Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

1991–2011 жж. кезеңіндегі Қазақстан Республикасындағы жастар саясатын жүзеге асырудағы негізгі бағыттар

Тəуелсіздік тізгінін қолға алып, ел болып еңсе көтергелі халқымыздың əлеуметтік- экономикалық, рухани жағдайының тұрақталып, қарышты қарқынмен дамып келе жатқанына куə болып келеміз. Əсіресе жастардың қоғам өміріндегі рөлін арттыруда мемлекет тарапынан барынша қамқорлық көрсетіліп жатқаны ақиқат. Мемлекетіміздің өзі жігерлі, қайратты жігіттей тас шайнап, мұз бүркетін кезеңін бастан кешіруде. Елдігімізді əлем танығалы 20 жылдың жүзі ғана болды. Əлбетте, 20 жыл — тарих үшін қас-қағым сəт. Десек те, бодандықтың қамытынан құтылып, ой- сананы сіңір болып кеткен ескі сүрлеуден шығарып, əлем назарын аударып, толайым табыстарға жетіп отыр. Осы ретте тəуелсіздіктің алғашқы жылдарынан күні бүгінге дейін жастардың əлеуметтік- экономикалық, саяси, мəдени салаларда атқарған рөлі ерекше байқалды. Оған дəлел ретінде жас кадрлардың жаңа заманға икемделіп, тəуелсіздік алған жылдары тұралап қалған елді аяғынан тік тұрғызуын айтқан лəзім.

Кез келген мемлекет дамуының тарихына көз жүгіртер болсақ, білім мен ғылымсыз, мəдениетсіз сол елдің рухани ғана емес, материалдық тұрғыда да дами алмайтынын аңғарамыз. Сонау тəуелсіздік алған жылдары қиындыққа тап болған, нарық қыспағына түскен Қазақстан мен бүгінгі заманауи ғылым, білім, мəдениеттің даму үрдісін ұштастырып, дамыту мүмкіндігіне ие болған Қазақстанды салыстыру мүмкін емес. Осыдан-ақ 1991–2008 жж. аралығында халықтың, əсіресе жас буынның мемлекет, қоғам өмірінің қозғаушы күші болғанын байқаймыз. Əрине, өтпелі кезең өткелдері Қазақстан тарихының аса жарқын көрінісіне айналды, ол жастар жөнінде жаңа көзқарас қалыптастырды.

Қазақстандағы жастардың жалпы саны 2008 жылғы 1 қаңтар бойынша 4,5 млн. жуық адамды құрайды. Яғни, қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның құрылымында жас азаматтардың жастық категориясы республика халқының жалпы санының 27,8 % құрайды.

Жалпы, тəуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы маңызы зор мəселелердің бірі  жастар саясатын, оның ішінде білім, ғылым, мəдениетті жүзеге асыру болып табылады. Елбасы Н.Ə.Назарбаев: «Біз бұл ретте жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен, болашаққа жаңаша  көзқарасы  бар  жас  ұрпаққа  сүйене  отырып,  бұқаралық  сананы  төзімділікпен жаңғыртуға тиіспіз» [1], — деп айтқан болатын. Жастарға басымдық берілуінің басты себебі — ел демократиясы мен экономикасының дамуына оң ықпалын тигізеріне сенім мол болды. Осы үрдіс тоқсаныншы жылдардың басынан жүрді. Айталық, 1990 жылдардың басында жастарды жаңа технологияларды игеру мен төл өнімдер, интеллектуалды тауар шығаруға тарту ісіне көптеп тартты. 1991 жылдың соңына қарай Қазақстанда жастардың 44 ғылыми-техникалық шығармашылық орталықтары, мыңнан аса уақытша шығармашылық ұжымдар, 40 клубтар мен 200 үйірмелер жұмыс істеп тұрды. Олар балалар тағамдарының түрлерін, арматура, еліміздің құбыр жүйесі мен қазандық-демеушілік құрылғылар жүйесі үшін форсундар, косметикалық, емдік, жуатын бұйымдар, құралдар жасап шығарды. Жастардың ғылыми-техникалық шығармашыл орталықтары (ЖҒШО) ел экономикасының ілгерлеуіне едəуір үлес қосты. «ЖҒШО-ның кейбір орталықтары шетелдермен байланыс орнатып, өз филиалдарын ашты. Алматыда «Контакт» ЖҒШО орталығы Болгарияда филиалын ашып, есептеу мен ақпараттың техника саласында Польша, Венгрия, Вьетнаммен байланыс орнатты.    Шымкенттегі «Жастар» орталығы Финляндиядағы фармацевтика фирмасымен бірлесе отырып, эфедрин шикізатын кешенді өңдеуді бастады.

Əйтсе де «Қазақстанда 1990-шы жылдары білімге, ғылымға жəне мəдениетке бөлінген шығындардың төмендеу үрдісі жүріп жатты. Олар қазіргі кезде, түрлі бағалау бойынша, жалпы ішкі өнімнің 0,5–1 %-ын ғана құрайды, ал орташа жəне дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш 3–7 %-дан түспейді [2; 28]. Əлбетте, ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 7, 10-баптарында бекітілген ғылыми шығармашылыққа араласу мен рухани кемелдену, білім алу тұрғысында əлеуметтік қызмет көрсетуді алуға жастар құқығының кепілі ретінде сан түрлі білім алудың формаларын жасап, əрбір жастың рухани мүмкіндігін дамытуға септігін тигізді. Десек те, олар бірден іске асқан жоқ, жыл сайын нарық қатынастары мен уақыт талаптарын, қоғамда бекітілген халықаралық нормалар ескеріле отырып жүргізілді. Соның нəтижесінде оқу орындарының мəртебелері əкімшілік тұрғыда көтеріліп, институт, университет, академия мəртебесіне ие  болды. Осы үрдіс жастардың білім, ғылым, мəдениет саласында ықпалын арттырды. Білім сапасына көңіл бөліне бастады. Біртіндеп дəстүрлі қабылдау емтихандары тестілеуге ауыстырылды, қоғамдық-саяси пəндер блогы қысқарып, оқытушылар құрамының жүктемесі ауырлай түсіп, еңбекақының уақытылы төлемеу белең алды. 1992 жылдан бастап барлық оқу орындарының студенттер саны  қысқара бастады. Нарықтық кезеңге тап болған жағдайда жастардың интеллектуалдық, шығармашылық, эвристикалық қабілеттерін төмендету тенденциясы байқалды.

