Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан тарихшыларының «Тəуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігі: қалыптасуы мен даму көкжиегі» атты I-ші Конгресі жайлы ғылыми хабарлама

2011   жылдың   16   қыркүйегінде   Л.Н.Гумилев   атындағы   Еуразия   ұлттық   университетінде «Тəуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігі: қалыптасуы мен даму көкжиегі» атты Қазақстан тарихшыларының I-ші Конгресi өтті.

Конгресс жұмысына мемлекеттік орган өкілдері, отандық жетекші оқу орындарынан, ғылыми- зерттеу институттары жəне сараптама-талдау орталықтарының ғалымдары: тарихшылар, философтар, саясаттанушылар, этнологтар жəне т.б. қатысты.

Конгресс барысында «Тəуелсіздіктің 20 жылында Қазақстан тарих ғылымының жеткен жетістіктері» атты тарихи шығармалардың көрмесі ұйымдастырылды.

Конгреске қатысушылар тəуелсіздік алғаннан бергі жылдары отандық тарих ғылымының қол жеткізген жетістіктерін, білім жəне ғылымның сапасы мен тиімділігін арттыру мəселелерін талқылады. Жұмыс барысында қазіргі Қазақстан тарихының өзекті мəселелеріне қатысты ғылыми тұжырымдамалар жасалды, отандық тарихтың алдында тұрған проблемалары, тарих ғылымының даму болашағы жайында ғалымдар арасында пікір алмасу болды.

Тəуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған тарихшылар конгресі отандық тарих ғылымын жаңаша зерделеуді мақсат етті. Бүгінде Кеңестік уақыт артта қалып, «партия тарихшылары» жазған дүниелердің басым бөлігі құнсызданды. Қазіргі уақытта «Қазақстан қандай бағытта дамуда?» немесе «Біз қандай қоғам құрдық?» деген мəселелер күн тəртібінде тұр.

Алғашқы сөзді Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Мəулен Əшімбаев алып, тұңғыш рет   өтіп   отырған   тарихшылар   конгресіне   қатысушыларды   Əкімшілік   атынан        құттықтады.

«...Егемендігімізбен бірге біз өзіміздің шынайы тарихымызды қалыптастырып жатырмыз, — дей келіп, Мəулен Сағатханұлы Қазақстан тарихы, еліміздің тарихы сан ғасырлар қойнауынан тамыр тартатынын тілге тиек етті. Сақ, ғұн дəуірлеріне бойлап, Елбасының «Мəдени мұра» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға да тоқталды. — Соңғы 20 жылдың өзі жеке тарих екенін, оның ішінде елдік шекарамыздың халықаралық құжат деңгейінде бекітілгенін, Ата Заңымыздың қабылданғанын, Арқа төсінен Елорданың бой көтергенін, ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп, Астана Саммитін абыроймен жоғары дəрежеде өткізгенімізді таратып айтып, тарихты білу арқылы тарихи сана қалыптасады, тарихи сана арқылы ұлттық сана өсіп жетіледі, ұлттық санамыз биік деңгейге көтерілсе, егемендігіміз мықты болады», — деп сөз аяғын түйді.

— Жаһандану мен əлемдік бəсекелестік қазақстандық тарих ғылымына да бұрын-соңды болмаған міндет қоюда, — деді конгресс барысында сөз алған ҚР Білім жəне ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов. — …Бірінші кезекте, ұлт тарихын зерттеу методологиясын жетілдіру қажет. Келесі 2-ші іргелі мəселе — Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу кезеңдерін дəйектеу. Үшінші өзекті мəселе — ұлттық тарихты оқыту. Оқулық пен мамандарды дайындауда тарихшылар бірігуі тиіс. Бұған ғылыми əлеует те, материалдық мүмкіндік те жеткілікті. Осы орайда, министр ел тарихы бойынша іргелі еңбек дайындау үшін ғылыми орталықтарға ұлттық  университеттермен бірігіп жұмыс істеуді тапсырды.

