Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шанхай ынтымақтастық ұйымының қауіпсіздік саясатының қалыптасуы (2001–2006 жж.)

Мақалада Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) 2001–2006 жж. аралығындағы қауіпсіздік саясатының нормативтік жəне институционалдық негізінің қалыптасуы қарастырылды. 2001–2006 жж. аралығындағы Орталық Азия аймағындағы объективті өзгерістердің көрінісіне айналған ШЫҰ-ның қауіпсіздік саясаты, террористік қауіп-қатермен күресуге бағытталған ШЫҰ саясатының негізгі кезеңі зерттелді. Осы жылдарда қабылданған ШЫҰ-ның негізгі құжаттарына салыстырмалы талдау жасалып, олардың маңыздылығы айқындалды. Авторлар ШЫҰ-ның терроризммен күресу жөніндегі Конвенциясын терроризммен күресу саласындағы негізгі халықаралық келісімдермен байланыстырып талдады. 

Жаңа ғасырдың алғашқы жылы «Шанхай үрдісі» үшін белгілі жыл болды. Біріншіден, Орталық Азияның бес мемлекетінің «Шанхай бестігінің» санын алты мемлекетке кеңейту бастамасы Өзбекстанның тарабынан қолдау тапты.

Екіншіден, ШЫҰ-ның қауіпсіздік саясатының кеңеюі құжат түрінде бекітіліп, оған ынтымақтастықтың террорға қарсы векторы енгізілді. «Шанхай үрдісінің» қызметін жоғары деңгейде кеңейту құжат түрінде бекітілді. Аймақтық даму мен қауіпсіздіктің өзекті мəселелерін түсінуге қадам жасалды: мемлекеттік қауіпсіздіктің тазартылған тұжырымдамасынан «жаңа» əскери емес қауіп- қатерлерді ескеретін қауіпсіздік тұжырымдамасының кеңінен түсіну үрдісі байқалды.

2001 ж. 15 шілдеде Шанхайда «Шанхай үрдісінің» мемлекет басшылары жəне оған қосылған Өзбекстан, ШЫҰ құру жөніндегі Декларацияға қол қояды [1; 20]. Біздің ойымызша, бұл «Шанхай үрдісінің» халықаралық мəртебесінің жоғарлауын жəне алты мемлекеттің арасындағы аймақтық ынтымақтастықты дамытудың қазіргі заманғы жаңа жəне берік алаңының қалыптасуының басталуын көрсетіп берді.

Декларация ынтымақтастықтың жаңа аймақтық үкіметаралық механизмін білдірді. Құжатта аймақтық ынтымақтастықтың үлкен тізімі сипатталды, олар — мүше-мемлекеттердің арасындағы өзара сенімді, достық пен көршілік қатынастарын нығайту; мүше-мемлекеттердің арасындағы саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мəдени, білім, энергетика, транспорт, экология салалары бойынша тиімді ынтымақтастықты дамыту; аймақтағы бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мен қолдау үшін бірлескен күшті жұмылдыру; жаңа демократиялық, əділ жəне тиімді саяси, экономикалық халықаралық тəртіпті құру болды.

Сонымен бірге осы кезеңдегі Шанхайдағы қол қойылған екінші құжат — «Шанхай ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы күресу Конвенциясы» болды [2; 166]. Аталған конвенция ШЫҰ ынтымақтастығының негізгі векторын анықтап берді. Бұл құжаттың өзектілігін (қол қойылғаннан үш ай өткен соң) АҚШ-ғы 11 қыркүйек оқиғасы дəлелдеп берді. Осылайша, ШЫҰ мүше-мемлекеттері алғашқылардың бірі болып халықаралық ортадағы жаһандық қауіпсіздіктің болашақ векторын анықтап, халықаралық терроризм сияқты құбылыстың əлемдік тəртіпке қауіп- қатер төндіретінін мойындады.

2002 ж. 7 шілдеде ШЫҰ-ның негізгі құжаты — ШЫҰ Хартиясы қабылданды [3; 24]. Бұл құжат алты мемлекеттің ынтымақтастық мақсатын, міндеттері мен принциптерін анықтап, Ұйымның қабылданған Декларациясын нақтылап əрі дамытып, 26 бөлімді құрады. ШЫҰ-ның Хартиясына қол қою арқылы оның келісімдік–құқықтық негізі жасалып, халықаралық құқық субъектісін иеленді.

