Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мəдениет пен өркениет арақатынасының тарихы мен даму логикасы

Мəдениет пен өркениет арасындағы арақатынастың даму логикасы мен тарихын қарастыру үшін бірнеше кезеңдерді бөліп алып қарастырамыз. «Өркениет» ұғымы тұңғыш рет алғашқы қауымдық қоғамның орнына келген тарихи кезеңге қатысты қолданылған болатын. Мəдениет пен өркениет арақатынасы алғаш рет мəдениетті адамның индивидуалдық-тұлғалық шығармашылық мүмкіндігімен, ал өркениетті азаматтық қоғамның тарихи процесімен байланыстыра бастаған Қайта өрлеу кезеңінен көрініс тапты. Ағартушылық кезеңде мəдениет өмірдің индивидуалдық-тұлғалық жəне азаматтық қоғандың құрылымы деп қаралып, осыдан мəдениет пен өркениеттік даму процесі бір-бірімен сəйкестендірілген болатын. «Өркениет» терминін еркіндік, əділдік, құқықтық тəртіп орнаған азаматтық қоғамды, яғни қоғамның белгілі бір сапалық көрсеткіштерін, оның дамуының дəрежесін белгілеу үшін француз ағартушылары енгізген болатын. Кейін Л.Морган мен Ф.Энгельс өркениетті варварлықтан кейін келген, қоғамдық құрылыстың реттелуімен сипатталатын, сондықтан да оны қоғамның жоғары сапалы даму сатысы деп қарастырды. Бірте-бірте мəдениет жайлы өркениеттің рухани мазмұны, өркениеттің рухы деген ой қалыптасуда, мəдениет пен өркениеттің бір- біріне келіспейтіндігі айқындалды. Мысалы, Ю.В.Яковец өркениетті «адамның өзінің, қоғамның технологиялық жəне экономикалық базасының, əлеуметтік-саяси қатынастар мен рухани əлемнің белгілі бір даму деңгейімен анықталатын қоғам тарихының сапалы кезеңі» деп түсінді [1].

Жалпы, мəдениет терең əлеуметтік-экономикалық өзгерістерді тудырушы күш ретінде қоғамның жаңаруында басты рөлді атқарады. Дегенмен, қазіргі кезде мəдениеттің ғаламдық өркениеттің келешегінде алатын орны дау тудырмайтын мəселе. Кейбір ғалымдардың ойынша, қоғам ортақ траекториясынан айрылған дербес дамушы өркениеттер мен мəдениеттердің жиынтығын құрайды. Осы тұрғыдан алғанда өркениет дегеніміз — мəдени тұйық, дара сипатқа ие халықтардың өзіндік тарихы. Əлемдік жалпы адамзаттық өркениет дегеніміз — ол батыстық экономикалық жүйенің негізінде қалыптасқан адамдардың жүйеленген тұлғасыз қауымдастығы емес, керісінше, ол халықтардың өзіндік сипаты мен дара қайталанбас табиғатын сақтай алған сан  қырлы ортақтық. Оның ең негізгі сипаттамасы мəдениет аралық жəне өркениет аралық даналыққа негізделген ғаламдық біртұтас мəдени кеңістік болып табылады. Мəдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтан келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тəсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дəстүрлер жүйесі мəдениет өзегін құрайды.

Мəдениет — ол адамның əлемі. Мəдениет көріністерінен адамдық парасат, ақыл, ой, ізгілік пен əсемдік заттандырылып, игіліктер дүниесі пайда болады, осыдан мəдениет адамды тұлға деңгейіне дейін көтеретін негізгі құрал болып саналады. Адамды қоршаған заттар, дүниелер — бұл мəдениеттің сыртқы көрінісі ғана, оның мəні руханилықты адам əрекетінің нəтижесінде заттандыруында жатыр.

Мəдениеттің ішкі мəні қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік санасында, парасаттылық сезімдерінде жəне рухани ізденістерінде айқындалады. Мəдениетте адам ғажап биік- биік деңгейге көтеріледі, мəдениет адамның өмірі, адамнан бөлінген, адам өлгеннен кейін де тірі болатын оның шығармашылығы. XXI ғ. басындағы қоғамдық санада адамзат қауымы  үлкен өзгерістің алдында тұр деген пікірлерді жиі кездестіреміз. Бұған дəлел ретінде біздің ғасырымызда бой көтеріп жатқан жалпыадамзаттық құндылықтардың төмендеуі, əлеуметтік, адамгершілік шеңберіндегі экономикалық жəне зияткерлік берекесіздіктер, əр түрлі революциялар сияқты катаклизмдерді ғана, сонымен бірге бұған себеп ретінде қоғамдағы глобалды дағдарыстарды, алда келе жаткан экологиялық катастрофаларды, ресурстардың құруы, нашақорлықты да жатқызамыз.

