Ежелгі заманнанақ Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өткен Ұлы Жібек Жолы арқылы Үнді, Қытай, Византия, тағы басқа мемлекеттермен үнемі ғылыми, мəдени, экономикалық, дипломатиялық байланыста болып, қалаларында ғылым мен мəдениеті, сауда өндіріс, далаларында егін, мал шаруашылығы қатар дамыған, қазақтың ұлт болып қалыптасқан алтын бесігі, отырықшы мəдениеттің ошағы, алғашқы адамдардың тұрағы, əлемдік мəдениеттің ірі орталықтарының бірі, дү ниеде теңдесі жоқ ұлы ойшыл Əбу Насыр əлФарабидің туылған жері, Қ.А.Иассауидің ұлы ұстазы, бабтардың бабы Арыстанбабтың, Орта Азияны билеген ұлы Əмірші Əмір Темірдің Алла аманатын тапсырған жері, Отырар алдымен араб пен монғол шапқыншылығына, содан кейін Қазақ хандығымен Əбілхайыр əулетінің Мауреннахр билеушілерінің Сыр бойы үшін болған өзара қырқысына, жоңғар шапқыншылығына ұшырап, ақыры Отырар суландыру жүйесі талқандалып, Отырар кітапханасы жойылып, Ұлы Жібек Жолындағы қатынас үзіліп, өндіріс тоқтап, қалалары құм басқан төбелерге, да лалары шөлейтті аймаққа айналды.
Орыс, қазақ деректеріне қарағанда, Отырар қаласының соңғы тұрғындары оны ХVІІІ ғ. орта тұсында тастап, Түркістан, Шілік, Шымкент жағына көшіп кеткен.
Бірақ Отырар тарихқа Отырар өркениеті деген атпен еніп [1; 5], қазақ еліне оның ежелденақ қа лыптасқан мемлекеті мен саяси халахуалының белгісі ғылым мен мəдениеттің жалғасы болған Оты рарда қатар қанат жайған мəңгі өшпейтін адамзаттың заттық жəне рухани асыл мұраларын қалдырды. Отырар жайында көне грек оқымыстысы Птолемей, араб пен парсының түркінің жиһан кезген атақты географтары, шежірешітарихшылары Əбу-Исхақ- Ибрахим əл-Истахри (899–952 жж.), Əбу -Райхан Мұхаммед ибн -Ахмед əл-Бируни (Х–ХІ ғғ.), Шамсад-Дин Əбу -Абд- Алла Мұхаммед əл-Мақ диси (Х ғ.), Якут- əл-Хамауи, Əбу- Джағхар Мұхаммад ат-Табари (923 ж.), ИзадДин ƏбуХасан Əбу ибн əлАсир (1161–1234 жж.), Фазлалла Рашид адДин (1247–1318 жж.), ƏлиадДин Ата Малик Жуаини (1226–1283 жж.), Мұхаммед- ибн -Ахмед əл-Насауи (1245 ж.), тағы басқалар картаға түсіріп, тарихи деректер жазып қалдырды.
Ал біздің заманымызда Отырар тарихын В.В.Бартольд, А.К.Кларе, А.А.Черкасов, Е.И.Агеева, А.Н.Бернштам, Г.И.Пацевич, Ə.Марғұлан, А.Машанов, К.Ақышев, К.М.Байпақов, Л.Б.Ерзакович, А.Əлімов, А.Алтаев, Ө.Жəнібеков, Ə.Дербісалиев, А.Жұмашов, М.Қожаев, тағы басқалар зерттеді. Сондайақ əдебиет тарихында Д.Досжанов, Х.Əдібаев, О.Сүлейменов, М.Шаханов Отырар тарихы жайлы қалам тартты.
Жоғарыда аталған зерттеушілердің ішінде Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспеди циясына қатысқан А.Н.Бернштам, Е.И.Агеева, Г.И.Пацевич (1947–1951), К.Ақышев, К.М.Байпақов, Л.Б.Ерзакович (1969–1992) қазақ зиялыларының арасында «Дала археологы», «Музей адам» деген ла қап аттармен белгілі болған отырарлық өлкетенушылар А.Əлімов, А.Алтаев, тағы басқа археологға лымдар Отырар алқабындағы қалалардың өмір сүре бастаған алғашқы жылдарынан бастап ХVІІІ ғ. дейінгі заттықтұрмыстық мəдениеттің ескерткіштерін тауып, ғылымға «ОтырарҚаратау археология лық мəдениет ескерткіштері» деген атпен енгізіп, мұражай ашты.
Отырар өркениетінің негізі болған, жоғарыда табылған заттықтұрмыстық мəдениеттік ескерт кіштерінің ішінде Отырарға тəн түрлі үлгідегі саз балшықтан күйдірілген қыш ыдыстарда, металдан соғылған білезік, жүзік, сақина, сырға, қапсырма т.б. зергерлік əшекейлерде, еңбек құралдарында, тастан қашалған, шыныдан жасалған бұйым құралдарда қазақтың қолтума өнерінің сарындары молы нан байқалады. Сондықтан мұндағы археологиялық ОтырарҚаратау мəдениеті ескерткіштерінің біз үшін маңызды болатыны олардың малшылықпен қатар дамыған егіншілік дəстүріне бейімделгенді гінде ғана емес, байырғы қазақ тұрмысы мен мəдениетін еске салатындығында болып отыр [1; 6]. Ал ХVІІІ–ХІХ ғғ. этнографтардың, географтардың, саяхатшылардың еңбектерінде бұл бұйымдардың бə рі де қазақтарға тəн екендігі жазылған.