Қоғамда, мемлекеттік басқару органдарында жастар рөлін арттыру мақсатымен қызметке жас мамандарды тарту ісі қолға алынды, жастарға, əсіресе ауыл жастарына арнайы жеңілдіктер жасалды. Барлық жоғары мен арнайы оқу орындарында ауылдық квота қосылған. 1994 жылы ауыл квотасына бөлінген бағыттар бойынша 3160 өтініш жазылып, 1966 өтініш қабылданды. Бұл арыз бергендердің 62 % құрайды. Сонымен бірге, жалпы алғанда, ауыл жастары талапкерлер қатарында 51,4 %-ын құраған. 1995 жылы ауыл жастары үшін квота көбейіп, жоғары оқу орындарында 2570 адам, арнайы оқу орындарында 3395 адамды құрады [2; 17].

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жоғары оқу орындары жəне ондағы студенттер жəне профессор-оқытушылар құрамының саны көрсеткіштеріне қарар болсақ [3] (1-кесте):

1 - к е с т е

  Жоғары оқу орындары жəне ондағы студенттер жəне профессор-оқытушылар құрамының саны

  Жоғары оқу орындары жəне ондағы студенттер жəне профессор-оқытушылар құрамының саны

 Бұл 1-кестеден жоғары оқу орындар мен студенттер санының жыл сайын көбейе түскендігін көреміз.

Жастар мəселесі мен саясатын зерттеуде бүгінгі таңда егеменді республика қалыптастырудың жаңа тарихын ескеру өзіндік ерекшелігі болып табылады. 1991 жылы тəуелсіздік алған кезде жаңа нарықтық қатынастарға көшкен кезде əрі мемлекеттік құрылымның жаңадан институттарға бөлінген кезде ғылым саласындағы ұғынықтылық жəне əдістемелік аппаратты ғылым саласында қайта қарастыруды қажет етеді. Жастар Қазақстан Республикасының 14 жастан 29 жасқа дейінгі азаматтары» [4] делінген. Яғни еліміздегі жастардың рөлін мемлекет айқындап берді деуге толық негіз бар.

Біліммен қатар ғылымды дамытуға алғышарттар жасалды. «Үш жүзден аса дарынды студенттер мен аспиранттар конкурстық негізде шетелге оқуға жіберілді (батыс мемлекеттері мен АҚШ-қа — 2762 адам, ТМД елдеріне — 218 адам). Сонымен қатар ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың халықаралық «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы» Жарлығына сəйкес, 1994–1995 жылдар сұрыпталып, 370 степендианттар жіберілді. Шетелдегі оқу орнына төленетін ақша көлемі 25 мың АҚШ долл. құрады [5; 24]. Осы жағдайларға қарап отырып, біз мемлекеттің жастардың білім мен ғылым, мəдениет саласына жаңа леп əкелеріне сенім артқанын аңғарамыз. Сонымен бірге «Антас» қазақ-неміс орталығы 1992 жылы Оралда жергілікті жастар үшін менеджмент курсын, компьютер техникасының негізін, бухгалтерлік іс, салықтық заңнамалар негізі бойынша курстар ұйымдастырды. Саратовтың «Сайколледж» ғылыми фирмасының мамандарының көмегімен оқушылар сирек кездесетін психотехникалық сəттілік туралы білім ала бастады. 1995 жылы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі жəне «Еуразия» қоры «Антасқа» 22000 АҚШ долл. көлемінде қайырымдылық грант бөлді. Мұндай қаржыға білім беру орындарының жұмысшылары ақысыз білім бағдарламасын жасады. Жаңа оқу орнының дамуы үшін Англиядағы Шеффилд Университетінен білікті мамандар шақырылды. Мұндай істің нарық шартына сай жүзеге асуын Қазақстандық менеджмент жəне экономикалық болжау институтының қаржылық жəне басқару бағытынан көруімізге болады. Бұл институтты бітірушілер — экономиканың жəне іс əкімшілігінің магистрлері дəрежесі жоғары, төлемақысы жақсы төленетін жұмыс орындарына орналасады жəне олар шет тілін міндетті түрде меңгерген болуы керек.

Жастардың ғылымға деген көзқарасы 1990-жылдардың басында байқалды. Мұндай құбылыстың себептері ғылымның дəрежелі басқару жəне қаржыландырудың салаларында көрініс тапты. Яғни бюрократия ғылымнан зор күшке айналды. Мемлекетіміздегі көп салалы институттарда ғылым мəселесі маман-ұйымдастырушылар үшін өзектілігін жоймады. Көптеген ғылымдардың қорындағы монополия мынандай кейіпте болды. Зерттеу тақырыбы нəтижелерінің басылымға берілуі, қорғауға жіберілу жəне талқылау, аспиранттар мен кандидаттардың ғылым саласында азаюы; 1991 жылдың басында республиканың ғылым саласындағы қызметкерлерінің 38 % жастар құрады; кандидаттар — 12,3 %-ын, ғылым докторлары мүлде болған жоқ. Сол жылдары республикада кандидаттардың орташа жасы — 43, жас докторлардың орташа жасы 59 жас болды.

Ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлердің жалпы санының күрт төмендеуімен  400 адамға көбейді. Егер 1988 жылы республикада 4 мың ғалым болса, соның ішінде 800 доктор жəне 13 мыңннан астам ғылым кандидаттары еді. Ал 1995 жылдың соңына қарай ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарды 289 ғылыми мекеме, соның ішінде 111 ғылыми-зерттеу институттары; 56 жоғары оқу орындары, 28 жеке құрылымдық бюролар жүргізді. Сонымен қатар 262 тəжірибелік өндіріс орындары, 600-ге жуық ғылыми-өндірістік бірлестіктер мен өндіріс орындары жұмыс істеді. Ғылыми жұмыстармен 30 мың адам, соның ішінде 1012 ғылым докторлары мен 7302 ғылым кандидаттары айналысты [6].

Аталмыш кезеңде ғылыммен айналысатын жастардың 3 есеге кемуі аспирантура мен ізденушілікке ешқандай байқаулардың болмауы себеп болды. Дегенмен Қазақстан ғылымы əлемдік деңгейлік бетбұрыс жасады. 1995 жылы Президент жəне республика Үкіметінің шешімімен ғылыми технологиялық бағыт бойынша жұмыс істеуге негізделген 4 ұлттық орталық құрылды. Бұл орталықтар аталған республикалық ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша басты ұйымдарға айналды. Атап айтар болсақ, ядролық минералды шикізатты өндіру, радиоэлектроника жəне байланыс, биотехнология бағдарламалары еді. Бұлар ғылымның аталған  салаларын дамытып, бəсекеге қабілетті өнім шығаруға негізделген болатын. Ғылым саласында қызмет көрсетуші компаниялармен бірге ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орнымен байланыс жасайтын кіші жəне орта фирмалар мен өндіріс орны құрыла бастады. 1995 жылы осындай кіші жастар фирмасы қызмет атқарып, олардың көптеген қызметкерлері Ғылым жəне жаңа технологиялар министрлігі мен Жастар ісі, туризм, спорт министрлігінің көмегімен «Кроскорпорейшн» (АҚШ), «Фесто» (Германия) сияқты ірі фирмалармен іс-тəжірибеден өтті. Білім берудің 50 жылдығына арналған Ғылым академиясының сессиясында сөйлеген сөзінде Елбасы ғылымның жас əлеуетін сақтау үшін олардың дайындығын тездетіп, оны мектептер мен институттардан бастау керектігін айтты. «Біздің мақсатымыз — қазіргі жағдайларда қолдануға келмейтін идеялар жүгін арқаланбаған ғылымның жаңа буынын дайындау. Ең алдымен бұл қоғамдық ғылымдарға қатысты. Біз жылда мемлекет қаржысымен «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдерге жүздеген жас студенттерді, оқытушыларды, аспиранттарды жіберуіміз тегін емес» [7]. Осылайша Елбасының өзі ғылым саласында жастардың рөлін арттыруға қолдау көрсетті.

Республика жоғары оқу орындарындағы профессор-оқытушылар қатарының өсіп шығуы, олардың кəсіби шеберлігінің артуы мəселелері əрқашанда жоғары мектеп саласындағы саясаттың ажырамайтын бөлігі болып табылады. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында қызмет жасап    жүрген 41 мыңнан аса педагог-ғалымдардың 2520-сы ғылым докторлары болса, 11610-ы — ғылым кандидаттары [3].

Астанадағы Еуразиялық университеттің студенттерімен кездесу кезінде Президент Н.Ə.Назарбаев білім беру жүйесін реформалау мəселесіне тоқталып, оның мақсаттылығы мен көп деңгейлігіне, мазмұнының жаңаруына жəне білім беру жүйесін басқаруды демократияландыру қажеттігін алға тартқан болатын. Бұл да жастардың қоғам өміріне елеулі рөл атқарып, терең білім алуына серпін берді. 1996 жылдың 9–10 қазанында өткен Қазақстан жастарының бірінші форумында ел Президенті Н.Ə.Назарбаев: «Жастардың алдында тұрған негізгі міндет — өз білімдерін арттыру» [8; 2], — деп айтқан болатын. Елбасы мемлекет тегін орта білім алуды қолдайтынын  айтып, мектептер заңды тұлға мəртебесін иеленуіне септігін тигізді. Демек, мектептерді бюджеттен өзге табысқа салынатын салықтардан босатып, жастар үшін жаңа буын оқулықтарын шығару, білім ордаларын компьютермен қамтамасыз ету, бағдарламалар жасау секілді көмек көрсетті. Сонымен бірге жас мамандарды шет елге тəжірибе алмасуға жіберуі — мемлекеттің жастардың білім, ғылым, мəдениет саласындағы атқарар рөлін айқындай түсті. Елбасы білім беруді дамытуды қамқорлыққа ала отырып, Қазақстандық менеджмент институтын аймақтарда құруды қолға алуды ұсынды. Осы жиында Н.Ə.Назарбаев білім саласындағы мемлекет саясаты жайлы ой қозғап: «Білімді біртіндеп жинау керек. Ал ең бастысы, жастардың білімге деген құштарлығы болуға тиіс, онсыз барлық бастаулар нəтижесіз болады» [8; 2], — деді. Расында, жастардың өмірлік маңызы зор мəселелердің бірі — білім алу, кəсіби дайындығы болып, оны мүмкіндігінше ғылыммен ұштастыру қажет.

Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанның мəдениет саласы да тоқырауды бастан кешірді. «Мəдениет саласына нарықтық қатынасты енгізу оның инфрақұрылымының бұзылуына əкелді, ал сонымен бірге балалар жəне жасөспірімдер кітапханалары, кинотеатрлары, оқушылар алаңы, жас техник, натуралистер, балалар театрлары жəне басқа да бірлестіктердің жойылуына əкеп соқты. Осылайша, 1991 жылы Қазақстанда 2391 балалар жəне жастар клубы жəне 10958 киноқондырғылар жұмыс істесе, 1995 жылы олардың 1139-ы жəне 2167-сі ғана қалған [9; 271]. Яғни мəдени инфрақұрылымның күйреуімен жастардың мəдениет саласындағы белсенділігі өздігінен əлсірей түсті. Мəдениет үйлерінің көбі Ақтөбе, Қарағанды, Семей жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарында жекешеленіп, əсіресе Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Көкшетау жəне Солтүстік Қазақстанда, 626-дан 1170-ке дейін киноқондырғылар жеке тұлғаның қолына өтті. Мəдениет үйлері, оқушылар сарайының қаржыландырылуы кəсіпорындар мен өндіріс орындары арқылы жүргендіктен, нарық қыспағына орай қысқартулар жүріп жатты. Өйткені мемлекет тарапынан кəсіпорындарды қаржыландыру қиындық тудырып, кəсіпорындар мəдени-ағарту орындарын қаржыландыруға шамасы жетпеді. Себебі мекемелерді жалға алудың қымбаттауы, оларды қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік қағаз ақшалардың қысқаруы — кітапханалар мен мəдени клуб органдары жүйесі байланысының 1991 жылдың 1 жартысында 1287 жəне 1642-ге дейін қысқарып, субмəдениеттің жаппай көтерілісіне ұласты. Субмəдениеттің негізгі нышандары — жастардың  дəстүрді байлықтардан бас тартып, контрқұндылықтарға, яғни сөз еркіндігі, жаңа өмірге жеке  қатысы алдыңғы орынға шықты. Жастардың мəдениеттен алшақтауы, бос уақыттың көптігі қылмыстық істерге баруға итермеледі. Əйтсе де, жағдай сəл де болса түзеліп, қоғамдағы, мəдениет саласындағы жастар рөліне көңіл бөліне бастады. Дарынды жастарды қолдау мақсатымен 1992 жылы 11 наурыздағы Министрлер кабинетінің № 686 қаулысы бойынша жастарға өндіріс, ғылым, мəдениет, өнер саласындағы жетістіктері үшін берілетін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы тағайындалды. Осы жылдары 31 адам оның лауреаты атанды [9; 271]. «Тұрмыстың мəңгі проблемаларына өнер құралдары арқылы тиімді ықпал ету мақсатында синтездеуге талпыныс жасалды. 1995 жылы Алматы қаласында  «Мир  полярных  сил»  атты  жастар  шығармашылық  топтары  пайда  болды.   Сондай-ақ «Көксерек», «Асса» тəуелсіз көркем галерея, авангардтық бағыттағы «Жаңа академия» шығармашылық топтары құрылды. Міне, осылайша мемлекет нарықтың қатал кезінде жастарды эстетикалық жағынан тəрбиелеп, белгілі бір деңгейде ықпал етті.

Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сəйкес, жастарға арналған əлеуметтік инфрақұрылымдардың объектілерін құру мен жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.

Республика бойынша жастарға арналған мына əлеуметтік инфрақұрылымдар объектілері жұмыс жасайды: кітапханалар — 3664 бірлік, клуб түріндегі мəдениет мекемелері — 2409, мұражайлар — 187, театрлар — 51 бірлік.

Музыкалық мəдениет саласында қазақстандық шоу-бизнесті дамытуға талпыныс жасалды. 1992 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Жас қанат» атты поп-музыка байқау жастардың мəдениет саласындағы рөлінің артуына септігін тигізді. Сонымен, өтпелі кезеңнің ерекшеліктері мен нарықтық қатынастың құрылуы қоғамдағы жастардың білім, ғылым, мəдениет саласындағы байланыс жиынтығы мен жүйесін түбегейлі өзгертті.

Жастардың білім алуының маңызды мəні бар. «Білімді дамыта білмейтін ел XXI ғасырда күйреуге ұшырайды» — Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына 2005 жылғы жолдауынан алынған бұл қағида ең алдымен жастарға қатысты.

«Инновациялар мен білім беру арқылы білімдер экономикасына» деген дəрісінде Н.Ə.Назарбаев білімді адамдарды осы ғасырдағы адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші деп атады. «Адам білім алу үдерісінде білім алып қана қоймайды, сонымен қатар білімді қолданудың жаңа мүмкіндіктерін іздеу қабілетіне де ие болады. Міне, осы себепті де мен білімнің жоғары деңгейі дегеніміз оның иесінің  жоғары  қабілеттері  де  деген  сөз  деп  есептеймін»,  —  деп  атап  көрсетті  Елбасы     өзінің «Қазақстандық жол» деген еңбегінде [10].

Республиканың жоғары оқу орындарында 2001/2002 оқу жылының басында 513 324 адам, 2008/2009 оқу жылында 633 814 адам оқыды [11]. 2004 жылы Қазақстан  Республикасында білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы білім берудің   сапасын   көтеруге   бағытталған   түбегейлі   шаралар   қолдану   қажеттігінен      туындады.

