Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Кеңес ғылымының дамуы

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңестік ғылым орасан зор рөл атқарды. «Барлығы майдан үшін!», «Барлығы жеңіс үшін!» деген белгілі ұран ғалымдардың, ғылыми-зерттеу орталықтарының, институттарының, ғылыми лабораториялардың, тағы да басқа мекемелердің алдына қойған басты мақсаты болды.

Соғыс басталсымен кеңес ғалымдары арнайы мəлімделерінде өздерінің барлық білімдерін жəне күштерін Отанды қорғауға арналатынын жариялады. Кеңес ғалымдарының осы кезеңдегі пікірін білдірген КСРО Ғылым академиясының президенті В.Комаров: «Фашизмды талқандауға қатысу— ғылым алдында тұрған ең маңызды жəне ұлы мақсат, сондықтан оны орындауға кеңес ғалымдарының саналы өмірі мен білімі толық арналады»,— деп ашық көрсетті [1].

Мыңдаған кеңес ғалымдары өздерінің патриоттығын білдіріп, қолдарына қару алып, майданға аттанды, мысалы, Ленинградтағы ғылыми мекемелердің 18-ден 50-ге дейінгі жастағы қызметкерлері халық жасақшыларының қатарына қабылдау туралы өздерінің өтініштерін білдірген [2].

1941 ж. шілде айында, неміс-фашист басқыншыларының шабуылы елдің маңызды орта- лықтарына қауіп төндіре бастаған кезде, Кеңес үкіметі КСРО-ға жəне оның ғылыми мекемелерін мемлекеттің шығыс аймақтарына эвакуациялау туралы шешім қабылдады [3]. Сонымен қатар соғыс жағдайында қызмет етуге лайықты ғалымдардың комиссиялары мен комитеттері құрылды, олар өздерінің жұмыстарын ғылымның көптеген салаларында атқара бастады.

Соғыстың бірінші күндерінен бастап əскери техника саласында жұмыс істейтін ғалымдар техниканың жаңа түрлерін шығарып, ескі түрлерін жетілдіре бастады, мысалы, авиаконструкторлар С.Ильюшин, А.Микоян, С.Лавочкин өздерінің истребительдері мен штурмовиктерін жетілдіріп, жаңа деңгейге жеткізді, ал конструкторлар В.Климов, А.Микулин, А.Швецов авиамоторларды жетілдіру жағынан көп жұмыс атқарды, соның нəтижесінде əскери ұшақтардың жылдамдылығы жəне соғыс қабілеті өсіп, олар шайқастарда жақсы нəтижеге жете бастады. Конструкторлар  мен инженерлер соғыс қарсаңында шығарылған Т-34 жəне КВ танкілерін жетілдіре түсті, сонымен қатар теңіздік миналарды жəне кемелерді магнитсіздендіретін құралдарды шығару қолға алынды [4]. Осы кезеңде көптеген   ғалымдар   мартен   пештерінің  жұмысын   жақсарту,   металдың  жаңа   түрлерін  шығару, жарылғыш заттарды шығаратын конвейерлерді жетілдіру жəне т.б. жұмыстармен шұғылданды. Сонымен қатар уранның ядросын бөлшектеу бағытында жұмыстар жалғасын тапты, соған байланысты КСРО Ғылым академиясында арнайы лаборатория құрылып, мұңдағы атом проблемасымен шұғылданатын ғалымдарды академик И.Курчатов басқарды [5].

Соғыс жағдайында Мемлекеттік қорғаныс комитеті ғылыми мекемелердің алдында көптеген жұмыстар белгіледі, енді олар армияны қару-жарақ жəне оқ-дəрімен, əскери өнеркəсіпті шикізатпен, құралдармен жəне жаңа технологиямен қамтамасыз етуі керек болды. Мыңдаған ғылыми орталықтар өз жұмыстарын қайта құрып, өздерінің зерттеулерін соғыс қажетіне арнайтын бағыт таңдады.