Жалпы жоғарыдағы археологиялық, этнографиялық жəне фольклорлық зерттеулер бойынша қа лыптасқан ғылыми пікірлерге жүгіне отырып, Отырар өркениеті қалыптастырған қолөнерінің қазаққа тəн екендігін жəне бұл өнердің Отырар өркениеті тарих еншісіне кеткенмен, ұлттық сипат алып, күні бүгінге дейін осы жердің түп тамырлы қолөнері ретінде ел ішінде сақталып, қазақ тұрмысында кеңі нен қолданылып келгендігін айтуға болады.
Бүкілəлемдік өркениетте өзіндік тарихи орны болған Отырар өркениетінің тағы бір негізі Оты рардан шыққан қазақ халқының тағдырлас Əбу Насыр əлФараби мен оның ізбасарларының, энцик лопедияшығұламалардың, ақындардың, сазгерлердің т.б. өнер иелерінің артында қалдырған мəңгі өшпес ілімі, өнері деуге болады. Өйткені Отырарда заттық жəне рухани мəдениет қатар қанат жайып дамыған болатын.
Отырар қаласы ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ.басынан бастап зерттеле бастады. 1895 жылы А.К.Кларе, А.А.Черкасов Отырарда ең алғаш рет қазба жұмыстарын жүргізіп керамика коллекцияларын, кірпіш, мыс теңгелер тапты. 1946 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы құрылды, оны А.Н.Бернштам басқарды, экспедицияның басты жұмысы Отырар оазисі болды. Алғашқы жылы Пышақшытөбе, Сырдарияның сол жағалауындағы төбелер Бұзық, Оқсыз, Артық Ата, Сумағартөбе зерттелген. 1949–1951 жж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы Құйрықтөбе, Көкмар дан, Алтынтөбеде қазба жұмыстарын жүргізеді. 1969 жылы Отырар археологиялық экспедициясы құ рылып, Отырартөбе қалашығы негізгі объект болды. Ең негізгі жұмыс қаланың топографиялық пла нын түсіру болды. Əсіресе 1971 жылдан бері қарай Қазақ ССР Ғылым академиясы Тарих, археология, этнография институтының Оңтүстік Қазақстан комплексті археологиялық экспедициясы ұйымдас тырғаннан кейін ғана мұнда өріс алды. Отырарда, Көкмарданда, Құйрықтөбеде көптеген көне жəне ортағасырлық зираттарда қазба жұмыстары жүргізілді.
Қазақ даласында көне дəуірлердің көзіндей болған 25 мыңнан аса тарихи жəдігерлер бар. Ежелгі қолөнердің биік туындылары болып саналатын археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында табылған алтын, күміс, мыс теңгелер, терракота, керамика, шыныдан жасалған заттар жəне əр түрлі этнографиялық салаларға жататын тұрмыс бұйымдары, шаруашылық құралсаймандары мен аспап тар, киімкешек т.б. көріп көңіл толтырар мұралар бір күннің, бір жылдың емес, ғасырлар бойғы ха лық мəдениетінің, өнерінің көрінісі, мұнда əр ұрпақтың үлесі бар.
Отырар отырықшы мəдениеттің ошағы болған, К.Ақышев, К.М.Байпақов, Л.Б.Ерзакович зерт теулері бойынша Отырарда ХІ–ХVІІ ғғ. тəн тұрғын үй құрылыстары анықталды. Тұрғын үйлердің бірнеше үлгілері бар — əсіресе екі, үш бөлмелі жəне астық сақтайтын қойма болып келетін үйлер көп кездеседі.
VІІ ғ. екінші жартысына, VІІІ ғ. алғашқы жартысына тəн тұрғын үйлер Құйрықтөбе қаласының орнын қазу жұмыстарынан мəлім. Мысалы, 28 ш. м екі бөлмелі тұрғын жайдың қоймасы 16,8 ш. м бо лып келген. Тұрғын жайдың оңтүстік жағындағы қабырғасында ені 1,7 м сəкі бар, ал бөлменің орта сында жер ошақтың күйген орны сақталған.
Отырар тұрғын үйлерінің мына бір үлгісі екі немесе үш бөлмелі болып келіп, сəкілер бөлменің жартысын, тіпті оның бүкіл көлемінің үлкен бөлігін алып тұрады. Сондайақ Көкмардан, Пұшықмар дан, Марданкүйік, Құйрықтөбе қала жұрттарындағы қазба жұмыстары б.д. І мың жылдықтың бірінші жартысы — VІІІ ғғ. жататын құрылыс орындарын ашты. Бір–үш бөлмелі үйлер қам кірпіштен салын ған, еден қабырғалары саз балшықтан салынып, қабырға бойымен сыпалар жасалынған. Отырар өңі ріндегі археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған екі бөлмелі үйлер тұрғын жай мен қой мадан тұрады. Қабырғаларды бойлай ені əр түрлі сəкі салынған, ортасында ошақ орналасқан. Отырар өңіріндегі тұрғын үйлер мына үлгіде болып келеді: екі бөлмелі үшінші бөлме қоймаастық сақтайтын бөлме əр түрлі көлемде сəкі орналасқан жəне сəкінің шетіне таман текше орнатылып, оған сыланған тандыр қойылған.
