Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тəуелсіз Қазақстан Республикасының 20 жылдығы: қалыптасу жəне даму тарихы

1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Онда Қазақстан Республикасы тəуелсіз, демократиялық жəне құқықтық мемлекет екендігі, ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленетіндігі, өзінің ішкі жəне сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргізетіндігі, Қазақстан Республикасының территориясы қазіргі шекараларында біртұтас бөлінбейтін жəне қол сұғуға болмайтын территория болып табылатындығы, Қазақстан Республикасы өз тəуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін құруға хақылы екендігін атап көрсетті. Сонымен, ол дүниежүзілік қоғамдастыққа жəне экономикаға дербес енуге мүмкіндік алды.

Қазақ халқының егемендікке ұмтылған қадамы сəтімен жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет — Тəуелсіз Қазақстан Республикасы, дербес Қазақ елі келді. 1991 жылдың 17 желтоқсанында Алматыдағы Орталық алаңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі жариялануына жəне 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының бес жылдығына арналған митинг болып өтті. Жиналған сан мыңдаған адамның алдына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев былай деп сөз сөйледі: «Дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы еді. Міне, енді сол күнге де жеттік... Тəуелсіздік табалдырығында тұрған осы жан тебірентер сəтте қазақ елінің еркіндігі, бостандығы жолында бас тіккен азаматтардың, солардың қатарында бұл күнге жете алмай, туған Қазақстанның егеменді ел, тəуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етіп, еске алуды парыз санаймын... Тəуелсіздіктің біздің бəрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Əулетіміздің асуы да, дəулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең-байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Əсіресе жастар салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашанда достыққа адал болса, бауырмашыл, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік. Тарих көші ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дəулетті де сəулетті өмір орнайтынына кəміл сенемін» [1].

Бауырлас Түркия мемлекеті Қазақстанның тəуелсіздігін жариялаған соң бірден жарты сағаттан кейін танып, өздерінің тарапынан аса үлкен жауапкершілік пен қолдауын білдірді. Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігін 1991 жылғы 17 желтоқсанда мойындады [2].

АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Франция, тағы басқа ірі-ірі мемлекеттер Қазақстанның тəуелсіздігін 1991 жылдың соңына дейін мойындады.

Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық  аренаға шықты. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-на кірді. Сонымен қоса Халықаралық валюта қорына, Халықаралық реконструкция жəне даму банкісіне, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көпжақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, Дүниежүзілік денсаулық сақтау  ұйымының  мүшесі болды.

Ежелгі қазақ жерінде жас тəуелсіз мемлекет қайта жаңғырып, өркендей бастағанына жиырма жыл болды. Тарих үшін мұндай уақыт үзігі қас қағым сəт дерлік — аз ғана мерзім, алайда осынау қысқа уақыт ішінде республикамыздың тарихында бұрынды-соңды болмаған жаңа саяси жəне əлеуметтік өзгерістерді бұл мезгілдің шағын аясына сыйғызу мүмкін емес. Осы жылдар ішінде Қазақстан берік тұғырлы, қуатты мемлекет болып қалыптасты. Біздің дүниежүзілік қоғамдастықпен тереземіз тең дəрежеде қарым-қатынас жасай алатын қабілетімізді əлемдік қауымдастық мойындады, таныды, тіпті бізден өздеріне үлгі ала бастады. Қазақстан мемлекеті өркендеуде өз жолын таба біліп, өркениетке өз үлесін қоса бастады. Осыдан жиырма жыл бұрын, тарихи акт — Қазақстанның мемлекетік тəуелсіздігі туралы заң қабылданғаннан кейін ғана халқымыз өз мемлекеттігін, шынайы тарихы мен мəдениетін қайта түлетуге жігерлене құлшыныспен кірісті, елдің ішкі жəне сыртқы саясатын, өзіміз бұрын өмір сүрген қоғамнан түбірінен өзгеше жаңа, демократиялық қоғам құру принциптерін дербес айқындады. Əрине, ең алдымен бұрынғы жүйенің құлауының зардаптарын, əлеуметтік-экономикалақ күйреу мен дағдарысты бастан кешірдік.

Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаты, сол уақыттарда тəуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш үкіметінің мүшесі, алғашқы Баспасөз жəне бұқаралық ақпарат министрі, Премьер-Министрдің орынбасары, қызметтерін абыроймен атқарып, халықымыздың сеніміне кірген қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов өзінің 2005 жарық көрген «Серпінді кезең» атты еңбегінде еліміздің даму қарқынына былайша баға береді: «Қуатты саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне демократиялық қайта құрулар көп ғасырлық тарихымыздың қойнауында өткен заманның ешбір кезеңінде болмаған мүлде жаңа үрдіс, тың құбылыс жағдайында дамып келеді. Біз саяси тұрақтылықты сақтап қана қоймай, сонымен бірге оны нығайта түсуге жəне өзіміздің қазақстандық ұлтаралық келісім үлгісін жасауға қол жеткіздік. Тоталитарлық жүйенің құлдырауымен бірге КСРО- ның ұлттық саясатының тым идеологияландырылып жіберілген, түбірімен қате ұлттық стратегиясын 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі аяусыз əшкерлеп берген болатын. Сондықтан аяғынан енді ғана тұрған Қазақстан мемлекеті үшін мүлдем жаңа ішкі саясат жүргізуі тиіс еді. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстан ұлтаралық жəне конфессияаралық қоғам құрудың тиімді жолын қалыптастырды. Біздің Республика этносаралық жанжалдарды қазір де, болашақта да болдырмауға болатынын бүкіл əлемге сенімді түрде дəлелдеді. Ұлтаралық түсіністіктің қазақстандық моделі қалыптасып, нəтижелі жұмыс жасап келеді. Əрі оған басқа мемлекеттер де қызығушылықтарын білдіріп отыр. Бұл бір экономикалық формациядан басқа, үлкен экономикалық қиындықтар мен əлеуметтік проблемаларға өтудің кезіндегі кедергілерге қарамастан адамдар арасындағы бір-біріне деген сенімнің болғандығының жарқын көрінісі болып табылады» [3].

Қоғамдағы ұлтаралық жəне конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің аса маңызды ерекшелігі — бұл үлгінің берік заңнамалық негізінің болғандығын да атап өткеніміз дұрыс болады. Өйткені көпұлтты қоғамның этникалық топтары арасындағы өзара түсінушілік пен төзімділікке ұмтылуының  себебі  барлық  ұлттардың  ел  тағдырына  деген  патриоттық  сезімі  мен       азаматтық жауапкершілігінің болғандығынан еді. Республикада өмір сүріп жатқан халықтардың этникалық теңдігін бекітіп берген Қазақстан Республикасының Конституциясының орны да ерекше болды.

Тəуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Республиканың саяси басшылығы өз азаматтарының құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге айрықша назар аударды. Кеше ғана 30 тамызда қабылданғанына 16 жыл болған еліміздің Конституциясында адамды тегіне, əлеуметтік, лауазымдық жəне мүліктік жағдайына, нəсіліне, діни көзқарасына байланысты ешқандай кемсітуге болмайтындығы анық айтылған. Елімізде ТМД мемлекеттерінің арасынан бірінші болып өз азаматтарының құқықтарын қорғау үшін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы құрылып жұмыс жасап жатыр.

