны насихаттың жаңа құралы ретінде ойлап тапты. АҚШ өзінің сыртқы саясатымен байланысты ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи түрлерін — əлеуметтíк желілер, блоктар жəне жаһандық жүйедегі басқа да медиа алаңдарды белсенді түрде қолдануды жандандырды.
АҚШ-та цифрландыру 43-ші президент болған Джордж Буш билігі кезінде (ол 2001–2009 жж. аралығында мемлекет президенті болған — авт.) басталды.
Кіші Джордж Буш әкімшілігі кезінде АҚШ-та дәстүрлі түрде қолданылып келген халықаралық радио жəне телеканалдарды таратуды интернетке ауыстырудың жолын қарастырды. Осыған байланысты 2002–2003 жылдары цифрлық дипломатияның бағдарламасы дами бастады. 2006 жылы Мемлекеттік хатшы Кондализа Райстың жетекшілігімен цифрлық дипломатияны дамытуға арналған топ құрастырды. Оның құрамына əлеуметтíк желілердегі АҚШ туралы оң жəне теріс ақпараттарға мониторинг жүргізетін мамандар кірді. Одан кейін АҚШ-та цифрлық дипломатия бағдарламасын дамытуда көзге түскен екінші адам Хиллари Клинтон болды. Ол Барак Обама билігі кезінде Мемлекеттік хатшы қызметін атқарды, сонымен бірге үкіметтің цифрлық дипломатия бағдарламасын дамытумен айналысты. Х. Клинтон «Google», «Facebook», «Twitter», «Howcast»,
«AT&T» тəрîздî ірі интернет-компаниялардың жетекшілерімен жүргізген келіссөздер арқасында, олардың желілері арқылы АҚШ туралы оң ақпараттарды тарата бастады. Сондай-ақ, АҚШ-тың сыртқы саясатына қатысты басқа мемлекеттердің көзқарастары, осы мемлекетке қатысты айтылған барлық жаңалықтарды білуге болатын болды. Осындай жаңа тəсîлдерî үшін сарапшылар Х. Клинтонды цифрлық дипломатияның «өкіл шешесі» деп атады.
АҚШ-тан басқа әлемнің көптеген мемлекеттері де цифрлық дипломатияны белсенді түрде қолдануға көшті. Мемлекеттердің сыртқы істер министрлігінің (СІМ) əлеуметтîк желілерде болуы цифрлық дипломатияның өміршең екендігін көрсетеді.
Қазақстанның əр саласында жүргізіліп жатқан цифрландыруды Сыртқы істер ведомствосы да қолдайды. Мемлекет ішінде аталған министрлік (1-сур.), ал шетелдерде қазақстандық елшіліктер ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдануы арқылы Қазақстандағы цифрландыруға өз үлестерін қосып отыр. Олар өздерінің ресми сайттарына (2-сур.) ие жəне əлеуметтîк желілерде (3-сур.) бар.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің сайты қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде ақпараттар береді. Оның басты бетінде мынадай бөлімдер көрсетілген:
- Министрлік;
- Сыртқы саясат;
- Баспасөз орталығы;
- Қызметі;
- Визалар жəне консулдық мəселелер;
- Инвестициялар комитеті;
- Шетелге шығатындар үшін;
- Visit Kazakhstan;
- Мемлекеттік қызметтер;
- Нормативтік-құқықтық актілер;
- Басты жаңалықтар;
- Елшіліктер жаңалықтары.
Аталған бөлімдердің барлығы белсенді жұмыс істейді. Қажетті ақпараттармен танысуға болады.
Дипломатиялык кызметте әлеуметтік желілердің ішінде «Twitter» жəне «Facebook» жетекші болып табылады. «Twitter» желісінің баскаларɪа караɪанда жетекші желі екендігін мына макала мәліметтерінен көруге болады: «Белгілі бір Twiplomacy термині (Twitter жəне Diplomacy ағылшын сөздерінен алынɪан) жəне осы кызметті зерттейтін аттас үйым калыптаскан. https://twiplomacy.com мәліметтері бойынша БҰҰ-ға мүше 193 елдің 97 % Twitter-де ресми аккаунттарын тіркеген. Аталған платформада тек 6 елдің (Лаос, Мавритания, Никарагуа, Солтүстік Корея, Свазиленд жəне Түркіменстан) үкіметтері ресми түрде тіркелмеген. 2018 жылы https://twiplomacy.com мәліметтеріне сəйкес әлемнің 187 елінің мемлекет, үкімет, сырткы саяси ведомство басшыларына тиесілі 951 жеке жəне институционалды «Twitter» аккаунттары тіркелген. Әрбір халыкаралык үйым біркатар танымал әлеуметтік желілерде тіркелген. БҰҰ-ның тек Twitter-дегі аккаунтында 10 миллионнан астам жазыл- мандар бар» [14]. Макалада бүдан баска əлеуметтíк желілер жəне олардағы Қазакстанның СІМ туралы маңызды деректер келтірілген. Біз оларды өзгеріссіз, осы күйінде беруді дүрыс деп есептедік: «Қазакстанның Сырткы істер министрлігі бес əлеуметтíк желілерде («Twitter», «Facebook», «Instagram», «Youtube», «Telegram») үсынылған, жазылмандардың жалпы саны 40 мыңды күрайды. Сонымен катар, Министрлік Твиттерде @Kazakhstan аккаунтын жүргізеді (6000 мыңнан астам жазылмандар) (3-сур.).
