Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мəшһур Иманжүсіптің өмірбаян деректері жəне шығармашылығы

Мақалада Мəшһур Иманжүсіп Құтпанұлының тарихтағы орны, заманы мен шығармашылығына қатысты зерттеу еңбектері, тұлғаның қилы тағдыры, қазақ елінің бостандық алу жолындағы күрестердегі даралығы, артына қалдырған əн-өлеңдерінің мəн-маңызын бағамдай отырып, төл əдебиетіміздің көрнекті ақын-жазушыларының мұрағат деректері, батырдың көзін көрген көнекөз тұлғалардың аузында сақталған аңыз-əңгімелердің желісімен Иманжүсіптің көркем əдебиеттегі бейнесі, өмір тарихы мен заманына қатысты жазылған көркем туындылары қарастырылды. Автордың мақсаты ел тарихындағы жарқын бейнесімен халықтың жадында қалған тұлғаның асқақ əндерін, шығармашылығын жəне батырлығын жас ұрпаққа насихаттау болып табылады.

Əлемдегі əрбір халық өздерінің ішінен түрлі кезеңдерде дараланып шыққан ақын, батыр, əнші, ғалым жəне тағы басқа дарындармен рухтануы, солардың өмір жолы мен игі істерін насихаттап жас өскелең ұрпақты патриоттық рухта тəрбиелеуге талпынады. Жер бетіндегі қандай халық болмасын өзінің туған елін даңқты тұлғалары арқылы таныстыруға мүмкіндік алады. Міне, осындай қазақ халқы ішінен шыққан дарынды ақын, сазгер, сері жəне батыр тұлғалардың бірі жəне бірегейі Иманжүсіп Құтпанұлы еді.

Тұлға өмірде «сегіз қырлы, бір сырлы» адам болған. Өйткені батыр Иманжүсіп Құтпанұлы қазақ сахарасына аты Мəшһүр болған адам. Иманжүсіп елдің азаттығы үшін арпалысып өткен ежелгі əулеттің асыл нəсілі болатын. Оның атасы Тұрғанбай датқа Сіргебайұлы (1794–1850) Қоқан хандығына қарсы азаттық қозғалысты бастап шығып, Түркістан шаһарында қапияда қазаға ұшырайды. Оның əкесі Құтпан (Баймырза) Тұрғанбайұлы (1817–1914) бастан аяқ Кенесарының ұлт- азаттық көтерілісіне қатысқан. Ақыр соңында баласымен бірге Жетісуға жер аударылып, ұзақ жасап, айдауда жүріп өледі. ХІХ ғ. басында, дəлірек айтсақ, Əлім ханның тұсында (1800–1809) қалың қазақ жайлаған Сыр бойын Қоқан басып алғаны тарихтан мəлім. Хиуа хандығы Мұхамед Рахым (1806– 1825) тұсында ерекше нығайып, кəдімгідей іргелі мемлекетке айналды. Осы тұста Қоқан, Хиуа билеушілерінің озбырлығына төзбеген Сыр бойындағы Орта жүзбен Кіші жүз қазақтарының 1812, 1816, 1820, 1850 жж. қанды шайқастарға шығып, бірде жеңіп, бірде жеңіліп жүргені мұрағат деректерінде сақталған. Құтпан Кенесары хан əскерінің жасағында жауынгер болған, кейін 1914 ж. тұтқында жүріп Жетісуда қайтыс болған» [1], — дейді.

Иманжүсіп жас кезінен-ақ жырға, шешендік сөзге құмар болып, сал серілер дəстүрін ұстап, саятшылық құрып, батыр атанады. Иманжүсіп суырып салма ақын, əнші болған. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мəди əндерін тамылжыта шырқаған. Жаяу Мұса Иманжүсіппен талай рет жүздесіп, ақыл-кеңес берген, оған өлеңдер арнаған. Патшалық Ресей империясының қысымына шыдамаған Иманжүсіп ХІХ ғ. аяқ шенінде Ақмолаға келеді. Мұнда да əкімдердің зорлығына, əділетсіздігіне шыдамай, оларға шығарған өткір өлеңдерін айтады. Содан жалған жаламен тағы да қуғынға түседі. 1905–1912 жж. Өскеменге, 1914 ж. Жетісуға жер аударылады. Сол жердегі Шұбарағаш, Ойжайлау, Лепсі, Қапалда тұрып, бірнеше рет жауапқа тартылған. Иманжүсіп жас кезінен-ақ жырға, шешендік сөзге құмар болып, сал-серілер дəстүрін ұстап, саятшылық құрып, палуан атанады. Иманжүсіп суырып салма ақын, əнші болған. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мəди əндерін тамылжыта шырқаған.