Елімізде Президент қызметінің енгізілуі қоғамдық-саяси өмірде терең саяси реформалар жүргізуге мүмкіндік берді. Қазақстанда бір партиялық жүйенің орнына көппартиялық  жүйе қалыптаса бастады. 1996 жылдың 30 қаңтарынан бастап екі палаталы парламент жұмыс жасап келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарына еркіндік берілді. Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан қысқа мерзім ішінде өтпелі кезеңнің ауыртпалағын артқа тастап, тиімді нарықтық экономиканы қалыптастырып алды. Тауар тапшылығы жоғалып, өнім сапасы жақсарды. Қазақстан Республикасының азаматтары экономикалық еркіндіктің арқасында меншік иелеріне айналды. 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валюта — теңге айналымға шықты. Осы күнде теңгеміз тұрақты, сенімді қаржы бірлігі болды. Жаңа тəуелсіз Қазақстан Республикасы халықтың жаңа тиімді тұрмысын қалыптастыру жолындағы күрделі экономикалық реформаларды өте сəтті жүзеге асыра алды. Мұндай орасан зор өзгеріс оңайшылықпен келген жоқ еді. Жетпіс жылдан астам қалыптасқан сананы, дүниетанымды өзгерту міндеті де оңайға соқпады. Меншікке қатысты көзқарастың өзгеруіне өмірдің өзі түрткі болғандықтан, жаппай жекешелендіру экономикалық қайта құру жолындағы алғашқы батыл қадам болды. Сыртқы сауданы одан əрі ырықтандыруға жəне елді дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне енгізуге бағытталған сыртқы экономикалық қызмет реформасы табысты жүргізілді. Бюджет саласының біртұтастығы, шығыстар мен мемлекеттік несие алу мөлшерін қатаң лимиттеу принциптеріне негізделген жаңа бюджет жүйесі қабылданды. Банк жүйесі батыл түрде реформаланды, халықтың банкке деген сенімі артты жəне жеке тұлғалардың банк жүйесіндегі салымдары тұрақты түрде өсті. Меншіктің барлық нысандарындағы кəсіпорындар үшін шаруашылық жүргізудің тең жағдайын қамтамасыз етуге, салауатты бəсекені дамытуға бағытталған экономиканы монополиясыздандыру мен жер реформасы жүргізілді.

Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев еліміздің Қарулы Күштерін құрды. БҰҰ-ның шешімімен тарихқа «Бейбітшілік миссиясы» ретінде енген, Семей ядролық полигонын жабу секілді ғаламдық маңызға ие шараларға қол жеткізді.

Жалпы еліміздегі аса өзекті əрі кезек күттірмес басты мəселеміздің бірі болып саналатын — тіл саясатын тəуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап біз парасатты  байыптылық  танытып жүргізіп келе жатырмыз. Республикадағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Ол, бір жағынан, мемлекеттік тілді үйрену, пайдалануды міндеттесе, екінші жағынан — республикамызда бүгінгі қалыптасқан тілдік ахуалды ескеріп, орыс тілінің қолданылу аясына ешқандай шек қоймайды, оның үстіне басқа тілдерге де ешқандай шектеу жасамайды. Дегенмен, Қазақстан халқы мынаны түсінулері керек: қазақ тілі — осы мемлекеттің негізгі қолданыс тілі. Бұл тіл осы мемлекеттен басқа ешбір елде дами алмайды, бұл тілдің басқа Отаны жоқ. Сондықтан мемлекеттік саясатта бұл тілге алдағы уақытта да басымдылық беріледі. Қазақстанды өз Отаным деп есептейтін əрбір азамат бұл тілді білуге міндетті. Тіпті қазақстандық патриотизм бізді осыған жетелеуі қажет. Əрине, басқа тілдер де біздің елде толыққанды өмір сүруге құқылы.

Қазақстан Республикасындағы ұлт саясатының бағдарламасы саяси тұрақтылықтың кепілі болып қала бермек. 2030 жылға дейінгі даму стратегиясындағы ұзақ мерзімді жеті басым бағыттың ішінде ұлттық қауіпсіздіктен кейінгі екінші орында көрсетілген. Ұлттық бірлік, татулық, теңдік қоғамның топтасуының кепілі. Дегенмен, көпұлтты республикада жалпыұлттық мүдделерді жүзеге асыруда қазақ ұлты оларды біріктіруші рөл атқаратындығы айқын. Күллі қазақстандықтардың теңдігін қамтамасыз ету үшін əділеттік принцип пен ұлтаралық татулық санасын қалыптастыру маңызды. Осыған орай, еліміздегі барлық ұлттар, ұлттық топтар мен этникалық топтардың тілі мен салт-дəстүр, мəдениетінің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету қажет. Ол үшін Қазақстанда бірінші қазақ халқының түпкілікті ұлттық мүдделері дұрыс шешілгенде ғана өзге ұлттар мен этностық топтардың дамуына жол салынады.

