Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Отырар жəдігерлеріндегі ою-өрнектер

Халқымыз ою-өрнек арқылы өз тыныс-тіршілігін, мəдениетін, өнерін, мəдени құндылықтарын көрсете білді. Жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып түсірген. Бұйым-мүліктерде, аң-құстың, малдың суреттерін өрнектеп салып, қарым-қатынас құралы ретінде белгілі бір ұғым-түсініктерді аңғарып отырғаны деректерден белгілі.

Белгілі бір қажеттіліктерден туындаған ою-өрнек келе-келе сəндік, салтанат  белгілеріне айналып, əр түрлі жағдайда дамып, түрленіп отырғаны археологиялық  зерттеулер, этнографиялық мол деректер мен көне жазбалардағы мəліметтер арқылы белгілі. Оюлар мен өрнектер — ежелгі көшпелі тайпалардан келе жатқан дəстүр сабақтастығының көрінісі. Cондай-ақ ою-өрнек тарихын Ə.Х.Марғұлан, Ө.Жəнібеков, К.Ақышев, Қ.Байпақов, М.Ш.Өмірбекова, С.Қасиманов, Х.Арғынбаев, Ə.Тəжімұратов сынды белгілі ғалымдар зерттеп, ғылыми еңбектер арнады. Қазақ ою-өрнегін ғылыми тұрғыда түбегейлі зерттеген ғалым-академик Ə.Марғұлан. Ғұлама ғалым ою-өрнек тарихын егжей- тегжейлі зерттей келе, олардың даму тарихына тоқталады. Ал этнограф Х.Арғынбаев Республикамыздың əр өңірлерінде ғылыми экспедиция ұйымдастырып, қазақ халқының қолөнеріне байланысты көптеген деректер жинастырды. Елімізге белгілі этнограф С.Қасиманов жаңа қазақ ою- өрнектері үш түрлі ұғымды білдіреді дейді: біріншіден, мал шаруашылығын, аңшылықты; екіншіден, жер, су, көшіп-қону көріністерін; үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін əр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді дейді [1]. Ою-өрнек өнері көне замандарда қалыптасып, дамып бүгінге дейін өз қасиетін жоғалтпай келе жатқан мəдениет үлгісі ретінде аталады. Өрнек үлгілерінің үй тұрмысында, өнеркəсіпте, архитектурада əлем өмірінің дамуында қолданылмайтын жері жоқ.

Батыс пен Шығыс, Еуропа мен Азияның мəдениетін тоғыстырған халықаралық сауда жолы — Ұлы Жібек Жолы ежелгі өнер мен діндердің таралуын, музыка, архитектура, мəдениетті  өмірге əкелді. Өз құрамына кіретін халықтардың экономикасы мен мəдениетінің дамуында басты рол атқарды.

Оңтүстік өңірі мен Жетісу қалаларында сол кездің əлемін тəнті еткен сəулетті сарайлардың, мешіт, медресе, озық құрылыс үлгілерінің болғандығы мəлім. Сондай-ақ археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында табылған алтын, күміс, мыс теңгелер, терракота, керамика шыныдан жасалған заттар, киім əшекейлеріндегі Отырар-Қаратау мəдениеті деген атпен танылған əсем ою- өрнектер қала мəдениетінің жоғары өреге көтеріліп, ғылымның дамығандығын көрсетеді. Қазақстанның ортағасырлық қалаларында жүргізілген қазба жұмыстары барысында Қытай, Византия, Иран, Үндістанда соғылған теңгелер, қытай керамикасы мен фарфоры, сириялық əйнектер мен самарқандтық қыш ыдыстар т.б. заттар табылды, бұлар сол елдерден Ұлы Дала деген атпен енген қазақ кеңістігіне керуендер арқылы жеткен. Заттардың əрқайсысы əркімді қызықтырмай қоймайды. Қазақстанның  музейлерінде  қойылған  осы  заттардағы  ою-өрнектерге  қарап  көшпенділер  атанған қауымның ғылыми пайымы мен рухани өресі аса жоғары болғандығы дəлелденеді. Олар көбінесе өсімдік тектес, зооморфтық ою-өрнектер болып келеді.

Халықаралық сауда жолы Ұлы Жібек жолы арқылы жеткен Сырдария бойының ортағасырлық қалаларында атап айтар болсақ, Отырардан бірнеше заттар табылды. Жардың ішінен əсіресе Қытайда жасалған жолбарыс бейнелі нефрит жапсырма, Қытайдан, Үндістаннан əкелінген фарфорлар, Ираннан əкелінген ыдыстар ондағы ою-өрнектер өсімдік тектес болып келген.

