Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақ КСР халық шаруашылығының дамуы тарихнамалық шолу

Отандық тарих ғылымында Ұлы Отан соғысының тарихы мен республиканың жеңіске қосқан үлесіне қатысты мəселелер əлі де өзекті жəне соғыстың тарихнамасы тарих ғылымының барынша жасалған жəне басым бағыттарының бірі болып табылады. Ұлы Отан соғысы тарихы тақырыбына көптеген ғылыми жұмыстар арналған, оларда халықтың еңбектегі ерліктері, халық шаруашылығының соғыс жылдарындағы дамуы жəне оның жеңіске қосқан үлесі, майдан қажеті үшін өнім шығару мен өндірістік ұжымдарда жарыстарды ұйымдастырудағы қоғамдық ұйымдар мен партиялық комитеттердің рөлі мəселесі де бар. Қазақстандағы зерттеу жұмыстары өнімді жүргізілген. Бұл салада соғыс кезінің тарихын арнайы зерттейтін мамантарихшылардың еңбектерін қоспағанда, тыл ардагерлері мен соғыс куəгерлерінің, мемлекет қайраткерлерінің жəне басқа тұлғалардың да жазған еңбектері көптеп  кездеседі. Мəселен, 1945 жылдан 1977 жылға дейінгі аралықтың өзінде ғана КСРО  көлемінде жалпы көлемі 700 млн. дана болатын 16 мың кітап пен кітапша жарық көрген [1; 7]. Соғыс жылдары Қазақстанның халық шаруашылығы майдан арсеналдарының бірі ретінде соғыс қажетіне қызмет етті, мұнда 356 млн. пұт нан дайындалған. Сонымен қатар Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерін негізгі тасымалдаушылардың бірі болды. Республиканың жеңіл өнеркəсібі Қызыл Əскердің жүздеген дивизияларын əскери киімкешек, қаружарақ, қажетті заттармен қамтамасыз етті.

Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі кеңес тылының тарихнамасы, барлық соғыстың тарихнамасы сияқты, бірнеше кезеңнен өтті жəне фашистік Германияны жеңгеннен бергі алғашқы үш онжылдықта тарихнамалық шолулар ағымында көрініс тапты.

Тарихнаманың бірінші кезеңінде (1941–1945) осынау маңызды жəне көлемді ғылыми мəселені қарастыру бойынша тек алғашқы қадамдар жасалды. Зерттеушілердің қолында əлі де деректердің мол қоры бола қоймады. Құжаттарда берілген көптеген фактілер мен оқиғалар əскери уақыт жағдайында жабық сипатта болды, қажетті құжаттық материалдардың жинақталуы үшін біршама уақыт керек болды. Толық емес мəліметтер бойынша, республикада соғыс жылдарында соғыс тақырыбына арналған 150ге жуық кітап, кітапшалар мен журналдық мақалалар жарық көрген [2; 35].

Ұлы Отан соғысы тарихнамасының екінші кезеңі соғыстан кейінгі алғашқы онжылдықты қамтыды, кеңес тылының тарихының түрлі мəселелерін қарастыру одан əрі жалғасты. Бұнда зерттеушілер қолданған деректанулық база кеңейді, бірнеше құжаттық жинақтамалар жарық көрді. Соғыстан кейінгі жылдары кеңес тарихшыларымен Ұлы Отан соғысының себептері, сипаты мен маңызды оқиғаларын ашатын көлемді əдебиеттер жасақталды. Көптеген басылымдарда əскери қимылдардың барысы, майдан мен тылдағы кеңес адамдарының бұқаралық ерлігі, КСРО халықтарының немісфашист басқыншыларына қарсы қарулы күресін басқару бойынша Коммунистік партияның рөлі, КСРО мем лекеттік жəне түрлі қоғамдық органдарының көпқырлы жұмысы, майдан тылындағы бүкілхалықтық күрес, елдің қоғамдықсаяси өмірі, 1941–1945 жж. кеңес ғылымы мен мəдениетінің дамуы қарасты рылды.