Ғылыми орталықтардың жұмысын эвакуация жағдайында ұйымдастыруға тура келді, ол жұмысты 1942 ж. мамыр айында Свердловск қаласына көшірілген КСРО Ғылым академиясының Президиумы атқарды. Елдің батыс аймағындағы жəне Мəскеу мен Ленинградтың ғылыми мекемелері шығысқа көшірілді, олардың ішінде физика-математикалық, химиялық жəне техникалық ғылыми- зерттеу институттары болды. Мысалы, университеті жəне көп лабораториялары бар Қазан қаласына физика-техникалық, химиялық институттар шоғырланса, геологиялық мекемелер — Оралда, биологиялық  —  Фрунзеде,  ал   гуманитарлық   институттар   Ташкент   пен   Алматыда орналасты [6; 647, 648]. Осы кезеңде Украин Ғылым академиясы Уфа жəне Орал өңірінің кейбір қалаларында, ал КСРО-ның Сəулет академиясы Шымкент қаласында орналасты. Шығыс аймақтарына көшірілген көптеген салалық ғылыми-зерттеу мекемелері жəне олардың кəсіпорындары жаңа жерлерде өздерінің жұмыстарын соғыс қажеттілігіне бағындырды. Жаңадан құрылған ғылыми-зерттеу мекемелерінің ғалымдары өз жұмыстарын екі негізгі бағытта жүргізді: жаңа орталықтарына ғылыми көмек көрсету жəне шикізат ресурстарын əскери экономикада пайдалану. Сонымен қатар ғалымдар кəсіпорындарда жаңа продукция шығаруға, еңбектегі өнімділікті жоғарлатуға жəне күрделі инженерлік-техникалық шараларды іске асыруға көмек көрсетті.

1941–1942 жж. ғалымдар Уфа, Ижевск, Свердловск, Челябинск, тағы басқа қалалардың əскери кəсіпорындарына 1000 астам консультация берген. Ғылым академиясының филиалдары мен ғылыми орталықтары аталған жылы 750 консультация ұйымдастырған. Бұл консультациялар кəсіпорындарындағы кемшіліктерді жоюға, технологиялық үрдістерді жетілдіруге, əскери техниканы сапалы шығаруға көп көмек көрсетті [7; 217].

1942 ж. басында құрылған салааралық комиссиялар мен комитеттер өз жұмыстарын қарқынды жүргізе бастады. Орал, Сібір жəне Қазақстанның табиғи ресурстарын мобилизациялауға арналған комиссияларды атақты ғалымдар-академиктер И.П.Бардин, С.Г.Струмилин жəне М.А.Павлов басқаратын болды. Атақты геологтар А.Е.Ферсман, Қ.И.Сəтпаев жəне В.А.Обручевтың басқаруларымен Кузбастағы темір, Қазақстандағы молибден рудалары, Башқұртстандағы мұңай қорлары ғылыми түрде зерттелді [6; 649].

Осы кезеңдегі ғылыми жұмыстарды қорғаныс кəсіпорындарымен жақсы байланыстыру үшін, белгілі ғалымдар халық комиссариаттарының ғылыми-техникалық кеңестеріне енгізілді, олардың ішінде академиктер А.В.Винтер, Н.Т.Образцов, Н.Т.Грудцов, тағы басқалар болды. КСРО-ның Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының ғылыми-техникалық сараптама кеңесін 1943 жылдан бастап академик А.А.Байков басқарды [8; 127]. Бұл Кеңестің құрамына 26 адам кірді, оның ішінде академиктер И.П.Бардин, Б.Е.Веденеев, В.С.Кулебякин, Е.А.Чудаков, С.С.Несметкин, В.П.Никитин, С.Г.Струмилин, Л.Д.Шевяков, КСРО Ғылым академиясының корреспондент-мүшелері А.А.Бочвар, С.Н.Волькович, А.В.Горшков, А.С.Ильичев, тағы басқа атақты ғалымдар болды [8; 127]. Сонымен қатар кейбір белгілі ғалымдар ірі мемлекеттік қызметтерге тағайындалды, мысалы, академик И.П.Бардин — қара металлургия халкомының орынбасары, академик А.И.Берг — электроөнеркəсіп халкомының орынбасары, академик Б.Е.Веденеев электростанциялар халкомының орынбасары қызметтерін атқарды [8; 128].