Көптеген тарихи деректер мен соңғы кездегі археологиялық қазбалар отырықшылық пен жер өңдеудің нəтижесінде, көне замандарда қала салу мəдениетінің едəуір дамығандығын дəлелдеп отыр [2]. Далалық өркениеттің бесігі болған Қазақстан қалалары əсіресе Х–ХІІ ғасырларда гүлденіп, мəдениет, ғылым мен өнер шыңына жетіп қолөнер, сауда мен ауыл шаруашылығының шоғырланған орны болды. Бұған Ұлы Жібек жолы басты рөл атқарды. Халықтың өмір сүретін аймақтарына байланысты ою-өрнек үлгілері дамып отырған, мысалы, отырықшы өркениеттің өнері өсімдік өрнектері болса, көшпелілер мəдениетінде, ыдыстарда айбарлы жолбарыс, тау теке, барыс, қабан, арқар, құлан, кер марал секілді жануарлар суреті салынды. Бұйымдардағы ою-өрнектер қоғамның дамуы жайында құнды мəліметтер береді. Мысалы, көркем өнердің көрсеткіші қыш бұйымдардағы жазулар халықтың жаза білгендігін көрсетсе, Отырар, Құйрықтөбе, Алтынтөбе, Көкмардан т.б. қалалар мен қалашықтарда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған заттардағы ою-өрнектер Отырар өңірінің заттық жəне рухани мəдениетінен мол мағлұмат бере алады. Қазақ халқының өткен тарихын тарихи-мəдени құндылықтарымыздың киелі мекені — музей арқылы жас ұрпаққа танытудың маңызы зор. Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданындағы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі рухани өміріміздің өркенді өнегесіндей болып өзгелердің назарына ілігіп келеді, оның қорында бүгінгі таңда 22000-нан астам жəдігер сақталуда, бұлар асылдың сынығындай тұлпардың тұяғындай қастерлі дүниелер. Басым бөлігі ежелгі қолөнердің биік туындылары болып саналатын археологиялық қазба жұмыстары  барысында табылған саздан, тастан, сүйектен, шыныдан, металдан жасалған заттар мен этнографиялық мұраларға жататын үй бұйымдары, шаруашылық құрал-саймандары мен аспаптар, киім-кешек т.б. заттар. Көріп көңіл толтырар мұралар бір күннің, бір жылдың емес, ғасырлар бойғы халық мəдениетінің өнерінің көрінісі. Мұнда əр ұрпақтың үлесі бар. Аталған заттардағы ою-өрнектерге қарап ата-бабаларымыз табиғатта болып жатқан сұлулықты ою-өрнекке түсіріп, сол ою-өрнек арқылы əсемдікті  насихаттағаны  белгілі  екенін  түсінеміз.  Ою-өрнектердің  негізгі  бөлігін космогониялық, зооморфтық, өсімдік тектес, геометриялық деп бөлуге болады.

Зооморфтық бейнелер ежелден көшпелі өркениет мəдениетінде əлемнің үлгісін көрсету құралы ретінде қызмет еткен. Қазақ халқының тұрмысында көп қолданылатын оюдың атасы қошқар мүйіз өрнегі, оның қолданылмайтын жері жоқ. Қошқар мүйіз өрнегі — байлық пен молшылықтың нышаны. Мүйіз элементтерімен бедерлеу көнеден келе жатқан дəстүр, археологиялық,  этнографиялық деректер мен музей коллекцияларына сүйенсек, қошқар — батырлықтың, мықтылықтың символы, өніп-өрбу мен құт символы. Кей халықтарда қошқар образы билікпен теңестіріледі, оған мысал ретінде кейбір жазба деректер мен эпостық жырлардағы Орта Азия билеушілерінің тақтарын алуға болады. Тақтардың кейбір бөліктері мүйізі артқа қайырылған қошқар образына берілген. Сондай-ақ қошқар бейнесі салынған қыш бұйымдар Сыр бойын, оның ішінде Отырар төңірегін мекендеген тайпаларға тəн болған. Оған дəлел — Отырар, Көкмарданнан табылған ыдыс  қақпақтарының тұтқасы. Қошқар бейнелеріндегі мүсіндер тас қашау өнерінің ең озық үлгілері болып табылатын мүсіндерде қошқар бейнесі бейнеленген. Оған Үстірттегі «Қосаба» қорымының (Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы) қошқартастарын жатқызуға болады [3; 88]. Қолөнерімізде мүйіз тектес ою- өрнектердің бірнеше түрі бар — қос мүйіз, төрт мүйіз, қырық мүйіз, қошқар мүйіз, арқар мүйіз, марал мүйіз, бұғы мүйіз, сыңар мүйіз, сынық мүйіз т.б. өрнектер.

