Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Азаттық үшін күрестің жалғасы — Желтоқсан-86

Мақала биыл 30 жыл толып отырған Желтоқсан толқуына арналады. Бұл толқудың Қазақстанның көптеген аймағында болғаны белгілі. Толқу өткен облыс орталықтарының бірі — Қарағанды қаласы. Қатысушылардың естеліктері мен зерттеушілердің мəліметтеріне сүйене отырып жазылған мақалада толқудың басталу себептері, түрткі болған оқиға, барысы мен нəтижелері зерттелді. Сондай-ақ сол уақыттағы толқу қорытындылары бүгінгі көзқарасқа сəйкес талданды.

Тарих ғылымының қызметі мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық, қоғамдық мəселелерін көтере отырып, озық ойлы пікірлерді насихаттап, елдің дамуына кері əсерін тигізген жағдаяттардың алдын алу қызметін атқарумен тікелей байланысты. Отан тарихының терең зерттеуді қажет ететін тақырыптары сан алуан.

Қоғамның міндеті — қоғамның өткені мен бүгінгі күнін зерделейтін тарихшының парызы, адамзат ойкуменасының шынайы тарихын зерделеу. Микротарих, күнделікті өмір тарихының өзіндік методологиясы қалыптасып жатқан отандық тарихнама заманында кеңестік үлгідегі жаппай қарастыру əдісінен алшақтап, белгілі бір кезеңде өмір сүрген қоғамның, адамдардың жекелей зерттеу нысаны ретіндегі маңызын арттырып отыр. Тұлғаны зерттеу өзін қоршаған ортаның кез келген оқиғасын басынан өткере отырып, мемлекет тарихын жасайтын субьект ретінде тарих ғылымының заман талабына сай мəселелерін талдайды.

Қазақ халқының Кеңес өкіметіне қарсы шығуы бірінші емес еді. ХVIII–XIX ғғ. намысшыл бабалардың ізімен, ар-ұжданды бірінші қатарға қоя білген қазақ ұлтының ұрпағы ретінде, кез келген бассыздық пен белден басу саясатына сəйкесінше жауап қайтарып отырды. Биыл 100 толып отырған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс патшалық Ресейге қарсы бағытталған соңғы толқу болса, 1986 жылғы желтоқсан толқуы Кеңес өкіметіне қарсы бағытталған соңғы бас көтеру болды.

Кеңес өкіметі орнаған тұста да бұл наразылық толастаған емес. Əрине, соғысты, наразылықты, қақтығысты дəріптеуден аулақпыз. Дегенмен құқығы аяқасты болып жатқанда қарсыласудың өтуі əлем тарихында орын алған заңдылық.

Кеңес өкіметі тарапынан дəріптеліп отырған ұлттар достығы қағаз жүзінде қалып, іс жүзінде «жазылмаған заңдар» күшімен, ұлттық азшылықты құрайтын халықтар өз елдерінде өгей ұрпақтың күйін кешті.

М.С. Горбачев бастаған жаңа топтың билікке келуі алғашқыда көпшілікке сенім ұялатқаны белгілі. Себебі салыстырмалы түрде жас халық алдында өзін-өзі ұстауы мен сөз саптауы, өзіне сенімділігі, мемлекет халқының көпшілігіне ұнады да. Қайта құру саясатымен келген экономикадағы, қоғамдағы өзгерістер туғызуы тиіс идеялар бұрын-соңды болмаған реформаның басталғанының белгісі еді. Дегенмен, олардың ең үлкен қателігі, реформаларды болжамдар жасамай, кезеңсіз енгізуінде болды. Қоғамның, халықтың немесе кеңес азаматының бұл жаңалықтарға қаншалықты дайын-дайын еместігі ескерілмеді. Реформалардың сəтсіздікке ұшырауына «кінəлілерді іздеу» барысында одақтық республика басшыларына тиісу басталды.

Қазақстанды қамтыған желтоқсан толқуының негізгі себебі қырық жылдай ел басқарып, билік басында болып, республика экономикасының өрлеуі мен төмендеуінің басы қасында жүрген қазақтың біртуар ұлы Д.А. Қонаевты орнынан алу еді.

1986 жылдың 17 желтоқсанында республикалық газеттер «Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумы туралы информациялық хабар» жариялады. Онда: «16 декабрьде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумы болып, онда ұйымдық мəселе қаралды. Пленум Д.А.Қонаевты пенсияға шығуына байланысты республика Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары міндетінен босатты.