Осыған байланысты В.М.Массон, Л.Н.Гумилев, Н.Я.Данилевский, Л.Фебр, К.Ясперс, П.Сорокин, А.Тойнби, О.Шпенглер сияқты ойшылдар мəдениет пен өркениеттің табиғаты мен тағдыры жөнінде ойланып-толғанып, нақ осы мəселені өз еңбектерінің өзегі еткен болатын. Көптеген əлеуметтанушылар, саясаткерлер, мəдениеттанушылар мен философтар осы жаңа ғаламдық өркениеттің қалыптасуымен байланысты пайда болған қайшылықтарды сезінген.

Адамдар менталитеті де өзгеріске ұшырады, XV ғ. II-ші жартысында Иоганн Гуттенбергтың ойлап тапқан баспа станогы өзіндік дүниетанымға сүйенген, өзіндік көзқарасы бар көрермендер мен тыңдармандарды дүниеге əкелсе, электрондық техника бет-бейнесіз жалпы тобырды, яғни бұкараны, тудырды, осыдан бұқаралыққа жол ашылды. Сол себепті көп ойланып толғануды, өзіндік сананың рефлексиясын қажет ететін процестер бірте-бірте ұмыт қалды. Біздің ғасырымыздың 20-шы жж. П.Сорокин мəдениет типінің ауысу мен алмасу процесінде болатын қайшылықты былай суреттеген болатын: «Батыс қоғамының мəдениеті мен салт-санасы жəне өмірі күрделі дағдарысты басынан кешіруде. Батыс коғамының тəні де рухы да ауруға шалдықты. Біз көз алдымызда ғайып болып бара жатқан кешегі сезімдерге толы нұрлы да сəулелі мəдениетіміз бен болашаққа ентелеп келе жатқан идеонационалдық мəдениет сияқты екі дəуірдің ортасында тұрған сияқтымыз», — дейді ойшыл [2].

Осы сияқты біздің қазіргі сүріп отырған мəдениетіміз оба дертінің уакытында тойға жиналған адамдардың мəдениетінде, яғни иммунитеті əлсіз күйдегі мəдениетте, өмір сүріп отырғандаймыз. Бұл екі дəуірдің ортасындағы мəдениетіміз үстіртін, пайымдау кабілеті əлсіздеу, ешқандай жоғарғы мақсаттарға ұмтылмайды, тек материалдық жетістіктерге жетудегі əдістер мен тəсілдерді көздейді. Біздің бұрынғы өткеннен мұра болып келе жатқан құндылықтарымыздың толығымен терістелу шеңберінде жүзеге асырылатын мəдениетімізде екіжүзділік, өтірік айтушылық, өнегесіздік жəне тəртіпсіздік тəрізді қасиеттер орын алуда. Өйткені ешқандай моральдік құндылыктар жаңадан жанданып жатпағандыктан, мəдениетіміз этикалық, яғни адамгершілік, негіздерінен айрылып қалған. Хосе Ортега-и-Гассет батыс тарихының басынан кешіп отырған ауыр дағдарысына назар аударып, Еуропа қоғамының барлық топтарында бірте-бірте бір ғажап феномен, яғни бір құбылыс, жайылуда деп, оны ол өмірлік бағыттан айрылу деп атады. Кеше ғана біздің  өмірлік кеңістігіміздің құрылымына айқындық беріп тұрған ұлы мақсаттарымыз күңгірттеніп, өзінің тартымдылығы мен бізге деген құдіреттілігін жоғалтып алғандай, ал олардың орнына келетін нəрселердің де белгісіз болып отырған жағдайын басынан кешіп отырған дəуіріміздегі адамның аяқ басуы да сенімсіз, өйткені ол бағыт-бағдар ұстайтын белгілерден айырылған, олардың өзі орнықты емес дейді.