Ел тарихындағы жарқын бейнесімен халықтың жадында қалған тұлғаның асқақ əндерін, шығармашылығын жəне батырлығын жас ұрпаққа насихаттау, ұлттық рухты көтеру үшін аса қажет. Сондықтан тарихта өткен тұлғалардың соңында қалған мұралары мен өмір тарихын жүйелеу, зерттеу бүгінгі күннің талабы.

Ұлтымыздың тарихи тұлғалығын таныта отырып, Иманжүсіп жайында сыр ақтарған абзалдарымыз Сəкен Сейфуллин, Қаныш Сəтпаев, Əлкей Марғұлан, Сəбит Мұқанов, Жүсіпбек Елебеков, Мұхтар Əуезов, Ахмет Жұбанов, Александр Затаевич, Əбділда Тəжібаев, Евгений Брусиловский, Əуелбек Қоңыратбаев, Əбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Қасым Аманжолов, Ғабдол Сланов, Қалижан Бекқожин, Оралхан Бөкеев, Мұзафар Əлімбаев, Шерхан Мұртаза, Төлен Əбдіков, Илья Жақанов, Зейтін Ақышев, Оразбек Сəрсенбаев, Кеңшілік Мырзабеков, Ақселеу Сейдімбеков, Қалихан Ысқақ жəне тағы басқалары.

Қазіргі қазақ поэзиясының көшін бастап келе жатқан Қасымхан Бегіманов, Ғалым Жайлыбай, Серік Тұрғынбеков сияқты тұлғалардың өлең өрнегіне, соны тақырыбына айналған тұлғаның бірегейі осы — Иманжүсіп.

Тар заманның нар тұлғасы Иманжүсіп Құтпанұлының өмір тарихы, заманы мен шығармашылығына қатысты зерттеу еңбектері мен көркем туынды, зерттеу мақалалары 3 кезеңге бөліп қарастырылады. Бұл кезеңді қамтитын уақыт төмендегідей:

Бірінші кезең ХХ ғасырдың басынан бастап 60-жылдарына дейінгі уақытты қамтиды. Екінші кезең — 1960 жылдардан кейінгі уақыт.

Үшінші кезең еліміз тəуелсіздік алғаннан кейінгі уақытты қамтиды. Иманжүсіп Құтпанұлы 1990 ж. маусым айында толық ақталды.

Иманжүсіп Құтпанұлы туралы мұрағат деректері де, естелік материалдар да едəуір. Мəселен, Қазақ ССР Орталық Мемлекеттік мұрағатында Омбы дала губернаторлығының іс қағаздары ішінде Иманжүсіпке қатысты біраз құжаттамалар сақталған. Қазақ ССР Ғылым академиясының сирек кездесетін қолжазбалар қорында Иманжүсіптің өлеңдері сақталған.

Батырдың өмір тарихы мен шығармашылығын зерттеудегі бірінші кезең өткен ғасырдың басынан бастап 30-жж. дейінгі уақытты қамтиды. Оған Ə.Қоңыратбаевтың [2] М.Əуезовтің, [3] А.Затаевичтің [4] А.Жұбановтың [5] жазғандары айғақ болып табылады. Бұл қатарға академик Қаныш Имантайұлы Сəтбаевтың есімін де атағанымыз лəзім.

Фольклорист-ғалым Əуелбек Қоңыратбаев «Шиелінің халық ақындары» атты зерттеу мақаласында, «Керуен» деген атпен жарық көрген деректі əңгімелер мен естеліктер кітабында Иманжүсіп Құтпанұлының əншілік, серілік, ақындық қасиеттерін аша отырып, əңгіме желісіне айналдырады. Ал Қ.Сəтбаевтың Иманжүсіпке қатысты құнды пікірлері «Иманжүсіп» [6; 166] атты кітапқа енген. Аталған кітапта ақтаңдақ тұлғаның қилы тағдыры, батырдың көзін көрген көнекөз қариялардың айтқан естеліктері, сырлы да өр үнді əндері жинақталған. Раушан апайымыз ғылыми- шығармашылық жолын атасының рухына арнаған. Бұл еңбектің құндылығы, оның авторы жайлы Бағдат Ілиясова былай деп ілтипат білдіреді: «Ақындар, қолбасшылар мен батырлардың, даналар, ғалымдар, жер жинаушылар мен қазақ мемлекеттігін құрғандардың ұлы есімдері оралуда. Халайықты жинап, олардың Отанға деген рухы мен сүйіспеншілігін нығайтқандар туралы Даланың əрбір шөбінің сабағы естіді, біз үшін тым қастерлі ата-баба есімдерінің сақталғаны да сондықтан, ал біздерге, олардың ұрпақтарына, желдің не туралы əн салғанына, шөптің не жайында сыбдырлағанына құлақ түріп, уақыт пен кеңістіктің аңызын буындап, түйірлеп жинау ғана керек. Мұндай еңбек кез келгенге дес бермейді, бұл адами ерлікті жасауға кез келгеннің күші жетпейді, бірақ жігер, қайрат табылса, қолдан келеді, оған сөз жоқ.