КСРО-ның оңтүстік аймақтары жау қолында қалғаннаң кейін, Орал өңірінің табиғи ресурстарын зерттейтін комиссияның рөлі ерекше көтерілді. Бұл комиссия елдің шығысындағы өнеркəсіп орталықтарын салуда, табиғи байлықтарды өндіруде қомақты жұмыс атқарды, аталған комиссияның жұмысына 600 астам атақты ғалымдар қатысты. Орал өңірінде көптеген мекемелер шоғырланды, солардың күшімен аймақтағы табиғи байлықтарды игеру қарқынды жүргізілді [4; 536]. Осы жұмысты атқаруда ғалымдарға Мəскеу жəне Орал өңірінің басшылары жан-жақты көмек көрсетті, мысалы, БКП(б) Свердловск обкомының арнайы қаулысында: «Барлық партия, кеңес жəне комсомол ұйымдары академик В.А.Комаровтың комиссиясына белсенді көмек көрсетіп отырсын»  деп көрсетілді [4; 537]. Осындай көмектің арқасында комиссия Орал өңірінде қажетті əскери тауарларды, табиғи ресурстарды шығаруға ерекше ықпал жасады. Сонымен қатар Орал комиссиясы Кузбасс жəне Қазақстанның табиғи ресурстарын зерттеуге үлес қосты. 1942 ж. мамыр  айында Қазақстанға академик В.Комаров бастаған ғалымдар тобы келді, осы кезден бастап қазақ жерінің табиғи ресурстарын зерттеу жұмыстары жоғарғы деңгейде жүргізіле бастады, өйткені осы аймақ жез, мырыш, никель, марганец, молибден рудаларына өте бай еді, солармен қатар бұл жерлерде қорғаныс саласына өте керек көмір байлықтары да болды. Қысқа мерзімде Қазақстанда қара жəне түсті металлургия, көмір өнеркəсібін зерттейтін кеңейтілген ғылыми-зерттеу жоспары құрылды, оны жасауға орал ғалымдарымен бірге республикадағы жоғары оқу орындарының, ғылыми мекемелердің геологиялық экспедициясына 120-дан астам мамандары қатысты. 1942 жылдың 10  тамызында аталған жоспар Қазақстан халық комиссарлар кеңесінің отырысында бекітілді [9].

Қазақстанның табиғи ресурстарын мобилизациялау жұмысы 1942 ж. басталып, кейінгі уақытта өзінің жалғасын тапты, осыған байланысты Қазақстанның батыс, орталық, шығыс аймақтарында көптеген ғылыми экспедициялар жұмыс істеді, соның нəтижесінде қара металлургияның рудалық базасы, энергобалансы, көмір базасы анықталды. КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы филиалы көптеген геологтар отрядтарын құрып, оларды республикадағы марганец рудасының мөлшерін жəне мүмкіншіліктерін зерттеуге жіберді. Осындай жұмыстың нəтижесінде Орталық Қазақстанда Жезді, сонымен қатар Найзатау жəне Қаратау марганец кеніштері табылды [10].

Осы кезеңде өнеркəсіпке өте қажет «Екінші Баку» мұнай ресурстарын зерттеуге ғалымдар ерекше үлес қосты. Арнайы құрылған экспедициялар Татарстанның, Башқұртстанның аймақтарында, Еділ жəне Кама бойында көптеген мұнайлы жерлерді анықтады. Сондықтан Солтүстік Кавказдағы мұнай өңдірістері жау қолында қалғанда, «Екінші Баку» əскери экономиканы мұнаймен қамтамасыз етіп тұруға барлық жағдай жасады. Осы кезде мұнай басқармалары мен трестеріне, өңдірістеріне, сонымен қатар мұнай зауыттарына мұнай шығаруды жоғарғы деңгейге жеткізу керек деген тапсырма берді. Аталған тапсырмаға байланысты халық комиссариаты жергілікті мамандарға көмек көрсету үшін қосымша 100 ғылыми қызметкерлерді жіберді [11].

Соғыс кезінде КСРО-ның қорғаныс мүмкіншілігін күшейту үшін əр түрлі ғылыми салалардағы атақты ғалымдар өз еңбектерімен көзге түсті, олардың ішінде математиктер П.С.Александров, С.Н.Бернштейн, И.М.Виноградов, Н.И.Мусхелишвили; физиктер А.Ф.Иоффе, Д.Н.Скобельцин, П.Л.Капица, Л.И.Мандельштам; химиктер Н.И.Зелинский, И.В.Гребенщиков, А.Н.Несмеянов, А.Е.Фаворский, Н.И.Семенов болды [12; 200].