Қазақстанда зергерлік өнері б.э.д. 2 мыңжылдықтың екінші жартысынан бастап белгілі [4; 24]. Зооморфтық өрнекке жататын арқар, қошқар, бұғы мүйіздері мен арыстан, жолбарыс, балық, қыран, аққу құстардың бейнелерін тұрмыстағы заттарға ойып, зерлеп тоқыған, бұлар əсіресе қола  мен мыстан жасалған зергерлік бұйымдар арқылы бізге жеткен. Жануарлар бейнесімен əшекейленген бұйымның бірі — айналар Қазақстанның барлық өңірінде кездеседі. Мысалы,  Орталық Қазақстандағы б.э.д. V–ІІІ ғғ. тəн жануар бейнесі əшекейленген айна, Отырардан, Сарайшықтан, Павлодардың Ертіс бойынан, Еділ бойындағы алтынордалық кезеңнің ескерткіштерінен табылған балық бейнесімен безендірілген айналар ерекше көз тартады. Балық бейнесімен безендірілген айналарға тоқталатын болсақ, олар əсіресе зергерлік бұйымдарда көп қолданылады. Қазақтарда ол — су мен жер символы, тазалықтың символы. Сондай-ақ, этнографиялық деректер бойынша, балықтар жаман нəрселерді қуады, кеселден айықтырады деп сенген. Отырардан табылған айналардың келесі тобы арыстанның, бұғы жəне иттің суреттері бар, диаметрі 14,2 см болатын айнаның бұл түрі ХІ– ХІІ ғғ. кезеңіне жатады [5; 171]. Мұндағы əшекейленген бұғы бейнесіне келетін болсақ, ол Орта Азияның түркі-монғол өнерінде кең тараған. Бұғы киелі жануар ретінде аңыздарда көп айтылады. Мысалы, Қозы-Көрпеш — Баян сұлу жырында ол туралы айтылады. Сондай-ақ бұғы мүсіні Павлодар аймағындағы қорымдардан табылған қапсырмада кездеседі. Ал арыстан бейнесі Қазақстан өнерінде б.э.д. ІV–ІІІ ғғ. бері белгілі. Түркі дəуірінде арыстан бейнесі металдан, саздан жасалған жəдігерлерде кең өріс алды. Отырарға айналар алғашқыда Қытай, Ираннан Жібек Жолы арқылы жеткізілсе, кейіннен айналардың қалыбы құйылып алынып олардың бір бөлігі Отырарда жасалына бастады [6]. Жануарлардың шынайы, қияли образын түрлі көріністе бейнелеу сақтардан бастау алады. Ежелгі адамдар өздерін табиғаттың ажырамас бір бөлігі деген дүниетанымнан болу керек, олар қоршаған ортаны бейнелеуде асқан шеберлікті танытты деп жазады зерттеуші М.Ш.Өмірбекова. Аң, құс, жануарлар бейнеленген заттар қасиетті саналып, олардың тырнақ, сүйектерінен тұмар жасаған, сақ дəуірінен бастау алған аң стилі бірте-бірте өзгерістерге ұшырап отырған. Аң стилінің қалыптасуының басты себебі, адамдар аңдар мен жануарлардан пайда болды деген қиялдан туған болу керек. Зергерлікпен қиюластырған Есік обасынан табылған сабы алтын қапсырмалармен əшекейленген ақинақ қанжарда жылан, қасқыр, арқар, киік, тау теке, қоянның шағын мүсіндері бейнеленген.

Отырар жəне осы алқаптың басқа да қалаларынан археологиялық қазба жұмыстары барысында қой жəне қошқар мүйізі, түйе, қабан, ақбөкен мүсіні, құстардың пішініндегі бейнеленген бұйымдар табылды.

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі қорында жоғарыда аталған қыш ыдыстардың көз тартарлық бірнеше түрі бар. Отырар керамикасының форма жағынан, бояуы мен өрнек композициясы жағынан Орта Азия, Мерв, Самарқанд, Ташкент, Созақ керамикасымен ұқсастығы бар екені анықталған. Отырар өңіріндегі ежелгі қалалар мен қоныстарды қазған кезде табылған ыдыстар мен ыдыс қақпақтарында зооморфтық өрнек бейнеленген. Əсіресе қошқар бейнесі қақпақ тұтқаларында көп кездеседі. Қой малы — бұл сонау көне замандардан күні бүгінге дейін адамзат баласының күнделікті тұрмыс-тіршілігінде өте үлкен рөл атқарып келе жатқан төрт түліктің бірі. Ол қуаныш, байлық, көшпелілер тіршілігінің күре тамыры, күллі ішіп жемі мен күн көрісі [3; 92]. Сондай-ақ қошқарды кие тұту хорезмдік өзбектерде де, түрікмендерде де болған.

Қазақтардың наным-сенімдерінде қошқардың орны ерекше: оны құрбандыққа шалып, қорғаушы ретінде қадірлеген [5; 227]. Қошқар бейнесі — батырлық пен мықтылықтың символы, құт, өcіп-өрбу символы.