Бұл кезеңдегі алғашқы жарияланымдардың ішінен А.Нүсіпбековтың, О.Малыбаев пен Ғ.Əбішевтің жұмыстары жаңа пайымдауымен көзге түседі [3]. Сонымен қатар жалпылаушы сипаттағы бірқатар зерттеулер жарық көрді, оның ішінде Грановский Е.М. «Советская промышленность в Великой Отечественной войне» (М., 1949), Белов П.А. «Вопросы экономики в современной войне» (М., 1951), Шошенко А.В. «Борьба партии большевиков за укрепление тыла в годы Великой Отечественной войны (Алма-Ата, 1952), Солдатенко Е.И. «Трудовой подвиг советского народа в Великой Отечественной войне (М., 1954) жəне тағы басқалары. Алайда зерттеушілердің қолында бар деректер қоры əлі де болса аз болды.

Кеңес тылының тарихнамасының түрлі мəселелері барынша нақты 50жылдардың ортасынан бастап қарастырыла бастаған, бұл СОКП ХХ съезінің шешімімен байланысты болды, соғыс тарихы бойынша құжаттарды басып шығару ісі жақсарды. Егер соғыстан кейінгі алғашқы онжылдықта соғыс тарихы бойынша шамамен 1200 кітап, кітапшалар жəне журналдық мақалалар жарық көрсе, онда тек қана 1956–1961 жж. өзіндеақ 2000 астам кітап, кітапшалар, журнал мақалалары жарық көрді. Бұл кезеңдегі көрнекті еңбектерден «Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының тарихы» алты томдығын жəне 12 томдық «1939–1945 жылдардағы Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы» атауға болады. Сонымен қа тар кеңес тылы, КСРО əскери экономикасы, басқа да маңызды мəселелер туралы В.С.Василенко, А.В.Митрофанова, Н.П.Липатова, Ю.В.Арутюнян, Г.С.Кравченко, В.А.Ежов, Г.Г.Морехин, Г.А.Куманев, Я.Е.Чадаева, Л.В.Максакова, М.К.Козыбаев жəне басқаларының мақалаларында қарастырыл ды [4]. Жалпы алғанда, тыл еңбеккерлерінің, одақ пен республика шаруашылығы түрлі салаларының, сондайақ жекелеген кəсіпорындардың күш біріктірген ерлік еңбегінің тарихына қатысты жарияла нымдардың саны өсті. Сол кезде шыққан жұмыстардың ішінен В.Я.Басиннің, Л.А.Пинегина мен С.А.Федюкиннің кітаптарын бөліп айтуға болады [5]. Бірақ оларда белгілі бір шамада бұрынғы кезеңдердің деңгейі мен рухын қайталайтын кемшіліктер орын алды. Ф.Михайлов пен К.Оразов өз еңбек терін соғыс кезеңінің қиын проблемаларының біріне — кадрлар мəселесіне, бірінші кезекте өнеркəсіп пен көлік саласы үшін қажет кадрларды даярлау мəселесіне арнады [6]. Жұмысшы ұжымдардың басым көпшілігін құрайтын тыл еңбеккерлері — əйелдер мен жастар туралы арнайы жазылған еңбектер пайда болды [7]. Соғыстан кейінгі кезеңдегі (1946–1955) жинақталып жүйеленген, бірақ əлі де болса мардымсыз мұрағат құжаттары мен мерзімдік басылымдардағы материалдар базасына сүйене отырып, А.Байшин, Ж.Құрамбаев, Б.Ысқақов, А.Көкетаев, Т.Мырзабекова, Л.Файнның кандидаттық диссертациялары жазылып, қорғалды [2, 8]. Оларда жұмысшы табының, колхозшы шаруалардың ерен еңбекте рін, МТС пен совхоздардың саяси бөлімдерінің қызметін көрсетуге ұмтылыстар жасалды.