Иманжүсіптану мəселесінің алғашқы кезеңінде əн, өнер зерттеушілерінің орны ерекше. Ең əуелі А.В.Затаевич Иманжүсіптің көзі тірісінде «Қазақ халқының 1000 əні» (1925, 1963) еңбегіне оның бес əнін (№ 117, 196, 217, 758, 840) кіргізді. Қазақ тілін білмеген зерттеуші бұл əндердің нотасын жазған да, əн мəтінін келтірмеген. Иманжүсіп əндерін орындаушылардың ішінде ең атақтылары Қ.Байжанов, И.Байзақов, Қ.Байсейітов болды. Қазақ радиосының «Алтын қорынан» Иманжүсіп Құтпанұлының он үш əні табылған. Орындаушылар: Рамазан Баймағанбетов, Ғалымбек Нұрғазинов, Қайрат Байбосынов, Жүсіпбек Елебеков, Мейіргүл Нұрмағанбетова, Жаппас Қаламбаев, Əмина Нұғыманова, Сматай Үмбетбаев, Айтбек Нығызбаев, Ербол Айтбаев.

Иманжүсіптің өмірі мен шығармашылығын зерттеудің екінші кезеңі 1960 ж. кейінгі уақытты қамтиды. Батырды ату жазасына бұйырғанда оған төрт түрлі айып тағылады. Олар: банда- шайкасының басшыларының бірі, көтеріліске жан-жақты мəліметтер жинақтаған, шайқастарға қатысқан жəне банда-шайкаcқа мылтығын сатты деген айыптар. Ешқандай кінəсі дəлелденбеген ақын осы айыптар бойынша атылған. Арада жиырма тоғыз жыл өткен соң, 1960 ж. 25 ақпанда Жамбыл облыстық сотының шешімімен Иманжүсіп ақталған. Бірақ оның ісімен танысуға отыз жылдан кейін ғана рұқсат берілген. Иманжүсіптің аты-жөнін, артына қалдырған əндерін айту осы уақыттан кейін басталады.

Жұмабай Орманбаев Иманжүсіптің көзін көрген, дəмдес-тұздас болған. Қаламгердің «Жұлдыз» журналында «Бір сапарға шыққанымда» деп аталатын Иманжүсіп пен Сəкен Сейфуллиннің достық қарым-қатынасы жайында мақаласы, 1972 ж. «Тұзақталған шортан» [7] атты жинақта «Үлкен аға аузынан» деген атпен əңгімелері жарық көрді. Кейін «Бір сапарға шыққанымда» деген əңгімесі «Тұғыры биік тұлға» кітабында «Аяулы аға шылауында» деген атпен басылып шықты. Бұл əңгімелерде Иманжүсіптің көпқырлылығы, адами ізгі қасиеттері суреттеледі. Сонымен бірге Жұмабай Орманбаевтың «Дала перзенттері» атты құнды қолжазба табылды. Жанры жағынан — роман, көлемі — бес жүз бет. Романға Иманжүсіптің қилы да қиын тағдыры өзек болған. Роман баспа бетін көрмеген, болашақта жарыққа шығады.

Іле-шала жазушы Зейтін Ақышевтың [8] Иманжүсіптің өмірі мен өнері жайлы жазылған романы оқырмандарға жол тартуға тиісті еді, бірақ саясаттың кедергісінен болып 1987 ж. ғана баспадан шығады. Бұған М.Əлімбаев, Р.Бердібаев, О.Сəрсенбаев сынды қаламгерлердің игі ықпалы болды. Кезінде Ə.Тəжібаев Иманжүсіп пен Қажымұқанның достығы жайында жазған болса, Ақселеу Сейдімбек 1986 ж. тың деректерді жариялады. Қазақтың біртуар ақыны Қасым Аманжолов өз өмірінде Иманжүсіп пен Құрманғазыны пір тұтып өткен. 1988 ж. «Парасат» журналында осы жайында Оразбек Сəрсенбаев көлемді мақаласын жариялады. Иманжүсіп Құтпанұлының өлеңдері ең бірінші рет «Бес ғасыр жырлайды» [9] атты қазақ поэзиясының онтологиясына енді.