ШЫҰ Хартиясын талдау барысында ұйымның қауіпсіздік концепциясының негізгі теориялық аспектісін анықтауға мүмкіндік туды. Бұл құжат бірінші кезекте Ұйымның қауіпсіздік саясатын құрылымы жағынан кеңейтеді жəне күрделілендіреді. Құжатта қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс–əрекеттер көрсетіледі.

ШЫҰ-ның қауіпсіздік үлгісінде төмендегідей бағыттарды бөліп көрсетуге болады: терроризм, сепаратизм жəне экстремизмге, есірткі заттар мен қарудың заңсыз айналымға енуіне, трансұлттық қылмыс пен заңсыз миграцияға қарсы тұру; табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жəне өзара көмек көрсету; мүше-мемлекеттердің халықаралық міндеттері мен олардың ұлттық заңнамасына сəйкес адамның негізгі еркіндігі мен құқықтарын қамтамасыз ету бағыттары.

Даму үлгісіне — еркін тауар, капитал жəне технология айналымын іске асыру мақсатында сауда мен инвестиция үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру; энергожелісі, коммуникация мен транспорт салалары бойынша инфрақұрылымды тиімді пайдалану жəне жетілдіру; табиғат пен суды тиімді қолдануды қамтамасыз ету; ғылым мен техника, білім, денсаулық сақтау, мəдениет, спорт, туризм салалары бойынша өзара байланысты іске асыру жатады.

Біздің ойымызша, аймақтық қауіпсіздік саясатын іске асырудың мұндай идеялық қөзқарасы халықаралық үрдістің қатысушылар арасындағы өзара мүддені сақтаудың кепілі бола алады жəне «Шанхай үрдісінің» шеңберінде басқа мемлекеттің ішкі істеріне араласу үшін қауіпсіздік концепциясын сылтау ретінде қолдану тəжірибесі (халықаралық ортада кеңінен тараған) жоқ.

Хартияда ШЫҰ-ның ұйымдастырушылық құрылымы анықталған. Құжатқа сəйкес Ұйымның мақсаты мен міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін келесі органдары құрылды: Үкімет басшыларының Кеңесі, сыртқы істер министрлерінің Кеңесі, министрліктер немесе ведомстволар басшыларының Отырысы, ұлттық координаторлар Кеңесі, аймақтық антитеррористік Құрылым, Хатшылық [3; 27].

ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басындағы аймақтағы күрделі сыртқы саяси жағдай: Ауғанстандағы талибан қозғалысы жəне ислам экстремизмі қауіпі, жаңадан құрылған мемлекеттердің саяси тəртіптерінің ішкі əлсіздігі, ресейлік Шешенстандағы жəне қытайлық Шыңжаңдағы (Шыңжаң Ұйғыр автономиялық аймақ) жағдай ШЫҰ-ның қауіпсіздік саясатының даму сипатына өзінің əсерін тигізді. ШЫҰ-ның қауіпсіздік концепциясының дамуының екінші кезеңінде (2001–2005 жж.) терроризмге қарсы күресу саласы теориялық-концептуалдық, құқықтық қалыптасу мен институционалдық сипатқа ие болады. ШЫҰ-ның терроризммен күресу саласындағы қызметіне талдау жасау Ұйымның 2001–2005 жж. қауіпсіздік саясатының өзгерістері мен ерекшеліктерін анықтаудың маңызды кезеңі болып табылады.

Жоғарыда аталғандай, халықаралық терроризммен күресу барысындағы өзара тығыз байланыс жасау идеясын тəжірибеде іске асыру 1999 ж. Бішкектегі бес мемлекет басшыларының саммитінде жүзеге асты. Ресейдің құқық қорғау жетекшілерінің, қорғаныс министрлерінің жəне сыртқы істер министрлерінің кездесуін жүргізу ұсынысы қолдау тапты. «Шанхай бестігінің» ел басылары қол қойған Бішкек декларациясында халықаралық терроризмге, ұлттық сепаратизмге жəне діни экстремизмге қарсы тиімді іс–шаралары шешуші рөл атқарады деп көрсетілді [4; 14].

2001 ж. 15 шілдеде ШЫҰ-ның антитеррористік саладағы негізгі құжаты — «Терроризм, экстремизм, сепаратизм жəне экстремизммен күресу жөніндегі Шанхай конвенциясы. 2000 ж. 5 шілдеде қабылданған Душанбе декларациясының 5 бөліміне сəйкес өңделді. Конвенцияға сəйкес, мүше-мемлекеттер қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі көпжақты келісімдерге қол қою қарастырылды.