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары болып КПСС Орталық Комитетінің мүшесі Г.В.Колбин сайланды. Ол бұған дейін Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші секретары болып қызмет атқарған.

Пленумның жұмысына КПСС Орталық Комитетінің секретары Г.П. Разумовский, КПСС Орталық Комитетінің Ұйымдық-партиялық жұмыс бөлімінің сектор меңгерушісі Н.Ф. Мищенко қатысты» [1; 8].

19 желтоқсан күні ғана республикалық газеттердің бір бұрышына «Алматыдан хабар» деген тақырыппен ТАСС-тың мына хабары басылды: «АЛМАТЫ, 18 декабрь. (ТАСС). Кеше кешкісін жəне бүгін күндіз Алматыда ұлтшыл элементтер арандатып салған оқушы жастар тобы көшелерге шығып, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жуырда болған Пленумының шешіміне наразылық білдірді. Бұл жағдайды бұзақылар, арамтамақтар жəне қоғамға жат басқа да адамдар пайдаланып, право тəртібінің өкілдері жөнінде правоға қарсы əрекеттер жасады, сондай-ақ бір азық-түлік магазинін, жекеменшік автомобильдерді өртеді, қала азаматтарына қарсы намысты қорлайтын əрекеттер жасады.

Заводтарда, фабрикаларда, жоғары оқу орындарында, басқа да еңбек коллективтерінде болып өткен жиналыстар, сондай-ақ қала мен аудандардың партия жəне комсомол активтері Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті пленумының шешімдерін мақұлдады жəне оқушы жастар тобының ешқандай негізсіз іс-əрекеттерін айыптап, бұзақыларға батыл шаралар қолданылуын, қала да толық тəртіп орнатылуын жақтады. Осы бағытта қолданылып жатқан іс-қимылды еңбекшілер қолдауда. Олар совет жəне партия органдарының жүргізіп жатқан шараларына белсене қатысуда. Барлық кəсіпорындар, мекемелер, оқу орындары, магазиндер, тұрмыстық қызмет, қала транспорты қалыпты жұмыс істеуде» [1; 11, 12].

Осы хабардан кейін жастар тобы көшеге шығып өз талаптарын қоя бастады. Себебі, М.Горбачев бастамасы бойынша, мемлекет басшысын таңдау құқы орындалмады. Сонымен қатар Қазақстан халқы танып-білмеген адамның басшылыққа келуі күмəнді еді. Қарағандыдағы желтоқсанның 19–20 күндеріндегі оқиғалар Алматыдағы 17–18 желтоқсанда болған оқиғаның заңды жалғасы еді.

«Алдын ала қолданылған шараларға қарамастан, бірқатар оқу орындары мен жатақханаларында қазақ жастары топтасып, Алматыдағы оқиғаны талқылап жатты. Жоғары оқу орындары арасында байланыс орнап, сол күнгі кешкі сағат 20.00-де олар өздерінің Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің V Пленумінің шешімімен келіспейтіндіктерін білдіру үшін қаланың Гагарин атындағы алаңында жиналатындықтары туралы сөз таратты.

Обкомның ерекше қадағалауына алынғанына қарамастан, жағдай жоғары оқу орындар, техникумдар басшылығының, олардың партия жəне комсомол ұйымдарының бақылауынан шығып кетті. Сағат 20.00-де Гагарин атындағы алаңға студент қазақ жастары жинала бастады».

Осы күнді толқуға қатысқан Г.К. Накипова былай еске алады: «Мен ол кезде ҚарМУ-дың 4 курс студентімін. Филология факультетінің «Орыс тілі мен əдебиеті» пəні бойынша білім алып жатқан едім. Сессия жақындап, дайындық жұмыстары жүріп жатқан болатын. Алматыдағы хабар төбемізден жай түскендей əсер етті. Өзім орыс мектебінде білім алып, ауылда бірыңғай славян ұлт өкілдерінің арасында өстім. Университет қабырғасында да орыс тобында оқып, тобымызда үш қана қазақ болдық. Сонда да əке-шешеңнің берген табанды тəрбиесі басым болады екен. Намысым кеудемді кернеп, көппен бірге алаңға шыққандардың бірі болдым. Бар-жоғы 20 жастағы қыз едім.