Өнердегі Иманжүсіп бейнесі мен өмірдегі Иманжүсіп өмірін сабақтастыра бейнелеуге ден қойылған мақалалар көптеп дүниеге келді. Жалпы алғанда, бұл мақалаларда Иманжүсіптің даралық келбетін нақты талдау басшылыққа алынған. Кейіпкердің түр-пішінін, адами ізгі қасиеттері мен талантын сипаттау түрлі үлгіде беріледі. Кейде мақала авторлары Иманжүсіптің сырт кескін- келбетін, мінез ерекшеліктерін толық келтіреді, енді бір тұста оның бойындағы қасиеттерді екінші бір адамның көзімен бағалау — жазушы шеберлігінің бір қыры. Иманжүсіпке қатысты жазылған поэзиялық көркем шығармаларда батыр ерлік пен бостандықтың нышаны, жазықсыз жапа шеккен күрескер тұлға, бойындағы дарынын туған еліне бағыштаған сері ретінде сипатталып суреттелсе, мақалаларда ел перзенті, кемелденген жастағы асқақ тұлға, жүйрік ат, алғыр тазы, қыран бүркітті серік еткен адам ретінде баяндалады. Журналист Ж.Орманбаевтың «Үлкен аға аузынан», «Аяулы аға шылауында», Ə.Тəжібаевтың «Палуан аға», Ғ.Слановтың «Сезімі өрен ақын дос», Ə.Қоңыратбаевтың «Иманжүсіп» мақала, əңгіме, естеліктері Иманжүсіпке арналады [10].

Жазушы Жұмабай Орманбаевтың «Үлкен аға аузынан» жəне «Аяулы аға шылауында» атты мақалаларында сөз болған мəселе — Сəкен Сейфуллин мен Иманжүсіп Құтпанұлының достық қарым-қатынасы. Оқиға 1927 ж. болған. Республика астанасы — Қызылорда қаласына Ұлы Октябрьдің он жылдық мерекесіне Сəкенді іздеп Иманжүсіп келеді. Əңгімелердің мақсаты — рухы биік, ел жадындағы елеулі азаматтардың достығы мен сыйластығын көрсету. Иманжүсіптің түр- тұлғасы мен мінез қырлары авторлық баяндау арқылы беріледі. Осы тұста оның келбеті даралана елестейді: «Иманжүсіп зор, асқақ денелі кісі екен, сонан ғой дедім, шар тартқан нағыз тұлғасы кесек, жуантық емес сидалау, қапсағай көрінді. Қолмен қойғандай иегіне ғана біткен селдірлеу ұзынша сақалы, жебелі мұрты көк бурыл тартыпты. Жанары таймаған үлкен көзді, сəл шолақтау қыр мұрынды, ат жақты ашаң қара сұр жүзді байсалды да ойлы тəрізді. Ел аузында аңыз болып жүретін шежіре адамның алғашқы байқауда көзге түскен сырт көрінісі осы іспетті еді». Сол жылы Иманжүсіп алпыс жеті жаста екен. Бұл уақыттағы батырдың ермегі мен өмір серігі — əн, домбыра, жақсы ат, жүйрік ит, қыран құс. Осы сапарында олар жиналып, «Телкөл сапарына» шығады. «Үлкен аға аузынан» атты əңгімеде осы жайт сөз болады. Екі ағаның қасына Мұқажан, Əшірбек, Жұмабай деген жігіттер еріп шығады. Думанға толы сапар болады. Бірақ Иманжүсіп Қараөткелден кеткен соң өлеңді де өр мінезді де тастағанын айтады: «Ұмытылып еді ғой бұл қызық, көңіл шіркін тоқырап, басылып еді ғой, — деді сүртініп тұрып. — Сəкенжан, сол көңілді сен көтердің, басқа мəнде көтердің, семірдім, көңілім толды саған, шаршауды ұмыттым. Денеме тың күш, сезім кірген тəрізді. Жүрген- тұрғандай емес, мен де қуанып қалдым, — деп Сəкен де серги сөйледі». Иманжүсіп өмірінде кездескен жандардың ішінде ұнағаны да — Сəкен. «Иманжүсіпке Сəкен де ұнады. Жасым үлкен, өткендігім бар, ел-жұрт біледіні бұл қарттан естіп байқамайсыз. Көне қазақ Имекеңнің осы мінездерін Сəкен де қымбат бағалады. Бұл да өзіне тəн осы қасиеттерімен Сəкенге ұшырасқан бір ғана кексе қазақ». Осы сапардан кейінгі кездесу, той-думандарда Сəкен мен Иманжүсіп кездесіп тұрады. Иманжүсіп көп кешікпей дүние салады. «Бұдан соң да Сəкен Иманжүсіппен болған жерлерден, оны білетін адамдардан, мұрағат Имекең жөнінде көп материалдар жинаған еді. Бірақ нəсіп болмады. Сəкен Иманжүсіп жөнінде жазбақ үлкен еңбегін жарық көрсете алмай кетті». 1927 ж.