Майдандағы жауынгерлердің өмірін сақтап қалуда медицина саласындағы ғалымдар жəне əскери-медициналық қызметкерлер ерекше жұмыс атқарды. Олар госпитальдардағы жаралы жауынгерлердің 70 % қайта қатарға қосып, аурулардың 90 % жазып шығарды, сонымен қатар ғалым- медиктер жүздеген жаңа медициналық препараттарды шығаруға орасан зор көмек көрсетті [12; 201]. Мысалы, академик А.В.Палладин қанды тез тоқтату, жараларды қысқа мерзімде жазуға көмектесетін витаминдердің түрлерін анықтады, ал академик Н.Д.Строжечко ауыр жаралы жауынгерлерге көмек көрсетудің жаңа тəсілдерін ойлап тапты. Медициналық ғылымның алдындағы мақсаттарды орындауда, Ғылым академия Президиумы құрған Əскери-медициналық комиссия ерекше жұмыс атқарды, оны академик Л.А.Орбели басқарды. Соғыс жылдары өздерінің еңбектерімен көзге түскен атақты медиктер: Н.Н.Бурденко, А.Н.Бакулев, А.Н.Вишневский, А.И.Абрикосов, С.С.Юдин, С.Н.Спасокукоцкий, тағы басқалар болды [12; 201].

Ғалым-географтар жəне жер мамандары осы кезеңде пехота, танктер, артиллерия жəне басқа да əскери техникалар өте алатын жерлерді анықтап, оларға сипаттама беріп отырды. Инженерлік əскерлердің тапсырмасы бойынша Л.И.Прасолов басқарған ғалымдар соғыс болып жатқан территориялардың жол-географиялық карталарын дайындап, оларды майдан шебіне жіберіп тұрды. Сонымен қатар ғалымдар КСРО-ң батыс аймақтарының əр түрлі географиялық карталарын жасап шығарды, бұл карталарды Қызыл Армияның Бас командованиесі соғыстың аяғына дейін пайдаланды. Мемлекеттік қорғаныс комитетінің көмегімен қару-жарақ жəне əскери техниканы шығаратын ғалым-конструкторлар В.Г.Грабин, И.И.Иванов, М.Я.Крупчатников, Ф.Ф.Петров, Б.И.Шавырин жəне тағы басқа ғалымдардың еңбегін атап кеткен жөн [6; 649]. Əр түрлі винтовкалар, автоматтар жəне пулеметтер шығаруда конструкторлар Н.Е.Березин, С.В.Владимиров, В.А.Дегтярев, С.Г.Симонов, Ф.В.Токарев, Г.С.Шпагин, Б.Г.Шпитальный, тағы басқалардың еңбектері ерекше болды [6; 649]. Көптеген қол қаруының жəне артиллериялық системалардың түрлері соғыстың екінші жартысында жеткілікті болып шығарылды. Соғыстың аяқ кезіне қарай Кеңес Одағы Германиядан артиллерия жəне миномет шығару жағынан — 5 есе, танкіге қарсы қолданатын орудиялар жағынан 2,6 есе асып түсті [6; 650].

КСРО Ғылым академиясының қарамағында жұмыс істеген ғалымдар радиотехника саласында майдан үшін көптеген аппараттар мен құралдар шығарды, олардың сапасы өте жоғары болғанын əскери мамандар талай рет атап өткен. Сонымен қатар радиотехника саласында жүздеген теориялық еңбектер пайда болды, олардың авторларының ішінде академиктер Б.А.Введенский, А.Л.Минц, А.И.Берг, Н.Д.Папалекси жəне тағы басқаларды атауға болады [7; 230].

Ғалым-инженерлер соғыс жылдары көптеген жаңалықтар енгізіп металлургия, машина жасау, прибор шығару салаларында бірқатар жаңа технологиялық шешімдер тапты, жүздеген ғылыми мекемелер өнеркəсіп орталықтарына көмек көрсетті. Əсіресе ғалым-металлургтер, академиктер Н.Т.Гудцов,  А.М.Терпигоров,  А.А.Бочвар,  В.П.Вологдин  жəне  т.б.  зор  еңбегін  атауға  болады [13; 310]. Қорғаныс саласында ғалым оптиктердің қосқан үлестері қомақты орын алды, мысалы, академик С.И.Вавилов басқарған ғалымдар тобы инженерлермен бірігіп 50 астам оптикалық приборлар шығарды [13; 310].