19 желтоқсанда қасымдағы дос қызыммен адам толы автобусқа мініп, қаланың орталығына бардым. Автобусқа симай əрең міндік. Байқауымша, біз симаған алдындағы екі автобус адам да, біз бара жатқан жаққа барды. Үйлер арасымен Обком орналасқан ғимаратқа жақындай бергенімде, алысып-жұлысқан адамдарға тап болдық. Бір қазақтың жігітін еңгезердей екі орыс жігіт тепкілеп жатыр екен. Анықтап қарап, өзіміздің университетте оқитын жігітті жазбай таныдым. Ол бір атақты кісінің баласы еді. Көзіме жас үйірілді. Шыдай алмай қолыма түскенді əлгі екі жігітке лақтыра бастадым.

Қасымда тұрған құрбым: «Гуля, кешір мен мынаған төзе алар емеспін. Мынаның арты жақсы болмайды. Əкем де, ағаларым да қызметте, бір зияным тиеді, мен кетемін», — деп қаша жөнелді. Бірақ өз басым ешқашан ол құрбымды азғырған емеспін.

«Жігіттер, қойсаңдаршы, не болды соншама» деп орысша айқайлағаным сол еді, ана еңгезердей жігіттің біреуі, тепкілеп жатқан танысымды тастай салып, мені шап берді. Алысып жатырмын... Алысамын дегенім жай-ау, əлім келмесі анық. Шапкам жыртылды... Таяқ жедім. Қолымда қайырып апарып, автобусқа салып, одан ары Өрт сөндіру бөлімінің ғимаратына апарып, тергеудің астына алды» [2].

Алаңға бет алған жастар бейбіт түрде, өз тілектерін білдіруді ғана ойлаған.

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың оқытушысы, доцент Б.К. Адамбеков осы күнді былай еске алды: «Алматыда жаппай студенттерден наразылық басталды дегеннен кейін, Қарағанды қаласында да жергілікті партия-кеңестік ұйымдар өздерінің шараларын қолдана бастады. Ол шараның дені барлық оқу орындарында жұмыс жүргізу, «желтоқсанды» қолдайтындарды табу, іздеу, солардың соңына түсу дегендей. Ол барлық жоо-да болды: политехникалық, кооперативтік институтта, медицина институтында, əсіресі біздің ҚарМУ-да көп назар аударылды. Себебі бізде қазақ студенттері көп, қазақылығы басым еді. Біздің төрт жатақхананы милиция қоршауға алды. Не кіргізбейді, не шығармайды. Сол күні жатақханада болмағандардың тізімін жасай бастады, жатақханада болмағандарды солардың қатарына қосылғандар деп санады. Жатақханаға барып біз интернационалдық тəрбие жүргіздік. Мен ол кезде тарих факультетінің партия хатшысы болдым. Əңгіме жүргізгенде біз парткомның берген тапсырмасы бойынша бізде мызғымас халықтар достығын айттық. «Алматыдағы біреулер соны бүлдіріп отыр. Сіздер соны студенттерге дұрыс түсіндіру керексіздер» деген тапсырма берді. Біз енді ол жағына көп мəн берген жоқпыз, балалармен əр түрлі тақырыпта əңгіме жүргіздік, «осы жағдайға қатысудан байқандар, қазір КГБ деген бар, солар соңдарына түседі» деп ескерту жасадық. Бірақ артынша алаңда жиналып жатыр деп тағы да хабар келді. Ол кезде В.Касаткин факультет деканы болды. Бізге арнайы тапсырма берілді. Аялдамаға барып, автобусқа мініп жүрген қазақтың студент балаларын мінгізбей алып қалуымыз керек еді. Содан кейін В.Касаткин: «Көпбаевич, біз сол жерге барайық», — деді. Мен «Автобусқа мініп жатқан балалармен алысып, оларды алып қалу біздің жұмыс емес» деген едім, қолын сермеп кетіп қалды. Енді бір 40 минут өтпей В.Касаткин келіп тұр, өзі кішкене орысша боқтап та тұр. «Сенің бармағаның дұрыс болды. Мен жаңа автобусқа студенттерді мінгізбей тартып қалып едім, бетіме қыздар түкіріп жіберді, міне, əлі сүртіп келе жатырмын» деп. «Мен айттым сізге. Бұл профессордың жұмысы емес қой, сіз ғалымсыз, декансыз. Сіз милиция емессіз, міне, өзініздің алатыныңызды алдыңыз» деп. Декан «Енді мені орнымнан алып тастаса да, ешқайда бармаймын» деді ашуланып» [3].

