Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғары білімнің қара шаңырағы — Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеттің 40 жылдығына орай

Сонау 70-жылдардың басында студенттік өміріміздің қызығы мен қуанышы мол күндерін қабырғасында өткізген алтын ұя, білім ордасы — Қарағанды мемлекеттік университетінің құрылғанына да, міне, 40 жылдың жүзі болып қалыпты.

Уақыт, шіркін, жүйрік қой. Сол бір күндерді еске алсам, кеше ғана болған сияқты. 1972 жылы орта мектепті тəмамдап, қайда барып оқимыз, қандай мамандық иесі боламыз деп толғанып, толқып жүргенімізде, біздің бағымызға қарай Қарағанды қаласында мемлекеттік университет ашылды. Бұлай дейтінім — ол кезде қазіргі уақыттағыдай қаптаған университеттер жоқ болатын. Тек Алматыда ғана С.М.Киров атындағы (сонау 1934 жылы ашылған) университет қана бар еді. Сондықтан 1972 жылғы мектеп түлектері үшін Қарағандыдағы университеттің ашылуы қуанышты жағдай болды.

Бағым жанып сол жылы университет студенттерінің қатарына мен де қосылдым. Қарап отырсам, сол уақыттағы тарих мамандығын таңдаушылардың саны өте көп болған екен — бір бюджеттік орынға конкурсқа түсушілердің саны 25 абитуриентке жетіпті. Мамандықтың қадірі, алтын ұямыз — университеттің беделі осыдан көрінсе керек.

Алыстағы ауылдан, қазақи ортадан қалаға алғаш келген мен сияқты қарадомалақ ауыл баласына қала өміріне бірден етене араласып, үйреніп кету оңай болған жоқ. Əсіресе орыс халқының атын естігеніміз болмаса көзіміз көріп, араласа қоймаған, білген орысшамыз мектеп бағдарламасынан аспаған біздер үшін сабақты орыс тілінде оқу өте ауыр болды. Қаланың балалары сабақтарын бітіріп үйлеріне қайтқанда біздер жатақхананың оқу залында орысша «тілімізді сындырып», дайындалатынбыз. Намыс отын үрлеп, өзімізді өзіміз қамшылап, «қатардан қалмайын, курстастарымыздың күлкісіне ұшырамайын» деген мақсат алға жетеледі ме, əйтеуір бірінші    курсты кілең «беске» тапсырдым. Сонда халқымыздың біртуар азаматы, үлкен ғалым, Қарағанды мемлекеттік университетінің негізін салып, алғашқы ректоры болған Евней Арыстанұлы Бөкетов сияқты ұлы тұлғаның мына бір сөздері есімнен кетпейді. Курс соңында сессияны үздік бітірген студенттерді жинап, кездесу өткізген Евней аға: «Қарақтарым, мен сендерге орысша оқу қиын тиіп жатқанын түсінемін. Бірақ қазір орысша білгендердің заманы болып отыр. Сондықтан қиналсаңдар да сабақты орысша оқыңдар, алынбайтын асу жоқ, барлығы да өздеріңе байланысты»,— деген сөзі жадымда мəңгіге қалды. Ұлағатты ұстаздың осы сөзі қамшы болды ма, мен де қатарымнан қалмай, университетті үздік дипломмен тəмамдадым. Сүйікті оқу орнымда алған білімім кейін ғылым жолына да түсуіме есік ашты. Кейін М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітіріп, кандидаттық диссертациямды сəтті қорғағанымда да ұлағатты ұстаздың сөздері көкейімде жүрді.

Алтын ұя — университетімді еске алғанда, əрине, бойымызға білім  нəрін сусындатқан қадірменді ұстаздарымды, тай-құлындай тебісіп, бірге оқыған жолдастарым — курстас студенттерді қалай айтпассың.

Біз студент қатарына қабылданғанда əкелік құшағын ашып, білімі мен тəрбиесін бойымызға қатар дарытқан тарих факультетінің деканы, кең жүректі, ұлағатты ұстаз Қали Жуасұлын ерекше сағынышпен, мейірлене еске аламын. Қали Жуасұлы бес жылғы студенттік өмірімізде бізге əке орнына əке болды, қамқоршы, ақылшы, тірек бола білді. Сəл мұрнынан шығаратын басыңқы даусы біздің құлағымызға сіңгені сондай, кейде естімесек бірдеңе жетпей тұратындай көрінетін. Ойлап отырсам ол кісінің кейде ұрысып, көбінде ақыл етіп айтатын сөздерінде үлкен өнеге, тəрбие бар екен. Мен өзімнің кейінгі ұстаздық қызметімде осы тəлімді бойыма дарытуға тырыстым.