«Қазақстан жоғары оқу орындарының міндеті — əлемдік стандарттар деңгейінде білім беру, ал біздің жетекші жоғары оқу орындарының дипломдары дүниежүзінде танылуға тиіс», — деп атап көрсетілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы сəуірде Жамбыл облысын аралаған жұмыс сапары кезінде Тараз қаласында жастар алдында сөйлеген сөзінде Н.Ə.Назарбаев республиканың болашағы білімді ұлт екенін ерекше атап көрсетті. Осыған байланысты мемлекет білім беру жүйесін сапалық жаңа деңгейге шығару үшін, алынған білім халықаралық стандарттарға сай болуы үшін өзіне байланыстының бəрін жасайтын болады. 2005 жылғы мамырда Орал жəне Ақтөбе қалаларында студент жастар алдында сөйлеген сөздерінде Қазақстан Республикасы Президенті жастардың алдына еліміздің бəсекеге қабілеттілігін арттыру міндеті қойылғанын атап айтты. Ал бұл үшін үздік білім, шетел тілдерін меңгеру, компьютерде жұмыс істей білу, толеранттық керек.

Президенттің 2005 жылғы жолдауында Қазақстанда барынша тапшы жəне кадрларды шетелден тартуға тура келіп отырған техникалық мамандықтарды бірінші кезекте дамыту қажеттігі нақты айтылған.   Студенттердің   білім   алуын   бюджеттен   қаржыландырудың   бірыңғай   жүйесін   құру мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə.Назарбаев Үкіметке берілетін білім гранттарының көлемін білім беру кредиттері есебінен 50 %-ға арттыруды, осымен бір мезгілде екінші деңгейдегі банктер арқылы студенттерді кредиттеудің қазіргі заманғы жүйесін құруды жəне бұл кредиттердің қайтарылуы жөніндегі мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз етуді тапсырды. Гранттар мен кредиттер талантты жас адамдарға олардың инженер немесе технолог боламын деген тілектерін жүзеге асыруда мемлекеттің нақты көмегі болып табылатынын атап айтып, Президент жеке меншік секторды да бұл іске белсене қосылуға шақырды.

Жолдаманың орындалып отырғанын 2005/2006 оқу жылында жоғары кəсіптік білім мамандарын даярлауға қатысты мемлекеттік тапсырыстың мəліметтері де көрсетеді. Білім  беру гранттарының саны білім беру кредиттері есебінен 50 %-ға артты. Педагог кадрлар даярлауға арналған гранттардың саны 5000-ға көбейді. Президенттің болашақтың жоғары технологиялы жəне ғылым көп қажетсінілетін өндірістердің кадрлық əлеуетін құру жөніндегі тапсырмасына 10 660 грант бөлінді, мұның өзі алдындағы жылдағыдан 700 орынға көп. Гранттардың саны жаратылыстану ғылымдарына 11 %-дан астам, ауыл шаруашылық мамандарына 8 %-дан астам көбейді. Гранттардың едəуір үлесі медицина мамандықтарына 2245 орын келеді, ал бұдан екі жыл бұрын олар 1500-ден сəл көбірек болатын. Жастардың белгілі бір топтарына, соның ішінде ауыл жастарына арналған квоталар сақталды. Мыңнан аса студент Президент стипендиясына ие болды, 146 мемлекеттік атаулы стипендиялар белгіленді, грант бойынша оқитын студенттерге берілетін қаржы көлемі  де ұлғайтылды. ҚР БҒМ жанынан мемлекеттің жүзпайыздық қатысуымен акционерлік қоғам құрылып, онда студенттік кредиттеуді қаржыландыруға арналған қаржы жинақталатын болды [12; 209].

2008 жылғы желтоқсанда ҚР Үкіметінің қаулысымен республиканың Білім жəне ғылым министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары бекітілді,  оның міндеті бəсекеге қабілеттілік пен орнықты əлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ететін  тиісті салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен дамыту деп белгіленген. Мемлекет дағдарысқа қарамастан, оқу ақысын төлеуге деген қаражатсыз қалған студенттерді қолдады. Президенттің 2009 жылғы жолдауында мемлекет студенттерге арнап қосымша 11 мың грант пен 40 мың кредит бөлетіні атап айтылды [13; 6].

2009–2010 оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысының шеңберінде 33 840 студент кез келген отандық университетте немесе шетелдік жоғары оқу орнының қазақстандық филиалында өндірістен қол үзіп оқу формасы бойынша оқи алады. Гранттардың едəуір бөлігі — 11 465 — техникалық мамандықтарға, 8075 — педагогикалық мамандықтарға, 5000 — медициналық жəне 1600 ауылшаруашылық ғылымдарына келеді. Оқудың сырттай оқу формасына түскісі келетін талапкерлерге келсек, онда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оларға тек білім беру мамандықтарына арнап, 1000 грант көзделген.

Дəстүр бойынша білім беру гранттарын алуға «Алтын белгі» иелерінің, сондай-ақ халықаралық олимпиадаларда, ғылыми жарыстарда жеңіп шыққандардың, халықаралық жəне республикалық орындаушылар конкурстары мен спорт жарыстары лауреаттарының басымдықтың құқығы сақталады. Оқуға түсуде мүгедек, жетім талапкерлерге, сондай-ақ қазақ ұлтының Қазақстан азаматы емес өкілдеріне белгілі бір жеңілдіктер берілген. Ауыл жастарына да 30 % пайыз қабылдау квотасы белгіленген, бірақ бұл ауылдың əлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтарға ғана қолданылады.