Тұрғын үйлердің ең ежелгі табиғи түрі — үңгірлер, ал ең ежелгі құрылыс материалы тас болды. Қала үйлерімен қатар далаларда қазақтар қарашадан наурызға дейін қыстау деп аталатын қоныста өмір сүрді. Қыстаудағы үйлер сол өңірдің ауа райына байланысты ағаштан, құйма кірпіштен, таулы жерлерде тастан салынды.
Тұрғын үйлердің Оңтүстік Қазақстандағы, Орталық Қазақстандағы, Солтүстік Қазақстандағы си патты белгілерінің бірі тұрғын үйді қамба, қоймалармен ұштастыру, бөлмеде қабырғаларды бойлай ені мен биіктігі əр түрлі сəкі орналастыру, сондайақ тұрғын үй бөлмелер саны екі немесе үш бөлмелі болып келуі де қала мен даланың тұрақты тұрғын жайларына тəн ортақ нəрселер. Мысалы, Көкмар данда аршылған үйдің мына бір түрі екі бөлмелі болып келеді, екінші бөлме — қойма ретінде. Оңтүс тікшығыс қабырғаларды бойлай салынған Г тəрізді сəкі, шыға беріске жақын жерде орналасқан тік бұрышты ошақ, шығыс қабырғада ашық пештің орналасуы сияқты жоба тəн [2; 61]. Отырар тұрғын үйлеріне ұқсас үйлер Түркістан, Сауран қаласынан 7 км оңтүстікбатыста орналасқан Жалғызтамда, Қаратаудың солтүстігінде, Күлтөбе қалашығында бар. Отырар тұрғын үйлерінің жоспары Орта Азия мен Қазақстан халқының барлығына тəн екені анықталды.
Отырар алқабының қалаларында тұрғындардың тұрақты əрі ұзақ уақыт бойы отырықшы болған дығын дəлелдейтін б.д. ІІ ғ. тəн дəнүгіткіш, V–VІ ғғ. тəн мақта мен бидай қалдықтары. VІІІ–Х ғғ. тəн су құбырларының қалдықтары, дəндідақылдар мен дəндердің табылуы, бидай сақтайтын қамбалар дың болуы, еден сылағы мен шикі кірпіште кездесетін сабан, табылған дəнтартқыштар, дəн қорын сақтауға арналған хумдар, тас кетпендер, сүйектен жасалған егін шаруашылығы құралдары бəрібəрі мұнда егін шаруашылығының дамығанын көрсетеді [2; 63].
Отырар суландыру жүйесі орта ғасырдағы Орта Азияның ең қуатты, сол заманның ең алдыңғы қатарлы техникалық мүмкіндіктеріне сай құрылған тоғанды, шығырлы су жүйелерінің бірі еді. Сон дықтан да Отырарда егіншілік мəдениеті мықтап дамып, бұл алқапта тары, күріш, жүгері, бидай т.б. азықтық дақылдардан, мақта мен мақсарыдан, асқабақтан, қауынқарбыздан, жүзімалмадан басқа да жемісжидектерден жоғары өнім алынған. Өз шығармаларында заманалық үлкен оқиғаларға да үн қосқан, тарихи тақырыпқа да қалам тартқан Отырар алқабында дүниеге келген ақын [3] Садуақас Жа қашұлының:
Батыс жақта Жалпақтөбе Отырар,
Ескі қала тарихтағы аты бар.
Отырардың ордасы екен сол төбе,
Не жүз мыңдап миллиондаған халқы бар.
Өлі дала, жалпақ жатқан тегісі,
Уақытында болған елдің егісі,
Алпыс екі дақыл түгел егіліп,
Жеткілікті болған түгел жемісі, —
деуіне қарағанда Отырар диқандары ирригациялық құрылыс жұмыстарын, өсімдіктану ғылымын же тік меңгерген нағыз ауыл шаруашылық кəсіпкерлері болған.
Ежелгі заманнан бастау алған Отырар суландыру жүйесінің даму тарихы адамзат қоғамының саясиəлеуметтік, экономикалық дамуына орай бірнеше кезеңдерге бөлінеді.
Археологиялықтопографиялық зерттеулерге қарағанда жерді қолдан суару əдісі Сырдария мен Арыс өзендерінің жағасында ерте Темір дəуірінен басталады. Б.э.д. І мыңжылдықтың ортасында егіс ті ызаға еккен, бұл біздің дəуіріміздің І–VІ ғғ. дейін жалғасқан. Ал VІІ–ІХ ғғ. мемлекеттің қалыпта сып қала шаруашылығының өркендеуіне байланысты егінді ызаға егу əдісі біртебірте тоғандап, бай лап, керегінше ағызып ала беруге болатын тасқын суды пайдалану əдісіне жəне кəрізге ауыса баста ған. Осының негізінде магистралдық каналдар қазылып, оның жер бетінен төмен тарамдарына көлден тартылған арықтарға шығырлар орнатылды.