С.Сейфуллин И.Құтпанұлын Қызылорда қаласында өтетін кеңес үкіметінің он жылдық мерейтойына шақырғаны — тарихта бар оқиға.

Осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург жəне белгілі əдебиет зерттеушісі Əбділда Тəжібаев [11] «Палуан аға» естелігінде Қажымұқан мен Иманжүсіп жайын сөз етеді. Ə.Тəжібаев ұзақ шығармашылық ғұмырында тынымсыз ізденіп, үздіксіз еңбектеніп, тұтас бір дəуір шындығын жан-жақты, жоғары көркемдікпен бейнелеген өте мол мұра қалдырды. «Палуан аға» əңгімесі 1977 ж. «Жұлдыз» журналының он екінші санында жарияланған болатын. Əңгімеде Қажымұқанның Иманжүсіпті жоғары бағалап, құрмет тұтқаны туралы айтылады. Автор батырға былай деп баға береді: «Мəдиді айтамыз батыр деп, Иманжүсіпті де де сол сапқа қосамыз. «Екі метр бойы бар, ат шыдамайды екен астына. Қырық кісімен жалғыз өзі қамшымен ғана төбелесіпті» десеміз. Бірақ бұлар да ең алдымен ақындық, əншілікпен тарихқа кірген кемеңгер жандар. Барлық махаббаттарын, отты жүректерін, ақ тілектерін, алып қайраттарын туған халқына арнаған жандар».

Қалың бет, бура түсті, қара нардай, Жұп-жұмыр жуан діңгек, бойшаң нардай. Өзге жұрт ергежейлі ол келгенде, Айбынды жолбарысқа болар пардай, — деп Сəкен Сейфуллин баға берген Қажымұқан «Имекеңнің қамшысын да жеген». Əңгімеде ол оқиға былай суреттеледі: «Қояндының базары қызып жатқанда бір кесір шалға тілім тиіп кетіпті. Шал маған қамшы сілтемек болғанда, мен оны аттан жұлып алып, боз үйдің үстіне атып жіберіппін. Күлген жұрт зəресі ұшқан шалды үйден түсіріп алып, қайта аттандырып жіберіпті. Ызалы қарт сол бетімен Иманжүсіпке барыпты... Үйдей кері атының үстінде найзадай тіп-тік қадалған Имекең маған шын-ақ ашулы сияқты көрінді. Содан соң тепсіңкіреп кеп қамшымен тартып өтті. Ту сыртым сөгіліп кеткен шығар деп ем, əйтеуір аман екем. Көзім қарауытып барып əрең жығылмай құладым. Əзірейіл Имекеңнің қамшысының ұшында десетін онда жұрт. Қайда ондай ағалар, бөлек жандар еді ғой олар». Ə.Тəжібаев қаламынан туған «Палуан аға» əңгімесі сыршылдық, ойшылдығымен, оттылығымен ерекшеленсе, жазушы Ғабдол Слановтың «Сезімі өрен ақын дос» естелігі терең нəзіктігімен тəнті етеді. Қасым Аманжоловтың Иманжүсіп əндеріне жоғары баға беріп, ұйып тыңдайтыны — естелікке арқау. «Иманжүсіптің белгілі əні мен Құрманғазының «Аш бөрі» секілді сөздері ірі əнін ұйып тыңдап, ерекше бір дарқан шыққан өлең шумақтарына келгенде мəз болып, қозғалақтап күлімдеп кететін. Əсіресе Иманжүсіп пен Құрманғазының үндестігі Қасымды мейлінше риза қылатын. Иманжүсіп патшаның айдауында жүргенде:

Сарыарқаны жайлаушы ем қаздай көшіп, Сол бір күндер отыр ғой еске түсіп.