2008 жылғы шілдеде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасында техникалық жəне кəсіптік білім беруді дамытудың 2008–2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Ол экономика салалары мен жұмыс берушілерді бəсекеге қабілетті машықтары бар жəне білімін жалғастыруға əлеуеті жеткілікті техникалық жəне қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету үшін техникалық жəне кəсіптік білімнің сапасы мен қолжетімділігін арттыруды көздейді. Бағдарламаның жүзеге асырылуы жастардың, олардың əр түрлі топтарының еңбекке қабілеттілігін арттырады. 2009 жылы, мəселен, жетім балалар еңбек нарығында  талап етілетін мамандық алатын кəсіптік лицей-интернат ашылды. Бұл — ҚР Президентінің «Қазақмыс» корпорациясы жүзеге асырған идеясы. Лицейде болған кезінде Президент бұл жобаның бизнестің əлеуметтік жауапкершілігінің жарқын мысалы екенін атап айтты [12; 210].

Дарынды жас адамдарға шетелде оқу үшін мүмкіндіктер қамтамасыз етілуде. Бұл оқудың формалары əр алуан. Мəселен, 1993 жылғы қыркүйекте Н.Ə.Назарбаев Австрияға Туризм мен менеджмент институтына оқуға бара жатқан бір топ қазақстандық жастармен кездесті. Кездесу кезінде  ол  қазірдің  өзінде  үш  мыңнан  аса  қазақстандықтардың  алыс  шетелдегі  қысқа    мерзімді курстарда оқып келгенін, ал қазіргі топ Мемлекет басшысының арнаулы қоры есебінен оқудың толық курсына бара жатқан алғашқы топ екенін атап айтты. 1996 жылғы қыркүйекте Президент Н.Ə.Назарбаев өзінің резиденциясында М.В.Ломоносов атындағы ММУ-ға оқуға бара жатқан жас қазақстандықтарды қабылдап, жылы лебіз, игі тілегін білдірді [14].

Президенттің халықаралық «Болашақ» бағдарламасы барынша танымал болып отыр. Бұл бағдарлама ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған 2005 жылғы жолдауында бейнеленген: жыл сайын оның шеңберінде үш мың таңдаулы студентке əлемнің жетекші жоғары оқу орындарында оқу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлініп отырады. ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы берілетін талапкерлерді іріктеу ережелері өзгертілді. 2005 жылдан тек магистр жəне доктор дəрежелерін (РһD) алу үшін ғана емес, сонымен қатар Қазақстан үшін басымдық мамандықтар бойынша бакалавр дəрежесін алу үшін де беріледі. 2008 жылғы 30 қаңтарда Астанада «Болашақтың» 15 жылдығымен байланысты осы бағдарламаның түлектері мен стипендиаттарының форумы болды. Форумға қатысушылар Мемлекет басшысымен кездесті. Елбасы сөйлеген сөзінде бағдарламаны дамытудың жаңа бағыттарын анықтап берді, бұлар: ауыл жастарына арналған стипендиялар санын көбейту, əсіресе аймақтардан келген мемлекеттік қызметкерлерге квоталар бөлу, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ негізінде Əлемдік тілдер мектебін ашу, стипендиаттардың мемлекеттік органдарда, ҒЗИ-ы мен ұлттық компанияларда машықтанудан өтуі [5; 10].

Жастардың Дельфий ойындары туралы айтқан жөн, олар өнердің төрт дəстүрлі жəне қазіргі заманғы екі түрі бойынша жарыс болып табылады. Олар халықаралық, сондай-ақ ұлттық ауқымда өткізіледі. ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің алғашқы Дельфий жастар ойындары 2002 жылғы қыркүйекте Брянск қаласында өтті. Олар халықтардың мəдени мұрасының сақталуы мен молайтылуына, Достастық мемлекеттері жастарының берік мəдениетаралық байланыстарын құрып, достығын дамытуға ықпал етеді. Жастарының бірінші ұлттық Дельфий ойындары 2005 жылғы қыркүйекте өткізілді [12; 212].

2009 жылы тамызда Алматыда Қазақстанның көшбасшыларының қауымдастығы ұйымдастырған халықаралық Ортаазиялық жастар лагері болды. Форумның тақырыбы — «Жастардың елдің жəне аймақтың дамуына қатысуы». Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Түрікменстан жəне Өзбекстанның жастар ұйымдарының жасы 16-дан 23-ке дейінгі 120 өкілі, сондай-ақ Орталық Азияның бес республикасынан мемлекеттік органдардың өкілдері, Ресейден, Молдовадан, Түркиядан жəне Македониядан келген қонақтар қатысты. Жас көшбасшылардың елдің жəне аймақтың дамуы үдерістеріндегі, өскелең ұрпаққа білім беру, еңбекке орналастыру, салиқалы өмір салтын дамыту мəселелерін шешудегі белсенділігін арттыру секілді көкейтесті тақырыптар талқыланды.

Жастар саясатын аймақтың, сондай-ақ ұлттық деңгейде жүзеге асыру үшін ынтымақтастықтың екіжақты бағдарламаларын жүзеге асырудың маңызды мəні бар.

2009 жылғы сəуірде ҚР Парламенті Мəжілісінде білім беру жүйесі арқылы Қазақстан жастарының патриотизмін нығайтуға арналған «дөңгелек үстел» болды. Оны «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясы парламенттік фракциясының жанындағы Əлеуметтік кеңес, ХДП, парламентаризм институты жəне ҚР Білім жəне ғылым министрлігі ұйымдастырды. Халық қалаулылары мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері мен ғалымдар өскелең ұрпаққа патриоттық тəрбие беру жөніндегі жұмыстың жайы мен перспективаларын, сондай-ақ 2010–2014 жылдарға арналған жастар саясатының мемлекеттік бағдарламасының жобасы жөніндегі ұсыныстарды талқылады. Бағдарламаның жобасы ҚР БҒМ Дене мəдениеті ұлттық ғылыми-практикалық орталығында қазақстаңдық патриотизмді қалыптастыруға арналған «дөңгелек үстелде» талқыланды.