Отырарда осындай механикаландырылған магистралды қуатты су жүйесінің болуы осы алқапта ғы елдің кəсібіне, егіншіліктің дамуына зор ықпал еткен.
Отырар өркениетінде су жүйелерін құру ісі тікелей мемлекет ықпалында болған. Отырардың ер жүрек əкімі Қайырханның (лақап аты Ягантугди) тұсында ерекше қарқында жүргізілді. Бірақ ХІІІ ға сырдағы монғол шапқыншылығы Қазақстанның оңтүстігіндегі адамзатқа орасан зор пайда келтіріп тұрған атақты Отырар суландыру жүйесін талқандап, бұл өлкеде суармалы егіншіліктің дамуын те жеп, оның мүлдем құлдырауына əкеп соқты. Əйтсе де ХІІІ ғ. 40жылдарынан бастап Монғол импе риясының мүдделігінен, бір жағы Отырар дихандарының азаткерлік еңбекқорлығының арқасында бұ рынғы бұзылған су жүйелері қайта қалпына келтіріліп, егіншілік қайта жандана бастайды.
Монғол империясының саясиəлеуметтік əсері əлсіреп, ұлттың, мемлекеттің саясиəлеуметтік құрылымдық белгілері айқындала бастаған тұста ХІV–ХV ғғ. Отырар суландыру жүйесі ерекше да миды. Қазіргі Шəуілдір қыстағының оңтүстікшығыс жағындағы ұзындығы 40 шақырым, секундына 5–7 т. м су жіберетін атақты Темірарық осы кезеңдерде қазылса керек.
Қазақ хандығының қалыптасу тарихында маңызды орын алған Отырар суландыру жүйесі ХVІІІ ғ. басында өмір сүруден қала бастайды. Мұның себебі, біріншіден, Орта Азия билеп төстеушілерінің Сыр бойы үшін толастамаған шабуылдары мен жоңғар шапқыншылығының зардабы болса, екінші ден, өзара ішкі қырғи қабақтың салдары болды.
Отырар алқабына 1762 ж. П.И.Рычков келгенде Отырарда егіншілікпен айналысып отырған 40 үй ғана бар екен [4]. Бұлар қалмақтардан бас сауғалай Самарқанға қашқандар, тоғай, құм паналап, тығылып қашып, кейін ес жиған соң туған қаласына қайта келгендер еді. Бұлар кейін Шілікке, Түр кістан мен Шымкентке көшіп кетіп, əлемге белгілі Отырар қаласы құм басқан Отырартөбеге айна лып, оманарықтары көміліп, олардың сілемі ғана қалды. Сөйтіп, Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы на зор ықпал етіп, Орта Азиядағы ондаған қалаларды, қуатты армияны азықтүлікпен қамтамасыз етіп тұрған Отырар суландыру жүйесі — егіншілігі жойылды. Əйтсе де отаршылдықтың, саясиэко номикалық ойранына ұшыраған бұл өлкеде ел қамын ойлаған есті азаматтар əр кезде де Ежелгі Оты рар суландыру жүйесінің ізімен канал қаздырып, оған су шығарып, егіс егіп, елді диқаншылыққа жұ мылдырып ашаршылық апатынан қалып отырған. Солардың бірі ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақтың белгілі ақыны Майлықожа Сұлтанқожаұлы еді.
Қазақ халқы өз тұрмысына керек заттардың бəрін қолөнер арқылы жасады, өзінің тұрмыстірші лігін қоршаған дүниені əсемдікті қолөнерде көрсете білді. Осындай қолөнеріміздің озық үлгілері — археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған саздан жасалған, тастан, сүйектен, шыныдан, металдан жасалған заттар мен ХVІІІ–ХХ ғғ. тəн этнографиялық зергерлік бұйымдар: білезік, сақина, шекелік, сырға, шашбау, шолпы, бойтұмарлар жəне сүйектен, ағаштан, металдан жасалған заттар ар қылы көшпенділер атанған қауымның ғылыми пайымы мен рухани өресі аса жоғары болғандығын дə лелдеді.