Отырар мен Құйрықтөбеде жүргізілген қазба жұмыстары кезінде ақықтан жасалған жартылай құс пен жартылай жылқы бейнеленген мөрлер табылған. Негізінде жылқы да құс та баптауға негізделген. Жылқы малы көшпелілердің қоғамдық-экономикалық дамуында өте үлкен рөл атқарып келе жатқан үй жануары. Жылқы — қазақ үшін сəн-салтанат, сұлулықтың өлшемі. Қазақстандық өркениет белгілі бір мөлшерде жылқы малымен тығыз байланыста болған, өйткені атсыз мал бағу, былай тұрсын онсыз шексіз қиянда өмір сүру өте қиын. Батыр атану тек жылқы малының арқасында ғана мүмкін болғандығын түсінген ата-бабамыз жақсы атты ер қанаты деп санаған. Əсіресе əскери аттармен сəйгүліктерге аса құрметпен қарап күтім жасаған [3; 21]. Ыдыстарда кездесетін құстар бейнесі, мысалы, əтеш пен қырғауыл жалпақ, тегіс қақпақтарда таңба ретінде белгіленген. Отырардан табылған сынған ыдыстар жиынтығынан ақ жамылғыға көк түспен қонақтап отырған құс бейнеленген, оның айналасы өсімдік өрнектерімен айшықталған түрі көп кездеседі.

Сондай-ақ түйе мүсіні бейнеленген ыдыстар да кездеседі. Оның бейнеленуі орта ғасыр дəуіріндегі қала тұрғындары арасында түйені кие тұтқан наным-сенім ұзақ уақыт сақталғанын көрсетеді. Түйе — қазақтың көшпелі шаруашылығында көш пен жүк көлігі ретінде ұстаған төрт түлігінің бірі. Суқұйғышта бейнеленген түйенің бейнесі ыдыс күйдірілгенге дейін жырып салу əдісімен бейнеленген. Сондай-ақ суқұйғыш ыдыстарда бұқаның бейнесі кездеседі. Қоладан жасалған заттар Көкмардан зиратынан табылды. Олардың арасынан ешкі т.б. аң, құстардың пішініндегі қола тұмаршаларды кездестіреміз. Құс суреті бейнеленген Құйрықтөбеден табылған ыдыстарда жасыл жəне қызыл бояулармен салынған қырғауыл суреті ақ түстің үстінде бейнеленген. Ал Отырар қаласының орнынан табылған шаш түйреуіштің бас жағына қонақтап отырған құс бейнеленген. Жетісудың оңтүстік-батысында орналасқан саздан жасалған жəдігерлерде де құс суреті бейнеленген. Мысалы, сол өңірден табылған дастархан бетіне тоты, қырғауыл, көгершін суреті бейнеленген [4; 78].

Зооморфты өрнекке жататын өрнек құлжа мойын, қаз мойын, бұғы мүйіз, сынық мүйіз, құс тұмсық, құс таңдай, бүркіт қанат, лашын қанат өрнектері мен ежелгі өрнек бота мойын, түйе табан деп аталады, бұлар жүннен жасалған бұйым кілемде көп кездеседі. Қазақ хандарының бір-біріне сыйлаған кілемдерінде халық шеберлерінің өнерін көреміз. Мысалы, археологиялық қазба жұмыстары барысында да б.э.д. V–ІІІ ғғ. жататын жүннен жасалған заттар 1929 жылы Алтайдан Ян Улаган өзенінің жағасынан жəне б.э.д. І мыңжылдықтың ортасына жататын Іле өзенінің жағасынан табылды [7; 39]. Сақтар үйлерін жабу үшін де, еденге төсеу үшін де жүннен жасалған бұйымдарды пайдаланған. Сақтардың бас киімі шошақ бөрікті де жүннен тоқыған. Қазақтың киіз үйінің ертеден келе жатқан тарихы бар. Ол туралы қазақ халқының өмірінде ерекше орын алатынын саяхатшылар мен дипломаттар жазып қалдырған, қазақ жеріне жасалған жорықтар кезіндегі жазбаларда көп жазылған. Француз монахы Гильом де Рубрук ХІІІ ғ. ортасында қазақ даласы арқылы жасаған саяхатында киізден жасалған дөңгелекті үйлер туралы былай деп жазады: доңғалақты арбалар  үстін ақ киізбен жапқан. Ол киіз өте əсем əр түрлі өрнектермен безендірілген. Қазақтың төрт құлақ өрнегі бесінші Пазырық қорғанынан табылған кілемде кездеседі. Ал, лашын қанат өрнегі көбінесе тұс киіздерде кездеседі. Сырмақ сыру өнері Қазақстанның барлық өңірінде кең тараған, олардың бетіне төрт құлақ, сыңар мүйіз, қос мүйіз өрнегі түсірілген түрі көп кездеседі.

Зооморфтық өрнек түсірілген бұйымның келесі түрі — ағаштан жасалған кебежелер. Этнограф Х.Арғынбаев өз еңбектерінде Алматы, Семей, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Торғай өңірлеріндегі кебеже түрлеріне тоқталған. Кебежелердің бетіне түсірілген ою-өрнектер көбінесе  зооморфтық болып келген. Ағаш ою-өнері оңтүстік өңірінде де кең тараған, кебежелер мен жүк аяқтардың бетіне мүйіз өрнегі түсірілген. Зергерлік бұйымдар: жүзік, шолпы, шашбау, кемер белдіктер беттеріне де мүйіз тектес өрнектер көп қолданылады. Мысалы, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық- музейіндегі жəдігерлердің ішінен білезіктің ортасына төрт құлақ өрнегі, қос қапталына үш-үштен алты қос мүйіз өрнегі, екі басына да мүйіз өрнегі салынған түрін ерекше атауға болады. Зергерлік бұйымның келесі түрі жүзіктің де бетіне қошқар мүйіз өрнегі түсірілген.