Осы кезеңде Мəскеудегі Түсті металдар мен алтын ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары өнеркəсіп орындарына 30 астам ұсыныстар жасап, түсті металдар алуға арналған технологиялық тəсілдерді жетілдірген. Ғылым академиясының Автоматика жəне телемеханика институтының ғалымдары 18 автоматикалық құралдар мен станоктарды шығарды, ал МВУ-ң инженер-ғалымдары электрикалық дəнекерлеу, су астында жаңа металл кесудің жаңа əдістерін шығарып оларды көптеген кəсіпорындарда пайдалана бастады [4; 128].

Соғыс басталсымен КСРО-ның батыс аймағында орналасқан өнеркəсіп ошақтары, ғылыми мекемелер, материалдық құндылықтар эвакуациялық жұмыстар арқылы елдің шығысында орналаса бастады. Осы үлкен жұмысқа мыңдаған ғалымдар қатысты, олар эвакуациялық поездердің ұтымды кестелерін, көшірілген кəсіпорындардың жаңа жерде орналасу жəне жұмысқа кіру жоспарларын, қолданатын техника мен құралдарға сипаттама беру жəне т.б. жұмыстармен шұғылданды. Ғалым- инженерлер 1941 ж. шілдесінде құрылған Эвакуациялық кеңестің құрамына кіріп, осы органның жұмыстарын ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осындай біріккен жұмыстың арқасында соғыстың бірінші жарты жылдығында КСРО-ның шығыс аймақтарына 1523 кəсіпорын көшірілді, олардың көпшілігі əскери мекемелер болды [14; 356]. Жалпы, эвакуациялық науқан кезінде Орал өңіріне — 667 кəсіпорын, Еділ бойына — 226, Батыс Сібірге — 244, Орта Азия мен Қазақстанға 308 кəсіпорын көшірілді [14; 356]. Сонымен қатар елдің шығыс аймақтарына 10 млн. астам  адам көшірілді [15], олардың ішінде ғылыми қызметкерлер мен инженерлер аз болған жоқ. Эвакуацияға ұшыраған мекемелердің ішінде көптеген ғылыми-зерттеу институттары, лабораториялық жəне конструкторлық бюролар болды, олардың көпшілігі жергілікті ғылыми орталықтармен бірігіп істеп кеңес ғылымының соғыс жағдайында дамуына ерекше үлес қосты. Бірқатар ғылыми мекемелер жəне ғылыми қызметкерлер кейінгі кезеңде жаңа қоныстанған аймақтарда қалып қойды жəне ондағы ғылыми-зерттеу жұмыстарға қомақты үлес қосты.

Соғыс жылдардағы барлық əскери-мобилизациялық жəне эвакуациялық жұмыс транспорт салаларының қызметіне тікелей байланысты болды. Бұл жағынан теміржол транспортының ерекше қызметін атап кеткен жөн. Соғыс басталсымен теміржол транспорты ғалымдар дайындаған əскери кестеге көшті, ол бойынша жолаушылар поездарының саны азайтылып, бүкіл сала тек соғыс қажетіне керек жұмыстарды атқарды [16]. Осы қиын кезеңде бұзылып істен шыққан теміржол линияларын қалпына келтіруге, жаңа теміржол магистральдарын салуда ғылыми-зерттеу институттарының, теміржол саласының оқу-орындарының үлесі зор болды. Соның нəтижесінде соғыс жылдары 9 мың км жаңа теміржол линиялары салынды, оның ішінде Свияжск-Астрахан, Ақмола-Қарталы, Омбы- Гурьев, Кизляр-Астрахан [14; 356]. Аталған кезеңде теміржолдың 116 мың км қалпына келтіріліп, 3 мыңнан астам көпірлер жөндеуден өтті [14; 356].

Донбасс жау қолында қалғаннан кейін əскери экономиканы көмірмен қамтамасыз ету басты проблемаға айналды, сондықтан көмір өнеркəсібіндегі мəселелерді шешуде жүздеген ғалымдар мен инженерлердің ерен еңбектерін атауға болады. Ғалымдардың ұсыныстары бойынша, бұл салада көптеген проблемалар шешіліп, көмір алу көлемі əлдеқайда көбейтілді, мысалы, Орал, Кузбасс жəне Қарағандыда жаңа шахталар іске қосылып, көмір өндіру 2,5 есе көбейді. Ал ғалымдардың ұсыныстарына сүйенген Подмосковье бассейнінің шахталары соғыстан бұрыңғы көмір алу деңгейін 1,5 есеге арттырды, сонымен қатар азат етілгеннен кейін  Донбасс  қайтадан  өз өнімдерін  бере  бастады [13; 301].