Жүретін жолдың өзі солқылдақтанып, құрдымға кетіп бара жатқандай. Еуропаның санасы дəл осындай қалыпта. Батыстың адамы айқын көрінетін бағытсыздық (дезориентация) ауруына шалдықты. Ол енді қай жұлдыздың сілтеуімен жүретінін білмей қалды. Хосе Ортега-и-Гассет айтқандай, адамзат қазіргі заманда тек өздерінің тəндік қажеттіліктерін ғана көздейтін тобырға айналды [3; 223]. Мұндай адамдар өздерінен еш нəрсені талап етпейді, өздерін кемел санайды. Осындай адамдардың көбеюінен мəдениетіміз де бұқаралануда дейді. Бұқаралық мəдениет Батыста XX ғ. 50-ші жылдарынан бастап қарастырылуда. Бұқара мəдениетін зерттеушілердің қатарына американ əлеуметтанушылары Д.Белл, Б.Розенберг, Э.Шилз, М.Маклюэн жəне Т.Адорноны жатқызамыз. Жалпы, бұқара мəдениетінің қалыптасуын белгілі бір жағдайлармен түсіндіруге болады. Мұнда халықтың өсімі шапшаң дамиды, бұқара халық тарихи аренаға шыға бастайды, қалалардың саны, оның ішінде мегаполистердің саны өседі, бұқара халықтың өмір сүру деңгейлері де жоғарылайды жəне осыған байланысты «орта таптардың» саны ұлғаяды, қызмет ету, бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникация салалары дамиды, демалыс орындарының сфералары кеңейеді. Нақ осындай сипаттарды тұжырымдай келіп, бұқара мəдениетін «жоғарғы халықтық тұтыну» сатысына қол жеткізген постиндустриалдық қоғам, немесе капиталистік коғамның, мəдениеті деп айтуға болады.

Алайда қоғамдағы басты мəселе өндіріс емес, тұтыну болып табылғандықтан, мұнда өндіріс мəселелері шешілген, қоғам материалдық игіліктерден ешкандай жетіспеушілік көрмейді,  сондықтан адамдардың мүдделері тек тұтынуды ғана көздейді. Кейбір əлеуметтанушылар мен философтар тұтыну қоғамының пайда болуын тарихтың ақырымен түсіндіреді. Шындығында да мұндай жағдайда өмір сүрген адамдардың өз энергияларын қайда жұмсарын, кайда бағыттарын білмейді. Тіпті бұқаралық мəдениеттегі тобырдың геройлары мен идеялары белгілі бір саясаткерлер де, ғалымдар да, жауынгерлер де емес, қайта актерлер, рок-əншілер мен музыканттар бола бастады. Бұқаралық мəдениет ең алдымен адамның санасыздығына, оның инстинктеріне бағытталған, яғни бұл киял, мұң өнері, кино, радио, теледидар, иллюзия таратып, елес сияқты мəдениетті тудырады. Бұқара мəдениеті адамдардың ойлау процестерін жеңілдеткені соншалықты, ақыр аяғында оның санасын да сөндіреді.

Мұндай бұкаралық мəдениет қазіргі заманғы адамның зорығуынан, іші пысуынан жəне бір уақытта осындай жағдайдан шығудың ұмтылысы ретінде көрініс береді. Жалпы еуропалық мəдениет адамзат рухының дағдарысқа ұшыраған күйінің салдары ретінде пайда болады деп жазған болатын неміс философы Э.Гуссерль. Ал жалпы еуропалық мəдениеттің философиялық-этикалық негізі натурализммен, прагматизмнің элементтерімен жəне позитивизммен бірлесе отырып, гедонизмді құрайтындығы көрініс табатын болғандықтан, мұнда адамның дөрекі, хайуандық жақтары басым көрсетіледі. Осы жайында, американ социологы Б.Розенбергтің жазуы бойынша, бұқара мəдениеті адамдарға меңіреудің талғамдарын егеді де, оларды хайуандық сезімдерге тəрбиелейді  деген болатын. Бұқара мəдениеті адамдардың ойлау процесін жеңілдетіп, оңайлатқаны соншалықты, ақыр соңында оның санасын да сөндіреді.