Отырар жəне онымен іргелес жатқан қалашықтардың орнынан археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған саз балшықтан жасалған ыдыстар — құмыралар, тостағандар, көзелер, саптыаяқ пен кеселер, хумдар, зергерлік бұйымдардағы ОтырарҚаратау мəдениеті деген атпен танылған əсем оюөрнектер қала мəдениетінің жоғары өреге көтеріліп, ғылымның дамығандығын көрсетеді. Саздан жасалған жəдігерлердің түріне, өрнегіне қарап қай ғасырға жататыны анықталады, К.Ақышев өз ең бегінде былай деп жазады: «Керамика барлық уақытта да сəн талғамының дəрежесін байқатып отыра ды» [5; 69]. Саздан жасалған жəдігерлердегі белгілер — крест, айыр, дөңгелек, қисық сызықтар, үш бұрышты т.б. болып келеді. Аталған белгілер ыдыс жасаған шеберлердің белгісі болуы мүмкін, екін шіден, тілкөзден сақтасын деген түсінік де болған, ал ыдыс сыртындағы ағылған бояулар — ас мол болсын деген белгі болуы да мүмкін. Далалық өркениеттің негізі Қазақстан қалалары əсіресе Х– ХІІ ғғ. гүлденіп, мəдениет, ғылым мен өнер шыңына жетіп, қолөнер, сауда мен ауыл шаруашылы ғаының шоғырланған орны болды. Бұған Ұлы Жібек Жолы басты рөл атқарды. Халықтың өмір сүре тін аймақтарына байланысты оюөрнек үлгілері дамып отырған. Мысалы, отырықшы өркениеттің өнері өсімдік өрнектері болса, көшпелілер мəдениетінде, ыдыстарда айбарлы жолбарыс, таутеке, ба рыс, қабан, арқар, құлан, кер марал секілді жануарлар суреті салынды. Отырар, Құйрықтөбе, Алтын төбе, Көкмардан т.б. қалалар мен қалашықтарда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары бары сында табылған заттардағы оюөрнектер қоғамның дамуы жайында мол мағлұмат бере алады. Жоға рыдағы аталған заттардағы оюөрнектерге қарап, атабабаларымыз табиғатта болып жатқан сұлулық ты оюөрнекке түсіріп, сол оюөрнек арқылы əсемдікті насихаттағаны белгілі екенін түсінеміз. Мыса лы, Отырар, Көкмарданнан табылған ыдыс тұтқаларында қошқар бейнесі бейнеленген. Қошқар бей несі салынған қыш бұйымдар Сыр бойын, оның ішінде Отырар төңірегін мекендеген тайпаларға тəн. Қошқар мүйіз өрнегі — байлық пен молшылықтың нышаны, батырлықтың, мықтылықтың символы, өніпөрбу мен құт символы. Отырар керамикасы атабабаларымыздың өмірін, өнерін, талғамын, əлеу меттік дүниесін түсіну үшін аса қымбат материал болып табылады [5; 74].
Отырар өңірінің тұрғындары металл қорыта білген, тұрмысқа қажетті құралсаймандар, қару жарақ түрлері жəне зергерлік əшекей бұйымдар жасап, теңгелер соққан.
Зергерлік өнері — өте ерте замандардан келе жатқан ісмерлік түрі. Отырар зергерлері алтыннан, күмістен, бояма шынылардан, қоладан түрлі əшекейлер жасады. Бұлар ІІІ–V ғғ., Х–ХІІ ғғ., ХVІ–ХVІІ ғғ. тəн əшекейлер: ақ, қара, көк түсті шыныдан жасалған өрнектер түсірілген моншақтар, көбінесе əйел қабірлерінен табылды. Əсіресе формасы сопақша болып келген шиша пастасының үстіне аспан көк, қоңыр түсті сұйық шиша пасталарын жағып, толқын тəрізді өрнек түсірілген моншақ ерекше көз тартады. Сондайақ ромб тəрізді болып келген көк түсті тастан жасалған Х–ХІІ ғғ. тəн Қоңыртөбеден табылған моншақ жəне б.д. ІІІ–V ғғ. тəн агаттан жасалған Көкмарданннан табылған формасы дөңге лек болып келген моншақ. Жұмыр немесе цилиндр тəрізді көкшіл шыны тəрізді заттан жасалған мон шақтар мен дөңгелекше болып келген кедірбұдырлы моншақтар да жиі кездеседі. Отырардан табыл ған ХІІІ–ХІV ғғ. тəн қоладан жасалған 8,7 см формасы дөңгелек астыңғы бетіне қалыппен өсімдік тектес өрнек түскен айна ерекше көз тартады. Айналардың бір тобы сырт жағында зооморфты өрнек ті болып келген жиектеріне өсімдік сабақтары жүргізілген балық бейнесімен безендірілген бірнеше айна сынықтары сақталған. Зергерлік өнердің жоғары деңгейде болғанын көрсететін иіс су ыдысы ның алтын қорабын ерекше атауға болады, бес қырлы болып жасалып, түбі ашық үсті бес қайтарадан айналдыра сатыланып біртебірте кішірейіп төбесі тəж тəрізденіп аяқталған, қақпағы бар. Отырар қа ласының орнынан табылған шаш түйреуіштің бас жағына қонақтап отырған құс бейнеленген, ал Көк марданнан табылған тұмаршаларда ешкі бейнесі бейнеленген. Бұлар зергерлік əшекейлерді безендір генде жануарлар стилін пайдалану кең етек жайғанын дəлелдейді. Халық қолданбалы өнерінің жəді герлері зергерлік бұйымдардың бірнеше түрін ХVІІІ–ХХ ғғ. да зергерлер жасап шығарды. Атап айта тын болсақ: шашбау, шолпы, сақина, шекелік, бойтұмар, тана, жүзік, алқа. Олардың безендірілуінде ежелгі жəне ортағасырлық кезеңдердегі зергерлік бұйымдармен ұқсас жақтары бар.
Қазақ халқының қолөнерінде сүйек пен мүйіз ұқсату ісі — өте ерте замандардан келе жатқан іс мерлік түрі. Сүйек пен мүйізден еңбек, қаружарақ құралдарынан бастап, үй жиһаздары мен ыдысаяқ тарды, т.б. көркемдеген жəне жасаған. Қазақ тұрмысында сүйек пен мүйізден əшекейленетін, жасала тын заттар тіпті көп. Олардың бір парасы мынау: киіз үй, кебеже, төсағаш, сандық, адалбақан, піспек басы, ожау, қасық, ер, қобыз, домбыра, пышақ, ұстара сабы, кергі, қылыш, үзеңгі т.б. Сүйек пен мүйіз ұқсату өнері Отырар өңірінде ертеденақ дəстүрлі қолөнерге айналғаны археологиялық қазба жұмыс тары барысында табылған сүйектен жасалған оюлы пышақ, түйме, қапсырма, ұршықбас т.б. өңделген сүйек бұйымдары арқылы белгілі.