Арғынның бар қатыны ұл туса да, Барлығы бола бермес Иманжүсіп, —

депті. Осыны естіген Қасым Құрманғазының «Аш бөрі» əнінде айтылатын:

Бастан өтті жан шошыр талай майдан, Шыққан жоқ атқан серкем терең сайдан. Өзіммен ұлы дауға бір түсетін,

Ұл туар мендей жігіт қатын қайда! [12] —

деген бір сөздерін ең алғаш білгенде, ағасы базардан келген баладан артық қуанып, мəз болғанын көзіммен көргем», — дейді жазушы Ғ.Сланов.

Ал Əуелбек Қоңыратбаевтың «Иманжүсіп» атты естелігінде Сыр өлкесінде болған той арқау етілген. М.Бекежановтің «Иманжүсіпке хат» дастаны негізінде жазылған. Иманжүсіптің Ерейменнен Сырдағы туғандарына келіп қосылған тойы. Бұл тарихи оқиғаны «Дара тұлға» атты мақаласында Айғали Аманжолұлы былай береді: «Негізі Иманжүсіптің Сыр еліне 1914 ж. көктемінде келген. Оның аты Сыр еліне ғайыптан туған ер, ел қысылғанда көрінген бір күшті бары болып танылады. Қобыланды қыстағында отырған оны ел ақсақалдары Сыр өлкесімен таныстыру үшін сол жылғы мамыр айында ұзақ сейілге алып шығады. Мұны сол кездегі ел «Батырдың ағайынымен көрісуі» деп те атаған. Шиеліден Ақмешітке дейін барған бұл танысу төрт айға созылып, өзінше бір той-топырға айналған. Бұл тойға бүкіл Сыр өңірі шақырылып, мыңдаған адамдар қатысқан. Сөйтіп елі атақты батыры Иманжүсіппен солай танысқан». Иманжүсіптің өмір тарихына қатысты осы дерек көркемдік сипатқа ие болып, айрықша суреттеледі. «Иманжүсіп» əңгімесінде «сұңғақ бойы екі кездей, кейкі маңдай, ұзын саусақты» батырдың «...алыстап кетіп, қайта сағына қосылған өзінің өскен тауы, ұшқан ұясына қанат жайып шүйілген сұңқар бейнесі еріксіз елестейді». «Той үстінде қалың елді таңырқатқан жай — Иманжүсіп жайы болды. Ол жөніндегі түрлі аңыздар, оның ерекше тұлғасы, Ақмола абақтысынан қашуы, сонда салған сағынышты сазы, атасы Тұрғанбай мен əжесі Малбике жайындағы əңгімелер аңыздай өрбіді». Мəнсүр жыраудың шежіреге толы «Иманжүсіпке хат» дастаны да оқылады [13]. Иманжүсіптанудың екінші кезеңі осындай оқиғалармен айшықталды.

Иманжүсіптанудың үшінші кезеңі еліміз тəуелсіздігін алғаннан кейінгі уақытты қамтиды. Иманжүсіп Құтпанұлы 1992 ж. маусым айында заңды жолмен ақталды. Батырдың атылып кетуінің ешқандай себепсіз екені де анықталды. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев Ерейментауға келгенде Иманжүсіптің өлеңін жатқа оқып тұрып, бір əнін басқалардың білмейтініне реніш білдірген екен. Оны жазған Алтайдың мұзбалағы О.Бөкей еді. Қалай айтсаңыз да, «алтын пышақ қап түбінде жатпайды». Тарихи құндылықтың үлкен үлесі біздер əлі қазып, қопара алмаған уақыттың еншісінде жатыр. Ел мен жерге деген ұлы махаббаттың үлгісі бола білген «Феникс» құс секілді ұлылардың рухы бізді əрдайым жебей беретіні сөзсіз.

Дара тұлға жайлы, өмірі мен шығармашылық жолы туралы тың зерттеу мақалалары, ғылыми еңбектер тарихшылар, əдебиетшілер, өнер зерттеушілері тарапынан жазылды. Ақындар өз өлең жолдарын, жазушылар таңдаулы шығармаларын, режиссерлар кинофильмдерін, фототілшілер альбомдары мен альманахтарын арнаса, ғалымдар ғылыми еңбектерді қосты. 1992 ж. кейін түрлі дəрежедегі ғылыми-практикалық конференцияларда, əдеби кештерде баяндамалар жасалды, зерттеу еңбектері Иманжүсіпке арналып жатты.