Осыдан адамдар жүзсіз, түрсіз, өз өмірінің мəнін де сезінбейді де. Мұндағы адамдардың сезімдері суда өзін толық қанағаттанғандық сезімде жүзіп жүрген балық секілді сезінетіндей. Яғни адамдар тек өздерінің тəндік мұқтаждықтарын қанағаттандырғандығына мəз болып, өз өмірінің мəнін осылардан тапқандай болады. Мұндай адамдарды Хосе Ортега-и-Гассет бұқараға теңеп жəне қоғамдағы бүкіл биліктің соларға көшкенін көрсетіп, мұндай адамдардың қоғам түгіл, өз тағдырын билеуге кабілетсіз екенін айтады. Таңдаулы тұлғалардың да орнын біртіндеп бұқара басуда, бұқара дегеніміз — ешбір ерекшелігі жоқ тобырлар, яғни орташа адамдар. Мұндай адамдар өздерін жақсылықта да, жамандықта да ерекше өлшеммен өлшемейтін, керісінше, жұрт қандай болса, мен сондаймын деп сезінетін жəне оған еш өкінбейтін, өзіне осыны медеу тұтатын, яғни «Көппен көрген ұлы той» деп жүретін, əлдебіреуді айтамыз.

Сонымен бірге бұл адам мойнына ешқандай парыз бен міндетті жүктемей, өзінен ешнəрсені талап етпей, өмірдің ағымымен жылжып жүреді, яғни өмірлік бағдарламасыз күн кешіп жатады, қайда бара жатқанын да білмейді. Мұндай адамдар өткен шақ пен болашақ туралы уайымдап, толғанбай,  ол  тек  бүгінгі  күнмен,  қазіргімен  ғана  өмір  сүреді.  Мұндай  адамды  Абай  да    өзінің Жетінші қара сөзінде»: «Көкіректе сəуле жоқ, көңілде сенім жоқ, біздің хайуаннан еш ерекшелігіміз жоқ», — дейді. Испан философы Хосе Ортега-и-Гассет мұндай күйге ұшыраған батыс қоғамының мəдениетінен «Бəріне рұқсат» деген принципті көрді. Бұл мəдениеттің ұраны «Ойыңа не келсе, соны жаса» болып табылса, ал, П.Сорокиннің ойынша, мұндай мəдениеттің ұраны — «Пайдалы нəрселердің бəріне де рұқсат». Осы сияқты адамзат қауымына төнген қауіпті де глобалды дағдарыстардың себебін тарихшылар да, философтар да насихаттап жүр. Осындай дағдарыстардың себебін арабтың əлеуметтік философы, тарихшысы жəне қоғам қайраткері Ибн-Халдун түсіндіруге ұмтыла отырып, оның бірнеше себептерін көрсетеді, яғни бұған себептер мыналар. Біріншіден, кооперация үшін қоғамның бірлігі мен өздігінен ұйымдасуы үшін негіз болатын адамдар арасындағы өзара құштарлық пен ынтымақтастық сияқты қатынастардын əлсіреуі. Екіншіден, адамдардың бірлігі мен келісіміне мүмкіндік беретін дін əсерінің əлсіреуі. Үшіншіден, биліктің, яғни үкіметтің, қоғамнан жатсынуы. Төртіншіден, тирания. Бесіншіден, əділеттілік принципінің бұзылуы. Алтыншыдан, қалалық мəдениеттің деградациясы деп келтірген болатын ойшыл [4].

Нақ осындай қоғамдағы бой көтерген жағдайлардың себептерінен адамдар қалалык өмірдегі сəн- салтанаттың қызығына елігіп, бұларға бейімделіп, əр түрлі лəззаттың соңына түседі. Осы сиякты мақсаттарға жетуде ол кез келген алаяқтыққа барып, жалпы халық, қалалық жерде өтірік айтуға, құмар ойындарға, бұзақылыққа, екіжүзділікке, пайдақорлыққа үйреніп-ақ алады. Батыс ойшылдары осындай қалалардың өркендеуімен байланысы бар мəдениетті өркениет деп атаған болатын. Яғни өркениет дегеніміз — қала, қалалық қоғам деп анықтама беретін О.Шпенглер де нақ қалада ғана өркениет өз ақырына дейін жүзеге асады деген болатын.