70–80жылдары жарық көрген еңбектерде соғыс жылдарындағы республика өнеркəсібі мен ауыл шаруашылығының дамуы, жергілікті кеңестердің, партия ұйымдарының қызметі жəне басқа да тақы рыптар бойынша бірқатар еңбектер жарық көрді. Солардың арасында Т.Б.Балақаев пен Қ.Алдажұмановтың «Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде (1941–1945 жж.)» атты еңбегінде соғыс жылда рында республикадағы жасақталған əскери құрамалар, Отан қорғау қорының жасалуы, қазақстандық еңбекшілердің Одақтың қорғаныс қуатын нығайтуға қосқан үлесі, майданға көрсеткен патриоттық көмегі, майдан мен тылдың байланысы, азат етілген аудандарға көмек көрсету туралы соғыс пен тыл ардагерлерінің естеліктері, мұрағат құжаттары мен сол кезде жарияланған соны деректердің негізінде баяндалады. Қазақстан еңбекшілерінің соғыс жылдарында майданға берген көмегінің жалпы мөлшері өте көп, олар соғыс жылдарында жүргізілген төрт мемлекеттік заем бойынша сол кездегі бағамен 3,2 млрд. сомнан астам қаражат берген, ал елдің əр жерінен патриоттар танк жəне самолет жасауға өз жа нынан 100 мыңнан 300 мың сомға дейін қаржы берген [1; 20]. Тек Отан қорғау қорына, əскери техни ка мен қаружарақ жасауға республика еңбекшілерінің жинаған қаражаты 1 млн. сомнан асқан. Алай да бұл еңбектің «Қазақстанның адам жəне материалдық ресурстарын Отанды қорғауға жұмылдыру» атты бірінші тарауында тек 1941 жылдағы елдің халық шаруышылығының дамуы басымырақ қарас тырылған, сонымен қатар, автордың көрсетуінше, соғыстың ауыртпашылықтарына қарамастан соғыс тың бастапқы уақытында мал шаруашылығы жақсы дамып, республика мемлекетке 114 мың т ет, 283,5 мың т сүт, 14,3 мың т жүн тапсырды деп көрсетеді. Бұл бейбіт 1940 жылмен салыстырғанда 1941 жылы мал шаруашылығы өнімдері едəуір артық тапсырылған [1; 46]. Бірақ мұрағат құжаттарын да басқа мəлімет көрсетіледі, онда «Объяснительная записка к Отчету Народного комиссариата Мясной и молочной промышленности КазССР за 1942 г.» аталған халком орынбасары Градицкий мен бас бухгалтер Смирновтың есепке Түсіндірме хатында республиканың ет, сүт өндірісі жылдық жалпы жоспарды орындай алмады деп көрсетеді. Оның себептері ретінде ет комбинаттарының теміржол же лісінен алыс жатуының өнім сапасына жəне оның уақытында жеткізілуіне əсер етуі, өндіріс техникаларының ескіруі т.б. айтып өтеді. Ет өндірісі бойынша өнімнің фактілік шығарылымы 33414 т мөлшерінде болса, ол жоспарға 87,7 % жəне 1940 жылдың есебінің 86,0 % құрайды деп көрсетілген [9]. Де генмен бұл сандық мəліметтер əлі де талай зерттеуді қажет етеді жəне жоғарыда аталған еңбектің құндылығын төмендетеді деген сөз емес.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы республиканың ауыл шаруашылығы мен өнеркəсібінің дамуы туралы қызықты мəліметтер көптеген зерттеулерде кездеседі. Мəселен, А.М.Чинчиков «Историография трудового подвига советского крестьянства (1941–1976)» атты еңбегінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңестік халық шаруашылығының, оның ішінде Қазақстанның да, дамуына қатысты бір қатар зерттеушілердің еңбектеріне қатысты сыни көзқарастарын білдіріп, оларда келтірілген мəліметтерге қызықты талдау жасайды. Автор 70жж. шыққан еңбектердің көпшілігінде соғыс кезіндегі ауыл шаруашылығының дамуын кезеңдестіруді қарастырғанда кейбір зерттеушілердің сынға алынған ескі көзқарастарды ұстанғандығын, оларда ауыл шаруашылығындағы жағдайды əсірелеп жазу тенденциясының басым екендігін көрсетеді. Олардың арасынан Т.