Министр сонымен бірге Тəуелсіздіктің 20 жылдығымен ұштас келіп отырған өзге де атаулы күндерді жұрт назарына салды. Тарихты зерттеумен қазір 4 институттың айналысып жатқанын, оның үшеуі егемендік жылдары ашылғанын, бұл ел тарихын зерттеуге деген ерекше қамқорлық болғанын да жеткізді. Елбасының «Мəдени мұра» бағдарламасы бойынша біраз елдерге, оның ішінде Қытай, Монғолия, Иран, Түркия, Египет, Батыс Еуропа елдеріне экспедициялар  ұйымдастырылғанын, Каирде Бейбарыс бабамыздың мешіті, медресесі, кітапханасы қалпына келтіріліп жатқанын еске салды. Осының бəріне жаңа қабылданған «Ғылым туралы ҚР» Заңы өз септігін тигізіп отыр. Осы құжат аясында ендігі жерде тарихшы-ғалымдар елдік істе үлкен қадамдарға баруы қажет.

«Тəуелсіздікке — 20 жыл жəне Қазақстанның тарих ғылымы» деген тақырыпта сөз алған Мемлекет тарихы институтының директоры профессор Бүркітбай Аяған тəуелсіздік жылдары отандық тарихнамада ізденістер мен зерттеулер мазмұны түбегейлі өзгергенін, осылайша мемлекет саясаты елдің негізі болған қазақ халқының тарихы мен билік дəстүрін сақтаған Отан тарихын жазуға зор мүмкіндік бергенін айтты. Сонымен қатар, ол конгресте үш мəселені көтерді. Оның біріншісі — Отан тарихы методологиясы, екіншісі — тарихты дəуірлеу, үшіншісі — тарихты оқыту мен зерттеу. Сонымен бірге ол жиналғандарға төмендегідей ұсыныc-пікірлерін білдірді:

  • Тəуелсіз Қазақстан тарихын — «Қазақстанның жаңа тарихы» атауымен өзгертіп, білім жəне ғылым жүйесіне міндетті пəн ретінде енгізу;
  • «Отан тарихы методологиясы», «Қазақстанның жаңа жəне қазіргі заман тарихы» пəндері бойынша оқулықтар дайындау;
  • «Мəдени мұра» бағдарламасы аясында айналымға түскен тарихи мұраларды оқулықтарға енгізу;
  • Тəуелсіз Қазақстанның экономикасы, саяси, əлеуметтік өмірі, діні мен мəдениеті жəне тұлғатанудан көп томдық кітаптар дайындау;
  • Тəуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудің ұзақ мерзімге арналған перспективалық жоспарын жасап, бекіту;
  • Қазақстан аймақтарының жаңа тарихын (өлкетану) зерттеу, облыстық мемлекеттік мұрағат материалдарын игеру;
  • Қазақстан тарихшыларының конгресін 2 жылда бір рет шақыру.

Ал,   Ш.Уəлиханов   атындағы   Тарих   жəне   этнология   институтының   директоры профессор Ханкелді Əбжанов Отан тарихының методологиялық мəселелерін қозғады. Ғалымның бұл   мақаласы «Егемен  Қазақстан»  газетінің  16  қыркүйек  күнгі  нөмірінде  жарияланды.  Профессор   Х.Əбжанов «...Отан тарихын зерттегенде əсте ұмытуға болмайтын методологиялық ұстаным адамдар іс- əрекетімен жасалатын тарихтың екі-ақ негізде өрбитініне қатысты. Бірі — табиғи-ырғақты тарихи үдеріс, екіншісі — отарланған немесе өктем сырт күштің тегеурінімен жасалатын тарих. Ұлы дала екеуін де бастан кешті. ХVІІІ ғасырдың басына дейін қазақ жеріне келген қытай,  араб, монғол, жоңғар басқыншылары — бəрі сайын даланың табиғи-ырғақты тарихи үрдісін бұза алмады, қайта өздері қазақтанып кетті. Орыс отарлауы да табиғи-ырғақты дамуды шайқалтқанмен, тамырын қиюға ғұмыры жетпеді. Ұлттың табиғи-ырғақты дамуын күйреткен алапат кеңестік тоталитаризм еді.  70 жыл ішінде жердің біраз бөлігі талан-таражға түсті, елі үшін еңіреген зиялылар атылды, қуғындалды, қазақ тілі бейшара халге ұрынды, аштық миллиондаған қандастарымыздың басын жұтты, демография бұзылды. Ең ауыры — ұлттық жөргегінен жеріген, бөтеннің құндылықтарын қастерлеген, аты қазақ, заты бөлек ұрпақ өсіп шықты. Ұлттың тұтастығына, болашағына, мемлекет тағдырына төнген қатердің жиынтық көрінісі осы еді. Демек, Елбасымыз Н.Назарбаевтың тəуелсіз Қазақстандағы халықтар бірлігін нығайту үшін қолға алған жасампаз іс-əрекеті мен ғылыми-танымдық ізденістері — тарих тағылымын кемел игерудің нəтижесі», — деп нақты ...Тəуелсіз Қазақстанның əзірше өтпелі кезеңді бастан өткізіп отырғанын атап өтті.