Ұлттық қолөнеріміздің озық үлгілері көшпелі мал шаруашылығынан жартылай отырықшылыққа ауысып егіншілікпен айналысқан қазақ қауымының күнделікті тұрмысқа қажетті ағаштан жасалатын бұйымдары болып табылады. Ағаш шеберлері еңбек, қаружарақ құралдарынан бастап, үй жиһаздары мен ыдысаяқтарды, музыкалық аспаптарды, киіз үйдің ағашын т.б. бұйымдарды жасап көркемдеген. Отырар алқабынан археологиялық қазба жұмыстары барысында ағаштан жасалған тақтайлар, тарақ тəрізді заттар табылды. Мысалы, Отырар алқабындағы ескі Құйрықтөбе қаласының қамалын қазып ашқанда, ортасында аумағы 157,5 ш. м тең салтанат залы бар сарай кешені аршылды. Табылған тақ тайлардың бірінде аң бейнелі тақта отырған қос құдай жұбы суреттелген [6].
Отырар өңірінде ұсталық өнердің жоғары дəрежеде болғанының бір белгісі — шыны өндірісінің дамығаны. Шыныдан жасалған заттар Құйрықтөбе, Отырартөбе, Қоңыртөбеден табылды. Жасыл, қы зыл, қоңыр, сары түстерден саптыаяқ, бокал, графин, түбек, моншақтар, жүзік көздерін жасаған. Оты рар алқабынан табылған шыныдан жасалған заттар Х–ХІV ғғ. тəн болып келеді. Мысалы, Құйрықтө беден табылған жасыл түсті шыныдан жасалған, сопақша болып келген саптыаяқ Таразда көп кезде седі [7]. Ал Құйрықтөбеден табылған түбектің мына бір түрі ерекше сипатты, оның шыны түсі көгіл дір, биіктігі 12,2 см.
Дүниежүзілік ғылым мен мəдениетте өшпес із қалдырған ғұлама бабамыз Əбу Насыр əлФараби жəне оның арғыбергі ізбасарларының ХІХ–ХХ ғғ. əдебиет сахнасына шыққан Мəделіқожа Жүсіпқо жаұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Жүсіпбекқожа Шайқысламұлы, Ергөбек Құттыбайұлы, Мырза бек Байжанұлы, Айтбай Белгібайұлы, Садуақас Жақашұлы, Байбосын Күзенбайұлы, Елеусіз Байыр бекұлы, Балтабай Тебейұлы, Тəушен Əбуова сынды өнер иелерінің, əлемдік поэзияның алыбы Мұх тар Шаханов пен халық ақыны Əселхан Қалыбекованың, аса көрнекті сазгер, əн жанрының əйгілі майталманы, Қазақстанның халық əртісі Шəмші Қалдаяқов сынды өнер иелерінің отаны. Отырар ру хани мəдениетіміздің дамыған, қалыптасқан жəне оның біздің заманымызға жеткен көптеген ескерт кіштері сақталған аймақ. Оған адам баласының рухани жан дүниесін көрсететін Үсіктастағы, Боралдай бойындағы таңбалар, Қаракөншек маңынан табылған тұтқалы құмырадағы, Шардара қаласының шет аймағынан табылған ыдыстағы, Отырардан табылған су құбырындағы, құлыптастағы, Артықатадан табылған қыштағы көне жазулар (б.з.б. ІІ–І ғғ.), Байырқұмнан табылған күміс тұғырдағы жазулар т.б. дə лел. Бұдан Отырарда көне төл жазу мəдениетіміздің дамығындығын аңғаруға болады.
Отырарда медресе, үлкен кітапхана болған. Отырар кітапханасының кітаптары туралы Бипай «Шайбанинамесінде» жазса, (ХV–ХVІ ғғ.), бұхар тарихшысы Рузбихан Отырардың қолжазба кітап тары Сығанаққа дейін таратылған деді. Ел ауызында Отырар кітапханасы туралы небір аңыздар сақ талған.
Атабабасынан пұтқа табынуды мирас еткен Отырар тұрғындары ІХ–Х ғғ. мұсылманданды.