ШЫҰ-ның Конвенциясы терроризммен күресу саласындағы негізгі халықаралық келісімдермен байланыстырылды. ШЫҰ Конвенциясы негізін ортақ көпжақты антитеррористік конвенциялар құраған антитеррористік келісімдердің кешеніне енді:

  • Əуе кемелерін заңсыз түрде басып алумен күресу жөніндегі Конвенция (1970 ж.);
  • Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күресу жөніндегі Конвенция (1970 ж.);
  • Халықаралық қорғаудағы тұлғаларға, соның ішінде дипломатиялық агенттерге қарсы қылмыстың алдын алу жөніндегі Конвенция (1973 ж.);
  • Тұтқындарды басып алуға қарсы күресу жөніндегі Конвенция (1979 ж.);
  • Ядролық материалды физикалық қорғау жөніндегі Конвенция (1980 ж.);
  • Теңізде жүзу қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілерімен күресу жөніндегі Конвенция (1988 ж.);
  • Бомбалық терроризмге қарсы күресу жөніндегі халықаралық Конвенция;
  • Терроризмді қаржыландыруға қарсы күресу жөніндегі Конвенция (1999 ж.);
  • Ядролық терроризм актілерімен күресу жөніндегі Конвенция (2005 ж.).

Осылайша, Шанхай конвенциясының негізін əлемдік тəжірибеде тұрақталған формалар құрайды: негізгі түсініктерді анықтау, ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын құру, оның жүзеге асыруға жауапты органдарды анықтау, құқықтық негізді қалыптастыру болды.

ШЫҰ «терроризм» түсінігінің екі бөлімнен тұратын өзіндік анықтамасын Конвенцияның 1- бабында көрсетеді. Бірінші бөлім келесідегідей: «Конвенцияның Қосымша бөлімінде мойындалған қылмыс деп саналатын қандайда бір қимыл-іс» [2; 166]. Бұл анықтама терроризмді қаржыландыруға қарсы күресу жөніндегі Халықаралық конвенцияның анықтамасын қайталайды. Бұл «терроризм» түсінігінің бірнеше рет ғылыми деректер мен халықаралық ресми құжаттарда анықталғандығымен түсіндіріледі. Осындай себеппен көптеген саяси акторлар сілтемелік нормаларды пайдалану тəжірибесін қолданады. Мұндай көзқарастың əлсіздігі оның үстіртіндігі болып саналады. Сондықтан бірыңғай құқықтық саясат шеңберіндегі террористік қауіп-қатердің алдын алу жəне кесіп өту үшін тиімді жүйеленген түсінік аппаратын өңдеу мəселесі өзекті болып саналады.

Терроризм анықтамасының екінші бөлімінде ШЫҰ өзіндік анықтамасын — «қарулы қақтығыс жағдайында соғыс қимылдарына белсенді қатыспайтын қандай да болсын азаматтық тұлғаға немесе кез келген басқа тұлғаға, оны өлтіруге немесе оған ауыр дене зақымын келтіруге, сондай-ақ қандай да болсын материалдық объектіге едəуір нұқсан келтіруге пара–пар осындай əрекетті ұйымдастыруға, жоспарлауға, оның жасалуына дем беруге, оған арандатуға, егер осындай əрекеттің мақсаты оның сипатына немесе орындалуына орай халықты қорқытуға, қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға немесе өкімет органдарын не болмаса халықаралық ұйымды қандай да бір əрекет істеуге немесе оны істеуден қаймықтыруға бағытталған жəне де Тараптардың ұлттық заңдарына сəйкес қылмыс ретінде қуғындалушы кез келген басқа əрекеті» [2; 166] деп көрсетеді.

Шешенстандағы Ресейдің жəне Шыңжаңдайға Қытайдың тəжірибесін ескере отырып, ШЫҰ Конвенциясы терроризммен сепаратизм жəне экстремизм сияқты құбылыстарды байланыстырады. Конвенцияда «мемлекеттердің аумақтық тұтастығын бұзуға, соның ішінде оның аумағының бір бөлігін одан бөлуге немесе мемлекетті күштеп ыдыратуға, сондай-ақ осыған пара-пар осындай əрекеттерді жоспарлау мен дайындауға, оның жасалуына дем беруге, оған арандатуға бағытталған, жəне Тараптардың ұлттық заңдарына сəйкес қылмыс ретінде қуғындалушы қандай да болсын əрекетті» [2; 166] ретінде анықталады.