Б.Балақаевты (1943 ж. ауыл шаруашылығы өндірісінде бүкіл елдің экономикасының дамуындағыдай түбірлі бетбұрыс жылы болды деп көрсет кен), Г.С.Кравченконы, Г.Əбішевті (соғыс жылдарындағы Қазақстанның ауыл шаруашылығының жағдайын қарастыра келіп, ауыл шаруашылығының өндірісінің өсуі нан, ет, сүт өнімдерін жеткізуді бірнеше есе өсіруге мүмкіндік бергенін көрсеткен) атап өтеді. Ал, автордың ойынша, З.Кашкенбаев 1942–1943 жж. Орта Азия мен Қазақстан «еліміздің негізгі азықтүлік базасы» болды деп дұрыс көрсеткен жəне М.Қ.Қозыбаевтың көзқарасы (жоғарыда келтірілген қорытындыны əсіреленген деп бағалаған болатын) барынша əділетті, себебі іс жүзінде Қазақстан 1942 жылмен салыстырғанда 1943 жы лы нанды 2 есе аз берген, соғыс жылдарындағы Қазақстанның елдің нан балансындағы үлесі 7 % құрайды, бұл Сібірден шамамен 2 есеге аз деп көрсетеді [10]. Бұл пікірталасқа қатысты өз ойымызды айтып көрсек, М.Қ.Қозыбаевтың «Вклад восточных районов СССР в достижение экономической по беды» атты мақаласында шығыстағы аудандар батыс облыстар басып алынғаннан кейін əскер мен қа ланы азықтүлікпен қамтамасыз етудің негізгі базасына айналды жəне 1942 жылдан елдің басты тірегі деп көрсетеді [11]. Ал «Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)» бес томдықтың еңбектің 4 ші томындағы сегізінші тарауының «Қазақстан — майдан арсеналы» атты бөлімінде соғыс жылдарындағы еңбек қолының жетіспеушілігінен, тылдағы қазақстандықтардың ауыр еңбегі, техниканың ескілігі, еңбекті дұрыс ұйымдастырмау жəне басқа да қиындықтардың елдің мемлекетке астық тапсырудағы ісін қиындатқанын көрсете келіп, бұған қарамастан Қазақстан еңбекшілері армия мен елімізді азықтүлікпен қамтамасыз ету үшін қолдарынан келгенін бəрін жасады жəне жалпы соғыс жылдарында, Қазақстан тапсырыстың барлық түрлері бойынша мемлекетке 5829,4 мың т астық, 733, 9 мың т ет жəне өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының мыңдаған тонна басқа да өнімдерін тапсыр ғаны көрсетіледі [2; 503]. Біздің ойымызша, кеңес елінің ауыл шаруашылығының соғыс жылдарындағы дамуы мəселесі қарастырылған жалпыодақтық еңбектердің басым көпшілігінде Қазақстан ауыл шаруашылығының дамуы, қазақстандық еңбекшілердің тылдағы ауыр еңбегі тиісті бағасын алмаған не болмаса жалпылама, үстірт қарастырылып өткен. Бұл, бір жағынан, партияның қоғамдық ойға үз діксіз əсерінен болса, басқа жағынан соғыс жылдарындағы кеңес Коммунистік партиясының əскери экономиканы басқарудағы мінсіз саясатын дəріптеу тенденциясының тасасында қалып қойғандығынан. Қалай дегенмен де, Қазақстан еңбекшілерінің соғыс кезеңінің ауыр сынақтарына қарамастан кеңес əскерін, жалпы елді азықтүлікпен қамтамасыз етуде басқа да шығыстық аудандар тəрізді өлшеусіз үлес қосқаны даусыз. Осы мəселені кеңестік дəуірде қазақстандық тарихшылардың өз еңбектерінде көтеруі ғылыми ойдың дамуында өзіндік көзқарастар ағымын қалыптастырды. Ал фактілерді нақтылау үшін əлі де талай зерттеулер жүргізу қажеттігі бұл жерде өзінен өзі туындап тұрған мəселе.