Елбасымыз патриотизммен тығыз байланысты мемлекеттік маңыздағы мəселе — мемлекеттік тіл мəселесі екенін сан мəрте қайталап келеді. 2008 жылы 15 қаңтарда «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген мəжілісінде Н.Ə.Назарбаев Қазақстан халқына, яғни еліміздің барша азаматтарына, мемлекеттік тілдің біріктірушілік ролін тағы да есіне салып, былай деді: «Партия жұмысының аса маңызды бағыты — теңдестірілген тіл саясатын жүзеге асыруға ықпал ету. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде Қазақстан қоғамы бірлігінің, топтасқандығының факторы болуы керек. Əлеуетті де бəсекеге қабілетті мемлекеттік тіл өзінің əлеуметтік функциялары мен қолдану ауқымын дəйектілікпен кеңейтуі тиіс» [4].

Кез келген елдің ұлт саясатының өзегі мемлекеттік тіл болып табылатыны белгілі. Бұл тұрғыдан алғанда мəселенің Қазақстанда ешқандай асығыстыққа да, асыра сілтеушілікке де ұрынбай, өркенділікпен, байыптылықпен шешіліп жатқанын көруге болады. Қазіргі қоғамда қазақ тілін білудің маңыздылылығы мен қажеттілігін түсінушілік барынша арта түскен. Қазақ тілі мемлекет құраушы ұлттың тілі ғана емес, сонымен бірге тұрақтылықты нығайтудың факторы қызметін  де атқарып, барша қазақстандықтарды бір арнаға топтастырушылық күші барған сайын бекемдене түсуде. Уақыт өте келе бұл үрдістің қалыпты жағдайға айналары анық. Қазақстанды Отаным деп білетін басқа ұлт өкілдері ұрпағына қазақ халқының мейірімін айтып, кең пейіл халықты қадірлеп, тілін құрметтеуге баулыған жөн. Елбасымыз айтқандай, мемлекеттік тілді меңгеру —  Қазақстан Республикасының əрбір азаматының парызы болуы керек. Қазіргі қазақ тілі — өсіп-өркендеген, қоғамның барлық саласында қолдануға жарамды, заман талабына сай тіл. Қазақ тілін өмірдің барлық саласында кеңінен қолданып, оның мерейі мен мəртебесін көтеру əрбір қазақстандықтың басты мақсаты болуы тиіс. Халқымыз үшін басты мəселе — ұлты, ұлтының тілі, мəдениеті, əдет-ғұрпы, салт-дəстүрі, яғни ұлттық құндылықтары. Бұл құндылықтардың дамуы мен өркендеуі келешекте мемлекеттік біртұтастықты күшейтудің басты шарттарының бірі екені ешкімге де дау туғызбасы анық. Осы себепті мемлекетіміз үшін мемлекеттік тіл — қазақ тілі ұлтымыздың мəдени, рухани бірлігінің даму көрсеткіші болып саналады. Өсіп-өркендеген жəне қуатты қазақ елі Елбасы бастаған жаңғырулардың мақсаты мен мазмұны болады. Еліміздің нығайып халықаралық беделінің өскенін көрген əрбір қазақстандықтың кеудесінде мақтаныш сезімі пайда болады. Біз қазір іргелі тəуелсіз ел, демократиялық дəстүрді берік ұстанған қуатты мемлекет болдық. Сондықтан оған тура жолдан таймайтын, нағыз халықтың қамын ойлайтын, сындарлы саяси бағыты бар білімді азаматтар өте қажет.

Бүгінде Отанымыз өз дамуының сапалық жаңа даму кезеңінде, мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді шешу үшін бүкіл қоғамдық құрылымдардың жұдырықтай жұмылуын қажет етеді. Болашақта еліміз əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттердің қатарынан орын алатынына барлық қазақстандықтар күмəнсіз сенеді. Осындай секіріс жасау үшін барлық қоғамдық ресурстарды топтастыру мен жұмылдыруға тура келеді. Интеллектуалдық күштердің топтасуы мен бірігуі, биліктің біріктіруші күш-жігері, азаматтық қоғамның, барлық ел тұрғындарының жұдырықтай жұмылуы Қазақстанның болашағы үшін ортақ құндылықтар болып табылады. Бай да бақуатты Қазақстан идеясы ел кеңістігіндегі ішкі ұлттық ынтымақтастықпен тиімді біртұтас рухани, мəдени, экономикалық жəне саяси жүйенің желісін айқындап, олардың қалыптасуына оң ықпалын тигізеді. Еліміздің барлық азаматтарын, олардың этностық ерекшеліктеріне, діни-наным сенімдеріне жəне саяси көзқарастарына қарамастан, бір мақсат — туған Отанымызды қазіргіден де қарымды, əлеуетті мақсаты біріктіруі тиіс. Əрбір азамат Қазақстан — менің Отаным, менің елім деген ұранның маңайына топтасуы керек.