Ал, Конвенция бойынша экстремизмнің анықтамасы «билікті күшпен басып алуға немесе күшпен ұстап тұруға, сонымен қатар мемлекеттің конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, сонымен пара–пар қоғамдық қауіпсіздікке күштеп араласуға, оның ішінде жоғарыда көрсетілген мақсаттарда заңсыз қарулы құрылымдар ұйымдастыруға немесе оларға қатысуға бағытталған, жəне Тараптардың ұлттық заңдарына сəйкес қылмыс ретінде қуғындалушы қандай да болсын əрекетті білдіреді». Конвенцияда «сепаратизм» жəне «экстремизм» түсініктерініне заңды мағынаға қарағанда, негізінен саяси мəн көбірек берілгенін байқауға болады. Терроризмді ұлттық сепаратизм жəне саяси экстремизммен бір деңгейге қою ғылыми тұрғыдан алғанда онша орынды емес. Экстремизм дегеніміз — кез келген бір мəселеге деген шектеулі көзқарасты ұстанатын құбылыс немесе феномен. Терроризм іс-қимылдың ең қатаң əдістерінің бірі болып саналады. Сондықтан да террористік тəсілдерді сепаратистер, националистер жəне экстремизмді ұстанатын саяси күштер мен қозғалыстар пайдалана алады [2; 167].

Сонымен бірге халықаралық тəжірибеде экстремизмді терроризмнің бір мотиві ретінде анықтайтын рəсімдер қалыптасқан. 2001 ж. 28 қыркүйекте қабылданған БҰҰ БА-ның 1373 резолюциясында экстремизм мотивіндегі террористік актілердің саны ұлғаюда деп мойындалған.

Конвенцияда ынтымақтастықтың іске асыуы мен дамуына жауапты органдары (мүше- мемлекеттердің орталық құзырлы органдары) көрсетілген. Сонымен қатар деструктивті құбылыстармен күресудің негізгі əдістері анықталған. Бұл сала бойынша, мүше-мемлекеттердің арасындағы ақпараттық ытымақтастыққа назар аударылған. Оперативті іздеу шараларын жүргізу үшін ақпарат алмасу механизмі өңделген.

ШЫҰ Конвенциясындағы қауіпсіздіктің теориялық аспектісін қарастыра отырып, бұл құжаттың ШЫҰ-ның қауіпсіздік саясатындағы терроризммен күресудің ресми түрде енгізілуі мен анықталуын көрсететінін айтуға болады. Қауіпсіздік жөніндегі дəстүрлі көзқарастан алшақтау байқалады. ШЫҰ аймағының қауіпсіздігі үшін қауіп ретінде террористік ұйымдар мен жеке тұлға кейпіндегі экстерриториялық жəне тəуелді емес акторлар да қарастырылады.

2005 ж. Терроризм, сепаратизм жəне экстремизммен күресу жөніндегі ШЫҰ мүше- мемлекеттерінің ынтымақтастық Концепциясына қол қойылды [5; 62]. Бұл құжат ШЫҰ-ның қауіпсіздік саясатының антитеррористік векторының дамуының келесі бір қадамы болды.

Құжатта ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің терроризм, экстремизм жəне сепаратизммен күрес үшін ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары, міндеттері мен принциптері, бағыттары айқындалады. Концепцияның «Жалпы ережелер» бөлімінде ешқандай жаңа концептуалдық толықтырулар жоқ: қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі халықаралық нормалар мен принциптерге сүйенген. Сонымен бірге ШЫҰ аймағындағы терроризммен өзіндік күш арқылы күресу мүше-мемлекеттердің басым міндеттерінің бірі болып саналады. Концепция бойынша ШЫҰ мүше-мемлекеттері үшін терроризм, экстремизм жəне сепаратизммен күресудің негізгі басым бағыттарын бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ШЫҰ мүше-мемлекеттердің бірыңғай тəсілдерін құқықтық байланыстыру жəне өңдеу бағыты. Бұл бағыттың негізгі мақсаты терроризм, экстремизм жəне сепаратизммен күресу саласындағы ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің заңнамаларын үйлестіру болып табылады. Екінші бағыт — ақпараттық ынтымақтастық. Бұл бағыттың шеңберінде жедел-іздеу, анықтама, қылмыстық ақпарат жəне халықаралық іздеу салынған жеке тұлғаны іздеудің бірыңғай тізілімін құру қарастырылған. Үшінші бағыт ортақ антитеррористік оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізу жəне кадрларды даярлау мен біліктілігін арттыру шараларынан тұратын құрылымдық ынтымақтастық бағыты болып саналады. Алдында қабылданған Терроризм, сепаратизм жəне экстремизммен күресу жөніндегі Конвенциядан бұл тұжырымдаманың жаңа концептуалдық ерекшелігін атап өткен жөн. Бұл құжатта алғаш рет құқықтық, саяси, əлеуметтік-экономикалық т.б. шараларды қамтитын терроризммен күресудің кешенді қажеттілігі көрсетілген. Терроризмге қарсы тұру механизмінде өзгерістер, яғни, жеке тұлғалық емес көзқарастан адам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған көзқарасқа ауысу байқалады.