Ұлы Отан соғысы жылдарында республиканы майдан арсеналы ретінде соғысушы əскер мен ке ңес елін азықтүлікпен қамтамасыз етуде, 1941–1942 жж. Қазақстанға батыс аудандардан өнеркəсіп орындарын эвакуациялауда, жалпы еліміздің халық шаруашылығында теміржол көлігінің дамуы аса зор маңызға ие болды. Бұл тақырып соғыс жылдарының өзіндеақ бастау алды. Алайда ол кезде жарық көрген еңбектер көбіне фрагментарлық зерттеу ретінде болды жəне теміржолшылардың соғыс жылдарындағы ерліктерін баяндаушы, насихаттаушы еңбектер ретінде қалыптасты. Оларда кешенді зерттеулер жасалынбады.

Соғыс жылдарындағы теміржол көлігінің даму тарихы мəселесін зерттеуде қазақстандық ғалым дар да өз үлесін қосты. Бұл тақырып соғыс жылдарында да, соғыстан кейінгі онжылдықтарда арнайы еңбектерде, сонымен қатар жалпылаушы еңбектерде орын алды. К.Майгаранованың «Трудовые подвиги комсомольцев и молодежи железных дорог Казахстана в Отечественной войне 1941–1945 гг.» атты зерттеуінде берілген тақырып тарихнаманың өзекті тақырыптарының бірі ретінде қарастырыла ды [12]. Онда автор мұрағат құжаттарын кеңінен пайдалана отырып, жастардың теміржол бойынша эвакуациялау үрдісінің дамуына қатысуын қарастырады. Р.М.Мырзалиева Қазақстанның теміржолдарының дамуының барлық кешеніне қатысты мəселені көтереді [13]. Автор Орынбор теміржолының ақтөбелік бөлігінің тарихын зерттеу негізінде берілген өлкедегі теміржолшылардың өндіріс объектілері мен адам ресурстарын эвакуациялаудағы жəне елдің əлеуметтікэкономикалық дамуының басқа салаларындағы рөлін көрсетеді. Шындығында да, соғыстың бастапқы уақытындағы жау басып алған аудандардан өндірістік маңызы бар өнеркəсіп орындары мен адамдарды тылға тасымалдауда еліміздің теміржолшыларының атқарған қызметі салмақты əрі маңызды. Г.Əбішевтің докторлық диссертациясында теміржол көлігінің атқарған рөлі шаруашылықтың жалпы саласында, жекелегенде тасымалдаудың рөлі мен маңызы соғыс уақыты жағдайына өту факторы ретінде қарастырылады. Темір жолшылардың ерен еңбегінің арқасында ғана Қазақстанға өндіріс объектілерін көшіру, орналастыру үшін қолайлы жағдай жасалды [14]. С.К.Утешовтың ойынша, батыс ауданнан көшірілген өндірістік объектілер көбіне Орынбор теміржолының шебі бойынша жүрді, бұл Қазақстанның Батыс жəне Оңтүстік аудандарында өндірістік базаның жасақталуына жағдай жасады [15]. В.С.Ешпановтың мақаласында соғыс жылдарындағы Орынбор теміржолының тарихы бойынша тарихнамалық талдау жасалынып, тұжырымды қорытындылар келтірілген [16]. Автордың көрсетуінше, тек 1960–1980 жж. жəне соңғы кезеңде ғана берілген тақырыпқа қатысты жарық көрген көлемді еңбектерде кешенді зерттеулер жасалынып, объективті баға берілген.

Е.Беркун, Л.В.Михееваның құрастыруымен жарық көрген «Карагандинская область в годы Великой Отечественной войны» атты құжаттар мен материалдар жинағында облыстың соғыс жылда рындағы халық шаруашылығының дамуы, қоғамдық саяси өмірі, облысқа эвакуацияланған кəсіпорындар туралы мəліметтер беріледі [17].

Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының жалпы мəселелерін жасауда белгілі отандық тарихшы М.Қ.Қозыбаев елеулі үлес қосты. Автор өз еңбектерінде кең деректік негізде республика ең бекшілерінің жаумен күреске жұмылдырылуын, соғыс кезеңіндегі экономиканы əскери жағдайға бейімдеп  дамытудағы  Қазақстан  Компартиясының  қызметін  кешенді  қарастырады.     М.Қозыбаев «Компартия Казахстана в период Великой Отечественной войны (1941–1945 гг.)» Ұлы Отан соғысы кезеңінің бай фактілік материалдарымен Қазақстан Компартиясының халық шаруашылығын    əскери жағдайға қайта құру бойынша, қала мен ауыл еңбекшілерін жұмылдыру, республиканы майдан арсе налдарының біріне айналдырудағы жанжақты қызметін дəлелді түрде көрсетеді. Автор партияның өнеркəсіптің жұмысын майдан қажетін қамтамасыз ету үшін қайта құру бойынша, ауыл шаруашылығын қайта құруды басқару бойынша, социалистік жарыстарды ұйымдастыру мен басшылық жасау бойынша тəжірибесін жалпылап қарастырады. Мəселелердің бірі болып республиканың халық ша руашылығының 1943–1945 жж. дамуы болып табылады. Бұл сұрақты қарастыра отырып, автор отын энергетикалық базаның дамуын жəне түсті металдар өндірісінің ұлғаюын, соғыстың аяқталатын кезе ңіндегі өнеркəсіптің жəне көлік саласының дамуын талдайды. Ауыл шаруашылығы үшін, көлік пен өнеркəсіп үшін мамандарды қалыптастыру үрдісі талданады. Майдан мен азат етілген аудандарға көмек көрсету, тылдың майданмен байланысын бекіту бойынша мəселе зерттелген. Партияның ғылым ның өндіріспен байланысын нығайтудағы, Қазақстан ресурстарын қорғаныс қажетіне жұмылдыру бойынша жүргізген шаралары, ғылым, əдебиет, өнер, халыққа білім беруі жəне денсаулық сақтаудың соғыс жылдарындағы дамуы талданады [18].

М.Қ.Қозыбаевтың «Казахстан — арсенал фронта» монографиясында Қазақстан Коммунистік партиясының республика ресурстарын жұмылдыру, жауға лайықты соққы беру, мамандар туралы, əйелдер арасындағы жұмыс туралы, əйелдер кеңесін құру, қаражаттарды жұмылдыру бойынша, жы лы киімдерді жинау, майдангерлердің отбасыларына көмек көрсету айлықтарын өткізу, комсомол, кəсіподақ, социалистік жарыстарға басшылық ету, еңбекке қоғамдық қарау, жұмысшылардың тұр мыстық жағдайын жақсарту мəселелері қарастырылады. Партия соғыс басталғанда майданға көмекке ресурстарды жұмылдыру мен жағдайды анықтау үшін республиканың түрлі аудандарына жіберілген бригадаларды ұйымдастырды. 4тарауда республиканың халық шаруашылығын соғыс жағдайына кө шіру қарастырылады, бұл өте ауыр жағдайда өткендігі ескеріледі. Соғыс жылдарында үлкен маңызға ішкі резервтер мен ресурстарды рационалды қолдану ие болды. Партиялық ұйымдар шикізат, матери алдар есебінің жағдайын, олардың кəсіпорындарда жұмсалу тəртібін тексерді. Монографияда шаруа шылық салаларының жұмысшыларының еңбектегі ерліктері, стахановшылар мəселесі, өндіріс екпін ділері, екіжүздікшілер мəселелері жақсы ашылған. 1942 жылы батысқазақстандық облыстардың жұ мысшыларының майданды барлық қажеттіліктермен жабдықтау, Сталинград майданы үшін тапсы рысты орындау үшін күндізтүні жұмыс жасап, қойылған мақсатқа жетудегі қажырлы еңбектеріне ерекше көңіл бөлінген [19]. М.Қ.Қозыбаевтың еңбектерінде түрлі деректердің негізінде республика өнеркəсібін дамыту, ресурстарды майдан қажетіне жұмылдыру бойынша шараларға облыстық партия комитеттері мен аудандық жауапты қызметкерлердің қатысуы, үкімет пен Мемлекеттік қорғаныс ко митетінің шешімдерін орындау бойынша партияның қызметі кеңінен көрсетілген.