Шындығында да, қалада өмір сүру барысында біз табиғат əлемімен байланысымызды  үзіп алдық. Өміріміздің іштей толымдығын да жоғалттық. Тілдесудің өзі кедейленіп, тілдесу кажеттілігінен де айрылдық. Жаңа казіргі заманымыздың мəдениетінен болмыстың мағынасыздығын, болмыстың мəнсіздігін түйсінеміз. Орыстың діни философы Н.А.Бердяев бұл туралы былай деген болатын: «Өмір органикалық сипатын жоғалтып, табиғи тербелістермен байланысынан айрылады. Адам мен табиғаттың ортасына, адамның табиғатты бағындырғысы келген құралдары койылған. Өркениеттің енді негізі табиғилық та, руханилық та болмай қалды, оның негізі енді машиналық». Осындай өркениет заманы адам өміріне машинаның жан-жақты енуімен, тіпті адамнын руханилығының құндылығы кеміп, оның осы машинаның тетігіне айналған көріністерімен айқындалып тұр. Əрине, өркениет адам өміріне қазіргі кезде тұтынудың жоғарғы деңгейіне көтерді. Дамыған елдерде мұндай мəселелер шешілген. Бірақ адамзат үшін бұлардан басқа да маңызды руханилығының дамуына қажетті жанның тілектері бар, өйткені өркениет дəуірі тек тəннің қажеттіліктеріне ғана жауап беретіндей. Н.А.Бердяев болса, мəдениеттің жаны болады деп мұндай жаны бар мəдениетті өркениетке карама-қарсы қояды. О.Шпенглер де мəдениетті жанның жүзеге асырылғандағы символикалық түрде көрініс беретін мəндік жүйесі деп қарастырған болатын, яғни мəдениет тілдесуді, сезінуді, іштесуді, ұғынуды кажет ететін жанға ие.

Əрбір мəдениеттің негізінде жатқан жан болғандықтан, мəдениет дегеніміз — осы жанның жүзеге асырылған мəні. Ал осы жанның түгесілуінен мəдениет өліп, мəн болса, адамдарды шабыттандырудан қалады. Өркениет дəуірінде мəдени құндылықтарды жүзеге асыруға емес, кайта өмірді жабдықтауға, утилитарлық мақсатқа бағытталған. Яғни мақсатка кол жеткізген сон, ішкі мүмкіндіктер біткен соң мəдениет жансызданып, өз күшінен айрылады. Ал адамдарға осындай өмірді əлеуметтік жəне техникалық тұрғыдан жабдықтап берген өркениетті О.Шпенглер мəдениеттің өлуі деп қарайды. Мəдениетіміз адамзат жанымен өте терең де жақын, қадір-қасиетті сабақтастықта болса ғана өмір сүреді екен. Мəдениеттің жаны өз-өзімен, өздігінен емес, мəдениеттегі белгіленген кұндылыктармен жəне ондағы мəнмен өмір сүретін адамдардың жандарына ғана ұялайды екен.

О.Шпенглер казіргі заманымыздың өркениетінің жетістіктерін терістемейді, бірак өркениет шынайы мəдениетті ығыстырып жібереді деп ескертеді. Өркениет дəуірінде философия мен өнерге ешқандай қабілеттері жоқ, тек материалдық құндылықтарды ғана көздеген хайуандық инстинктері басым жансыз адамдар көбейеді. Адамдар өркениеттің жетістіктерін тек пайдаланумен ғана шектеліп, өздерінің рухани мүмкіндіктерін жоғалта бастап, тек тəндік кажеттіліктерін қанағаттандыруды, пайданы ғана көздеген адамдар саны өсті. Мұндай кұбылысты түсіндірген О.Шпенглер:    «Мəдениет бұл организм сияқты, ал əлемдік тарих — бұл осы организмнің коллективтік, ұжымдық биографиясы», — деді [3; 295].

Ағылшын тарихшысы жəне əлеуметтанушысы А.Тойнби де бүкіл дүние жүзінің тарихын: туу, өсу, күйреу, іріп-шіру жəне құру фазаларынан өтетін өркениеттердің тізбегі ретінде карады. Ол қоғамдағы творчестволық қызметпен айналысушы азшылықтың азаюынан өркениет дəуірі басталады, яғни творчестволық қызметпен айналысушы азшылықтың жасампаздық күші əлсіреп, көпшілік қауымы осы таңдаулы азшылыкқа еліктеуден бас тартып, осыдан коғамдағы əлеуметтік бірліктің құлдырауынан басталған өркениет дəуірінде адамдардың мінез-құлкы мен менталитетінде де жіктер көрініс береді дейді. Қоғамның басынан кешіріп отырған мұндай дағдарысынан шығудың жолын қарастыра келіп, дағдарыстан құтқарушының төрт түрлі типтерін көрсетеді, олар: архаикалык, футуристік, ерік жігері күшті стоиктер жəне құдай əлемімен байланысы бар діни құтқарушы. Оның ойынша, тарих адамдар арқылы дамитындықтан, тарих адами жүзге, адами сипатқа айналады.