1999–2005 жж. ШЫҰ қызметіндегі қауіпсіздік концепциясының даму нəтижесі ретінде ШЫҰ аймағындағы қауіпсіздік түсінігін кең көлемде кеңеюін атауға болады.

Ұлттық мүддені қорғауға бағытталған дəстүрлі көзқарастармен қатар, бірінші кезекте адам қауіпсіздігіне ықпал ететін жаңа қатерлер жəне дəстүрлі емес тəсілдерді кеңейту қарастырылады. Терроризм, наркотрафик, трансшекаралық қылмыс, заңсыз миграция, экономика мен экология мəселесі сияқты құбылыстар ШЫҰ-ның жаңа Концепциясында, бір жағынан, өзара бір-біріне тəуелді, екінші жағынан, дəстүрлі қауіпсіздіктің қауіп-қатеріне ықпал ететін мөлшерлес қауіпсіздік ретінде қарастырыла бастайды. 2001–2005 жж. ШЫҰ қауіпсіздік саясатының даму кезеңінде даму мен қауіпсіздік идеясы өзара тəуелді жəне бір-біріне ықпал ететін категория екенін ұғыну байқалады. Экономикалық жəне экологиялық мəселелер аймақтық қауіпсіздіктің қауіп-қатері ретінде қарастырыла бастайды.

Сонымен, бұл кезеңде Концепцияның іске асуының сыртқы шекарасын қарастыратын ШЫҰ қауіпсіздік саясатының идеологиялық жағы да қалыптасады. Мұның негізін екі стандартты саясат пен мемлекеттердің ішкі істеріне араласуды жоятын бір-бірін құрметтеу жəне өзара тиімді ынтымақтастық принциптері құрады. Мемлекеттердің терроризмге қарсы күш қолданудың халықаралық нормалары мен ережелерін өңдеудің өзектілігі, əсіресе Ауғанстандағы, Ирандағы американдық əскери тəжірибені ескере отырып, күн сайын артуда.

Сонымен, 2001–2006 жж. ШЫҰ антитеррористік векторының шеңберінде терроризм табиғатын түсінумен қатар, онымен ортақтасып күресудің тактикасы жөнінде өзгерісті байқауға болады. Егер 2001 ж. Конвенцияда терроризмге қарсы тұрудың қорғаныс жəне шабуыл жасау əдістері арасында асимметрия (біріншісінің есесіне) байқалса, 2005 ж. Терроризм, экстремизм жəне сепаратизммен күресу жөніндегі ынтымақтастық концепциясында тек қана терроризммен емес, сонымен бірге оның себептерімен күресу қажеттіліктері көрсетілді.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе, халықаралық құқықтағы жалпыға ортақ құжаттар мен нормалардың негізінде ШЫҰ аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа механизмі кезең-кезеңмен дамыды деп айтуға болады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Декларация о создании Шанхайской организации сотрудничества. Шанхайская организация сотрудничества — десят лет по пути безопасности и сотрудничества. Основные документы ШОС: сб. документов. — Астана, 2011. — С. 20–23.
  2. Шанхайская конвенция о борьбе с терроризмом, сепаратизмом и экстремизмом от 15.06.2001 // Шанхайская организация сотрудничества — десят лет по пути безопасности и сотрудничества. Основные документы ШОС: сб. документов. — Астана, 2011. — С. 166–175.
  3. Хартия ШОС. Шанхайская организация сотрудничества – десят лет по пути безопасности и сотрудничества. Основные документы ШОС: сб. документов. — Астана, 2011. — С. 24–34.
  4. Гуанчэн Син. Шанхайская организация сотрудничества в борьбе с терроризмом, экстремизмом и сепаратизмом // Центральная Азия и Кавказ. — 2002. — № 4 (22). — С. 13–21.
  5. Морозов Б. Влияние Ближневосточного кризиса на национальные интересы государств ШОС // Проблемы Дальнего Востока. — 2012. — № 4. — C. 27–40.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.