Қали ағаның сан қилы қасиеттерін ойлағанда менің есімде қалған мына бір оқиға ойдан кетпейді. Соңғы курста оқып жүргенде сенбіліктен ерте кетіп қалғанымыз үшін (балалық қой) сол кездегі университеттің проректоры — Пивень бізді Қалекеңнің кабинетіне алып келіп, əбден сілкілемесі бар ма.

Қали аға проректор бізге ұрысқан сайын оны қайта-қайта бөліп, əрқайсымыздың жақсы мінездерімізді  айтып,  жақтап  отырды.  Бір  мезгілде  əбден  шаршаған  болуы  керек  Пивень  мырза «Разбирайтесь сами» деп ашулы сөз айтып, орнынан тұрып кетті. Ол шығысымен бағанадан бізді жақтап отырған Қали аға бізді жерден алып, жерге салды. Проректордың сөзін бір құлақтан кіргізіп, екінші құлақтан шығарып отырған біз ағамызды шын ренжітіп отырғанымызды көріп, жерге кірердей болып ұялдық. Бүгінгі күні сол бір оқиғаны ой елегінен өткізсем, басшымен қосылып бізді жерге тұқыртпай, керісінше, қолдап ашуын артынан, жеке білдіруінде бізге деген əкелік мейірім бар екен.

Қали аға жөніндегі ыстық ықыласымды сол кісімен қатар бізді оқытып, тəрбиелеген Есен аға Тəжібаев, Нұрислам аға Фарфутдинов, Қаби аға Есімов, Мырзағали аға Хасенов, Əлімжан аға Телғарин сияқты ағаларымыз, одан кейінгі буын өкілдері — Бірлік Қыздарбеков, Шолпан Рахметова, Сағындық Жауымбаев т.б. сынды ұстаздарымызға да арнап, шəкірттік алғысымды білдіргім келеді.

Адам есейіп, өмірге деген пайымы тұрақталған сайын жастық шақтағы бақытты сəттер ойыңа оралады екен. Болашаққа жолдама берген университетім 40 жасқа толады дегенде ойға оралған сол бір алаңсыз күндер, бірге өткізген достарың есіңе түсіп, бір марқайып қалдым.

Бес жыл бойы бірге оқып, қатар жүрген достарымның көпшілігімен бүгінге дейін байланысымыз үзілген жоқ, хабарласып тұрамыз. 1997 жылы университетті бітіргенімізге 20 жыл толғанын тарих факультетінің қабырғасында тойлап, бір жасап қалып едік. Енді 40 жылдықтың аясында тағы бір басымыз қосылар деген үміттемін. Достарымның көпшілігі бүгін ғылым саласында, мемлекеттік қызметте жетістіктерге жетіп жүр. Мысалы, Шынар Жаңасылова — Сəтбаев қаласы білім басқармасының бастығы, Бекежан Егішев — Қарағанды облыстың білім басқармасы бастығының орынбасары, Людмила Зуева, Виктор Варфоломеев университет оқытушылары, ғылым кандидаттары, Сəкен Орынбаев — ғылым докторы, ҚазПМУ-да кафедра меңгерушісі, Қамажан Жұмақасова — жеке кəсіпкер, Ғалия Елубаева — колледж оқытушысы, Назгүл Ботанова, Тұрғазы Бөлкенов, Гүлназия Шахмановалар — орта мектептерде ұстаздық қызметтерін жалғастырса, Анна Құдиярова — республикаға танымал психолог. Айта берсек, бұл тізімді жалғастыруға болады. Міне, бəрімізді тəрбиелеп, осындай дəрежеге жеткізген алтын ұя — Қарағанды мемлекеттік университеті, жоғарыда есімдері аталған ұлағатты ұстаздарымыз.

Сөз соңында айтарым, Орталық Қазақстандағы бірегей оқу ордасы — ҚарМУ-дың 40 жылдық торқалы тойымен шын жүректен құттықтап, шəкірттік сезімімді жеткізгім келеді жəне де болашақта білікті мамандар даярлау барысындағы ісіне табыс тілеймін.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.