Соғыс басталсымен ауылшаруашылық саласы орасан зор шығынға ұшырады. Мысалы,  мал саны, егін алқабы екі есе азайып, жалпы ауылшаруашылық өнім соғыстан бұрынғы деңгейдің 37 % ғана құрады [17; 115]. Осыған байланысты КСРО басшылығы, Ғылым академияның ғылым орталықтары Сібірдің, Қазақстан жəне Орта Азия республикаларының ауылшаруашылығын көлемді дамытуға ерекше көңіл бөлді. Қызыл Армияны, жалпы халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету күн тəртібіндегі ең маңызды мəселеге айналды. Осы кезеңде агрономиялық институттарының ғалымдары ауылшаруашылығындағы көптеген проблемаларды шешуге көмек көрсетті. Осының арқасында шығыс аймақтағы республикалардың ауыл еңбеккерлері дəнді-дақылдар мен техникалық дақылдардың егіс көлемін ұлғайтып, майдан мен тылға азық-түлікті, өнеркəсіпке шикізатты керекті мөлшерде беріп тұратын болды. Село мен ауылдың тұрғындары ғалымдардың ұсынысымен тың жерлерді игеруге кірісті, осыған байланысты егіс көлемі соғыстан бұрынғы деңгейдің 75 % құрады [17; 116]. Сонымен қатар ғалым-агрономдар зерттеп дайындаған арнайы бағдарлама бойынша елдің шығыс аймақтарында шұғыл түрде қант қызылшасын өсіру қолға алынды. КСРО-ның батыс облыстары жаудан азат етіле бастаған кезде, Қорғаныс комитетінің өкілдерімен бірігіп көптеген ғылыми-зерттеу орталықтары аталған жерлердегі ауылшаруашылықты қалпына  келтіру жұмыстарына қатысты.

Атап отырған кезеңде гуманитарлық ғылымдардың жағдайы өте қиын болды. Соғыс басталсымен осы салаларда жұмыс істейтін ғылыми орталықтар, құнды құжаттар мекемелерін шығыс аймақтарға ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Мысалы, КСРО Ғылым академиясының тарих институты — Ташкент пен Алматыда, Мəскеу университеті — Ашхабадта, Киев жəне Харьков университеттері Қызылорда қалаларында орналасты [18; 119]. Кеңес тарихшылары халықтың патриоттық сезімін нығайту үшін əскери-тарихи, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Сонымен қатар КСРО халықтарының əр тарихи кезеңдерде басқыншыларға қарсы жүргізген күресі зерттеушілердің басты тақырыбына айналды. Осы бағытта жұмыс істегендердің ішінде атақты тарихшылар Б.Д.Греков, С.В.Бахрушин, Е.В.Тарле, И.Н.Минц, В.М.Хвостов, Н.Л.Рубинштейн жəне тағы басқалар болды. Бірқатар еңбектер 1700–1721 жж. Солтүстік, 1756–1762 жж., 1812 ж. Отан соғыстарына, 1918– 1920  жж.  шетел  интервенциясына  арналды.  Белгілі  тарихи  қайраткерлер  Александр    Невский, IV Иван, I Петр; қолбасшылар А.Суворов, М.Кутузов, Б.Хмельницкий жəне тағы басқалар туралы көптеген еңбектер пайда болды. 1941 ж. аяғында Ұлы Отан соғысы туралы материалдар жинайтын арнайы комиссия құрылып, оның жұмысын Ғылым академиясы басқаратын болды. Осы кездегі ірі ғылыми  еңбектердің  ішінде  одақтас  республикалардың  тарихшылары  бірігіп  жазған    көптомдық «Дипломатия тарихы» деген кітапты атау керек [18; 119]. Эвакуацияда болған атақты тарихшылар С.В.Бахрушин, С.Б.Готье жəне А.М.Панкратова Өзбекстан мен Қазақстанның тарихын жазуға қатысты [18; 131]. Сонымен қатар жаңа ғылыми орталықтар жəне басылымдар пайда болды, мысалы, 1944 ж. КСРО Ғылым академиясында Өнер тарихының институты ашылып, осы жылы «Тарих жəне философия» сериясы шыға бастады [18; 131]. Гуманитарлық ғылымдардың осы кездегі ерекшелігін атағанда, басты үрдісті байқауға болады, мəселен, филологтар, экономистер, философтар жəне заңгерлер өздерінің көптеген еңбектерін əскери-патриоттық тəрбиеге жəне соғыс тақырыптарына арнаған.