Ою-өрнектің келесі түрі ең ежелгі өрнек космогониялық ою-өрнек болып табылады. Олар күн көзі, күн сəулесі, шыққан күн, ай гүл, айшық гүл. Бұл өрнектер саз балшықтан жасалған заттарда, ағаштан, жүннен жасалған бұйымдар мен архитектуралық декорларда кездеседі. Ою элементтері қоршаған ортадан алынған, олар: аспан денелері, ағып жатқан су, ирек жол, шоғырланған жұлдыздар т.б. көріністер. Ата-бабаларымыз космогониялық ою-элементтерін ыдыстарда қолдана отырып, өз өмірлерінен түрлі көріністер түсірген. Əсіресе сақ заманындағы мəдени мұралар мен материалдық заттардың қалдықтарынан қазақ ұлтының, ежелгі сақтардың мұрагері екендігі байқалады. Ежелгі сақтардың өнерінде бұл өрнектер молынан кездеседі.Ұлттық қолөнеріміздің озық үлгілері тұрмыстық бұйымдар, киіз үй жабдықтары, киім-кешек, ыдыс-аяқтарда космогониялық өрнектер бейнеленген. Мысалы, ғұн дəуірі ескерткіштерінде ежелгі өрнектің біріне жататын «ай гүл» өрнегі көп кездеседі. Ал, күн символы өрнегі архитектуралық декорларда, Жамбыл өңіріндегі Бабаджа Хатун мавзолейі фасадында, Орталық Қазақстандағы Алаша хан мавзолейінде кездеседі.

Ғылым мен білім, діни руханият, мəдени орталықтың үлкені — Отырар қаласының орнынан табылған, Х–ХІ ғғ. тəн көзенің мына бір түріне мойнынан төмен қарай айналдыра күн сəулесі деп аталатын космогониялық өрнек түсірілген. Аталған өрнек түсірілген заттың келесі түрі — ас ішетін ыдыс-аяқтардың əр түрлі көлемдегі қақпақтары. Мына бір қақпақ түрі бетіне айналдыра космогониялық өрнек түсірілген, одан төмен қарай тырнақша, сызықша тəрізді түсірілген өрнектер құлпытастың бір шетіне ғана салынған қақпақтың осы үлгілері көп кездеседі. Келе-келе бұл өрнектер ағаштан жасалған бұйымдар мен қазақтың жүннен жасалған бұйымдарының ішінде кілемде көп қолданыла бастады. Отырар өңірінде ағаштан жасалған ыдыс-аяқ сақтап қоятын асадалдың мына бір түрі ерекше көз тартады, оның екі ашпалы есігінің ортасына үлкен күн сəулесі өрнегі түсірілсе, оны айналдыра төрт бұрышына да майда күн сəулесі өрнегі орналасқан.

Əрбір үлкен қалаларда ұсталық, сүйек ұқсату, шыны өндірісі, зергерлік тəрізді көптеген қолөнер түрлері дамып, оларға қолданылған ою-өрнектер халқымыздың тұрмысы мен өмірі туралы құнды деректер береді. Ою-өрнектің келесі түрі өсімдік тектес. Оған — ағаш гүл, алма гүл, масақ гүл, тораңғы гүл, сегіз пісте, бəйшешек, қызғалдақ гүл, гүл бадам т.б. өрнектер жатады. Мұндай өрнектермен тұрмыста қолданылатын ыдыс-аяқтар, жүннен, ағаштан жасалған бұйымдар, қыз- келіншектердің əшекей заттары əшекейленген. Қазақстанның барлық өңіріндегі ескерткіштерде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нəтижесінде табылған керамика тобына жататын ыдыстарда өсімдік өрнектері көп кездеседі. Мысалы, Тараздан табылған ІV–VІ ғғ. тəн керамикалық бұйымдарда жапырақ, қауыз, ашылған гүл бейнелене келе, бір-біріне жалғанған жапырақтар саздан жасалған заттардың шеттерінде кездеседі. Сондай-ақ бір-бірімен жалғанған өсімдіктер бейнеленген өрнектер ІХ–ХІІ ғғ. оңтүстік-батыс Жетісудан табылған ыдыстарда кездеседі. Отырар керамикасына келер болсақ, бұл аймақтағы темір өндірудің ірі орталығы болған Құйрықтөбеден Х–ХІ ғғ. жылтырақ керамика тобына жататын ыдыстарынан жəне жылтырақ емес керамика бұйымдарынан да өсімдік тектес ою-өрнекті кездестіреміз. Ал, ХІV–ХV ғғ. кезеңінде Отырар алқабында керамика қалыпқа құйылған өрнекпен дайындалған, бұл үшін арнайы қалып қолданылған. Археологиялық зерттеулер бойынша ХV–ХVІ ғғ. қаланың өркендеуі жылтыратылған ыдыстардан байқалады. Тостаған, табақтарда, тəрелкелерде бейнеленген өсімдік өрнектер: өсімдік сабақтары, гүлдердің əр түрлі суреттері өзара үйлесім тапқан. Мысалы, Отырардан табылған мына бір ыдыста көк сырмен салынған суреттер əдетте күрделі өсімдік өрнектерін құрайды. Ақ жамылғыға көк түспен гүл жапырағы мен қауызы берілсе, тостағанның ортасына сегіз жапырақ өрнегі түсірілген, Отырар керамика жиынтығында біраз тостаған сынықтары бар, ыдыстардың түбінің безендірілуі əр түрлілігімен ерекшеленеді, бірінің ортасына төрт жапырақ, сегіз жапырақ, алты жапырақ түрінде өрнектер түсірілген түрі болса, енді бірінде белдеулер арасына шыршаға ұқсас өрнек түсірілген. ХV–ХVІ ғғ. кезеңіндегі Отырар керамикасының Ташкенттің, Самарқандтың, Үргеніштің, Бұхардың керамикаларымен ортақ тұстары көп. Өсімдік тектес ою-өрнектер түсірілген бұйымдардың келесі тобы — металдан жасалған бұйымдар. Бұлар Қазақстанның барлық өңіріндегі қазба жұмыстары жүргізілген қалалардан табылды. Мысалы, б.э.д. ІІІ–ІІ ғғ. тəн Теңлік қорғанынан табылған (Шығыс Жетісудан) алтын қапсырманы атауға болады, оның бетіне үш жапырақ, лотос гүлі, сабағы түріндегі өсімдік өрнектері түсірілген.