Қазақстан еңбекшілерінің жеңіске қосқан үлесі туралы əңгімелейтін қазақ тілінде шыққан əдеби етке тоқталсақ, бұл мəселе М.Қозыбаевтың «Қазақстан коммунистері Ұлы Отан соғысы жылдарын да» (Алматы, 1960), «Ұлы ерлік» (Алматы, 1980), Н.Едігеновтың 1970 жылы шыққан «Алматы Ұлы Отан соғысы жылдарында» еңбектерінде, Б.Далабаевтың «Қазақстандықтар Сталинград шайқасын да» (Алматы, 1977), Қ.Досқалиевтің «Батырлық эпопеясы» деген кітапшаларында, жекелеген көпте ген мақалаларда айтылады [1; 15]. Соңғы уақытта бұл тақырыпқа қатысты жаңаша көзқарастар, соны пікірлер бірқатар отандық тархшыларымыздың, мəселен, М.Қ.Қозыбаевтың, Т.Балақаев, Қ.Алдажұ манов жəне тағы басқалардың еңбектерінде кездеседі.

Елдің мұнай өндірісінің дамуы жеке тақырып ретінде Т.Шаукенбаев, Қ.С.Мұхитов жəне басқалар дың еңбектерінде қарастырылды [20].

Соғыс жылдарындағы Қазақстан əйелдерінің өнеркəсіп пен ауыл шауашылығындағы ерлік еңбе гі Г.Нұрбекова мен Е.Сегізбаеваның, республика жергілікті кеңестерініңі қызметі С.Қаймолдиннің, Ү.Абдоллаевтың, комсомолдар мен жастардың ерлік еңбегі Т.Сарбақанов пен К.Майғарапова жəне басқаларының зерттеулері мен мақалаларына негіз болды.

Соғыс жылдарындағы республика халық шаруашылығының тарихы бойынша пайдалы еңбекті ҚазКСР ҒА корреспондентмүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Г.Ч.Чулановтың басшылығымен экономистғалымдар ұжымы жасады [21].

Қорытындылай келе, кеңестік дəуірде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы республиканың халық шаруашылығының дамуы, оның ерекшеліктері мен қиындықтары, басқа да өзекті мəселелері көпте ген арнайы зерттеу жұмыстарында, ұжымдық еңбектерде, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ес теліктерінде кеңінен қарастырылды. Дегенмен əлі де көп мəселені зерттеп, ой елегінен қайта өткізу қажет. Соғыс кезінде жəне соғыстан кейінгі біраз уақыт аралығында елдің дамуына қатысты көптеген құжаттар асқан құпиялықта ұсталып келді, соған орай ендігі міндет сол құжаттар мен материалдарды ғылыми айналымға кеңінен енгізу болып табылады. Сонымен қатар осы тұрғыда қазіргі қорытынды лар мен тұжырымдарды қайта қарау, оларды өткен кезеңнің идеологиялық қалыптарынан, дəл сондай ақ бүгінгі таңдағы жалған идеологиялық бояулардан тазарту қажеттігі де өздігінен туындайды.