«Отырарда отыз баб, Түркістанда түмен баб, Сайрамда сансыз баб, ең үлкені Арыстанбаб» деп дəріп телген бүкіл мұсылман қауымына белгілі шейх, Ахмед Иассауидің ұстазы Арыстанбаб осында дəріс берді жəне қайтыс болып жерленді. Осы Арыстанбаб кесенемешітінде өткен ғасырдың 30жж. дейін сақталып, кейін «қызылдардың қырғыны» кезінде талқандалып, Арыстың Сырдарияға құяр сағасын дағы жиде тоғайына апарылып тасталған кітаптардың Бұхара медресесінің түлегі Əбусейіт Оңғар байұлы сақтап қалған бір парасы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданындағы Отырар руханият музейкітапханасының қорында сақтаулы тұр. Кітапхана қорында ХVІІІ–ХХ ғғ. Дели, Мысыр, Ыс тамбұл, Қазан, Ташкент т.б. қалаларда басылып шыққан, көшірілген «Тафсир əлҚұран», «ҚұранКə рім», «Кəлем Шариф», Ибн Ахмад Захиди аударған «Шариғат ұлағаты», ғұлама Фазалдың «Шариғат сақтаушысы», «Раддул Мұхтардың» 2–4 томдары, «Жами ал Рамуз», «Шарх Жами», «Шариғат кіта бы», «Пайғамбарлар тарихы», «Мың бір хадис», «Шариғат ұраны», «Емшілік кітабы», «Араб тілінің грамматикасы», «Қайырымдылық дəлелдері», «Турки хажнама», «Диуани Физули», «Диуани Хафиз», сопы Аллаярдың «Өлеңдері», Қожа Ахмет Иассауидің «Диуани хикметі», Шəдітөре Жаһангерұлы ның «Алты бармағы» т.б. парсы, түркі, татар, қазақ тілдеріндегі қолжазба кітаптар болған.
Көпшілігіне «Арыстанбабқа» деп атап жазылып, мұсылман əлеміне белгілі жиырма қаридың та рихын жазған Садықұлы Молда Фахрудиннің мөрімен куəландырылған.
Отырар аймағында «Қобыланды», «Шора», «Едіге», «МұңлықЗарлық», «Қамбар батыр» т.б. қиссажырлары туған. Ə.Диваевтың ел ауызынан жазып алған фольклор нұсқаларына қарағанда бұл аймақта ауыз əдебиетінің көптеген үлгілері сақталған.
Отырарлық ақынжыраулар шығыс жырларын аударып жатқа алып жырлаған. Мəселен, Майлы қожа ақын арабтардың Иракпен соғысын баяндайтын «Зарқұм» дастанын қазақшалап жазып алып жырлап жүрген. Жырдың ғалым Əсілхан Оспанұлы тапсырған қолжазба нұсқасы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданындағы Отырар руханият музейкітапханасының қорында сақтаулы тұр.
Отырарлық ақын Садуақас Жақашұлының «Оңтүстік Қазақстанның қысқаша тарихы» деген та рихиэтнографиялық қолжазба еңбегінде Отырардағы ойынсауықтың көптеген түрлері аталады, олар: «Айт тойы», «Құдалар ойыны», «Қыз ойнақ», «Бəдік», «Ойынтой», «Көкпар ойыны», «Өлең ойыны», «Тартыс ойыны»; ұсақ ойындар: «Тоғызқұмалақ», «Дойбы ойыны», «Асық ойыны», «Бес топ», «Алаш ойыны», «Ақсүйек ойыны» т.б. Отырарда айтыстың «Түре айтыс» деген түрі сақталған.
Отырар — рухани мəдениетіміздің əлемге əйгілі өкілдері шыққан өлке. Олардың топ жарғаны Əбу Насыр əлФараби. Əбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан ибн Узлах əлФараби (870 жылы отырар ал қабындағы Оқсызтөбенің маңында дүниеге келді, 950 жылы Сирия, Шам елінде дүние салды) Оты рардан шыққан ұлы ойшыл, энциклопедистғалым, «екінші ұстаз» (Əл Муғаллим ас Сани), Шығыс тың Аристотелі атанған ғұлама. Ол сауатын Отырар медреселерінің бірінде ашқан. Шаш, Самарқанд, Бұхара, Мешһед, Нишапур, Рей, Исфахан, Харран, Бағдат қалаларының медреселерінің бірінде білі мін жалғастырған.
Тарихи деректер бойынша, Əбу Насыр əлФараби 70ке жуық тіл білген. Философия, логика, этика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 164 трактат жазып қалдырды. Оның ғылым мен өнердегі үлкен дүниесі — оның музыкасы. Музыка теориясына арнап бірнеше еңбек жазған: «Музыканың ұлы кітабы», «Музыка жайлы талдау», «Ырғақтардың классификациясы», «Ғылымдардың шығуы». Оның музыка теориясына арналған үлкен еңбегі «Му зыканың ұлы кітабы» деп аталады. Бүкілəлем зерттеушілері музыка теориясының үлкен кітабы деп бағалаған Əбу Насыр əлФарабидің бұл еңбегінің көшірмесін Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданындағы Отырар мемлекеттік археологиялық музейқорығының филиалы əдебиет жəне өнер бө лімі негізінде құрылған Отырар руханияты музейкітапханасына 1967 жылы Каирда басылып шыққан нұсқасын жəне арабша қолжазбасын тапсырған фарабитанушы Ақжан Машанов болатын. А.Маша нов əлФарбиді таныту арқылы қазақ халқының ежелгі музыкалық мұраларын, музыкалық аспапта рын да жария етті, сол арқылы елдің салтдəстүрін, рухани өресін, өнерге көзқарасын айқындап берді. Əбу Насыр əлФараби өз еңбегінде математикалық тəсілдер пайдаланып, музыкалық дыбыстарды тұңғыш қағаз бетіне түсірген. «Музыканың ұлы кітабы» атты трактатында музыкалық дыбыс сипаты, оның құрылымын, музыканың жақсы жақтары мен оның тəрбиелік мəнін жанжақты ашып көрсетеді. Қазақ халқының музыкалық аспаптары арқылы музыка мəдениетінің дамығаны белгілі. Халық
тың аспаптық мəдениеті өте ерте заманнан бері қалыптаса бастаған, қазақ халқының музыкалық ас паптарының құрылымы, дыбыс ерекшеліктері, ойнау тəсілдері басқа халықтардікінен өзгешелігімен ерекшеленеді.
Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда ойынсауық қойылымдары мен театр өнері ерте ортағасыр да кең тараған. Жазба деректерде музыканттар, сиқыршылар, актерлер т.б. өнер иелері жайында жа зылған. Сондайақ олардың бейнелері бізге бедерлер, қыштан жасалған бұйымдар, терракоталар, жапсырма бұйымдар арқылы жетті. Оңтүстік Қазақстанда театр өнерінің дамығанын Құйрықтөбеден ежелгі Кедер қалашығында қазба жұмыстары барысында табылған Х–ХІ ғғ. тəн бетперде, ХІ–ХІІ ғғ. тəн қыш ыдыстар, ағаш тақтайшалар арқылы біле аламыз. Сопақша жəне дөңестеу болып келген бет перденің биіктігі 20 см, ені 12 см. Оның ішкі жағында қалыпқа келтіру кезінде қалған саусақ іздері бар. Бетпердедегі көз бен ауыз орындары тар тесік түрінде кесіліп жасалған. Дөң мұрыны мен қаста ры томпайтылып берілген, ал құлақтары жабыстырылған [8].
ІХ–Х ғғ. кең тараған музыкалық аспаптың бірі үрмелі саз аспабы — сазсырнайдың ең алғашқы түпнұсқасын 1968 ж. Отырар қаласының орнынан өлкетанушы, тарихшы, музей адамы атанған Асан тай Əлімов тапқан. Сазсырнай саз балшықтан белгілі үлгідегі қалыпта екі сұлбада жасалып біріктірі леді. Кептіріліп, ойықтары ойылып, 960 градус ыстықта күйдіріліп, сыртына глазурь жағылады. Ас папты күйге келтіру үшін əуелі үрлеуге арналған ойықта сазсырнайдың ерінге тақалатын тұсының оң жағынан сəл солға қарай қиғаштау ояды. Сонда шанақ қуысына бағытталған ауа ішкі ернеуге тиіп, толқын пайда болады. Шанаққа тиген ауа толқыны жаңғырып, дыбыс шығады. Дыбысты қажетті би ікте алу үшін белгілі бір көлемде аспаптың бүйірінен ойықтар жасалады. Ойықтарды сазбалшықпен үлкейтіп немесе кішірейту арқылы дыбыс қуаты төмен не жоғарылатылады.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың өзі ұсынған «Мəдени мұра» бағдарламасында 2004–2006 жж., 2007– 2009 жж. бар мен жоғымызды түгендеп, келер ұрпаққа аманаттау керектігі айтылған, 2004 ж. 30 қыр күйегінде тарихи Отырар жерін халықаралық туризм орталығына айналдыру мақсатында Үкіметіміз дің № 1009 шешімімен «Көне Отырардың өрлеуі» атты бағдарламасы қабылданды, түптеп келгенде осы мəдени ісшаралардың барлығы да орта ғасырда əлемдік деңгейге жеткен Отырар өркениетін тəуелсіз Қазақстан жағдайында қайта өркендетуге, Отырардың мəдени ескерткіштерін сақтап, оны өскелең ұрпақтың рухани игілігіне айналдыруға бағытталған болатын. Ол игілік, біздің ұлқыздары мыздың парасатты, ұлттық тарихи құндылығымызды қастерлейтін, еліне зиялы азамат болып өсуіне септігін тигізері сөзсіз.
Отырар оазисінің астанасы болған Отырар бүкіл Шығысқа заттық жəне рухани мəдениеті арқы лы танылды. Отырар өркениетінің заттық жəне рухани мəдениеті ғылымға «ОтырарҚаратау археоло гиялық мəдениет ескерткіштері» деген атпен енген тарих пен мəдениет құндылықтарының қазақ та рихында алатын орны ерекше.
Əдебиеттер тізімі
- Жəнібеков Ө. Ежелгі Отырар. — Алматы: Рауан,
- Байпақов К. Ежелгі жəне орта ғасырлардағы Отырар. — Алматы: Қазығұрт,
- Бердібаев Р. Садуақас ақын. — Алматы: Жұлдыз, 1983. — 15б.
- Грошев В.А. Ирригация Южного Казахстана в средние века. — АлмаАта: Наука, 1985. — С.
- Ақышев К. Ертедегі ескерткіштер елесі. — Алматы: Қазақстан,
- Байпақов К.М., Нұржанов А. Ұлы Жібек Жолы жəне орта ғасырлық Қазақстан. — Алматы, 1990. — 39б.
- Досжанова Т.С. Новые находки стеклянных изделий с городища Куйрыктобе // Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі Ұлттық ғылым академиясының хабарлары. — Алматы, 1999. — 160б.
- Байпақов К. Қазақстанның ежелгі қалалары. — Алматы: Аруна, 2005. — 196б.