Отырардан археологиялық қазба жұмыстары барысында бетінде өрнегі бар сақина, сырға, жүзік, білезік тəрізді зергерлік бұйымдар табылды. Əйелдердің тұрмыстық əшекей заттары өте күрделі ою- өрнекпен безендіріліп көзіне асыл тастар орнатылған. Əсіресе мыстан, қоладан жасалған бетінде өрнегі бар жүзіктер ерекше көз тартады. Бірінің беті төрт жапырақ болып келген, бетіне сердолик, лазурит, нефрит, яшма, гагат, агат, серпантинат, тау хрусталі т.б. көздер орнатылған жүзіктер кездеседі, бетіне төрт жапырақты ойма гүл өрнегі бедерленген жүзіктер де кездеседі. Отырардан табылған жалпақ сымнан соғылған жүзік ерекше көзге түседі. Сымның ұштары екіге айырылған, шет- шетінде тас қондыратын ұялары бар, ал тастың өзі түсіп қалған. Жүзіктің сынып қалған үш гүл қалқаншасы да қызығушылық тудырады, олар дұрыс алтыбұрыш түрінде берілген. Бірі тегіс, екіншісіне төрт күлтелі гүл салынса, үшіншісіне бір-бірімен қиылысып жатқан алты бұрыш кескінделген [5; 181]. Сондай-ақ əр түрлі көлемдегі білезіктер көп кездеседі, олар қимасы жалпақ, дөңгелек өрілген, шиыршықталған, пластинка тəрізді: алты бұрышты жыланбас білезіктер, төрт жапырақты гүлді, үш бұрышты, ширақталған өсімдік сабақтары бейнеленген білезіктер көп тараған. Отырардағы зергерлік өнердің жоғарғы деңгейде  болғанын  көрсететін  алтыннан  жасалған  ХІІ– ХІV ғғ. тəн иіс су ыдысының алтын қорабын атауға болады. Алтын қорап бес қырлы болып жасалған, түбі ашық үсті бес қатардан айналдыра сатыланып, бірте-бірте кішірейіп төбесі тəж тəрізденіп аяқталған, қақпағы бар. Əрбір қабырғасының төсегін торлап тоқыған. Қабырғаларының ортасында гүлдесте өрнегі бір текше көтеріліп жапсырылған, оның ортасына жəне айналдыра өте нəзік гүл өрнектері жапсырылған. Салмағы 6 грамм, 400 мг. Негізінен зергерлік əшекей бұйымдарды арнайы қалыптарда жасап шығарды. Мысалы, Отырартөбеден табылған ХVІ–ХVІІ ғғ. тəн қалыптардың бірі сырға жасауға, екіншісі тас агальматалиттен жасалған, олар білезік құюға арналса, үшіншісі салпыншақ, төртіншісі моншақ жасауға арналған, ал зімпара атты түрпілі құралды түрлі-түсті тастарды, металды, ағашты тегістеуге, өңдеуге, тазалауға қолданатын болған. Металдан жасалған бұйымның келесі түрі Отырардан табылған кісе белдіктің бөлшегі — айылбас, ондағы өрнектер өсімдік тəрізді болып келген. Ал Отырардан табылған қола сиясауытқа келер болсақ, өте бай өрнектелген. Оның жаны мен алмалы-салмалы қақпағындағы медальондарда берілген үйректің бейнесінің жан-жағын өсімдік өрнегі көмкеріп тұр.