Сонымен бірге ол кезінде «Қазақ ССР тарихы», «Қазақстан тарихы» кітаптарын бір том, екі том, бес том көлемінде жазған Ш.Уəлиханов атындағы Тарих жəне этнология институтының ұжымы қалыптастырған ахуалды ескере отырып əрі қолда бар мүмкіндіктерді екшей келе, 2012–2016 жылдар ішінде 20 кітаптан тұратын «Отан тарихы» академиялық басылымын жарыққа шығаруды күн тəртібіне қойды. Біздің бұл жобамызды Ə.Х.Марғұлан атындағы Археология институты, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Астанадағы Мемлекет тарихы институты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғалымдары мақұлдап, өз үлестерін қосуға даярлығын білдірді деді. Бүгінгі болжам бойынша, 20 кітаптың алғашқы 5-еуі палеолиттен бастап Шыңғыс хан жорығына дейінгі арғықазақтар дəуірін қамтиды, 3 кітап қазақ антропологиясы, этногенезі, хандығы, рухани əлемі жайлы болмақ, 4 кітап отарланған өлке тарихына арналады, 2 кітап кеңестік  жылдардағы   тарихты   ашпақ,   4   кітап  тəуелсіздік   тағылымын  таразылайды.  19–20-шы кітаптар Қазақстан тарихын зерттеудің методологиясы мен тарихнамасына, деректер  көзіне арналмақ.

Академиялық басылым «Отан тарихы» деп аталу себебі ежелгі дүниеде де, орта ғасырларда да қазақтың ата қонысы əлденеше этностарды бауырына басып Отанына айналғаны ақиқат. Бүгін де солай. Біздің басты байлығымыз, Отанымыз біреу — ол Қазақстан, ол Қазақ елі. Демек, «Отан тарихы» мазмұны жағынан да, ғылыми нəтижелері бойынша да Қазақстан халқын  ұйыстыруға қызмет ететін болады, бұл бір», — деп нығыздады Х.Əбжанов.

Екіншіден, 20 кітаптан тұратын 10 томдық «Отан тарихын» Астана мен Алматының тарихшы- ғалымдары жазады. Бұған аймақтардағы əріптестеріміз ренжімеуі керек. Рас, бүгінгі таңда 5 аймақта да — оңтүстікте, солтүстікте, батыс пен шығыста, орталықта — археология мен этнологияның, деректану мен тарихнаманың, ұлт тарихының білікті мамандары қалыптасқан. Мəселен, Семейдегі мемлекеттік екі жоғары оқу орнында, Қарағанды қаласындағы жооларда 20-ға жуық тарих ғылымдарының докторлары еңбек етеді. Осы интеллектуалдық əлеуетті аймақ тарихын жазуға жегетін уақыт келді. Əрине, 20 кітап көлемінде жазу қажет емес. Ғалымдар 2010 жылы жарық көрген «Қазақстан тарихы» бес томдығын басшылыққа алып, өз аймағының тарихын сондағы мазмұндық құрылыммен жазып шықса, құба-құп.

Үшіншіден, ұлт тарихының жылнамасындай осынау кітаптар мəтіннен ғана тұрмауы керек. Ол суреттермен, түрлі иллюстрациямен, карталармен, кестелермен, фотолармен бай көркемделуі лəзім. Бұған əр жылдары Пекиннен, Лондоннан, Парижден, басқа да қалалардағы мұрағаттар мен музейлерден табылған қазыналар мүмкіндік береді.

Төртіншіден, «Отан тарихының» Бас редакциялық алқасын Білім жəне ғылым министрі басқарып, құрамына Жауапты хатшы мен Ғылым комитетінің төрағасы енсе, ал аумақ тарихы бойынша редакциялық алқаны іргелі облыс əкімі басқарса, жұмыстың ұйымдастырылуы  мен нəтижесі діттеген мақсатына тез жетер еді.