«Иманжүсіп өнері, Иманжүсіп мұрасы, Иманжүсіп дүниетанымы мен көкжиегі зерттеуді, терең талдауды қажет етеді», — деген тарих ғылымдарының кандидаты Қайдар Алдажұмановтың пікіріне сүйенер болсақ, ел-жұртының азаттығы мен тəуелсіздігі үшін өмірін қиған «нағыз дала көкжалы» [14] Иманжүсіп Құтпанұлына қатысты телегей-теңіз мəселені зерттеп, игеру, жас буын өкілдеріне насихаттау — алдағы күннің еншісінде.

Иманжүсіп Құтпанұлының қазақ əдебиетінде сомдалған көркемдік бейнесі мен болмысы, қазақ тарихындағы қоғамдық, саяси-əлеуметтік орны қандай болды деген сұрақтарға жауапты Иманжүсіптің өмір тарихы мен заманына қатысты жазылған өлең, поэма, əңгіме, естелік, романдардан іздегеніміз абзал. Тарихи тұлға образын жасауда əр уақыттың ақын-жазушысы мен зерттеушісі мұрағат деректеріне, ел аузында сақталған аңыз-əңгімелердің желісіне сүйене отырып, шоқтығы биік көркем туындыларды, құнды əдеби шығармаларды дүниеге əкелді. Солай белгілі тұлғаның өмір шежіресін көркем туынды ретінде жинақтады. Өр мінезді, күрескер ақын, нар тұлғалы Иманжүсіп Құтпанұлының тарихи тұлғасы, көркемдік жəне күрескерлік бейнесін сомдауда ақиық ақындар, қара сөз шеберлері, көрнекті жазушылар образ төңірегіндегі уақиғалар, заман шындығы мен шырғалаңын өз шығармаларына, көркем туындыларына арқау етті.

Қазақ тарихы мен өнерінің бастау қайнарында тұрған сал-серілердің, ірі талант иелерінің бəріне ортақ қасиет — көп қырлылық. Балуан Шолақ, Ақан сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай сынды өр мінезді өнер саңлақтарының Иманжүсіп өмірі мен өнерінде сабақтастық, үндестік байқалады. Осы тұлғаларға қатысты жазылған шығармалар соның айғағы.

Қазақ жерінде аты аңызға айналған тұлға — Иманжүсіп Құтпанұлы. Иманжүсіпке қатысты тың пікір айтқан сыншы-ғалым Тұрсынбек Кəкішев. Көрнекті ғалымның Иманжүсіпке қатысты айтылған құнды пікірін толық келтіруді жөн санадық: «Тарихта бағы жанған, бағы жанбаған тұлғалар бар. Солардың бірі — Иманжүсіп. Иманжүсіп сияқты азаматтар жалғыз ғана патша үкіметіне қарсы шыққандықтан емес, жалпы, ел азаматы, қазақтың біртуар батыр ержүрек ұлы. Оған қоса, атақты əнші, сазгер, сері. Иманжүсіптің əндерін айтпайтын, жадында сақтамаған қазақ болмаған. Ол əндерінің ар жағында туатын сұрақтар: қалай, қай кезде айтылған, кімге арналған, қай күйде шығарған, осындай əндерді жазған адам қандай болған — жауап іздемеу — бұл біздің елдігіміздің, мəдениетіміздің, дəстүріміздің дұрыстап қалыптаспағанының бір көрінісі деп ойлаймыз. Иманжүсіп сияқты адамның қазақ əдебиетінің, өнерінің тарихында рөлін жарқыратып көрсету — біздің парызымыз. Баяғыда Сəкен Сейфуллин 1927 ж. арнайы іздеу салып, Иманжүсіпті тауып, кездесіп, аса құрметтепті. Ал егер Сəкен Сейфуллин іздеп жатса, кейінгі біздер қолымызға шам алып іздеп жүруге тиістіміз ғой» [15].

Иманжүсіп күрескерлік өр үнін əндерінде танытады. Еркін жарық дүниені көруге зар болған Иманжүсіп сонда:

Күнім қайда баяғы таңдай атқан, Қараөткелдің көшесін дабырлатқан. Бидайықтай ілуші ем аққу, қазды,

Жарғанат болғаным ба бұғып жатқан? [6; 95] — деп өлеңдетеді. Иманжүсіптің даңқы, əндері қазақ даласына кеңінен тарай бастайды. Қалың көпшілік халық оны əділетті ісі үшін күрескер жеке батыр ретінде бағалайды. Сұрапыл қайрат иесі Иманжүсіп зорлықшылардың өзіне күш көрсетуден тайынбаған. Мұрағат деректерінде оны жөнге салуға келгендердің талайы оңбай таяқ жеп, жарақаттанғаны айтылады. Оны ноян серінің өзі де жасырмайды.