Өсімдік бейнеленген заттың келесі тобы — айналар. Отырарда айна жасау орталықтары кеңейе түсті. Отырардан табылған мына бір айна түрі ерекше көз тартады. Диаметрі 7,5–8 см дискі түріндегі ернеуі бар жəне сырт жағының ортасында ілмегі бар бұйым. Бедерлі өрнегіне тəн нəрсе — ортасындағы жапырақ тəрізді өрнек, ал оның айналасына сабақтары иілген жəне жүрек тəрізді пішіндермен үш жапырықшалардың қосылуынан тұратын айшықты өсімдік өрнегі болып табылады. Бұған ұқсас айналар ХІІІ–ХІV ғғ. қыпшақтар зираттарынан табылды [5; 171]. Лотос гүлі салынған айналар да кездеседі. Лотос гүліне ұқсас бейнелер Сібірден табылған Х–ХІІІ ғғ. айнасында бейнеленген.

Жасампаз халқымыздың қолынан шыққан əшекейлі бұйым нақыштарына қарай отырып, халық шеберлерінің ою-өрнек өнерін өмір мүддесіне, тұрмыс қажетіне асқан зейінділік тəсілмен пайдаланғанын көреміз. Өсімдік тектес ою-өрнектер келе-келе этнографиялық зергерлік бұйымдарда, ағаштан, жүннен жасалған бұйымдарда көп кездесе бастады. Өсімдік тектес өрнек түсірілген бұйымдардың кең таралған түрлері ағаштан жасалған кебежелер. Кебежелердің кескіні мен жасалу тəсілі барлық жерде бірдей əдіспен төрт қабырғасы, түбірі мен қақпағы, төрт қырлы төртқазық арқылы біріктіріліп жасалғанымен, кей аймақта қазықтар арқылы доғаланып, тік бұрышты болып иілген кəсек тəрізді жақтаулы əдіспен құрастырылып, екі көзді көші-қонға лайықталып төрт құлақты үлгіде жасалған. Отырар өңірінде кездесетін кебежелердің бетіне астыңғы жəне үстіңгі жақтауларының ортасына ала гүлді өрнек оның айнала шеттері ирек су өрнектерімен безендірілсе, көздері, яғни төрт бұрышты табақшалары жəне олардың араларындағы шабақ беттері, төрт үшкіл оның үстін баса қат-қабат түсірілген нүктелі шеңбер гүл табақ ою-өрнектерімен терең оймышталып көркемделген. Музей қорында сақталған сүйекпен безендірілген кебеженің бетіне түсірілген ою- өрнек үлгілері келесідегі болып келеді: беткі жақтауларына айнала жиегіне нəзік ойылған майда төрт бұрышты жəне гүл тəріздес сүйек əшекейлері жүргізілген. Бетіне өсімдік тектес ою-өрнектер безендірілген үй жиһаздарының келесі түрі — ағаш кереует, оның бетіне жапырақты өрнектер түсірілген. Өсімдік тектес ою-өрнектер түсірілген бұйымның келесі түрі жүннен жасалған бұйымдар кілем, қоржын, сырмақ болып табылады. Кілем тоқу өнерінің кең өріс алып, бай мазмұн мағынағы ие болып одан əрі дамып отырған жері еліміздің оңтүстік өңірі. Олардың бетіне үш гүл, қос гүл өрнектері түсірілген. Ал, сырмақ сыру өнері еліміздің барлық өңірінде кең таралған, бетіне өсімдік тектес ою-өрнектер түсірілген сырмақтар Шығыс Қазақстанда көп кездеседі.

Дүние жүзі елдерінің барлығына да ортақ ою-өрнек болып саналатын геометриялық өрнектердің жүздеген баламасы бар. Ол архитектуралық ескерткіштерде, кілемдерде, ағаш пен тастан қашалған заттарда, археологиялық саздан жасалған заттарда көп кездеседі. Бұлар квадрат, ромб, төртбұрыш, үшбұрыш, алтыбұрыш, сегізбұрыш өрнектері. Мысалы, археологиялық саздан жасалған табақ, леген, кеселерде геометриялық өрнектер өте көп кеездеседі. Қазақстан қолөнері негізінен соңғы палеолит кезеңінде дами бастады (б.э.д. 35–30 – 12–10 мыңж.) Неолит өнерін зерттей келе, геометриялық ою- өрнек көп қолданылатыны анықталды. Ал, қола дəуірінде ою-өрнектер саздан жасалған заттар мен зергерлік бұйымдарда кездесе бастады. Сақ дəуіріне жататын жəдігерлерге келетін болсақ, оларда геометриялық ою-өрнектер көп кездеседі. Мысалы, Бесшатыр (б.э.д. V ғ.) қорғанынан жəне Ыссық қорғанынан (б.э.д. ІV ғ.) табылған құмыраларда, саптыаяқтарда геометриялық өрнектер түсірілген. ІХ–ХІІІ ғғ. саздан жасалған жəдігерлерде геометриялық ою-өрнектер көп қолданылады, осы ғасырларда жылтыратылған ыдыстар кең тарады. ІХ–Х ғғ. тəн Тараздан табылған саздан жасалған ыдыстарда шырша тəрізді, ассиметриялық сызықтар тəрізді геометриялық өрнектер түсірілген түрі көп кездеседі. Ал Отырардан табылған ыдыс бетіне геометриялық өрнек үстіне өсімдік тектес өрнек салынған түрі көп кездеседі. Бұл ғасырлардағы ыдыс сыртын өрнекпен толтыруға ден қойған. Суреттердің арасындағы бос жерлер нүктелермен, сызықтармен толтырылған.