Тарихтың мəні ондағы адамдардың рухани, əлеуметтік жəне эстетикалық сияқты кұндылықтармен, жалпы алғанда адамзаттың тарихи тəжірибесімен сабақтастықта, бірлікте дамуында. Тарихи процестің осы адами, тұлғалық мазмұнын көрсете отырып, Тойнби христиандық философиялық көзкарастың негізгі принциптеріне де назар аударды. Ол тарихты Логос, яғни əлемдік ақыл-ой, басқарып тұр, осы Логос пен адамзаттың өзара қатынасы тарихи процестің мəнін құрайды деп тұжырымдайды. Тарихта адам өзін-өзі танып, өзінен əлемдік Логосты да таниды. Жалпы алғанда, А.Тойнби тарихи процестің «еуропоцентристік», немесе «батыстык», схемасын қолдамайды. Өркениет концепциясын да өз негізінде жалған деп санап, белгілі бір қоғамнын рухани негіздерінің дамуы мен өмірлік ортаны меңгеру деңгейімен ғана мəдениет тіршілік ете алады дейді.

Сонымен, жалпы алғанда, адамзат қауымының аяқ басып отырған XXI ғасырдағы мəдениетінің тағдыры, М.Шаханов айтқандай, тамырсыздық індетіне ұшырап отыр. Рухани байлықтарымыз құнсыздалуда, А.Камю пікірінше, өмір мағынасызданып кетті. Ал бұдан шығу үшін жалпы адамзаттың рухының құлдырау кезендерін көз алдымызға елестете отырып, өткенге, рухани қайнар бұлағымызға, шегініс жасап, ұлттық рухты көтеруге назар аударуымыз керек, өйткені рух дегеніміздің   өзі   —   жалпы   адамзаттың,   яғни   халықтың,   сонау   көне   заманнан   бүгінге  дейін қалыптасқан дүниеге деген творчестволық көзқарастарынан туған адамның өзіндік санасының ең жоғарғы формасы.

Өзіміздің даналық рухымыз бен өрелі даму жолымызды жəне тарихымызды философиялық негізде талдау аса қажетті мəселе болып табылады. Өйткені философия бүкіл адамзаттың рухын танудың бірден-бір жолы. Ал жекелеген адамдар үшін философия өзіндік сананың ең жоғарғы формасы болып табылғандықтан, нақ осы өзіндік сана, өзін-өзі тану арқылы ғана əрбір жеке тұлға өз халқының рухани дүниесіне зер салып, содан бойына нəр алады. Ал өнер, тіл, дін, яғни мəдениеттің барлық формалары, рухты дамытуға, оның мəнін ашуға бағытталған сара жол болып табылады. Осыған байланысты Т.Əбжанов өзінің «Қазақ рухының философиясы» деген еңбегінде рух философиясына назар аударып жəне оның аса қажет екендігін атап көрсетеді [5]. Осыдан қазақтың рухының кайнар бұлағы мен көзі қайда деген мəселеге қарай шегініс жасайды. Ал бұл мəселенің мəнісі неде десек, рух, ең алдымен, қазақ өмірімен, оның болмысымен, шаруашылық-тұрмыстық жағдайымен, саяси-əлеуметтік ахуалымен, тарихи қызметімен тығыз байланысты. Рухтың қайнар көздері мен негіздері мынада:

  • халқымыздың бойына біткен тəлім-тəрбиелік даналығында;
  • халкымыздың керемет бай, əрі терең ойлы асыл қазынасы — тілінде;
  • халқымыздың басқа елдермен салыстырғандағы қайталанбас төл тума өнерінде.