Егемен Қазақстан жағдайында кеңестік кезең тарихнамасының мəселелерін, оның ішінде Ұлы Отан соғысы тақырыбын да үлкен ықыласпен қарастыруда. Республиканың соғыс жылдарындағы əлеуметтікэкономикалық, саяси даму мəселелері əлі талай зерттеушілердің зерттеу пəніне айналары анық.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Балақаев Т., Алдажұманов Қ. Қазақстан еңбекшілері майдан қызметінде. — Алматы: Ғылым, 1985. — 320 б.
  2. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін): Бес томдық. — 4т. / Ред. Қ.С.Алдажұманов, Ж.Б.Əбілғожин жəне т.б. — Алматы: Атамұра, 2010. — 752 б.
  3. Нусупбеков А. Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского Союза (июнь 1941–1945 гг.) / История Казахской СССР с древнейших времен до наших дней. — 2е изд., исправл. и доп. / Под. ред. М.Абдыкалыкова, А.Панкратовой. — АлмаАта, — Т. 2. — 671 с.; Малыбаев О. Дружба, испытанная в боях за Родину. — АлмаАта: Казгосиздат, 1955. — 235 с.; Абишев Г. Работа партии большевиков по воспитанию чувства советского патриотизма у бойцовказахов в годы Великой Отечественной войны (1941–1945 гг.). — АлмаАта: Казгосиздат, 1950. — 341 с.
  4. Советский тыл в первый период Великой Отечественной войны. — М.: Наука, — 1988. — 422 с.
  5. Басин В.Я. Тяжелая промышленность Казахстана в Великой Отечественной войне (исторический очерк). — АлмаАта: Наука, — 234 с.; Пинегина Л.А., Федюкин С.А. Джезказган — город меди. Исторический очерк. — АлмаАта: Наука, 1965. — 245 с.
  6. Оразов К.Ю. Рабочий класс Казахстана в Великой Отечественной войне. — АлмаАта: Наука, 1975. — 175 с.; Михай лов Ф.К. Профессиональнотехническое образование в Казахстане. — М.: Труд. резервы, 1962. — 245 с.
  7. Нурбекова Г. Женщины Казахстана — фронту (Трудовые подвиги женщин в промышленности Казахстана в Великой Отечественной войне 1941–1945 гг.). — 2е изд., перераб. и доп. — АлмаАта: Казахстан, 1988. — 342 с.; Козыбаев М., Рахматуллин Б. Равнение на коммунистов: Комсомол Казахстана в годы Великой Отечественной войны. — АлмаАта: Казахстан, 1971. — 431 с.
  8. Шаукенбаев Т. Экономика нефтяной промышленности Казахстана. — АлмаАта: Казахстан, — 167 с.; Балақаев Т.Б. Колхозное крестьянство Казахстана в годы Великой Отечественной войны. — АлмаАта: Казахстан, 1971. — 351 с.; Каймолдин С. Советы Казахстана в годы Великой Отечественной войны. — АлмаАта: Казахстан, 1969. — 176 с.
  9. ҚР ОММ. — 1567қ. Т. 2. 58іс. 5пп.
  10. Чинчиков А.М. Историография трудового подвига советского крестьянства (1941–1976). — Саратов: Издво Сарат. ун та,
  11. 40 лет Великой Победы: Сб. ст. / Под общ. ред. П.Н.Федосеева. — М.: Наука, 1987. — С.
  12. Майгаранова К. Трудовые подвиги комсомольцев и молодежи железных дорог Казахстана в Отечественной войне 1941–1945 гг.: Автореф. дис. ... канд. ист. наук. — АлмаАта, 1976. — 27 с.
  13. Мирзалиева Р.М. Железнодорожный транспорт Казахстана в годы Великой Отечественной войны: Автореф. дис. ...канд. ист. наук. — АлмаАта, 1990. — 30 с.
  14. Абишев Г. Казахстан в Великой Отечественной войне Советского Союза (1941–1945). — АлмаАта, 1960. — 360 с.
  15. Утешов С.К. Роль перебазированных промышленных предприятий в превращении Казахстана в арсенал Великой Отечественной войны (1941–1945): Автореф. дис. ... канд. ист. наук. — АлмаАта, 1960. — 34 с.
  16. Ешпанов В.С. К вопросу об историографии истории Оренбургской железной дороги в годы Великой Отечественной войны // Отан тарихы. — 2008. — № 1. — С. 164–175.
  17. Карагандинская область в годы Великой Отечественной войны: Сб. документов и материалов. — Караганда, — 252 с.
  18. Козыбаев М.К. Компартия Казахстана в период Великой Отечественной войны (1941–1945 гг.). — АлмаАта: Казахстан, 1964. — 265 с.
  19. Козыбаев М.К. Казахстан — арсенал фронта. — АлмаАта: Казахстан, 1970. — С.
  20. Шаукенбаев Т. УралоЭмбинский нефтеносный район. — АлмаАта: КазГИС, 1958. — 231 с.; Шаукенбаев Т. Экономика нефтяной промышленности Казахстана. — АлмаАта: Казахстан, — 167 с.; Мұхитов Қ.С. Ұлы Отан соғысы қарсаңы мен соғыс жылдарындағы Қазақстан мұнай өнеркəсібінің даму тарихы (1938–1945 жж.). — Алматы: Жеті жарғы, 2000. — 175 б.
  21. Чуланов Г. Промышленность Казахстана за годы Советской власти. — АлмаАта: КазГИС, 1951. — 342 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.