«Қазақстан — Ұлы Дала елі» жəне «SmartTravelKZ» екі тегін мобильді қосымшасы əзíрленíп, сәтті дамуда. Іс жүзінде республиканың барлық шетелдік мекемелері қабылдаушы елдердің танымал əлеуметтíк желілерінде тіркелген. Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігінің Твиттер аккаунты (5 500 жазылмандар) жəне Қазақстанның Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілеттігі (4300 жазылмандар) ең табысты жəне белсенді болып табылады» [14]. Мақалада көрсетілгендей Қазақстанның СІМ цифрландыруды дамытуда əлеуметтíк желілерді қолданып қана қоймай, мобильді қосымшаларды жасау арқылы да өз үлесін қосуда.
Сонымен, ХХІ ғасырдың тың бастамалары цифрландыру жəне цифрлық дипломатияны əлем елдері мойындады. Қазақстан да осы процеске қосылды. Елбасы Н. Назарбаев: «Цифрландыру — бұл нысана емес, бұл біздің ғаламдық бəсекелестíгíндегí абсолютті артықшылығымызға жету құралы екенін бəрíнщ түсінгенін қалаймын. Онсыз өзін сыйлайтын ел жақсы өмір сүре алмайды...», — деп айтты [15]. Соған орай мақала авторлары цифрландыру жəне цифрлық дипломатияға арналған арнайы зерттеулердің қажеттілігін көрсетеді. Қазақстан үшін цифрландырудың маңыздылығы жəне оны дамытудағы құрамдас бөлігі болып отырған цифрлық дипломатияға қатысты қысқаша шолу жасалды. Бұл проблема əлем елдеріндегі цифрлық дипломатияның қалыптасуы мен даму тарихы деген зерттеумен жалғасын табады.
Əдебиеттер тізімі
- Зозуля Д.М. Цифровизация российской экономики и Индустрия 4.0: вызовы и перспективы / Д.М. Зозуля // Вопросы инновационной экономики. — 2018. — Т. 8. — № 1. — С. 4, 5.
- Əлíлбай С. Цифрландыру туралы не білеміз? / С. Əлíлбай // Егемен Қазақстан. — 2017. — 5 желтоқсан.
- Ревенко Н. С. Цифровая экономика США в эпоху информационной глобализации: актуальные тенденции / Н.С. Ревенко // США — Канада: Экономика — Политика — Культура. — 2017. — № 8. — С. 84.
- YouTube туралы қызықты деректер [Электрондық ресурс]. — Қолжетімдік тәртібі: https://massaget.kz/layfstayl/tehno/sholu/49893/
- Цифровая экономика Китая определяет новую мировую тенденцию [Электронный ресурс]. — Режим доступа. — http://russian.china.org.cn/exclusive/txt/2017-09/30/content_41672368.htm
- Распоряжение от 28 июля 2017 г. № 1632-р Об утверждении программы «Цифровая экономика Российской Федерации» [Электронный ресурс]. — Режим доступа: http://static.government.ru/media/files/9gFM4FHj4PsB79I5v7yLVu Pgu4bvR7M0.pdf.
- [Электронный ресурс]. — Режим доступа: https://digital.gov.ru/uploaded/files/natsionalnaya-programma-tsifrovaya- ekonomika-rossijskoj-federatsii_NcN2nOO.pdf
- Краснушкина Н. Белый дом запустил цифру. Правительство готово приступить к выполнению программы. — [Электронный ресурс] / Н. Краснушкина. — Режим доступа: https://www.kommersant.ru/doc/3423672
- «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысымен бекітілді [Электрондық ресурс]. — Қолжетімдік тәртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1700000827
- Цифрлық сауаттылық артып келеді [Электрондық ресурс]. — Қолжетімдік тәртібі: http://ult.kz/post/tsifrlyk-sauattylyk- artyp-keledi1
- Өзгеру немесе қалу. Қазақстандағы цифрлық трансформация қандай қиындықтар мен бастамалар əкеледí? [Электрондық ресурс]. — Қолжетімдік тəртíбí: https://informburo.kz/kaz/zgeru-nemese-alu-azastanday-cifrly-transformaciya- anday-iyndytar-men-bastamalar-keled.html
- [Электрондық ресурс]. — Қолжетімдік тәртібі: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/275728-astanada-tsifrly-ekonomikany-damytu-m-selesi-pysy-tald
- Жеделдетілген цифрландыру Қазақстан экономикасы дамуының басты факторына айналды [Электрондық ресурс]. — Қолжетімдік тәртібі: https://abai.kz/post/47485
- Бектемісов Ж. Əлеуметтíк желілердің заманауи дипломатиядағы маңыздылығы туралы [Электрондық ресурс]. — Қолжетімдік тәртібі: http://mfa.gov.kz/kz/content-view/dzanibek-bektemisov-o-vaznosti-socialnyh-setej-v-sovremennoj-diplomatii
- Цифрландыру бойынша республикалық кеңес [Электрондық ресурс]. — Қолжетімдік тәртібі: https://egov.kz/cms/kk/news/news_digital