Ойлағанымыз жүзеге асып жатса, ел Тəуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Отан тарихынан 20 кітап, аймақтар тарихынан 25 кітап қалың көпшілікке жол тартатынына сенімдіміз. Ұлттың ұлық тарихына қызмет ету — əрбір кəсіпқой тарихшының мəртебелі борышы.

Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Меруерт Əбусейітова тарих ғылымы туралы əңгіме қозғағанда, Қазақстанның ұлттық басым бағыттар жайлы ой өрбітіп, дəл қазір Отан тарихын жазуда тарихшыларға жүктелген міндеттің зор болып тұрғанын, егер мұны абыроймен атқарған жағдайда мəртебелері артып, мерейлері өсіп, келешек ұрпақ алдында жүздері жарқын болатынын алға тартты. Сонымен қатар, ол əлемдік тарихи ақыл-ойдың үздік жетістіктеріне ден қойып, озығынан алсақ, ұтылмайтынымызды да еске салды.

Пленарлық мəжілістен кейін бір топ ғалымға Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздік қызметкері төс белгілері тапсырылды. Одан соң тарихшылар дөңгелек үстел басында оқулық мəселесін, ел тарихын түбегейлі зерттеу бойынша тəжірибе алмасып, ой бөлісті.

Конгресс жұмысына қатысушылардың ішінде Қарағанды қаласының Е.А.Бөкетов атындағы мемлекеттік университетінің ғалым-тарихшылары: Р.М.Жұмашев, З.Ғ.Сақтағанова, В.В.Козина, Қ.С.Өскембаев жəне тағы басқа жоғары оқу орындарының, мектептерден өкілдер болды.

Тарих ғылымдарының докторы З.Ғ.Сақтағанова түстен кейін болған тарихшылар мəжілісінде тарих ғылымының одан əрі дамуының өзекті мəселелеріне, оның ішінде бүгінгі күндегі орта мектептердегі   оқулықтардың   сапасына   ерекше   тоқталып   өтті.   Ол   орта   мектептерге арналған «Қазақстан тарихы» оқулығын, оқу-əдістемелік кешендерін жазудағы болашақ авторларға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптарды, жауапкершілікті, терең білімділікті, кəсіби сауаттылықтың болу керектігін нақтылап көрсетті. Мазмұнды академиялық білім беру шеңберінде, бұрмаланбай, аңыздық шығармашылыққа, жалған ғылымға бой ұрмай, теориялық жəне фактологиялық есеппен тізе берілмеуді атап өтті.

Жалпы тарих ғылымында бүгінде жағымды өзгерістер жеткілікті. Оны біз 2004  жылдан басталған «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасынан-ақ байқаймыз. Бүгінде оның бірінші кезеңін артқа тастап, екінші кезеңін бастадық. Алғашқы кезеңінде 3 миллиардқа жуық теңге  жұмсалса, екінші кезеңінде 4 миллиард қаржы бөлінбек. Бұл аз емес. Соның арқасында талай археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп, тарихи ескерткіштер өңдеуден өтуде. Қазақ тарихына қатысты ағылшын, неміс, француз тілдерінде жазылған батыс ғалымдарының еңбектері қазақ тілінде басылды.

Ең негізгісі, түрлі елдердің мұрағат қорларындағы Қазақстан тарихына қатысты көптеген бұрын қол жетпей жүрген құнды құжаттар елге қайтты.

Қазақстан тарихшылары, көрші Ресейді айтпағанда, Қытай, Ватикан, Франция, Германия жəне басқа елдердің мұрағаттарында қыруар жұмыс істеп, нəтижесінде бұрын-соңды біздің қолымыз тимеген материалдар көптомдық кітап болып жарыққа шығуда. «Өнер» баспасы қазақ тарихына қатысты қытай тіліндегі деректік материалдарды қазақ тілінде екі том етіп  шығарды. Қытайдың өзінде сондағы ғалымдардың арқасында «Ежелгі үйсіндер тарихы», «Ұлы Түрік қағанаты» атты еңбектер шықты. Осының бəрі — мемлекеттік тəуелсіздік жағдайында «Мəдени мұраның» аясында қол жеткізген жетістік.

Алайда конгреске қатысушы қауым, енді бізге осыншама мұраны жоғары дəрежеде қорыта алатын тарихшы-мамандардың жаңа буыны керек дейді. Біздің тарихымызға қатысты мынадай мəселені үнемі ескеруіміз керек. Ол көне кезеңдегі қазақ жеріндегі мемлекеттік құрылымдар мен орта ғасырдағы, жаңа замандағы мемлекеттік құрылымдар арасындағы сабақтастықтарды терең зерттеу. Ол үшін, əрине, тарих ғылымын реттейтін зерттеу əдістері мен құралдары болуы шарт. Маман- тарихшылар ең алдымен соларды басшылыққа алулары керек.