Президенттің 2009 жылғы жолдауында қазақстандықтарды жұмыспен қамту стратегиясын жүзеге асыруға ерекше назар аударылған. Еңбек нарығын дамытудың бір бағыты ретінде əлеуметтік жұмыс орындарын ұлғайту жəне жастар практикасын ұйымдастыру белгіленген. Үкіметтің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспары болып табылатын жəне негізгі мақсаты халықты жұмыспен қамтамасыз етуді көздейтін «Жол картасында» бұл мəселелерге тиісінше орын бөлінген. 2009 жылдың бірінші жартыжылдығында елдің əлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша 2009 жылғы шілдеде Президентте Үкімет мүшелерімен болған кеңесте жүзеге асырылып жатқан тұрақтандыру шараларының оң барысы ретінде экономиканың үшпайыздық өсімі, инфляцияның баяулағаны жəне жұмыссыздықтың, əсіресе жастар арасында айтарлықтай азайғаны (6,5 %-ға дейін) атап көрсетілді [13; 8].

Ауыл жастары ерекше көңіл бөлуді талап етеді, олардың проблемаларын шешуде де жұмыспен қамту  бірінші  дəрежелі  орын  алады.  Ел  Президентінің  2003  жылғы  10  шілдедегі    Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының ауылдың аумақтарын дамытудың 2004–2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ауыл жастарымен жұмысты жақсартуға кең өріс ашты. Мықты шаруашылықтарда жас ұрпақты дамыту үшін қолайлы мүмкіндіктер қалыптасуда.

Қазақстан ауыл жастарының одағы (ҚАЖО) белсенді ұстанымын жалғастыруда. Бүкіл республика бойынша аймақтық өкілдіктері бар ҚАЖО ауыл жігіттері мен қыздарының қаладағы құрдастарымен білім деңгейі тең болуына, олардың əкімдіктер мен мəслихаттардың жұмысына белсене қатысуына бейіміне қарай, лайықты табыс беретін жұмыс алып, жастар үшін заңнамада көзделген əлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етілуіне күш салуда. ҚАЖО жұмысының нəтижелі формасы — облыстар басшылығымен меморандумдар жасасу. Мəселен, 2009 жылы  наурызда Ақмола облысы мен ҚАЖО арасында «Ауылдағы жас мамандарды əлеуметтік қолдау жəне ынталандыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Заңын жүзеге асырудағы ынтымақтастық пен өзара қолдау туралы меморандум жасалды. 2009 жылы шілдеде ҚАЖО мен Павлодар облысының ауылда жастар саясатын жүзеге асырудағы ынтымақтастық пен өзара қолдау туралы меморандум жасалды. Аймақтың атқарушы билігі жастарға олардың барлық істері мен бастамаларында септесуге, жұмыспен қамтамасыз етуге тұрғын үй беріп көмектесуге, ауыл талапкерлерін гранттар  төлей отырып оқуға жіберуге көмектесуге міндеттенді [12; 199].

2011 жылдың 28 қаңтарында ҚР Президенті халыққа Жолдауын арнады. Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш-бастаушылар қатарында келеді. Өткен онжылдықта білімге бөлінетін қаражат 10 есеге көбейді. Астанада ғылым мен білім индустриясының жаңа ғасырдағы орталығы болатын университет ашылды.

Білім беруді жаңартуды жалғастыру қажет. Осыған байланысты Президент Үкіметке мынадай тапсырма берді:

  • жоғары оқу орындарының инновациялық қызметке өту тетіктерін əзірлеу;
  • білімнің сапасын көтеру жəне қолжетімділігін кеңейту үшін білім беруді қолдаудың жаңа қаржылық-экономикалық құралдарын енгізу;
  • техникалық жəне жоғары білім беру деңгейі үшін Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіде ипотекалық құрылысты қазір іске асырылып жатқандай, соған балама жинақтау жүйесін əзірлеу;
  • бизнес қоғамдастығы мен жұмыс берушілер қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен кəсіптік- техникалық мамандар даярлау жөніде Ұлттық кеңес құру.

Білім беру жүйесінің барлық жұмысы мынадай нəтижелерге қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Балаларды мектепке дейінгі оқыту жəне тəрбиені қамту үлесі 2015 жылға қарай 74 пайызды,

2020 жылға қарай 100 пайызды құрауы тиіс. 2020 жылға қарай білім берудің 12 жылдық үлгісіне толық көшу жүзеге асырылады. Бұл үшін 2015 жылға қарай республикалық бюджет қаражаты есебінен жəне сол мөлшерде жергілікті бюджет есебінен кем дегенде 200 мектеп салынатын болады.

2015 жылға қарай білім беру ұйымдары электронды оқытуды пайдаланатын болады, ал 2020 жылға қарай олардың саны 90 пайызға дейін артады.

2020 жылға қарай халықаралық стандарттар бойынша тəуелсіз ұлттық аккредитациядан өткен жоо-ның үлесі 30 пайызды құрайды.

Инновациялық қызметті жүзеге асыратын жəне ғылыми зерттеулердің нəтижелерін өндіріске енгізетін жоғары оқу орындарының үлесі 5 пайызға дейін ұлғаяды. Кем дегенде 2 жоғары оқу орны үздік əлемдік университеттер рейтингісінде атап өтілетін болады.

Сапалы  білім  беру  Қазақстанның  индустриалдық-инновациялық  дамуының  негізі  болуы тиіс [15].