Шығыс аймақтағы республикалардың, əсіресе Қазақстанның соғыс жылдарындағы ғылымы қарқынды дамыды. Республика ғалымдары 1942 ж. ортасына қарай халық шаруашылық жəне қорғаныстық маңызы бар 150 тақырып бойынша ұсыныстар мен тұжырымдар берді. Осы жағынан геолог-ғалымдар жемісті жұмыс істеді, олар пайдалы қазбалардың 500 астам кенішін ашты жəне 150 кенішті зерттеді, бұлардың бір бөлігі бірден игеріле бастады [10; 348]. 1941–1945 жж. Қазақстанда 12 ғылыми институт жəне олардың филиалдары ашылды, ғылыми қызметкерлердің саны 152-ден 864 адамға дейін өсті [10; 348]. Мұның бəрі КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалын Қазақ КСР Ғылым академиясы етіп қайта құру үшін алғы шарт жасады, бұл заң жүзінде 1946 ж. маусымда аяқталды. Оның тұңғыш президенті белгілі геолог, академик Қ.И.Сəтпаев болды, ол Жезқазғанның қойнауын зерттеген жəне пайдалы кендерді іздеуді алдын ала болжау туралы ғылыми бағыт қалыптастырған болатын. Ғылымның дамуында республикалардың ынтымақтастығы елеулі рөл атқарды.

Қазақстан ғалымдарының жанында Мəскеудің, Ленинградтың, Киевтің жəне елдің басқа қалаларының 20 астам ғылыми мекемелерінің ұжымдары жəне академиктер И.П.Вернадский, В.А.Обручев, А.М.Панкратова, А.А.Скачинский жəне басқа əйгілі ғалымдар жұмыс істеді [10; 348].

Соғыс қажетіне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде Украин жəне Белорус Ғылым академияларының қызметкерлері елеулі үлес қосты. 1943 ж. Өзбекстан мен Арменияда республикалық ғылым академиялары ашылды, ал 1944–1946 жж. ғылым академиялары Əзербайжанда, Латвияда жəне Қазақстанда пайда болды [19]. Соғыстың аяқ кезінде КСРО Ғылым академиясының құрамында Батыс-Сібір, Татар, Қырғыз, Карело-Фин филиалдары, Дағыстан, жəне Қиыр Шығыс базалары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, аталған кезеңде КСРО-ның педагогикалық жəне медициналық академиялары ашылды [20].

1944–1945 жж. кеңестік ғылыми мекемелердің соғыс кезіндегі əрекетін бағалайтын сараптама жұмыстар жүргізілді, оған атақты ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер қатысты. Осы жұмыс кезінде КСРО Ғылым академиясы, оның филиалдары, бөлімшелері ғылыми-зерттеу институттары орасан зор қызмет атқарғаны анықталды. Соғыс басталсымен мыңдаған ғылыми қызметкерлер қолдарына қару алып майданға аттанды, сөйтіп олар жауға қарсы жүргізілген əскери операцияларға қатысты. Ғалымдардың басым көпшілігі соғыс жағдайында басталған ғылыми-зерттеу жұмыстарына асқан белсенділікпен кірісті жəне ғылымның көптеген салаларының дамуына үлес қосты. Жер қойнауындағы байлықты игеру, əскери техника мен құралдарды шығару, эвакуацияға ұшыраған ғылыми орталықтар мен мекемелердің жұмысын жандандыру, көптеген жаңа ғылыми бағыттарды терең дəлелдеу, өнеркəсіп жəне ауылшаруашылықтың дамуына əржақты көмек көрсету жəне т.б. орасан жұмыстар кеңес ғалымдарының қатысуымен жүргізілді. Сонымен қатар соғыс жылдарындағы ғылыми жетістіктерден кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарына жақсы негіз жасады.