Желтоқсан оқиғасына қатысушы Жайық Саққұлақов өз естелігінде: «18 желтоқсан күні кешкілік жатақханадағы қыз-жігіттер бас қосып, Алматыдағы құрбы-құрдастарымызға қолдау көрсетейік деген шешімге келдік. Қаладағы басқа оқу орындарының студенттерін де ауызбірлікте болуға шақырып, өзіміз түні бойы транспаранттар, плакаттар, үндеу парақшалар жаздық. Мақсатымыз 19 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 9-да обкомның алдындағы алаңға жиналып, Алматыдағы студенттермен өзіміздің ниеттес, мақсаттас екенімізді білдіру.

Ойлағанымыздай, ертеңінде, сағат тоғыз жарым кезінде обком алдындағы алаңға баруға 600-дей студент жиналдық. Қолымызда транспаранттар, плакаттар бар. Көше бойымен, тəртіп сақтап, шеру тартып келеміз. Көп ұзамай бізге педагогикалық жəне медициналық училищелердің студенттері қосылды» [4], — деп еске алады.

Г.К. Накиповамен бір бөлмеде жатып, бөлмелес құрбысын жұлқып автобусқа салып əкеткенін көрген Н.Е. Жашкеева [5] бұл күні патриоттық сезіммен алаңға шыққандығын ерекше атап өтті. Заң факультетінің жігіттері үгіттеп, Алматыдағы жағдайға шешімдерге жауап іздеп шыққандығын атап өтті.

Бұл кезде алаңда жастар алдында партия активтері шығып, сөз сөйлеп, ақылдарын айтып-ақ бақты. Бірақ жастарды жаттанды, жалпылама сөз қанағаттандырмады. Облыс басшылары көпшіліктің «Қазақстанға бірінші басшы неге сырттан əкелінді, қазақ елін неге қазақ басқармайды» деген нақты сұрақтарына жауап бере алмады. Айтпайын деген жоқ, орталықтың сыңаржақ саясатын қайтіп түсіндіруді білмей тосылды. Бұл жастарды одан бетер ашындырды. Жиналғандар нақты сұрақ қойып, басшылар оған жауап таба алмай, дал болған дағдарыстан соң жоғарыдағылар бұл тығырықтан шығудың жолы ішкі істер органы қызметкерлерінің көмегіне сүйену, сол арқылы жастарды алаңнан айдап шығу деп шешкен. Нақты жауап күткен бейбіт ниеттегі жастар қас қағымда «бұзақылар» саналып шыға келді. Бұйрықтың берілуі сол екен қызыл жағалылар бетің бар, жүзің бар демеді, шұғыл əрекетке көшті. Алдын ала жасалған жоспар бойынша үлкен шоғырды шағын топтарға бөліп тастау үшін оның ішіне кеулей еніп, іштен іріткі салды. Осындай қарбалас сəтте қол жұмсалып, балағат сөздер де ауыздан еріксіз шығып жатты. Арнайы дайындықтан өткен, шыңыққан, апталдай милиционерлердің алдында кеше ғана мектеп табалдырығынан шыққан қыз-жігіттер не істеуші еді. Тобыр бөлшек-бөлшек шағын топқа бөлініп, кейбіреулер төбеден жауған жұдырықтан құтылу үшін


бас сауғалады. Жастардың бірқатары көздеген ниетіне жетіп, қоршаудан сытылып кетті. Тəртіп сақшылары қолға іліккендерді сүйреп, автобустарға мінгізіп, ұсталғандарды ішкі істер органдарына жеткізді. Сол жерде олардан түсінік алынды. Е. Лұқпанов: «Менің қолымда ішкі істер органдарына жеткізілген жастардың толыққа жуық тізімі бар. Олардың əрқайсысы өз əрекетін түрліше түсіндірді. Мəселеге жете бойлау үшін қолдағы құжаттарға үңілейік.