Мұндағы қазақ халкының ерекшелігін көрсететін, яғни, əлемді таң қалдыруға шамасы келетін сөз өнері, шешендік өнері, ақындық өнері, əн жəне музыка өнері. Басқа халықтарда кездесе бермейтін күй өнері жəне шеберліктің шыңына жеткен қолөнері; халқымыздың əрдайым айтылып, даналығына негіз болған терең ойлы мақал-мəтелдері мен аңыз əңгімелері; халқымыздың жүрегінің адалдығына, ар-ұжданының беріктігіне жəне адамның рухани дамуына əсер ететін дінінде.

Осы жоғарыда айтылған казақ рухының қайнар бұлағының көздері ешуақытта да сарқылмайтын болып, келешекте де, əрі қарай өркендей беретін, мазмұны терең формалары сан қилы процесс. Ал енді осы процестің мəнін тереңірек түсініп, ондағы даналықты бойға сіңіру үшін осы рухтың күрделі де қайшылыққа толы тарихи жолдарына талдау жасауымыз керек. Халықтың рухын, ұлттық рухты көтеру үшін ең алдымен халықтың тарихи санасын қалыптастыру керек дейді. Осыған байланысты Дж.Вудберри былай деген болатын: «Ғалымның ой-зердесі білімді меңгеруі мүмкін, ал даналық дегеніміз — халықтың тірлік тынысы».

Адам өткеннен көмек сұрауы керек, өйткені адамның дамуы дегеніміз — оның бүкіл өмірінің негізіндегі өткеннің өсуі. Нақ осы өткенімізді сақтап, жинақтау адамның шынайы дамуының ерекшелігіне əкеледі. Өткеніміз — ол біздегі сақталып, жинақталып қалған уақыт. Уақыттың осындай ойда ұсталып қалған бөлігі сол дəуірдің адамдарының өмірі мен қызметімен байланысы бар оқиғалармен жəне құбылыстармен толықтырылған.

Қазіргі шағымыз өткен шақта үнемі жоғалып, соған еніп кетіп отырады да өткен шақ қазіргі шақта сақталып тұрады. Өткен шақ қазіргі шақта жанданып, бүгінгіні жандандырады.  Адамның өткені толыққанды болған сайын оның дамуы да жоғарылайды. Өткеніміз мəңгі, ал келешек пен бүгінгіміз өткінші. Жалпы, өзінің өткенінен, яғни жадысынан, айрылған адам адам болудан қалып, өзінің биологиялық қайнар көздеріне жақындайды. Шын мəнінде де қазіргі шақ өткен шақпен бірге беріледі. Қазіргі мен өткенді бөлуге болмайды. Жаңа дəуірге дейінгі қоғамның байырғы формасында, яғни қауымдык қоғамдағы, адамдардың уақыт туралы түсініктері мен сезімдерін үнемі жаңартып отыруға бағытталмаған, керісінше, оларға қалыптасқан дəстүрлі қатынастарды үнемі қайталап отыру бірден-бір оң нəрсе болып көрінген.

Уақыт сонымен бірге табиғи процестермен ғана емес, тарихи үрдістермен де байланысты. Мысалы, XX ғасырдың логикалық позитивизм өкілі Г.Рейхенбах физика ғылымының жетістіктерінен «уақыттың ағыны тек өткеннен келешекке қарай жылжиды» деп тұжырымдаған болатын. Ал дұрысында, уакыт өткеннен келешекке карай ғана емес, келешектен өткенге қарай да жылжиды, ол тіпті айнымалы қозғалыс жасауы мүмкін. Бүгін əрқашан өткеннің бүгіні, əрі қарай келешектің бүгіні, ол өткен мен келешекті ажыратып емес, сабақтастырып тұрады, екеуінің арасындағы көпір сияқты.