Соғыс жылдарындағы қиындықтарға қарамастан, ғылыми қызметкерлерді дайындау жұмыстары жалғасын тапты, осыған байланысты ғылыми кадрлардың саны да, сапасы да өсті. Елдің барлық аймақтарында көптеген ғылыми-зерттеу орталықтары пайда болып, олар ғылымның əр түрлі салаларында жемісті қызмет атқарды. 1945 ж. КСРО Ғылым академиясының мерейтойына арналған салтанатты жиналыста оның президенті академик В.Комаров өзінің сөзінде: «Соғыс жылдары кеңес ғалымдарында бұрын болмаған ерекше творчестволық шабыт пайда болды, ол ғылымның барлық салаларында байқалды. Сондықтан біз осы атқарған жұмыстарымызды мақтан етеміз»,— деп көрсетті [21]. Салтанатты жиналысқа 123 шетел ғалымдары қатысты, олардың көпшілігі өздерінің сөздерінде кеңес ғалымдарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерекше жетістіктерін атап өткені соған дəлел бола алады.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Правда. — 1941. — 23 қырк.
  2. Кольцов А.В. Ученые Ленинграда в годы блокады (1941–1945). — М.-Л.: Наука, 1962. — С.
  3. Начальный период войны / Под ред. С.П.Иванова. — М.: Военное изд-во Министерства обороны СССР, — С. 272.
  4. История Великой Отечественной войны Советского Союза. — 1941–1945: В 6 т. / Под ред. П.Н.Поспелова, В.А.Антонова, И.В.Баграмяна и др. — Т. 2. — М.: Военное изд-во Министерства обороны СССР, 1962. — 649 с.
  5. Советская культура в годы Великой Отечественной войны / Под ред. Л.М.Зак, В.С.Лельчук. — М.: Наука, — С. 90.
  6. Зуев М.Н. История России: Учеб. для вузов / Под ред. А.Г.Буланова. — М.: Приор, 2005. — 687 с.
  7. Темирбаев К.М., Украинцев В.В. Очерки истории советской культуры. — М.: Наука, 1980. — 318 с.
  8. Аристов В. Страницы славной истории. — Казань: Изд-во Казан. ун-та, 1987. — 225 с.
  9. Рыспаев К. История Республики Казахстан: Учеб. пособие для студентов вузов. — Алматы: Білім, 2002. — С.
  10. Қазақстан тарихы: Очерктер / Құраст.: К.С.Алдажұманов, Т.Б.Балақаев, М.К.Қозыбаев, К.Н.Нұрпейісов. — Алматы: Дəуір, 1994. — 410-б.
  11. Новейшая Отечественная история. XX век. — Кн. 2 / Под ред. Э.М.Щагина, А.В.Лубкова. — М.: Владос, — С. 144.
  12. Адамбеков Б.К. XX ғасырдағы Ресей империясы, Кеңес мемлекеті жəне ТМД тарихы. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2005. — 201 б.
  13. История СССР. Эпоха социализма / Под ред. С.А.Сераева. — М.: Просвещение, 1977. — 559 с.
  14. Берхин И.Б. История СССР. Советский период: Учеб. пособие для вузов. — М.: Высш. шк., 1987. — 703 с.
  15. Верт Н. История Советского государства / Под ред. А.П.Фоменко. — М.: Прогресс-Академия, 1995. — С.
  16. Сб. документов по истории СССР для семинарских и практических занятий. — Вып. Эпоха социализма (1941– 1945 гг.) / Под ред. В.З.Дробижева. — М.: Высш. шк., 1981. — С. 220.
  17. Адамбек Б.К. Сотрудничество народов СССР в создании военной экономики в период Великой Отечественной войны (1941–1945 гг.). Общество. Архив. История. Материалы науч.-теор. конф., проходившей на базе Государственного архива Карагандинской области / Под ред. У.А.Амантаева. — Караганда, 2010. — 425 с.
  18. Историография истории СССР. Эпоха социализма / Под ред. И.И.Минца. — М.: Высш. шк., 1982. — 336 с.
  19. История СССР. Эпоха социализма / Под ред. В.З.Дробижева, Ю.С.Кукушкина, М.Е.Найденова и др. — М.: Высш. шк., 1985. — С.
  20. Новейшая история Отечества. XX век: Учеб. для студентов вузов. — Т. 2 / Под ред. А.С.Киселева, Э.М.Щагина. — М.: Владос, 1998. — С. 223.
  21. Правда. — 1945. — 17 маус.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.