Бір кездері саздан жасалған бұйымдарға, сүйекке, ағашқа түсірілген геометриялық үлгідегі ою- өрнектер келе-келе киізге, алаша, кілем, ағаштан жасалған үй жиһаздарына, зергерлік бұйымдарға салынатын болған. Отанымыздың қай қиырындағы қандай да бір тарихи-мəдени ескерткіштері мен киелі орындарын аралағанда сол жерлер жайындағы жазба деректер өз алдына, өңірдің абыз қарттары мен өлкетанушы мамандарының, қолөнер шеберлерінің өз жаныңнан табылғанын қатты қалап тұрасың. Жоғарыда аталған қолөнер бұйымдары — сол қолөнершілердің жемісті жұмыстары. Археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған заттар ішінен жүннен, ағаштан жасалған бұйымдар тез бұзылатындықтан, өте аз кездеседі. Мысалы, б.э.д. I ғ. – б.э. I ғ. Ноин Ул қорғанынан табылған кілемде крест, квадрат тəрізді өрнектер түсірілген. Осы тəрізді ою-өрнектер квадрат, ромб тəрізді өрнектер жүннен жасалған бұйымның бірі сырмақта көп кездеседі. Ағаштан жасалған қолөнер бұйымдары — кебеже, сандық, киіз үйдің есігі, сықырлауық, асадал т.б. бұйымдарда геометриялық өрнектер кең қолданылған. Отырар музейінде бетіне геометриялық өрнектер түсірілген кебежелердің бірнеше түрі бар, оларға тоқталатын болсақ, кебеженің мына бір түрі алты жерден ромб тəрізді геометриялық фигуралар жонылып жəне ирек өрнектері сүйектен ойылған, əрбір сүйек əшекейлердің беттеріне ортасына ноқаты бар шағын шеңберлер сызылған, оның айнала шеттеріне ирек су өрнектерін сүйектен ойып жасаған. Оюлар кебеже бетіне күміс шегелермен шегеленген. Өлшемі: ұзындығы 47 см, ені 74 см. Сондай-ақ геометриялық өрнектер зергерлік бұйымдарда да түсірілген, олар: шолпы, шашбау, білезік, жүзік, сырға т.б.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың өзі ұсынған «Мəдени мұра» бағдарламасында 2004–2006 жж. бар мен жоғымызды түгендеп, келер ұрпаққа аманаттау керектігі айтылған. Тарихи Отырар жерін халықаралық туризм орталығына айналдыру мақсатында Үкіметіміздің 2009 жылы шешімімен «Көне Отырардың өрлеуі» атты бағдарламасы қабылданды, түптеп келгенде, осы мəдени іс-шаралардың барлығы да орта ғасырда əлемдік деңгейге жеткен Отырар өркениетін тəуелсіз Қазақстан жағдайында қайта өркендетуге, Отырардың мəдени ескерткіштерін сақтап, оны өскелең ұрпақтың рухани игілігіне айналдыру болатын. Ол игілік, сөз жоқ, біздің өскелең ұрпақтарымыздың парасатты, ұлттық тарихи құндылықтарымызды қастерлейтін, зиялы азамат болып өсуіне септігін тигізеді.

 

 Əдебиеттер тізімі

  1. Өмірбекова М.Ш. Сақ тарихы мен мəдениеті. — Алматы: ЗиятПресс, 2004. — 52-б.
  2. Байбосынов К. Жамбыл өңіріндегі тас мүсіндер. — Алматы: Өнер, 1996. — 22-б.
  3. Самашев З., Жетібаев Ж. Қазақ петроглифтері. — Алматы: Иль-Тех-Кітап,
  4. Галимжанова А.С., Глаудинова М.Б. и др. История искусств Казахстана. — Алматы: ИздатМаркет,
  5. Байпақов К. Ежелгі жəне орта ғасырлардағы Отырар. — Алматы: Қазығұрт,
  6. Байпақов К. Қазақстанның ежелгі қалалары. — Алматы: Аруна, 2005. — 41-б.
  7. Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. — Алма-Ата: Өнер, 1986. — С.39

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.