Жоғарыдағы ортақ міндеттерге қол жеткізуде билік пен қоғамды топтастырудың  маңызды шарты ел тəуелсіздігінің бүгінгі күнгі басты байлықтардың бірі этносаралық келісім сақтау мен оны əрі қарай дамыта беру екені сөзсіз. Əуел бастан Қазақстан ұлтын біртұтас азаматтық негізде қалыптастыру жолы таңдалды. Көп ұлтты қоғам жағдайында, міне, нақ осындай қадам оны топтастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тəуелсіз даму кезеңінде ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайтудың өз елімізге ғана тəн үлгісі қалыптасты. Осыған орай Қазақстан халқы Ассамблеясының ерекше ролі туралы айтпай кетуге болмайды. Ол шын мəнінде 16 жылдық уақыттан бері өзінің басты міндеті, ұлтаралық қатынастарды үйлестіру үшін барлық этностық топтардың мүддесін сəйкестендіретін қызметті жүзеге асырып келе жатқан құрылым болып табылады. Қазақстан халқы Ассамблеясының беделі айтарлықтай жоғарылап, конституциялық ұйымға айналды. Парламентке өз өкілін жіберуге мүмкіндік алды. Сондықтан ұлтаралық келісімнің  қазақстандық үлгісі халықаралық қоғамдастықтың тарапынан жоғары бағаланатынына ешкімді де таң  қалдырмасы анық. 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-на табысты төрағалық етуіне жəрдемі тиген негізгі деректермен, дəйектердің арасында еліміздің ұлтаралық жəне дінаралық келісім тəжірибесі болғаны құпия емес.

Тұтастай алғанда, халқымыздың толеранттылығы мен даналығына негізделген салмақты мемлекеттік ұлтаралық саясат, бізде өткен жылдар бедеріндегі қандай да бір қиындықтарға қарамастан, елімізде ұлтаралық келісімді сақтауға мүмкіндік берді жəне бұл, сөз жоқ, біздің маңызды стратегиялық ресурсымыз. Ұлтаралық келісім біздің бүгінгі жетістіктеріміз мен болашақ табыстарымыздың іргетасы болып қала беруі тиіс. Тек бірлік пен тұрақтылық жағдайында ғана келешек дамуымызға қатысты кең ауқымды міндеттер қойып, оларды өмір шындығына айналдыра аламыз.

Қазақстан Республикасы ТМД мемлекеттері арасында бірінші болып ұзақ мерзімге арналған стратегиялық дамуы жоспарын таңдап алған елдің бірі болды. 1997 жылдың 11 қазанда біздің мемлекеттік басқаруымыздың жəне экономиканы реттеудің басты, табысты іске асырылып келе жатқан стратегиялық жоспары — «Қазақстан–2030» ұзақ мерзімді стратегиялық  дамуын айқындайтын тарихи құжат қабылданды. Қазіргі күнде «Қазақстан–2030» дамуы  бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның негізгі мақсаты болашақ ұрпаққа арналған.

Өткен тарихымызда бүгінге дейін мұндай өрлеу бұрынды-соңды болған емес. Өзінің жиырма жылдық тəуелсіздік мерейтойын бүгінгі күнде Республикамыз əлемдік қоғамдастықтың қатарында болашаққа сеніммен қарап, алға ұмтылған демократиялық жəне экономикалық өзгерістердің толық құқықты көшбасшысы ретінде қарсы алып отыр. Біз уақыттың осы қысқа кезеңінің ішінде іс жүзінде жаңа тəуелсіз мемлекет құрдық. Бұл кезең — жиырма жылдық уақыт Қазақстанның болашағын айқындаған аса маңызды, ең өзекті мəселелерді қамтыды. Ең бастысы — қазақстандықтардың көңіл- күйі мен дүниетанымдағы өзгерістерге қол жеткізілді. Халқымыз мемлекет пен қоғамдағы реформаларды дұрыс түсініп, сараптай алды. Қиындығы мол өткен жылдарда тарих қазыналарында қалған көптеген мұраларды қайта бағалауға қол жеткіздік. Шынайы адамдық құндылықтарды танып білдік, əлемдік қоғамдастыққа енудің күрделі жолдарынан өттік. Тəуелсіз мемлекетіміздің халқы елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың мəнін түсінді, оған сенді, барынша қолдау көрсете білді жəне өздері де реформалардың белсенді бастамашылары мен жүргізушілеріне айналды.