Қарағанды қаласындағы Совет аудандық ІІБ бастығының облыстық партия комитетіне түсірген мəліметтерінен:

«1. Арыстанбеков Талғат Бақытұлы, 1966 жылы Ульянов ауданы, Бабаев атындағы совхозда туған, мекен-тұрағы: Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 41 үй, 6/2 жатақхана, 53 бөлме, КПТИ-дің дайындық курсының оқушысы.

Берген түсінігі: Нан алуға шығып едім. Диеттік асхана жанында қалың елді көрдім. Баратын бағытым бір болған соң соларға ердім. Айтылған ұран естімедім. Бұлар қайтер деген құмарлық болар, білмеймін, нан дүкенінен өтіп кетіппін.

  1. Сəрсенбаев Бекболат Əкімбайұлы, 1965 жылы туған. ҚарМУ-дың 3 курс студенті. Университет көшесіндегі № 5 жатақханадағы 405-бөлмеде тұрады.

Берген түсінігі: 1986 жылғы 19 желтоқсанда Совет даңғылы бойымен келе жатқанымда үлкен шоғырды көрдім, содан-ақ республика басшылығының өзгертілуіне қарсы демонстрация өтетінін ұқтым. Олар бірге болуымды ұсынды, мен соларға қосылдым.

  1. Құсайынов Нұржан Əсетұлы, 1968 жылы туған. «Караганда одежда» бірлестігінде слесарьдің үйренушісі.

Берген түсінігі: Сағат 17 шамасында Октябрь ауданындағы «Колос» дүкені жанында бейтаныс жастарға жолықтым. Олар Гагарин атындағы алаңда өтетін демонстрацияға қатысуымды сұрады. Кешкі сағат 20-ға таман осында келіп, көпшілікпен бірге ұлты қазақ емес адамның Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болғанына риза еместігімді білдірдім.

  1. Дуанбекова Гүлнəз Білəлқызы, ҚММИ студенті.

Берген түсінігі: «Сəуле» дүкенінен келе жатып, жиналған жұртты көрдім. Не болып жатқанын қызықтап, соларға қосылдым.

  1. Айтжанова Гүлнəр Ешімбайқызы, жедел жəрдем станциясының қызметшісі, фельдшер.

Берген түсінігі: Бейбітшілік бульвары бойындағы қалааралық байланыс пунктіне келе жатқанымда бейтаныс жастар жолығып, демонстрацияға қатысуымды сұрады. Манифестацияға өзім қатыстым. Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің бірінші басшысы қазақ болуы керек деп санаймын. «Менің елім — Қазақстаным» деген əнді көпшіліктің қосылып шырқағанын естідім. Алаңға өз еркіммен шықтым» [1; 13–16].

Астанадағы   басшылар   да   Қарағандыдағы   жағдайға   алаңдаушылық   білдірді.   Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің құпия құжаттарының ішінде Қарағандыдағы жағдай туралы күн сайын сағат 15. 00-де Орталық комитетке ақпарат беріліп тұрғандығы айтылады. Мəліметті Қазақстан Компартиясы Орталық   Комитетінің   жауапты   қызметкері   В.К. Журин   қабылдап   отырды. Ол жергілікті жердегілерден Қарағандыдағы оқиғаның барысы туралы толық, əрі бүге-шігесіне дейін хабарлаумен бірге, осыған кімдердің ұйытқы болып отырғандығын анықтау қажеттігін де талап етеді. 1986 жылғы 19 желтоқсандағы Қарағандыдағы оқиғаға қатысқандардың ішінде ресми тізімге

269 адамның есімі іліккен. Бұл сол күнгі кеште ішкі істер органдарына жеткізілген адам саны. Олардың 206-сы — студент жастар. Солардың ішінде университеттің — 120, медициналық институттың — 42, кооператив институтының — 26, политехникалық институттың — 13, педагогика институтының 5 студенті бар. Оларға мəдени-ағарту училищесінің — 31, есеп-кредит техникумының 19, индустриялды-педагогикалық техникумының — 9, музыка училищесінің 2 оқушысы қосылды. Бұлармен бірге қаланың өнеркəсіп кəсіпорындарымен ғылыми мекемелерінен барлығы 28 адам алаңға шығып, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің басшылығына наразы екендіктерін білдірді. Жоғарыда айтып өткендей, бұл көрсеткіш ресми тізімге іліккендер ғана, ал сол күні алаңға жиналғандар саны əлдеқайда көп болатын. Алаңда милиция қолына түспей кеткен жастар өз əрекетін тоқтатпады. Облыс басшылығына сол күннің кешінде-ақ студент жастардың тынышталмайтыны анық болды.