Тарихшылар бас қосуы тəуелсіздік алғаннан кейін тұңғыш рет өткізіліп отырғанын ескеріп, мұндағы айтылған мəселелер мен көтерілген бастамалар көп ұзамай шешуін табуы керек деп ойлаймыз. Осы конгреске байланысты ойларды түйіп айтсақ:

  • Қазақстан тарихын дəуірлеу мен жаңаша қарастыруда ортақ теориялық-əдістемелік ұстанымдарды ғылыми айналымға əкелу (айта кету керек бұл мəселе конгресте негізгі тақырып болғанымен, терең талданбады);
  • Қазақстан тарихын оқыту сапасын жақсартудың ең өзекті мəселелерінің бірі — осы пəннің білім мазмұнын анықтау. Оған кіріскенде алдымен демократияландыру, ізгілендіру жəне білім беруді ақпараттандыруды басшылыққа ала отырып, бұған дейін Қазақстан тарихында орын алып келген ақтаңдақ беттерді, бұрмалаушылықтарды, аңыздандыруды ескере отырып мақсат, мүдделерімізге жету, ұлттық идеологияны қалыптастыру;
  • отандық тарихшылардың басын біріктіру қажеттілігі бар. Ол үшін тарихшылар бірлесіп жұмыс істеп қазақ тарихын кешенді зерттеуді қолға алулары қажет;
  • қалыптасқан дəстүрі бар тарихшылар мектебін қалыптастыру, жаңа буын мамандарды даярлау. Тарихи-мəдени мұраларды қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде білім жəне ғылым жүйесіне енгізу;
  • тарих ғылымын қаржыландыру мəселесі, ғылыми зерттеулерге негізделген отандық тарих ғылымын дамыту;
  • өткенімізді тану контексіндегі зерттеу əдістеріне сүйеніп, «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы негізінде ел тарихының дамуына енген тың деректерді білім жəне ғылым жүйесіне енгізуді тездету қажет. Сонымен бірге конгрестің соңында қабылданған қарарға байланысты «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының жалғасы ретінде «Ғылыми қазына» бағдарламасын дайындау ұсынысы жалғасын табу керек;
  • тарихи таным мəдениетін қалыптастыру барысында жас ұрпақ санасында қазақстандық патриотизмді орнықтырудың жолдарын қарастыру бүкіл халықтың рухани қажетімен сабақтасу қажет.

Сонымен бірге Қазақстан тарихын мектепте оқытуды ұйымдастырудың негізгі бағыттарында мына мəселелер де ескерілуі тиіс:

  1. Тарих пəндерінен бірыңғай оқулық шығаруды дұрыс жолға қою үшін ғылыми-зерттеу орталықтарының жұмыстарын жандандыру.
  2. Қазақстан тарихын мектепте оқыту үшін, оқушылардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету үшін, алдымен, оның барлық оқу-тəрбие орындарында үзіліссіз оқытылуын жүзеге асыру. Ол үшін балабақшаның ересектер тобында қазақ халқының ұлттық дəстүрін, əдет-ғұрпын, халықтың шығармашылық қазынасын үнемі таныстыру өз жалғасын табуы керек.
  3. Бастауыш сыныптарда Қазақстанға қатысты түсініктер беретін мəліметтерді жиі беру.
  4. Мектепті бітірген оқушылар оқитын арнаулы орта оқу орындарында «Қазақстан тарихының» жинақталған жүйелі курсын сапалы түрде оқыту.
  5. Жоғары оқу орындарының тарих, басқа да қоғамдық-гуманитарық факультеттерінде Қазақстан тарихының жүйелі толық курсы оқытылатыны белгілі. Ал қалған оқу орындарының барлық факультеттерінде «Қазақстан тарихының» қысқартылған жинақты жүйелі курсын оқытуда кредиттің санын өсіру.
  1. Мектеп мұғалімдері   мен    жоғары    оқу    орындарындағы   тарихшылардың  біліктілігін жетілдірудің қатаң əрі қойлайлы мүмкіндіктерін қарастыру.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.