Жыл өткен сайын ел тəуелсіздігінің қадір-қасиеті арта түскенін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Мемлекет мəртебесін өсіріп, ұлт абыройын асқақтату жолында Қазақстанның тұңғыш Президенті — Ұлт Көшбасшысы Н.Ə.Назарбаев ел-жұртын өрге сүйреп, өзінің өміршең ойларымен, жаңашыл бастамаларымен, ұтымды саясатымен ерекше күш-жігер көрсетіп, тəуелсіз мемлекеттің еркін тыныс алып, нығайуына қол жеткізді. Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең алдымен көршілес шет елдермен екі арадағы шекараны дəйектілікпен бекітті. «Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттаманы бекіту» Заңына сəйкес 1999 жылы мемлекет басшылары шекаралық мəселелерді толық реттеу мақсатында құжатқа қол қойды. Бұл келісім-шарттың тарихи маңызы ерекше зор еді. Сонымен қоса сыртқы саясат ведомствосының өте сəтті  табысы болды. Себебі Қытай 15 мемлекетпен шектеседі. Олардың бізден басқа бір де біреуімен Қытайдың толық шекаралық келісімі əлі жоқ. Ғасырдан ғасырға созылған шекаралық дауға соңғы нүкте қойылды. Енді 1782 шақырымдық шекара сызығындағы белдеу халықаралық деңгейде мойындалған заңмен қорғалады.

Ал 2005 жылы 18 қаңтарда əлемдегі ең ұзын шекаралық белдеу болған Қазақстан-Ресей шекарасы анықталып, БҰҰ тарапынан мойындалды. Қазақстан-Ресей шекаралары құрлықтағы ең ұзын шекара болып табылады. Оның ұзындығы — 7591 шақырымды құрайды. Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны межелеу сияқты саяси салмағы ауыр мəселе əлемдік халықаралық құқықтық тəжірибеде өте сирек кездеседі, соған қарамастан, қысқа уақыт аралығында шекара сызығының барлық нүктелері келістірілді. Осы күнде Қазақстанның кең-байтақ  даласының  мемлекеттік шекарасы толық белгіленді [5].

Қазақстан индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын өмірге енгізіп, қарқынды түрде жүзеге асырып келе жатыр. Қазақ елінің дəл жүрегінен, Еуразия кіндігінен барша қазақстандықтардың мақтанышы əрі кейінгі ұрпақтарға тарихи мұра болып қалар ұлттық жетістігіміз —  Астана  қаласы  бой  көтерді.  Н.Ə.Назарбаев  Қазақстан  Республикасымен  оның  Елордасы      — Астананы бүкіл əлемге паш етті.

Өркендеуіміздің, тұрақтылығымыздың жəне болашаққа жоғары дамыған, бəсекеге қабілетті мемлекет пен қоғамға ұмтылысымыздың нышаны ретінде елордамыз-республиканың бас қаласы    — Астана күннен-күнге көркейіп қанат жайып келеді. Оның бүгінгі бейнесінің өзі-ақ көз алдымызға Еуразияның келешектегі жұртқа мəшһүр шаһарын елестетеді.