Тумай жатып өш болды маған болыс, Аударылды сол үшін талай қоныс.

Сатырлатып сабаушы ем, шеттерінен,

Мынау ояз демеуші ем, мынау болыс!...» [6; 108].

Осындай өмір кешкен Иманжүсіп тағдыры көптеген көркем шығармаларға арқау болды. Қазақ радиосынан Иманжүсіп Құтпанұлына арналған «Дауылпаз ақын: ерлік пен намыс жыршысы» атты радиобағдарламада батыр туралы: «Иманжүсіп — тарих беттерінен өшіруге мүмкін емес қазақ халқының алпауыты. Ол біздің кешегі, бүгінгі жəне келешектегі рухымыз іспетті. Əрине, кеңес үкіметі саясатына қабыспайтын ақын жүректі азаматтың алуан түрлі əрекеті болды. Дала перзенті құйтұрқы заманды қабылдаған жоқ. Ақиқатында, əмбе қазақтың табиғаты солай еді. Көз көрген жəне көп білетін игі қазақтың кешегі жақсылары Иманжүсіп есімінен имандай ұйыды», — дегендей, Иманжүсіптің есімі — ерліктің, бостандықтың, батырлықтың символы. Ол бар бітім-болмысымен, бойына біткен табиғи дарынымен күллі қазақ даласына ортақ болатын. Уақыт өте келе нар тұлға өзін мойындатты. Қазақ еліне даңқы жайылған атақты батыр, палуан, ақын, əнші-сазгер, сері Иманжүсіп Құтпанұлының тарихтағы орны, қазақ елінің бостандық алу жолындағы күрестердегі даралығы, артына қалдырған əн-өлеңдерінің мəн-маңызын бағамдай отырып, төл əдебиетіміздің көрнекті ақын- жазушылары мұрағат деректері, батырдың көзін көрген көнекөз қариялардың аузында сақталған аңыз-əңгімелердің желісімен Иманжүсіптің көркем əдебиеттегі бейнесін сөзбен сомдады.

Отаршылдық езгіге қарсы күресіп өткен Иманжүсіп болса — талантын туған елге бағыштап өткен нар тұлға. Тарихта болған жəне тарихи оқиғаларға қатысып, бел ортасында жүрген батыр тағдырын қарымды қаламгерлер, ақындар өз көркем туындыларына арқау етті. Иманжүсіп Құтпанұлының өмірі мен шығармашылығы, оның өзі өмір сүрген заманымен астастыра суреттеген шығармалардың қай-қайсысын алып қарасақ та, ел-жұртының болашағына алаңдаған қайсар ердің ерлігі мен азаматтығын танытады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан: Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ə. Нысанбаев. — Алматы: Қазақ энцикл. Бас ред., — IV-т. — 201-б.
  2. Қоңыратбаев Ə. Шығармалары. — 1-т. Жылдар, ойлар... Өлеңдер мен естеліктер. — Астана: Фолиант, 2008. — 304-б.
  3. Ауэзов М.О. ПСС: В 50 т. — Т. 1. — Алматы: Ғылым, 1997. — С.
  4. Затаевич А. 1000 песен казахского народа. — М.: Музгиз, 1963. — С.
  5. Жубанов А. Земляк Иманжусупа / Иманжусуп. — Алматы: Кайнар, 2001. — С. 178,
  6. Кошенова Р.Н. Иманжусуп. — Алматы: Кайнар,
  7. Орманбаев Ж. Тұзақталған шортан. — Алматы: Жазушы, 2005. — 89-б.
  8. Ақышев З. Шынардың шыбығы. — Алматы: Жазушы, 1987. — 268-б.
  9. Ай, заман-ай, заман-ай... Бес ғасыр жырлайды: Екі томдық. — 1, 2-т. / Құраст. М.Мағауин, М. Байділдаев. — Алматы: Жазушы, 1991. — 265-б.
  10. Кошенова Р. Тұлпардың ізімен. — Алматы: Қазығұрт, 2012. — 212-б.
  11. Тəжібаев Ə. Шығармалар. — 5-т. — Алматы: Жазушы. — 201-б. 12 Коныратбаев А. Қазақ. 02. – 29.02.1916. — 5-б.
  12. Бекежанова М. Иманжүсіпке хат. — Алматы: Жазушы, 1989. — 107, 108-б.
  13. Кекильбаев А. Мен қалайша жалғанда тұрақтайын. — Алматы: Арыс, 2000. — 241-б.
  14. Акишев З. Иманжусуп. — Алматы: Жібек жолы, 2003. — 199–201-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.