Негізінен ертеңінде, яғни 20 желтоқсанда, сенбі күні кəсіподақтардың XVIII Облыстық одақаралық конференциясын өткізу күн тəртібінде тұр еді. Облыстық партия комитетінде осы мəселеде сөз етіліп, облыс басшылары қаладағы жағдайдың күрделілігіне қарамастан, бұл шараны кейінге қалдырмай, уақытылы өткізуді ұйғарды. Соған қоса қоғамдық тəртіпті күзетуді одан əрі күшейте түсу қажет деп шешілді. Халық жасақшылары милициямен бірігіп, қоғамдық орындарды, ел көп жиналатын жерлерді, дүкендер маңын қатаң бақылауға алды. Қаланың шеткі аймақтарына дейін тəртіп сақшыларының назарында болды.

20 желтоқсанда облыстық партия комитеті ғимараты алдында митинг ұйымдастырмақшы болған жастар ертелетіп индустриалды-педагогикалық техникумның жанына жинала бастады. Тағы да кешегі жай қайталанды. Бір өзгешелігі сол, бұл күні милиция қызметкерлері батыл қимылдады. Кешегі тəсілмен қалың елді топтарға бөліп, олардың бəрін жеке қоршауда қалдырды. Тағы да жастарды желкелеп автобустарға тией бастады. Жастар арасында бұл бассыздыққа төзбей, қарсылық көрсеткендер де болды.

Ішкі істер органдарына жеткізілгендермен партия активтері, ішкі істер органдары мен мемлекеттік қауіпсіздік комитеті қызметкерлерлі жеке əңгімелесті. Олардың əрқайсысынан түсінік алынды. Содан кейін ғана ұсталғандар ата-аналарының, жатақханада тұратындар оқу орындары басшыларының жауапкершілігімен босатылды.

Осы күні ішкі істер органдарына барлығы 127 адам жеткізілді. Олардың 90-ы студент еді. Соның ішінде университеттің — 51, мединституттың — 21, кооператив институтының — 12, политехникалық институттың — 4, педагогика институтының 2 — студенті, бұлармен бірге орта кəсіптік техникалық арнаулы оқу орындарының 27 оқушысы болды.

Нақты толқуға қанша адам қатысқанын айту қиын. Себебі, қатысқандардың пікірі бойынша, 300–600 адам арасында, бұл нақты алаңда бас қосқан адамдардың саны. Ал тергеу органдарының мəліметтерінде тек тергеу пунктілеріне жеткізілген адамдар саны көрсетіледі.

Ал, осы оқиғаның куəгері болып, құрбаны болып кете жаздаған К.Рахметқызы былай еске алады: «Мен 1986 жылы желтоқсан айының 20 күні балаларыммен «Юбилейный» кинотеатрына барып, кино көріп, сағат 19 шамасында Майқұдыққа бару үшін автобус аялдамасына келдім. Аялдамада автобус тосып тұрғанда əрлі-берлі, абыр-сабыр жүгіріп жүрген қазақтың жас ұл-қыздарын көрдік.

Оларды милиция формасын киген қазақтың жас балалары шоқпармен қуып жүрді. Аялдамадан тасалау жерде университетке қарай ППМ тұрды. Соған ер балаларды бас-көз демей ұрып-соғып сүйреп əкетіп кіргізіп жатты. Оған біз мастар деп мəн берген жоқпыз. Сонсын 44 автобусқа отырайық деп, 24 автобуспен 32 кварталға келдік. Келсек, сұмдықтың бəрі сол жерде екен, тура аялдамада ППМ тұр. Автобус күтіп тұрған қазақтың ұл-қыздарын бəрін сүйретіп машинаға — ППМ-ге тыққылап жатыр екен. Аялдамада тұрған орыстың ұл-қыздарына тиіспей тек қазақтарды ғана қаумалап жүр. Балаларды тəртіп сақшылары ППМ-ге кіргізіп алып, бас-көз демей шоқпармен ұрып сабап жатты.