Н.Ə.Назарбаев 2005 жылы жарық көрген «Еуразия жүрегінде» атты еңбегінде Астананың мемлекетіміздің іргетасын нығайтуға тигізген септігін былайша баяндап жеткізеді: «Кез келген жүрек сияқты жаңа астана да Қазақстанның барлық өңіріне нəр берумен қатар ұлттық рух пен сананы көтеруде. Астана — Қазақстанның жаңаруының нышаны, оның көпұлтты халқының жасампаз күш- қуатының куəсі. Бұл — соншалықты жеңіл тимеген заманның өзінде жаңа астанасын тұрғызуға бел шешіп кіріскен халықтың өзінің күш-жігеріне деген сенімнің белгісі. Бұл — азаттық алған ұлттың өзінің гүлденеген болашағына, ұрпағының келешегіне зор үміттің көрінісі» [6]. Астана қаласының құрылысы — біздің тарихымыздың жасампаздық беттерін толықтырар айрықша жетістік.

Елбасының елдік сананы жаңғыртып орнықтыруы, тəуелсіздікті баянды етуі Қазақстан халқына еркіндік бақытын сездірді. Салмақты жүргізілген мемлекеттік саясат адамдар көңіліне сенім ұялатып, тəуелсіздігімізді тұғырлы етуге бағытталды.

Тарихты жасайтын тұлғалар тағлымы өскелең ұрпақтың ұлт мүддесіне қызмет етуіне жол ашып қана қоймай, əлемдік өркениеттің дамуына да ықпал етеді. Еліміз тəуелсіздік алғаннан кейін Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың кемеңгер басшылығымен Қазақстан халқы ынтымақтасып, жалпыұлттық, ұлтаралық бірлікті нығайтуға, рухани-мəдени жаңғыруға қол жеткізілді. 1997 жылдың 11 қазанында еліміз «Қазақстан–2030» атты стратегиялық бағдарламасын қабылдап, өзіндік даму жолын таңдады. Қысқа мерзім ішінде республикамызға Кеңес империясынан мұра болып қалған көптеген өткір де өзекті мəселелердің шешімін тауып, саяси, экономикалық жəне əлеуметтік-мəдени салаларға да реформалар жүргізілді. Осыдан тура 20 жыл бұрын еліміздің алдында алынбас қамалдай аса күрделі саяси-əлеуметтік қиындықтар тұрды. Ел болып бірлікке жұмыла білгеніміздің нəтижесінде біз солардың бəрінен өтіп, өркениет жолына бағыт алдық.

Тəуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев нарықтық экономикасы мен бейбітшілікке негізделген сыртқы саясаты бар зайырлы, құқықтық демократиялық қазақ жəне басқа да ұлт өкілдерінің ынтымақ-бірлігі жарасқан мемлекеттің негізін қалады. Табысты жүргізілген сыртқы саясаттағы жетістіктердің арқасында Қазақстан Республикасы БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ, ИКҰ секілді беделді халықаралық ұйымдардың салмақты мүшесіне айналып қана қоймай, мемлекетаралық қарым-қатынастарда да еліміздің мəртебесін көтеретін саяси оқиғаларға, тарихи кезеңдерге де бастамашы болды. 2010  жылдың 1–2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының төрағалығымен ЕҚЫҰ-ның 56 мемлекетінің басшылары елордамызда бас қосып, Астана доктринасының бірауыздан қабылдады.

Мұндай тарихи маңызы зор оқиға еліміздің халықаралық деңгейдегі талассыз беделінің арқасында келгенін жəне қазақ дипломатиясының сыртқы саясаттағы табысты еңбегінің нəтижесі деп білеміз.

Бүгінгі күнде ата-бабаларымыз арман еткен тəуелсіз мемлекетіміздің іргетасы қаланды. Қазақ елі қазіргі уақытта да, болашақта да əлемдік қауымдастықтан лайықты орнын алып дами береді.

 

 Əдебиеттер тізімі

  1. Абрахманов С. Тəуелсіздік шежіресі. — Алматы: Атамұра, 2006. — 3-б.
  2. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастар жəне Қазақстанның сыртқы саясаты. — Алматы: Қарасай, 2006. — 58-б.
  3. Сұлтанов Қ. Серпінді кезең. — Астана: Елорда, 2005. — 149-б.
  4. Назарбаев Н.Ə. Нұр Отанның дамуында жаңа белес басталды: Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. — 2008. — № 21. — 18 қаңт. — 2-б.
  5. Аяған Б.Ғ., Əбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. — Алматы: Раритет, 2010. — 163-б.
  6. Назарбаев Н.Ə. Еуразия жүрегінде. — Алматы: Атамұра, 2005. — 17-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.