«Өткен ешқашан оралмайды» деген Рейхенбахтың пікірінен өткен нəрсе ешқашан болмаған, ол мүлдем жоқ дегенді білдіреді. Ал олай болса, бүгін қайдан шықты, онда бүгін де, ертең де жок, мүлдем уақыттың жоқ болғаны. Уақыт жоқ болса, қозғалыс та, өмір де жоқ. Ал адамның психикасы, санасы мен жан дүниесі үшін ол оның жадысы жоқ деген сөз. Яғни ол өзінің кім екенін, баскалардың, қоршаған дүниенің ол үшін кім, не екендігін жəне олар үшін кім немесе не екендігін білмейді де, сезбейді де. Ол адамдық қасиеттерден мақұрым. Бұл өткеннің, болғанның бізде, болмыста ешбір із қалмағаны. Онда болғанды еске түсіру, оны ой мен сезім жүзінде болса да, қайта бастан кешіру де болмайды. Психиканың, ойлаудың, жалпы «Меннің» тұтастығы жойылады. Яғни Ш.Айтматовтың романындағы өз анасын танымай өлтірген мəңгүрт ұл ең алдымен жадысынан айрылады, өз жадында уақыттан айрылу дегеніміз санадан айрылумен тең. Сондықтан уақыт кері бұрылмайды деу ол тек бір бағытта деп түсіну қозғалыстың тек сыртқы формасын ғана аңдаудан шығады. Жалпы мəдениет дегеніміз, өз-өзін ұғынып, танудағы адамзат дамуының тарихи жəне оны ұғынуда адам үздіксіз тəжірибе жинауда болады. Мұнда адам өзінің катыстылығын ұғыну үшін тарихи творчествоның тура процестеріне қайта-қайта шоматын болғандықтан, мəдени жады да тарихи негізде көрініс беруі мүмкін. Бұл тарихты уайымдау тəжірибесі, яғни, келешектің бүгінге, бүгіннің келешекке айналуы сияқты, уақытша процестер.

Негізінен мəдени жадының басты ерекшелігі тарихи жады ретінде өткенді кұтқаруға бағытталған. Сондықтан өткеннің, өткен дəуірдің болмыс елеске батып кетуімен, естен шығарушылықпен саналы түрде күресу керек. Ал жануарлар болса, өз тегінің өткенін, өткен дəуірін білмейді. Осыған байланысты қалыптасқан түсініктер бойынша, жады мен сана-сезім бір. Мəдени жады дегеніміз — өткенді менің тəнімнің реакциялары жəне іздерімен  сабақтастыру  емес, кайта менің санамның қабылдауы мен санадан қалған əсерімен сабақтастыру. Бірақ адамдық меннің өзі тектің жемісі болып табылады. Адамзат мəдениетінің жемісі дегеніміз — бұл тек жадысының ерекше формасы. Бұл жадының жануарларға тəн формасы болып табылатын инстинктердің орнына келген «тек жадысының» ерекше адами формасы.

Адамның мұндай мендігі, сана-сезімі туғаннан пайда болмайды, бұл жүре келе болатын процесс. Өткеніміз бізге өзіміздің адамдығымызды сақтау үшін керек. Мысалы, білімде де өткенді қопару арқылы жаңа таным мен жаңа маман пайда болады. Сонымен өз өткенінің жадысынан айрылған адам əлемдегі өз орнын қайтадан анықтау кажеттілігінің алдында бетпе-бет келіп тұр, өйткені ол өз халқының тарихи тəжірибесінен мақұрым қалғандыктан, тек бүгінгі өмірмен ғана өмір сүруге кабілетті, яғни өмірлік бағыт-бағдарынан айрылған. Ал өткеніміз болса, біздің санамызда, жүрегімізде, тілімізде, бізбен бірге əрдайым бірге болуы керек. Ата-бабалардан қалған рухани мұра мəдениетіміздің тірі жаны болып есептеледі. Сонымен, рух дегеніміз — халқымыздың сонау көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі қалыптасқан дүниеге деген творчестволық көзқарасынан туған өзіндік санасының ең жоғарғы формасы. Себебі, Ұлттық ғылым академиясының академигі М.Қозыбаев айтқандай, рухсыз халық қара тобырға айналады. Рух — халықтың, ата-бабаның жаны. Рух туған жер, туған ел, туған тіл жəне ата тарих болып табылады. Рухты жан — азамат адам, рухсыз жан — тұғырсыз надан.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Яковец Ю.В. Ритм смены цивилизации и исторические судьбы России. — М.: Наука, 1994. — С.
  2. Ерасов Б.С. Сравнительное изучение цивилизаций. — М.: Политиздат, 2001. — С.
  3. Хосе-Ортега- и -Гассет. Избранные труды. — М.: Прогресс, 1988. — 460 б.
  4. Шпенглер О. Закат Европы. — М.: Мысль, 1982. — С. 122.
  5. Əбжанов Т.Ы. Қазақ рухының философиясы. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2003. — 7-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.