Қаннен қаперсіз училище жақтан келе жатқан екі қыз баланы екі қазақ, бір орыс милиционері ұстап алып, ППМ-ге қарай сүйрей ала жөнелді. Оларды шашынан сүйреді. Бұл сұмдықты көрген мен əрі қарай шыдай алмай əйел басыммен екі қызға араша түстім. Олар өзімізді соққыға алды, пальтомның жағасын жыртып, ППМ-ге қарай сүйрей жөнелді, тек қасымдағы екі ұл баламның арқасында аман қалдым. Осыдан кейін аялдамада тұрған үлкен кісілер (қазақтар) қорлыққа шыдамай милиционерлермен жағаласып кетті. Аялдаманың маңайы қып-қызыл қан жоса болды. Екі қызды алып кетуге жол бермей ППМ-нан алып шықты» [6].

Қалааралық, қалаішілік телефон байланыстары үзілген. Поезбен қатынау да қиындатылған.

Мысалы, 17 желтоқсан күні поезға мінген жолаушылар Жезқазғанға 19 желтоқсанда жеткен [7; 11].

Бір белгілісі, алаңға шыққан жастардың билік органдарымен қақтығысқа келерлік ойы болмаған. Шеруге шығушыларды билік органдары итермеледі. Қалыптасқан жағдайды бейбіт жолмен шеше алмады. Сонымен қатар Қарағандыдағы толқу Қазақстан аумағында өткен өзге де толқулармен себептері, сипаты, барысы мен мақсаты арқылы ұштасып жатты.

Отан тарихының қасіретке толы, кезеңдерінің бірі Кеңестер Одағында болған тұс екені тарихтан белгілі. Сонау «қызылдар қырғынынан» басталған тартысты кезең қазақ халқының басына небір қиыншылықтар əкелді. Ұлттар достығын желеу етіп, «ұлттар лабораториясына» айналған қазақ жеріне өз қазағы симайтындай жағдайға əкелді. Қайсыбір саяси науқан болмасын бұрмаланып, бас көтеру қатаң жазаланып, ұйымдастырушылар түрмелерге тоғытылды.

1986 жылғы Қарағандыдағы толқуды тақырып еткен жоба бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында желтоқсан толқуы көптеген мəселенің барысын айқындап берді:

  • КСРО-ны басқарудағы əміршіл-əкімшіл жүйенің ескіргенін, келешекте туындауы мүмкін кереғар пікірлердің көбейетіндігін көрсетті. ХХ ғ. 20–50-жж. тоталитарлық билік «қол жеткізген»  халықты қорқытып, үркіту нəтижесінде «бойұсынғыш» электорат қалыптастырған кеңестерге үлкен соққы болды;
  • Желтоқсан толқуы — тəуелсіздіктің бастауы. Себебі жылдар бойы əлеуметтік-экономикалық артта қалушылықты жасырып келген билік үшін, əлемнің алпауыт елдерінің қатарында бола отырып, елдің əл-ауқатын түзей алмауы үлкен сын еді. Желтоқсан толқуы əлем назарын өзіне қаратып, кейін Балтық елдерін қамтыған үлкен қозғалысқа ұласты;
  • толқу, билік органдарына алдағы уақытта жастармен санасу керектігін дəлелдеді. Пионерлік, комсомолдық ұйымдардың əскерилендірілген тəртібі заманының өткендігін, жаңа буын өкілдері көзқарасының, саяси толықтай өзгеріске ұшырап, алдағы уақытта билік тарапынан қайсібір қысым жасаудың, алдын ала үлкен дайындық арқылы жүзеге асыру керектігін дəлелдеді. Жастардың пікірімен санаспау, ел басшысын айырбастаған пленум шешімінің дұрыс түсіндірілмеуінен де байқалды. Жекелеген респонденттер «егер жастар арасында түсіндіру жұмысы дұрыс жүргізілгенде, мүмкін бұлай болмас па еді...» деген де пікір айтылды.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Лұқпанов Е. Желтоқсан жаңғырығы. — Қарағанды: Болашақ-Баспа, — 36 б.
  2. Саққұлақов Ж. Тағдырыма əсер етті // Орталық Қазақстан. — 2006. — 3 қаңт. — 3 б.
  3. Рахметқызы К. Айтылмаса сөз жетім... // Замандас. — 1992. — № 12. — 17 шілде. — 2 б.
  4. Байжантаев Б.Т. Жезқазған: Желтоқсан. — 1986 жыл. — Жезқазған, 1999. — 61 б. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.