Жоғары бiлiмi бар бəсекеге қабiлеттi кадрларды даярлау көрсеткiшi немесе «Жоғары бiлiммен қамту» бойынша Қазақстан 134 орынның iшiнде 36-орынға ие. Сонымен қатар «Мектеп менеджментiнiң сапасы» бойынша — 98; «Зерттеу жəне тренингтiк қызмет көрсетудiң жергiлiктi қолжетiмдiлiгi» бойынша — 82-орында.

Қазақстандық жоғары оқу орындарын басқару жүйесi елiмiздiң экономикасының озық дамуын қамтамасыз етуде оларға əлеуеттi мүмкiндiктерiн жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейдi.

Мемлекеттiк тапсырыс көлемiнiң 50 % ғана экономика салаларының қажеттiлiгiн қамтамасыз етедi. Бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлердiң небары 10 % мемлекеттiк тапсырыс бойынша оқуға талаптана алады, бұл тегiн жоғары бiлiм алуға мүмкiндiктi азайтады. Қазақстанның ДСҰ-ға кiруiне жəне  ЕҚЫҰ-ға  төрағалық  етуiне  байланысты  халықаралық  құқық,  халықаралық  экономика жəне басқа түрлi бағыттар бойынша халықаралық саладағы мамандарды даярлауды кеңейтудегi қажеттiлiк қанағаттандырылмаған.

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бойынша сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету кестесіне [16] назар аударсақ.

2 - к е с т е

 Сапалы бiлiмге қол жеткiзудi қамтамасыз ету

 Сапалы бiлiмге қол жеткiзудi қамтамасыз ету

Қорыта айтқанда, мемлекет жастардың білім, ғылым, мəдениет салаларында алар орнын айшықтап, қаржылай қолдау көрсетіп, толыққанды азамат болып тəрбиеленуіне жағдай жасады. Сондықтан жастар саясатының қалыптасып, жүзеге асуының негізгі бағыты — ұрпақ сабақтастығының болашақтағы өндіріс күшін арттыруға күші жететін білім, ғылым, мəдениет саласы негізгі факторлар болып табылады. Өйткені ғылым саласындағы реформалар Қазақстанды əлемдік өркениетке бастайтыны есепке алынды. Яғни мемлекеттік аудандық жəне жергілікті жерлерде ұйымдастыру жұмыстарын шешуге баса назар аударылған жөн. Биліктің білім, денсаулық сақтау, əлеуметтік қамсыздандыру, мəдени іс-шараларды ұйымдастыруды жəне əрбір тұлғаны рухани қажеттілігін өтей білетін реформаларды сауатты үйлестіре білгенде ғана «Қазақстан — 2030» стратегиясында көрсетілген жастар саясатын жүргізуге болады.

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Назарбаев Н.Ə. Қазақстан–2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. — Алматы: Білім, 1998. — 21-б.
  2. Симтиков Ж.К. Особенности формирования и реализации молодежной политики в Республике Казахстан на современном этапе: Автореф. д-ра полит. наук. — Астана: Елорда, 2004. — 58 с.
  3. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі. Жоғары оқу орындары. http://www.kaz.stat.kz/Pages/default.aspx
  4. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 Заңы. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы ═ Закон Республики Казахстан от 7 июля 2004 года № 581 О государственной молодежной политике в Республике Казахстан: Ғыл. басылым. — Астана: Integrel+ РК, 2004. — 1-б.
  5. Тусупбекова Л., Курятов В. «Болашак» — инвестиции в будущее // Казахстанская правда. — 2008. — 31 янв. (№ 21).
  6. Школьник В.С. Наука и рынок // Наука Казахстана. — 1993. — № 24. — С.
  7. Назарбаев Н.Ə. Заманның сыншысы да, тарихшысы да бүгінгі жастар: Республика білім жəне ғылым қызметкерлерінің құрылтайынан // Егемен Қазақстан. — 2001. — 3 ақп. — 4-б.
  8. Назарбаев Н.Ə. 2030 Стратегиясын жүзеге асыру — жастардың еншісінде // Егемен Қазақстан, — 12 қазан. — 1–2-б.
  9. Назарбаев Н.Ə. Пять лет независимости: Из докл., выступ. и ст. Президента РК. — Алматы: Казахстан, 1996. — 622 с.
  10. Назарбаев Н.Ə. Қазақстан жолы: Ғыл. басылым. — Алматы: Арко, 2007. — 360-б.
  11. Туймебаев Ж. Всегда приоритетная задача // Казахстанская правда. — 2009. — 17 февр. (№ 40–41). — С.
  12. Зайниева Л.Ю. Мемлекеттік жастар саясаты: Қазақстан əлемдік тəжірибе тұрғысында. — Алматы: Дайк-Пресс, — 284 б.
  13. Назарбаев Н.Ə. Дағдарыстан — дамуға: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың халыққа жолдауы // Егемен Қазақстан. — 2009. — 6 аур. (№ 91. Арнаулы шығарылым). — 1–3-б.; Казахстанская правда. — 2009. — 6 марта (№ 64. Спецвып.).
  14. Шепель В.Н., Касымбеков М.Б. Первый Президент Республики Казахстан Н.А.Назарбаев: Хроника деятельности 01.07.1997 — 01.01.2000. — Астана: Елорда, 2000. — С. 333.
  15. Назарбаев Н.Ə. Болашақтың іргесін бірге қалаймыз: Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. http://www.inform.kz/kaz/article
  16. Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1207 Қаулысы // Егемен Қазақстан. — 2009. — 24 қаңт. — N 23–25 (25422). — 12-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.